Қазақстан Республикасының
Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің 1997 жылғы 21 қарашадағы N 444 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасындағы кадрлар біліктілігін
көтеру және оларды қайта даярлау туралы
ЕРЕЖЕ
Кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау ғылыми-техникалық прогрестің, экономикалық дамудың, өндірістегі және әлеуметтік саладағы құрылымдық өзгерістердің талаптарына байланысты бұрыннан алынған немесе алынуға тиіс жаңа кәсіби білім мен тәжірибені тереңдету мақсатында, сондай-ақ азаматтардың өз кәсіби даярлықтарын көтеруге дербес қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады.
Кадрлардың біліктілігін көтеру (жетілдіру) және оларды қайта даярлау жүйесінің білім беру мекемелері (бұдан әрі қарай - мекемелер) өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарын. Осы Ережені және мекеменің жарғысын басшылыққа алады.
І. Жалпы ережелер
1. Кадрлардың біліктілігін көтеруді және оларды қайта даярлауды оқыту кәсіби білім беру мен дағдыны жетілдіру немесе бұрыннан алынған кәсіби білім негізінде жаңа мамандықтарды игеру, іскер сапалары мен жаңа еңбек функцияларын атқаруға әзірлеу мақсатында жүргізілетін мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер (бөлімшелер) жүзеге асырады.
2. Кадрлардың біліктілігін көтерудің және оларды қайта даярлаудың білім беру мекемелерін ұйымдастыруда бірлескен құрылтайшылыққа рұқсат етіледі. Бірлескен құрылтайшылықтың тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылтайшылар арасындағы келісім-шартпен анықталады.
3. Кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау білім беру мекемелерінің (бөлімшелерінің) негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- ғылым мен техниканың тиісті салаларындағы аса жаңа жетістіктер, отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы тәжірибе туралы білімдерді алудағы мамандардың қажеттілігін қанағаттандыру;
- ұйымдар мен мекемелердің, бірлестіктер кадрларының, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеруді және оларды қайта даярлауды ұйымдастыру және жүргізу;
- ғылыми зерттеулерді, ғылыми-техникалық және тәжірибелік эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, кеңес беру қызметі;
- жұмыс саласы бойынша бағдарламаларды, жобаларды, ұсыныстарды, басқа да құжаттар мен материалдарды ғылыми сараптау;
- кадрларды даярлаудың және оларды қайта даярлаудың сапасын көтеруге бағытталған оқу-әдістемелік материалдарын ұйымдастыру және әзірлеу.
4. Кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау білім беру мекемелеріне (бөлімшелеріне) академиялар, біліктілікті көтеру институттары мен факультеттері, жетілдіру институттары, республикалық, салалық, салааралық және аймақтық орталықтар, сондай-ақ, қызметі кадрлардың біліктілігін көтерудегі және оларды қайта даярлаудағы қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған ұйымдар мен мекемелердің, бірлестіктердің жанынан ұйымдастырылған орталықтар жатады.
5. Көрсетілген білім беру мекемелері оқытудың төмендегідей түрлерін жүргізе алады: біліктілікті көтеру, кәсіби ысылу және қайта даярлау.
2. Біліктілікті көтеру
6. Біліктілікті көтерудің мақсаты нарық экономикасының барған сайын өсіп отырған талаптарына сәйкес басшы қызметкерлер мен мамандардың теориялық және практикалық білімдерін жаңарту болып табылады.
7. Біліктілікті көтеру қызметкерлердің барлық еңбек қызметі бойында кем дегенде 5 жылда бір рет жүргізіледі.
8. Оқытудың мерзімін тапсырысшының пікірін ескере отырып, оқу бағдарламасына сәйкес білім беру мекемесі бекітеді.
9. Біліктілікті көтеруге оқытудың төмендегідей түрлері енеді:
- қысқа мерзімді - 72 сағатқа дейін;
- орташа мерзімді - 72 сағаттан 108 сағатқа дейін;
- ұзақ мерзімді - 108 сағаттан жоғары.
3. Мамандардың кәсіби ысылуы
10. Кәсіби ысылу сатысының негізгі мақсаты теориялық даярлық нәтижесінде алынған кәсіби білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және практикада бекіту болып табылады. Ол сондай-ақ, атқарып отырған немесе одан да жоғары лауазым бойынша міндеттерді атқару үшін алдыңғы қатарлы тәжірибені зерттеу, кәсіби және ұйымдастыру дағдыларын игеру мақсаттарында да жүзеге асырылады. Қосымша кәсіби білім берудің дербес түрі, сондай-ақ кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлаудағы оқу жоспарының бір тармағы да болуы мүмкін.
11. Мамандарды кәсіби жағынан машықтандыру республикада да, одан тысқары жерлерде де, жетекші ғылыми - зерттеу мекемелерінде, білім беру мекемелерінде, бірлестіктерде, кеңес беру фирмаларында және мемлекеттік басқару органдарында да жүргізіледі.
12. Мерзімін оның мақсаттарын ескере отырып, және ол жүргізілетін ұйымның немесе мекеменің, бірлестік басшыларының келісімі бойынша қызметкерді оқытуға жіберетін жұмыс беруші айқындайды. Ол қысқа мерзімді (апта, ай), және ұзақ мерзімді (екі жылға дейін) болуы мүмкін.
4. Кадрларды қайта даярлау
13. Кадрларды қайта даярлаудың мақсаты кәсіби қызметтің жаңа түрін атқару үшін қажетті дербес пәндерді, ғылым, техника мен технология тармақтарын зерттеуді қарастыратын білім беру бағдарламалары бойынша қосымша білімді, іскерлік пен дағдыны игеру болып табылады.
14. Кадрларды қайта даярлау біліктілікті көтеру білім беру мекемелерінің атқарушы өкімет органдарымен, ұйымдармен, мекемелермен, бірлестіктермен, еңбекпен қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметімен, сондай- ақ басқа да заңды тұлғалармен жасаған келісім-шарттары негізінде жүзеге асырылады.
Кадрларды қайта даярлау сала бойынша кем дегенде 280 сағат көлемінде жүргізіледі.
15. Жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамы бар білім беру мекемелері ҚР Білім беру министрлігінен алынған тиісінше лицензиялар негізінде жоғары білім туралы диплом алу үшін кадрларды қайта даярлауды ақылы түрде жүзеге асыруға құқылы.
Оқытудың мерзімін базалық жоғары білімге байланысты білім беру
мекемесі айқындайды, алайда бұл кем дегенде 1440 сағат болуға тиіс. 16. Біліктілікті көтеру және қайта даярлаудан өткен адамдарға белгіленген үлгідегі құжат беріледі: Куәлік (сертификат) - 72 сағатқа дейін көлемдегі бағдарлама бойынша оқытудан өткендерге; Куәлік - 72 сағаттан жоғары көлемдегі бағдарлама бойынша оқытудан өткендерге; Мемлекеттік үлгідегі диплом - 1440 сағаттан жоғары бағдарлама бойынша оқытудан өткендерге беріледі. 17. Біліктілікті көтеру және қайта даярлау білім беру мекемелерінің қызметі, құрылымы және олардың штаттары Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілерімен, осы Ережемен және мекеменің белгіленген тәртіп бойынша тіркелген жарғысы арқылы айқындалады. 18. Біліктілікті көтеру білім беру мекемесінің халықаралық қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына және мекеменің жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. 5. Кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау білім беру мекемелерін басқару
19. Кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау білім беру мекемелеріне (бөлімшелерін) басқару Қазақстан Республикасының заңдарына, осы Ережеге және мекемелердің жарғыларына сәйкес жүзеге асырылады.
20. Кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау білім беру мекемесіне жалпы басшылықты осы мекеменің жетекшісі басқаратын сайланбалы өкілетті орган - Кеңес жүзеге асырады. Кеңестің құрылуы, оның өкілеттілігі мен қызмет тәртібі осы Ереже және мекеменің жарғысы арқылы белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
21. Білім беру мекемелерінің басшыларын құрылтайшылары қызметке тағайындайды және қызметтерінен босатады.
22. Заңды тұлға мәртебесіне ие білім беру мекемесінің (бөлімшесінің) басшысы білім беру мекемесінің атынан қызмет жасайды, қолданылып жүрген заңдарға (және контрактының шарттарына) сәйкес барлық мекемелер мен ұйымдарда оның өкілі болады, білім беру мекемесінің мүлкі мен құралдарына билік жүргізеді, келісім-шарттарға қол қояды, сенімхаттар береді, банктерде есеп-шотын ашады. Өз өкілеттілігі шеңберінде басшы бұйрықтар мен өкімдер шығарады, еңбек заңдарына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады.
6. Кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау
білім беру мекемелерінің негізгі қызметі
23. Білім беру мекемелеріне (бөлімшелеріне):
- экономика салаларының, ұйымдардың және жеке тұлғалардың кадрлар біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлаудағы қажеттілігін жедел қанағаттандыру;
- еңбек рыногы мен экономика дамуының негізгі бағыттарының қажеттіліктерін зерттеу негізінде тыңдаушыларды оқытудың басым бағыттарын айқындау;
- шаруашылық пен басқарудың, Қазақстан Республикасының егемендігі жағдайындағы еңбек уәждемесі мен ақы төлеудің аса жаңа әдістерін, өндіріс, ғылым, техника салаларындағы аса жаңа жетістіктерді, еңбек, табиғи, материалдық ресурстарды ұтымды пайдаланудың алдыңғы қатарлы тәжірибесін, электронды-есептеу техникасы мен ғылыми-техникалық ақпаратты жұмысқа пайдаланудың дағдыларын тыңдаушылардың белсенді және сапалы игеруін қамтамасыз ету;
- сабақтарды жүргізудің тиімді нысандары мен әдістерін іздестіру және енгізу, дербес және өз бетінше оқып-үйренуді дамыту, оқу процесінің практикалық бағытын, оның саланың, аймақтың, ұйымның, еңбек ұжымның нақты міндеттерін шешуге нысаналықты күшейту;
- жақсы даярланған адамдарға оларды әрі қарай пайдалануы бойынша ұсыныстар беру арқылы тыңдаушылардың даярлығын кешенді бағалау жүйесін құру;
- ғылым мен техниканың жаңа перспективалық бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық және енгізілетін жұмыстар жүргізу;
- ұйымдарға, жеке адамдарға кеңес беру және ақпараттық қызмет көрсету, кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлаудың көкейкесті проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер орындау;
- мемлекеттік, салалық және аймақтық нысаналы ғылыми техникалық бағдарламалар мен жоспарлардың орындалуына қатысу;
- тапсырмашылармен байланыс нысандарын дамыту, тыңдаушыларға кеңес беру - енгізу көмегін көрсету;
- баспа қызметін ұйымдастыру;
- білім беру қызметінің түрлері мен нысандарын жетілдіру;
- кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау
мәселелерінде отандық және шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты ұйымдастыру; - профессорлық-оқытушылық кадрлардың сапалық құрамын жақсарту, олардың кәсіби, педагогтық және жалпы мәдени деңгейін көтеру; - қазіргі оқу-материалдық базасын құру, тыңдаушыларды тиісті тұрғын- тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету, олардың бос уақытын өткізуді ұйымдастыру жүктеледі. 7. Кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау мекемелерінің тыңдаушылары және профессорлық оқытушылық құрамы 24. Тыңдаушылар контингентін құру мемлекеттік тапсырыстар, заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарттар негізінде жүзеге асырылады. 25. Білім беру мекемесіне тыңдаушыларды қабылдау жасалған келісім- шарттарға немесе басқа да құжаттарға сәйкес білім беру мекемесі басшысының бұйрығы арқылы жүргізіледі. 26. Шет мемлекеттер азаматтарының біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңдары арқылы айқындалады. 27. Оқытудың құнын тапсырысшы мен келісім-шарт бойынша білім беру мекемесі айқындайды.
28. Тыңдаушылар ішкі тәртіп ережелерін қадағалауға, оқу жоспарлары және бағдарламалары арқылы бекітілген оқу жұмысының барлық түрлерін меңгеруді орындауға міндетті.
29. Білім беру мекемелерінің тыңдаушылары:
- білім беру бағдарламаларының мазмұнын қалыптастыруға қатысуға;
- факультеттерде, кафедраларда және мекеменің басқа да құрылымдық бөлімшелерінде бар, кәсіби қызмет мәселелері бойынша нормативті, нұсқаулық, оқу және оқу-әдістемелік құжаттамаларды, сондай-ақ кітапханаларды, ақпараттық қорды, осы мекеменің жарғысы бойынша белгіленген тәртіпте басқа бөлімшелердің қызметін пайдалануға;
- мәслихаттар мен семинарларға қатысуға, өз рефераттарын, ғылыми еңбектері мен басқа да материалдарды мекеме басылымдарында жариялауға ұсынуға;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте мекеме әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдерін қайта қарауды талап етуге құқықты.
30. Негізгі жұмысынан қол үзіп оқуға жіберілген тыңдаушылар үшін негізгі жұмыс орны бойынша еңбекақы сақталады.
31. Негізгі жұмысынан қол үзіп оқуға жіберілген, басқа қалалардан келген тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген төлем жүргізіледі.
32. Бітіріп шығу және аттестациялық жұмыстарды, рефераттарды қорғау, емтихандарды тапсыру, әңгімелесулерді жүргізу кезіндегі білім деңгейінің бағасын арнаулы құрылған комиссия айқындайды, оның құрамын осы мекеменің басшысы бекітеді.
33. Оқу жоспарын орындамаған жағдайда, сондай-ақ ішкі тәртіп ережелерін дөрекі бұзған жағдайда білім беру мекемесінің басшысының бұйрығымен тыңдаушы оқудан шығарылады, оған оқудан шығарудың себебі көрсетілген тиісті анықтама беріледі.
34. Профессорлық-оқытушылық құрамының саны бір мұғалімге сәйкес келетін тыңдаушылардың орташа жылдық контингенті осы сала бойынша мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары үшін белгіленген нормадан 25 процент төмен болуға тиіс екендігі ескеріле отырып айқындалады.
35. Профессорлық-оқытушылық құрамның қызметі Қазақстан Республикасының Заң және нормативті-құқықтық актілері, жоғары мектеп туралы нормативті құжаттар және мекеменің жарғысы арқылы реттеледі.
8. Кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау
мекемелерінің қаржылық-шаруашылық қызметі
36. Білім беру мекемелерін қаржыландыру белгіленген тәртіп бойынша:
- бюджет қаражатының;
- министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті атқару органдарының орталықтандырылған қорларының;
- мекемелермен, заңды және жеке тұлғалармен жасалған келісім шарт бойынша олардың тыңдаушыларын оқытудан алынатын қаржының;
- банк кредиттерінің;
- басқа да қаржы көздерінің есебінен жүзеге асырылады.
37. Білім беру мекемелерінің қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
38. Жарғыда көрсетілген қызметтің іске асуын қамтамасыз ету мақсатында білім мекемесінің иелігіндегі және солар пайдаланатын мүліктер белгіленген тәртіппен құрылтайшыларына беріледі.
39. Кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау мекемесінің мүлкін, аталғандардан басқа олардың өз есептері арқылы иемденген ғимараттар, құрылыстар, тұрғын-үй қоры, жабдықтар, құрал- саймандар мен басқа да мүліктер, сондай-ақ оларға сыйлық, қайырымдылық нысанында немесе өсиет бойынша заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар берген ақша қаражаты, мүлік және басқа да меншік объектілер құрайды.
40. Кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау мекемесі өзіне бекітілген мүлікті өзінің нысанасына, жарғылық мақсаттарына, Қазақстан Республикасының заңдарына және көрсетілген мекеме мен мүліктің меншік иесі өкілеттігі бар орган арасындағы келісім-шартқа сай пайдаланады.
41. Кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау мекемелері өздеріне бекітілген мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуы үшін жауапты. Осы мәселеде көрсетілген мекемелерді қызметіне бақылауды мүліктің меншік иесі өкілеттігі бар орган жүзеге асырады.
42. Министрліктер, ведомстволар, ұйымдар, мекемелер, бірлестіктер және жекелеген азаматтар жасалған келісім-шарттарға сәйкес оқу және келісім-шарт арқылы белгіленген мерзім үшін кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау мекемелеріне қаражат аударады.
43. Көтермелеу төлемдерін кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау мекемелері дербес айқындайды және оны еңбекке ақы төлеу қоры шегінде жүргізеді. Қосымша ақы мен үстеме ақы мөлшері қолданылып жүрген заңдармен белгіленгеннен төмен емес деңгейде анықталады.
9. Кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау
мекемелерінің қызметіне бақылау жасау
44. Кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау мекемелерінің (бөлімшелерінің) қызметіне мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Жоғары білім туралы" Заңына, қолданылып жүрген нормативтік және құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады және меншік нысандарына қарамастан, кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау мекемелері үшін қолданылады.
45. Кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау мекемесінің (бөлімшесінің) Қазақстан Республикасының заңдарын, нормативтік құқылық актілерін, жарғыны орындауын, сондай-ақ оның білім беру және қаржылық-шаруашылық қызметіне тікелей бақылауды құрылтайшы (құрылтайшылар) өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
10. Есеп және есеп берушілік
46. Кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау мекемелері (бөлімшелері) жедел бухгалтерлік есепті жүзеге асырады, белгіленген нысан бойынша статистикалық және бухгалтерлік есеп берушілікті жүргізеді, белгіленген тәртіпте тоқсандық және жылдық бухгалтерлік және статистикалық есеп берушілікті ұсынады.
47. Кадрлардың біліктілігін көтеру және оларды қайта даярлау мекемелерінің (бөлімшелерінің) лауазымы адамдары осы мекемеге бекітілген меншіктің сақталуы мен тиімді пайдаланылуы үшін, мемлекеттік есеп берушілікті бұрмалағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауапкершілікте болады.