I Тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1 бөлiм. Негiзгi анықтама және терминдер
Осы Ережелерде келесi негiзгi терминдер қолданылады: Абонементтi жәшiк - пошта байланыс кәсiпорындарда орнатылатын, адресат анықталған мерзiмге дейiн жәй пошта жiберiлiмдер мерзiмдi баспаларды, пошта жiберiлiмдер тiркелген хабарламаларды алып тұруға арналған арнайы жабылатын жәшiк.
Абоненттi пошта жәшiгi - тұрғын үйлерде, және де жеткiзетiн учаскелерде адресат пошта жiберiлiмдерiн ауылды жерлерде алуға арналған арнайы жәшiк.
Адресат - пошта жiберiлiм немесе ақша аудармалар арналған жеке тұлға немесе заңды ұйым.
Бандероль - баспа өнiмдер салынған, қызметтiк қағаздармен басқа заттар, өлшемi, салмағы, iшiне салуға болатын зат тiзiмi, оны қаптау тәсiлi осы Ережелерде белгiленген.
Халықаралық пошта алмасуда - баспа өнiмдер пошта жiберiлiмдерi, "М" қаптар.
Iшкi пошта жiберiлiмдер және ақша аудармалары - Қазақстан Республикасының шегiнде адресатқа жеткiзу, жөнелту үшiн қабылданатын пошта жiберiлiм және ақша аудармалары.
Пошта жiберiлiмдердi, ақша аудармаларды тапсыру - пошта жiберiлiмдердi, ақша аудармаларды адресатқа тiкелей қолына немесе оның сенiмдi адамына тапсырылатын өндiрiстiк операциясы.
Пошта төлем мемлекеттiк белгiлерi - пошталық маркiлер және басқа белгiлерi, пошта жiберiлiмдерге төленгенiн дәлелдейдi.
Пошта байланыс қызметiн шарт бойынша қамтамасыз ету-пошта байланыс мекемелерiне шарт негiзiмен қызмет көрсету /бағасы хабарланған және үлкен өлшемдi посылкаларды, пошта контейнерлердi, қабылдау, өңдеу, тасымалдау және тапсырып беру, басылым өнiмдерiн тарату, зейнетақыны, жәрдемақыны және басқа да мақсатты төлемдерiн жеткiзу, тапсырып беру, телефонмен сөйлесу және телеграф арқылы хабарлама қабылдап, жеткiзу жөнiнде қызмет ұсыну, ақшадай пайданы инкассациялау, қабылдау, коммуналды қызмет үшiн төлем қабылдау/.
Пошта байланысының қосымша қызметтерi - қосымша төлемге пошта байланыс мекемелерi қызметтерiн ұсынады,/пошта жiберiлiмдерде, ақша аудармаларда жазбаша хабарлама және адресiн толтыру, пошта жiберiлiмдердi, ақша аудармаларды тапсырған жөнiнде хабарлау қағазын толтыру, пошта жiберiлiмдердi қаптау және т.б./.
Пошта жiберiлiмдердi және хабарламаны тапсыру - Өндiрiстiк операция, пошта жiберiлiмдерi, ақша аудармалары бiр жерден бiр жерге жөнелтiлетiн, пошта жiберiлiмдер немесе ақша аудармалары бiр тағайындалған орынның пошта байланыс кәсiпорынның немесе адресаттың абоненттi жәшiгiне немесе тұрғын үйдiң адресi бойынша тапсырылады.
Тапсырыс пошта жiберiлiмi - қолхат алып адресатқа тапсырылатын және жөнелтушiге квитанция берiп қабылданатын пошта жiберiлiмi.
Оларға кiретiн: хат, пошта карточкасы, бандероль, ұсақ пакет және "М" қап.
Атаулы зат - пошта жiберiлiмдерге және құжаттарға, пошта байланыс кәсiпорнының атауы, пошта жiберiлiмдi қабылдаған және тапсырған күнi белгiлейтiн бедерлеменi басатын зат.
Басқа қалалық пошта жiберiлiмдерi және ақша аудармалары - бiр қаланың аумағынан шек, аудан орталығы немесе қала түрлi ауыл, ал ауылдарда бiр пошта байланыс тапсыратын мекеме қызмет ететiн аумағынан шек адресатқа тапсыру және жөнелту үшiн қабылданған iшкi пошта жiберiлiмдер және ақша аудармалары.
Пошта жiберiлiмдердiң категориясы - пошта жiберiлiмдердiң (жәй, тапсырыс, бағасы хабарлап) қабылдау, өңдеу, жағдайды анықтайтын, тәсiл құрылымы.
Маркалы конверт (маркаленген карточка) - стандартты пошта конвертi (пошта карточкасы) пошта маркасы баспаханада түсiрiлген.
Халықаралық пошта байланысы - пошта байланыс мекемелер арасында пошта жiберiлiмдермен алмасу.
Халықаралық пошта жiберiлiмi - Қазақстан Республикасы шегiнен ары жөнелту үшiн, оған түскен, немесе транзит арқылы ары жөнелту үшiн қабылданатын пошта жiберiлiм.
Халықаралық жауап купоны - бүкiл әлемдiк пошта одағымен шығарылатын, қағазға ерекше белгi қойылған, үлкен әрiппен "UPU" ("ВПС") деп басылған, құнды құжат. Оны, мемлекеттiк пошта төлем белгiлерiне алмасуға болады, бiр жәй халықаралық хат 20 гр. салмағымен, әуе жолымен жөнелтiлетiн, төлем, есебiмен жөнелтуге болады.
Ұсақ пакет - халықаралық тапсырыс пошта жiберiлiм, тауар үлгiлерiмен, ұсақ сыйлық заттар, iшiне салынатын заттар, өлшемi, салмағы және қаптау тәсiлi осы Ережеде анықталған.
Жерлiк пошта жiберiлiм және ақша аудармалары - iшкi пошта жiберiлiм және ақша аудармалары, бiр қала, аудан орталығы, немесе қалаға жақын ауыл, аумақ шегiнде адресатқа жөнелту және тапсыру үшiн қабылданады, ал ауылды жерлерде - бiр пошта байланысының мекемесi қызметiндегi аумақтың шегiнде.
Халықаралық пошта алмасу орны - Қазақстан Республикасы қабылдаған, шет елден түсетiн халықаралық пошта жiберiлiмiн өңдеп оны тағайындалған жерге жөнелтетiн пошта байланыс кәсiпорны.
Таратылмаған пошта жiберiлiм - белгiленген уақытта адресатқа (оның сенiмдi адамына) тапсырылмаған, немесе жөнелтушiге қайтарылмаған, пошта жiберiлiмi.
Пошта маркасының номиналы - пошта маркасында араб сан белгiсiмен белгiленген пошта қызметiнiң бағасы.
Пошта жiберiлiмдердi өңдеу - пошта жiберiлiмдердi, тағайындалған жерге жөнелту және тапсыруға әзiрлеуiн қамтамасыз ететiн өндiрiстiк операциясы.
Жәй пошта жiберiлiмi - iшiне салынған зат бағаланбай қабылданатын, жiберушiге квитанция берiлiп және адресатқа қолхат бойынша тапсырылатын пошта жiберiлiмi (посылка, контейнер).
Пошта байланыс мекемелерi - тұлға және заңды ұйымдар, өзiнiң құқы - ұйымдастыру тәсiлi және меншiктiк тәсiлiне қарамастан, негiзгi әрекетi пошта байланыс қызметiн ұсыну.
Жiберушi - пошта жiберiлiм немесе ақша аудармаларды жiберу үшiн тапсыратын жеке тұлға немесе заңды ұйым.
Iшкi жылдам пошта жiберiлiмi - "Электронды пошта" қызметiн қолданылып байланыс каналымен жiберiлетiн жазбаша хабарлама, кесте, сызу, сурет, диаграмма және басқалар, және посылка, хат, бағасы хабарланған бандерольдер, "Экспресс" жедел пошта жүйесiмен жөнелтiлетiн жiберiлiмдер.
Халықаралық жылдам пошта жiберiлiмiн жөнелту - пошта жiберiлiм, iшiнде жазбаша хабар бар, баспа өнiмдер, ақша құжаттары және басқалар, және де халық тұтынушы тауарларды қабылдау, өңдеу, жөнелту және жеткiзу Бүкiл әлемдiк пошта одағының Актiлерiне сәйкес iске асырылады.
Пошта байланыс қызметiн тұтынушылар - пошта байланыс қызметiмен пайдаланатын жеке тұлға және заңды ұйымдар.
Пошта байланыс кәсiпорны - пошта байланыс қызметiн ұсынатын (поштамптар, темiржолдағы поштамптар, аэропорт және темiржол станциясындағы пошта тасымалдау бөлiмдер, пошта алмасу орындары, пошта байланыс бөлiмдерi, пошта байланыс пункттерi және тағы басқалар).
Ақша қаражат аудару (ақша аудармалар) - ақша сомасы белгiленген арнайы толтырылған бланк рәсiмдеу жiберiлiмi, жiберушi, пошта байланыс мекемесiне, адресатқа төлеуiн тапсырады.
Жазбаша корреспонденция - жәй және тiркелетiн хаттар, пошта карточкалары, бандерольдер және ұсақ пакеттер түрде пошта жiберiлiмдер.
Хат - жазбаша хабарлама және (немесе) құжат пошта конверт түрде пошта жiберiлiм.
Посылка - тауар және басқа заттар салынған пошта жiберiлiм, iшiне салынатын зат, өлшемi, салмағы және қаптау тәсiлi осы Ережеде анықталған.
Пошта карточкасы - арнайы стандартты бланкiдегi жазбаша хабарламасымен пошта жiберiлiмi.
Пошта байланысы - пошта жiберiлiмдi, пошта телеграф ақша аудармаларын қабылдау, өңдеу тасымалдау және тапсыру.
Көпшiлiк қолданатын пошта байланысы - Қазақстан Республикасы бiрыңғай пошта байланысының құрылымы, барлық азаматтар қолдануға ашық және де оның қызметi осы адамдарға қызмет етпеуi мүмкiндiгi жоқ.
Пошталық авиажiберiлiм - барлық жолында немесе оның бөлек учаскелерiнде әуе көлiгiмен жөнелтiлетiн пошта жiберiлiм.
Пошта жiберiлiм - сәйкес қаптағы, жергiлiк және басқа қалалық хаттар және пошта карточкалары, бандероль және ұсақ пакеттер, посылка, пошта контейнерлер, баспа өнiмдерi.
Қосымша төленетiн пошта жiберiлiмдер - жөнелту үшiн бiр бөлiгi немесе түгел төленбеген жәй пошта жiберiлiм.
Төлемi төленбеген пошта жiберiлiм - жiберушi, пошта байланыс мекемесiне пошта жiберiлiмдi адресатқа тапсырғанда төлемiн адресаттан алуын тапсырады.
"Шабарман мен тапсырылатын" пошта жiберiлiм - тапсыратын пошта байланысының мекемесiнен жедел түрде адресатқа шабарманмен жеткiзiлетiн халықаралық пошта жiберiлiм.
Бағасы хабарланған пошта жiберiлiм - iшiне салынған затты бағалап қабылданатын, жiберушiге квитанция берiлiп, алушыдан қолхат алып тапсырылатын, пошта жiберiлiмi. Оған: хат, бандероль, посылка, тiгiнен жеткiзiлетiн пошта контейнерi, ал халықаралық пошта алмасуда - хат, посылка, -кiредi.
"Қолына берiлсiн" деген бағасы хабарланған немесе тапсырыс пошта жiберiлiм - жiберушi оны тапсырғанда пошта байланыс қызметiн орындаушыға, оны алушының қолына беруiн, тапсырған, пошта жiберiлiмi халықаралық пошта алмасуда - "Тек қолына берiлсiн".
Берiлгенi хабарланатын пошта жiберiлiм - оны тапсырғанда жiберушi пошта байланыс қызметiн орындаушыға пошта жiберiлiм қашан, кiмге берiлгенiн өзiне, немесе ол белгiлеген адамға хабарлауын тапсыратын, пошта жiберiлiм. Халықаралық пошта алмасуда - "алғаны туралы хабарланатын пошта жiберiлiм".
Пошта индексi - Пошта жiберiлiмiн және ақша аудармаларын қабылдап және тапсыруын қамтамасыз ететiн пошта байланыс кәсiпорнына берiлетiн пошта адресiнiң сан белгiсi.
Ақша қаражат пошта аудармасы (пошта аудармалары) - пошта байланыс жүйесiнiң көмегiмен iске асырылатын ақша қаражат аудармалар.
Тiркелген пунктiн пошта шкафы - тапсыратын учаскеде пошта жiберiлiмдердi уақытша сақтау үшiн, немесе пошта жiберiлiмдi алушы алу үшiн арналған арнайы шкаф.
Пошта жәшiгi - хат және пошта карточкалар жиналу үшiн арналған, түрi және өлшемi белгiленген жәшiк.
Пошта жiберiлiмдi қабылдау - жiберушiден, қабылдаған пошта байланыс қызметiн орындаушы, пошта жiберiлiмдi өңдеу, өндiрiстiк операциясы.
Жәй пошта жiберiлiмi - жiберушiге квитанция берiлмей, қабылданатын, алушыдан қолхат алынбай тапсырылатын, пошта жiберiлiмi. Оған: хат, пошта карточкасы, бандероль, "М" қап; кiредi.
Тiкелей пошта контейнерi - тағайындалған жерге дейiн жолда ашпай, жiберушi белгiлеген ретiмен - мекеме пломбылаған, тауарлар және басқа құнды заттармен пошта контейнер жiберiлiмi.
Тiкелей пошта жiберiлiм - жiберушiге квитанция берiп, қабылданатын алушыдан қолхат алып берiлетiн пошта жiберiлiм.
Секограммалар - секограмма тәсiлiмен жазылған хабарлама салынған пошта жiберiлiм, секография белгiлерiмен клише, жазылған дауыстар, тек соқырларға арналған, ашық тапсырылатын, пошта жiберiлiмдер.
Пошта байланыс қызметiн тарифi - пошта байланыс қызметiнiң белгiленген төлем өлшемi.
Телеграфты ақша қаражат аудармалары (телеграфты аудармалар) электробайланыс жүйесiнiң көмегiмен iске асырылатын, ақша қаражат аудармалары.
Пошта байланысының қызметтерi - пошта және телеграф ақша жiберiлiмдердi қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткiзу, жөнiнде әрекетi.
Негiзгi қызметтерi - пошта байланыс қызметi, хат, бандероль, пошта карточкаларын, ақша аудармаларын, посылкаларды, қабылдау, жөнелту және тапсыру, және де пошта жiберiлiмдерiн алуын тiркеу туралы хабарламасымен, жөнелтуiн алғанда төлету бойынша пошта байланыс қызметтерiн ұсыну.
2 бөлiм. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
001. Пошта қызметiн орындаушылары тұтынушыларға негiзгi шартты және қосымша пошта қызметі ұсынады. Пошта байланыс қызметін ұсынатын пошта және мекемелердің басшысы, пошта байланыс қызметiнiң тiзiмiн анықтайды.
002. Пошта байланыс қызметiн ұсынатын пошта байланыс кәсiпорын және мекеменiң кiреберiсiнде, пошта байланыс кәсiпорын немесе мекеменiң атауы, пошта индексi жұмыс тәртiбi белгiленген маңдайша жазуы болу керек. Қалада орналасқан пошта байланыс кәсiпорын және мекемелер, жылжымалы график бойынша, түскi үзiлiс немесе демалыс күнiмен iстейтiн, маңдайшадан басқа, маңдайдағы пошта байланыс, кәсiпорын немесе мекеменiң басқа графикпен iстейтiн, тұрған жерi және жұмыс уақыты туралы хабарлама болу керек. Хабарландыру мәтiнi мемлекеттiк (қазақ) және орыс тiлiнде жасалады. Кiреберiстегi жәшiкте жазбаша корреспонденция алынатын уақыты белгiлену керек. Пошта байланыс қызметiн ұсынатын пошта байланыс кәсiпорын және мекеменiң iшiнде қолданушы үшiн ең көрнектi және қол жететiн жерде жазбаша корреспонденция пошта конвертiнде жөнелтуге арналған, өтiнiш және арыз кiтабы, және де керектi хабарландырулар болу керек:
- ұсынылатын қызмет түрлерi туралы;
- пошта индекстерi туралы;
- ақша аудармалардың төлемi және адрестеу ретi, пошта жiберiлiмдердiң төлемi және адрестеу ретi, қаптау ретi, оның өлшемi және салмағының шектiгi туралы;
- пошта байланыс қызметтерiне белгiленген тариф туралы;
- жөнелтуге тыйым салынатын заттар туралы;
- жазбаша корреспонденцияларды нормалау және жеткiзу мерзiмi туралы;
- жеке азамат категориясына қызмет етуiн басылымдылығы жөнiнде;
- жоғары тұрған пошта байланыс мекемелерiнiң атауы, тұрған жерi және телефон номерi жөнiнде.
"Пошта байланыс қызметiн ұсыну Ережелер", "жазбаша корреспонденциялар және посылкалар өтуi бақылау мерзiмдерi қабылдау жөнiнде нұсқауы", "Халықаралық пошта жiберiлiмдердiң жеке түрi және категориясы қабылдау рұқсат етiлетiн аумақ және елдердiң тiзiмi. Пошта байланыс қызметiн ұсынатын кәсiпорындарда және мекемелерде болу керек және пошта байланыс қызметiн тұтынушыларына, танысу үшiн, сұрауы бойынша берiлу керек.
003. Республикалық мемлекеттiк пошта байланыс кәсiпорынның жұмыс ұзақтығы, жергiлiктi атқару органдармен келiсулi, тәртiбiмен iске асырылады.
Республикалық мемлекеттiк пошта байланыс кәсiпорынның бөлiмшесi емес, бiрақ та, лицензиясы бойынша пошта байланыс қызметiн, жеке тұлға, және заңды ұйымдар, жұмыс тәртiбiн дербес белгiлейдi.
004. Пошта байланыс жылжымалы пункттері тұратын жерлерiнде, қалаларда және басқа адам тұратын жерлерде, темiржол станциясында, аэропорттарда, теңiз (өзен) порттарында және жолаушыға қызмет ететiн кемежәйда, пошта байланыс мекемелерiмен, нормативке сәйкес пошта, жәшiктерi орнатылады.
005. Әр пошта жәшiгiнде, айыратын белгi болады, ол пошта байланыс кәсiпорны немесе мекемеге бағынышты болатынын анықтайды, оған берiлген номер, корреспонденцияны қанша рет алынатыны, алатын уақыты (бiрiншi және соңғы алатын уақыты).
Ауыл жерлердiң пошта жәшiктерiнде, номер, айырмашылық белгiден басқа, алатын сағат, және алынбайтын күнi белгiленедi.
006. Әр пошта байланыс мекемесiнде, өзiнiң атаулы заты болу керек.
Атаулы затқа кiретiн: елтаңбалы - бақылау, және сақтандыру мөрi және календарлы штемпелi, арнайы, әрекеттегi, және қосымша төлеу пломбирдiң пуансоны, тегiстейтiн құрылыс, касса - бақылау клише және франкиновальдi машиналар және т.б.
Заңды ұйым және жеке тұлға, Қазақстан Республикасы көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Пошта байланысының бөлiмшесi емес, бiрақ та лицензия бойынша пошта байланыс қызметiн, жеке тұлға, және заңды ұйымдар, Республикалық пошта байланыс кәсiпорын бөлiмшелерi үшiн белгiленген ерекше атаулы заттың үлгiсiн қолдану керек.
3 бөлiм. Пошта жiберiлiмдер
007. Пошта жiберiлiмдер мен ақша аудармалары, халықаралық және iшкi деп бөлiнедi.
008. Iшкi пошта жiберiлiм және ақша аудармалары:
а) хаттар (жәй, тапсырыс, бағасы хабарланған);
б) пошта карточкалары (жәй, тапсырыс);
в) бандерольдар (жәй, тапсырыс, бағасы хабарланған);
г) посылкалар (кәдiмгi және бағасы хабарланған);
д) ақша аудармалары (пошталық, телеграфтық);
е) тiкелей пошталық контейнерлер жiберушi мөр (пломбыланған) (бағасы хабарланған);
ж) жедел пошта жiберiлiмi.
Осыдан ары қысқарту мақсатымен тiкелей контейнер деп аталады.
009. Iшкi пошта жiберiлiмдер мен ақша аудармалар, жергiлiктi және басқа қалалық деп аталады.
010. Бағасы хабарланған пошта жiберiлiмдердi үстiнен төленетiн қылып қабылдауға болады. Бұл жағдайда пошта байланыс кәсiпорынға, адресаттан пошта жiберiлiмдi оған тапсырғанда үстiнен төленетiн соманы алып, жiберушiнiң адресi бойынша ақша аударма ретiнде салып жiберу жүктеледi.
011. Бағасы хабарланған пошта жiберiлiмдер пошта байланыс кәсiпорында ашық немесе жабық түрде қабылданады.
012. Ақша аудармалар, жөнелту тәсiлiне қарай, пошталық және телеграфтық болып бөлiнедi, ал телеграфты аудармалар, Өзiнiң кезегiмен, өңдеу және тапсыру мерзiмiне байланысты - жәй немесе жедел болып бөлiнедi.
013. Тапсырылғаны туралы хабарламасымен (жәй, тапсырыс, телеграфты) пошта байланыс кәсiпорны, пошта жiберiлiм және ақша аудармалар қашан, кiмге берiлгенi жөнiнде жiберушiге хабарлайды, жөнелтуге тiркелген пошта жiберiлiмдердi (тiкелей контейнерден басқа) ақша аудармалар қабылдауға болады.
014. "Тек қолына" деген белгiмен бағасы хабарланған хат, тапсырыс хат және пошта карточкалар, жеке тұлға үйiне берiлгенi туралы тапсырыс хабарламамен қабылдауға болады. Осындай пошта жiберiлiм адресатын тек қолына немесе оның сенiмдi адамына хабарлама бланкiсiнде қол қойдырып берiледi.
015. Жеке жiберушi және адресаттар үшiн пошта жiберiлiмiнiң, ақша аудармалардың келесi разрядтары белгiленедi: а) үкiметтiк, жоғары үкiмет және орталық атқару органдарының пошта жiберiлiмдерi кiредi; б) әскери, әскери қызметке шақырылып, өтiп жатқан, және әскери бөлiмдерi алатын пошта жiберiлiмдер мен ақша аудармалар; в) қызметтiк, пошта байланыс кәсiпорындардың пошта жiберiлiмдерi мен ақша аудармалары, өзiнiң күшi және қаражаты қолданып жөнелтiледi. 016. Iшкi пошта жiберiлiмдерге, келесi өлшем салмақ шектiгi белгiленедi: -------------------------------------------------------------------- | Жiберiлiмнiң түрi | Салмағының | Қап өлшемi | | | шегi,кг | | |-------------------------|--------------|---------------------------| | 1 | 2 | 3 | |-------------------------|--------------|---------------------------| |1. Хаттар | 2 |114 х 162 мм; 162 х 229 мм;| | | |229 х 324 мм; 110 х 220 мм;| | | |250 х 353 мм; | |-------------------------|--------------|---------------------------| |2. Пошталық | - |105 х 148 мм. | | карточкалар | | | |-------------------------|--------------|---------------------------| |3. Бандерольдер, | 2 |Максималды: 35 см үш | | ерекше бандерольдер | |өлшемнiң бiрiнде (екi, | | үшiн (салмақ | |ұзындық, биiктiк). Үш | | бойынша) | |өлшемнiң сомасында 65 см | | | |көп болмау керек. | |-------------------------|--------------|---------------------------| |а) Тұқымдар | 1 |Труба сияқты домалақтатып | | | |қапталған бандерольдерге, | | | |70 см және диаметрi 15 см. | |-------------------------|--------------|---------------------------| |б) Бiр кiтап салынған | 3 |Ерекше жағдайда осындай | | | |бандерольдер 1,5 м | | | |ұзындығымен қабылдауға | | | |болмайды, егер iшiнде | | | |(карта, схема; т.б.) | | | |салынған болса. | |-------------------------|--------------|---------------------------| |в) соқырларға арналған | 5 |Минималды: 10 см бiр | | қағаз және кiтаптар, | |өлшемде және 5 см аз емес | | дөңес белгiлерiмен | |екiншi өлшемiнде, (жуандығы| | | |қандай минималды болса да),| | | |ал домалатып қаптағаны - 10| | | |см ұзындығы және 5 см | | | |диаметрi. | |-------------------------|--------------|---------------------------| |4. Посылкалар: | 10 |максималды: 80 х 80 х 50 см| |а) iшiне салынғаны | | | | бөлiнетiн | | | |-------------------------|--------------|---------------------------| |б) iшiне салынғаны | 20 |10 кг жоғары посылкелер, | | бөлiнбейтiн | |ауыр салмақты деп аталады. | |-------------------------|--------------|---------------------------| |в) әскери қызметiне | 20 |Бiр жағы белгiленген | | шақырылған, | |өлшемнен жоғары болса, | | азаматтардың өз | |үлкен габариттi деп | | киiмдерi болса | |аталады. Ұзындығы 2 м ге | | | |дейiнгi посылкалар | | | |қабылданады, егер, олардың | | | |периметрi 1,5 м көп | | | |болмаса, минималды: | | | |(аралардан басқа) бiр | | | |өлшемi 10 см және 5 см әр | | | |қалған посылкалардың бiр | | | |жақ өлшемi 30 см кем болмау| | | |керек. Посылкалар 3 кг | | | |салмаққа дейiн, ең үлкен | | | |жағы 35 см көп емес, ал үш | | | |өлшемi 65 см жоғары | | | |болмаса, ұсақ деп аталады. | |-------------------------|--------------|---------------------------| |г) үлкен габариттi | 100 |максималды: | | | |200 х 150 х 100 см | |-------------------------|--------------|---------------------------| |5. Тiкедей | 500 | | | контейнерлер | | | -------------------------------------------------------------------- Ескерту 1. Хаттар 114 х 162 х 5 мм, 110 х 220 х 5 мм және салмақтары 20 гр дейiн, стандартты хаттар болады. Ескерту 2. Посылканың белгiленген максималды салмағына дейiн 500 гр. дейiн жоғары алуға болады, ал бандерольдер 100 гр дейiн. Ескерту 3. "4"п. Бойынша посылка қабылдау пошта байланыс темiржолдағы кәсiпорынға оларды тапсырған жағдайда өткiзiледi. Осындай посылкалар, оларды қайта аудармай баратын жолына жөнелту үшiн қабылданады. 017. Халықаралық пошта жiберiлiмдерiне кiретiн: а) хаттар (жәй, тапсырыс, бағасы хабарланған); б) пошта карточкалар (жәй, тапсырыс); в) бандероль және арнайы "М" қаптар (жәй, тапсырыс); г) секограммалар; д) ұсақ пакеттерi; е) посылкалар (кәдiмгi, бағасы хабарланған); ж) халықаралық жедел пошта жiберiлiмдерi.
018. Кiретiн және шығатын халықаралық пошта жiберiлiмдердi толық өңдеу, және де оларды тағайындалған жерге жөнелту, бөлiнген пошта кәсiпорындармен қызмет етiледi, сонымен қатар олар халықаралық пошта алмасу орны болып саналады. Осы пошта байланыс кәсiпорындарда, пошта жiберiлiмдер бақылау органдары тексерiсiне түседi.
019. Қазақстан Республика аумағындағы шетелдiк мемлекеттердiң дипломдық, консулдық өкiлдерiнiң, халықаралық үкiмет арасындағы мекемелердiң, осы мекемелердiң, осы мекемедегi шетелдiк мемлекеттiк өкiлдiгiнiң пошта жiберiлiмдерi, елдiң iшiнде жөнелту үшiн, және де барлық басқа жiберушiлерден осы белгiленген мекеменiң адресiне жөнелтiлетiн iшкi жiберiлiмдер тәртiбiмен төленiп және тiркеледi, бiрақ та өңделу, жөнелту және тапсыруы, халықаралық пошта жiберiлiмдерге анықталған ретiмен iске асырылады.
020. Халықаралық пошта жiберiлiмдер пошта алмасу жүргiзiлетiн елдер қабылданады.
021. Посылкалар және бағасы хабарланған хаттар тек қана "халықаралық пошта жiберiлiмдерiн қабылдау жөнiнде Нұсқауында аталған елдерге ғана қабылданады, ал ұсақ пакеттер 500 гр. жоғары салмағымен". Елдер және аумақ тiзiмiнде белгiленген кiру рұқсат етiлген, халықаралық пошта жiберiлiмдердiң бөлек түрi және категориясы қабылдауы рұқсат етiлген
елдерге қабылданады. Нұсқау және Тiзiм Бүкiл әлемдiк Пошта Одағының халықаралық бюросының мәлiмдемесi негiзiнде құрылады. Қазақстан Республикасы көлiк және коммуникациялар Министрлiгiнiң Пошта байланысының Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны бұйрығымен iске асырылады. 022. Шығатын халықаралық пошта жiберiлiмдерiне келесi өлшем және салмақ шектiгi белгiленедi: -------------------------------------------------------------------- | Жiберiлiм түрi | Салмағының | Қап өлшемi | | | шегi,кг | | |-------------------------|--------------|---------------------------| | 1 | 2 | 3 | |-------------------------|--------------|---------------------------| | Хаттар | 2 |Минималды - 90 х 140 мм | | | |Максималды - 120 х 235 мм | |-------------------------|--------------|---------------------------| | Пошта карточкалар | - |105 х 148 мм. | |-------------------------|--------------|---------------------------| | Бандерольдер | 5 |максималды - ұзындық, ең | | | |және жуандығы сомасы - | | | |104 см жоғары емес; ең | | | |үлкен өлшем - 90 см; | | | |минималды - 14 х 9 см; | | | |оралған рулон үшiн - | | | |ұзындық және екi диаметрi | | | |- 17 см; ең үлкен өлшемi | | | |- 10 см жоғары емес. | |-------------------------|--------------|---------------------------| | Ұсақ пакеттерге | 2 | | | Арнайы қаптар басқа | | | | өнiмдермен бiр адресат | | | | үшiн | | | |-------------------------|--------------|---------------------------| | Бiр адрес бойынша | 14,5 | | |-------------------------|--------------|---------------------------| | Посылкелер | 20 |Кез келген өлшем - 105 см | | | |көп емес болу керек.Ұзындық| | | |және орам сомасы - 200 см | | | |көп емес. Минималды өлшем | | | |хаттарға арналғандай. | |-------------------------|--------------|---------------------------| | Жедел | 20 |Кез келген өлшем - 105 см | | пошта жiберiлiмдер | |көп емес. Ұзындық және орам| | | |сомасы 200 см жоғары | | | |болмасын. | -------------------------------------------------------------------- 4 бөлiм. ПОШТА БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТIНIҢ ТӨЛЕМ РЕТI 023. Пошта жiберiлiмдер мен ақша аудармаларды жөнелту үшiн төлемi қабылдағанда алынады.
Негiзгi пошта байланыс қызметiне тарифтер Қазақстан Республикасы заңымен реттеледi. Басқа байланыс қызметiне тариф кәсiпорнымен дербес анықталады. Пошта байланыс қызметiнiң iс әрекеттегi тарифiн өзгерту тоқсанында бiр реттен жиi өткiзiлмейдi, және де қызмет тұтынушылар жалпы хабарлау жүйе арқылы, тариф енгiзуге 10 күн қалғанға дейiн хабарлану керек.
024. Пошта жiберiлiмдi және ақша аудармаларды жөнелту пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгiлерiмен төленедi, Қазақстан Республикасы аумағында алмасуда бар ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз айыру жолымен төленедi.
Жәй, және тапсырыс пошта жiберiлiмдер франкировальды машинасымен оларға клише бедерлемесiн басу түрiмен төлендiруге болады.
Франкировалды машинаның клише бедерлемесi әр қашанда ашық - қызыл түрлi болу керек.
025. Мемлекеттiк пошта төлем белгiсi ретiнде пошта маркілерi қолданады. Олар пошта жiберiлiмдерге жапсырылып немесе баспахана тәсiлiмен пошта конверттерiне және пошта карточкаларына басылады, Франкировалды машинаның клише бедерлемесi, және де басқа баспахана тәсiлiмен басылатын белгiлер, Қазақстан Республикасы көлiк және коммуникациялар Министрлiгiнiң байланыс Департаментiмен анықталады және пошта қызметiнiң ақысы төленгенiн дәлелдейдi.
Мемлекеттiк пошта төлем белгiлерiнде "Қазақстан" және латын транслитерациясымен "Каzакstаn", деп белгi қойылады, араб санымен төлем сомасы немесе латын әрiппен, шығарылған жылы немесе тiркелген номерi қойылады. Осыдан басқа, оларға "Пошта" деген сөз қазақ немесе латын әрiпiмен жазылуы мүмкiн.
Мемлекеттiк пошта төлем белгiсi ретiнде пошта жiберiлiмдерге, франкировалды машинаның клише бедерлемесi бар қағаз жолы жапсырылған қолдануы мүмкiн. Онда, франкировалды машинаның клише бедерлемесiнде, мемлекеттiк пошта төлем белгiсi, жiберушiнiң адресi және календарлы штемпель болу керек.
Сатылған мемлекеттiк пошта төлем белгiлерi қайтадан қабылданбайды және алмастырылмайды.
026. Мемлекеттiк пошта төлем белгiлерiмен жәй, және тапсырыс пошта жiберiлiмдер және хабарламалардың жөнелтiлуi төленедi. Пошта маркiлерi пошта конвертiнiң, пошта карточкасының, бандерольдiң жоғарғы оң жағында орналасады. Пошта маркiлерi бiрiнiң үстiне бiрiн жапсыруға болмайды.
Алмасудан алынған, жарамсыз (кiр, құржылған, жапсырылған, кез-келген бiр тәсiлмен басылған), және де шетелдердiң пошта маркiлерi, iшкi және халықаралық жазбаша корреспонденцияларды жөнелтуiн төлеу үшiн жарамсыз.
027. Халықаралық корреспонденцияның төлемiне Бүкiл әлемдiк пошта одағының халықаралық бюросы шығаратын, халықаралық жауап купоны қабылданады. Олардың бет жағында шетел пошта байланыс купонды сатқан мекемесiнiң календарлы штемпельдiң бедерлемесi болу керек.
Пошта жiберiлiм тапсырғанда ұсталған жауап купоны маркiге алмастырылады, ол бiр халықаралық жәй хат 20 гр. дейiн, әуе жолымен жөнелтiлетiн төлем тарифымен алмасады.
028. Хат (бандероль) бағасы хабарланған және ақша аудармаларды үйге жеткiзу (зейнетақыдан басқа) алушы төлейдi.
029. Франкировалдайтын машиналары, анықталған ретiмен пошта байланыс кәсiпорнында тiркелу керек.
Франкировалды машинаны пайдалану уақыты бiткенде, ол сатылса немесе басқа заңды ұйымға берiлсе, машинаның клишесi пошта байланыс кәсiпорнын тапсыру актiсiне сәйкес жоюға берiлу керек.
030. Франкировалды машинамен қолданатын заңды ұйымдар, жазбаша корреспонденциясын, оларға қызмет көрсететiн пошта байланыс кәсiпорнына тапсыру керек.
031. Iшкi қосымша ақысы төленетiн пошта жiберiлiмдер, жеке тұлғамен пошта жәшiгiне салынған тағайындалған жерге жөнелтiлiп - алушыға қосымша ақысы төленетiн пошта жiберiлiмдер тарифы алғаннан кейiн берiледi. Қосымша ақысы төленетiн пошта жiберiлiмдер кез-келген себеппен қайтарылған болса, қосымша ақы жiберушiден алынады.
Егер белгiленген жiберiлiмдерде жiберушiнiң адресi болмаса, онда олар таратылмағандардың санына қосылады.
Заңды ұйымдар салған қосымша ақысы төленетiн пошта жiберiлiмдер, жiберушiге өңдеудiң бiрiншi этаптан қосымша тариф ақысы төленуге жеткенше олардан қосымша ақы алу үшiн қайтарылады.
032. Төленбеген немесе толық төленбеген халықаралық хаттар, пошта карточкалары және бандерольдар, пошта жәшiгiне салынған, тағайындалған жерiне жөнелтiлмейдi, ал жiберушiге толық тариф төлету үшiн, маркi басылмай қосымша ақы төлету тарифына дейiн, халықаралық пошта жiберiлiм қайтарылады. Егер осы пошта жiберiлiмдерде жiберушiнiң адресi жоқ болса, олар таратылмағандардың санына тапсырылады.
033. Пошта байланыс кәсiпорындарда адресаттар пошта жiберiлiмдердi (хабарламаны) алу үшiн, абонементтi жәшiгi бар шкаф орналастыруға болады. Жеке тұлға, және заңды ұйымдар, белгiленген жәшiкпен қолданғысы келсе, пошта байланыс кәсiпорынның басшысына мерзiмiн белгiлеп арыз ұсынады. Бiр абонент жәшiгiмен бiрнеше адресат, және басқа адамға қолдану үшiн, абонироваттау мерзiмiнде беруге болмайды.
Абонемент жәшiгiне жаңа замок немесе кiлтiн ауыстыру, және де, замокты жөндеу жұмысы, тұтынушының кiнәсiмен бұзылған болса, пошта байланыс кәсiпорынның жұмысшылары, тұтынушының есебiнен жөндейдi.
034. Егер абонент осыдан ары абоненттi жәшiгiмен қолданудан бас тартса, оның номерi арыз берiлген уақыттан бiр ай мерзiм өткеннен кейiн ғана немесе абонимировтау мерзiмi бiткенде ғана басқа абонент қолдануға ұсынылады. Арыз бергеннен кейiн түскен корреспонденция, қайтарылады (жеткiзiледi) немесе (адресi жiберушiнiң болмаса) таратылмаған жiберiлiмнiң соңына тапсырылады.
5 бөлiм. Жөнелтуге рұқсат етiлген заттар
035. Iшкi жәй және тапсырыс хаттармен әр түрлi жазбаша хабар, қызметтiк қағаз, фотосуреттер, көркем открыткалары, кесте және басқа осындай қағаздар жөнелтiледi.
ЗАГС органына тапсырыс хатымен әр түрлi куәлiктер, азаматтық күнiн тiркеу актiлерi (туу туралы, өлiм, ата-тегiн ауыстыру куәлiктерi және басқа) жөнелтуге болады.
Сот-тергеу органдары сотқа шақыру қағаздарын тапсырғаны жөнiнде хабарлама, тапсырыс хат, конвертiнде: "Сотқа шақыру тапсырыс хабарламасымен" деген белгiмен жөнелтедi.
Осындай ретiмен iшкi iстер органдарының шақыру қағазы және хабарламасы, және де аудан (қалалық) әскери комиссариаты жөнелтедi.
036. Бағасы хабарланған iшкi хаттарда құжаттар және құнды қағаздар (дипломдар, паспорттар, туу туралы және неке, зейнет куәлiктерi және сот құжаттары, мемлекеттiк заем облигациясы, лотерея билетi және басқа) грамота, фотосурет, көркем карталар, қолжазбалар, пошта төлем мемлекеттiк белгiлерiн және басқа құжаттар, жiберушi және алушыға белгiлi құны бар заттар жөнелтiледi.
037. Iшкi жәй тапсырыс бандерольдерде құны аз баспа өнiмдерi (бланкiлер, нұсқау, газет, журнал, кiтап, плакат, және т.б.) iс қағаздар, нұсқау, фотосурет, альбомдар, дәптерлер, ем шөптер, тұқымдар, және осындай ұқсас заттар жөнелтiледi.
Тапсырыс бандерольдерде, одан басқа көркем әдебиет, өнер жөнiнде әдебиет, кiтапхана арасында абонемент кiтаптар, магнитофон жазбалары "Соқырларға арналған сөйлейтiн кiтап", сот iстерi және сырттай оқитын студенттердiң бақылау жұмыстарын жөнелтуге болады.
038. Бағасы хабарламаған iшкi бандерольдерде, тұтынушылар тауары, баспа өнiмдерi, көркем әдебиет, өнер жөнiнде әдебиетi, iс қағаздары, дәрi-дәрмектер, кондитерлiк тағамдар және басқа көпке шыдайтын азық-түлiк тағамдары, оның сақтығы, осындай пошта жiберiлiмдерге арналған қапта қамтамасыз етiледi.
039. Iшкi посылкаларда тұтынушы тауарлары жөнелтiледi, ол көп сақталатын азық-түлiк тағамдары, баспа өнiмдерi, өсiмдiк, ара, дәрi-дәрмектер, және т.б.
040. Жәй тапсырыс халықаралық хаттарда, жеке және қызмет хат-хабарлар, құжаттар, әр түрлi квитанция, шоттар, фотосурет, фактуралар жөнелтiледi.
041. Бағасы хабарланған халықаралық хаттарда құнды қағаздар және құжаттар жөнелтiледi. Жiберушi қойған, хабарланған бағаның сомасы, iшiне салынған жiберiлiмнiң шын бағасынан жоғары болмау керек және бағасы хабарланған хат қабылдау рұқсат етiлген. Аумақ және елдер тiзiмiнде белгiленген бағалау сома шегiнен аспау керек. Сонымен бiрге құжат хабарланған баға сомасы, жоғалған жағдайда бұл құжатты қайтадан жасау бойынша шығыннан жоғары болмау керек.
Халықаралық пошта жiберiлiмнiң хабарланған бағасы, жiберушi iшiне салынған заттың шын бағасымен белгiлейдi, бiрақ та "Халықаралық пошта жiберiлiмiн қабылдау жөнiнде" Нұсқауда және Аумақ және елдер, тiзiмiнде, халықаралық пошта жiберiлiмдердiң бөлек түрi және категориясын қабылдау рұқсат етiлген белгiленген бағалау соманың тегiнен аспау керек.
042. Халықаралық бандерольде баспа өнiмдер, соның iшiнде гравюра, сурет, географиялық карта, пiшу үлгiсi, каталогтар, проспектер, әр түрлi хабарламалар және мәлiмдемелер, бедерлеме және репродукциялар, әр түрлi тәсiлiмен орындалған баспалар, соқырлар үшiн дөңес шрифт баспалары, соның iшiнде секография белгiлерiмен клишелер, және де арналып қағаз, тек қана соқырларға арналған, егер ол мекемелер мен олардың адрестерiне жөнелтiлетiн болса, қолжазбалар жөнелтiледi. Жобалау және техникалық құжат тек қана заңды ұйымдардан жөнелтуге қабылданады.
043. Ұсақ пакеттерде, сынбайтын заттар бiр талдан, бағасы ұсақ пакет жоғалғанда өтем сомасынан жоғары емес, сыйлық заттар жөнелтiледi.
044. Шетелдерге жiберiлетiн посылкаларда, шет елдерге жiберуге рұқсат етiлген және тағайындалған елге кiргiзуiне болатын, тұтынушылық тауарлар жөнелтiледi.
Халықаралық посылкалар (кәдiмгi, бағасы хабарланған) халықаралық пошта жiберiлiмдердi қабылдау жөнiнде Нұсқауда белгiленген елдерге қабылданады.
045. Шетелдерге, баж төлемi алынбай жiберiлетiн тауарлар жөнелтуге рұқсат етiледi, пошта жiберiлiмнiң жалпы бағасы, Қазақстан Республикасы заңына сәйкес анықталады.
6 бөлiм. Жөнелтуге тыйым салынған заттар
046. Iшкi пошта жiберiлiмдерде келесi заттарды жөнелтуге тыйым салынады:
а) ататын қару - жарақ, пневматикалы, газдалған, оқ-дәрiлер (лақтырмалы);
б) наркотикалар, өте күштi, радиоактивтi жарылғыш, улы, күйдiретiн, тез өртенгiш психотропты, және басқа қауiптi заттар;
в) улы жануарлар және өсiмдiктер;
г) шетелдердiң валютасы және ақша белгiлерi;
д) тез бұзылатын азық-түлiктер;
е) Өзiнiң қаптаулы немесе түрiмен, пошта жұмысшыларына қауiптi, үстiн бұлғайтын немесе басқа пошта жiберiлiмдердi немесе пошта жабдықтарды құртатын, заттар.
Ескерту 1. Ерекше ретiнде атылатын қару-жарақтың iстемейтiн бөлшектерi, аңшы және балықшының дүкенi, қару-жарақ шығаратын заводтар адресiне немесе жөндеу жөнiнде шеберханасына және де олар қайтадан жоғарғы айтылған дүкендер және аңшы және балықшы қоғамдардың басқармасына, жiберу үшiн қабылданады.
Ескерту 2. Бағасы хабарланған хат және посылка арқылы шетелдiк валютаны және ақша белгiлерiн жiберу құқын, тек қана Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiнде және оның мекемелерiне берiледi.
Ескерту 3. Барлық басқа жiберушiлерге бағасы хабарланған хаттармен, кемiстi ақша белгiлерiн және шетелдiк валютасының Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсi адресiне, жiберуге және де посылкамен тиын коллекциясын адресiнен тәуелсiз жiберуге рұқсат бар.
047. Пошта жiберiлiмдердi жөнелтуге тыйым салынған заттар табылса, пошта байланыс мекемесi табылған орынында оны алып тастайды. Қару-жарақ, оқ-дәрiлер, наркотикалар, психотропты, өте күштi, радиоактивтi, жарылғыш, улы, күйдiретiн, тез өртенгiш тағы басқа өмiрге және азаматтардың денсаулығына қауiптi заттар табылған болса, белгiленген заттар iшкi iстер органдарының мамандарымен алынады. Бұл заттарды құрту сәйкес мекемемен белгiленген тәртiбiмен өткiзiледi.
Пошта жiберiлiмнен алынған, шетелдiк валюта, пошта байланыс мекемесiнiң актiсiмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң жергiлiктi мекемесiне тапсырылады, сонымен қатар аумақтың iшкi iстер органдарына валюта алынғаны туралы хабарланады. Қазақстан валютасы, жiберушiге қайтарылады немесе адресатқа пошталық аудармамен жөнелтiледi, бiрақ та, табылған сомадан жөнелту үшiн белгiленген тариф өлшемiнде ақша алынады.
Пошта жiберiлiмде табылған улы малдар және өсiмдiктер, Қазақстан Республикасы ветеринар органдарына және фито-санитар бақылау органдарына тапсырылады.
Жөнелтуге тыйым салынған заттың алып тастауы және құртуы жөнiнде пошта байланыс жүйесi бойынша, пошта байланыс мекемесi он күн мерзiмiнде жазбаша түрде пошта жiберiлiмдi немесе адресатқа хабарлайды. Тек қана, белгiленген зат табылған фактiмен iшкi iстер органдары iздеу салу шараларын өткiзуге шешiм қабылдаса.
048. Егер пошта жiберiлiмдi қабылдағанда пошта жұмысшысы, iшiнде поштамен жөнелтуге тыйым салынған зат бар екен мүмкiн деп тапса, белгiленген пошта жiберiлiм ашық түрде қабылданады.
049. Жеке тұлғаның халықаралық пошта жөнелтуге тыйым салынған хаттар:
- наркотикалық, психотропты, улы заттар;
- хабарлама тасымалдайтын (басқа өнiмдер; аудиокөрнектi материалдар, сурет материалдар және т.б.) егер мазмұны мемлекеттiк тәртiбiне, рухани iзгiлiкке және азаматтардың мүдделерiне зиян келтiретiн болса;
- Қару-жарақ және әскери техника, оларды әзiрлеу үшiн арнайы құралдары (нормативтi құжат әскери өнiмдерiне тағайындалған);
- оқ дәрi, жарылатын заттар, жарылғыш және пиротехника құралдары және басқа да қауiптi заттар;
- ядролық материалдар, технологиясы, жабдықтар орнату арнайы ядролық емес материалдар, радиоактивтi сәулелерiнiң, түбiрi, және радиоактивтi қалдықтар;
- құнды металдар, қорытпа, рудалар, концентраттар, құнды металдың қалдықтары және сынғаны;
- құнды табиғи тастар, қалдықтар, порошоктар және құнды табиғи тастардың рекуператтары, iнжу, янтарь (тек қана Қазақстан Республикасы шығаруда);
- кез келген шетелдiк және ұлттық валютасы тек қана Қазақстан Республикасы шекарасындағы баж арқылы жылжыйтын ақша белгiлерiнен басқа;
- марал және сайғақтың мүйiзi, пантасы, тұяқтары;
- бекiре, және лосось уылдырығы (Қазақстан Республикасы тек шығаруға);
- жер асты байлығы жөнiнде, аудан және Қазақстан Республикасы сұйық отын-энергетика туынды орны және континенттi аумағы; және теңiз экономика запасындағы;
- шифрленген жабдықтар (шифрленген техника, шифрлеу техниканың бөлшектерi, және шифрлеу үшiн программалары), нормативтi құжат шифрлеу жүйелерiне (конструкторлық және пайдалану);
- сирек кездесетiн металдар, жерде сирек кездесетiн, өндiрiске арналған шикiзат, қорытпалар, қосылмалар және бұйымдар;
- өндiрiстiк қалдықтар;
- әскери билетiнiң куәлiктердiң көшiрмесi және өзi.
Заңды ұйымдармен халықаралық пошта жiберiлiмдермен тауар жөнелту Қазақстан Республикасы баж комитетiнiң нормативтi актiлерiмен және заң анықтаған жалпы ереже негiзiнде iске асырылады.
050. Қазақстан Республикасы шектелген:
- өнер өнiмдерi, көне заттар, басқа, көркем, тарихи, ғылыми және мәдениеттi құны бар заттар - тек қана Қазақстан Республикасы мәдениет Министрлiгiнiң рұқсатымен;
- өсiмдiктер, өсiмдiк өнiмдерi - Қазақстан Республикасы фитосанитарлық бақылау органдарының рұқсатымен;
- малдар; мал өнiмдерi - Қазақстан Республикасы ветеринарлық бақылау органдарының рұқсатымен;
- радиоэлектрондық жүйелер және жоғарғы частоталық жүйелер - Қазақстан Республикасы көлiк және коммуникациялар Министрлiгi органының рұқсатымен;
- мемлекеттiк наградалар (орден, медаль, белгi, атау заттар) наградталғаны жөнiнде құжаттың көшiрмесiн нотариус дәлелдеген, және жiберушiнiң иелiк құқын дәлелдейтiн;
- өлген адамның күлi салынған қораб;
- жергiлiктi атқару органдарының және консул мекемесiнiң, оның iшiнде басқа зат жоқтығын дәлелдейтiн қағазы;
- жазылған хабарлама таситын заттар (дискеттер, видеожазулар, дауыс жазулары ЭВМ түрi) туралы және операциялық жүйесi жөнiнде осы жазылыс өткiзiлген мәлiмдемесiмен;
- дәрi-дәрмектер, Қазақстан Республикасы аумағында тiркелмеген, (Қазақстан Республикасы ауысын әкелiнгенде) - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлiгiнiң органдарымен.
051. Халықаралық бандерольдерде, ұсақ пакеттерде, бағасы хабарланған хаттарда және пошта посылкаларында, iшiне салынған заттардың тiзiмi және фактурасынан басқа хабарлама салуға болмайды және де, ұсақ пакеттерде, посылкаларда құжаттарды жөнелтуге болмайды.
II Тарау.
Пошта жiберiлiмдердi және ақша аудармаларды қабылдау
1 бөлiм. Пошта жiберiлiмдердi қаптау
052. Пошта жiберiлiмдердi қаптау жiберушi өзi таңдайды, ол iшiне салынған затқа сәйкес болу керек, тасымалдағанда iшiне салынған зат бұзылмауы, сыртқы қапты бұзбай оған қол жеткiзбеулiгi, басқа пошта жiберiлiмдердi бұзбауы және пошта байланыс жұмысшыларына ешбiр зиян келтiрмеуiн есепке алу керек.
Пошта конверттерi (пошта карточкалары), посылка (бандероль) қаптайтын тара, нормативтi құжаттың талонына сәйкес болу керек.
053. Iшiне салынған заттың ерекшелiгiне байланысты, жөнелткенде, немесе тәртiбi сақталу керек, оны орындаушы қажеттiлiгi жөнiнде, жiберушiге хабарланады:
- тез сынғыш және нәзiк заттар қатты қапқа салыну керек және арасына мақта, үгiндi салыну керек;
- кинофильмдер, кинолента және магнит ленталар, күшiндегi нормативтi құжаттың талонына сәйкес әзiрленген, тараға қапталу керек;
- тұқым, жаңғақ, құрғақ жемiс-жидектер, ұн және басқа шашылатын заттар, пленка, клеенка, қалың мата, қағаз пакеттен әзiрленген қаптарға салынып, жәшiк немесе картон қорабтарға салыну керек;
- сұйық және тек сұйық болатын заттар (сок, сироп, май, варенье, бал) iшiне құйылған зат төгiлмейтiн жабық ыдысқа салынып, ағаш жәшiкке, арасына мақта, паролон, үгiндi салынуы керек. Осындай ретпен банкiде балық жөнелтiледi. Сұйық, және тез сұйық болатын заттар, және бүлдiргендер, целлофан және полиэтилен пакеттермен жөнелтуге болмайды;
- көшет, үстi матамен, немесе тесiгi бар жәшiкпен, себетке салыну керек. Себет, жәшiктiң түбiнде полиэтилен клеенка салыну керек;
- бояу ұнтақтар, полиэтилен пленкасынан, клеенкадан немесе майланған қағазға салынып, одан кейiн картон немесе фанера жәшiгiне салыну керек;
- ара салынған посылкалар, белгiленген түрлi куәлiгi бар болса қабылданады. Аралар арнайы сетканың жабдықталған жәшiк немесе қорабтарға орналастырылып, олардың ұшып кетпеуi үшiн жiберiледi. Осындай посылкаларды мықты жабылатын шкафтарға салуға болмайды;
- кемiргiштiң терiсi салынған посылкалар, егер олар фабрикалық өңдеу өткiзiлмеген болса, және жүн, шәш, мамық, бiрiншi матаға (полиэтилен пленка, қапқа) салынып одан кейiн жәшiк, картон қорабтарға салыну керек. Әр посылкаға жiберушi белгiленген формалы ветеринар куәлiгi ұсыну керек. Егер бiр жiберушi осындай бiрнеше посылка салса, оған бiр ветеринар куәлiгi, жалпы саны көрсетiлген және орын саны болады;
- радиолампалар және дәл (өлшейтiн) заттар, қатты тара арасына паролон салынған, қозғалтқанда бұзылмайтын жөнелтуге жарамды болу керек. Радиолампа, дәл өлшейтiн заттар, егер стекло бөлшегi болса, арнайы тор, жәшiкке салынуы орналастыратын арнайы жүйе болу керек, ол лампаны каркасқа соғылуынан сақтайды;
- тiрi өсiмдiктер (үзiмдер және басқа) және үлкен габариттi сынбайтын заттар, үшкiр емес, өзiнiң өлшемiмен белгiленген өлшемдi посылка тарасына қапталуы мүмкiн емес (салмағы нормадан аспайтын) жөнелту үшiн мата қапқа оралады. Сынбайтын үлкен және кiр емес заттар, өзi бөлшектелмейтiн (сызу тақта, балалар шанасы, чемодан, бидон және т.б.) өлшемi және салмағы нормадан аспайтын, үшкiр емес, қапталмай, ашық жөнелтуге болады;
- қатты сортты жемiс жидектердi ағаш, фанера, екi жағы желдету тесiгi бар жәшiгiнде қабылданады.
Қатты сортты жемiс жидектер салынған посылкаларды ұшақпен тiк рейспен тасымалдауға қабылданады, ал темiржол көлiгiмен - бақылау мерзiмiне келiсулi 7 күннен көп емес республика орталығы, облыс арасында бұл посылкалар жетуi керек - егер ол мерзiмнен асатын болса жiберушiнiң жауаптылығымен;
- дөңгелектердiң сыртқы резеңкесi - жеке тұлғадан қабылданған немесе база және сауда орталығының дүкенi мүгедектердiң тапсырыс бойынша, жарамсыздардың орнына қайтарылған, тек қана таза, қапқа салынып қабылданады.
054. Посылкалар жiберушiмен жәшiкке (картон, ағаш, фанера және полимерлi) немесе матаға қапталу керек.
Баспа өнiмдерi салынған посылкалар қағазға қапталып қабылдана бередi.
055. Хаттар пошта конверттерiне салынып қабылданады.
056. Бандероль қаптау үшiн, полиэтилен пакеттерi, пошта конверттерi,
мықты қағаз, мата, футляр, картон коробкалар, ағаш (фанера) немесе метал жәшiктерi қолданады. Егер бандерольмен бiрнеше зат жөнелтiлетiн болса, онда оны қаптау алдында бұл заттар шпагатпен байланады. Жәй және тапсырыс бандерольдер 500 гр жоғары салмағымен, және қаптың сыртынан шпагатпен байланады. Бандерольдерге салынған зат труба сияқты оралып, қосымша үстiнен қағаз немесе басқа лентамен мықтылап байлану керек; ұзындығы 45 см болса, ол қатты затқа оралады. 057. Егер жоғары айтылған қаптау ережесi орындалмаса, орындаушы қызметкер пошта жiберiлiмдердi жөнелтуге қабылдауға құқы бар. 2 бөлiм. Пошта жiберiлiм және ақша аудармаларды адрестеу тәртiбi 058. Пошта жiберiлiмдерде және ақша аударманың бланкiсiнде алушы және жiберушiнiң адрестерi жiберушiмен жазылады. Адресте, қысқартылған атау, белгi әрiп, сан немесе қандай болсада белгi болмау керек. Келесi тәртiп адрес жазғанда сақталу керек: - алушының немесе жiберушiнiң атауы (жеке тұлға, аты-жөнi, тегi); - көше атауы; үйдiң номерi, пәтер номерi; - елдi мекеннiң атауы (қала, ауыл, және т.б.); - байланыс бөлiмнiң атауы немесе номерi; - аудан атауы; - облыс атауы; - елдiң (халықаралық пошта жiберiлiм үшiн); - пошталық индексi. Адресаттың (алушының) адресi пошта конвертiнiң орталық бөлiмiнде, ал жiберушiнiң - жоғары, сол бұрышта жазылады.
059. Пошта жiберiлiмдерде барлық адрестер анық, қаламсаппен, немесе сиямен немесе баспахана тәсiлiмен, басып жазатын машинамен жазылады.
Пошта индексi алушының хаттарда және пошта карточкаларда кодталған штамппен, стильдалған сандармен қаламсап немесе сиямен, жазылады, тек қызыл, жасыл, сары түрлер қолданбау керек.
060. Қазақстан Республикасы аумағының шектiгiнде жөнелтiлетiн пошта жiберiлiм немесе ақша аудармалардағы алушы және жiберушiнiң адрестерi, қазақ немесе орыс тiлiнде жазылу керек.
Халықаралық пошта жiберiлiмдерде адрес латын әрiптерiмен және араб сандармен жазылады, ал ТМД елдерге адрестелiнген пошта жiберiлiмдерге орыс тiлiнде жазуға болады.
061. Пошта жiберiлiмдер "Сұранғанша" немесе "Абонементтi жәшiк" деп алушының фамилия, аты, тегi жазылып, адрестеуге болады.
062. Iшкi пошта жiберiлiмдердi жiберушi ("Сұрағанша" және "Абонементтi жәшiк") дегеннен басқасын бiр адресте тұратын екi адресатқа адрестеу алады.
063. Iшкi пошта жiберiлiмнiң және ақша аудармалардың түрi, категориясы және разрядына байланысты, адрес жазылған жақта жоғары бөлiмiнде жiберушi келесi қосымша жазу енгiзу керек:
а) жәй (тапсырыс) бандерольде - "жәй бандероль (тапсырыс)", бағасы хабарланған бандерольде - "Бағасы хабарланған бандероль ... теңге" деп ал iшiне салынған заттардың тiзiмi бар бағасы хабарланған бандерольге, одан басқа - "Тiзiмi бар", дөңес белгiлерi бар бандерольдерде, - "Соқырлар үшiн дөңес белгiлерi бар бандероль", ал соқырлар үшiн магнитофон жазбаларымен - " Бандероль. Соқырларға арналған сөз кiтап" деп;
б) бағасы хабарланған хаттарда - "... теңгеге бағаланған" немесе "бағасы ... теңгеге хабарланып жабылған", бағасы хабарланып, тiзiмi салынған хаттарға, тағы - "тiзiмiмен" деген жазу. Егер бағасы хабарланған хаттарда денсаулық жөндеу мекемелерге жолдама, темiржол, авиа, және басқа жүретiн билет, оқу мекемелерге құжат, онда қосымша "Жолдамамен", "Билетпен", "Құжатпен" деп жазылады;
в) төлемi үстiнен төленетiн пошта жiберiлiмдерге - "Төлемi үстiнен ... теңгеге" немесе "Төлемi телеграфпен үстiнен ... теңгеге" деп;
г) тапсырылған туралы хабарлаумен қабылданған пошта жiберiлiм және ақша аудармалар - сәйкес белгi және хабарлама түрi: "Жәй (тапсырыс, телеграфпен) хабарланады", посылкаларда бұл белгi жолдама бланкiлерiне белгiлену керек;
д) жедел телеграфты аудармалардың бланкiлерiнде - "Жедел", саудадан түскен ақшаларда - "Саудадан түскен пайда";
е) пошта жiберiлiм және ақша аударма зейнет ақысымен, тапсыруы төленген - "Тапсырылатын";
ж) экспресс-пошта, пошта жiберiлiмдерде - "Экспресс";
з) алушының тек қолына тапсырылатын пошта жiберiлiмдерде "Тек қолына" деп жазылады. Тапсырыс хабарламамен "Сотқа шақыру", "Тапсырыс хабарлама";
к) нәзiк зат салынған пошта жiберiлiмдермен, соның iшiнде дәл приборлар және радиолампалар, және де посылкаларға жолдама адрестерiне, осындай зат салынған - "Абайлаңыз" деген;
л) посылкаларда және олардың жолдамаларына:
- 10 кг жоғары - "Бөлiнбейтiн";
- бағасы хабарланған - "... теңгеге бағасы хабарланған";
- iшiне салынған тiзiммен, қосымша - "Тiзiммен";
- көшiрмемен - "көшiрмеден" - арамен - "Абайла, Аралар. Күнде ұстауға болмайды. Ветеринар куәлiгi бар";
- кемiргiштiң терi және жүнiмен - "Жүн. Ветеринар куәлiгi бар";
- шаш, жүн, құстың жүнi - "Ветеринар куәлiгi бар";
- жемiс жидекпен - сәйкес "Жемiс", "Жидек" деп;
м) посылкаларға және олардың жолдама адресiне, бандерольдерге, әуе жолымен тасымалданатын - "Авиа", ал құрама тәсiлiмен, "Авиа ... б,".
3 бөлiм. Пошта жiберiлiм және ақша аудармаларды
қабылдау тәртiбi
064. Пошта жiберiлiмдер осы Ережедегi қаптау тәсiлiне сәйкес, дұрыс қабылданады, жiберушi және алушының толық және дұрыс адресi жазылған жағында керектi қосымша жазу болу керек.
065. Тiркелетін пошта жiберiлiмдер, операциялық касса арқылы тапсырылған, және ақша аударылымдар, тек қана керi адресiмен қабылданады. Тек, пошта жiберiлiмдер, "Конкурсқа" - деген белгiмен, конкурс комиссиясына адрестелiнгеннен басқалары.
066. Посылка және пошта контейнерлердi тапсырғанда, жiберушi өзiнiң қолымен "Жөнелтуге тыйым салынған зат жоқ" - деген мәтiнмен дәлелдеп жазады.
Посылкаларды авиа және қисындастыру тәсiлiмен жөнелткенде, ұсынған құжаттың берiлген күнi және кiм (сериясы, номерi, берiлген күнi және кiм бергенiн).
Басқа адамның атынан жөнелтiлетiн посылкалар, тек қана ашық, iшiне салынғанның тiзiмiмен қабылданады.
067. Пошта жiберiлiмдi және ақша аудармаларды қабылдағанда берiлетiн квитанциясына, пошта жұмысшысымен толтырып және қолы қойылады. Квитанцияның екiншi жағында пошта байланыс кәсiпорынның календарлы штемпельдiң бедерлемесi немесе касса - бақылау машинаның клишесi қойылады.
068. Iшкi хаттар, посылкалар, тiледей контейнерлер бағалау сомасы шектелмейдi және жiберушiмен, iшiне салынған заттың, анық бағасымен теңгемен анықталады.
Бандероль және посылкалардың, қағаз қаптағы, хабарланған бағасы Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiлген есептiң айлық көрсеткiш өлшемiнен аспау керек.
069. Көшеде орналастырылған пошта жәшiктерiнде, тек қана стандартты конвертке, өлшемi 114 х 162 мм, 110 х 220 мм салынған хаттар және пошта карточкалары 105 х 148 мм өлшемiмен, салыну керек.
Ал, пошта байланыс кәсiпорындардың операциялық залында орналастырған арнайы пошта жәшiктерiне, басқада өлшемдi пошта конвертiндегi хаттар салынады.
Франкировальды машинада рәсiмделген бандероль және хаттар, және барлық тапсырыс жiберiлiмдер пошта байланыс кәсiпорындардың операциялық кассаларына өткiзiледi.
070. Өсiмдiктерге карантин жарияланған жерлерде, тұқымдар салынған бандерольдер тек қана карантин куәлiгi болса қабылданады.
071. Жеке тұлғалардан бағасы хабарланған хаттар, тек қана ашық түрде жiберетiн заттардың тiзiмi, саны және бағасы белгiленiп, қабылданады.
072. Әр посылкаға жiберушi адрес жолдама бланкiсiн толтырады.
Бағасы хабарланған ашық посылканы тапсырғанда, жiберушi, ашық хат және бағасы хабарланған бандероль тапсырғанда құрастыратын ретiмен, тiзiм жазады.
073. "Бөлiнбейдi" деген белгiмен посылка қабылдағанда, жiберушi посылканы ашық түрде беруге мiндеттi, пошта жұмысшысы, посылканың iшiне салынған затты фактiлi белгiсiне сәйкестiгiн тексеру мақсатымен.
074. Жеке тұлғамен жiберiлетiн халықаралық посылкалар, пошта жұмысшы iшiне салынған затты тексергенде, қабылданады.
Заңды ұйымдар посылканы жабық түрде жiбередi (өзiнiң сақтандыру мөрiн басып немесе пломбылап) адрестiң жолдамасына қосымша тiзiм, кеден декларациясымен.
075. Ақша аудармалар жөнелтуге Қазақстан Республикасының валютасы қабылданады.
Ақша аудармаларды қолма-қол ақшасыз айыру өткiзу үшiн, аударатын қаражат және оны жөнелту үшiн төлемi пошта байланыс кәсiпорынның есебiне түскенде ғана өткiзiледi.
076. Үкiметтiк жiберiлiмдердiң өлшемi салмағы, және қаптауы, осындай пошта жiберiлiмдерге анықталған ретiмен iске асырылады.
Үкiметтiк пошта жiберiлiмдердi қабылдау, жөнелту және тапсыру осындай пошта жiберiлiмдер түрiне сәйкес анықталған тәртiбiмен iске асырылады.
077. Пошта жiберiлiмдi және ақша аудармаларды әскери бөлiмдер және мекеме адрестерiне қабылдағанда, келесi нұсқау сақтау қажет:
а) әскери бөлiмдерi және мекемелерiне тағайындалған пунктi белгiлеумен барлық пошта жiберiлiм және ақша аудармалар қабылданады;
б) "Далалық пошта" деген адреспен, тек қана жәй және тапсырыс хаттар, және пошта карточкалар, бағасы хабарланған хаттар, және пошталық ақша аудармалар қабылданады. Осыдан басқа, заңды ұйымдардан жәй және тапсырыс бандерольдер, және де осындай әскери бөлiмдердiң, командирдің адресiне посылкалар қабылдауға рұқсат етiледi;
в) тiркелетін пошта жiберiлiмдер тек қана тапсырыс және жәй тапсырғаны жөнiнде хабарламамен жөнiнде хабарламамен қабылданады;
г) үстiнен төлем төленетiн пошта жiберiлiмдер "Далалық пошта" адресiне қабылданбайды.
078. Әскери қызметкерлердiң пошта жiберiлiмдерi және ақша аудармалары пошта байланыс кәсiпорындарға тек өзiмен немесе әскери пошта қызметкерiмен тапсырылады.
Түзету - еңбек мекемелерiнде жаза тартудағы адамдардан пошта жiберiлiмдi, оларға қызмет атқаратын пошта байланыс кәсiпорынға, өкiлдермен тапсырылады.
079. Жеке тұлға және заңды ұйымдар тапсыратын iшкi тiркелетiн пошта жiберiлiмдер және ақша аудармалар 5 дана санымен және бiр немесе бiрнеше адреске, пошта байланыс кәсiпорны жөнелтуге, белгiленген форма тiзiмiн жiберушi толтырғанда, қабылданады. Телеграфты аудармалар жөнелту үшiн бөлек тiзiммен қабылданады.
080. Мезгiлдi посылка (контейнер) 5 дана санымен және одан көп бiр, немесе бiрнеше адреске қабылданатын, жiберушi және пошта байланыс мекеме арасында шартта белгiленедi.
Белгiленген посылкалар (контейнерлер) графикке келiсулi мерзiмде және көлеммен қабылданады, ол шартын маңызды бөлiмi болып табылады.
Пошта жұмысшысы посылканы жiберушiнiң үйi, мекенжайында рәсiмдеген жағдайда, жiберушi посылканы (контейнердi) шығарып, пошта вагонына өзiнiң күнi және қаражатымен тапсыруды қамтамасыз етедi.
081. Заңды ұйымдар, бiр айда 10 мың және одан көп посылка жiберетiн болса, пошта байланыс мекемесiне өндiрiстiк мекенжай, бөлiм жер астымен жүретiн жол көлiктер үшiн және посылканы тетiктер өңдеуiн қамтамасыз ететiн технологиялық жабдықпен қамтамасыз етуi керек.
082. Тiркелетін халықаралық пошта жiберiлiмдер, санына қарамастан, заңды ұйымдармен, пошта байланыс кәсiпорнына тiзiм бойынша тапсырылады, онда пошта жiберiлiмдер, және бандерольдер, пошта жәшiгiне заңды ұйымдар салған болса, жiберушiге қайтарылады.
Заңды тұлғалар, қатарынан 5 және одан көп тапсырыс хаттар, бандерольдер, "М" қаптар, посылкалар, тапсыратын болса, белгiленген формалы тiзiмдi 2 дана құру керек, ретiмен номерiн белгiленген, тағайындалған елдiң атауы, және қаласы, адресаттың атауы және оның бәрiн өзiнiң қолын қойып дәлелдеуге мiндеттi.
III. Тарау
Пошта жiберiлiмдердi және ақша аудармаларды
жеткiзу және тапсыру
1 бөлiм. Пошта жiберiлiмдердi және ақша аудармаларды
жеткiзу және тапсыру тәртiбi
083. Пошта жiберiлiмдер және ақша аудармалар үйге жеткiзiледi немесе пошта байланыс мекемесiнде берiледi.
Азаматтардың үйiне адрестелiнген тапсырылатын:
- пошта карточкалар, жәй тапсырыс хаттар және бандерольдер;
- тапсыруы төленген ақша аудармалар;
- тiркелген пошта жiберiлiмдердiң хабарламасы.
Жәй хаттар, пошталық карточкалар, бандерольдер, хабарламалар, азаматтардың үйiне адрестелген болса, тiркелген пошта жiберiлiмдердiң, және пошталық аудармалардың бiрiншi хабарламалар пошталық, абоненттi жәшiгiне салынады.
Жоғары аталған пошта жiберiлiмдер және пошталық ақша аудармаларға хабарламалар, заңды ұйым адрестерiне, қалалық пошта қызмет жүйесi арқылы поштальонмен жеткiзiлетiн, олардың пошта қабылдайтын өкiлдерiне берiледi, немесе тiркелiнген пункттегi шкаф арқылы, осы заңда ұйымдар орнатқан, немесе пошта байланыс кәсiпорындардың өзiнде берiледi. Осындай тәртiп бойынша белгiленген пошта, азаматтарға жұмыс (оқу) орнына адрестелiнген, жатақханада, интернаттарда, балалар үйлерiнде, мейманханада, кәсiпорын аумағында тұратындарға денсаулық жөндеу және емдеу мекемелерiнде жатқан адамдарға жеткiзiледi. Пошта жiберiлiм және хабарламаны адресаттарға тапсыру, бұл жағдайларда кәсiпорын, ұйым, мекеме, мейманхана, жатақхана, интернат, балалар үйi, емдеу және денсаулық жөндеу мекемелерi және қаражатымен қамтамасыз етiледi.
Тапсырыс хаттар, пошталық карточкалар, бандерольдер, хабарламалар (хат және пошта карточкалар "Тек қолына", "Сотқа шақыру" деген белгiмен және де халықаралық тапсырыс хаттар және бандерольдер "Тек өзiнiң қолына" деген белгiмен жазылғаннан басқасы) семьяның кәмелетке толған мүшесiне, ал адресаттың жазбаша арызы бойынша пәтер (үй) бойынша көршiсiне тапсыруға болады, немесе абоненттi пошта жәшiгiне салынады. Поштаны балықшыларға, геологиялық партия жұмысшыларына, ауыл шаруашылық ұйымының жұмысшыларына, ферма, өндiрiстiк учаскелерде және бригадаларда, шабандарға, жәйiлiс отгондарға, орманшы және орман өндiрiс шаруашылығы, разъездегi темiржол, жаза тарту I-I еңбек мекемелерiндегi адамдарға, және басқа адресаттарға жеткiзу, адресаттар бар мекемелердiң өз күшiмен және қаражатымен iске асырылады. "Тек қолына", "Сотқа шақыру" деген белгiмен пошта жiберiлiмдердi, адресаттың қолына тапсырылады. Егер адресат үйiнде болмаса, онда абонент жәшiгiнде, адресатты пошта байланыс кәсiпорнына, пошта жiберiлiм алуға шақыру хабарлама қалдырылады.
084. Пошта байланыс мекемелер, бiрiншiден Үкiметтiк пошта жiберiлiмдердi тапсыруға мiндеттi.
085. Заңды ұйымдарға адрестелiнген ақша аудармалар, олардың кредиттi мекемесiнiң шотына аудару жолымен төленедi.
086. Пошта байланыс кәсiпорындардың өзiнде берiлетiн:
- тапсыруы төленбей қабылданған ақша аудармалар, бағасы хабарланған хаттар және бандерольдер;
- үстiнен төлемi төленетiн пошта жiберiлiмдер;
- посылкалар;
- тiледей контейнерлер;
- әскери бөлiмдерге және жаза тартуын-еңбек мекемелерiне адрестелiнген пошта жiберiлiмдер iске ақша аудармалар;
- халықаралық пошта посылкалар, арнайы "М" қаптар баспа өнiмдерiмен;
- бағасы хабарланған халықаралық хаттар және ұсақ пакеттер (тек "шабарманмен" деп белгiленген басқа);
- кемшiлiгi бар пошта жiберiлiмдер (iшiне салынған затқа қол жететiндей: сыртқы бұзылған, өте үгiтiлген немесе анық емес мөрiмен, байланған жiбi үзiлген немесе өте созылып кеткен, сол себеппен ол шешiлiп кетуi мүмкiн болса, пломбысы бұзылған, дұрыс жасалмай немесе салмағы аз болғанына көз жеткiлiктi болса;
- барлық басқа пошта жiберiлiмдер, жеткiзгенде, тапсырылуы мүмкiн болмаған.
Адресаттың сұрауы бойынша және пошта байланыс кәсiпорынның мүмкiндiгi болса немесе пошта байланыс кәсiпорынның ұсынуы бойынша және алушының келiсiмiмен, жоғары аталған пошта жiберiлiмдер қосымша төлемге, үйге жеткiзiледi.
087. Адресат пошта жiберiлiмдi және ақша аудармаларды, бiрiншi хабарлама тапсырылғанына бес күн өткен мерзiмде алуға келмесе, оған екiншi хабарлама жеткiзiлiп, қол хат алып тапсырылады. Ерекше ретiнде, телеграфты аудармаларды, жемiс - жидек салынған посылкаларды, хаттар, "жолдамамен", "Билетiмен", "Құжатпен", "Сотқа шақыру", "Тапсырыс хабарламамен", деген жiберiлiмдер бiрiншi хабарлама берiлгеннен кейiн үш күн арасында жеткiзiп, тапсырылуы қажет. Екiншi хабарлама тапсырылған уақыттан бастап пошта жiберiлiм сақтаған үшiн, сақтау үшiн белгiленген уақытқа дейiн адресаттан төлем алынады.
Сақтауға белгiленген уақыт өткенде, адресат алмаған пошта жiберiлiмдер, жiберушiнiң есебiмен қайта адреске қайтарылады немесе, таратылмағандардың санына тапсырылады.
088. Тағайындалған орынға посылкалар (контейнерлер), 5 дана және одан көп санымен бiр, немесе бiрнеше адреске түскен, адресаттарға, осы мақсатымен бөлiнген пошта байланыс кәсiпорнымен беруге болады.
089. Пошта жiберiлiмдер және ақша аудармалар адресаттарға, пошта байланыс мекемесiмен, осы Ережелердiң 096.п. анықталған бiр құжатты ұсынғанда берiледi. Бағасы хабарланған хат, және бандероль және пошта карточкалар "Тек қолына", "Сотқа шақыру" деген белгiмен үйге тапсырылғанда да құжат ұсынуын талап етедi.
090. Бағасы хабарланған пошта жiберiлiмдер және ақша аудармалар, және де бағаланбаған посылка және тiледей контейнерлер, осы Ережелердiң 096 келiсулi, адресаттың өз қолына немесе сенiмхаты бар, олардың өкiлдерiне берiледi.
Егер, iшкi пошта жiберiлiмдi және ақша аудармаларды қай бiр себеппен тапсыруы мүмкiн болмаса, онда рұқсат етiледi:
а) посылкалар, бағасы хабарланған пошта жiберiлiмдер және ақша аудармалар (зейнетақы, жәрдемақы және алименттерден басқасы) адресаттың сенiмхатынсыз, оның кәмелет жасына толған семья мүшесiне оның туыстығын дәлелдейтiн құжат ұсынғанда (туу туралы куәлiгi, неке қию куәлiгi, паспорт және т.б.) беруге болады.
Сенiмхатсыз, кәмелет жасына толған семья мүшесiне берiлетiн пошта жiберiлiм және ақша аударманың сома шектiгi, пошта байланыс кәсiпорынның басшысымен анықталады. Қолхат алдында пошта жiберiлiм алушы, өзiнiң алушы адресатқа туыстығын белгiлейдi (шешесi, әкесi, күйеуi, әйелi және т.б.);
б) кәмелет жасына толмаған (16 жас), балаға адрестелiнген пошта жiберiлiм, ақша аудармалар, олардың заңды өкiлдерiне сенiмхатсыз, бiрақ та, олардың кәмелет жасына толмаған балаға қатыстығын дәлелдейтiн құжат бойынша берiледi (паспорт, туу туралы куәлiк, баланың, сәйкес органның әкiмшiлiгiмен берiлген куәлiк, немесе осы органның әкiмшiлiгi, осы адамды қорғаныш ғып тағайындау туралы шешiмнiң көшiрмесi.
Интернат-мектебiнде, балалар үйiнде және басқа осыған ұқсас мекемеде тұратын, 16 жасқа дейiнгi, кәмелетке толмаған балаларға адрестелген, пошта жiберiлiм, осы мекемедегi сенiм көрсетiлген адамдарға, қолхат бойынша берiледi.
091. Ақша аудармаларды немесе бағасы хабарланған пошта жiберiлiмдi алғанда, адресат хабарламада ұсынған құжаттың атауын, оның номерiн (егер паспорт ұсынса, онда сериясын), берiлген күнi және кiм бергенiн белгiлейдi.
Ақша аудармаларды және жоғары белгiленген пошта жiберiлiмдi "сұрағанша", "абонементтi жәшiгiне", "жұмыс (оқу орны бойынша)" деп адрестелген болса, пошта жiберiлiмдi белгiленген адресi, тiркелiм адресiмен сәйкес келмесе, ұсынған құжаттың мәлiмдемесiн қосымша хабарламада ол қай адреске тiркелгенi туралы белгi енгiзедi.
092. Егер адресат бiр жағдайға байланысты тiркелген пошта жiберiлiмдi және ақша аудармаларды алғанын дәлелдеген қол қойылмаса, онда басқа адам қол қойып, пошта жiберiлiмдi беруге рұқсат етiледi, бiрақ та, ол адам өзiнiң құжатын ұсынуы керек. Пошта жұмысшысы адресат және адам ұсынған құжаттың белгiлерiн жазып алуы керек.
093. Iшiне салынған заттың тiзiмi бар пошта жiберiлiм және кемiстiгi бар посылкалар пошта жұмысшысымен адресатқа тапсырғанда ашылуы керек. Ол мөрi бұзылмай ашуын қамтамасыз етуi керек. Посылкалар, пошта жұмысшысы, тiзiмiн, iшiне салынған атпен салыстырғаннан кейiн, адресатқа берiледi. Егер iшiне салынған зат, тiзiм бойынша жеткiлiксiз болса, бұзылса, iшiне салынған зат ауыстырылған болса, онда адресатпен пошта жұмысшысымен акт жасалып, пошта байланыс басқармасының қолы қойылады. Егер адресат актiге қол қоюдан бас тартса, онда пошта жұмысшысы "Адресат қол қоюдан бас тартты" деп жазады. Акт өтем төлеу үшiн және ведомство тексеру үшiн негiздеме болады. Посылканың сыртқы қабы дәлелдеме заты орнында пошта байланыс кәсiпорнында қалады.
Пошта байланыс тұтынушысы пошта жiберiлiмдi ашудан бас тарта алады, тек, бұл жағдайда хабарламада сәйкес белгi жазылады. Бұл жағдайда, iшiне салынған заттың бұзылуы не ауыстырылғаны, жетпеуi туралы арыз қабылданбайды.
094. Үстiне төлемi төленетiн пошта жiберiлiмдер үстiнен төленетiн толық сомасы төленгеннен кейiн ғана, адресаттарға берiледi. Адресат, пошта жiберiлiмдi алғаннан кейiн, жөнелтiлген заттың түрi, өлшемi, ассортиментi жөнiнде, пошта байланыс кәсiпорнына талап қабылданбайды, және үстiнен төленген төлем сомасы қайтарылмайды. Үстiнен төлемi төленетiн дұрыс түрiндегi пошта жiберiлiм адресаттың талабымен, үстiнен төлем сомасы төленгеннен кейiн ашылады.
095. Халықаралық пошта жiберiлiмнiң iшiнде, баж органдарымен, баж төлемi салынған тауарлар болса, пошта байланыс кәсiпорнында, толық баж төлемi, баж рәсiмдеу үшiн баж жиынтығы алынғаннан кейiн, адресатқа берiледi.
Баж төлемi халықаралық пошта жiберiлiм адресатқа берiлгенше төленедi. Ақша қаражатын төлеу, пошталық аударма бланкiсi енгiзумен өткiзiледi, ол пошта жiберiлiмдi шет елден алған, халықаралық поштасымен алмасу орнындағы қызмет iстейтiн аумақтағы баж органның қызметкерiмен құрастырылып, Қазақстан Республикасының баж комитетiнiң шотына ауыстырылады.
Пошталық аударманы жөнелтуiн халықаралық пошта жiберiлiмдi берген пошта байланыс кәсiпорны белгiленген тарифi бойынша адресат төлейдi.
2 бөлiм.
Пошта жiберiлiмдер және ақша аудармалар берiлетiн құжаттар
096. Пошта жiберiлiмдер және ақша аудармалар келесi бiр құжат ұсынғанда адресаттарға берiледi (құжат ұсынуын талап еткенде):
а) паспорт, оның iшiнде шетелдiк;
ә) паспорт орнына берiлген жеке куәлiгi;
б) әскери билет, әскери комиссариат немесе әскери бөлiмiнен берiлген;
в) Ұлттық паспорты және оған бiрге "Виза" деген сәйкес органдарымен жапсырма қағазымен;
г) Тұрғын үшiн рұқсат қағаз, шетелдiк азаматтарға, Iшкi iстер министрлiгiмен берiлетiн;
ғ) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, жергiлiктi маслихатының депутат куәлiгi.
097. Адресат басқа сенiмдi адамды пошта жiберiлiм алуға белгiленген ретiмен рәсiмделген сенiмхат берiп, құқы бере алады. Егер адресат емделуге жатып, сенiмхатқа қол қоюы мүмкiндiгi болмаса, емдеу мекеменiң әкiмшiлiгiне оның сөзбен айтылған сенiмхатты куәландыруға болады. Бұл жағдайда, куәландыру қол қойғанда, "Куәландыратын осындай адамның қойған қолы" деген сөздiң орнына, "Сөзбен айтылған осындай адамның қойған сенiмхаты куәландырады" деп жазылады.
098. Сенiм берiлген адам пошта жұмысына, пошта жiберiлiм немесе ақша аударма беретiн, осы Ережедегi 096 п. аталған құжаттың бiрiн және сенiмхатты ұсынады.
099. Заңды ұйымдарда, тiркелген пошта жiберiлiмдер тапсырылғанда, бұл пошта жiберiлiмдердi алу үшiн пошта алуға сенiм берiлген адамға сенiмхат рәсiмделедi. Осындай сенiмхат поштаны алуға сенiм берiлген адамның қолында болуы керек және тiркелген пошта жiберiлiмдердi алған сайын ұсынылуы керек, ал сенiмхаттың көшiрмесi пошта байланыс кәсiпорнында болуы керек.
100. Жәй және тапсырыс пошта жiберiлiмдер, және хабарламалар және тапсырыс пошталық жiберiлiмдер, және хаттар (бандерольдер) бағасы хабарланған, посылкалар және ақша аудармалар, әскери бөлiм мекемелерiне және оның жеке құрылымына адрестелiнген, пошта байланыс кәсiпорнынан адресаттардың өз қолдарына, әскери поштальон немесе мекеменiң бөлiмшесiнiң сенiм берiлген адамға берiледi.
3 бөлiм.
Пошта жiберiлiмдердi және ақша аудармаларды
сақтау мерзiмi, оларды жеткiзу және қайтару,
таратылмаған пошта жiберiлiм
101. Iшкi және халықаралық пошта жiберiлiмдер және ақша аудармалар тағайындалған жерде, және қабылдаған жерге қайтарылған немесе жiберушi белгiлеген адресте, оларды тапсыру мүмкiндiгi болмаса бiр ай сақталады.
102. Тапсырылмаған пошта жiберiлiм және ақша аудармалар, осы жiберiлiмдерде белгiленген, қайта керi адресiне қайтарылады, егер:
а) жiберушiнiң арызымен;
б) адресат пошта жiберiлiм және ақша аударманы алудан бас тартса;
в) белгiленген адрес бойынша адресат болмаса;
г) оларды сақтау мерзiмi өтiп кетсе;
д) адресат өлген жағдайда;
е) адресаттың абоненттi жәшiгiн белгiлемеген немесе дұрыс белгiлемеген жағдайда.
103. Тiркелген пошта жiберiлiмдi қайтарған және жаңа адрес бойынша жiберген үшiн, жiберушiден немесе адресаттан қайтарған кезде iс әрекеттегi тариф бойынша төлем алынады.
Адресаттар алудан бас тартқан немесе белгiленген сақтау мерзiмi өткенше алмаған пошта жiберiлiмдер жiберушiнiң есебiмен қайтарылады, ал егер олар алудан бас тартса, бiр айдан кейiн Пошта ережелерi анықтаған ретiмен таратылмағандардың санына қосылады.
104. Жiберушiге берiлмеген пошта жiберiлiмдер және ақша аудармалардың бланкiлерi оларды сақтау мерзiмi өткеннен кейiн таратылмағанның соңына тапсырылады. Одан басқа, таратылмағанның соңына, пошта жәшiгiнен алынған адресi жоқ немесе толық емес, қысқартылған адресi, пошта жiберiлiмдi тағайындалған жерге жiберуiн немесе жiберушiге қайтаруға мүмкiндiгi жоқ, және де адресаттарға тапсырылмаған жәй немесе үстiнен қосымша төленетiн жiберушiнiң адресi жоқ пошта жiберiлiмдер тапсырылады. Корреспонденциямен бiрге пошта жәшiгiнен алынған құжаттар (паспорттар, әскери билеттер және басқалар) үш күн мерзiмiнен кешікпей сәйкес мекемелерге тапсырылады (жөнелтiледi).
Тартылмаған пошта жiберiлiмдер тексеруге жатады және белгiленген тәртiбi бойынша, керек болса, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн сақтау органдарының немесе iшкi iстер органдарының өкiлдерi ашқанда қатысады.
IV. ТАРАУ.
Пошта байланыс қызметiнiң тұтынушыларын,
пошта байланыс мекеме және кәсiпорындардың мiндеттерi мен құқы
105. Тапсырыс хатты немесе бандероль пошта жiберiлiм немесе ақша аудармаларды адресатқа бергенге дейiн, жiберушi өзiнiң ықыласын жазбаша түрде жазып, қосымша төлемге келесi құқы бар:
а) оның пошта жiберiлiм және ақша аудармасын қайтару жөнiнде сұрауын;
б) пошта жiберiлiмдi және ақша аударманы басқа адамға және басқа адрес бойынша немесе сол адресатқа, бiрақ та басқа адрес бойынша жеткiзуiн;
в) пошта жiберiлiмдi және ақша аударманы тағайындалған пошта байланыс кәсiпорнында түскен уақыттан 2 айға дейiн сақтау мерзiмiн создыруға;
Жәй хаттар және бандерольдер, пошта байланыс кәсiпорнына қабылдаған, тағайындалған жерге жөнелту уақытына дейiн, жiберушiнiң өтiнiшiнiң өтiнiшiмен, қайтарылуы мүмкiн. Қайтарылған үшiн төлем алынбайды.
106. Халықаралық пошта жiберiлiмдi жiберушi кез келген пошта байланыс мекемесi арқылы ол жiберiлiмдi қайтару немесе адресiн өзгерту жөнiнде өтiнiш беруге құқы бар.
Халықаралық посылка тапсырғанда, жiберушi, посылка адресатқа тапсырылған жағдайда, онымен не iстелуi туралы өтiнiш жасауға құқы бар, ол туралы адресатқа жолдама қағазының бет жағында белгi жасалады.
107. Егер жiберушi, тапсырыс хат немесе бандерольдi, пошта жiберiлiмдi немесе ақша аударманы жерге жөнелтiлгенше қайтарғысы келсе, онда ол пошта байланыс кәсiпорнына түпнұсқа квитанциясын қайтарып беру керек, ал егер ол пошта жiберiлiмдер немесе ақша аудармалар, жөнелтуге 5 дана және одан көп, бiр адреске қабылданған болса, онда бұл пошта жiберiлiмдердiң немесе ақша аудармалардың тiзiмiнде, оған жiберiлiмдер қайтарылған жөнiнде белгi қойылады. Бұл жағдайларда жiберушiге одан алынған төлем қайтарылады, тек қана мемлекеттiк пошта төлем белгiлерi және қосымша үшiн төлемнен басқа.
Заңды ұйымдарға ақша аудармалар есепшотына аудару жолымен қайтарылады, ал бұл аудармалар үшiн төлем қайтарылмайды. Және де хат, (бандероль) бағасы хабарланған үшiн төлем, ақшасыз қолма қол есептесiп төленген төлемдер қайтарылмайды.
108. Адресатқа жазбаша өтiнiш құқы ұсынылады:
а) оның атына түсетiн пошта жiберiлiм және ақша аудармаларды пошта байланыс кәсiпорындарда, түскен уақыттан екi ай бойы сақтауы туралы;
б) оның атына түсетiн пошта жiберiлiм және ақша аудармалардың басқа адрес бойынша жөнелту туралы;
в) оның атына түсетiн "Сұрағанша" деген пошта жiберiлiм және ақша аудармаларын, үйiне жеткiзу туралы, егер үйге тапсыру өткiзiлетiн болса.
Егер жеке тұлға немесе заңды ұйымдар олардың адресiне түсетiн пошта жiберiлiмнен немесе ақша аудармалардан бас тартқан жағдайда, олар хабарламада немесе пошта жiберiлiмдерде, бұл туралы белгi жасау керек.
109. 105, 106, 107 және 108 п.п. бойынша өзiнiң нұсқауын жiберушi немесе адресат, оған ұсынған құқы шегiнде жазбаша өтiнiш жазып оған, пошта жiберiлiм немесе ақша қаражаттың түрi, номерi, қабылданған орны және уақыты жiберушiнiң және алушының толық адресi, атауы, сәйкес жағдайда ақша аударманың сомасы, хабарланған бағалау сомасы, үстiнен төленетiн сомасы белгiлену керек.
110. Пошта жiберiлiмдi немесе ақша аудармаларды қайтару немесе адресiн өзгерту, жеткiзу туралы өтiнiш берiлгенде осы Ереженiң 096 п. белгiленген, өтiнiш берген адамның бiр құжаты, және пошта жiберiлiм немесе ақша аудармаларды жөнелту жөнiнде квитанция тексерiледi. Онда, өтiнiште ұсынылған құжаттың мәлiмдемесi жазылады.
Осындай тәртiппен тiркелген халықаралық пошта жiберiлiмдер немесе ақша аудармаларды алмағаны немесе уақытымен алмағаны туралы өтiнiштер рәсiмделедi және қабылданады.
111. Iшкi поштамен алмасуда, төлемсiз қабылданады, өңделедi, жөнелтiледi және тапсырылады:
- пошта байланыс мекемесiнiң меншiк пошта жiберiлiмдер және ақша аудармалар, өзiнiң күнi және қаражаты iске асырылатын;
- соқырларға арналған дөңес шрифтi баспалар салынған бандерольдер;
- "Соқырларға арналған сөйлейтiн кiтап" деген магнитофонды жазылыс салынған бандерольдер;
- басқа пошта жiберiлiмдер, егер ол iс әрекеттегi заңымен анықталған болса.
Халықаралық пошта алмасуда, төлемсiз қабылданып, өңделiп, жөнелтiп және тапсырылатын;
- соқырларға арналған дөңес шрифтi баспалар салынған бандерольдер;
- секографиялық тәсiлiм жазылған хаттар, ашық түрде қабылданып және жер үстiндегi көлiкпен жөнелтiлетiн.
112. Жоғарғы мемлекеттiк органдарының қызметтiк адамдары үкiметтiк разрядымен пошта жiберiлiмдi жөнелтуге құқы бар. Бұл құқымен қолданатын:
- Қазақстан Республикасының Президентi;
- Қазақстан Республикасының Премьер-министрi;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы;
- Қазақстан Республикасының Вице Премьер-министрi;
- Қазақстан Республикасының Министрi;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Комитетiнiң төрағасы;
- Қазақстан Республикасының Сенат Парламентiнiң Төрағасы (төраға орынбасары);
- Қазақстан Республикасының Сенат Парламент Комитетiнiң Төрағасы (төраға орынбасары);
- Қазақстан Республикасының Мәжiлiс Парламентiнiң Төрағасы (төраға орынбасары);
- Қазақстан Республикасының Мәжiлiс Парламент Комитетiнiң Төрағасы (төраға орынбасары);
- Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы (төраға орынбасары);
- Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Төрағасы (төраға орынбасары);
- Қазақстан Республикасының Бас прокуроры (бас прокурордың орынбасары);
- Облыс Әкiмi;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiнiң Төрағасы;
- Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы.
113. Пошта байланыс қызметiн ұсыну мiндеттемелерi орындалмаса немесе дұрыс орындалмаса, пошта байланыс қызметiн тұтынушысы пошта байланыс мекемесiне арыз берiп, өтем талап етуге құқы бар.
Пошта байланыс мекемелерiне арыз және талап пошта жiберiлiмдi немесе ақша аудармаларды қабылданған орнында және тағайындалған жерде ұсынуға болады.
Арыз жазбаша түрде ұсынылып, пошта байланыс мекемесiнде мiндеттi түрде тiркелу керек және Қазақстан Республикасының заңымен анықталған мерзiмде белгiленген тәртiппен қарастырылу керек.
114. Егер пошта жiберiлiмдер және ақша аудармалар пошта байланыс мекемесiне бөлек квитанциямен және тiзiммен тапсырылған болса, онда жоғалған пошта жiберiлiм және ақша аудармаларға өтем төлеу туралы арыз әр квитанция және тiзiм бойынша пошта байланыс мекемесiне тапсырылған жөнiмен, iшiне салынған затқа жетпеуi немесе зиян келтiрiлгенiне, бөлек қабылданады.
115. Арызда (өтiнiш), квитанция және тiзiмнiң көшiрмесi қосымша берiлiп, белгiленедi:
- пошта жiберiлiмнiң немесе ақша аударманың түрi;
- квитанция бойынша номерi;
- қабылданған орны және күнi;
- тағайындалған орны;
- хабарланған бағасы;
- адресаттың толық атауы және адресi.
Жеткiзiлмеген посылкаға, тiледей контейнерге немесе бағасы хабарланған бандерольдерге жазылған арызда, iшiне салынған заттың толық тiзiмi, бағасы, қапталған түрi белгiленедi. Арыз қабылдағанда пошта жұмысшылары арыз берушiге пошталық квитанцияларын және тiзiмнiң көшiрмесiн қайтарып беруге мiндеттi.
116. Пошта жiберiлiм және ақша аудармаларын iздету туралы және iшiне салынған заттың құртылуы немесе ауыстырылуы, жетпеуге, жоғалуға байланысты өтемге, және де таратылмаған пошта жiберiлiмдерде табылған ақша, құнды қағаз және басқа заттарды қайтару жөнiнде арыз, пошта жiберiлiмдi және ақша аудармаларды қабылдағанда берiлген, квитанция және тiзiм көшiрмесi ұсынылғанда, қабылданады.
Халықаралық пошта жiберiлiмдер бойынша арыз, өтiнiш Қазақстан Республикасының заңымен белгiленiп анықталған мерзiмдерде қабылданады.
Ал егер, арызбен, жеке тұлға өзi емес, оның сенiмдi адамы өтiнiш жасаса, онда сенiмхат бiрге қосылады.
117. Пошта байланыс мекемесiнiң басшысы пошта жiберiлiмдi ашуға рұқсат етуге құқы бар, егер:
- адресi өшiрiлiп, биркасы үзiлген болса;
- iшiне салынған заты құртылғанына көзi жетсе;
Бiрiншi жағдайда, пошта жiберiлiм таратылмағанның санына қосылып осы Ережелердiң 104 п. сәйкес ашылады.
Екiншi жағдайда iшiне салынған заттың құртылғаны, бұзылғаны алынып қалғаны белгiленген формалы актiсiмен, пошта жұмысшылары жасаған, сақтандыру қапқа салынып белгiленген адрес бойынша жөнелтiледi.
Егер iшiне салынған заттың амандығы жөнiнде күмән болса (сыртына зиян келтiрiлген, ораған жiбiне, мөрi және қағаз лентасына) немесе сыртынан iшiне салынған затқа зиян келгенiне көз жетсе, онда пошта жұмысшылары, белгiленген формамен акт жасап, пошта жiберiлiмдi сақтандыру қапқа салып және актiмен бiрге белгiленген адреспен жөнелтiледi.
118. Пошта байланыс мекемесi шарт қызметiн ұсынудан бас тартуға құқы бар, егер ол қызмет түрi олар ұсынатын тiзiмге кiрмесе.
V. Тарау.
Пошта байланыс қызметiн тұтынушылардың,
пошта байланыс кәсiпорын, мекемелердiң жауаптылығы
1 бөлiм.
Пошта байланыс кәсiпорындардың, ұйымдардың және
пошта байланыс қызметiн тұтынушылардың жауаптылығы
119. Iшкi тiркелетiн пошта жiберiлiмдердiң iшiне салынған затқа зиян келтiрiлсе және жетiмсiздiк, ауыстырған, жоғалғаны үшiн, және де жөнелтуiн, тапсыруын, оларды және ақша аудармаларды, кешiктiргенi үшiн, пошта байланыс қызметiн тұтынушылар алдында, орындаушылар жауапты:
а) егер тапсырыс пошта жiберiлiм немесе жәй посылка жоғалған болса - пошта байланыс қызметi үшiн жiберушi төлеген тарифтi, екi есе өлшемiне төлейдi;
б) бағасы хабарланған пошта жiберiлiм жоғалған жағдайда, пошта жiберiлiмнiң құндылық сомасы өлшемiнде, және де пошта байланыс қызметi үшiн алынған соманы, хабарланған баға үшiн тариф төленбейдi;
в) Бағасы хабарланған пошта жiберiлiмнiң iшiне салынған заттың бiр бөлiгi жетпеген жағдайда, пошта жiберiлiмнiң хабарланған бағасының жетпейтiн бөлiгiнiң салмағына пропорциалды өлшемiнде (нетто), фактiлi бағасына қарамастан, ал iшiне салынған заттың тiзiмi болса - iшiне салынған заттың тiзiмде белгiленген жетiмсiз бөлiгiнiң хабарланған бағасы, өлшемiнде;
г) бағасы хабарланған пошта жiберiлiмнiң iшiне салынған затқа зиян келтiрiлсе, iшiне салынған заттың зиян келтiрiлген салмағына сәйкес хабарланған бағасы өлшемiнде, ал iшiне салынған заттың тiзiмiмен жөнелтiлген болса - тiзiмде белгiленген - iшiне салынған заттың хабарланған бағасы өлшемiнде;
д) адресатқа ақша аударма бойынша ақша төленбеген жағдайда - ақша аудармасының сомасы өлшемiнде, және, пошта байланыс қызметi үшiн төлеген соманы. Егер телеграфты аудармалар адресатқа мерзiмiнен кешiктiрiп төленген болса, онда жiберушiге немесе адресатқа телеграфты аудармамен жөнелткен үшiн төлем қайтарылады;
е) пошта жiберiлiм және ақша аудармалары пошта байланысының Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны анықтаған бақылау мерзiмiнен кешiктiрiп жөнелтiлiп, тапсырылған болса - онда жөнелту үшiн пошталық тарифының - үш процент өлшемiнде әр кешiктiрген күнiне төленсiн, тек төленген пошта тарифынан жоғары болмау керек ж/авиажiберiлiмдердi (бандероль және посылкаларды) белгiленген мерзiмнен жөнелту және тапсыруын кешiктiрген үшiн - авиа және жер үстiмен жөнелтiлетiн төлем айырмашылық өлшемiнде және тағы да әр кешiктiрген күн үшiн, жер үстiмен жөнелтуге анықталған мерзiмнен, "е" пунктiне сәйкес.
Пошта байланыс мекемесi Қазақстан Республикасының күшiндегi заңымен анықталған басқа түрлi жауаптылықтан босатылмайды.
120. Пошта жiберiлiмдердi жөнелту және жеткiзу мерзiмi, Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар Министрлiгiнде бекiтiлген пошта сәйкес анықталады.
121. Пошта байланыс қызметкерi, арыз немесе өтiнiштi қарастырып, бiр ай мерзiмiнде иесiне жазбаша жауап беруге мiндеттi.
122. Пошта байланысының орындаушылары, жауаптылықтан босатылады, егер:
а) пошта жiберiлiм немесе ақша аудармалар жоғалуы, iшiне салынған затқа зиян келтiрiлгенi немесе жөнелту (тапсыру) кешiккенi, төтенше жағдайда болса;
б) пошта байланыс кәсiпорындары мiндеттерiн орындамауы немесе дұрыс орындамауы жiберушiнiң кiнәсiмен болса, егер ол Ереженiң талап тәртiбiн бұзса, немесе iшiне салынған заттың қасиетiне байланысты болса;
в) жабық түрде қабылданған, пошта жiберiлiм, адресатқа, қолхаты бойынша осы Ереже анықтаған барлық талабын сақтап берiлген: сыртына қапқа зиян келтiрiлгенi жоқ, бауы, мөрi (пломбасы) аман, пошта жiберiлiмнiң салмағы қабылданған кезде анықталған салмаққа сәйкес болса;
г) пошта жiберiлiм немесе оның бөлiгi алынып, анықталған тәртiппен құртылған болса.
123. Пошта жiберiлiм, мәлiмдемеленгенге өтем төленгеннен кейiн, табылған жағдай да, пошта жiберiлiм адресатқа берiлу немесе жiберушiге қайтарылу керек. Мәлiмдеме берген (жiберушi, немесе адресаттан) төленген пошта жiберiлiмдi жөнелтуi және тапсыруы кешiктiрген үшiн сомасы алынып, қолдық өтем сомасы қайтарылу керек.
Егер мәлiмдеме берген адам, өтем сомасын қайтарудан бас тартса, пошта жiберiлiм таратылмағандардың санына тапсырылады.
124. Пошта байланыс мекемелердiң халықаралық пошта жiберiлiм жоғалған үшiн, ұсақ пакеттердiң бағасы хабарланған хаттар және посылкалардың iшiне салынған затына зиян келтiрiлген немесе жетiмсiздiк болған үшiн жауаптылығы пошта байланысының Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның мекемелерiнiң жоғалту, қымқыру, ұрлату, iшiне салынған затта ауыстыру, немесе зиян келтiрген үшiн өтем төлеу Ережелерiмен анықталады. Ол Ережелер Бүкiл әлемдiк пошта одағының актiлерi негiзiнде әзiрленiп және Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар министрлiгiнде бекiтiлген.
125. Халықаралық пошта жiберiлiмдер Бүкiл әлемдiк пошта одағының Актiсiнiң ережелерiне сәйкес қабылдау елдердiң пошта әкiмшiлiктерiнде немесе тағайындалған елдерде баж тексерiсiне түсуi мүмкiн. Осыда пошта әкiмшiлiктер баж декларациялары үшiн ешбiр жауапты болмайды, қай бiр түрмен жiберушi құрған болса да, және ұсақ пакеттердi және посылкаларды баж тексерiсiне ұсынылған, тексеру өткiзiп баж қызметi қабылдаған шешiм үшiн, жауапты болмайды.
126. Пошта байланыс мекемелер алдында жауапты болатын:
а) жеке тұлға және заңды ұйымдар, егер олардың iс әрекетi нәтижесiнде пошта жiберiлiмнiң iшiне салынған затына зиян келтiрiлген болса, келтiрiлген зиян өлшемiнде, пошта байланыс кәсiпорны жiберушi және адресат алдындағы жауаптылығын есепке ала отырып;
б) пошта жiберiлiм жiберушiлерi, егер Ережеде анықталған iшiне салатын заттарды қаптау тәртiбiн бұзған болса, және де пошта жiберiлiмдердiң iшiне пошта арқылы жөнелтуге тыйым салынған заттар салынса, соның себебiмен пошта байланыс кәсiпорнының мүлiгi құртылып немесе басқа пошта жiберiлiмдердiң iшiне салынған заттар бұзылса, пошта байланыс кәсiпорны басқа жiберушi немесе алушылар алдындағы жауаптылығын ескертiп, келтiрiлген зиян өлшемiнде.
2 бөлiм.
Пошта байланысының құпиясын сақтау
Пошта байланысының құпиясына азаматтардың
құқын шектейтiн, шаралар өткiзу тәртiбi
127. Пошта байланыс қызметiмен пайдаланушылардың адресi және басқа нәрселер туралы, пошта жiберiлiмдер (хабарлау), ақша аудармалар туралы, пошта жiберiлiмнiң iшiне салынған ақша аударманы (жариялау) хабарламалар пошта байланыс құпиясы болып табылады.
Пошта байланыс құпиясын бұзған үшiн пошта байланыс мекемелердiң қызметкерлерi, және басқа адамдар, жұмысшылар, тәртiп бұзса, Қазақстан Республикасы заңымен анықталған ретiмен жауапқа тартылады.
128. Пошта жiберiлiмдер (жариялау), ақша аудармалар туралы хабарламалар, және осы пошта жiберiлiмдер (жариялау) ақша аудармалар тек қана жiберушi және адресат немесе олардың заңды өкiлдерiне берiлуi мүмкiн.
129. Пошта жiберiлiмдердi және құжат корреспонденциясын кешiктiру, тексеру және анықтамасы немесе прокурордың санкциясымен ғана iске асырылады.
130. Пошта жiберiлiмдердi тексеру және алу тәртiп қорғау (сот) органдардың өкiлiмен, пошта байланыс мекеменiң басшысы (басшы орынбасары) немесе цехтың (учаскенiң) басшысының қатысуымен өткiзiледi, оған хаттама жазылады.
Хаттаманың бiр данасы пошта байланыс мекемесiнде қалады.
Телеграфты немесе пошта аудармалары тұтқындалынған болған жағдайда, ақшалар соттың анықтамасы немесе қаулысы бойынша белгiленген шотқа аудармаларды, немесе ақша аудармалар, басқа пошта жiберiлiмдер сияқты, соттың шешiмi немесе қаулысына дейiн пошта байланыс кәсiпорнында сақталады.
131. Өндiрiстiк құжаттарды тексеру және алу, осы Ереженiң 127 п. бойынша хабарламалар бар, соттың шешiмi немесе қаулысы бойынша өткiзiледi. Өндiрiстiк құжаттар алынғанда хаттаманың (актiнiң) бiр данасы пошта байланыс мекемесiнде қалады. 132. Пошта жiберiлiмдерге немесе ақша аудармаларға iздеу салу туралы арыз түскенде, егер олар тұтқындалған немесе өкiлеттi органдармен алынған болса, пошта байланыс мекемесi бұл жөнiнде жiберушi немесе адресатқа тек қана осы органдардың келiсуiмен хабарлайды. Мазмұны: Пошта байланыс қызметiн ұсыну Ережелерi беттер I. Тарау. Жалпы ережелер 1. бөлiм. Негiзгi терминдер және анықтамалар. 2. бөлiм. Негiзгi ережелер. 3. бөлiм. Пошта жiберiлiмдер. 4. бөлiм. Пошта байланыс қызметiн төлеу тәртiбi. 5. бөлiм. Жөнелтуге рұқсат етiлген заттар. 6. бөлiм. Жөнелтуге тыйым салынған заттар. II. Тарау. Пошта жiберiлiм және ақша аудармаларды қабылдау. 1. бөлiм. Пошта жiберiлiмдердi қаптау. 2. бөлiм. Пошта жiберiлiмдердi және ақша аудармаларды адрестеу тәртiбi. 3. бөлiм. Пошта жiберiлiм және ақша аудармаларды қабылдау тәртiбi. III. Тарау. Пошта жiберiлiмдердi және ақша аудармаларды жеткiзу және тапсыру. 1. бөлiм. Пошта жiберiлiм және ақша аудармаларды жеткiзу және тапсыру. 2. бөлiм. Пошта жiберiлiм және ақша аудармалар бергенде ұсынатын құжаттар.
3. бөлiм. Пошта жiберiлiм және ақша аудармаларды сақтау мерзiмi, оларды тапсыру және қайтару, таратылмаған пошта жiберiлiмдер.
IV. Тарау. Пошта байланыс қызметiн тұтынушылардың, пошта байланыс кәсiпорны және мекемелердiң мiндеттерi және құқы.
V. Тарау. Пошта байланыс қызметiн тұтынушылардың, пошта байланысы кәсiпорын және мекемелердiң жауаптылығы.
1. бөлiм. Пошта байланыс кәсiпорын мекемелерiнiң және пошта байланыс қызметiн тұтынушылардың жауаптылығы.
2. бөлiм. Пошта байланыс құпиясын сақтау. Пошта байланысының құпиясына азаматтардың құқын шектейтiн шаралар өткiзу тәртiбi.