Қазақстан Республикасындағы акционерлiк қоғамдардың акцияларын Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркеудiң және оларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 8 қазандағы N 159 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 13 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 460. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 382 (V032574) қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың шығарылымын тiркеу жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасындағы акционерлiк қоғамдардың акцияларын Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркеудiң және оларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Аталған Ереже сараптау және тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жiберiлсiн.

      3. БҚҰК 1995 жылғы 12 мамырдағы N 4 қаулысымен бекiтiлген және БҚҰК 1995 жылғы 21 қыркүйектегi N 16 қаулысымен толықтырылған "Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудiң тәртiбi және Бағалы қағаздардың ұлттық сандық бiрдейлендiру жүйесi туралы" ереженiң күшi жойылған деп саналсын.

      4. Корпоративтiк қаржы басқармасы қабылданған Ереженi республиканың қор биржаларына жеткiзсiн.

      5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Корпоративтiк қаржы басқармасына жүктелсiн.

Ұлттық комиссияның Төрағасы



  Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссияның
1997 жылғы 8 қазандағы
N 159 қаулысымен бекiтiлдi

Қазақстан Республикасындағы акционерлiк қоғамдардың
акцияларын Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне
тiркеудiң және оларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн
берудiң тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1.1. Осы ереже Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзудiң рәсiмiн және оларға акционерлiк қоғамдардың акциялары эмиссиясын тiркеудiң тәртiбiн реттейдi, сондай-ақ Бағалы қағаздардың ұлттық сандық бiрдейлендiру жүйесiндегi (ҰСБЖ) Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн (ҰБН) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi - БҚҰК) беруiнiң тәртiбiн белгiлейдi.

      1.2. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы айналысқа жататын акциялар, облигациялар және басқа да мемлекеттiк емес бағалы қағаздар мемлекеттiк тiркеуге жатады. Мемлекеттiк бағалы қағаздардың эмиссиялары мемлекеттiк тiркеуге жатпайды.

      1.3. Бағалы қағаздардың эмиссияларын тiркеу БҚҰК тиiстi нормативтiк актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      1.4. Бағалы қағаздардың ҰСБЖ Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа қосылған бағалы қағаздарды есепке алу жүйесiн реттеуге және стандарттауға, сондай-ақ бағалы қағаздардың кодтарын бiр iзге салуға арналған.

      1.5. ҰСБЖ ISIN 6166.2 Бағалы қағаздардың халықаралық бiрдейлендiру жүйесiнiң негiзгi принциптерiне сәйкес келедi және бағалы қағаздарды бiрдейлендiрудiң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын бiртұтас жүйесi болып табылады.

      1.6. Бағалы қағаздардың жекеленген түрiне берiлетiн, бiрегей әрiптi-санды кодтар болып табылатын Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерi ҰСБЖ негiзi болып табылады.

      1.7. Бағалы қағаздардың тiркелген эмиссиялары туралы мәлiметтер Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне (бұдан әрi - Мемлекеттiк тiзiлiм) енгiзiледi.

      1.8. Уәкiлеттi орган акциялар эмиссиясын тоқтата тұру, заңды емес деп тану не жою туралы шешiм қабылдаған жағдайда, бұл туралы ақпарат Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiледi және БҚҰК арнаулы басылымында эмиссияларды тiркеу және акционерлiк қоғамдардың акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерiн бекiту туралы ақпаратпен бiрдей жарияланады.

2. Акционерлiк қоғамдардың акциялары эмиссияларын
Мемлекеттiк тiзiлiмде тiркеу және акциялардың эмиссияларына
және эмиссиялардың проспектiлерiне мемлекеттiк тiркеу
нөмiрлерiн берудiң әдiстемесi

      2.1. Мемлекеттiк тiзiлiмдi жүргiзудi БҚҰК атқарушы аппараты мынадай нысандарда жүзеге асырады:

      а) қағаздық негiзде (тiгiлген және БҚҰК атқарушы аппаратының штампымен бекiтiлген, беттердiң санын көрсетiп бағалы қағаздарды тiркеу журналы нысанында);

      б) компьютерлiк жазба нысанында.

      2.2. Акциялар эмиссияларының нөмiрлерiн, эмиссиялар проспектiлерiн және ҰБН алу үшiн ҚР Әдiлет министрлiгiнiң кемiнде 200000 есептi көрсеткiштi жарғылық қорлары бар акционерлiк қоғамдардың эмиссияларын тiркеу жөнiндегi өкiлеттiк берiлген органдары БҚҰК факспен ҰБН беру туралы бiрыңғай сұраулар жiбередi. Эмиссиялар туралы ақпарат Мемлекеттiк тiзiлiмге осы сұраулардың негiзiнде енгiзiледi. Әдiлет органдарының эмиссияларды жою фактiлерi Мемлекеттiк тiзiлiмге эмиссияларды жою туралы бiрыңғай сұраулардың негiзiнде енгiзiледi. Эмиссияның нөмiрi алынған күнi эмиссия тiркелген және Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген болып саналады, осы күннен бастап акцияларды орналастырудың қорытындылары туралы есептi бекiтуге құжаттар ұсынуға арналған уақытты есептеу жүргiзiледi.

      2.3. Акциялардың эмиссияларын тiркеу журналдары қатаң есеп беру құжаттары болып табылады және акциялар эмитенттерiнiң барлық тобы бойынша жүргiзiледi (жекешелендiрiлген, жеке, банктер, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және зейнетақы қорлары және т.б.).

      2.4. Акциялардың эмиссияларын тiркеу журналына эмитент туралы мынадай мәлiметтер енгiзiледi:

      - эмитенттiң толық атауы;

      - эмитенттiң үлгiсi (ашық - жабық);

      - эмитенттiң орналасқан жерi;

      - заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуiн жүзеге асырған органның атауы;

      - заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелген күнi;

      - заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу нөмiрi;

      - мамандандыру (банктер, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және зейнетақы қорлары және т.б.);

      - жарғылық капиталының мөлшерi;

      - эмиссиясының көлемi;

      - эмиссиясының реттiк нөмiрi;

      - акциялардың келесi эмиссияларын тiркеу кезiнде алдыңғы эмиссияның нөмiрi, ол бойынша берiлген есептiң бекiтiлген күнi, ол жойылған жағдайда, жойылған күнi көрсетiледi;

      - бағалы қағаздармен жүргiзiлген операцияларға салынған салықтардың сомасы, төлем тапсырмасының нөмiрi және күнi немесе кейiнге қалдыруды берген органды көрсете отырып, салық төлеудi кейiнге қалдыру;

      - осы эмиссияның тiркеу нөмiрi (бұдан әрi - Эмиссияның нөмiрi);

      - эмиссияларды тiркеу туралы қолданылып жүрген ережеде көзделген жағдайларда БҚҰК эмиссия проспектiсiне (бұдан әрi - Проспектiнiң нөмiрi) тiркеу нөмiрiн бередi, жабық үлгiдегi АҚ ұсынатын шығарылым шарттарына нөмiр берiлмейдi;

      - ҰБН беруге сұранымды алған күн;

      - осы шығарылымның бағалы қағаздарының ҰБН.

      2.4.1. Компьютерлiк жазбаларда мынадай жолдар болады:

      - АҚ атауы;

      - АҚ мемлекеттiк тiркелген орган, сондай-ақ заңды тұлғаның тiркелген күнi және нөмiрi;

      - Қоғамның үлгiсi;

      - ОКПО коды;

      - ОКОНХ коды;

      - АҚ толық мекен-жайы;

      - шетелдiк қатысудың болуы;

      - мамандандыру;

      - қоғамды құру (жекешелендiру, жеке) және жарғылық қордағы мемлекеттiк үлес;

      - Осы эмиссияны тiркеудi жүзеге асыратын орган;

      - Эмиссияны тiркеу күнi;

      - Эмиссияның нөмiрi (негiзгi жол);

      - Проспектiнiң нөмiрi (егер қажет болса);

      - Эмиссияның реттiк нөмiрi;

      - Жарғылық қордың теңге бойынша мөлшерi;

      - Осы эмиссияның теңге бойынша көлемi;

      - Қайталама эмиссияларды тiркеу кезiнде жарғылық қордың өсуi көзi;

      - Эмиссияға салынған салықтың сомасы;

      - Салықты төлеудi кейiнге қалдырған орган;

      - Эмиссияның нысаны;

      - Тәуелсiз тiзiлiм ұстаушы;

      - Алдыңғы эмиссияның қорытындылары туралы есеп бекiтiлген күн;

      - Эмиссияның жойылған күнi (эмиссия жойылса);

      - Акциялардың түрлерi бойынша бастапқы құнын және санын, сондай-ақ бағалы қағаздардың әрбiр түрi бойынша ҰБН көрсетiп эмиссияның құрылымы;

      - Жарғылық қорды акционерлер бойынша бөлу (эмиссия проспектiсiне не шығарылым шарттарына сәйкес);

      - Орындаушы;

      - Ескертулер.

      2.5. Мемлекеттiк тiркеуге Акциялар эмиссияларының нөмiрлерiн (тiркеу журналының жоғарғы бағанасы) және Эмиссиялар проспектiсiнiң нөмiрлерiн (тiркеу журналының төменгi бағанасы) беру кiредi. Эмиссиялардың мемлекеттiк нөмiрлерi латын алфавитiнiң бiр әрпiнен (нөмiрдiң бiрiншi позициясы) және төрт араб санынан (нөмiрдiң екiншi, үшiншi, төртiншi және бесiншi позициялары) тұрады. Нөмiр беру нөмiрдiң бiрiншi позициясында латын алфавитiнiң бiрiншi әрпiнен және бесiншi позициясында бiр санынан басталады. Келесi нөмiрлер беру тiркеу нөмiрiн кезектi көбейту және нөмiрлердiң позициясын бесiншi позициядан бастап солдан оңға қарай толтыру арқылы жүргiзiледi. Нөмiр A9999 жеткеннен кейiн латын алфавитiнiң келесi әрпiне көшедi және нөмiрдi бiр санынан басталады.

      2.6. Жаңадан тiркеу журналы ашылғанда оған екiге бөлiнген осы журналдағы бос беттердiң санына сәйкес келетiн тiркелген Эмиссиялар нөмiрлерiнiң және Проспектiлер нөмiрлерiнiң белгiлi бiр саны бекiтiледi. Эмиссиялар нөмiрлерiн және Эмиссиялар проспектiлерiнiң нөмiрлерiн беру бiр бiрiне қарамастан жүргiзiледi және Эмиссияның нөмiрiнiң (журналдың жоғарғы бағанасы) және Эмиссия проспектiсiнiң нөмiрiнiң (журналдың төменгi бағанасы) арасындағы алшақтық болуы ықтимал.

      2.7. Тiркеу журналын жүргiзу аяқталғанда осы тiркеу журналында бекiтiлген, берiлмеген Эмиссиялардың нөмiрлерi және Проспектiлердiң нөмiрлерi эмитенттердiң осы түрiнiң жаңа тiркеу журналына бекiтiледi. Бұл жағдайда жаңа журналға екiге бөлiнген бос беттердiң санына сәйкес келетiн нөмiрлердiң саны бекiтiледi.

      2.8. Акциялардың бiрiншi шығарылымы тiркелген жағдайда эмитенттiң эмиссиясының нөмiрi тиiстi эмиссияны тiркеу журналындағы журнал позициясының реттiк нөмiрiне сәйкес келедi. Эмиссияны тiркеу журналының ашпалы екi бетi позиция болып табылады.

      2.9. Осы эмитенттiң акцияларының келесi эмиссияларын тiркегенде Эмиссияның нөмiрi Мемлекеттiк тiзiлiмге сәйкес бiр санын шегерумен жүзеге асырылатын эмиссияның реттiк нөмiрiн сызықша арқылы қосумен алдыңғы эмиссияның Нөмiрiне сәйкес болады. Бұл ретте осы позицияның нөмiрi келесi бетке өтедi.

      2.10. Егер алдыңғы эмиссия Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнде не оның бөлiмшелерiнде тiркелсе, келесi эмиссияның нөмiрi бiр санын шегерумен осы сәтке тiркелiп отырған эмиссияның реттiк нөмiрiне сызықша арқылы қосумен журналы позициясының реттiк нөмiрiне сәйкес болады.

      2.11. Алдыңғы эмиссия жойылған және келесi эмиссия тiркелген жағдайда тiзiлiмге осы эмиссияны тiркеу туралы жазбаны жою туралы белгi жасалады, ал жаңа эмиссияға ол туралы мәлiметтi жаңа жазбаға енгiзе отырып жаңа нөмiр берiледi.

      2.12. Эмиссия тоқтатыла тұрған не оны заңсыз деп таныған жағдайда уәкiлеттi орган тiзiлiмде шешiм қабылданған күндi және санкцияның қолданған органды көрсете отырып бұл туралы жазба жазады.

      2.13. Эмиссияның проспектiсi болса проспектiнiң Нөмiрi тиiстi эмиссияларды тiркеу журналындағы позицияның реттiк нөмiрiне сәйкес болады. Проспект болмаса (ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамдар үшiн) нөмiр журналдың келесi позициясына өтедi.

3. ҰСБЖ Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi

      3.1. Акцияларға ҰБН беру тәртiбi БҚҰК Директоратының бекiтуiне жататын жеке нұсқаулықпен белгiленедi. Басқа мемлекеттiң заңдарына сәйкес тiркелген акциялар эмиссиясы Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберiлген жағдайда осы акцияларға ҰБН берiлмейдi; оларда осы акциялар эмиссиясын тiркеу кезiнде берiлген бiрiздендiру нөмiрi (бiрiздендiру нөмiрлерi) сақталады.<*>

      Ескерту: 3.1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның N 97 қаулысымен .

      3.2. <*>

      Ескерту: 3.2-тармақ алынып тасталынды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның N 97 қаулысымен .

      3.3. <*>

      Ескерту: 3.3-тармақ алынып тасталынды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның N 97 қаулысымен .

      4. <*>

      Ескерту: 4-тарау алынып тасталынды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның N 97 қаулысымен .

      5. <*>

      Ескерту: 5-тарау алынып тасталынды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның N 97 қаулысымен .

  1-ҚОСЫМША
1-таблица

      ҰБН ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН РӘМIЗДЕР

      ---------------------------------------------------

      | 0=0 | 6=6 | C=12 | I=18 | O=24 | U=30 |

      |-------|-------|--------|--------|--------|--------|

      | 1=1 | 7=7 | D=13 | J=19 | P=25 | V=31 |

      |-------|-------|--------|--------|--------|--------|

      | 2=2 | 8=8 | E=14 | K=20 | Q=26 | W=32 |

      |-------|-------|--------|--------|--------|--------|

      | 3=3 | 9=9 | F=15 | L=21 | R=27 | X=33 |

      |-------|-------|--------|--------|--------|--------|

      | 4=4 | A=10 | G=16 | M=22 | S=28 | Y=34 |

      |-------|-------|--------|--------|--------|--------|

      | 5=5 | B=11 | H=17 | N=23 | T=29 | Z=35 |

      ---------------------------------------------------

      2-таблица

      ОБЛЫСТАРДЫҢ КОДТАРЫ

      --------------------------------------------------------------------

      |Ақмола облысы 01 |Қостанай облысы 12 |---------------------------------|---------------------------------

      |Маңғыстау облысы 02 |Қызылорда облысы 13 |---------------------------------|---------------------------------

      |Ақтөбе облысы 03 |Ақмола қаласы 14 |---------------------------------|---------------------------------

      |Алматы қаласы 04 |Павлодар облысы 15 |---------------------------------|---------------------------------

      |Алматы облысы 05 |Солтүстiк Қазақстан облысы 16 |---------------------------------|---------------------------------

      |Атырау облысы 06 |Батыс Қазақстан облысы 19 |---------------------------------|---------------------------------

      |Жамбыл облысы 07 |Шығыс Қазақстан облысы 20 |---------------------------------|---------------------------------

      |Қарағанды облысы 08 |Оңтүстiк Қазақстан облысы 21

      -------------------------------------------------------------------

  2-ҚОСЫМША

      KZ1P12341214 ҰЛТТЫҚ БIРДЕЙЛЕНДIРУ

      НӨМIРIН ЖАЗУДЫҢ МЫСАЛЫ

      ҰБН осы жазбасынан мыналар көрiнедi:

      - эмиссия Қазақстан Республикасында тiркелген;

      - эмитенттiң шығарған бағалы қағаздарының артықшылықты акциялар үлгiсi бар;

      - эмитент Қостанай облысында орналасқан БҚҰК A1234 нөмiрiмен тiркелген.