Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң облигацияларын Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркеудiң және оларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 8 қазандағы N 162 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 11 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 459. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 382 (V032574) қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың шығарылымын

      тiркеу жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң облигацияларын Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркеудiң және оларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Аталған Ереже сараптау және тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жiберiлсiн.

      3. Корпоративтiк қаржы басқармасы қабылданған Ереженi республиканың қор биржаларына жеткiзсiн.

      4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Корпоративтiк қаржы басқармасына жүктелсiн.

Ұлттық комиссияның Төрағасы



  Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссияның
1997 жылғы 8 қазандағы
N 162 қаулысымен бекiтiлдi

Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң облигацияларын Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркеудiң және оларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1.1. Осы ереже Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiндегi облигациялар эмиссияларын есепке алудың рәсiмiн реттейдi, сондай-ақ Бағалы қағаздардың ұлттық сандық бiрдейлендiру жүйесiндегi (ҰСБЖ) Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн (ҰБН) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi - БҚҰК) беруiнiң тәртiбiн белгiлейдi.

      1.2. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы айналысқа жататын акциялар, облигациялар және басқа да мемлекеттiк емес бағалы қағаздар мемлекеттiк тiркеуге жатады. Мемлекеттiк бағалы қағаздардың эмиссиялары мемлекеттiк тiркеуге жатпайды.

      1.3. Облигациялардың эмиссияларын тiркеу БҚҰК тиiстi нормативтiк актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      1.4. Бағалы қағаздардың ҰСБЖ Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа қосылған бағалы қағаздарды есепке алу жүйесiн реттеуге және стандарттауға, сондай-ақ бағалы қағаздардың кодтарын бiр iзге салуға арналған. ҰСБЖ ISIN 6166.2 Бағалы қағаздардың халықаралық бiрдейлендiру жүйесiнiң негiзгi принциптерiне сәйкес келедi және бағалы қағаздарды бiрдейлендiрудiң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын бiртұтас жүйесi болып табылады.

      1.5. Бағалы қағаздардың жекеленген түрiне берiлетiн, бiрегей әрiптi-санды кодтар болып табылатын Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерi ҰСБЖ негiзi болып табылады.

      1.6. Бағалы қағаздардың тiркелген эмиссиялары туралы мәлiметтер Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне (бұдан әрi - Мемлекеттiк тiзiлiм) енгiзiледi.

      1.7. Уәкiлеттi орган акциялар эмиссиясын тоқтата тұру, заңды емес деп тану не жою туралы шешiм қабылдаған жағдайда, бұл туралы ақпарат Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiледi және БҚҰК арнаулы басылымында жарияланады.

2. Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу
және облигациялардың эмиссияларына мемлекеттiк тiркеу
нөмiрлерiн берудiң әдiстемесi

      2.1. Мемлекеттiк тiзiлiмдi жүргiзудi БҚҰК атқарушы аппараты мынадай нысандарда жүзеге асырады:

      а) қағаздық негiзде (тiгiлген және БҚҰК атқарушы аппаратының штампымен бекiтiлген, беттердiң санын көрсетiп бағалы қағаздарды тiркеу журналы нысанында);

      б) компьютерлiк жазба нысанында.

      2.2. Бағалы қағаздардың эмиссияларын тiркеу журналдары қатаң есеп беру құжаттары болып табылады. Бағалы қағаздардың эмиссияларын тiркеу журналына эмитент туралы мынадай мәлiметтер енгiзiледi:

      - эмитенттiң толық атауы;

      - эмитенттiң ұйымдық-құқықтық нысаны;

      - эмитенттiң орналасқан жерi;

      - заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуiн жүзеге асырған органның атауы;

      - заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелген күнi;

      - заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу нөмiрi;

      - мамандандыру (банктер, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және зейнетақы қорлары және т.б.);

      - акционерлiк қоғамдар үшiн соңғы эмиссияның тiркелген күнi және ол бойынша есептi бекiткен күн көрсетiледi;

      - жарғылық капиталының мөлшерi;

      - эмиссиясының көлемi;

      - облигация шығарылымының күнi;

      - проценттiк ставканың немесе дисконттың немесе "қалқымалы" проценттiк ставкалардың (орналастыру туралы есеп берудiң нәтижелерi бойынша) мөлшерi;

      - облигациялардың түпкiлiктi өтелген күнi;

      - облигациялардың алдыңғы эмиссияларын өтеудiң қорытындылары туралы есептi бекiту күнi;

      - бағалы қағаздармен жүргiзiлген операцияларға салынған салықтардың сомасы, төлем тапсырмасының нөмiрi және күнi;

      - осы эмиссияның тiркеу нөмiрi (бұдан әрi -Эмиссияның нөмiрi);

      - ҰБН беруге сұранымды алған күн;

      - осы шығарылымның бағалы қағаздарының Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерi (ҰБН).

      2.3. Компьютерлiк жазбаларда мынадай жолдар болады:

      - Заңды тұлғаның атауы;

      - ОКПО коды;

      - Ұйымдық-құқықтық нысаны;

      - ОКОНХ коды;

      - Заңды тұлғаның толық мекен-жайы;

      - Заңды тұлғаны тiркеген орган, сондай-ақ тiркеу күнi және нөмiрi;

      - шетелдiк қатысудың болуы;

      - мамандандыру;

      - Акционерлiк қоғамдар үшiн эмиссия тiркелген күн, эмиссияның нөмiрi, алдыңғы эмиссия бойынша есеп бекiтiлген күн;

      - Эмиссияны тiркеу күнi;

      - Эмиссияның реттiк нөмiрi;

      - Жарғылық қордың теңге бойынша мөлшерi;

      - Осы эмиссияның теңге бойынша көлемi;

      - Облигациялар шығарылымының күнi;

      - Облигацияларды өтеу күнi;

      - Проценттiк ставканың мөлшерi;

      - Эмиссияға салынған салықтың сомасы;

      - Эмиссияның нысаны;

      - Тәуелсiз тiзiлiм ұстаушы;

      - Облигация эмиссияларын орналастырудың қорытындылары туралы есеп бекiтiлген күн;

      - Облигация эмиссияларын өтеудiң қорытындылары туралы есеп бекiтiлген күн;

      - Эмиссияның жойылған күнi (эмиссия жойылса);

      - Облигациялардың түрлерi бойынша эмиссияның құрылымы, бастапқы құны және саны, сондай-ақ бағалы қағаздардың әрбiр түрi бойынша ҰБН;

      - Облигацияны өтеудiң басқа шарттары;

      - Орындаушы;

      - Ескертулер.

      2.4. Мемлекеттiк тiркеуге Бағалы қағаздар эмиссияларының нөмiрлерiн беру, Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу және ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн беру кiредi.

      2.5. Облигациялар эмиссияларының мемлекеттiк нөмiрлерi екi рәмiзден, араб санынан және/немесе латын алфавитiнiң әрпiнен тұрады, және де нөмiрдiң бiрiншi позициясы - әрқашан латын әрпi, ал екiншi позициясы - не араб саны не латын алфавитiнiң әрпi болады. Нөмiр беру нөмiрдiң бiрiншi позициясында латын алфавитiнiң бiрiншi әрпiнен және екiншi позициясында бiр санынан басталады. Келесi нөмiрлер беру 1-қосымшаның 1-таблицасына сәйкес тiркеу нөмiрiн кезектi көбейту және нөмiрлердiң позициясын екiншi позициядан бастап солдан оңға қарай толтыру арқылы жүргiзiледi. Нөмiр AZ жеткеннен кейiн латын алфавитiнiң келесi әрпiне көшедi және нөмiрдi санау бiр санынан басталады.

      2.6. Жаңадан тiркеу журналы ашылғанда оған екiге бөлiнген осы журналдағы бос беттердiң санына сәйкес келетiн тiркелген Эмиссиялар нөмiрлерiнiң белгiлi бiр саны бекiтiледi.

      2.7. Тiркеу журналын жүргiзу аяқталғанда осы тiркеу журналында бекiтiлген, берiлмеген Эмиссиялардың нөмiрлерi эмитенттердiң осы түрiнiң жаңа тiркеу журналына бекiтiледi. Бұл жағдайда жаңа журналға екiге бөлiнген бос беттердiң санына сәйкес келетiн нөмiрлердiң саны бекiтiледi.

      2.8. Акциялардың бiрiншi шығарылымы тiркелген жағдайда эмитенттiң эмиссиясының нөмiрi тиiстi эмиссияны тiркеу журналындағы журнал позициясының реттiк нөмiрiне сәйкес келедi. Эмиссияны тiркеу журналының ашпалы екi бетi позиция болып табылады.

      2.9. Осы эмитенттiң акцияларының келесi эмиссияларын тiркегенде Эмиссияның нөмiрi Мемлекеттiк тiзiлiмге сәйкес бiр санын шегерумен жүзеге асырылатын эмиссияның реттiк нөмiрiн сызықша арқылы қосумен алдыңғы эмиссияның Нөмiрiне сәйкес болады. Бұл ретте осы позицияның нөмiрi келесi бетке өтедi.

      2.10. Эмиссия тоқтатыла тұрған не оны заңсыз деп таныған жағдайда уәкiлеттi орган тiзiлiмде шешiм қабылданған күндi және санкцияның қолданған органды көрсете отырып бұл туралы жазба жазады.

3. ҰСБЖ Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн
берудiң тәртiб i

      3.1. ҰБН облигацияларға, олардың эмиссияларын Облигациялар шығарылымын және өтелiмiн тiркеудiң тәртiбi туралы ережеге сәйкес мемлекеттiк тiркеу кезiнде, сондай-ақ ISIN халықаралық бiрдейлендiру нөмiрлерi (бұдан әрi -ISIN ХБН) жоқ шетелдiк эмитенттердiң акцияларын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа қосуға жiберiлген кезде берiледi.

      3.2. ISIN ХБН бар және Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа қосуға жiберiлген шетелдiк эмитенттердiң бағалы қағаздарын бiрдейлендiру үшiн Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерi берiлмейдi және оларды есепке алу берiлген ISIN ХБН негiзiнде жүзеге асырылады.

      3.3. Бiр түрдегi барлық бағалы қағаздардың эмиссияларын мемлекеттiк тiркеген кезде бiрыңғай ҰБН берiледi.

      Бағалы қағаздардың бiр түрiне мынадай бағалы қағаздар жатады:

      - бiр түрдегi (акциялар, облигациялар және т.б.);

      - бiр эмитент шығарған;

      - бiрдей номиналды;

      - иеленушiге бiрдей мүлiктiк құқықтар беретiн және эмитенттiң бiрдей мiндеттемелерiн растайтын.

4. Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн есептеудiң әдiстемесi

      4.1. ҰСБЖ Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн құрастыру үшiн 1-таблицаға сәйкес араб сандары және латын алфавитiнiң әрiптерi пайдаланылады.

      4.2. Бағалы қағаздардың жекеленген түрiне берiлетiн ҰСБЖ Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi үш бөлiктен тұрады: елдiң коды, негiзгi нөмiр және бақылау саны.

      4.3. Елдiң атының екi әрiптi коды болып табылатын қосымша. Қазақстан Республикасы үшiн KZ коды пайдаланылады.

      4.4. Негiзгi нөмiр санды және әрiптi рәмiздерден тұратын тоғыз позициядан тұрады. Негiзгi нөмiрдiң позициясын санау ҰБН үшiншi позициясынан бастап, солдан оңға қарай жүргiзiледi.

      4.4.1. Негiзгi нөмiрдiң бiрiншi позициясы бағалы қағаздың үлгiсiн айқындайды:

      2 - 1 айдан 12 айға дейiн айналыс мерзiмi бар облигациялардың және ұқсас сипаттағы басқа борыштық мiндеттемелердiң;

      7 - 1 жылдан 5 жылға дейiн айналыс мерзiмi бар облигациялардың және ұқсас сипаттағы басқа борыштық мiндеттемелердiң;

      A - 5 жылдан 25 жылға дейiн айналыс мерзiмi бар облигациялардың және ұқсас сипаттағы басқа борыштық мiндеттемелердiң;

      4.4.2. Негiзгi нөмiрдiң екiншi позициясы - облигациялардың 1-қосымшасының 1-таблицасына сәйкес айналыс мерзiмi;

      - 12 айға дейiн айналыс мерзiмi бар облигациялар үшiн -айлармен;

      - 1 жылдан астам айналыс мерзiмi бар облигациялар үшiн -жылдармен, егер орналастыру мерзiмi саны тұтас емес жыл болып табылатын жағдайда, математиканың ережелерiне сәйкес дөңгелектеу жүргiзiледi;

      4.4.3. Негiзгi нөмiрдiң үшiншi позициясы - 1-қосымшаның 2-таблицасына сәйкес эмитенттiң орналасқан жерiн бiлдiредi;

      4.4.4. Негiзгi нөмiрдiң төртiншi және бесiншi позициялары эмитенттi Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiнде белгiлеу үшiн пайдаланылады;

      4.4.5. Негiзгi нөмiрдiң алтыншы позициясы 1-қосымшаның 1-таблицасына сәйкес өтеу айының күндерiн (1-ден V-ға дейiн) белгiлеу үшiн пайдаланылады;

      4.4.6. Негiзгi нөмiрдiң жетiншi позициясы 1-қосымшаның 1-таблицасына сәйкес өтеу айын белгiлеу үшiн пайдаланылады;

      4.4.7. Негiзгi нөмiрдiң сегiзiншi және тоғызыншы позициялары өтеу жылын белгiлеу үшiн пайдаланылады (00 ден 99 дейiн, бұл ретте 2000 жыл - АО, 2001 жыл - А1 және т.б.);

      4.5. ҰСБЖ ҰБН оң жақ шеткi саны ISО/DIS 6166.2 Халықаралық стандартына сәйкес есептелiнетiн бақылау саны болып табылады.

5. Бақылау санын есептеудiң тәртiбi және мысалдары

      5.1. Бақылау саны ҰСБЖ ҰБН алдыңғы он позициясын толтырылғаннан кейiн есептелiнедi.

      5.2. ҰБН бақылау санын есептеудiң тәртiбi:

      - 1-кезең. ҰБН әрiптi рәмiздер 1-таблицаға сәйкес тиiстi сандармен ауыстырылады;

      - 2-кезең. Алынған қатардың әрбiр саны коэффициентке көбейтiледi. Қатардың оң жағынан бастап тақ орында тұрған әрбiр сан үшiн коэффициент 2-ге тең, жұп орындарда тұрған үшiн коэффициент 1-ге тең;

      - 3-кезең. 2-кезеңде алынған сандық қатардың барлық сандары жиынтықталады;

      - 4-кезең. Егер 3-кезеңде алынған сома 0-ге тең болса, онда ҰБН бақылау саны 0 болып табылады. Басқа жағдайда бақылау саны, шегерiлген сомадан көп болатын саннан алынған шегерудiң нәтижесi болып табылады және 10 дәрежелi барлық сандардың ең төменгiсi болып табылады.

      5.3. МЫСАЛ

      Құралған ҰБН KZ261A8C598 бақылау санынсыз:

      1-кезең

      -------------------------------------------

      | K | Z | 2 | 6 | 1 | A | 8 | C | 5 | 9 | 8 |

      |---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|

      |2|0|3|5| 2 | 6 | 1 |1|0| 8 |1|2| 5 | 9 | 8 |

      -------------------------------------------

      2-кезең

      ------------------------------------------------------------

      | 2 | 0 | 3 | 5 | 2 | 6 | 1 | 1 | 0 | 8 | 1 | 2 | 5 | 9 | 8 |

      |---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|-------|

      | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 | 1 | 2 |

      |---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|

      | 4 | 0 | 6 | 5 | 4 | 6 | 2 | 1 | 0 | 8 | 2 | 2 |1|0| 9 |1|6|

      ------------------------------------------------------------

      -кезең

      4+0+6+5+4+6+2+1+8+2+1+0+9+1+6= 57

      4-кезең

      Бақылау саны мынаған тең: 60-57=3.

      Алынған толық ҰБН: КZ261А8С5983.

      Мысалға келтiрiлген ҰБН мыналар айтылған: 6 айлық айналыс мерзiмдi облигацияның осы эмиссиясын Ақмола облысында орналасқан шаруашылық жүргiзушi субъект шығарған, облигацияны өтеу күнi 1998 жылғы 12 мамыр, эмитент Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне А8 нөмiрмен енгiзiлген.

  1-ҚОСЫМША
1-таблица

      ҰБН ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН РӘМIЗДЕР ---------------------------------------------------

      | 0=0 | 6=6 | C=12 | I=18 | O=24 | U=30 |

      |-------|-------|--------|--------|--------|--------|

      | 1=1 | 7=7 | D=13 | J=19 | P=25 | V=31 |

      |-------|-------|--------|--------|--------|--------|

      | 2=2 | 8=8 | E=14 | K=20 | Q=26 | W=32 |

      |-------|-------|--------|--------|--------|--------|

      | 3=3 | 9=9 | F=15 | L=21 | R=27 | X=33 |

      |-------|-------|--------|--------|--------|--------|

      | 4=4 | A=10 | G=16 | M=22 | S=28 | Y=34 |

      |-------|-------|--------|--------|--------|--------|

      | 5=5 | B=11 | H=17 | N=23 | T=29 | Z=35 |

      ---------------------------------------------------

      2-таблица

      ОБЛЫСТАРДЫҢ КОДТАРЫ --------------------------------------------------------------------

      |Ақмола облысы 1 |Қостанай облысы 9 |---------------------------------|---------------------------------

      |Ақтөбе облысы 2 |Қызылорда облысы A |---------------------------------|---------------------------------

      |Алматы облысы 3 |Маңғыстау облысы B |---------------------------------|---------------------------------

      |Атырау облысы 4 |Павлодар облысы C |---------------------------------|---------------------------------

      |Шығыс Қазақстан облысы 5 |Солтүстiк Қазақстан облысы D |---------------------------------|---------------------------------

      |Жамбыл облысы 6 |Оңтүстiк Қазақстан облысы E |---------------------------------|---------------------------------

      |Батыс Қазақстан облысы 7 |Алматы қаласы K |---------------------------------|---------------------------------

      |Қарағанды облысы 8 |Ақмола қаласы L --------------------------------------------------------------------