24 Бухгалтерлiк есеп стандарты бухгалтерлiк қызметтердi ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi 1997 жылғы 31 желтоқсандағы N 455 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 11 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 455

Қолданыстағы
                   Қызметтердiң мақсаты және ауқымы
      1. Бухгалтерлiк қызметтердi ұйымдастырудың тәртiбiн субъектiлердiң осы стандарты белгiлейдi. <*>

      <*> Ескерту. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Заң күшi бар, 1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Бухгалтерлiк есеп туралы" N 2732 Жарлығының 1-бабы, 1-тармағында "субъект" терминiне анықтама берiлген.

      2. Бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есеп берудi құру субъектiлердiң төмендегi негiздерiнде:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Бухгалтерлiк есеп туралы" Жарлығымен;
      бухгалтерлiк есептiң стандарттарымен (БЕС);
      БЕС-ке арналған әдiстемелiк ұсынымдарымен;
      бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру субъектiлерi бойынша бұйрықтар, нұсқаулықтар, нұсқаулар, есептеу саясатымен жүзеге асырылады.
      3. Бухгалтерлiк қызметтердi ұйымдастыру кезiнде барлық субъектiлерде осы стандарт қолданылады.

                 Бухгалтерлiк қызметтердiң мiндеттерi

      4. Бухгалтерлiк қызметтердiң мiндеттерi - басшылықтың және басқарудың жеделдiгi үшiн қажеттi субъект iс-қимылының шаруашылық процестерi мен қаржылық қорытындысы туралы, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп ережелерiн жүргiзу және қаржылық есеп берудi құру және қағидаттарын белгiлеудi бухгалтерлiк есептiң стандарттарына сәйкес инвесторлардың, жеткiзушiлердiң, сатып алушылардың, кредиторлардың, мемлекеттiк органдардың, банктердiң және өзге де мүдделi азаматтардың пайдалануы үшiн толық және нақты ақпараттармен қалыптастыруды жүзеге асыру болып табылады.

            Бухгалтерлiк қызметтердi ұйымдастыру жұмыстары

      5. Бухгалтерлiк есептi ұйымдастырушы субъект - iс-әрекеттiң түрлерiне, шаруашылықтың көлемiне және нақтылы шарттармен;
      бухгалтерлiк жұмыстар түрлерiн ұйымдастыруды жеке-дара белгiлеудi;
      есептеу саясатын қалыптастыруды;
      өндiрiстiк және қаржылық есептердiң қызметтiк ажыратуларын жүргiзудi;
      бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру үшiн қажеттi шаруашылық операцияларға, сондай-ақ басқа да шешiмдерге бақылау тәртiптерiн дайындауды жүзеге асырады.
      6. Бухгалтерлiк есептi ұйымдастырудың субъектiсiне, шаруашылық операцияларын орындау кезiнде заңдарды сақтауға - басшы жауапкершiлiк атқарады.
      7. Бухгалтерлiк есептiң субъектiсi - бас бухгалтер басшылық ететiн оның құрылымдық бөлiмшелерiмен (қызметiмен), немесе егер субъектiнiң жеке бухгалтерi жоқ болса, бухгалтермен жүзеге асырады.
      Бухгалтерлiк қызмет - қызметтерiнiң ұйымдастыру түрлерi бойынша бөлiмдерге, әлде секторларға, немесе топтарға бөлiнуi мүмкiн.
      Бухгалтерлiк қызметтерi жоқ субъектiлер- бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп берудi мамандандырылған бухгалтерлiк фирмалар немесе бухгалтерлермен (маманмен) алғашында шартпен жүзеге асыруы қажет. Басшы бухгалтерлiк есептi жеке өзi жүргiзуiне де болады.
      8. Бас бухгалтердi (бухгалтердi) қызметтен босатқан кезде жаңадан тағайындалған бас бухгалтерге (бухгалтерге) (егер ол жоқ болса - субъектiнiң бұйрықпен тағайындалған қызметкерiне) құжаттар тапсырылады, субъект басшысы бекiткен актiге сәйкес бухгалтерлiк есептiң ахуалын және есеп берудiң нақтылы мәлiмет дәлелдiгiн тексеру процесi жүргiзiледi.
      9. Субъект субъектiлердiң қаржылық-шаруашылық қызметiндегi бухгалтерлiк есептiң шоттарының Бас жоспарына сәйкес өздерiнiң жүзеге асырылған шаруашылық операцияларының активтерi, жеке капиталы, мiндеттемелерi жөнiнде бухгалтерлiк есеп жүргiзедi.
      10. Субъектiлердiң бухгалтерлiк есептi жүргiзген кездегi қамтамасыз ететiн нәрселерi:
      "Есеп саясаты және оны ашу" 1 БЕС белгiлеген ережелерiне сәйкес есеп беру кезеңi уақытында жеке шаруашылық операциялары және активтерге баға беру мен мiндеттемелердi айқындауды есепке алу саясатының өзгермеуi;
      барлық шаруашылық операцияларының есеп беру кезеңiнде осы кезеңдегi жүзеге асырылған жеке мүлiктi түгендеу мен қаржылық мiндеттемелердiң қорытындыларына толығымен есеп берудi айғақтау;
      есеп беру кезеңiнде табыстар мен шығындарды жатқызудың дұрыстығы;
      әрбiр айдың басында айналым мен қалдықтардың синтетикалық есеп берудiң шоттары бойынша берiлген талдау есептерiнiң бiрдей мәлiметтермен шығуы мiндеттi.
      11. Субъект басшысы касса операцияларын жүзеге асыра отырып, қолда бар ақша iс-қимылын есепке алуды қамтамасыз етуi қажет.
      Қолда бар ақша iс-қимылы алдын ала алғашқы құжаттардың негiзiне сәйкес бухгалтерлiк касса кiтабында тiркелiп, белгiленуi тиiс.
      Касса кiтабы - нөмiрленген, жiппен тiгiлген және мөрленген болуы тиiс. Касса кiтабының бет саны басшы мен бас бухгалтердiң (бухгалтердiң) қолымен куәландырылуы тиiс.
      Касса кiтабындағы жазбалар - көшiрме қағазы арқылы екi дана етiп

жүргiзiлуi тиiс. Қағаздың екiншi данасы кассир есебi үшiн жыртылатындай 
болуы тиiс. Қағаздың бiрiншi данасы касса кiтабында қалуы керек. Қағаздың 
бiрiншi және екiншi данасы бiрдей нөмiрленедi.
     Өшiру және келiсiмсiз жөндеулерге рұқсат жоқ. Ал, кейбiр жөндеулер 
кассир мен бас бухгалтердiң (бухгалтердiң) мөрмен куәландырылған қолы 
қойылады.
     Касса кiтабы - автоматтандырылған тәсiлмен жүргiзiлiп, оның беттерi 
машинограмма түрiнде - "Касса кiтабының жапсырма қағазы" болып қалыптасады.

            Операциялардың құжаттары, құжаттар айналымы

     12. Бухгалтерлiк есептiң тiзiлiмдегi жазбалар үшiн - шаруашылық 
операциялары жасалған мәлiметтер тiркелген ең алғашқы құжаттар негiз болып 
табылады.
     13. Шаруашылық операцияларын ресiмдеу үшiн қолданылатын алғашқы 
құжаттар түрлерiн - өкiлеттi орган бекiткен шағын талаптар негiзiнде 
субъектiнiң өзi дайындайды және бекiтедi.
     14. Алғашқы құжаттарда, (соның iшiнде қағаз және машина ақпараттар 
жеткiзушiлер де) мiндеттi түрде төмендегiдей деректемелердi:
     құжаттар атауын (түрлерiн);
     құрылған күнiн;
     кiмнiң атымен құрастырылған құжат субъектiсiнiң атауы;
     шаруашылық операцияларын сақтау;
     шаруашылық операцияларының өлшемдерiн (табиғи және ақшалай 
көрсеткiштерiн);
     шаруашылық операцияларын жасаған жауапты лауазымды азаматтардың 
аттары және оның дұрыс рәсiмделуiн;
     жеке өз қолдары және оның шешуiн сақтауы тиiс.


      Операция сипаттамаларының түрлерiне, нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына және есептеу ақпараттарының дайындау тәсiлдерiне орай алғашқы құжаттарға қосымша деректемелер қосылуы мүмкiн.
      15. Субъект ақпараттарды мәшинелiк жеткiзушiлерге алғашқы құжаттарды құрастырған кезде басқа да шаруашылық операцияларына қатысушылар үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылауды жүзеге асырушы органдардың, сот және прокуратураның талаптары бойынша, субъект осындай құжаттардың көшiрмелерiн қағаз жеткiзушiлерге мiндеттi түрде дайындауы қажет.
      16. Алғашқы құжаттар операциялар жасалып жатқан кезде жасалуы қажет, егер де бұл мүмкiн емес жағдайда операцияның тәмәмдалуы бойынша мiндеттi түрде жасалуы тиiс.
      17. Кассалық және банктiк құжаттарға түзетулер енгiзуге болмайды. Ал өзге алғашқы құжаттарға түзетулердi - шаруашылық операцияларына қатысушылардың келiсiмi бойынша құжаттарға қол қойған сол азаматтардың түзету енгiзген күнiн көрсетiп қол қоюмен бекiтiп, енгiзуге болады.
      18. Бухгалтерлiк есептi айғақтау үшiн қажеттi ақпараттарды алғашқы құжаттарды есепке алу құрамының бухгалтерлiк есеп тiзiлiмдерi үстемеленедi және жүйелендiрiледi. Бухгалтерлiк есептiң регистрлер мәлiметi топталған түрде қаржылай есеп беруге аударылады.
      19. Бухгалтерлiк құжаттарға қол қоюға құқылы адамды басшы белгiлейдi. Сонымен қатар ақша сомасының көлемiне, iс-әрекет ауқымына және операциялардың мәндiлiгiне лауазымдық қызметке байланысты қол қоюдың лауазымдық сатысы белгiленуi мүмкiн.
      Электронды қол қоюды пайдаланушы субъект электронды қол қоюға қатысты пайдаланудың және оған рұқсатқа барғанда кейбiр сақтық шараларын және бақылауды белгiлеуi қажет.
      20. Бухгалтерлiк есептiң алғашқы құжаттарын жүргiзгенде (басқа субъектiлерден құру немесе алу, есепке алу, дайындау, архивке өткiзу - құжат айналымы) субъект басшысы бекiткен кестемен реттеледi.
      21. Құжаттар айналымын реттейтiн кесте үшiн жауапты, сондай-ақ құжаттарды дер кезiнде және сапалы жасаған, бухгалтерлiк есеп және есеп берудi айғақтау үшiн уақытылы берудi, құжаттарда көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығына осы құжаттарды бастаған және қол қойған азаматтар жауап бередi.
      22. Субъект бухгалтерлiк есептiң және қаржылай есеп берудiң алғашқы құжаттарын және регистрларын мемлекеттiң архив iсiнiң ережелерiне сәйкес сақталуы тиiс.

                           Түгендеу жүргiзу

      23. Бухгалтерлiк есептiң және қаржылай есеп беру деректерiнiң нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында кемiнде жылына бiр мәрте мүлiкке және ақшалай мiндеттемелерге түгендеу жүргiзiледi.
      24. Есеп беру жылындағы түгендеу жүргiзудiң санына, оларды жүргiзу

күнiн, тексерiлген әрбiр мүлiктер мен мiндеттемелердiң тiзiлiмдерiн 
субъектiнiң өзi белгiлейдi.
     25. Мiндеттi түрде түгендеу:
     материалды жауапты адам ауысқан кезде (iстi қабылдау-тапсыру күнi);
     ұрлау немесе аса зиян келтiру деректерi айқындалған кезде, сондай-ақ 
тауарлы-материалдық қосалқы заттардың бүлiнуi кезiнде;
     кездейсоқ жағдаяттар әсерiнен туындаған төтенше жағдайлар, өрт, апат 
немесе басқа да төтенше жағдайларда;
     субъектiнiң таратылуы кезiнде (қайта құрылуы), таратылу (бөлiну) 
балансын құрудан бұрын және басқа да Қазақстан Республикасының заңдарында 
қаралатын жағдайларда жүргiзiледi.

                          Күшiне ену күнi

     26. Бухгалтерлiк есептiң бұл стандарты 1998 жылдың 1 қаңтарынан 
күшiне енедi.