Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыру және тарату туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгi 1997 жылғы 3 қараша N 16-П Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 24 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 422. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комиттетінің 7.09.2000 жылғы N 100-Ө бұйрығымен. ~V001265

Күшін жойған
          Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларын
                 қайта ұйымдастыру және тарату туралы
                           ЕРЕЖЕ

                        1. Жалпы ережелер

      1. Бұл ереже "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Z970136_ 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да заңдық актiлерiне сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларын (бұдан әрi - Қорлар) қайта ұйымдастыру мен таратудың тәртiбiн айқындайды.
      2. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру қорды бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару жолымен жүргiзiледi.
      3. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорын тарату - ерiктi және мәжбүрлеу негiзiнде қызметiн тоқтату.

          2. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорын қайта
                         ұйымдастыру
      4. Қорды қайта құру Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) рұқсатымен Қор акционерлерiнiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
      5. Қорды қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алуға өтiнiш беру үшiн осы Қордың акционерлерi жалпы жиналысының шешiмi негiз болып табылады.
      6. Қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:
      а) қайта ұйымдастыру туралы, оған акционерлердiң жалпы жиналысымен уәкiлеттiк берiлген адамның қолы қойылған өтiнiш;
      б) Қорды қайта ұйымдастыру туралы, оны қайта ұйымдастыру себебi көрсетiлген Қор акционерлерiнiң жалпы жиналысы қабылдаған шешiм;
      в) акционерлердiң жалпы жиналысымен бекiтiлген, Қорды қайта ұйымдастырудың болжалынатын шарттарын, нысанын, тәртiбi мен мерзiмiн мазмұндайтын құжаттар;
      г) қайта ұйымдастыру нәтижелерiне, Қордың оны қайта ұйымдастырғаннан кейiнгi және/немесе Қорды қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғаның есептiк балансын қоса алғанда, қаржылық болжау.
      7. Қорды қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiш құжаттардың толық пакетiн тапсырған сәттен бастап бiр ай iшiнде қаралуы тиiс.
      Агенттiк, қажет болған жағдайда, қарастырылып отырған Қорды қайта ұйымдастыру шарттарын, нысанын, тәртiбi мен мерзiмiн қайта қарау туралы ұсыныс енгiзуге немесе басқа мәлiметтер мен құжаттар сұратып алдыруға құқылы.
      8. Қорды қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы шешiмдi Агенттiк қабылдайды.
      9. Қайта ұйымдастырылатын Қор Агенттiктен қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алған күннен бастап екi апта iшiнде өзiнiң барлық салымшылары мен қордың алушыларын тiкелей жазбаша хабарлау және кемiнде екi республикалық газетке хабарландырулар жариялау жолымен болатын өзгерiстер туралы хабарландыруға мiндеттi.
      10. Қайта ұйымдастырудың нәтижесiнде құрылатын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) Қазақстан Республикасының тиiстi қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
      11. Агенттiктiң Қорды қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тарту

мына негiздемелердiң кез келгенi бойынша жүргiзiледi:
     а) қайта ұйымдастырылатын Қор акционерлерi жалпы жиналысының тиiстi 
шешiмi болмаса;
     б) қарастырылып отырған қайта ұйымдастыру нәтижесiнде салымшылар мен 
алушылардың мүдделерiнiң бұзылуы;
     в) қарастырылып отырған қайта ұйымдастыру нәтижесiнде монополияға 
қарсы заңдардың сақталмауы.

            3. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорын тарату
     12. Қор мынадай жағдайларда таратылуы мүмкiн:
     а) Агенттiктiң рұқсаты болған кезде оның акционерлерiнiң шешiмi 
бойынша (ерiктi түрде тарату);
     б) Қазақстан Республикасының заңдық актiлерiнде көзделген жағдайларда 
соттың шешiмi бойынша (мәжбүрлеп тарату).
     13. Тарату комиссиясын тағайындаған сәттен бастап оған заңды тұлғаның 
мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiледi, тарату комиссиясы 
сотта таратылатын заңды тұлғаның атынан сөйлейдi.
     14. Қорлардың қызметiн тоқтату Қазақстан Республикасының заңдық 
актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

                      3.1. Ерiктi түрде тарату
     15. Қор оның акционерлерiнiң жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде өзiн 
ерiктi түрде таратуға рұқсат беру туралы өтiнiшпен Агенттiкке өтiнiш 
айтуға құқылы.
     16. Қорды ерiктi түрде таратуға рұқсат алу үшiн мынадай құжаттар 
тапсырылады:
     - осыған акционерлердiң жалпы жиналысында уәкiлеттiк берiлген адам 
қол қойған ерiктi түрде тарату туралы өтiнiш;
     - зейнетақы активтерiнiң тарату туралы шешiм қабылданған күнгi 
бағалануы;


      - зейнетақы активтерiн беру мерзiмдерi мен кезеңдерi және Қорды өз қызметiн тоқтатуға әзiрлеу туралы акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен тiзбесi;
      - таратылатын қордың зейнетақы активтерiн қабылдап алатын қордың салымшылар мен алушылар ауқымын кеңейту жөнiндегi мүмкiндiктердiң болуына негiзделген келiсiмi;
      - Қордың оның мiндеттерi бойынша есептерiнiң аяқталғандығын куәландыратын соңғы есептiк күнге баланстық есебi.
      17. Агенттiк ерiктi түрде таратылуға рұқсат беру туралы өтiнiштi осы Ереженiң 16-тармағында аталған құжаттардың мiндеттi пакетiн тапсырған күннен бастап бiр ай iшiнде қарайды. Агенттiк қажет болған жағдайда тарату процесiнiң мерзiмi мен кезеңдерi туралы шаралар тiзбесiн қайта қарауды, сондай-ақ зейнетақы активтерiн тапсыруды ұсынуға немесе басқа мәлiметтер мен материалдарды сұратуға құқылы.
      18. Агенттiк ерiктi түрде таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда ол туралы дәлелдi шешiм шығарады және бас тартуды Қордың басшылығы мен акционерлерiне хабарлайды.
      19. Ерiктi түрде таратылуға Агенттiктiң рұқсатын алғаннан кейiн Қор 10 күннiң iшiнде мыналарға мiндеттi:
      - тарату туралы шешiм қабылданғандығы туралы ақпаратты таратылатын қордың мекен-жайын көрсете отырып, кемiнде 2 республикалық газетте жариялауға, салымшылар мен алушыларды зейнетақы активтерiн аудару жоспарланып отырған Қордың атауын көрсете отырып тапсырыстық хатпен хабарландыруға;
      - Қорды басқару жөнiндегi уәкiлеттiктер берiлетiн тарату комиссиясын құруға. Тарату комиссиясының құрамына байқаушы ретiнде Агенттiктiң бiр өкiлiн енгiзу керек;
      - Қорды тарату комиссиясы құрылған күннен бастап Қорда жою процесi басталды деп саналады.

                       3.2. Мәжбүрлеп тарату
      20. Қорды мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешiмi қабылданған күннен бастап:
      - қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тарату комиссиясы тағайындалады;
      - акционерлердiң жалпы жиналысының, таратылатын Қордың басқа органдары мен лауазымды адамдарының, соның iшiнде мүлiкке иелiк ету мен мiндеттемелердi өтеуге уәкiлеттiгi, сондай-ақ олардың Қорды басқару жөнiндегi құқығы тоқтатылады;
      - таратылатын қордың атынан немесе оның есебiнен жүзеге асырылатын қызметтер, егер оларды тарату комиссиясының басшысы не ол берген сенiмхат бойынша жасалған жағдайда ғана заңдық күшi болады;
      - таратылатын Қордың барлық борыштық мiндеттемелерiнiң мерзiмi өткен болып саналады;
      - мүлiктiк және қаржылық сипаттағы Қорға қатысты барлық талаптар тек қана Қорды тарату комиссиясының атына берiледi және ол заңдарда белгiленген тәртiпте қаралады.

                        4. Тарату комиссиясы
      21. Қордың тарату комиссиясы құрылған сәттен бастап таратылатын қордың атынан қызмет етедi, оны лауазымды адам басқарады және өз қызметiн қолданылып жүрген заңға сәйкес уәкiлеттiк шегiнде орындайды.
      22. Тарату комиссиясының лауазымды адамы тарату комиссиясы жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына жауапкершiлiкте болады.
      Тарату комиссиясының лауазымды адамы жоқ болған кезде оның мiндеттерiн орынбасар атқарады.
      23. Тарату комиссиясы таратылатын қордың зейнетақы активтерiнiң (жинақталған зейнетақы қаражатының) толық көлемде, оның салымшылар мен алушылар алдындағы зейнетақы шарттары жөнiндегi мiндеттемелерiнiң осы ережемен белгiленген тәртiпте басқа мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорына берiлуi жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.
      Қор жинақталған зейнетақы қаражатының шығындары бойынша жауап беруге құқылы емес.
      Таратылатын қордың салымшылары мен алушылары тарату комиссиясы айқындаған мерзiмде өздiгiнен басқа қорды таңдап алуға құқылы. Белгiленген мерзiм өткен соң тарату комиссиясы жинақталған зейнетақы қаржыларын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы шешiмдi дербес қабылдайды.
      24. Бұл шаралар қабылданғаннан кейiн тарату комиссиясы таратылатын Қордың кредиторлар алдындағы мiндеттемелерiнiң орындалуы жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте шаралар қабылдайды.
      25. Қордың тарату комиссиясы тарату балансы мен есебi бекiтiлгеннен кейiн жетi күн мерзiмде оларды Агенттiкке және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне тапсыруға мiндеттi.

               5. Таратылатын Қордың активтерiне иелiк ету
      26. Тарату комиссиясы осы Ережеге және Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң Қордағы бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктi реттейтiн басқа да нормативтiк актiлерге сәйкес таратылатын Қордың уәкiлеттi қызметкерлерiнiң қатысуымен Қордың активтерi мен мүлкiне мүлiктiк түгендеу жүргiзуге, сондай-ақ мүлiктiк бағалау, тартылған сарапшының көмегiмен болуы да мүмкiн, жүргiзуге мiндеттi.
      27. Қордың активiне мыналар кiредi:
      - зейнетақы активтерi;
      - Қордың жекеменшiк мүлкi.
      28. Қорда және Қордан тыс сақталатын барлық кепiлдiк қамсыздандырулар, оның жай-күйi мен сақталуы түгенделуге жатады.
      29. Активтердi түгендеу кезiнде анықталған нақты қолда бар қаржы мен бухгалтерлiк есеп мәлiметтерi арасындағы алшақтық Агенттiктiң нормативтiк-құқықтық актi құжаттармен көзделген тәртiпте реттеледi және аралық баланста ескерiлуi тиiс.
      30. Таратылатын Қордың түгендеу жолымен белгiленген барлық активтерi мен мүлкi (зейнетақы активтерiн қоспағанда) таратылатын топқа енгiзiлуге жатады. Оны тарату туралы шешiм шығарылған күнгi Қор балансына енгiзiлмеген және түгендеу барысында айқындалған активтер аралық тарату балансында көрсетiлуi тиiс.
      31. Тарату комиссиясы таратылатын Қордың мүлкiн сатуды төмендегi шарттар мен мақсаттарға сүйене отырып, заңмен белгiленген тәртiпке сәйкес жүзеге асырады:
      - Қордың мүлкiн мүмкiндiгiне қарай неғұрлым жоғары бағаға сату;
      - Қордың мүлкiн сатудан келетiн шығысты барынша азайту;
      - осы мүлiктi сатып алушыларға қалыпты бәсекелестiктi және әдiл қарым-қатынасты қолдау.
      32. Қордың мүлкiн аукцион арқылы сатқан кезде тарату комиссиясы кешiктiрмей, хабарландыру жарияланғаннан кейiн 30 күннен кешiкпей, хабарландыруда көрсетiлген күнi таратылатын Қор мүлкiнiң аукционнан сатылатындығы туралы кемiнде екi газетте хабарландыру жариялауы тиiс.
      33. Егер тарату комиссиясы мүлiктi бәсекелестiк ұсыныстары бойынша (яғни коммерциялық конкурспен) сатуға шешiм қабылдаған болса, онда ол кешiктiрмей кемiнде екi республикалық газетте хабарландыру жариялауы тиiс.
      34. Қордың мүлкiн сатудан алынған қаражат жария түрдегi сауда-саттық сияқты, бәсекелестiк ұсыныстар тәртiбiмен де тарату шотына есептеледi.

             6. Таратылатын қорға талап қоюлар бойынша шешiм қабылдау
                             процедурасы
      35. Таратылатын қордың зейнетақы активтерiнiң барлық көлемi басқа Қорға/Қорларға толығымен берiлгеннен кейiн тарату комиссиясы кредиторлардың айқындалуына және олардың талаптарын қанағаттандыруға шаралар қабылдайды.
      36. Талап-арызды қарау кезiнде Қордың тарату комиссиясы қойылып отырған талаптың заңдылығын және оның негiздiлiгiн (айғақтамалардың болуы, өндiрiлетiн сома есебiнiң дұрыстығы және т.б.) тексеруi керек.
      Егер талап-арызға оны қарау үшiн қажеттi құжаттар қоса берiлмеген болса, онда ол өтiнiш берушiден жолда болатын почталық жiберу уақытын есептей отырып 5 күннен кем болмауы тиiс болатындай тапсыру мерзiмi көрсетiле отырып сұратылады. Талап етiлген құжаттарды алмаған жағдайда қолда бар құжат бойынша қаралады.
      Қордың тарату комиссиясы талап-арызды қарау кезiнде қажет болған жағдайларда есептердi, сараптаманы және дауды талап қою тәртiбiмен реттеудi қамтамасыз ететiн басқа да қызметтердi жүргiзуi керек. Мұндай жағдайларда талап-арызды қарау мерзiмi талап етiлген құжаттарды алу үшiн қажет болатын мерзiмге ұзартылады.
      37. Талап-арызды алған тарату комиссиясы өтiнiш иесiнiң негiзгi талаптарын қанағаттандыруы тиiс және оған қойылған талап-арызды қарау нәтижелерi туралы жазбаша нысанда хабарлауға мiндеттi.
      38. Талап арыз беруге және берiлген барлық талап-арыздарды қарауға арналған мерзiм өткеннен кейiн тарату комиссиясы активтер мен мүлiкке жүргiзiлген түгендеудi ескере отырып, таратылатын Қор мүлкiнiң құрамы, берiлген талап-арыздар тiзбесi, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерi туралы мәлiметтерден тұратын аралық тарату балансын жасайды.
      39. Аралық балансты Ұлттық зейнетақы агенттiгi бекiтедi (қарайды). Таратылатын Қордың мiндеттемелерi бойынша есептесулер аралық баланс бекiтiлгеннен кейiн ғана жүзеге асырылады.

         7. Таратылатын Қордың кредиторларының талаптарын
                          қанағаттандыру

      40. Кредиторлардың тарату комиссиясы мойындаған талаптары, жинақталған зейнетақы қаражатының толық сомасын басқа Қорға аударғаннан кейiн мынадай кезектiлiкпен қанағаттандырылуы тиiс:
      а) кезектен тыс тарату өндiрiсiне, әкiмшiлiк функциясын атқаруға байланысты шығыстардың орны жабылады;
      б) бiрiншi кезекте - өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн таратылатын қор олардың алдында жауапты болып табылатын азаматтардың талаптары тиiстi мерзiмдi төлемдердi капиталдандыру жолымен қанағаттандырылады;
      в) екiншi кезекте - несие берушiлердiң таратылатын Қордың мүлкiн аманатқа берумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша талаптары қамтамасыз ету сомасының шегiнде қанағаттандырылады;
      г) үшiншi кезекте - еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекақы төлеу және шығардағы жәрдемақы төлеу бойынша есеп айырысу жүргiзiледi;
      д) төртiншi кезекте - бюджетке және бюджеттен тыс қорларға мiндеттi төлемдер бойынша берешек өтеледi;
      ж) бесiншi кезекте - заң актiлерiне сәйкес басқа несие берушiлермен есеп айырысулар жүргiзiледi.
      41. Таратылатын Қордың барлық талаптарды бiр кезекте толық қанағаттандыру үшiн мүлкi жетпеген жағдайда қолда бар қаражат тиiстi кезектiң несие берушiлерi арасында қанағаттандыруға жататын талаптардың сомасына пропорционалды бөлiнедi.
      Қордың тарату комиссиясы несие берушiнiң талаптарын қанағаттандырудан не оларды қараудан бас тартқан жағдайда несие берушi таратылатын қордың тарату балансы бекiтiлгенге дейiн тарату комиссиясының атына сотқа шағымдануға құқылы. Соттың шешiмi бойынша несие берушiнiң талаптары таратылатын Қордың қалған мүлкi есебiнен қанағаттандырылуы мүмкiн.
      Тарату балансы бекiтiлгенге дейiн берiлмеген таратылатын Қор мүлкiнiң (активтерiнiң) жетпестiгiне қанағаттанбаған несие берушiнiң талап-өтiнiшi, сондай-ақ заңды тұлғаның талап-өтiнiшi өтелген болып саналады.
      Сондай-ақ Тарату комиссиясы мойындамаған несие берушiлердiң талаптары, егер олар сотқа талап қоюмен шағымданбаған болса, және несие берушiге сот шешiмiмен қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген болып саналады.

           8. Есеп айырысу тәртiбi және таратуды аяқтау
      42. Таратылатын қордың несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлкi, егер заңда немесе таратылатын Қордың құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, оның меншiк иесiне немесе осы мүлiкке заттық құқығы немесе таратылатын Қорға қатысты мiндеттемелiк құқығы бар қатысушысына берiледi.
      43. Егер таратылатын Қордың кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн ақша қаражаты жеткiлiксiз болса, тарату комиссиясы Агенттiктiң нормативтiк актiлерiмен және қолданылып жүрген заңдармен айқындалған тәртiппен Қордың мүлкiн жария саудаластықта және/немесе бәсекелестiк ұсыныстар негiзiнде сатуды жүзеге асырады.
      44. Таратылатын қордың несие берушiлерiне ақшалай сомаларды төлеудi тарату комиссиясы аралық тарату балансына сәйкес ол бекiтiлген күннен бастап осы Ережеде белгiленген кезектiлiк бойынша жүзеге асырады.
      45. Тарату комиссиясы несие берушiлермен есептесулер аяқталғаннан кейiн Қорды тарату және тарату балансы туралы есеп берудi жасап, оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне Ұлттық Зейнетақы агенттiгiне бекiтуге (қарауға) тапсырады. Ұлттық Зейнетақы агенттiгi бекiткен (қараған) тарату балансы мен Қорды тарату туралы есеп екi республикалық газетте жариялануға жатады.
      46. Әдiлет министрлiгi немесе оның аумақтық органдары заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуге бұл туралы жазба түсiргеннен кейiн Қорды тарату аяқталған болып, ал Қор өз қызметiн тоқтатқан болып саналады.

                       9. Қорытынды ережелер
      47. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасы қолданылып жүрген заңдарының нормаларына сәйкес шешiлуге жатады.