Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерiне қойылатын негiзгi талаптар

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 1997 жылғы 27 тамыз N 3-П. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 12 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 367.

Қолданыстағы

      Ескерту: Құжаттың, жалпы ережелердің атауындағы, кіріспедегі "Ережелер" деген сөз "Зейнетақы ережелері" сөздермен ауыстырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .

Келiсiлген         
Қазақстан Республикасының 
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрi     
________________    
1997 жылғы 27.08    

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты  
әлеуметтiк қорғау  
министрлiгi Ұлттық 
зейнетақы агенттiгiнiң
1997 жылғы 27.08. N 3-П
бұйрығымен      
бекiтiлген     

      Жинақтаушы зейнетақы қорының ережелерiне қойылатын негiзгi талаптар "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N , -бап) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асырушы барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары үшiн мiндеттi болып табылады.

1. Зейнетақының жалпы ережелері

      1.1. Жинақтаушы зейнетақы қорының ережелерi (Бұдан әрi - Қордың ережелерi) - жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрi - Қор), оның Салымшылары мен Алушыларының құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын құжат.

      1.2. Қордың ережелерi Салымшы мен Алушының мүдделерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс.

      1.3. Әрбiр қор Қордың ережелерiн "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның  (бұдан әрi - Заң) 29-бабының 2-тармағына және жинақтаушы зейнетақы қорының ережелерiне қойылатын негiзгi талаптарға (бұдан әрi - Негiзгi талаптар) сәйкес дербес әзiрленуi тиiс. Қордың ережелерi Қордың Жарғысында айқындалған тәртiппен қабылданады және оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң
Ұлттық зейнетақы агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) бекiтедi.

      1.4. Агенттiк Қорлардың бекiтілген Ережелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзедi.

2. Зейнетақы Ережелерiнiң мазмұны

      Қордың Зейнетақы Ережелерiнде мынадай бөлiмдер қамтылуы тиiс:
      2.1. Қордың атауы және деректемелері, құрылтайшылар, кастодиан-банкі және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі
компания туралы мәліметтер
      Ескерту. 2.1-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агентінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .

      Бөлімнің мазмұны мынадай болуға тиіс.
      "1. Қор туралы мәліметтер:
      Атауы ________________________
      Орналасқан жері ______________
      Банк реквизиттері ____________
      2. Қордың құрылтайшылары туралы мәліметтер:
      а) Заңды тұлғалар
____________________________________________________________________     Рет  |   Атауы  |  Орналасқан |  Қызметі түрі  |  Жарғылық
     N    |          |  жері       |                |  капиталдағы
          |          |             |                |  үлесі
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
     б) Жеке тұлғалар
____________________________________________________________________     Рет  | Аты-жөні |  Орналасқан |  Жұмыс орны    |  Жарғылық
     N    |          |  жері       |                |  капиталдағы
          |          |             |                |  үлесі
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
     3. Кастодиан-банкі және зейнетақы қорларын басқару компаниялар (ЗҚБК)
____________________________________________________________________                                      Атауы         | Кастодиан
                                                    | шартын жасасу
                                                    | күні
________________________________________________________________________________________________________________________________________1. Кастодиан-банкі
____________________________________________________________________2. ЗҚБК
____________________________________________________________________

      2.2. Зейнетақы шарттарын жасасудың тәртiбi
      Бұл бөлiмде мынадай шарттар көрiнiс табуы тиiс:
      а) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы зейнетақы шартын Қор дербес, не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiппен шартты дербес жасауға құқығы бар жеке тұлғамен зейнетақы шарттарын жасау жөнiндегi қордың Агенттерi (бұдан әрi - Қордың Агенттерi) арқылы жасалуы тиiс;
      б) ерiктi зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы зейнетақы шартын Қор дербес өзi, не Қордың Агенттерi арқылы:
      - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiппен шартты дербес жасауға құқығы бар жеке тұлғамен;
      - үшiншi тұлғаның пайдасына заңды немесе жеке тұлғамен жасауы тиiс;
      в) Қордың атынан зейнетақы шарттарын жасауға уәкiлеттi Қордың агентi заңды немесе жеке тұлға болуы мүмкiн;
      г) Қор Агентiнiң қызметi Қормен жасасылған шартқа сәйкес жүзеге асырылады;
      д) Қор Қордың Агентiне - жеке тұлғаға зейнетақы шарттарын жасауға сенiмхат беруi тиiс;
      е) Қордың Агентi өзiмен шарт жасасқан Қордың атынан ғана зейнетақы шартын жасасуға құқылы;
      ж) ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары Салымшымен зейнетақы шарттарын жасасудан бас тартуға құқылы емес;
      з) корпоративтi жинақтаушы зейнетақы қорлары Салымшылардан корпоративтiк қордың ұйым - құрылтайшыларының қызметкерлерiнен зейнетақы шарттарын жасаудан бас тартуға құқығы жоқ;
      и) зейнетақы шарты мiндеттi зейнетақы жарналары үшiн 1-қосымшаға және ерiктi зейнетақы жарналары үшiн 2-қосымшаға сәйкес үлгi шарт нысаны бойынша құрастырылады;
      к) әрбiр зейнетақы шарты қазақ немесе орыс тiлдерiнде үш данада жасалады, ол тiгiлiп, тараптар қол қояды, Қордың мөрiмен бекiтiледi;
      л) зейнетақы шартына қол қойылған соң Салымшыға нақты жинақтаушы зейнетақы қорының (кімнің есебінен екендігі көрсетілсін) 3-қосымшаға сәйкес ақпараты бар Салымшының Есеп кiтапшасы берiледi;
      м) Салымшының Есеп кiтапшасы жойылған жағдайда Салымшының өтiнiшiнiң негiзiнде оған Қор дубликат (кімнің есебінен екендігі көрсетілсін) беруге мiндеттi.
      Ескерту. 2.2-бөлім өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агентінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен

      2.3. Зейнетақы шарттарының қолданылуын өзгертудiң немесе тоқтатудың тәртiбi
      Бұл бөлiмде мынадай шарттар көрiнiс табуы тиiс:
      а) шарт Алушының өтiнiшiнiң негiзiнде ғана бұзылына алады. Салымшының зейнетақы жарналарын енгiзудi тоқтатуы Қормен шартты бұзуға себеп болып табылмайды;
      б) Қор зейнетақы жарналары зейнетақы шарттарына сәйкестiкте енгiзiлмеген, Салымшы зейнетақы жарналарын енгiзудi тоқтатқан жағдайларда, немесе басқа да негiздер бойынша зейнетақы шартын өзгерiстер енгiзудi талап етуге құқылы;
      в) Қор Алушының Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерде тұрақты тұруға кеткен жағдайда, осы ниетiн растайтын құжаттардың негiзiнде зейнетақы жинауларын бере отырып шартты бұза алады.
      Ескерту. 2.3-бөлім өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агентінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .

      2.4. Зейнетақы жарналары мен төлемдерiн жүзеге асырудың
тәртiбi
      Зейнетақы жарналары мен төлемдерiн жүзеге асырудың тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң белгiленген тәртiбiне және зейнетақы шартына сәйкес болуы тиiс.
      Бұл бөлімде зейнетақы төлемдерін тағайындауға арналған өтінішті Алушы қай мерзімде жасауға тиісті екендігін көрсету қажет.
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін
Алушының мұрагерлеріне немесе Алушыға зейнетақы жинақтарын төлеген
жағдайда, Қор зейнетақы шартын бұзған күннен бастап 7 банк күні
ішінде аударым жөніндегі операцияларды алушының қаражаты есебінен
жүзеге асырады.
      Ескерту. 2.4-бөлім толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .

      2.5. Қордың Алушылар мен Салымшылардың алдындағы мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi
      Бұл бөлiмде мынадай шарттар көрiнiс табуы тиiс:
      а) Қор Салымшылар мен Алушылардың алдында өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң барлық мүлкiмен жауапкершiлiкте болады;
      б) Қордың басшы қызметкерлерi Салымшылар мен Алушылардың алдында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады;
      в) Салымшылар мен Алушылар жинақтаушы зейнетақы қорларының Салымшылар мен Алушылардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейтiнi секiлдi жинақтаушы зейнетақы қорларының мiндеттемелерi бойынша да жауап бермейдi.

      2.6. Жинақтаушы зейнетақы қорларының Салымшыларды және Алушыларды ақпараттандыруы
      Бұл бөлiмде мынадай шарттар көрiнiс табуы тиiс:
      а) Қор салымшыларды және алушыларды олардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шарттармен жылына бір рет ақпараттандыруға міндетті;
      б) зейнетақы жинауларының жай-күйi туралы, сондай-ақ зейнетақы жинаулары басқа жинақтаушы зейнетақы қорға аударылған жағдайда Қор Салымшыға және Алымшыға ақыға кез келген талап бойынша қосымша ақпарат беруi тиiс;
      в) Қор өзiнiң барлық Салымшылары мен Алушыларын тапсырысты хатпен жазбаша хабарландыру жолымен Агенттiктен қайта ұйымдастыруға рұқсат алған күннен бастап екi аптаның iшiнде, таратуға - он күннiң iшiнде алдағы болатын қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы хабарландыруы тиiс.
      Ескерту. 2.6-бөлімнің атауы және мәтіні өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы
агентінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен , 1998 жылғы 18 желтоқсандағы N 174-П бұйрығымен .      

      2.7. Зейнетақы жинақтарын Қордан басқа жинақтаушы зейнетақы
қорына аудару шарттары
      Бұл бөлiмде мынадай шарттар көрiнiс табуы тиiс:
      а) Салымшы/Алушы өзiнiң зейнетақы жинауларын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына жылына екi реттен аспайтын жиiлiкте аударуға құқығы бар;
      б) Салымшы/Алушы Қорға тегiн, атын, әкесiнiң атын, әлеуметтiк жеке кодының нөмiрiн, жеке зейнетақы шотының нөмiрiн, сондай-ақ зейнетақы жинауларын аударатын Қордың реквизиттерiн көрсете отырып зейнетақы жинауларын аудару туралы өтiнiш беруi тиiс;
      в) Қор инвестициялық кiрiстi есептеудiң соңғы күнiндегi зейнетақы жинауларының барлық сомасын шарт бұзылған күннен бастап жетi банк күнiнiң iшiнде басқа жинақтаушы зейнетақы қорғау аударуға (кімнің есебінен екендігі көрсетілсін) мiндеттi;
      г) Қор Салымшының Есеп кiтапшасына зейнетақы жинауларының аударылғандығы туралы тиiстi белгi жасауы керек;
      д) Қор зейнетақы жинақтарын дер уақытында аудармаған жағдайда Агенттiк заңдарға сәйкес ықпал ету шараларын қолданады;
      е) Қор қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде зейнетақы жинаулары "Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастырудың және таратудың тәртiбi туралы" ережеге сәйкес жүргiзiледi.
      Ескерту. 2.7-бөлімнің атауы және мәтіні өзгертілді - ҚР Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агентінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .
     

2.8. Қордың, Салымшы мен Алушының арасындағы құқықтық
қатынастардың өзге ерекшелiктерi
      Бұл бөлiмде мынадай шарттар көрiнiс табуы тиiс:
      а) Алушы қайтыс болған жағдайдағы зейнетақы жинауларын мұралаудың шарттары:
      - Алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не Алушыны жерлеген адамға Қор он бес есе айлық есептi көрсеткiштiң шегiнде бiрақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге бiр жолғы төлем жасайды;
      - Салымшы/Алушы қайтыс болған жағдайда мұраға алатын сома оны алған жағдайда жерлеуге арналған бiр жолғы төлемдi шегерiп тастағандағы инвестициялық кiрiстi есептеудiң соңғы күнiндегi зейнетақы жинауларының сомасына тең болады;
      зейнетақы жинауларын мұралау туралы мәселеленi шешу кезiнде туындайтын барлық мәселе Азаматтық кодекстiң қолданылып жүрген нормаларымен реттеледi;
      б) Салымшы/Алушы мүгедек болған жағдайда ерiктi зейнетақы жарналарының есебiнен берiлетiн зейнетақы төлемдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген жинақтаушы зейнетақы қорларынан берiлетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырудың тәртiбiмен белгiленедi;
      в) Қазақстан Республикасынан сыртқа кететiн азаматтарға зейнетақы төлеудiң тәртiбi мен шарттары.
      Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға сыртқа кетушi азаматтарға зейнетақы төлеудiң тәртiбi мен шарттары жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлеудi жүзеге асырудың Тәртiбiне сәйкес жүргiзiлуi тиiс.
      Ескерту. 2.8-бөлім өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агентінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .

3. Қордың ережелерiн бекiтудiң тәртiбi

      3.1. Қордың ережелерi лицензия алу үшiн қажет құжаттардың қатарында ұсынылады және құрылтайшылардың/акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен бұл туралы оң жақтағы жоғары бұрышқа белгі салынып, хаттаманың нөмірі және бекітілген күні көрсетіле отырып бекітілуге тиіс.
      Ескерту. 3.1-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .

      3.2. Агенттiк екi апта мерзiмде Қордың жоғары басқару органы ұсынған құжаттарды қарайды, мынадай тұжырымдамамен Қордың Ережелерiн бекiту туралы шешiм шығарады: "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгi бекiткен. Ұлттық зейнетақы агентiнiң директоры. Бұйрықтың шығарылған күнi, нөмiрi", сөйтiп Агенттiк директорының қолымен және мөрiмен расталады.

      3.3. Бас тартылған жағдайда Қор Агенттiктiң дәлелдi қорытындысын алады. Бекiтуден бас тартуға Қор Ережелерiнiң заң актiлерiнiң талаптары мен осы Негiзгi талаптарға сәйкес келмеуi негiз болып табылады.

      3.4. Қор Агенттiктiң ескертпелерiн ескере отырып пысықтаған соң құжаттарды бекiтуге қайта жiберуге құқылы.

      3.5. Қор Агенттiктiң iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.

4. Қордың ережелерiне өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзудiң тәртiбi

      4.1. Қордың жоғары басқару органы Қордың Ережелерiне
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылдаған жағдайларда Агенттiктен мыналар тапсырылуы қажет:
      - қорларында басшылық қол қойылған фирмалық бланкiдегi Қордың
Ережелерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар туралы жазбаша
өтiнiш;
      - Қордың өзгерiстер мен толықтырулар бар Ережелерi.
      Ескерту. 4.1-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .

      4.2. Қордың Ережелерiне өзгерiстер мен толықтырулар, егер олар Салымшылар мен Алушылардың мүлiктiк жағдайын нашарлатпайтын болғанда жол берiледi.

      4.3. Қордың Ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар оларды Агенттік бекіткен күннен бастап он күннің ішінде жазбаша хабарлама арқылы Салымшылар мен Алушыларға жіберіледі.
      ЕСКЕРТУ. 4.3-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .

5. Қордың Ережелерiнiң қолданылуының тоқтатылуы

      5.1. Қордың Ережелерiнiң қолданылуы заңды тұлға ретiндегi Қордың қызметi тоқтатылған кезде тоқтатылады, бұл туралы Агенттiк Қордың бекiтiлген Ережелерiнiң тiзiлiмiне тиiстi белгi соғады.

6. Қорытынды Зейнетақы ережелері

      6.1. Агенттiк бекiткен Қордың Ережелерi Алушы/Салымшы көре алатын жерде Қордың үй-жайында iлiнiп қойылады.

      6.2. Қордың қызметiне салық салу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

      6.3. Қор заңда белгiленген тәртiпте қаржы қызметi бойынша есептi жүзеге асырады және есеп берудi жүргiзедi.

      6.4. Ашық жинақтаушы зейнетақылық қордың қаржы жылындағы қызметiнiң нәтижелерi бойынша қаржы есебi республикалық басылымдарда есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 наурызына дейiн жариялауға жатады.
      Ескерту. 6.4-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .

      6.5. Қордың ережелерiн қолдануға байланысты Қордың және
Салымшының/Алушының, не оның мұрагерлерiнiң арасындағы туындаған
даулар заңда көзделген тәртiппен шешiледi.

1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .

Мiндеттi зейнетақы жарналарының есебiнен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы
ҮЛГI ЗЕЙНЕТАҚЫ ШАРТЫ

     199__ жылдың "____"______________    _________________________
                                            (елдi мекеннiң атауы)
                                          N____ әлеуметтiк жеке коды
                                          N___ әлеуметтiк жеке шоты

     Бiр тараптан, жарғының және зейнетақы жарналарын тарту мен
зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға байланысты қызметке 199__ жылы
"___"____________ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгi (бұдан
әрi - Агенттiк) берген N ______________ лицензияның негiзiнде_______
____________________________________________________________________
                        (лауазымы, Т.А.Ә.)
атынан iс-әрекет ететiн бұдан әрi "Қор" деп аталатын _______________
жинақтаушы зейнетақы қоры
____________________________________________________________________
                    (қордың атауы мен мекен-жайы)
мен, екiншi тараптан, бұдан әрi "Салымшы" деп аталатын азамат
____________________________________________________________________
  (тегi, аты, әкесiнiң аты толық және туған күнi толық көрсетiлсiн
жеке басының куәлiгi (төлқұжат) сериясы _______________N____________
мына туралы Зейнетақы шартын (бұдан әрi - Шарт) жасасты:

      1. Шарттың нысанасы

      Қор мен сонымен қатар Алушы болып табылатын Салымшы осы
Шарттың жағдайында мiндеттi зейнетақы жарналарының есебiнен
зейнетақымен қамсыздандыру жөнiнде өздерiне тиiстi мiндеттемелер
қабылдайды.
      Ескерту. 1-бөлім өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің
1998.03.09. N 29 бұйрығымен .

2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      2.1. Қор:
      - осы Шартта айқындалған, бiрақ заңдарда белгiленетiн шектi
шамадан аспайтын мөлшерде комиссиялық сыйақылар алуға;
      - салық органдарына Алушының зейнетақы жарналары жөнiндегi мiндеттемелерiн атқармауына байланысты өтiнiш жасауға құқығы бар.
      Қор:
      - мiндеттi зейнетақы жарналарын қабылдауға;
      - Алушының зейнетақы жинауларын қалыптастыруға және зейнетақы активтерiн тек уәкiлеттi банк-кастодианда ғана сақтауға;
      - Алушының зейнетақы жинауларының және оған жүргiзiлген төлемдердiң жеке есебiн жүзеге асыруға;
      - "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның 32-бабының 2-тармағына сәйкес инвестициялық қызметтi дербес (Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры үшiн) жүзеге асыруға немесе "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның 41-бабының 7-тармағына сәйкес Алушының зейнетақы жинауларына инвестициялық кiрiстi есептей отырып зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға арналған зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниямен шарттар жасауға (мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорлары үшiн);
      - зейнетақы жинауларының нақты құны азайған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен инвестициялық кiрiстiң шығынын өтеуге (корпоративтi жинақтаушы зейнетақы қорлары үшiн);
      - Алушыға Қордың қаражатының есебiнен Алушының Есеп кiтапшасына белгi жасай отырып жылына бiр рет зейнетақы жинауларының жай-күйi туралы ақпарат беруге;
      - Алушының кез келген талабы бойынша осы қызметтердi көрсетуге арналған iс жүзiндегi шығындардан аспайтын ақыға зейнетақы жинауларының жай-күйi туралы қосымша ақпарат беруге;
      - өзiнiң барлық Алушыларын тапсырысты хатпен жазбаша хабарландыру жолымен Агенттiктен қайта ұйымдастыруға рұқсат алған күннен бастап екi апта iшiнде және тарату үшiн - он күннiң iшiнде алдағы болатын қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы хабарландыруға;
      - Алушының зейнетақы жинауларының жай-күйi туралы ақпараттың құпиялылығын сақтауға;
      - Алушының өтiнiшi бойынша инвестициялық кiрiстi есептеудiң соңғы күнiндегi зейнетақы жинауларының бүкiл сомасын зейнетақы шарты бұзылған күннен бастап жетi банк күнiнiң iшiнде басқа жинақтаушы зейнетақылық қорғау аударуға;
      - Алушыларға олар зейнетақы жасына жеткен кезде және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырудың тәртiбiмен" белгiленген талаптарға сәйкес және өзге жағдайларда зейнетақы төлемдерiн жүргiзуге;
      - Алушы қайтыс болған жағдайда оның жеке зейнетақылық шотында жатқан барлық сома Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарт бұзылған күннен бастап 7 банк күні ішінде Алушының мұрагеріне мұрагердің қаражаты есебінен төленсін.
      - Алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін жағдайда, зейнетақы шартын бұзған күннен бастап 7 банк күні ішінде аударым жөніндегі операциялар Алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылсын.
      - жылдың қаржы есептерiнiң деректерi бойынша өзiнiң қызметiне аудиторлық тексерiстердi жүзеге асыруға;
      - Алушыға шарт жасасылған соң зейнетақы жинауларына мүлiктiк құқықты куәландыратын Қордың Алымшының Есеп кiтапшасын (жоғалған жағдайда - оның дубликатын) беруге мiндеттi.
      Ескерту. 2.1-тармақтың "Қор" бөлімшесі өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .

      Салымшы:
      - өзiнiң зейнетақы жинаушыларының жай-күйi туралы кез келген уақытта ақпарат алуға;
      - Қордың iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағымдануға;
      - зейнетақы жасына жеткен кезде және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген жағдайларда Қордан зейнетақы төлемдерiн алуға;
      - осы Шартты, егер шартты бұзу Қорларда күнтiзбелiк жылдың iшiнде екi реттен аспайтын болса, өзiнiң зейнетақы жинауларын басқа жинақтаушы зейнетақылық қорғау аудара отырып бiржақты тәртiппен бұзуға;
      - Алушы қайтыс болған жағдайда, зейнетақылық жинақтар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген тәртіппен мұралыққа өтеді;
      - осы Шартты Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұрақты тұруға кетуi жағдайында аталған ниетiн тиiстi құжаттармен растай отырып, өзiнiң зейнетақы жинауларын алып, бiржақты тәртiппен бұзуға құқығы бар.

      Салымшы:
      - заңдарға және осы шартқа сәйкес 19__ жылдың _________ бастап мiндеттi зейнетақы жарналарын енгiзуге;
      - Қорға 10 күн iшiнде Қордың тарапынан мiндеттемелерiн орындауына әсер ететiн өзгерiстер туралы хабарлауға;
      - Қорға осы шартты бұзуы туралы осы Шартпен жол берiлетiн мерзiм өткен соң, осы шартты бұзудың күнiне дейiн 15 күннен кешiктiрмей бiржақты тәртiппен бұзуы туралы хабарлауға;
      - Қордың Ережелерiмен танысуға және оларды Шарттың қолданылуының бүкiл мерзiмi iшiнде сақтауға мiндеттi. Қордың Ережелерiмен таныстым ____________ (иә, жоқ);
      Ескерту. 2.1-тармақтың "Салымшы" бөлімшесі өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .
      2.2. Осы Шартқа қол қойылған соң үш күннiң iшiнде Алушы өзiнiң жұмыс берушiсiне осы Шартқа қол қойылған күн, өзiнiң әлеуметтiк жеке кодының нөмiрi, жеке зейнетақы шоты мен қордың реквизиттерi туралы хабарлайды, сондай-ақ осы Шарттың үшiншi данасын бередi. Аталған iс-әрекеттер Алушының тапсырмасын және осымен бiр мезгiлде мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерiн ұстауға ұйым-жұмыс берушiге өкiмiн де бiлдiредi.
      Ескерту. 2.2-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты        әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .
      2.3. Зейнетақы төлемдерiн алудың тәртiбi зейнетақы төлемдерiнiң сәтiнде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.

3. Зейнетақы жарналарын енгiзудiң тәртiбi мен шарттары

      3.1. Мiндеттi зейнетақы жарналары осы Шарт бойынша Алушы ай сайын - жұмыс берушiлерден оларды ұстап қалу жолымен, сондай-ақ осы Шартта көрсетiлген Қордың банк шотына аударыла отырып дербес енгiзiледi.
      Ескерту. 3.1-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .
      3.2. Мiндеттi зейнетақы жарналары заң актiлерiмен айқындалған тәртiппен зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын Салымшының кiрiстерiнен 10 процент, бiрақ ең төменгi еңбекақы мөлшерiнiң он процентiнен төмен емес мөлшерде айқындалады. 

4. Мiндеттемелердiң орындалмауы жағдайындағы
тараптардың жауапкершiлiгi

      4.1. Осы Шарт бойынша қабылданған мiндеттемелердiң атқарылмағаны немесе тиiссiз түрде атқарылғаны үшiн тараптар осы Шартта және қолданылып жүрген заңдарда көрсетiлген тәртiппен жағдайларда жауапкершiлiкте болады.
      4.2. Алушыға зейнетақы жинауларының жай-күйi туралы есептер беруден бас тартқаны үшiн Қор әрбiр бас тартудың фактiсi үшiн айыппұлды төлеу сәтiнде заң актiлерiмен белгiленген ең төменгi есептi көрсеткiштердiң __________ мөлшерiнде айыппұл түрiнде жауаптылықта болады.
      Ескерту. 4.2-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .
      4.3. Зейнетақы төлемдерiн (зейнетақы жинақтарын беруді немесе аударуды) кешiктiрген жағдайда Қор Алушының пайдасына әрбiр кешiктiрiлген күн үшiн кiдiртiлген төлем (аударым) сомасының ____________% есебiнен өсiмақы төлеуге мiндеттi. Өсiмақыны төлеу Қорды iс жүзiндегi зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттемелерiн атқарудан босатпайды.
      Ескерту. 4.3-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .
      4.4. Тараптар форс-мажор жағдаяттары болған кезде жауапкершiлiктен босатылады, бұған соғыстар, табиғи зiлзалалар, жаппай тәртiпсiздiктер, белгiленген тәртiппен жарияланған төтенше жағдайлар мен тараптардың шарт бойынша өздерiнiң мiндеттемелерiн атқару орындарында болатын және болған және оларды атқаруға кедергi жасайтын және тараптардың ерiк-жiгерiне қатысы жоқ жағдайлар танылады.
      4.5. Осы Шартпен реттелмеген жауапкершiлiк мәселелерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес регламенттеледi.

5. Шартты өзгертудiң және бұзудың тәртiбi мен ережелерi

      5.1. Осы Шарт тараптардың өзара келiсiмi бойынша заңмен айқындалмаған позициялар бойынша ғана (өзгерiстердiң мүмкiншiлiгi) және оларға толықтырулар заңдарға қайшы келмейтiн позициялар бойынша ғана (толықтырулардың мүмкiншiлiгi) жазбаша түрде өзгертiлуi және толықтырылуы мүмкiн.
      5.2. Шартқа Алушының құқықтарын қозғайтын өзгерiстер мен толықтырулар Алушының жазбаша келiсiмi болған кезде ғана күшi бар.
      5.3. Осы Шарт тараптардың өзара келiсiмi бойынша, сондай-ақ қабылдаған мiндеттемелердi тараптардың сотының шешiмi заңды күшiне енуiнiң негiзiнде мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
      Осы шарт бiржақты тәртiппен салымшының бастамашылығы бойынша ғана, сондай-ақ Алушы корпоративтi Қордың ұйым-құрылтайшысымен немесе акционерiмен еңбек келiсiмiн үзген жағдайда, корпоративтi Қордың бастамашылығы бойынша бiржақты тәртiппен бұзылуы мүмкiн.
      Ескерту. 5.3-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .
      5.4. Зейнетақы жарналары Шартпен сәйкестiкте енгiзiлмеген, зейнетақы жарналарын енгiзу тоқтаған немесе тоқтатыла тұрған жағдайларда Қор Шартқа өзгерiстер енгiзудi талап етуге құқылы.

6. Шарттың қолданылу мерзiмi

      6.1. Шарт _____________ бастап күшiне енедi.
      6.2. Шарт тараптар өздерiнiң мiндеттемелерiн осы зейнетақы
шарты бойынша толық орындағанға дейiн қолданылады.
      6.3. Шарт Алушыға зейнетақы жинауларының барлық сомасын төлеген соң өзiнiң күшiн жоғалтады.

7. Дауларды шешудiң тәртiбi

      7.1. Тараптардың осы Шарт бойынша реттелмеген дауларын Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының негiзiнде өздерiнiң құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасының соттары қарайды.
      7.2. Осы Шарт бiрдей заңдық күшi бар қазақ және орыс тiлдерiнде үш данада жасалады. Тараптардың әрқайсысында бiр-бiр данадан, үшiншi дана зейнетақы жарналарын ұстауды жүргiзушi ұйым-жұмыс берушiде болады.

8. Тараптардың реквизиттерi мен қолдары

      Ескерту. 8-бөлім өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің
1998.03.09. N 29 бұйрығымен .

      ҚОР                                АЛУШЫНЫҢ
     ______________________            ______________________
     ______________________            ______________________
     ______________________            ______________________
     ______________________            ______________________
     (Қордың, филиалдың,               (тегi, аты, әкесiнiң
     өкiлдiктiң реквизиттерi,          аты, мекен-жайы,
     мекен-жайы, телефондары,          телефондары және т.б.)
     есеп айырысу шоты және
     т.б.)
     ______________________            ______________________
     (Қордың өкiлiнiң қолы)            (алушының қолы)

     М.О.    

      КАСТОДИАН
     ___________________
     ___________________
     ___________________
     (Кастодианның реквизиттері,
      мекен-жайы, телефондары, есеп шоты)
       

2-қосымша

Ерiктi зейнетақы жарналарының есебiнен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы
ҮЛГI ЗЕЙНЕТАҚЫ ШАРТЫ

      Ескерту. 2 қосымша өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .

     199__ жылдың "__"_____________________    __________________
                                              (елдi мекеннiң атауы)
                                              Әлеуметтiк жеке
                                              коды_________________
                                       N_______ жеке зейнетақы шоты

     Бiр тараптан, жарғының және зейнетақы жарналарын тарту мен
зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға байланысты қызметке арналған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Ұлттық зейнетақы агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) 199___ жылы "___"______________ берген N ____________ лицензияның негiзiнде iс-әрекет жасаушы _____________________________________
_________________________________________________________________
атынан бұдан әрi "Қор" деп аталатын______________________________
мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры (қордың атауы мен
_________________________________________________________________
мекен-жайы) мен, екiншi тараптан, бұдан әрi "Салымшы" деп аталатын
__________________________________________________________________
(ұйымның атауы, мекен жайы, банк реквизиттерi - заң тұлғалар үшiн:
____________________________________________________________________тегi, аты, әкесiнiң аты, мекен-жайы - жеке тұлғалар үшiн)
_________________________________________________________ атынан
     (заңды тұлғаның өкiлi)
____________________________________________________________________
          (лауазымы, Т.А.Ә.)
және, үшiншi тараптан, бұдан әрi "Алушы" деп аталатын азамат
____________________________________________________________________
     (Т.А.Ә., туған күнi және орны)
____________________________________________________________________
     жеке басының куәлiгi (төлқұжат) сериясы _________ N ___________
     199__ жылы "____"__________________________________ берiлген
                           (кiм және қашан берiлген)
     мына туралы Зейнетақы шартын (бұдан әрi - Шарт) жасасты:

      1. Шарттың нысанасы
      Қор, Салымшы мен Алушы осы Шарттың жағдайында ерiктi зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру жөнiнде өздерiне тиiстi мiндеттемелер алады.
      2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
      2.1. Қордың:
      - осы Шартта айқындалған, заңдарда белгiленетiн шектi шамадан аспайтын мөлшерде комиссиялық сыйақылар алуға құқығы бар;
      Қор:
      - ерiктi зейнетақы жарналарын қолданылып жүрген заңдарда және осы Ережеде көзделген тәртiппен қабылдауға;
      - Алушының зейнетақы жинауларын қалыптастыруға және зейнетақы активтерiн тек уәкiлеттi банк-кастодианда ғана сақтауға;
      - Алушының зейнетақы жинауларының және оған жүргiзiлген төлемдердiң жеке есебiн жүзеге асыруға;
      - "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның 41-бабының 7-тармағына сәйкес Алушының зейнетақы жинауына инвестициялық кiрiстi есептей отырып инвестициялық қызметке арналған зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниямен шарттар жасауға;
      - зейнетақы жинауларының нақты құны азайған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен инвестициялық кiрiстiң шығынын өтеуге (корпоративтi жинақтаушы зейнетақы қорлары үшiн);
      - Алушыға Қордың қаражатының есебiнен Салымшының Есеп кiтапшасына белгi жасай отырып жылына 1 рет зейнетақы жинауларының жай-күйi туралы ақпарат беруге;
      - Алушының кез келген талабы бойынша осы қызметтердi көрсетуге арналған iс жүзiндегi шығындардан аспайтын ақыға зейнетақы жинауларының жай-күйi туралы қосымша ақпарат беруге;
      - Алушыны тапсырысты хатпен жазбаша хабарландыру жолымен Агенттiктен қайта ұйымдастыруға рұқсат алған күннен бастап екi апта iшiнде және өзінің барлық Салымшыларын тарату үшiн - он күннiң iшiнде алдағы болатын қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы хабарландыруға;
      - Алушының зейнетақы жинауларының жай-күйi туралы ақпараттың құпиялылығын сақтауға;
      - Алушының өтiнiшi бойынша инвестициялық кiрiстi есептеудiң соңғы күнiндегi зейнетақы жинауларының бүкiл сомасын зейнетақы шарты бұзылған күннен бастап жетi банк күнiнiң iшiнде басқа жинақтаушы зейнетақылық Қорға аударуға;
      - Алушыға олар зейнетақы жасына жеткен кезде, мүгедек болғанда және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген зейнетақы заңдарында көзделген өзге де жағдайларда зейнетақы төлемдерiн жүргiзуге;
      - Алушы қайтыс болған жағдайда оның жеке зейнетақылық шотында жатқан жағдайда оның жеке зейнетақылық шотында жатқан барлық сома Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарт бұзылған күннен бастап 7 банк күні ішінде Алушының мұрагеріне мұрагердің қаражаты есебінен төленсін;
      - Алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін жағдайда, зейнетақы шартын бұзған күннен бастап 7 банк күні ішінде аударым жөніндегі операциялар Алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылсын;
      - жылдық қаржы есептерiнiң деректерi бойынша өзiнiң қызметiне
аудиторлық тексерiстердi жүзеге асыруға;
      - Алушыға зейнетақы жинауларына мүлiктiк құқықты куәландыратын салымшының Есеп кiтапшасын (жоғалған жағдайда - оның дубликатын) беруге мiндеттi;

      Салымшы:
      - нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша Алушының атынан
iс-әрекет етуге;
      - Қордың iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағымдануға;
      - зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алуға.
      Салымшы:
      - заңдарға және осы Шартқа сәйкес 19__ жылдың _________ бастап
ерiктi зейнетақы жарналарын ________________________________________
                                       (ай сайын,
_________________________ мөлшерiнде енгiзуге;
тоқсан сайын, жыл сайын)
      - Қорға 10 күн iшiнде Қордың тарапынан мiндеттемелерiн орындауына әсер ететiн өзгерiстер туралы хабарлауға;
      - Қордың Ережелерiмен танысуға және оларды Шарттың қолданылуының бүкiл мерзiмi iшiнде сақтауға мiндеттi. Қордың Ережелерiмен таныстым ____________ (иә, жоқ);
      Алушының:
      - кез келген уақытта өзiнiң зейнетақы жинауларының жай-күйi туралы ақпарат алуға;
      - Қордың iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағымдануға;
      - Шартта көзделген мерзiм басталғанға дейiн, төлем сәтiндегi қолданылып жүрген зейнетақы заңдарында көзделген тәртiппен мүгедек болған кезде зейнетақы төлемдерiн ала бастауға;
      - Қазақстан Республикасынан сыртқа тұрақты тұруға кетуi жағдайында аталған ниетiн тиiстi құжаттармен растай отырып, өзiнiң зейнетақы жинауларын алып Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқығы бар;
      - осы Шартты, егер шартты бұзу Қорлармен күнтiзбелiк жылдың iшiнде екi реттен аспаған болса, өзiнiң зейнетақы жинауларын басқа жинақтаушы зейнетақылық қорғау аудара отырып бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы.

      Алушы:
      - Қордың тарапынан мiндеттемелерiн орындауға әсер ететiн өзгерiстер туралы Қорға хабарлауға;
      - Қордың Ережелерiмен танысуға мiндеттi. Қордың Ережелерiмен таныстым ____________ (иә, жоқ);
      - Қорды осы шартты бұзуы туралы осы Шартпен жол берiлетiн мерзiм өткен соң, осы Шартты бұзудың күнiне дейiн 15 күннен кешiктiрмей бiржақты тәртiппен бұзатыны туралы хабарландыруға;
      Ескерту. 2.1-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .
      2.2. Зейнетақы төлемдерiн алудың тәртiбi зейнетақы
төлемдерiнiң сәтiнде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
      3. Зейнетақы жарналарын енгiзудiң тәртiбi мен шарттары
      3.1. Ерiктi зейнетақы жарналары осы Шартқа және нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес төленедi.
      4. Мiндеттемелердiң орындалмауы жағдайындағы тараптардың
жауапкершiлiгi
      4.1. Осы Шарт бойынша қабылданған мiндеттемелердiң атқарылмағаны немесе тиiссiз түрде атқарылғаны үшiн тараптар осы Шартта және қолданылып жүрген заңдарда көрсетiлген тәртiппен жағдайларда жауапкершiлiкте болады.
      4.2. Алушыға зейнетақы жинауларының жай-күйi туралы есептер беруден бас тартқаны үшiн Қор әрбiр бас тарту фактiсi үшiн айыппұлды төлеу сәтiнде заң актiлерiмен белгiленген ең төменгi есептi көрсеткiштердiң __________ мөлшерiнде айыппұл түрiнде жауаптылықта болады.
      Ескерту. 4.2-бөлім өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .
      4.3. Зейнетақы төлемдерiн (зейнетақы жинақтарын беруді немесе аударуды) кешiктiрген жағдайда Қор Алушының пайдасына төлеуге ұсталған сомадан әрбiр кешiктiрiлген күн үшiн ____________% есебiнен өсiмақы төлеуге (аударым) мiндеттi. Өсiмақыны төлеу Қорды iс жүзiндегi зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттемелерiн атқарудан босатпайды.
      Ескерту. 4.3-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .
      4.4. Салымшының дер уақытында төлемеген ерiктi зейнетақы жарналарының сомалары әрбiр кешiктiрiлген күн үшiн (төлем жасау күнiн қоса алғанда) төленбеген сомадан ____________% мөлшерiнде өсiмақы есептей отырып Қорға енгiзуге жатады.
      4.5. Тараптар форс-мажор жағдаяттары болған кезде жауапкершiлiктен босатылады, бұған соғыстар, табиғи зiлзалалар, жаппай тәртiпсiздiктер, белгiленген тәртiппен жарияланған төтенше жағдайлар мен тараптардың шарт бойынша өздерiнiң мiндеттемелерiн атқару орындарында болатын және болған және оларды атқаруға кедергi жасайтын және тараптардың ерiк-жiгерiне қатысы жоқ жағдайлар танылады.
      4.6. Осы Шартпен реттелмеген жауапкершiлiк мәселелерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес регламенттеледi.
      5. Шартты өзгертудiң және бұзудың тәртiбi мен ережелерi
      5.1. Осы Шарт тараптардың өзара келiсiмi бойынша заңмен айқындалмаған позициялар бойынша ғана (өзгерiстердiң мүмкiншiлiгi) және толықтырулар заңдарға қайшы келмейтiн позициялар бойынша ғана (толықтырулардың мүмкiншiлiгi) жазбаша түрде өзгертiлуi және толықтырылуы мүмкiн.
      5.2. Шартқа Алушының құқықтарын қозғайтын өзгерiстер мен толықтырулар Алушының жазбаша келiсiмi болған кезде ғана күшi бар.
      5.3. Осы Шарт тараптардың өзара келiсiмi бойынша, соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң негiзiнде, сондай-ақ тараптар қабылдаған мiндеттемелерiн атқармаған жағдайда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
      Осы шарт бiржақты тәртiппен Алушының да бастамашылығы бойынша бұзылуы мүмкiн.
      Ескерту. 5.3-тармақ өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .
      5.4. Зейнетақы жарналарын Шартпен сәйкестiкте енгiзбеген, зейнетақы жарналарын енгiзу тоқтатқан немесе тоқтата тұрған жағдайларда Қор Шартқа өзгерiстер енгiзудi талап етуге құқылы.
      6. Шарттың қолданылу мерзiмi
      6.1. Шарт 199___ жылдың "__"______________ бастап күшiне
енедi.
      6.2. Шарт тараптар өздерiнiң мiндеттемелерiн осы шарт бойынша толық орындағанға дейiн қолданылады.
      6.3. Зейнетақы шарты Алушыға зейнетақы жинауларының барлық сомасы төленген соң күшiн жояды.
      7. Дауларды шешудiң тәртiбi
      7.1. Тараптардың осы Шарт бойынша реттелмеген дауларын Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының негiзiнде өздерiнiң құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасының соттары қарайды.
      7.2. Осы Шарт бiрдей заңдық күшi бар қазақ және орыс тiлдерiнде үш данада жасалады. Тараптардың әрқайсысында бiр-бiр данадан болады.
      8. Тараптардың реквизиттерi мен қолдары
      Ескерту. 8-бөлім өзгертілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.03.09. N 29 бұйрығымен .

      ҚОР                                Салымшы - жеке тұлға
      ______________________            ______________________
      ______________________            ______________________
      ______________________            ______________________
      ______________________            ______________________
      (Қордың, филиалдың,               (тегi, аты, әкесiнiң
      өкiлдiктiң реквизиттерi,          аты, мекен-жайы,
      мекен-жайы, телефондары,          телефондары және т.б.)
      есеп айырысу шоты және
      т.б.)
      ______________________            ______________________
      (Қордың өкiлiнiң қолы)            (салымшының қолы)

      М.О.

      АЛУШЫ (салымшы болып             Салымшының - заңды
            табылмайтын)               тұлға
      ______________________            ______________________
      ______________________            ______________________
      ______________________            ______________________
      ______________________            ______________________
     (тегі, аты, әкесінің              (салымшының реквизиттерi,
     аты, мекен-жайы,                  мекен-жайы, телефондары,
     телефондары,                      есеп айырысу шоты және
     және т.б.)                        т.б.)  

      ______________________            ______________________
      (Қордың өкiлiнiң қолы)            (өкілдіктің қолы)

      М.О.

      КАСТОДИАН
     ___________________
     ___________________
     ___________________
     (Кастодианның реквизиттері,
      мекен-жайы, телефондары, есеп шоты)

3-қосымша

      Мұқабасында:

Салымшының есеп кiтапшасы
Ашық (немесе корпорациялық) үлгiдегi мемлекеттiк емес
Жинақтаушы зейнетақы қоры
(қордың атауы)

      1-бетi:
      Есеп кiтапшасының нөмiрi______________________________________
      Ата тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi_______________________________
      ______________________________________________________________
      Туған күнi _____ Жеке бас куәлiгiнiң (төлқұжатың) нөмiрi _____
      _____________________Берiлген күнi 19___ж. "____"_____________
      Кiм бердi_____________________________________________________
      Әлеуметтік жеке кодтың нөмiрi_________________________________
      Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жеке шоттың нөмiрi ______
      ______________________________________________________________
      Ерiктi зейнетақы жарналары бойынша жеке шоттың нөмiрi ________
      ______________________________________________________________
      Жинақтаушы зейнетақы қорына алғашқы жарнаның түскен күнi
      19__ ж. "___"__________________
      Осы Қормен жасасылған шартқа қол қойылған күн
      19__ ж. "___"__________________

      2-бетi:

      Бастапқы жарна туралы ақпарат:
____________________________________________________________________
Зейнетақы жарнасының    |        Күнi       |Сомасы (теңге есебiмен)
түрлерi                 |                   |
________________________|___________________|______________________
                        |      |     |      |
                        | күнi | айы | жылы |
________________________|______|_____|______|______________________
Мiндеттi                |      |     |      |
________________________|______|_____|______|______________________
Ерiктi                  |      |     |      |
________________________|______|_____|______|______________________

      3-шi және одан кейiнгi беттерi:

      Қордағы жеке шот
____________________________________________________________________
NN |        Күнi       |Мiндеттi жарналар және|Ерiктi жарналар және
   |                   |инвестициялық табыс   |инвестициялық табыс
___|___________________|______________________|_____________________
р/с| күнi | айы | жылы |кiрiс | шығыс | қалдық|кiрiс | шығыс| қалдық
___|______|_____|______|______|_______|_______|______|______|______

      Соңғы бетi:
      Жинақтаушы зейнетақы қорының реквизиттерi (мекен-жайы,
      телефондары).