Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың басшы лауазымдарына үмiткерлердi келiсу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 1997 жылғы 29 тамыз N 133 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 10 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 364. Күші жойылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1998.08.13. N 11 ~V980641 қаулысымен.

Күшін жойған

      I. Жалпы ережелер
      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Z970136_ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Z970077_ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi және зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың (бұдан әрi - Компания) басшы лауазымдарына үмiткерлердi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясында келiсу тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Басшы лауазымдарға үмiткерлердi БҚҰК-да келiсуден өткiзу рәсiмi барлық Компаниялар үшiн мiндеттi. Келiсу үмiткерлердiң кәсiби жарамдылықтарын айқындау мақсатында жүргiзiледi.
      3. БҚҰК Компанияның белгiленген тәртiпте келiсуден өткен басшы қызметкерлерiнiң тiзiлiмiн жүргiзедi.
      Компанияның басшы қызметкерлерi жөнiндегi мәлiметтердi қалыптастыру және тексеру үшiн БҚҰК салық, құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдардан, сондай-ақ аудиторлардан және тәуелсiз ұйымдардан Компанияның басшы қызметкерлерiнiң кәсiби қызметтерi және басшы лауазымдарға үмiткерлер мәселелерi жөнiнде тиiстi ақпараттар алуға құқығы бар.
 
      II. Бiлiктiлiк комиссиясын қалыптастыру және оның
          мәжiлiстерi
 
      4. Компанияның басшы лауазымдарына үмiткерлердiң кәсiби деңгейiн ауқымды түрде бағалау үшiн БҚҰК бiлiктiлiк комиссиясы құрылады. БҚҰК-ның Инвестициялау басқармасының жұмысына жетекшiлiк ететiн мүшесi бiлiктiлiк комиссиясының төрағасы болып табылады.
      5. Бiлiктiлiк комиссиясы жетi мүшеден тұрады және БҚҰК Төрағасының бұйрығымен бекiтiледi. Комиссияның басшы лауазымына осы Ереженiң 15-тармағына сәйкес барлық құжаттарды ұсынған үмiткерлер бiлiктiлiк комиссиясында қарауға жатады.
      6. БҚҰК-ның бiлiктiлiк комиссиясының мәжiлiстерi қажеттiлiгiне қарай, оның мүшелерiнiң кемiнде 2/3 қатысса жүргiзiледi. Шешiм отырысқа қатысып отырғандардың көпшiлiк жай дауыстарымен қабылданады. Дауыс саны тең болған кезде Бiлiктiлiк комиссиясы Төрағасының даусы шешушi болып табылады.
      7. Бiлiктiлiк комиссиясының мәжiлiсi БҚҰК-на құжаттардың толық пакетi келiп түскен күннен бастап 45 күннен кешiктiрiлмей жүргiзiлу керек.
      8. Бiлiктiлiк комиссиясы мәжiлiсiнiң күнiн Бiлiктiлiк комиссиясы Төрағасының ұсынысы бойынша БҚҰК-ның Төрағасы айқындайды.
      БҚҰК-ның бiлiктiлiк комиссиясы мәжiлiсiнiң күнi туралы құжаттардың толық пакетiн ұсынған Компаниялар 5 күнтiзбелiк күн бұрын кешiктiрмей хабарлайды.
      9. Бiлiктiлiк комиссиясының мәжiлiсiне Компанияның басшы лауазымына үмiткерлердiң қатысулары мiндеттi.
      10. Бiлiктiлiк комиссиясының шешiмi хаттамамен рәсiмделедi. Егер комиссия мүшесiнiң үмiткер жөнiнде ерекше пiкiрi болса, бұл хаттамада көрсетiледi.
      11. Компанияның басшы лауазымына үмiткерге бiлiктiлiк комиссиясының мәжiлiсi өткiзiлген күнi тиiстi шешiммен бiрге хаттамадан үзiндi берiледi.
 

     III. Компанияның лауазымды қызметкерлерiне

          қойылатын талаптар


 
 
       12. Компанияның атқарушы органының БҚҰК келiсiмiмен сайланатын (тағайындалатын) бiрiншi басшысы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер және оның орынбасарлары, филиалының (өкiлдiгiнiң) басшысы және бас бухгалтерi Компанияның басшы қызметкерлерi болып табылады.
      Басшы қызметкерлердiң бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметке тiкелей байланысты жұмыс стажы немесе банкте және басқа да банктiк мекемелерде жұмыс стажы болуы керек:
      - Компанияның бiрiншi басшысы және бас бухгалтерi - кемiнде үш жыл;
      - Компания бiрiншi басшысының орынбасары және бас бухгалтердiң орынбасары - кемiнде екi жыл.
      13. Мыналар:
      - БҚҰК берген 3-санатты бiлiктiлiк куәлiгi жоқ тұлға;
      - сотталғандығы өтелмеген немесе заңды тәртiппен алып тасталмаған тұлға;
      - банкрот деп танылған немесе аталатын тұлға басшылық жасаған уақытта консервациялауға, сауықтыруға, ықтиярсыз таратуға ұшыраған заңды тұлғаның бұрын басшы қызметкерi немесе лауазымды тұлғасы болып табылған тұлға атқарып отырған лауазымына сәйкес емес деп танылады немесе Компанияның басшы қызметкерi лауазымына тағайындала алмайды.
      14. Шетелдiк маман болып табылатын, Компанияның басшы лауазымына үмiткерлер қосымша мынадай талаптарға сәйкес келу керек:
      - шетелдiк бағалы қағаздар рыногындағы активтердi басқару жөнiндегi жұмыс тәжiрибесi болу керек;
      - Қазақстан Республикасының қаржылық, банктiк қызметтерiнде немесе бағалы қағаздар рыногы қызметiнде кемiнде 1 жыл жұмыс тәжiрибесi болу керек.
      Шетелдегi жұмыс тәжiрибесi тiстi құжаттармен және оған қосымша бағалы қағаздар рыногындағы активтердi басқару саласындағы шетелде белгiлi екi тұлғаның ұсыныстамаларымен расталу керек.
      Шетелдiк мамандар тартылған жағдайда, Компания шетелдiк жұмыс күшiн

 

Қазақстан Республикасына тартуға байланысты қызметке лицензияның

көшiрмесiн ұсыну керек.


     IV. Үмiткерлердi келiсуге құжаттар ұсынудың тәртiбi


     15. Компанияның басшы лауазымына ұсынылған үмiткерлердi келiсу үшiн

БҚҰК-ға мынадай құжаттамалар жiберiледi:

     - өтiнiш;

     - басшы қызметкерлердi сайлау (тағайындау) туралы Компанияның тиiстi

басқару органының шешiмi;

     - басшы лауазымға ұсынылған үмiткердiң төлқұжатының (жеке куәлiгiнiң)

ксерокөшiрмесi;


 
       - басшы лауазымға ұсынылған үмiткердiң соңғы үш (екi) жыл iшiндегi еңбек кiтапшасының (жұмысы туралы мәлiметтердi растайтын басқа да құжаттарды) нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      - басшы лауазымға ұсынылған үмiткердiң жоғары бiлiмi туралы құжатының ксерокөшiрмесi;
      - басшы лауазымға ұсынылған үмiткердiң үшiншi санатты бiлiктiлiк куәлiгiнiң ксерокөшiрмесi;
      - басшы лауазымға ұсынылған үмiткердiң анкеталық деректерi (1-қосымша);
      - соңғы жұмыс орынның алған, бiрiншi басшы қол қойған (алқалы орган

 

бекiткен), заңды тұлғаның мөрiмен расталған мiнездеме;

     - қаржы, банктiк iстер немесе бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби

қызмет саласындағы Қазақстан Республикасына немесе Компанияның (филиалының

немесе өкiлдiгiнiң) қызметi жүзеге асырылатын аймаққа белгiлi кемiнде екi

маманның кепiлдемесi.

     16. Компанияның басшы қызметкерлерi БҚҰК келiсiмiнсiз, осы Ереженiң

17-тармағында айқындалған кезеңдi қоспағанда, өзiнiң мiндеттерiн атқаруға

құқығы жоқ.

     17. Басшы лауазымға ұсынылған үмiткердi келiсу рәсiмiн жүргiзу

кезеңiнде БҚҰК үмiткерге қол қою құқығымен лауазымды тұлғаның мiндетiн

уақытша, бiрақ екi айдан көп емес, атқаруға мүмкiндiк бередi.

     18. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары Компанияның басшы

қызметкерiнiң осы Ереженiң 16, 17-тармақшаларын бұзып қол қойған

құжаттарын орындауға қабылдауға құқығы жоқ.

     19. Компанияның басқы қызметкерiне үмiткердi келiсуден бас тарту

туралы БҚҰК-ның шешiмi жөнiнде сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.


                                                          1-қосымша

____________________________________________________________________

______________________________________________ лауазымына үмiткердiң

     (компанияның атауы, лицензияның N)


                             САУАЛНАМАСЫ


     1. Үмiткердiң тегi, аты, әкесiнiң аты, туған уақыты және жерi,

азаматтығы және мекенi _____________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     2. Бiлiмi және жұмыс тәжiрибесi:

     - бiлiмi ______________________________________________________

____________________________________________________________________

          (оқу орындарын, курстардың аты, оқу мерзiмдерi)

     - меңгерген шет тiлдерi _______________________________________

     - еңбек ету жолы басталғаннан бергi iстеген жұмыстары (жеке

парақпен қоса беру керек).

     3. Ұсынылатын лауазым _________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     4. Лауазымға келуi ____________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

          (мекеменiң аты, жұмыстың сипаты, тағайындалған күнi)

     5. Кепiлдемелер _______________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     (кепiлдiк берушiлердiң лауазымдары, кемiнде үш кепiлдiк

               берушiнiң мекенi, телефон нөмiрлерi)

     Қосымша: бұрынғы жұмыс орнынан мiнездеме.

     6. Қоса берiлген және жалпы бекiтiлген нысандарға сәйкес үмiткер

толтырған және ұсынған мәлiметтер:

     - өмiрдерек мәлiметтерi (1-үлгi);

     - үмiткер туралы қосымша мәлiметтер (2, 3-үлгiлер);

     - табыстар мен шығындар туралы салық инспекциясы растаған

декларация;

     - растама (3-үлгi).

     7. Үмiткер кәсiпорынды басқарған кезеңде банкроттыққа әкеп

соққан iрi қаржы проблемалары туындады ма

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     Олардың туындау себептерi _____________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     Осы проблемаларды шешудiң нәтижелерi __________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     8. Үмiткердiң өтемеген несиелерi бар ма _______________________

     егер бар болса, онда олардың мөлшерi___________________________

     9. Қызметтiк және ғылыми қызметi туралы қосымша мәлiметтер ____

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     10. Үмiткер, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тартылған

ба, (егер тартылса, қандай себептермен)_____________________________

____________________________________________________________________

     11. Үмiткердi ұсынған мекемемен қаржылық өзара қатынасы бар ма,

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________


     Күнi _________                    Үмiткердiң қолы______________


                                                 1-қосымшаға 1-үлгi


                         ӨМIРДЕРЕК МӘЛIМЕТТЕРI

     Жалпы ақпараттар

     1. Тегi _________________________ Аты _________________________

     Әкесiнiң аты __________________

     2. Мекен-жайы (пошталық индексiн көрсетiп толық) ______________

     _______________________________________________________________

     3. Туған уақыты _______________________________________________

     4. Туған жерi _________________________________________________

     5. Азаматтығы _________________________________________________

     6. Төлқұжатының нөмiрi ________________________________________

     7. Телефон нөмiрi (кодын, жұмыс және пәтер телефонын көрсету

     керек) ________________________________________________________

     8. Қарауындағы жақын туыстары (әкесi, шешесi, балалары,

     аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi, жұбайы (зайыбы):

     Аты-жөнi ___________________ Жасы _____________________ Туыстық

     қатысы ________________________________________________________

     9. Қолдану және қолданылу кезеңiндегi өзгерту себептерiн

     негiздей отырып, бұрын қолданған және қазiргi қолданып жүрген

     барлық тегiн енгiзу керек.

     10. Осы өтiнiштi беру кезеңiндегi осы ақпараттағы кез келген

     мәндi өзгерiстер Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар

     жөнiндегi ұлттық комиссиясының назарына жеткiзiлу керек.


                                               1-қосымшаға 2-үлгi


                     ҮМIТКЕРГЕ ҚОСЫМША МӘЛIМЕТТЕР

     1. Соңғы тұрған жерлерi.

     Керi хронологиялық тәртiппен соңғы бес жыл iшiндегi барлық

     тұрған жерiн көрсетiңiз, Тұрған уақытын көрсетiңiз.

     ____________ қаласы ___________ облысы ____________көшесi

     Пошталық индексi ___________

     ________________ дан ________________ дейiн (айы, жылы)

     2. Бiлiм және кәсiптiк деңгейi туралы куәлiк:

     Оқу орынның аты (бiлiктiлiгiн көтеру курстарын қоса) ___________

     _______________________________________________________________

     Орналасқан жерi ______________ Түскен уақыты __________________

     Дипломның, сертификаттың көшiрмесi ____________________________

     3. Еңбек ету уақытында шұғылданған кәсiптерi (еңбек кiтапшасының

     көшiрмесi)

     4. Басқа ақпарат

     4.1. Iрi акционер ретiндегi қатысыңыз болған және бар қаржы

     ұйымдарын көрсетiңiз (барлық акцияның 5%-iн иеленушi немесе

     тiкелей немесе жанама бақылаушы).

     Ұйымның аты және орналасқан жерi ______________________________

     _______________________________________________________________

     _______________________________________________________________

     Қызметтiң түрi (қызметтiң түрлерiн атаңыз) ____________________

     _______________________________________________________________

      Осы ұйымның жарғылық капиталындағы меншiк үлесiңiз ___________

     _______________________________________________________________

     _______________________________________________________________

     Күнi ___________________

     4.2. Сiздiң бiлiктiлiгiңiздi айқындауда маңызды деп санайтын

     басқа да кез келген ақпаратты берiңiз.


                                                     1-қосымшаға 3-үлгi


               1-ҚОСЫМШАДА БЕРIЛГЕН МӘЛIМЕТТЕРДI РАСТАУ



 
       Осы құпия өмiрдерек және қаржылық есептердегi ақпараттарды мен толық тексердiм және анық және толық болып табылады және мен ұсынған материалда қателер мен жетiмсiздiктер табылған жағдайда, ұсынылып отырған лауазымға бекiтуден бас тартуға негiз болатындығын және одан кейiн маған қатысты

 

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жаза қолдануға

тартылатындығымды мойындаймын.

     Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiнде ұлттық комиссиясына

менiң жеке өмiрдерегiмдегi және қаржылық жай-күйiмдегi барлық мәндi

өзгерiстер туралы ескертуге мiндеттенемiн.


     ________________________                    ___________________

                қолы                                    күнi

     __________________________________

          тегi (баспа әрiптерiмен)


                                                   1-қосымшаға 4-үлгi


     Басшы лауазымға үмiткердi ұсынушының назарына:


     Аты-жөнi ______________________________________________________

     өзiнiң кандидатурасын зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару

жөнiндегi компанияның басшы лауазымына, Қазақстан Республикасының Бағалы

қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының Инвестициялау басқармасында қарау

үшiн ұсынады.


     Ұлттық комиссия сiзден кепiлдеме осы үмiткерге сiздiң қатысыңыз, оның

атағы, iскерлiк қабiлетi, кәсiпкерлiгi және бiз үшiн пайдалы болуы мүмкiн

басқа да мәлiметтердi көрсетуiңiздi сұрайды.


     Кепiлдеме берушiнiң аты-жөні, қолы ____________________________

     _______________________________________________________________

     Кәсiбiнiң түрi ________________________________________________

     Мекенi, телефоны ______________________________________________


     Ескерту:

     _______________________________________________________________



 
       Ұсынушы зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияның басшы лауазымына ұсынылушының туысқандық қатынастармен байланысты немесе осы ұсынысқа қандай да болмасын қатысы болмау керек.