1. Кастодиалдық қызметтi жүзеге асыру үшiн жеке капиталдың
жеткiлiктi деңгейi кемiнде 2 миллиард теңге болып белгiленсiн. <*> <*> ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы Қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1997.11.11. N 191 V970071_ қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы Қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 67 қаулысымен. V001078_ 2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 28 ақпандағы N 30 қаулысының 1-тармағының 5 абзацтың күшi жойылды деп танылсын. 3. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыруға лицензияларды иеленген ұйымдар өз капиталдарын мынадай мерзiмдерде төменде көрсетiлген деңгейлерге жеткiзсiн: 1) кемiнде 1,5 миллиард теңгеге - 2000 жылғы 01 қазанға дейiн; 2) кемiнде 2 миллиард теңгеге - 2001 жылғы 01 көкекке дейiн. <*> ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы Қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 67 қаулысымен. V001078_ 3-1. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың өз капиталдарын есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциялық нормативтердi белгiлейтiн нормативтi құқықтық актiлерiне сәйкес жүргізiлетiндiгі белгiленсiн. <*> ЕСКЕРТУ. 3-1тармақпен толықтырылды- ҚР Бағалы Қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 27 маусымдағы N 72 қаулысымен. V001205_ 4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы атқарушы аппаратының рынокты реттеу басқармасына және Ұлттық комиссияның оған жетекшiлiк ететiн мүшесiне жүктелсiн. 5. Қаулы қабылданған сәттен бастап күшiне енедi. Ұлттық комиссияның Төрағасының м.а.