Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған қаржылық тұрақтылық нормативтерiн есептеу тәртiбi туралы нұсқауды бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының қаулысы 1997 жылғы 30 шiлдедегi N 112 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 29 тамызда тіркелді. Тіркеу N 359. Күші жойылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1998.11.25. N 17 ~V980663 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
      1. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған қаржылық тұрақтылық нормативтерiн есептеу тәртiбi туралы нұсқау бекiтiлсiн.
      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы нұсқауды екi күн мерзiмде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне тiркеуге ұсынсын.
      3. Осы нұсқаудың орындалысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы атқарушы аппаратының рынокты реттеу басқармасына жүктелсiн.
      4. Осы нұсқау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген сәттен бастап осы Нұсқау күшiне енгiзiлгенге дейiн алынған лицензиялар негiзiнде бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшiн 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiлетiн 2-тармағының ережелерiн және 1998 жылдың 1 шiлдесiнен бастап күшiне енгiзiлетiн 3-тармақтың ережелерiн қоспағанда, күшiне енедi.
 

     Ұлттық комиссиясының

     Төрағасының м.а.



                                       Қазақстан Республикасының



                                       Бағалы қағаздар жөнiндегi

                                       ұлттық комиссиясының

                                       1997 жылғы 26 маусымдағы

                                       N 91 қаулысымен бекiтiлдi



 
 
            Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк
       қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған қаржылық
          тұрақтылық нормативтерiн есептеу тәртiбi туралы нұсқау
 
      1. Осы Нұсқау "Бағалы қағаздар туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының N 77-1 Заңына "Лицензиялау туралы" Заң күшi бар 1995 жылғы 17 көкектегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң N 2200 Z952200_ Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 293 P970293_ қаулысымен бекiтiлген Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметтi лицензиялау туралы ережеге сәйкес әзiрлендi, бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi (бұдан әрi - брокер-дилер) жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қаржылық тұрақтылығы жөнiндегi талаптарды белгiлейдi.
      Осы нұсқаудың ережелерi банкiлерге және банктiк емес мекемелерге қолданылмайды.
      2. Н1 қаржылық тұрақтылық нормативi брокер-дилерлердiң баланстардың өтiмдiлiгiн ұстап тұру мақсатында есептеледi және мынадай жолмен айқындалады:
 
                          Н1 = ЛА - ТО,
 
      бұл жерде ЛА - мыналар енгiзiлген активтер:
      а) жер, үй-жайлар мен ғимараттар, машиналар және құрал-жабдықтар енгiзiлетiн жеке негiзгi қаражаттардың баланстық құнының 20%-, жiктелуге сәйкес негiзгi қаражаттардың басқа да түрлерi, сондай-ақ аяқталмаған күрделi құрылыс;
      б) тек мынадай бөлiктердегi ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi қаржылық инвестициялар:
      дисконт мөлшерлемесiнiң 5%-iн есептегенде ескерiлетiн мемлекеттiк бағалы қағаздар;
      дисконт мөлшерлемесiнiң 5%-iн есептегенде ескерiлетiн депозитарлық сертификаттар;
      ұйымдасқан рыноктағы саудаластыққа жiберiлген тiзiмге енгiзетiн, дисконт мөлшерлемесiнiң 20%-iмен ескерiлетiн бағалы қағаздар; S&P немесе

;Mjjdy s компаниялары қабылдағандардан төмен болмайтын рейтингi (ВВ) бап шетелдiк мемлекеттердiң дисконт мөлшерлемесiнiң 10%-iн есептегенде ескерiлетiн мемлекеттiк бағалы қағаздары;
      Нью-Йорк қор биржасында, Лондон қор биржасында, Токио қор биржасында

 

сатылатын, дисконт мөлшерлемесiнiң 20%-iн есептегенде ескерiлетiн бағалы

қағаздар;

     Ресей Федерациясының ұйымдасқан рыноктарында сатылатын, дисконт

мөлшерлемесiнiң 30%-iн есептегенде ескерiлетiн бағалы қағаздар;

     в) ұзақ мерзiмдi дебиторлық борыштың 20%-i және есеп беру күнiнен бiр

жыл iшiнде алынатын дебиторлық борыштың 30%-i;

     г) болашақ кезеңдердiң ұйымдасқан рыноктарға қайтарылатын кепiлденген

жарналар бөлiгiндегi шығындар;

     д) ақшалай қаражаттар.

     ТО - мыналар құрамына енгiзiлген ағымдағы мiндеттемелер:

     а) қысқа мерзiмдi кредиттер және овертрафт;

     б) ұзақ мерзiмдi кредиттердiң ағымдағы бөлiгi;

     в) кредиторлық борыш;

     г) төлеуге есептелген шығындар;

     д) болашақ кезеңдердiң кiрiстерi;

     е) әлдеқалай жағдаяттар бойынша есептелген төлемдер.

     Н1 қаржылық тұрақтылығы нормативiнiң мәнi мыналардан кем болмау

керек:

     а) нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығын

иеленген брокер-дилер үшiн 30 000 есептi көрсеткiш;

     б) клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз брокер-дилер үшiн 6000

есептi көрсеткiш.

     3. Брокер-дилердiң мiндеттемелерiнiң оның Н1 қаржылық тұрақтылығына

қатынасы:

                                   О

                           Н1 = --------.

                                   Н1


     бұл жерде, О - құрамында мыналар көрсетiлген ағымдағы және ұзақ

мерзiмдi мiндеттемелердiң сомасы:

     а) қамтамасыз етiлген кредиттер;

     б) қамтамасыз етiлмеген кредиттер;

     в) негiзгi шаруашылық жүргiзушi серiктестiктер мен оның төл

серiктестiктерi бiр-бiрiне беретiн кредиттер;

     г) кейiнгi қалдырылған кредиттер;

     д) қысқа мерзiмдi кредиттер және овердравт;

     е) кредиторлық борыш;

     ж) төлеуге есептелген шығындар;

     з) болашақ кезеңдердiң табыстары;

     и) әлдеқалай жағдаяттар бойынша есептелген төлемдер.

     Н2 нормативiнiң мәнi мыналардан аспау керек:

     - 1998 жылдың 1 шiлдесiне дейiн - 50,0;

     - 1999 жылдың 1 қаңтарына дейiн - 40,0;

     - 1999 жылдың 1 шiлдесiне дейiн - 30,0;

     - 2000 жылдың 1 қаңтарына дейiн - 20,0.


 
       4. Н1 және Н2 қаржылық тұрақтылық нормативтерiн брокер-дилерлер күн сайын есептейдi және белгiленген ең төменгi мөлшерден төмен болмау керек.
      5. Н1 және Н2 қаржылық тұрақтылық нормативтерiнiң есептері БҚҰК тоқсан сайын еркiн нысанда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есеп берушiлiкпен бiрге берiледi.
      6. Нормативтер мөлшерлерiнiң БҚҰК белгiлеген талаптарға сәйкессiздiгi туындаған жағдайда брокер-дилер бiр күн iшiнде факт және осы сәйкессiздiктiң себептерi туралы осы себептердi жоюдың жоспарын қоса берiп БҚҰК хабарлауға мiндеттi.
      7. Нормативтерге қойылатын белгiленген талаптар бiр рет орындалмағанда БҚҰК брокер-дилердiң лицензиясының күшiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға құқықты.
      8. Нормативтердiң талаптары жүйелi түрде бұзылғанда (күнтiзбелiк тоқсан iшiнде екi және одан да көп) БҚҰК брокер-дилердiң лицензиясын керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдауға құқықты.