1. Республиканың мемлекеттiк нотариустары мен мемлекеттiк нотариалдық кеңселерiнiң кеңесшiлерiне Қазақстан Республикасының баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 31.03.97 ж. N 19 қаулысымен бекiтiлген уақытша бағалар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнішiмен ақылы қызметтер көрсету рұқсат етiлсiн.
2. Республиканың мемлекеттiк нотариалдық кеңселерiнiң қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 31.03.97 ж. N 19 бекiтiлген уақытша бағалар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшiмен ақылы қызмет көрсету үшiн алатын ақша қаражатын бөлу тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн.
3. Мемлекеттiк нотариалдық кеңселерiнiң қызметкерлерi көрсететiн ақылы қызметтерге белгiленген уақытша бағалардың дұрыс қолданылуын және қаржылық есеп берулердiң дұрыстығын бақылау аумақтық әдiлет органдарының бастықтарына жүктелсiн. Республика мемлекеттiк нотариалдық кеңселерiнiң қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бекiткен тарифтер бойынша жеке және заңды
тұлғалардың өтiнiшiмен ақылы қызметтер көрсету үшiн алатын ақша қаражаттарын бөлу тәртiбi туралы, Әдiлет министрi 25.12.95 ж. бекiткен Ереже күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi Ескерту: Министрдiң қолы осы бұйрықтың орыс тiлiндегi мәтiнiнде Республика мемлекеттiк нотариалдық кеңселерiнiң қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бекiткен уақытша бағалар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшiмен ақылы қызмет көрсету үшiн алатын ақша қаражаттарын бөлу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже Республиканың мемлекеттiк нотариалдық кеңселерiнiң мемлекеттiк нотариустары мен кеңесшiлерi жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшi бойынша көрсететiн ақылы қызметтердiң, мемлекеттiк баж салығын алу көзделмеген ақылы қызметтердiң, бұдан әрi мәтiн бойынша "ақылы қызметтер", түрлерiн айқындайды, сондай-ақ осы қызметтердi көрсетуден түсетiн ақша қаражаттарын пайдалану мақсаттары мен бөлу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Құқықтық және техникалық сипаттағы ақылы қызметтерге мыналар жатады:
а) нотариалды куәландырылған құжаттар бермей құқықтық мәселелер бойынша ауызша консультациялар (кеңестер беру);
б) мәмiлелер мен басқа құжаттардың жобаларын жасау;
в) мемлекеттiк баж салығын алу көзделмеген басқа да қызметтер көрсету.
3. Құқықтық және техникалық сипаттағы ақылы қызметтер көрсету Республиканың мемлекеттiк нотариалдық кеңселерiнiң мемлекеттiк нотариустары мен кеңесшiлерiне жүктеледi.
4. Ақылы қызметтер үшiн ақы алу Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бекiткен уақытша бағалар бойынша жүргiзiледi. Ақылы қызметтер көрсету үшiн алынатын ақшалай қаражаттар аумақтық әдiлет органдарының арнайы есепшоттарына түседi. Ақшалай есеп айырысу арқылы ақша алуға жол берiлмейдi. Көрсетiлген қызметтер үшiн ақы алынғандығы жөнiнде нотариалдық әрекеттер бланктерiнiң мәтiнiнде белгi қойылады.
5. Ақылы қызметтер көрсетуден түскен ақшалай қаражаттар аумақтық әдiлет органы бастығының (бастықтың орынбасарының) мiндеттi түрде қатысуымен Нотариустар кеңесiнiң шешiмiмен мына қорларға және төмендегi мөлшерлерде бөлiнедi:
- мемлекеттiк нотариалдық кеңселердiң қызметкерлерiн материалдық мадақтау қоры - 20%;
- нотариатты өндiрiстiк қолдау қорына - 25%;
- әдiлет басқармасының орталықтандырылған қорына - 55%.
6. Мемлекеттiк нотариалдық кеңселердiң қызметкерлерiн материалдық мадақтау қоры мыналарға жұмсалады:
- мемлекеттiк нотариустар мен кеңесшiлердiң лауазымдық жалақыларына жоғары бiлiктiлiгi үшiн үстемеақылар белгiлеуге;
- қызметтi қатар атқарғаны немесе орнында уақытша жоқ нотариустың (кеңесшiнiң) мiндеттерiн орындағаны үшiн қосымша ақы төлеуге;
- нотариустың (кеңесшiнiң) бiр жыл iшiндегi жұмысы нәтижелерi бойынша, бiрақ жеке қосымша ақыларды қосқанда, бiр лауазымдық жалақыдан артық емес мөлшерде, сыйлық беруге және сыйақы төлеуге.
7. Жоғары бiлiктiлiгi үшiн нотариустардың және кеңесшiлердiң лауазымдық жалақыларына үстемеақылар төлеу Нотариустар кеңесiнiң ұсынысы бойынша шығарылатын әдiлет басқармасы бастығының бұйрығы бойынша жүргiзiледi. Қосымша ақылардың мөлшерi нотариустың (кеңесшiнiң) лауазымдық жалақысына проценттер түрiнде, бiрақ 25% артық емес және белгiлi мерзiмге белгiленедi.
8. Нотариустарға (кеңесшiлерге) қосымша ақылар мына шарттар
сақталғанда төленедi: - нотариалдық әрекеттер қолданылып жүрген заңдардың нормалары мен талаптарын бұзусыз жасалғанда; - нотариустың (кеңесшiнiң) әрекеттерiне шағымдар болмағанда; - еңбек тәртiбi сақталғанда; - әдiлет басқармасының тапсырмалары уақытында және сапалы орындалғанда; - ақылы қызметтерге белгiленген бағалар дұрыс қолданылғанда және азаматтарға құқықтық қызмет жоғары мәдениеттiлiкпен көрсетiлгенде; - құқықтық насихатқа қатысқанда. Аға нотариустардың лауазымдық жалақыларына қосымша ақылар белгiленген кезде мыналар ескерiледi: - нотариалдық кеңседе жасалған нотариалдық әрекеттердiң сапасы; - нотариустарды оқытуды ұйымдастыру; - кеңседе нотариалдық практиканы талдаудың және қорытындылаудың сапасы; - нотариат бойынша әдiлет басқармасының шараларына қатысу; - нотариалдық кеңседе азаматтарға қызмет көрсету мәдениетi; - қызметтер үшiн ақы алу жөнiндегi есеп берудiң дұрыстығы және сенiмдiлiгi.
9. Қызметтi қатар атқару немесе уақытша орнында жоқ нотариус (кеңесшi) мiндеттерiн атқару үшiн қосымша ақы лауазымдық жалақыға қосымша, бiрақ 20% артық емес, ақы төленетiн тәртiпте жүргiзiледi.
10. Бiр жыл iшiндегi жұмыс нәтижелерi бойынша нотариустарға (кеңесшiлерге) Материалдық мадақтау қорынан сыйлық беру және сыйақы төлеу шарттары мен тәртiбiн Нотариустар кеңесiмен келiсе отырып әдiлет басқармасының бастығы белгiлей алады.
11. Нотариустарды (кеңесшiлердi) қосымша ақылардан, үстемеақылардан және сыйақылардан толық немесе жартылай айыру Нотариустар кеңесiнiң шешiмi негiзiнде әдiлет басқармасы бастығының бұйрығымен жасалады.
12. Ақылы қызметтер үшiн белгiленген уақытша бағаларды жасанды түрде көтеру, мағлұматтарды мерзiмдерде бермеу немесе жалған мағлұматтар беру, сондай-ақ осы Ереже талаптарын бұзу нотариустарды (кеңесшiлердi) тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту үшiн негiз болып табылады.
13. Нотариатты өндiрiстiк қолдау қорының қаражаттары мыналарға жұмсалады:
- мемлекеттiк нотариалдық кеңселердiң ғимараттарын сатып алу, салу, қайта салу және жөндеу жөнiндегi шығындарды өтеуге;
- нотариалдық кеңселердiң жұмысын қамтамасыз ететiн заң, әдiстемелiк және өзге әдебиеттi сатып алуға, архив iсiн ұйымдастыруға, нотариустарды оқытуға;
- нотариустардың өзге қажеттiлiктерiн қаржыландыруға.
14. Әдiлет басқармасының орталықтандырылған қоры әдiлет органдары мен мекемелердiң материалдық базасын дамытуға бағытталады.