Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды хабарлау тәртiбi және мемлекеттiк есептеудi жүзеге асыру туралы

Қаулы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1997 жылғы 24 наурыз N 7 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 16 мамыр тіркелді. Тіркеу N 308

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" заңына сәйкес халықты және ұйымдарды болжамдағы және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу және жою шаралары туралы жариялау мен хабарлау халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық объектiлерiн төтенше жағдайлардан қорғаудың негiзгi принциптерiнiң бiрi болып табылады.
      Ұйымдар, меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, белгiленген тәртiп бойынша хабар беруге, жұмысшылар мен халықты төтенше жағдайлардың қауiп-қатерi төнiп тұрғаны және пайда болуы туралы құлақтандыруға мiндеттi.
      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы хабарларды жасыруына, уақытысында ұсынбауына немесе лауазымды адамдар бiле тұра әдейi жалған хабарлар ұсынуларына жол берiлмейдi.
      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы хабарларды жасыруына, уақытысында ұсынбауына немесе лауазымды адамдар бiле тұра әдейi жалған хабарлар ұсынуларына жол берiлмейдi.
      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттiк есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Төтенше жағдайлардың критерийлерi бекiтiлсiн.
      2. Қоса берiлiп отырған Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi хабарларды ұсыну тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн.
      3. Ұйымдар, меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi хабарларды ұсыну тәртiбi туралы Ережеге сәйкес төтенше жағдайдың қауiп-қатерi төнiп тұрғанын немесе пайда болған 1 сағат iшiнде хабар беруге, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аумақтық органдары, жұмысшылар мен халықты төтенше жағдайлардың қауiп-қатерi төнiп тұрғаны немесе пайда болғаны туралы құлақтандыруға мiндеттенсiн.
      4. Орталық атқарушы органдары төтенше жағдайларға әкеп соққан авариялардың, апаттардың және зiлзалалардың есебiмен қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi хабарларды ұсыну тәртiбi туралы Ережеге сәйкес мәлiметтер ұсынсын.
      5. Iшкi iстер министрлiгiнiң оперативтiк кезекшiлерi, Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiнiң бас диспетчерлiк пунктi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң бас диспетчерлiк пунктi, Алматы қалалық өртке қарсы қызметi, Республикалық мемлекеттiк автоинспекциясы, Алматы қалалық жедел көмегi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң оперативтiк кезекшiсiне күн сайын сағат 6-дан 7-ге дейiн жағдай туралы баяндама ұсынсын.
      6. Iшкi iстер министрлiгiнiң оперативтiк кезекшiлерi мен оның облыстық басқармалары, Қорғаныс министрлiгi, Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiнiң бас диспетчерлiк пунктi мен облыстық басқармалары, Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң бас диспетчерлiк пунктi мен облыстық басқармалары, облыстық қалалардың өртке қарсы қызметтерi, Республикалық мемлекеттiк автоинспекциясы, облыстық қалалардың жедел көмектерi төтенше жағдайдың қауiп-қатерi төнiп тұрғаны немесе пайда болуы туралы белгi алғаннан бастап 15 минут iшiнде ол туралы аумақтық органдар мен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң орталық аппаратына хабар берсiн.
      7. "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 16 тарауларына сәйкес, облыс және Алматы қаласының әкiмдерi, Төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық, Алматы қалалық басқармалары:
      әр тоқсанның бiрiншi онкүндiгiнде халықты осы аумақтағы қауiп факторларының мүмкiндiгi туралы, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары және олардан қорғану туралы хабарлауды ұйымдастырсын;
      халықты төтенше жағдайдың пайда болуы (Төтенше жағдайлардың критерийлерiне сәйкес) оның пайда болғаннан кейiн 1 сағат iшiнде, кейiнгi зардаптарының анықтамасымен және оны жою жөнiндегi жасалып жатқан шаралар туралы хабарлауды қамтамасыз етсiн.
      8. ҚСРО Азаматтық қорғанысы Бастығының 1988 жылғы 29 наурыздағы N 12 бұйрығының күшi жойылған деп есептелсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар жөнiндегi
      мемлекеттiк комитетiнiң
      төрағасы
                                                 Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 24 наурыздағы N 7 Қаулысымен бекiтiлдi


            Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою
           жөнiндегi хабарларды ұсыну тәртiбi туралы
                             ЕРЕЖЕ

      1. Нақты Ереже төтенше жағдайлардың (ТЖ) пайда болуының қауiп-қатерi туралы, пайда болуы және жою туралы хабарларды ұсыну тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Төтенше жағдайдың пайда болуының қауiп-қатерi туралы және пайда болуы туралы хабар, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен белгiленген Төтенше жағдайлардың критерийлерiне сәйкес берiледi:
      - кәсiпорындар мен ұйымдардан, меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан - ТЖМК аумақтық органдары мен ведомстволық аумақтық органдарына;
      - ведомстволық аумақтық органдардан - ТЖМК аумақтық органына және лайықты ведомствоның орталық аппаратына;
      - ТЖМК аумақтық органынан - ТЖМК орталық аппараты мен жергiлiктi атқарушы органдарына.
      Одан басқа, аумақтық және глобальды ауқымда төтенше жағдайдың пайда болуының қауiп-қатерi немесе пайда болуы кезiнде хабар берiледi:
      - ТЖМК аумақтық органдарынан - төтенше жағдайлардың трансшекаралық тарауы кезiнде Қазақстан Республикасының көршiлес аумақтарына;
      - орталық ведомстволық аппараттардан - ТЖМК орталық аппаратына;
      - ТЖМК орталық аппаратынан - Қазақстан Республикасының Үкiметiне, әскери қолбасшылар органдарына, жақын және алыс шет елдерге, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар жөнiндегi Мемлекетаралық кеңеске.
      3. Төтенше жағдайдың пайда болуының қауiп-қатерi немесе пайда болған кезде хабарландыру сигналдары мен ТЖ алдын алу және жою жөнiндегi Мемлекеттiк жүйесiнiң күш пен құралдарға басқару командасының бұйрықтары ТЖМК орталық аппараттарынан аумақтық органдарына, ведомстволық ұйымдарға және жергiлiктi атқарушы органдарға берiледi.
      ТЖМК аумақтық органдары төтенше жағдайлар жөнiндегi аумақтық комиссияларын iрi масштабты төтенше жағдайдың пайда болуының қауiп-қатерi туралы немесе пайда болуы туралы дереу хабарлайды, жергiлiктi атқарушы органдармен және ТЖ жөнiндегi комиссиялармен бiрiге отырып, халыққа көп таралымды құралдар немесе қажет болған жағдайда хабарлау жүйесiн iске қосу арқылы, хабар беру туралы шешiм қабылдайды.
      Хабарлар формальдi мәлiметтер түрiнде берiледi, ал белгiленген формасы болмаған жағдайда - еркiн түрде.
      4. Төтенше жағдайлар туралы хабарлар компьютераралық торап желi бойынша, ал олар болмаған немесе бұзылған жағдайларда - телеграф, телефон, радиожелiмен кейiнгi уақытша мiнездемелерiмен берiледi:
      глобальды, аймақтық және жергiлiктi масштабтағы төтенше жағдайлардың пайда болуының қауiп-қатерi болып тұрған немесе пайда болуы туралы жедел хабары (мәлiметтерi), жарылғыш заттардың табылуы, төтенше жағдайлардың алдын алу күштерi мен құралдарына жедел басқару жөнiндегi хабарлар, басқа жедел хабар - қоса берiлiп отырған ТЖ-1 нысаны бойынша - шапшаң;
      төтенше жағдайлар кезiндегi жағдайдың дамуы туралы және оларды жою жөнiндегi iстелiп жатқан жұмыстар туралы анықталған хабар кейiнгi 30 минут iшiнде;
      анықталатын мәлiметтер - авариядан соң құтқару жұмыстарын өткiзу кезiнде, егер одан басқа ерекше ескертiлмеген болса, 2 сағат мерзiмде;
      анықтама мәлiметтерi - анықтама хабарға сұрау салу кезiнен бастап 1 сағаттан кешiктiрiлмей;
      төтенше жағдайларды жою жөнiнде өткiзiлiп жатқан жұмыстар кезiндегi бiр күндiк оқиғалар туралы жинақталып қорытындыланған хабар, радиациялық, химиялық, биологиялық және гидрометеорологиялық жағдай туралы жедел емес (тығыз емес) мазмұнды туралы мерзiмдi фонолық хабар - күн сайын 7.30 бен
16.00 сағаттарында (ТЖМК Төрағасының ерекше өкiмiне дейiн);
      төтенше жағдайлар аумақтарындағы табиғат орталығының жағдайы және әлеуметтi қауiп объектiлер туралы хабар және мазмұны жедел емес басқа хабарлар түрлерi - белгiленген регламент бойынша;
      сейсможағдай туралы хабар - 8.00 мен 20.00 да, ал қауiптi мерзiмде (жоғары дайындық тәртiбi) әр 3 сағат сайын;
      гидрометеорологиялық құбылыстар бойынша хабар - күн сайынғы болжам
17.00 де, дауыл ескертулерi - қауiптi метеорологиялық құбылыстардың пайда болуының қауiп-қатерi болып тұрғанда немесе табиғат орталығының улы заттармен ластанған жағдайында - дереу;
      облыстар аумақтарында өткен төтенше жағдайлар бойынша анықталған материалдық залал туралы хабар - қоса берiлiп отырған ТЖ-2 түрi бойынша әр тоқсан сайын келесi айдан 10 жұлдызына дейiн;
      санитариялық-эпидемиологиялық жағдай және медико-санитарлық зардаптары туралы хабар - күн сайын 7.30 бен 15.30 да.
      5. ТЖМК ТЖ саласындағы арнайы өкiлеттi мемлекеттiк орган ретiнде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың мемлекеттiк есебiн iске асырады, болып өткен төтенше жағдайларға сараптама өткiзедi, мәлiметтердiң автоматтандырылған банкiн жүргiзедi, ТЖ мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың шешiмдерiне хабар-ақпараттық, статистикалық талдауды қамтамасыз етудi ұйымдастырады, төтенше жағдайлар саласында хабарлар берудiң тәртiбi мен нысанын белгiлейдi.
      6. Төтенше жағдайлардың iс жүзiндегi критерийлерiмен ескерiлмеген, төтенше жағдайлар туралы хабарларды басқару органдарына жiберу қажеттiгi туралы шешiм, нақты жағдайда оның маңыздылығын ескере отырып, хабар дерегiмен қабылданады.
      7. Төтенше жағдайлар туралы хабар, белгiленген тәртiппен жаңалықтарға қол қою құқығы берiлген адамдардың қолымен берiледi. Хабарға қол қойған адам, берiлген хабар үшiн толық жауапкершiлiктi мойнына алады.
      Ерекше жағдайларда, жедел хабар беруге қажет кезiнде, келешекте қол қоюға құқықты лайықты лауазымды адамның хабарды растауымен, жедел қызметтiң жоғары лауазымды адамымен хабарға қол қоюына болады.
      8. Республика аумағында (облыстар бөлшегiнде) болып өткен төтенше жағдайлар бойынша анықталған материалдық залал өсiмдi қорытындысымен ТЖ-2 түрi бойынша бiр тоқсан сайын ұсынылады:
      - Iшкi iстер министрлiгi (өрттер, жарылыстар, жол көлiктегi оқиғалар туралы мәлiметтер);
      - Қорғаныс министрлiгi (жарылыстар мен жарылғыш заттардың табылуы туралы мәлiметтер);
      - Денсаулық сақтау министрлiгi (адамдардың жұқпалы аурулары туралы мәлiметтер);
      - Ауыл шаруашылық министрлiгi (малдардың қауiптi ауырулары туралы, өсiмдiктердiң жойылуы мен эпифитотипi, табиғи өртенiстер туралы, гидроқұрылыстардағы авариялар туралы мәлiметтер);
      - Көлiк және коммуникациялар министрлiгi (байланыс жүйесiндегi, темiр жолындағы, әуе, көлiк, су көлiгiндегi авариялар және көлiктер коммуникациялары элементтерiнiң құлауы туралы мәлiметтер);
      - Экономика және сауда министрлiгi (халыққа өмiрлiк қамтамасыз ету және тазалау құрылыстарындағы инженерлiк жүйелерiндегi авариялар туралы, адам тұратын, әлеуметтiк-тұрмыстық және мәдениетке тағайындалған ғимараттар және құрылыстардың кенеттен құлауы туралы мәлiметтер);
      - Экология және биоресурстар министрлiгi (экологиялық және радиоактивтiк жағдай туралы, атмосфералық ауаның ластануы, жердiң, теңiз және өзен суларының бетi ластануы туралы мәлiметтер);
      - гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы (қауiптi гидрометеорологиялық құбылыстар туралы, қоршаған ортаның ластануы туралы мәлiметтер);
      - Энергетика және табиғат ресурстары министрлiгiн (өрттер, энергетикалық жүйелердегi жарылыстар, кәсiпорындар мен магистралды құбыр өткiзгiштердегi, тұрғындардың өмiрiн қамтамасыз ету жүйелерiндегi авариялар туралы мәлiметтер);
      - Ғылым министрлiгiнiң - Ғылым академиясы сейсмология институты (жер сiлкiнiстерi туралы мәлiметтер);
      - Атом энергетикасы жөнiндегi агентство (атом электростанцияларындағы, ғылыми-зерттеу институттарындағы радиоактивтiк заттар тастаумен байланысты авариялар туралы, қоршаған ортаның радиоактивтiк ластануы туралы мәлiметтер);
      - Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлiгi (өндiрiсте бақытсыздық жағдайлар және авариялар нәтижесiнде зақымданғандар туралы мәлiметтер);
      - Орталық суда құтқару ұйымы (суда қаза болғандар туралы мәлiметтер).
      Басқару органдарының жедел қызметтерiне өзара әрекеттестiк басқару органдарынан осы басқару органдарының құзыры шегiнде, төтенше жағдайлар саласындағы хабар сұрастыруға және алуына құқық берiледi.
      9. Телефонмен байланыс каналы бойынша төтенше жағдайлар туралы жедел

хабарлар "Бедствие" паролi бойынша, телеграфпен байланыс каналы бойынша - 
кезектен тыс категориясы бойынша - телеграмма "Шторм" iске асырылады.
     10. Телефон және телеграф каналы бойынша төтенше жағдайлар туралы 
жедел хабар, хабарды жiберушi-ұйымдарға бекiтiлген iс жүзiндегi 
категорияларымен және парольдармен iске асырылады.
     11. Төтенше жағдайлар туралы жедел емес сипаттағы хабарлар телефон 
және телеграф байланысы каналымен жалпы негiзде iске асырылады.

                                                               1-Қосымша
                                                              ТЖ 1-нсаны

          Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
                жөнiндегi мемлекеттiк комитетi

                         Телеграмма     ТЖ  ________

                ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖӨНIНДЕ ХАБАРЛАМА
                         (дерек, жоюлар)

     1. ТЖ ДАТАСЫ -  ........ж.
        УАҚЫТ (АЛМАТЫ, ЖЕРГIЛIКТI)- ___._____  алм. _____.______жер.
     2. ТЖ АТАУЫ- _________________________________________________
        ТЖ себебi- ________________________________________________
     3. ТЖ ОРНЫ - область _________________________________________
        аудан _____________________________________________________
        мекен жай (қала, ауыл және т.б.)___________________________
        анықтайтын координаты _____________________________________
     4. ОБЪЕКТIНIҢ АТАУЫ - ________________________________________
      _____________________________________________________________
     5. КҮЙЗЕЛГЕНДЕРДIҢ САНЫ, СОНЫҢ IШIНДЕ ҚАЗА ТАПҚАНДАР (адам):
                (жою кезiндегi өсу қорытындысымен)
     | Жалпы    |Қайтарыл. |Санитарлық|Хабар-ошарсыз|Қоныс
     |шығындар  |майтын    |          |жоқ болып    | аударды
     |          |          |          |кеткен       |
     6. ТЖ СИПАТЫ ЖӘНЕ МАСШТАБЫ - _________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
          (жою кезiндегi өсу қорытындысымен)
     Тұрғын қорына залал - _____________________________тұрғын үйлер.
     Мат. залал - ______________________________________(мың теңге)
     Материалдық залал шеккен тұрғын (адам) - _____________________
     IҚМ бас өлдi _ _____________________қойлар _ _________________
     7. Х/Ш БАСҚА САЛАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ӘСЕРIН ТИГIЗУ - ____________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     8. ТЭ ӨЗ КҮШIМЕН ЖЕҢIП ШЫҒУҒА МҮМКIНДIГI (ия, жоқ) - _________
___________________________________________________________________
     ТЖ жоюдың шама мерзiмi _______________________________________
     9. ҚОСЫМША КҮШТЕР МЕН ҚҰРАЛДАР -______________________________
___________________________________________________________________
     10. ТЖ ЗАРДАПТАРЫН ЖОЮ ЖӨНIНДЕГI ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТЫ
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     11. ТЖ ЗАРДАПТАРЫН ЖОЮ ЖӨНIНДЕГI ШТАБ БАСТЫҒЫНЫҢ ТЕЛЕФОНЫ,
ТЕЛЕКСI - _________________________________________________________
     12. ХАБАРЛАМАҒА ҚОЛ ҚОЙҒАННЫҢ ҚЫЗМЕТI, ФАМИЛИЯСЫ, АТЫ, ӘКЕСIНIҢ
АТЫ, ВЕДОМСТВОНЫҢ АТАУЫ - _________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     13. ДАТАСЫ (ДД/АА/ЖЖ) _____._____._____, ТҮСКЕН УАҚЫТЫ (СС;ММ)
         _________.________.________
*******************************************************************
     ТЖ РХТО ОК қабылданды ______________________
     оперативтiк кезекшi   ______________________
     кезекшi оператор      ______________________

                                                                 2-қосымша
                                                                ТЖ- нысаны

           1996 ж. _______________  ____________облыстың
          аумағында өткен төтенше жағдайлардың сипаты және
       оларды жою жөнiндегi қолданған шаралар туралы мәлiметтер
___________________________________________________________________
NN | ТЖ атауы |ТЖ орны |ТЖ пайда     |Матер. залал  |Күйзелген с.i.
т/н|          |        |болған уақыты|тартқан тұрғын|қаза тапқан,
   |          |        |             |адам          |адам
___________________________________________________________________
 1 |     2    |    3   |       4     |      5       |      6
___________________________________________________________________
   |          |        |             |              |
   |          |        |             |              |
   |          |        |             |              |
___________________________________________________________________
Мал басы өлдi | Матер. залал| Тұрғын қор    |ТЖ және оларды жою
______________| мың. теңге  |шығындары үй-ң |жөнiндегi шаралардың
  I Қ М       |             |саны           |қысқаша сипаты
  қойлар      |             |               |
______________|_____________|_______________|_________________________
      7       |      8      |       9       |         10
___________________________________________________________________
              |             |               |
              |             |               |
              |             |               |
___________________________________________________________________
                     Б А Р Л Ы Ғ Ы:

        Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға жұмсалған
                        қаражаттың кестесi
___________________________________________________________________
        ТЖ алдын алуға жұмсалған қаражаттар
___________________________________________________________________
  жергiлiктi бюджеттен  | мембюджетiнен    |кәсiпорындардың меншiк
  (мың теңге)           | (мың теңге)      |қаражатынан (мың теңге)
___________________________________________________________________
            1           |         2        |           3
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________
               ТЖ жоюға жұмсалған қаражаттар
___________________________________________________________________
жергiлiктi бюджеттен | мембюджетiнен |  кәсiпорындардың |Барлығы
(мың теңге)          | (мың теңге)   |меншiк қаражатынан|
                     |               |(мың теңге)       |
___________________________________________________________________
        4            |        5      |         6        |     7
___________________________________________________________________


                                                 Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 24 наурыздағы N 7 Қаулысымен бекiтiлдi


              Төтенше жағдайлардың критерийлерi

        1997 жылдың наурыз айынан бастап енгiзiледi
___________________________________________________________________
 Төтенше жағдайлардың атауы  |Жағдайлардың критерийлерi 
<*>

___________________________________________________________________
Барлық төтенше жағдайлар     |төтенше жағдайдың трансшекаралық
үшiн                         |таратуының бар болуы немесе нақтылығы;
                             |төтенше жағдайды өз күшiмен жоюды
                             |орындауға қабiлетсiздiк
___________________________________________________________________

     
<*>
. Ескерту. Мәлiметтер келiтiрiлген төтенше жағдайлар
                   критерийлерi көрсеткiштерiнiң ең болмағанда
                   бiреуi белгiленгенде ұсынылады

            1. Техногендiк сипаттағы жағдайлар:
                             |
1.1. Көлiк апаттары:         |
                             |
темiр жол көлiгiнде          |қаза тапқандардың, жараланғандардың
                             |зақымданғандардың және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
                             |темiр жол көлiгiндегi өрттер,
                             |жарылыстар;
                             |жылжымалы составтың iстен шығуы;
                             |поездар қозғалысын 1 сағаттан артық
                             |уақытқа тоқтатуға әкеп соқтырған
                             |полотноның бүлiнуi;
автокөлiк жолдарында         |қаза тапқандардың, жараланғандардың,
                             |зақымданғандардың және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |көлiк жолдарындағы өрттер, жарылыстар;
әуе апаттары және қақтығыстар|жердегi және ауадағы әуе кемелерiмен
                             |қақтығыстар;
                             |ұшу алаңындағы және әуе портындағы
                             |өрттер, жарылыстар;
                             |қаза тапқандардың, жараланғандардың,
                             |зақымданғандардың және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
су көлiгiнде                 |өрттер, жарылыстар, батып кету;
                             |қаза тапқандардың, жараланғандардың,
                             |зақымданғандардың және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
магистральды құбырларда      |магистральдық құбырлардағы бүлiнулер,
                             |үзiлiстер;
                             |өрттер, жарылыстар;
                             |қаза тапқандардың, жаралғандардың,
                             |зақымданғандардың және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
1.2. Өндiрiстiк апаттар мен  |
     оқиғалар:               |
шахтадағы апаттар            |құлаулар, үйiндiлер;
                             |қаза тапқандардың, жараланғандардың,
                             |зақымданғандардың және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
өндiрiс объектiсiндегi       |1 тоннадан артық мұнай мен мұнай
апаттар                      |өнiмдерiнiң тасталуы;
                             |өндiрiстiк ғимараттар мен
                             |құрылыстардың кенеттен құлауы;
                             |қаза тапқандардың, жараланғандардың,
                             |зақымданғандардың және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
қауiпсiздiк техникасының     |өндiрiстегi жарақаттар;
бұзылуы                      |қаза тапқандардың, жараланғандардың,
                             |зақымданғандардың және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
1.3. Өрттер, жарылыстар, от  |
     және газдың кенеттен    |
     тастауы:                |
өндiрiс объектiлерiнде       |фондық мәнiн немесе шектi мүмкiндiк
                             |концентрацияларын (ШМК), шектi
                             |мүмкiндiк деңгейiн (ШМД) елеулi
                             |арттыратын қоршаған ортаның ластануы;
                             |қаза тапқандардың, жараланғандардың,
                             |зақымданғандардың және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
энергетикалық жүйелерде      |электроэнергияның беруiне әсер
және энергия блоктарында     |ететiн кез келген жағдайлар;
(ГЭС, ГРЭС, ТЭЦ).            |қаза тапқандардың, жараланғандардың,
                             |зақымданғандардың және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
шахталарда, жер асты және    |қаза тапқандардың, жараланғандардың,
кен өндiрулерде              |зақымданғандардың және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
тұрғын, әлеуметтiк-тұрмыстық |қаза тапқандардың, жараланғандардың,
ғимараттарда, өкiмет         |зақымданғандардың және басқа
органдарында және т.б.       |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
ауыл шаруашылығы             |қаза тапқандардың, жараланғандардың,
объектiлерiнде               |зақымданғандардың және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
көшелерде және басқа да      |қаза тапқандардың, жараланғандардың,
көпшiлiк орындарында         |зақымданғандардың және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
жарылғыш құралдарды          |жарылыстың кез келген жағдайлары;
залалсыздандыру кезiндегi    |
жарылыстар                   |
                             |
жарылғыш заттарды немесе     |жарылғыш заттардың немесе жарылғыш
жарылғыш құрылғыларды табу   |құрылғылардың табылуының немесе
(жоғалту)                    |жоғалуының кез келген жағдайлары;
                             |
1.4. Тастамамен қатты әсер   |
     ететiн улы заттардың    |
     (ҚӘЕУЗ) апаттары        |
                             |халықтың зақымдану қаупi;
қатты әсер ететiн улы        |ҚӘЕУЗ тастауымен немесе ҚӘЕУЗ тарауымен
заттарды тастауымен          |болған апаттарды тiркеудiң кез келген
автокөлiк апаттары           |жағдайлары;
ҚӘЕУЗ тастаумен темiр жол    |ҚӘЕУЗ тастауымен немесе ҚӘЕУЗ тарауымен
апаттары                     |болған апаттар тiркеудiң кез келген
                             |жағдайлары;
ҚӘЕУЗ тастаумен жердегi      |ҚӘЕУЗ тастауымен немесе ҚӘЕУЗ тарауымен
авиаапаттар мен қақтығыстар  |болған апаттар тiркеудiң кез келген
                             |жағдайлары;
ҚӘЕУЗ тастаумен  су          |ҚӘЕУЗ тастауымен немесе ҚӘЕУЗ тарауымен
көлiгiндегi апаттар          |болған апаттарды тiркеудiң кез келген
                             |жағдайлары;
химиялық қауiптi             |ҚӘЕУЗ тастауымен немесе ҚӘЕУЗ тарауымен
объектiлердегi апаттар       |болған апаттарды тiркеудiң кез келген
                             |жағдайлары;
ҚӘЕУЗ көздерiнiң табылуы     |ҚӘЕУЗ көздерiнiң жоғалуының немесе 
(жоғалуы)                    |табылуының кез келген
                             |жағдайлары;
(БҚЗ) биологиялық қауiптi    | БҚЗ тастауымен тiркелген аппаттардың
заттарды тастаумен автомобиль|кез келген жағдайлары;
апаттары                     |
                             |
БҚЗ тастаумен темiр жол      |БҚЗ тастауымен тiркелген аппараттардың
апаттары                     |кез келген жағдайлары;
                             |
БҚЗ тастаумен жердегi        |БҚЗ тастауымен тiркелген аппараттардың
авиапаттары және қақтығыстар |кез келген жағдайлары;
                             |
БҚЗ тастаумен су көлiгiндегi |БҚЗ тастауымен тiркелген аппараттардың
апаттар                      |кез келген жағдайлары;
                             |
БҚЗ тастаумен кәсiпорындарда,|1 және 2 топты патогендiк, 1 және
ғылыми-зерттеу               |2 сыныптағы қауiптi химиялық
институтындағы апаттар       |заттармен, мал мен өсiмдiктердiң аса
                             |қауiптi жұқпалы қоздырушылармен
                             |жұғатын жұқпалы аурулары;
БҚЗ көздерiнiң табылуы       |БҚЗ жоғалуы немесе табылуының кез
(жоғалуы)                    |келген жағдайлары;
                             |
1.5. Радиоактивтi заттар     |радиоактивтi заттарды тасталуының
     тастаумен апаттар       |кез келген жағдайлары;
                             |
атым электростанцияларында,  |100 ШМД және одан көп санитарлық-қорғау
ғылыми-зерттеу мекемелерiнде |аумағынан тыс қоршаған ортаның
                             |радиоактивтi ластануы;
                             |осы АЭС (қондырғы) үшiн тәулiктiк
                             |тастауды мүмкiндiгiнен 10 есе артық
                             |радиоактивтi тастаулар;
                             |олардың трансшекаралық таралуына
                             |әкеп соғатын радиоактивтiк заттардың
                             |шығуымен кез келген апаттар;
                             |мемлекеттiк шекарасының 30 км
                             |шегiндегi радиацияның жоғары деңгейiнiң
                             |тiркелуiнiң кез келген жағдайлары;
радиоактивтiк заттардың      |радиоактивтiк заттардың табылуының
табылуы (жоғалуы)            |(жоғалуының) кез келген жағдайлары
                             |
1.6. Өмiрлiк қамтамасыз ету  |
     жүйесiндегi апаттар мен |
     құлаулар                |
бөгеттердiң үзiлуi           |шаруашылықтың басқа салаларының
(дамбалар,шлюздер және т.б.) |қызметiне әсерiн тигiзу;
                             |қаза тапқандардың, жараланғандардың,
                             |зақымданғандардың және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
электроэнергетикалық         |электроэнергияны беруге әсер ететiн
жүйелерде                    |кез келген жағдайлар;
                             |шаруашылықтың басқа салаларының
                             |қызметiне әсерiн тигiзу;
                             |қаза тапқандардың, жараланғандардың,
                             |зақымданғандарың және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
өмiрлiк қамтамасыз етуiн     |шаруашылықтың басқа салаларының
коммуналдық жүйелерiнде      |қызметiне әсерiн тигiзу;
                             |қаза тапқандардың, жараланғандардың
                             |зақымданғандардың  және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
ағын сулардың тазалағыш      |шаруашылықтың басқа салаларының
құрылыстарында               |қызметiне әсерiн тигiзу;
                             |қаза тапқандардың, жараланғандардың
                             |зақымданғандардың  және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
көлiк коммуникациялары       |шаруашылықтың басқа салаларының
элементтерiнiң (көпiр,       |қызметiне әсерiн тигiзу;
тоннель және басқа да        |қаза тапқандардың, жараланғандардың
құрылыстардың) кенеттен      |зақымданғандардың  және басқа
құлауы                       |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
тұрғын үй, әлеуметтiк-тұрмыс |қаза тапқандардың, жараланғандардың
және мәдени құрылыстардың    |зақымданғандардың  және басқа
кенеттен құлауы              |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
1.7. Табиғи ортаның аса      |
     жоғары ластануы         |
атмосфералық ауаның ластануы |ауадағы зиянды қоспалардың ШМК
                             |50 мен одан да көп рет;
                             |8 сағат iшiнде - 30-49 рет;
                             |2 тәулiк iшiнде 20-29 рет;
                             |қышқыл жауын-шашындардың кең
                             |аумағының құрылуы;
теңiз (өзен)  сулары бетiнiң |үстiңгi, жер астындағы және теңiз
ластануы                     |суларының ластандыру заттарының,
                             |егер осы акваториялар созылмалы
                             |барынша бiр реттiк ШМК 100 және
                             |одан да көп рет;
                             |4 балдан аса судың және суға тән
                             |бұрын болмаған иiстiң пайда болуы;
                             |ерiтiлген кислород мөлшерiнiң
                             |азаюы, сондай-ақ балықтардың және
                             |басқа су организмдерiнiң өлуiне
                             |әкеп соққан токсикалық заттардың
                             |түсуi;
                             |ерiтiлген кислород құрамының
                             |2 мг/л және одан да төмен азаюы;
                             |суат көлемiнiң, 6 кв. км көлемiмен
                             |1/3 және одан да аса қабыршықпен
                             |жабылуы;
                             |ШМК (ШМД) үстiн ауыр металдардың
                             |(сонымен қатар радиоактивтi) және
                             |басқа зиянды заттардың болуы;
жердiң ластануы              |ШМК (ШМД)  ауыр металл (сонымен қатар
                             |радиоактивтi) және басқа зиянды
                             |заттардың болуы;
                             |ШМК (ШМД) химиялық қауiптi және
                             |экологиялық зиянды заттардың 50 есе
                             |көп немесе радиоактивтi заттардың
                             |1070 және одан да көптiгi;
                             |жер мен жер қойнауының өндiрiстiк
                             |токсиканттармен 50 ШМК немесе
                             |фондық жағдайда 100 рет көп
                             |ластануы;
                             |жердiң санитарлық-токсикологиялық
                             |белгiсi бойынша 50 ШМК пестицидтарымен
                             |немесе ШМК фитотоксикологиялық
                             |белгiсi бойынша 100 га аса көлемде
                             |ластануы

            2. Табиғи сипаттағы жағдайлар:

2.1. Жер сiлкiнiстерi        | 2 және одан да жоғары баллдар
2.2. Геологиялық қауiптi     |
     құбылыстар              |
                             |
тасқындар, опырылып құлау,   |шаруашылықтың басқа салаларының
жер қабаттардың құйылуы      |қызметiне әсерiн тигiзу;
                             |қаза болғандардың, жараланғандардың
                             |зақымданғандардың  және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
2.3. Метеорологиялық         |қаза болғандардың, жараланғандардың
                             |зақымданғандардың  және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
қатты жел (с.i. құйындар     |30 м/с және одан да көбiрек
мен дауылдар)                |желдiң жылдамдығы
                             |
iрi бұршақ                   |бұршақтардың диаметрi 20 мм және
                             |одан да көбiрек;
қатты жаңбыр (нөсер)         |12 сағат iшiнде жауын-шашынның
                             |мөлшерi 50 мм және азды-көптi, ал
                             |таулы, селдi, және нөсер қаупi бар
                             |аудандарда - 12 сағатта 30 мм және
                             |азды-көптi;
күштi қар жауу               |12 сағат iшiнде жауын-шашынның
                             |мөлшерi 20 мм және азды-көптi;
күштi қарлы боран (қар       |желдiң жылдамдығы 15 м/с және
басып қалу)                  |одан көбiрек кезде, ұзақтылығы
                             |12 сағат және одан да көбiрек;
күштi көк тайғақ             |сымдардағы қабаттану диаметрi
                             |20 мм және одан да көбiрек;
қатты аяз, қатты аптап       |аумақтық органдармен белгiленедi;
                             |
қатқақтар                    |вегетативтiк кезеңде ауа
                             |температурасының төмендеуi 0 С төмен;
                             |ауыл шаруашылық мәдени белсендi
                             |вегетациялану кезеңiнде, олардың
                             |жойылуына әкеп соғатын (көктем-
                             |жаздың басы) мерзiмi және
                             |(жаз-күздiң басы) экстремальды-ерте
                             |мерзiмдер;
құрғақшылық                  |өсiмдiктердiң зақымдануына әкеп
                             |соғатын, 20 күн және одан да көп
                             |мерзiм iшiнде 35 мм ылғалдың жер
                             |бетiнiң бiр метр қабатындағы 30%
                             |құрғақшылықтың сақталуы;
күштi тұман                  |12 сағат және одан көбiрек уақыт
                             |iшiнде 100 м және одан да азырақ
                             |көрiну;
күштi шаңды (құмды)          |желдiң жылдамдығы 15 м/с және
дауылдар                     |одан көбiрек кезде ұзақтылығы
                             |12 сағат және одан да көбiрек;
аңызақ                       |гүлдеу, суғару және дақылдың өну
                             |кезiндегi ауа орташа температурасы
                             |5 күн бойы 25 С-тан көп 5 м/с-ден
                             |жел кезiнде және ауаның ылғалдылығы
                             |30% -тен аз болса;
2.4. Гидрологиялық қауiптi   |қаза болғандардың, жараланғандардың
     құбылыстар              |зақымданғандардың  және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
қатты су тасығанда, жаңбырлы |нақты тұрғын мекендер мен
тасқындар, бөгелiп қалуда    |шаруашылық объектiлер үшiн аса
және сеңнiң тоқтауында,      |қауіптi (жоғары) деңгейден асуы
жел нагондарында             |
                             |
судың төменгi деңгейi        |бiр ай және одан да көбiрек мерзiм
                             |iшiнде iрi қалалардағы суды қоршау
                             |құрылыстарын, өнеркәсiп аудандары
                             |және суландыру жүйелерiнiң, кеме
                             |жүзетiн өзендердiң навигациялық
                             |деңгейлерiндегi жобадағы
                             |белгiлерден төмен;
селдер                       |тұрғын мекендерге, шаруашылық кешен
                             |объектiлерiне жылжыған жағдайда;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
көшкiндер                    |талқандалу аумағында қалған тұрғын
                             |мекендер, шаруашылық кешен
                             |объектiлерiне қар көшкiндерiнiң
                             |түсуi;
                             |қаза болғандардың, жараланғандардың
                             |зақымданғандардың  және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
2.5. Табиғи өрттер:          |
орман өрттерi                |iрi, 50 га алаңдағы бақылаусыз
                             |өрттер;
                             |қаза болғандардың, жараланғандардың
                             |зақымданғандардың  және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
дала алабындағы өрттер       |20 га және одан көбiрек алаңдағы
                             |бақылаусыз өрттер;
                             |қаза болғандардың, жараланғандардың
                             |зақымданғандардың  және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
                             |100 бас және одан да көбiрек
                             |малдың өлуi;
                             |300 т және одан да көбiрек шөптiң
                             |өртенуi;
нан алабындағы өрттер        |20 га және одан да көбiрек алаңда
                             |бақылаусыз өрттер;
                             |қаза болғандардың, жараланғандардың
                             |зақымданғандардың  және басқа
                             |күйзелгендердiң бiр адам және көп
                             |болуы;
                             |100 мың теңгеден артық тiкелей
                             |материалдық залал;
мұнай және газ-конденсанттық |өрттiң кез келген жағдайлары;
кен орындарында              |
                             |
жанғыш пайдалы қазбаның жер  |кез келген жер асты орындарында
астында өртенуi              |тұтануы.
                             |
2.6. Жұқпалы аурулар мен     |
     уланулар:               |
жұқпалы аурулар              |аса қауiптi жұқпалы карантин
                             |аурулар - чума, тырысқақ, сары
                             |безгек және т.б. аурулармен
                             |ауырғандарды немесе жұқтырушыны
                             |тапқанда;
                             |аса қауiптi жұқпалы - бруцеллез,
                             |бөртпе сүзек, түйнеме, құтыру,
                             |туляремия, крымдық геморогиялық
                             |безгек, Эбол безгегi және басқа
                             |жұқпалы аурулар диагнозымен немесе
                             |ауру екендiгi күмән болған әр
                             |өлiммен аяқталған кезде;
                             |құтыру, жапон энцефалитi,малярия
                             |ауруларының анықталған әр
                             |жағдайы;
                             |аса қауiптi жұқпалы ауруларда;
                             |аудан аумағында бiр кезде немесе
                             |бiр инкубаторлық дәуiрде - түйнеме,
                             |бруцеллез, туляремия, эпидемиялық
                             |бөртпе сүзекпен 5 және одан да
                             |көбiрек адам ауырғанда;
                             |бiр кезде немесе бiр инкубациялық
                             |дәуiрде пайда болған 10 және одан
                             |көбiрек адам ауырғандар санымен
                             |iш сүзек, паратиф, геморрогиялық
                             |безгек, лептоспироз, кене
                             |энцифалитет, Ку безгегi және басқа
                             |риккетсиоздар;
                             |15 адам және одан көбiрек ауырғандар
                             |санымен менингококовалық инфляция;
                             |25 адам және одан көбiрек ауырғандар
                             |санымен дизентерия, сальмлнеллез,
                             |вирустық гепатит және басқа
                             |этиологияның белгiленген және
                             |белгiленбеген қатты iшек аурулары;
                             |бiр мезгiлде пайда болған 20
                             |адам және одан көбiрек ауырғандар
                             |санымен анықталмаған этиологиямен
                             |ауырғанда, 15 адам және одан
                             |көбiрек ауырған санымен безгек
                             |ауруларымен белгiленбеген диагнозбен;
                             |50 адам және одан көбiрек ауырғандар
                             |санымен олардың этиологиясына
                             |байланыссыз топты ауруларда;
сәулемен зақымдану           |қатты немесе асқынған сәуле
                             |ауруларының, жергiлiктi сәулемен
                             |зақымдану диагнозын белгiлеген
                             |әр жағдайда;
тамақтан улану               |өнеркәсiп, тамақ кәсiпорнымен,
                             |көпшiлiк тамақтандыру және балалар
                             |мен емдеу-профилактикалық тамақ
                             |блоктарымен байланысты,
                             |өнеркәсiп саласының күйзелгендердiң
                             |санына қарамастан, тамақтан
                             |уланған жағдайларда.
2.7. Малдардың аурулары      | жаппай қырылуы (ауыруы), соның
     және өлiмi              |iшiнде жабайы, орта статистиканы
                             |3 есе және одан жоғары шектен
                             |шыққанда.
2.8. Өсiмдiктердiң аурулары  |
     және өлiмi              |
(ауыл шаруашылық             |0,25 га алаңда өсiмдiктердiң,
өсiмдiктерiнiң аса қауiптi   |сонымен қатар орман және ауыл
немесе жаппай ауыруы;        |шаруашылық және ауыл шаруашылық
жабайы өсiмдiктердiң;        |өсiмдiктерiнiң өлуi (күйiп қалуы,
                             |солуы, және басқа белгiлерi);
аса қауiптi немесе           |жаппай жыртқыштардың тарауы;
жаппай өлуi)                 |
                             |
2.9. Суға батқандар          |батқандардың саны бiр және одан
                             |көбiрек болғанда.
                             |
            3. Астрономиялық қауiптi құбылыстар:
                             |
3.1. Аспан денелерiнiң       |аспан денелерiнiң кез келген
     құлауы                  |құлаулары;
                             |
3.2. Ғарыш ұшу аппараттарының|олардың құлауын тiркеудiң кез
     және олардың            |келген жағдайлары;
     сынақтарының құлауы     |
                             |
3.3. Жер маңындағы әуе       |5х10 см алаңдағы протон мен
     кеңiстiгiндегi          |энергия потогiнiң 25 мэв артық
     радиациялық жағдайдың   |тығыздығы
     нашарлауы               |
                             |
3.4. Аномальдық атмосфералық |аномальдық атмосфералық
     құбылыстардың пайда     |құбылыстардың тiркелуiнiң кез
     болуы                   |келген жағдайлары