Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережеге өзгерту енгiзу жөнiнде

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының Қаулысы 1997 жылғы 30 желтоқсан N 470 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 21 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 70

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасында Екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен (1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 Қаулы) Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережеге өзгерту бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Заң департаментi (А.К. Өртембаев) Банктiк қадағалау департаментiмен (Н.К. Абдуллина) бiрлесе отырып осы Қаулыны және екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережеге өзгертудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
      3. Банктiк қадағалау департаментi (Н.К. Абдуллина) осы Қаулыны және

екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы 
ережеге өзгертудi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы 
аумақтық бас) басқармаларына (филиалдарына) және екiншi деңгейдегi 
банктерге жiберсiн.
     4. Осы Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкi Төрағасының орынбасары А.Г. Сәйденовке жүктелсiн.

     Ұлттық Банк
       Төрағасы

                                        Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                             Банкi Басқармасының
                                         1997 жылғы 30 желтоқсандағы
                                               N 470 қаулысымен
                                                  БЕКIТIЛГЕН

                Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
           Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292
         қаулысымен бекiтiлген екiншi деңгейдегi банктердiң
            халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы
                           ережеге өзгерту

     11-тармақтың 5-тармақшасындағы "кәсiби қызмет" деген сөздер 
"кастодиандық және клирингтiк қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын.

     Ұлттық Банк
      Төрағасы