"Жер салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы" N 34 Нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi 1997 жылғы 29 желтоқсан N 1 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 13 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 69

Қолданыстағы
      II бөлiмнiң 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Меншiгiнде немесе тұрақты пайдалануында жер учаскесi бар заңды және жеке тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады".
      XIV бөлiмде:
      62-тармақ:
      3)-тармақшадағы "кәсiпкерлiк қызметке пайдаланылатын және жалға берiлген жер учаскелерiнен басқа" деген сөздер алынып тасталсын;
      5)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) Қазақстан Ұлттық Банкi, оның филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдары,";
      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "63. Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген, Ақмола қаласында

құрылыс салушы заңды тұлғалар, бiрақ бес жылдан артық емес, құрылысқа 
байланысты қызметi кезiнде.";
     64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "64. 62-тармақтың 1)-5)-тармақшаларында көрсетiлген заңды тұлғалар 
оның пайдалануына немесе жалға беру кезiнде жерге салық төлеуден 
босатылмайды.".
     4-қосымша "Елдi мекендердiң жерлерiне салынатын базалық ставкалар" 
мынадай редакцияда жазылсын:
     "Елдi мекендердiң жерлерiне салынатын салықтың базалық ставкалары бiр 
шаршы метр алаңға есептелiп мынадай мөлшерде белгiленедi:


     _______________________________________________________________
                               |Тұрғын емес құры.  |Тұрғын үй қоры
                               |лыстар, ғимараттар,|алып жатқан жер.
                               |оларды ұстауға     |лерге, олардың
                               |қажеттi учаскелер, |жанындағы
                               |сондай-ақ объектi. |құрылыстар мен
                               |лердiң санитария.  |ғимараттарды
          Елдi мекеннiң түрi   |лық-қорғаушы       |қоса алғанда,
                               |аймақтары, техника.|теңгемен салы.
                               |лық және өзге      |натын салық
                               |аймақтар алып      |ставкасы
                               |жатқан жерлерге    |
                               |теңгемен салынатын |
                               |салық ставкасы     |
     __________________________|___________________|________________
                               |                   |
     Қалалар:                  |                   |
     Алматы                    |       15,00       |      0,2
     Ақмола                    |       10,00       |      0,2
     Ақтау                     |        5,00       |      0,2
     Ақтөбе                    |        3,50       |      0,2
     Атырау                    |        4,25       |      0,2
     Тараз                     |        4,75       |      0,2
     Қарағанды                 |        5,00       |      0,2
     Қызылорда                 |        4,50       |      0,2
     Қостанай                  |        3,25       |      0,2
     Павлодар                  |        3,00       |      0,2
     Петропавл                 |        3,00       |      0,2
     Орал                      |        3,00       |      0,2
     Өскемен                   |        5,00       |      0,2
     Шымкент                   |        4,75       |      0,2
     Алматы облысы:            |                   |
     облыстық маңыздағы қалалар|        3,50       |      0,2
     аудандық маңыздағы қалалар|        3,00       |      0,2
     Ақмола облысы:            |                   |      0,2
     облыстық маңыздағы қалалар|        3,00       |      0,2
     аудандық маңыздағы қалалар|        2,60       |      0,2
     Облыстық маңыздағы басқа  |                   |
     қалалар:                  |облыс орталығы     |      0,2
                               |үшiн белгiленген   |
                               |ставканың          |
                               |85 процентi        |
     Аудандық маңыздағы басқа  |                   |
     қалалар:                  |облыс орталығы     |      0,1
                               |үшiн белгiленген   |
                               |ставканың          |
                               |75 процентi        |
     Қыстақтар                 |       0,50        |      0,07
     Село (ауылдар)            |       0,25        |      0,05

     Қазақстан Республикасы 
     Қаржы министрлiгiнiң Әдiстеме
     Кеңесiмен келiсiлген

     1997 жылғы 26 желтоқсандағы N 19 хаттама