"Заңды тұлғалардан алынатын салықты есептеу мен төлеудiң тәртiбi туралы" N 33 ~V950078 Нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетi 1997 жылғы 29 желтоқсандағы N 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 13 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 68. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

Күшін жойған

 

-------------------Бұйрықтан үзінді----------------

               Мемлекеттік кіріс министрінің

           2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы



 

     "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"

Қазақстан Республикасының 


K010209_


  Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа

енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына

сәйкес   

                               БҰЙЫРАМЫН:

     Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:

     29. "Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу мен төлеудiң

тәртiбi туралы" N 33 Нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту

туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Салық комитетiнiң 1997

жылғы 29 желтоқсандағы N 1 


V970068_


  бұйрығы.

-----------------------------------------------------


     I тарауда:

     1-тармақтың үшiншi абзацы алып тасталсын;

     2-тармақтағы "Мемлекеттiк салық комитетi, қаржы министрлiгiмен

келiсiлген" деген сөздер "Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi" деген

сөздермен ауыстырылсын.

     II тарауда:

     4-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

     "Қазақстан Республикасында өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден

түсетiн табыстың заңды тұлға-резиденттiң оның бүкiл iс-әрекетiнiң жалпы

табысына арасалмағы";

     6-тармақта:

     үшiншi абзацтағы "ұзақ мерзiмдi" деген сөз алып тасталсын;

     төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

     "- сыйақылар (мүдделер) түрiндегi табыс;


 
       - акциялар бойынша, заңды тұлғаға қатысудан, сондай-ақ заңды тұлғаны жою кезiнде мүлiктi бөлуден, инфляция деңгейiн ескере отырып жарғылық капиталға қатысушының (акционердiң) мүлкiнiң жарналарын қоспағанда, алынатын дивидендтер;
      - қайтарусыз алынған мүлiк пен ақшалар;
      сатып алудан, жұмыстарға ақы төлеуден, рынок тәуелсiз кәсiпорындары арасын есеп айырысқан кезде қолданылатын бағалардан, тарифтерден, ставкалардан төмен бағалар, тарифтер мен ставкалар бойынша қызмет көрсетуден әрiптес тараптар алатын табыстар;
      жетiншi абзацта "борыштар" деген сөз "талаптар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7-тармақта:
      екiншi абзац алып тасталсын; төртiншi абзацта "борыштың" деген сөздер тиiсiнше "-дан талаптар" және "талаптар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi, төртiншi және бесiншi абзацтар тиiсiнше екiншi, үшiншi және төртiншi абзацтар деп саналсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "жиынтық жылдық табыстан мыналар алып тастауға жатады:
      - заңды тұлғалар алған және солардың кәсiпкерлiк әрекетiмен байланысты жағымды бағамдық айырмашылық;
      - инфляцияға үйлестiрудi есептей отырып ашық акционерлiк қоғамдардың бағалы қағаздарын сатқан кезде құн өсуiнен түсетiн табыс;
      - заңды тұлғалардың зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңдарға сәйкес алған және жеке зейнетақы шоттарына жолдаған инвестициялық табыстары;
      - эмитенттiң бағалы қағаздар рыногына бастапқыда өз акцияларын орналастырған кезде акциялар құнының олардың кесiмдi құнынан артып кетуi;";
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банктер мен басқа да ұйымдар беретiн, алынған несиелер үшiн сыйақылар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң ресми қайта қаржыландыру ставкасы бойынша несиелер (заемдар) жөнiнен аталған ставканың 50 процентiне теңгемен көбейтiлiп, және Лондон банкаралық рыногының ставкасы бойынша, несиелер (заемдар) жөнiнен 100 процент шетел валютасымен көбейтiлiп есептелген сомалардың шамасында шегеруге жатқызылады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң қайта қаржыландыру ставкасы мен Лондон банкаралық рыногының ставкасы несиенi (заемды) алу сәтiнде қолданылады. Шетелдiк валютамен несие (заем) алған кезде 21.07.97 ж. дейiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң ресми қайта қаржыландыру ставкасы, 21.07.97 ж. бастап Лондон банкаралық рыногының ставкасы қолданылады.";
      14-тармақта:
      абзацтағы "өндiрiстiк-техникалық өнiмдер мен халық тұтынатын тауарлар шығару" деген сөздер "тауарлы өнiм шығару" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзацта бiрiншi сөйлемнен кейiн мынадай мазмұндағы сөйлем енгiзiлсiн:
      "Техникалық жабдықтар жөнiндегi бұл норма оларды топтың құндық балансына енгiзген сәттен қолданылады.";
      мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "Егер салық төлеушi басқадан алынған, өндiрiсте кемiнде үш жыл пайдаланылған техникалық жабдықты сататын болса, бұрын шегеруге жатқызылып келген, технологиялық жабдықтың пайдаланудан қалған құнының сомасы жиынтық жылдық табысты ұлғайтуға жатқызылады.
      Егер меншiктi құрылыс жөнiндегi шығындар өндiрiстiк мақсаттар үшiн шегеруге қабылданса, құрылыс аяқталған кезде объектiнiң құны топтың құндық балансын ұлғайтуға жатқызылмайды.";
      үшiншi абзац бесiншi абзац болып саналсын;
      15-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Аталған топқа енетiн негiзгi құралдарды жөндеуге арналған шығындар жөнiнен әрбiр топ бойынша шегеруге жол берiледi.
      Негiзгi құралдарды ағымдағы жалдау кезiнде арендатордың негiзгi құралдары жөндеуге жұмсаған өндiрiстiк шығындары арендатордан шегерiлуге тиiс емес.";
      17-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудың нәтижесiнде туындаған және табыс түсе бастаған соң екi жыл iшiнде қанағаттандырылмаған күмәндi талаптар шегеруге жатқызылады. Бұл тармақтың ережелерiн салық салу мақсатында кемiнде екi жыл кiрiс беру әдiсi бойынша табыстар мен шығыстарды анықтайтын заңды тұлғалар қолданады.";
      Тармақтың мәтiнiндегi "борыштардың", "борыштар" деген сөздер тиiсiнше "талаптардың", "талаптар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18-тармақтың екiншi абзацы мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
      "Аталған қордың қаржылары, кейiннен Жер қойнауын пайдаланушы кен орнын игерудiң салдарын жою жөнiндегi жұмыстарды орындауға пайдалануы үшiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және ережелермен арнаулы депозит шотына мiндеттi түрде енгiзiлуге тиiс.";
      19-тармақтың төртiншi абзацының бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Салық төлеу мақсатында 1995 жылдың 1 шiлдесiнен бастап салық төлеушiлер кәсiпкерлiк iс-әрекетiнен табыс алу үшiн өңделген және сатылған тауарлы-материалдық запастарын (01.07.95 ж. дейiнгi кезеңдi қоса), оларды сатып алған мерзiмiне қарамастан, жеткiзе бағалауға құқығы бар. Тауарлы-материалдық запастарды инфляцияға үйлестiру оларды сатып алған сәттен өңдеу немесе өткiзу сәтiне дейiн, Салықтық жылдың нәтижелерi бойынша жүргiзiлген ай сайынғы инфляция индексiнiң негiзiнде, жыл бойында сақталатын тауарлы-материалдық запастар жөнiндегi мемлекеттiк статистикаға басшылық жасайтын, мемлекеттiк орган жариялаған жалпы мемлекеттiк коэффициенттердiң көмегiмен, жыл сайынғы инфляция индексiнiң негiзiнде жүргiзiледi.";
      20-тармақтың екiншi абзацында "бағалы қағаздар операциясы салығы, эмиссия бойынша" деген сөздер "бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеу үшiн алым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23-тармақтағы "9" саны "10" санымен ауыстырылсын;
      24-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Есептеу әдiсi деп, төлеу мерзiмiне қарамастан, мүлiктi өткiзу және қосып алу мақсатымен өзге заңды немесе жеке тұлғаға жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, жүк жөнелту сәтiнен табыстар мен шегерiмдердi есептейтiн - салықтық есептiң әдiсiн айтады.".
      III-тарауда:
      32-тармақта бiрiншi сөйлемнен кейiн мынадай мазмұндағы сөйлем енгiзiлсiн:
      "Бұл орайда табысты тiкелей төлейтiн субъект тұрақты мекеме тiркелген салық органына қаржылардың, осы тұрақты мекеменiң шотын аттап, үшiншi тұлғаның шотына аударылғанын хабарлауға мiндеттi.";
      36-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

 

     "Аталған тәртiп сыртқы сауда шарттары бойынша Қазақстан

Республикасының аумағына енгiзiлетiн шетелдiк тауарларды Қазақстан

Республикасының резиденттерi төлеген жағдайда қолданылмайды.";

     38-тармақта:

     төртiншi абзац "инфляцияға үйлестiрудi ескере отырып ашық акционерлiк

қоғамдардың бағалы қағаздарын сатқан кездегi құн өсiмiнiң табысын

қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;

     сегiзiншi абзац алып тасталсын;

     39-тармақта:

     екiншi абзацтағы "төленетiн" деген сөз "есептелетiн" деген сөздермен

ауыстырылсын;

     мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

     "Таза табыстың жарғылық капиталды өсiруге жiберiлген бөлiгi (әрбiр

акционердiң үлесiн сақтай отырып) 15 проценттiк ставка бойынша салық

салуға жатпайды.".

     IV-тарауда:

     45-тармақта:

     бiрiншi абзац "және төлем көзiнде салықтың төленгенiн растайтын

құжаттар болса, одан әрi салық салуға жатқызылмайды" деген сөздермен

толықтырылсын;

     екiншi абзац алып тасталсын;

     46-тармақта "проценттер" деген сөз "сыйақы" (мүдде) деген сөздермен

ауыстырылсын;

     47-тармақтың а) тармақшасында "проценттер" деген сөз "сыйақы"

(мүдде) деген сөздермен ауыстырылсын.

     V-тарауда:

     үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:


 
       "- коммерциялық ұйымдар жоғарыда аталған қаржылар қайтарусыз негiзде берiлген жағдайда демеушiлiк көмек, кiретiн және мүшелiк жарналар, қайырымдылық көмегi, аударымдармен садақалар түрiнде алынған табыстар бойынша, сондай-ақ қайтарусыз берiлген мүлiк бойынша;";
      жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "- банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктердiң және ұйымдардың, негiзгi құралдарды құру және жаңарту үшiн үш жылдан аспайтын мерзiмге берiлген орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi инвестициялық несиелер бойынша алынған (есептелген) сыйақы (мүдде) жөнiнде, өзiнiң мұқтажы үшiн тұрғын үй сатып алуға және салып алуға үш жылдан аспайтын мерзiмге жеке тұлғаларға берiлген ипотекалық несиелер жөнiнде.";
      мынадай мазмұндағы сегiзiншi, тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
      "- Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайтын, шетелдiк немесе шетелдiң қатысуымен құрылған, Ақмола қаласында тiркелген және құрылыспен шұғылданатын ұйымдар, құрылысқа байланысты iс-әрекетi кезiнде, бiрақ бес жылдан артық емес;
      - бес жылдан аспайтын мерзiмге жаңа технологиялық жабдықтардың лизингi бойынша алған, бұл жабдықтарды кейiннен лизинг алушыға беретiн, сыйақы (мүдде) жөнiндегi ұйымдар;
      - iс-әрекетiнiң айрықша түрi ауылшаруашылығына несие беру болып табылатын, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiмен айналысатын ұйымдар, құрылған күнiнен бастап үш жыл iшiнде. ;
      52-тармақта "проценттер" деген сөз "сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      53-тармақ мынадай мазмұндағы в) тармақшасымен толықтырылсын:
      "в) айына әрбiр қызметкерге шаққандағы жиырма есеп айырысу көрсеткiшiнен аспайтын мөлшерде мемлекеттiк емес жинақтық зейнетақы қорларына аударылатын.";
      мынадай мазмұндағы 54а тармағымен толықтырылсын:
      "Заңды тұлғалар үшiн жиынтық жылдық табыс айына әрбiр қызметкерге шаққандағы жиырма есеп айырысу көрсеткiшi мөлшерiнде мемлекеттiк емес жинақтық зейнетақы қорларына аударылатын ерiктi зейнетақы жарналарының сомасына кемiтiледi.".
      VI-тарауда:
      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Негiзiнен қолма-қол ақшамен жұмыс iстейтiн және тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сату жөнiнен шектеулi айналымы бар, сондай-ақ олардағы қызметкерлерiнiң саны да шектеулi, заңды тұлғалар бойынша салық қызметi тиiстi қаржылық органдармен келiсе отырып, iс-әрекет түрлерiнiң тiзбесiн және патент негiзiнде салықтарды төлеудiң тәртiбiн анықтайды.

 

     Патенттiң құнына салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi

төлемдердi, сондай-ақ өзге де қаржылық мiндеттемелердi қамтитын,

бекiтiлген жиынтық салық енедi. ;

     59-тармақта "жүргiзу" деген сөзден кейiн "салықтық және" деген

сөздермен толықтырылсын;

     60-тармақта "немесе төрелiк соттар" деген сөздер алып тасталсын;

     62-тармақта:

     бiрiншi және екiншi абзацтар үшiншi және төртiншi абзацтар болып

саналсын.

     мынадай мазмұндағы бiрiншi және екiншi абзацтар енгiзiлсiн:

     "Ағымдағы активтер қайтарусыз негiзде немесе төмендетiлген құнмен

берiлген кезде беретiн адамның ағымдағы активтерiнiң құны шығындардың

жиынтығына қарай анықталады, ал алатын адамның табыстары қабылданған

бағалау құны бойынша, бiрақ тапсырылған активтердiң құнынан кемiтпей,

белгiленедi.

     Өнiмдi төмен құнмен сату салдарынан пайда болған айырмашылықтағы

кемшiлiк өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатушы үшiн оның кiрiсi болып

табылады.";

     65-тармақтың екiншi абзацындағы соңғы сөйлем алып тасталсын.

     VII-тарауда:

     74-тармақта:

     а) тармақшасында "белгiленген тәртiппен" деген сөздерден кейiн

"салықтық" деген сөзбен толықтырылсын;

     б) -тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

     "б) салықтық есеп жөнiндегi құжаттар бес жыл бойы қағаз, электронды

немесе магниттi ыдыстарда сақталсын;";

     76-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

     "жiберiлетiн құжаттардың, сондай-ақ салық шот-фактураларының

сенiмдiлiгi үшiн тауарларды (жұмыстарды қызметтердi) ұсынушы жауап

бередi.";

     78-тармақта "1,5 есе" деген сөз "ресми" деген сөзбен ауыстырылсын;

     81-тармақтың бiрiншi, екiншi және үшiншi абзацтары алып тасталсын;

     82-тармақта:


 
       бiрiншi абзацтағы "жүргiзу" деген сөз "есеп құжаттарындағы көрiнiс емес" деген сөздермен ауыстырылсын, "құжаттардағы көрiнiс болмайынша" деген сөздер алып тасталсын;
      екiншi абзацтағы "бухгалтерлiк тiзiмдемелерде" деген сөз "есеп құжаттарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
      VIII тарауда:
      85-тармақта "Мемлекеттiк салық комитетiнiң" деген сөздер "Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      IХ тарауда:
      86-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Салық органдарының шешiмдерiне шағым жасау олар белгiлеген салықтар

 

мен айыппұл санкциялары сомаларын төлетудi тоқтата алмайды.

     Соттың шешiмi бойынша негiзсiз төленген сомаларды салық төлеушiге

қайтару, оларды салық органдары төлеткен сәттен бастап әрбiр күн үшiн, осы

сомалар төленген күнi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген

ресми қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 есесi мөлшерiнде айыпақы қосып,

үш күннiң iшiнде жүргiзiледi.".

     N 33 Нұсқаулыққа 1-қосымша

     төмендегiдей редакцияда берiлсiн:

     Форма 100                      ҚР ҚМ Салық комитетiнiң

                                    N 33 Нұсқаулығына 1-қосымша

                199  жылғы жиынтық жылдық табыс және

              өндiрiлген шегерiмдер туралы декларация

Атауы _________________________________СТН__________________________

Адрес _________________________________Банк_________________________

Аудан _________________________________Банк_________________________

Қала/облыс_____________________________шоттары______________________

Декларация            кезектi       бастапқы       тарату кезiндегi

Есеп әдiсi        есептеу           41-бап, ұзақ мерзiмдi шарттар

____________________________________________________________________

           Көрсеткiштер                   | Код|Төлеушiнiң|Салық

                                          |    |дерегi    |инспекция.

                                          |    |          |ның дерегi

____________________________________________________________________

                       1                  | 2  |    3     |    4

____________________________________________________________________

                               Табыс

____________________________________________________________________

1. Өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi)       |  1 |          |

   сатудан алынған табыс                  |____|__________|_________

2. Ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ  | 2  |          |

   активтердi сатқан кезде құнның өсуiнен |    |          |

   түсетiн, олардың құнының инфляцияға    |    |          |

   үйлестiрiлуi ескерiлген табыс          |____|__________|_________

3. Сыйақы түрiндегi табыс (мүдде)         | 3  |__________|_________

4. Дивидендтер                            | 4  |__________|_________

5. Ұтыстар                                | 5  |__________|_________

6. Қайтарусыз алынған мүлiк және ақша     | 6  |__________|_________

7. Мүлiктi жалдаудан алынған табыс        | 7  |__________|_________

8. Роялти                                 | 8  |__________|_________

9. Заңды тұлғалар алған субсидиялар,      | 9  |          |

   мемлекеттiк бюджеттен алынған          |    |          |

   субсидиялардан басқа                   |____|__________|_________

10.Кәсiптiк қызметтi шектеуге немесе      | 10 |          |

   кәсiпорынды жабуға келiсiм бергенi үшiн|    |          |

   алынған табыс                          |____|__________|_________

11.Банктер мен сақтандыру ұйымдарының     | 11 |          |

   резерв қорларының көлемi кiшiреюiнен   |    |          |

   алынған табыс                          |____|__________|_________

12.Талаптарды есептен шығарудан түсетiн   | 12 |          |

   табыс                                  |____|__________|_________

13.20 баптың 7 тармағына сәйкес табыс     | 13 |__________|_________

14.44 бапқа сәйкес өтелетiн шегерiмдер    | 14 |__________|_________

15.Басқа да табыстар                      | 15 |__________|_________

16.Жиынтық жылдық табыс, жол саны 1-ден   | 16 |          |

   15-ке дейiн                            |____|__________|_________

17.Жиынтық жылдық табысты үйлестiру       | 17 |          |

   1) Заңды тұлға алған және оның         |____|__________|_________

   кәсiпкерлiк қызметiне байланысты оң    |    |          |

   бағамдық айырмашылық                   |____|__________|_________

   2) инфляцияға үйлестiрудi ескере отырып|    |          |

   ашық акционерлiк қоғамдардың бағалы    |    |          |

   қағаздарын сатқан кезде құнның өсуiнен |    |          |

   алынатын табыс                         |____|__________|_________

   3) Зейнеттiк қамтамасыз ету туралы     |    |          |

   заңға сәйкес алынған және жеке         |    |          |

   зейнеткерлiк шотқа жiберiлген инвес.   |    |          |

   тициялық табыстар


                  |____|__________|_________

   4) Бағалы қағаздардың рыногында        |    |          |

   өзiндiк акциялардың эмитент алған      |    |          |

   құнының олардың кесiмдi құнынан        |    |          |

   асып түсуi                             |    |          |

                                          _________________

18.Жиынтық жылдық табыс үйлестiрiлгеннен  | 18 |          |

   кейiн (16-бет, 17-бет)                 |    |          |

____________________________________________________________________

                             Шегерiмдер

____________________________________________________________________

19.Өткiзiлген өнiмнiң (жұмыстардың,       | 19 |          |

   қызметтердiң) өзiндiк құны             |____|__________|_________

20.Алынған несиелер үшiн сыйақы (мүдде)   | 20 |__________|_________

21.Күдiктi талаптар                       | 21 |__________|_________

22.Резерв қорларына аударымдар            | 22 |__________|_________

23.Ғылыми-зерттеу, жобалау және           | 23 |          |

   тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға  |    |          |

   арналған шығындар                      |____|__________|_________

24.Негiзгi қорлар жөнiндегi пайдалану     | 24 |          |

   аударымдары және шегерiмдер            |____|__________|_________

   а) Негiзгi қорлар жөнiндегi пайдалану  |    |          |

   аударымдары                            |____|__________|_________

   б) ғимараттардың құны                  |____|__________|_________

   в) 100 айлық есептеу көрсеткiштерiнен  |    |          |

   кем құрылыстардың құны                 |____|__________|_________

   г) Топтың барлық негiзгi қорлары       |    |          |

   шыққан кездегi топтың құндық           |    |          |

   балансының көлемi                      |____|__________|_________

   д) Өндiрiстiк мақсаттағы меншiктi      |    |          |

   құрылыстар жөнiндегi шығындар          |____|__________|_________

   ж) Өндiрiстiк мақсаттарға пайдалынатын |    |          |

   технологиялық жабдықтардың құны        |____|__________|_________

25.Жөндеу шығындары                       | 25 |__________|_________

26.Сақтандыру төлемдерiнiң шығындары      | 26 |__________|_________

27.Геологиялық зерделеуге және табиғи     | 27 |          |

   ресурстарды өндiрудегi дайындық        |    |          |

   жұмыстарына арналған шығындар          |____|__________|_________

28.Материалдық емес активтердiң           | 28 |          |

   пайдалану аударымдары                  |____|__________|_________

29.Салықтар, айыппұлдар мен өтемақы       | 29 |          |

   шығындары                              |____|__________|_________

   а) 25 баптың 1-тармағына сәйкес        |    |          |

   төленген салықтар                      |____|__________|_________

   б) Бюджетке төленетiнiнен басқа,       |    |          |

   тұрақсыздық құны, айыппұлдар мен       |    |          |

   айыпақыларды қоса                      |____|__________|__________

   в) Мемлекеттiк әлеуметтiк саланы       |    |          |

   ұстауға арналған шығындар              |____|__________|__________

   г) 25 баптың 4-тармағына сәйкес жер    |    |          |

   қойнауын пайдаланушылардың шығындары   |____|__________|__________

30.26 баптың 1-тармағына сәйкес           | 30 |          |

   ғимараттарды сатудың зияндары          |____|__________|__________

31.Шегерiмдер - барлығы, жол саны 19-дан  | 31 |          |

   30-ға дейiн                            |____|__________|__________

32.Салық салынатын табыс (18-бет 31-бет)  | 32 |__________|__________

33.27 бапқа сәйкес ұшыраған кәсiпкерлiк   | 33 |          |

   қызметтiң шығындары                    |____|__________|__________

34.34-бапқа сәйкес салық салудан          | 34 |          |

   босатылатын табыстар                   |____|__________|__________

   1) төтенше жағдайларға арналған және   |    |          |

   нысаналы тұрғыда пайдаланылған iзгiлiктi    |          |

   көмек                                  |____|__________|__________

   2) мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу    |    |          |

   жөнiндегi шығындардың екi еселенген    |    |          |

   сомасы және олардың еңбек ақысынан     |    |          |

   аударымдар                             |____|__________|__________

   3) бағалы қағаздар жөнiндегi сыйақылар |    |          |

   (мүдделер)                             |____|__________|__________

   4) коммерциялық емес ұйымдарға         |    |          |

   қайырымдылық көмегi                    |____|__________|__________

   5) "Жаңа астана" қорына қосылған       |    |          |

   қаржылар                               |____|__________|__________

   6) Ақмола қ. тұрғын үй құрылысына      |    |          |

   жiберiлген және пайдаланылған қаржылар |____|__________|__________

   7) банктердiң қайырымдылық қорларына   |    |          |

   қарызсыз аударымдары                   |____|__________|__________

   8) мемлекеттiк (ұлттық) лотереяларды   |    |          |

   өткiзуден алынатын табыстар            |____|__________|__________

   9) ерiктi зейнеткерлiк жарналарының    |    |          |

   сомасы                                 |____|__________|__________

   10) жаңа технологиялық жабдық лизингiсi|    |          |

   бойынша алынған сыйақылар (мүдделер)   |____|__________|__________

   11)                                    |____|__________|__________

   __________________________________


|____|__________|__________

35.Ұшыраған зияндар мен берiлген          | 35 |          |

   жеңiлдiктер ескерiлген салық салынатын |    |          |

   табыс (32-33-34 беттер)                |____|__________|__________

36.Есептелген барлық салық                | 36 |__________|__________

37.Барлық жүргiзiлген аванстық төлемдер   | 37 |          |

   мен шегерiмдер                         |____|__________|__________

38.Артық төлемдер сомасы (37-беттен       | 38 |          |

   36-бетке дейiн)                        |____|__________|__________

39.Төленетiн барлық салық (36-беттен      | 39 |          |

   37-бетке дейiн)                        |____|__________|__________

40.Айыппұл санкциялары                    | 40 |__________|__________

41.Барлық салықтар мен айыппұл санкциялары| 41 |__________|__________

42.Алдағы төлемдердiң есебiндегi артық    | 42 |          |

   төлемдердiң сомасы                     |____|__________|__________

43.Қайтарылатын артық төлемдердiң сомасы  | 43 |          |

_____________________________________________________________________



Ескерту. -1998 жылдың 1 қаңтарынан қолданылады;



Ескерту. -Табыстары 34-баптың 1-тармағының 1,2,3,4,6,8,10

                   тармақшаларына сәйкес салық салудан босатылған

                   ұйымдар толтырады.

     Ескерту: Декларация ҚР ҚМ белгiлi бiр қосымшаларына

              сәйкес берiледi.

     ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШIЛIК           САЛЫҚ ҚЫЗМЕТI ОРГАНЫ

     Бiз осы декларацияда келтiрiлген

     мәлiметтердiң ақиқаттығы мен

     толықтығы үшiн заң алдында жауап

     беремiз.                              Салық қызметi

                                           органының бастығы

     Басшы___________________________      _______________________

     _________        (Ф.А.Ж.)                (Уақыты, қолы)

     (Қолы)

     Бас бухгалтер________________       Заңды тұлғалар табыстарына

     __________        (Ф.А.Ж.)          салық салу бөлiмiнiң бастығы

     (Қолы)

              Уақыты ______________            (Уақыты, қолы)

     Декларацияны құруға қызмет

     көрсеткен аудитор, __________ _______

                         (Ф.А.Ж., СТН)

     (қолы)

     _________________________________________

     N 33 Нұсқаулықтың 1-А-Қосымшасы алып тасталсын.

     N 33 Нұсқаулықтың 2-Қосымшасында:

     1-тармақтың екiншi және төртiншi абзацтары алып тасталсын;

     2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "Өндiрiсте пайдаланылатын және тозған негiзгi құралдар

жөнiндегi пайдалану аударымдары шегеруге жатқызылады

     Пайдалану ақысына жататын негiзгi қорлар пайдаланудың

төмендегiдей шектi нормалары бойынша топтарға бөлiнедi:

___________________________________________________________________

Топтың|         Мүлiктiң атауы                        |Пайдалану

нөмiрi|                                               |ақысының шектi

      |                                               |нормасы, %

____________________________________________________________________

   1  |                         2                     |      3

____________________________________________________________________

1.    |Деректердi өңдеу жөнiндегi компьютерлер, басқа |    30

      |да құрылымдар мен жабдықтар                    |

____________________________________________________________________

2.    |Пайдалы қазбаларды өндiру және өңдеу үшiн      |    25

      |пайдаланылатын өткiзгiш құбырлар, мұнай-газ    |

      |құбырлары, машиналар мен механизмдер           |

____________________________________________________________________

3.    |Жолдарда пайдаланылатын автотрактор техникасы, |    20

      |арнаулы құрал-саймандар                        |

____________________________________________________________________

4.    |Жеңiл автомобильдер: такси.                    |

      |Автомобиль көлiгiнiң жылжымалы құрамы:         |

      |жүк автомобильдерi, автобустар, арнаулы        |

      |автомобильдер және автотiркемелер.             |

      |Машиналар мен жабдықтар:                       |

      |өнеркәсiптiң, жол өндiрiсiнiң барлық салалары  |

      |үшiн;                                          |

      |ұсталық-пресс жабдықтары;                      |

      |электронды жабдықтары;                         |

      |құрылыс жабдықтары;                            |

      |ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтары.      |

      |Офиске арналған жиhаз                          |    15

____________________________________________________________________

5.    |Топқа енгiзiлмеген пайдалану активтерi         |    10

____________________________________________________________________

6.    |Темiржол, теңiз және өзен көлiктерi.           |

      |Күш-қуат машиналары және жабдықтар:            |

      | жылу-техникалық жабдықтар;                    |

      | турбиналдық жабдықтар;                        |

      | электр-қозғағыштар мен дизель-генераторлар.   |

      |Электр таратқыштар мен байланыс құрылғылары    |     8

____________________________________________________________________

7.    |Ғимараттар, құрылыстар                         |     7

____________________________________________________________________


 
       Салық төлеушiлер кез-келген салық жылында пайдаланудың өзге нормаларын өз қалауынша, бiрақ шектен аспай, қолдануға құқықты.";
      3-тармақта "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар

 

бойынша iске асырылатын" деген сөздер "салық төлеушiлер инфляция шегiнде

жылына бiр рет жеке iске асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын.

     6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "Кемiнде үш жыл өндiрiстiк мақсаттар үшiн пайдаланылған, сатып

алынған жабдықтардың құны қалған пайдалану ақысының шегiнде пайдалану

кезеңi iшiнде салық төлеушiнiң қалауы бойынша кез-келген уақытта шегеруге

жатқызылады.".

     N 33 Нұсқаулықтың 3-қосымшасы алып тасталсын.

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Әдiстемелiк кеңесiнде

Бекiтiлдi:

     N 19 хаттама. 1997 жыл, 26 желтоқсан.