"Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiң тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы" ережеге өзгерiстер енгiзу жөнiнде

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысы 1997 жылғы 27 қарашадағы N 405 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 21 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 65

Қолданыстағы
      Екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен бекiтiлген "Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiң тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы" ережеге өзгерiстер бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Заң департаментi (Өртембаев А.Қ.) осы Қаулыны және "Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiң тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi туралы" ережеге өзгерiстердi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркесiн.
      3. Банктiк қадағалау департаментi (Абдуллина Н.Қ.) осы Қаулыны және жоғарыда аталған өзгерiстердi Қазақстан Республикасының облыстық (Алматы аумақтық Бас) басқармаларына (филиалдарына) және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      4. Осы Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн.

      Ұлттық Банк Төрағасы
                                              Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкi Басқармасының 27 қараша N 405 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН


           Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының
                1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен
            бекiтiлген "Екiншi деңгейдегi банктердiң банктiң
          тұрған жерiнен тыс жерлердегi есеп айырысу-кассалық
                       бөлiмдерi туралы ережеге"
                               ӨЗГЕРIСТЕР

      1. 11-тармақтың бесiншi азатжолындағы "операциялық күннiң" деген сөз "есеп берiлiп отырған айдың" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 13-тармақтың бесiншi азатжолындағы "операциялық күннiң" деген сөз "есеп берiлiп отырған айдың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Төраға