"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша әкiмшiлiк ережелер туралы" N 43 ~V950080 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетi 1997 жылғы 29 желтоқсандағы N 1 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 13 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 62

Қолданыстағы
      1. IV тарауда:
      1-тармақта:
      бiрiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Негiзiнен қолма қол ақшамен жұмыс iстейтiн және тауарлар сату, жұмыс орындау және қызмет көрсету бойынша шектеулi айналымы бар, сондай-ақ оларға шектеулi адамдар тартылған жеке және заңды тұлғалар бойынша салық қызметi тиiстi қаржы органдарының келiсiм бойынша қызмет түрлерiнiң тiзбесiн (шаруа, фермерлiк шаруашылықтарды және ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлердi қосқанда) патент негiзiнде салық төлеу тәртiбiн айқындайды. Патент құнына салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, сондай-ақ мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердi өзiне қосатын нақтыланған жиынтық салық енедi. Қызмет түрлерiнiң тiзбесi осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында келтiрiлген".

     2-тармақтағы "жүргiзу" деген сөзден кейiн "салықтық және" деген 
сөздермен толықтырылсын.
     Мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
     Жүк тиеу құжаттарының, сондай-ақ салықтық шот-фактуралардың растығы 
үшiн тауарларды жеткiзушiлер (жұмыс орындаушылар, қызмет көрсетушiлер) 
жауап бередi.
     5-тармақтағы "немесе төрелiк сот" деген сөздер алынып тасталсын.
     6-тармақтың екiншi азатжолындағы "бiрлескен қызмет түрлерiмен және 
т.б. байланысты емес шаруашылық келiсiмдерге қатысты" деген сөздер алынып 
тасталсын.
     2. V тарауда:
     7-тармақтағы екiншi азатжолдың "1-қосымшасындағы" деген сөз 
"5-қосымшасындағы" деген сөзбен ауыстырылсын.
     3. YIII тарауда:
     Тараудың атауында "Құқық" деген сөзден кейін "және міндеттері" деген 
сөзбен толықтырылсын.
     2-тармақ мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
     "Салық төлеушi:


      - ұсынылған жазба негiзiнде салық қызметi органдары қызметкерлерiнiң талап етуi бойынша салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеуге байланысты есептiк құжаттар мен мүлiктердi тексеру үшiн ұсынуға;
      - ұсынылған жазба негiзiнде салық қызметi органдары қызметкерлерiн табыс алу үшiн пайдаланылатын немесе салық салу мазмұнына ие объектiлерге байланысты өндiрiстiк, қойма, сауда басқа да үйлер мен көлiктердi тексеру үшiн рұқсат етуге;
      - қолма қол ақшалармен жұмыс iстеу кезiнде фискалды зердесi бар бақылау-кассалық аппараттар арқылы және сатып алушы-тұтынушыға бақылау чектерiн бере отырып фискалды карталарды пайдаланудың компьютерлiк желiлерiмен операциялар жүргiзуге мiндеттi.
      бақылау-кассалық аппараттар мен фискалды карталарды қолдану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      4. IХ тарауда:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң актiлерiне сәйкес салықтық есептер бойынша құжаттамаларды жүргiзуге мiндеттi.
      2. Салық төлеушiлер бес жыл бойы қағаз, электронды немесе магниттi жазбаларда салықтық есеп бойынша құжаттарды сақтауға мiндеттi".
      5. Х тарауда:
      1-тармақта:
      бiрiншi азатжол "декларацияға" деген сөзден кейiн "есеп айырысулар" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "- бағалы қағаздар эмиссияларын тiркегенi үшiн алымдар бойынша - бағалы қағаздар эмиссияларының проспектiлерiн тiркеген сәттен бастап 30 күн iшiнде";
      азатжолдағы 11-сөйлемінiң "жылдың 31 наурызына дейiн" деген сөздер "жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей" деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. ХIII тарауда:
      1-тармақта:
      2 және 3 азатжолдардағы "есеп айырысу және басқа да" деген сөздер "банктiк" деген сөзбен ауыстырылсын және одан әрi мәтiн бойынша;
      4-азатжолда:
      "оған" деген сөзден кейiн "банктiк" деген сөзбен толықтырылсын;
      "шетел валютасымен бағаланатын теңге бағамын қолдана отырып, салық төлеушiлердiң валюталық шоттарынан" деген сөздер "тағайындалған шетел валютасына теңге бағамын қолдана отырып, салық төлеушiнiң банктiк шоттарындағы шетел валютасының қаражаттарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "салық қызметi органдарының инкассалық тапсырыстарын (өкiмдерiн) шығарғаннан кейiнгi күннен бастап 10 банктiк күн iшiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
      бесiншi азатжолдағы "ақша қаражаттары", "ақша қаражаттары" және "есеп айырысу (ағымдағы)" деген сөздер тиiсiнше, "ақша", "ақша" және "банктiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6 және 8-азатжолдардағы "есеп айырысатын және басқа да", "есептiк және басқа да" деген сөздер тиiсiнше "банктiк" және "банктiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "- салық қызметiнiң қызметкерлерiн банк шоттары бойынша жасалатын операцияларды (немесе ағымдағы), бұл шоттардағы қолма қол ақшаларды тексеруге рұқсат етiлсiн";
      тоғызыншы азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      Салық қызметiнiң органдарына жазбаша сұрау салу негiзiнде тексерiлетiн салық төлеушiнiң белгiлi бiр кезең iшiнде банктiк шоттармен жасалған операциялар туралы, шоттарындағы қолма қол ақшалар туралы, оның өткен жыл iшiнде жасалған қаржы операциялары туралы және қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi белгiлеген үлгi мен мерзiмде тағайындалған сыйақылар (мүдделер) ставкасы туралы ақпараттарды ұсынады."
      7. ХVI тарау:
      1-тармақта:
      а) тармақшаның 4-азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Салық және бюджет төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Жарлықтың 50-бабының 1-тармағына сәйкес көзден ұсталатын заңды және жеке тұлғалар:
      1) банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiк және басқа да ұйымдардың жалақыларын төлеуге арналған қаражаттарды алу кезiнде бiр мезгiлде ол қаражаттарды ала отырып, басқа жағдайларда-төлем жасалған айдан кейiнгi бес банктiк күн iшiнде бюджетке салық аударуға;
      2) жалақы төлеу кезiнде табыс алатын заңды тұлғаға оның талап етуi бойынша оның тегi және инициалы, табыс сомасы мен түрi, сондай-ақ ұсталған салық сомасы (егер салық ұсталған болса) көрсетiлген анықтаманы беруге;
      3) салық жылы аяқталғаннан кейiн 30 күн iшiнде осы тұлғаның тiркеу нөмiрi, оның атауы немесе тегi және инициалы, табысының жалпы сомасы және есептi жыл үшiн ұсталған салықтың жалпы сомасы көрсетiлген анықтаманы оның талап етуi бойынша Жарлықтың 50-бабының 1-тармағына сәйкес табыс алған заңды және жеке тұлғаға жолдауға мiндеттi"
      б) тармақша мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:

     "- ҚР резидентiнiң бюджетке төленетiн салығы тауарларды сатуды 
(жұмыстарды орындауды, қызметтердi көрсетудi) жүргiзгенде сол есептi 
кезеңге жүргiзiледi";
     г) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "г) бағалы қағаздар эмиссияларын тiркегенi үшiн алымдар бойынша;
     - иммитент бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенге дейiн алым сомасын 
бюджетке енгiзедi";
     и) тармақшасының екiншi азатжолындағы "аванстық" деген сөз алынып 
тасталсын.
     8. ХVII тарауда:
     3-тармақта:
     бiрiншi азатжолдағы соңғы сөйлем алынып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:


      есептi кезең үшiн есептелген сомадан жоғары есептемеге жататын салық сомасының артуы қосылған құнға салынатын салық бойынша алдағы төленетiн төлемдердiң есебiне есептеледi.
      Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымы бар салық төлеушiлерге мұндай сомалар салық төлеушiнiң өтiнiшiн салық қызметi сәттен бастап тоқсан күн iшiнде мұндай сома қайтарылады.
      Салық есептелген сомадан жоғары есептемеге жататын салық сомасының артуы есептi кезең iшiнде пайда болса және егер нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналысы бар салық төлеушi қосылған құнға салынатын салық сомасын қайтару туралы арызбен салық органдарына өтiнiш бiлдiрмесе, онда көрсетiлген артқан сома есептi кезеңнен кейiнгi кезеңге есептеледi.
      Егер нөлдiк ставка бойынша айналымы бар салық төлеушiлердiң тауарларды сатудан (жұмыстарды орындаудан, қызметтердi көрсетуден) түскен табыстарының көлемi қосылған құнға салынатын салықтың орны толтырылатын сомасын оның алуына байланысты, шегерiмге жататын шығындардан төмен болған жағдайда кәсiпкерлiк қызметтiң шығыны жинақталған сомаларға кемiтiледi (жиынтық жылдық табыстан көзделген шегерiмдерден артуы)."
      9. ХVIII тарауда:
      5-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      "Күштеп таратылған банктердiң несие алушыларына банктiң таратылуына

байланысты пайда болған салықтарды және бюджетке төленетiн мiндеттi 
төлемдердi уақытылы төлемегенi үшiн айыппұлдар мен өсiмақылар банктiң 
күштеп таратылған күнiн растайтын ресми құжат күшiне енген сәттен бастап 
есептелмейдi."
     10. ХХ тарауда:
     3-тармақта:
     бiрiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
     "Берешектердi төлеу бойынша салық төлеушiнiң келiсiмi: салықтар 
бойынша салық төлеушiнiң декларациясын ұсынуы; анықталған және есептелген, 
сондай-ақ салықтар, айыппұлдар және өсiмақылар бойынша ұсынылған 
берешектердi бес банктiк күн iшiнде шағым жасалмаса оның дебиторы болып 
саналады";
     төртiншi азатжол алынып тасталсын.
     11. ХХI тарауда:
     2-тармақтағы "мүлiк" деген сөзден кейiн "алынады немесе" деген
сөздермен толықтырылсын.
     12. ХХVI тарауда:
     бiрiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:


      "Егер Қазақстанда тұрақты мекеменiң көрсеткен қызметтi үшiн табыстар Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұрақты мекеме есебiнен айналып есептелсе, онда субъект осы анықтама беретiн орган көрсетiлiп салық инспекциясы берген, тұрақты мекеменiң салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiмен анықтаманы алуы керек. Бұл ретте тiкелей табыс төлейтiн субъект осы тұрақты мекеменiң шотын айналып өтiп, үшiншi тұлғаның шотына қаражаттарды аудару туралы тұрақты мекеме тiркелген салық органын хабардар етуге мiндеттi. Көрсетiлген анықтама болмаған жағдайда табыс салығы төлем көздерiнен ұсталуы керек.
      Одан басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында жасалатын операцияларды жүзеге асыру кезiнде табыс төленетiн салық төлеушi қызмет көрсететiн субъект шотынан айналып өтiп, үшiншi тұлға шотына төлем жасаса, көрсетiлген қызметтер субъектiнiң тiркелу орны бойынша салық қызметiнiң органын хабардар етуi керек.
      Салық қызметi органдарына салық төлеушiлердiң жолдайтын хабарламалары жазбаша түрде жасалуы, басшылары мен бас бухгалтерлерiнiң тегi және инициалдары көрсетiле отырып қол қойылған, елтаңбалы мөрмен бекiтiлген және арнаулы почтамен жолданған болуы керек (хабарламаның үлгiсi осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасында келтiрiлген).
      Есеп айырысулар мен аударымдарды жүзеге асыру кезiнде заңды тұлға-банк клиентi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындалған мiндеттi реквизит көрсетiлген есеп айырысу құжатын ұсынады.
      Электрондық тәсiлмен есеп айырысуды жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ банк алушының ақшасын корреспонденттiк шотқа банк-төлеушiнiң ақшаны аударған кезiнде есеп айырысу құжаттарының электрондық үлгісi мiндеттi реквизиттерге ие болуы керек.
      Көрсетiлген талаптар орындалмаған жағдайда қолданылып жүрген заңдарда көрсетiлген ережелерге сәйкес салық төлеушiлер жауапқа тартылады.
      Белгiлi бiр мiндеттi реквизиттерге ие емес есеп айыру құжаттарын қабылдағаны үшiн банктерге қолданылып жүрген заңдарда көзделген айыппұл санкциялары қолданылады.
      13. ХХVII тарауда:
      1 және 2-тармақтардағы "1,5 еселенген" және "1,5 еселенген" сөздерден кейiн "ресми" және "ресми" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың үшiншi азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Нөлдiк ставка бойынша айналымы бар салық төлеушiнiң пайдасындағы айыпақы есептi кезең үшiн салық есептелген сомадан жоғары есептемеге жататын салық сомасынан артық соманы уақытылы қайтарылмағаны үшiн салық төлеушiнiң жазбаша өтiнiшiн салық қызметi алған сәттен тоқсан бiр күннен бастап есептеледi".
      14. ХХVIII тарауда:
      бесiншi азатжолдағы:
      "ағымдағы" деген сөзден кейiнгi "және аванстық" деген сөз алынып тасталсын;
      "есепте көрсетiлмей тауарларды сату (жұмыстарды беру, қызметтердi көрсету) бойынша операцияларды жүргiзгенi үшiн" деген сөздер "тауарларды (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi) есепке алу мен сату бойынша жасалатын операциялардың есепке алу құжаттарында көрсетпегенi үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын және одан әрi мәтiн бойынша.
      15. ХХIХ тарауда:
      2-тармақтағы
      "және аванстық", "және аванстық" және мысал алынып тасталсын;
      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тауарларды (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) есепке алу мен сату бойынша жасалатын операциялардың есептiк құжаттарында көрсетпегенi үшiн көрсетiлген тауарлардың (жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң) көрсетiлген құнының 100 процент көлемiнде айыппұл салынады."
      3-тармақтағы екiншi азатжолдың "Есептемеге көрсетiлмеген тауарларды сату (жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету) бойынша жасалатын операциялар тауарларды сатудан (жұмыстарды орындаудан, қызметтердi көрсетуден) түскен кiрiстердi кемiтуге ықпал еткен операциялар болып табылады" деген сөйлем, сондай-ақ мысал алынып тасталсын.
      16. ХХХ тарауда:
      1-тармақта:
      1 және 2-тармақшалардағы "есеп айырысу және басқа да", "есеп айырысу және басқа да" деген сөздер тиiсiнше "банктiк" және "банктiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "1,5 еселенген" деген сөз "ресми" деген сөзбен толықтырылсын.
      17. ХХХI тарауда:
      Мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      Салық органдарының шешiмдерiне шағым жасау оларға есептелген салықтар

мен айыппұл санкцияларының сомаларын өндiрiп алуды тоқтатпайды.
     Сот шешiмi бойынша негiзсiз өндiрiп алынған сомаларды салық 
төлеушiлерге қайтару салық органдарының оларды өндiрiп алу сәтiнен бастап 
әр күнi үшiн осы күнге төленген сомасымен Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Банкi тағайындаған қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,5 есеп 
еселенген мөлшерiнде айыпақыларды есептей отырып, үш күн iшiнде 
жүргiзiледi."

     Қазақстан Республикасы 
     Қаржы министрлiгiнiң Әдiстеме
     Кеңесiмен келiсiлген

     1997 жылғы 26 желтоқсандағы N 19 хаттама

                                                                 1-қосымша

         Қазақстан Республикасының аумағында салықтық патент
       негiзiнде жүзеге асырылатын жеке кәсiпкерлiк қызметiнiң
                                ТIЗБЕСI

     I. Тұтыну тауарларын өндiру
     _____________________________________________________________
     1. Киiмдердi және басқа да тiгiн бұйымдарын тiгу, тоқыма
        бұйымдарын жаса.
     2. Елтiрiден жасалған бұйымдарды тiгу.
     3. Табиғи елтiрiден жасалған бас киiмдер
     4. Тоқыма бұйымдарын жасау.
     5. Аяқ-киiмдердi жасау.
     6. Галантерея бұйымдары мен бижутерияларды жасау.
     7. Жасанды гүлдер мен веноктарды жасау.
     8. Жиhаздар мен басқа да ағаш бұйымдарын жасау.
     9. Кiлем бұйымдарын жасау.
     10. Металдан жасалған бұйымдарды жасау және орнату.
     11. Қаңылтырдан жасалған бұйымдарды жасау.
     12. Табиғи гүлдер мен көшеттердi өсiру.
     13. Үй жануарларының терiлерi мен жүндерiн дайындау.
     14. Автомобильдер үшiн қаптамалар мен резеңке төменiштерiн
         жасау.
     15. Ойыншықтар мен сувенирлердi жасау.
     16. Шаруашылыққа қажеттi бұйымдарын жасау.
     17. Омарташылық өнiмдерiн өндiру.
     18. Азық-түлiк тауарларын өндiру.

     II. Тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы жеке тұлғалардың қызметi

     19. Металл бұйымдарын, қолшатырларды, тұрмыстық машиналар
         мен приборларды жөндеу.
     20. Сағаттарды жөндеу және граверлiк жұмыстар.
     21. Киiмдердi, аяқ-киiмдердi, бас киiмдердi, елтiрi, тiгiн және
         галантерея бұйымдарын жөндеу.
     22. Суретке түсiру, бейне жазбаға түсiру және басқа да фото
         жұмыстары.
     23. Радио-телевизиялық аппаратураларды, компьютерлердi жөндеу.
     24. Кесетiн құралдарды жөндеу және қайрау.
     25. Құлыптар жөндеу және кiлттер жасау.