"Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы" N 40 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетi 1997 жылғы 29 желтоқсандағы N 1 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 13 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 61

Қолданыстағы
          "Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу

                     және төлеу тәртiбi туралы"
           N 40 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтырулар
     
     1. III тарауда

     15-т. "и" тармақшасындағы "борыштар" деген сөз "талаптар" деген 
сөзбен ауыстырылсын.
     17-т; "г" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "г) ашық акционерлiк қоғамдардың бағалы қағаздарын сату кезiнде 
инфляцияға орай түзетулердi ескерген жағдайдағы құнның өсiмiмен түскен 
табыс;"
     17-тармақ мынадай мазмұндағы "д" және "е"-тармақшаларымен 
толықтырылсын:


      "д) заңды тұлға-резидентке қатысу үлесiн сатудан жеке адамдар алған,

15 проценттiк түпкiлiктi ставка бойынша салық салынатын табыс;
     е) шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң кәсiпкерлiк қызметке қатысы 
жоқ шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң таза табысы есебiнен алынған, 15 
процент ставка бойынша салық салынатын тiкелей және жанама табыстары."
     2. IV тарауда
     20-тармақта "кредиттер бойынша 50 процент" деген сөздер "кредиттер 
бойынша 100 процент" деген сөздермен ауыстырылсын.
     21-тармақтың мәтiнiндегi "борыштарға", "күмәндi борышы" деген сөздер 
тиесiнше "талаптары", "күмәндi талабы" деген сөздермен ауыстырылсын.
     23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "23. Амортизацияға жататын негiзгi құрал-жабдықтар
амортизациялаудың мынадай шектi нормаларымен топтарға бөлiнедi:
___________________________________________________________________
топ   |                                         |Амортизацияның шектi
нөмiрi|         Мүлiктiң атауы                  |нөмiрi, процентпен
____________________________________________________________________
   1. |Компьютерлер, шектi құрылғылар және      |       30
      |деректердi өңдеу жөнiндегi жабдықтар;    |
   2. |Труба құбырлары; мұнай-газ құбырлары,    |       25
      |пайдалы қазбаларды өндiру мен өңдеушi    |
      |пайдаланатыны жабдықтар, машиналар мен   |
      |тетiктер                                 |
   3. |Жолдарда пайдалануға арналған            |       20
      |автотрактор техникасы; арнайы аспаптар,  |
      |құрал-саймандар мен керек-жарақтар       |
   4. |Жеңiл автомобильдер; такси;              |
      |Автомобиль көлiгiнiң жылжымалы құрамы:   |
      | жүк автомобильдерi, автобустар, арнаулы |
      | автомобильдер мен автотiркемелер.       |
      |Машиналар мен жабдықтар:                 |
      | өнеркәсiптiң барлық салалары,           |
      | құю өндiрiсi үшiн;                      |
      | ұста-пресс жабдықтары;                  |
      | электрондық жабдықтар;                  |
      | құрылыс жабдықтары;                     |
      | ауыл шаруашылық машиналары              |
      | мен жабдықтары. Кеңсе жиhазы            |       15
   5. |Басқа топтарға енгiзiлмеген              |       10
      |амортизацияланатын активтер              |
   6. |Темiр жол, теңiз және өзен көлiк         |
      |құралдары. Қуат машиналары мен жабдықтары:
      |жылу-техникалық жабдықтар                |
      |турбиналық жабдықтар, электр             |
      |двигательдерi мен дизель                 |
      |генераторлары.                           |
      |Электр тарату және байланыс құрылғылары  |       8
   7. |Үйлер, ғимараттар, құрылыстар            |       7
___________________________________________________________________
     Салық төлеушiлер өз қалауы бойынша кез-келген салық жылында
амортизацияның өзге нормаларын қолдануға құқылы, бiрақ бұл шектi
нормалардан аспауы тиiс."
     26-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген
нормалар бойынша жүзеге асырылған" деген сөздер "салық төлеушiлер өз
бетiнше жылына бiр рет инфляция деңгейiнiң шегiнде жүзеге асыратын"
деген сөздермен ауыстырылсын.

     3. V тарауда

     45-тармақтың 1 және 6-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
1) 15 еселенген жылдық есептiк      салық салынатын табыс сомасынан
   көрсеткiшке дейiн                5 процент
2) 15 еселенгеннен 30 еселенген     15 еселенген жылдық есептiк
   жылдық есептiк көрсеткiшке       көрсеткiштен алынатын салық
   дейiн                            сомасы+ одан асатын соманың 10
                                    процентi
3) 30 еселенгеннен 65 еселенген     30 еселенген жылдық есептiк
  жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн  көрсеткiштен алынатын салық
                                    сомасы+одан асатын соманың 15
                                    процентi
4) 65 еселенгеннен 130 еселенген    65 еселенген жылдық есептiк
  жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн  көрсеткiштен алынатын салық
                                    сомасы+одан асатын соманың 20
                                    процентi
5) 130 еселенгеннен 350 еселенген   130 еселенген жылдық есептiк
  жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн  көрсеткiштен алынатын салық
                                    сомасы+одан асатын соманың 25
                                    процентi
6) 350 еселенген жылдық есептiк     350 еселенген жылдық есептiк
   көрсеткiштен бастап және одан    көрсеткiштен алынатын салық
   жоғары                           сомасы+одан асатын соманың 30
                                    процентi

     46-тармақ мынадай мазмұндағы 13-азат жолмен толықтырылсын:


      "1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы ставкаларының өзгеруiне байланысты 10-а-қосымшасында осы Нұсқаулықтың 45-тармағында көзделген ставкалар бойынша табыс салығын есептеу мысалы келтiрiлген".
      46а-тармағындағы "жеке тұлғалар төлейтiн" деген сөздер "жеке тұлғалар алатын сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      46б-тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      "46б. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi қызметкерлерiнiң кәсiпкерлiк қызметпен байланыссыз, шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң таза табысының есебiнен алынған тiкелей немесе жанама табыстарына төлем кезiнде 15 процент ставка бойынша салық салынады.".
      63-тармақтағы 2-азат жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұл ретте бағаланған сома салық салынатын табысқа кiрмейдi".
      65-тармақтағы "беру кезiнде" және "берiлетiн" деген сөздерден кейiн "ағымдағы" деген сөзбен толықтырылсын.
      65-тармақтың екiншi азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ескерту. Ағымдағы активтер - N 2 бухгалтерлiк есептiң стандартында белгiленген активтер".
      66-тармақтың "в" тармақшасындағы "төлеу кезiнде 15 проценттiк ставка бойынша салық салынатын" деген сөздер алынып тасталсын.

      4. IХ тарауда

      68-тармақтың "а" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "а) еңбек шарты (келiсiм-шарты) бойынша немесе мердiгерлiк (жалдау) шарты бойынша жұмыс iстейтiн жеке тұлғаларға жасалған төлемдер.
      Ескерту. Осы Нұсқаулықтың 16-тармағында көрсетiлген мүлiктен басқа жеке тұлғалар өзiнiң жеке пайдалануы үшiн сатып алған мүлiктердi сатудан түсетiн сомаға табыс салығы салынбайды.
      Жеке тұлғалардан олардың еңбегiне (немесе қызмет көрсетуiне) ақы төлеу түрiнде берiлетiн өнiм (тауар) сатып алынған кезде еңбекке және көрсетiлген қызметке заттай ақы төлеу кең тарағанын ескере отырып, жеке тұлға осы өнiммен жалақы төлеу (немесе оның қызметiне ақы төлеу) және шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң өзiнен табыс салығы ұсталған фактiсiн растайтын анықтама тапсырған жағдайда оған төленетiн сомадан табыс салығы ұсталмайды.
      Өнiмдi (тауарды) сатушы жеке тұлғалар табыс ететiн анықтаманың дұрыстығына жауап бередi.
      Жеке тұлғалар жасаған барлық төлемдер және төленген сомалардан алынған табыс салығының ұсталған сомалары туралы деректердi шаруашылық жүргiзушi субъектi жеке тұлғаның толық реквизитiн көрсете отырып, өзi тiркелген жерiндегi салық органына жiбередi".
      68-тармақтың "д" тармақшасындағы "ұтыстар" деген сөзден кейiн "жеке тұлғалар алған сыйақы (мүдде)" деген сөздермен толықтырылсын.
      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар:
      а) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi актiлерiне сәйкес салық есебi бойынша құжаттама жүргiзуге;
      б) салық есебi жөнiндегi құжаттаманы қағаз, электрондық немесе магниттiк көздерде 5 жыл бойы сақтауға мiндеттi."
      81-тармақтың б)-азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:
      б) "есептiк құжаттамада тауарларды (жұмысты, қызмет көрсетулердi) есепке алу мен сату жөнiндегi операцияларды көрсетпегенi үшiн аталған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер)".
      81-тармақтың "в" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

     "в) белгiленген мерзiмде жеткiлiктi негiздемесiз салық
декларациясын табыс етпеген жеке тұлғаға декларацияның табыс етпеген
әрбiр айыбы үшiн төлеуге тиiстi, бiрақ декларация бойынша төленбеген
соманың 5 процентi мөлшерiнде айыппұл салынады.
     "в" және "г" тармақшалары тиесiнше "г" және "д" тармақшалары
болып есептелiнсiн.

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Әдiстеме
     Кеңесiмен келiсiлген

     1997 жылғы 26 желтоқсандағы N 19 хаттама

                                                   10-А-қосымша

            Төлем көздерiнен ұсталатын жеке тұлғалардың
               табыс салығын тең есептеу бойынша есеп
___________________________________________________________________
Салық                                Табыс салығының сомасы
жылының|___________________________________________________________
айлары |Алынған табыстың| Айлық есептiк |   Нақтылы   |Қайта есептеу
       |    сомасы      | көрсеткiштiң  |табысқа салық|коэффициентi
       |                |  шегерiмi     |  салынатын  |
       |________________|_______________|сома г3-г5   |
       |ағымда.|жыл     |ағымда.|жыл    |             |
       |ғы ай  |басынан |ғы ай  |басынан|             |
       |үшiн   | берi   |үшiн   |берi   |             |
___________________________________________________________________
   1   |   2   |    3   |  4    |   5   |      6      |     7
___________________________________________________________________
қаңтар    23000    23000    630     630      22370          12
ақпан     23000    46000    630     1260     44740          6
наурыз    23000    69000    630     1890     67110          4
сәуiр     25000    94000    640     2530     91470          3
мамыр     25000    119000   640     3170     115830         2,4
маусым    25000    144000   640     3810     140190         2
шiлде     27000    171000   650     4460     166540         1,71
тамыз     27000    198000   650     5110     192890         1,5
қыркүйек  27000    225000   650     5760     219240         1,33
қазан     30000    255000   660     6420     248580         1,2
қараша    30000    285000   660     7080     277220         1,09
желтоқсан 30000    315000   660     7740     307260         1
___________________________________________________________________
Жиыны     315000            7740             307260

___________________________________________________________________
Салық                              Табыс салығының сомасы
жылының |__________________________________________________________
айлары  | Жылдық  |   Есептiк  |  Өткен  |  Өткен  |Ағымдағы айда
        |салық    |  табыстың  |  кезең  | кезеңде |ұстауға жататыны
        |салынатын|  ставкасы  |  үшiн   |ұсталғаны|гр 10-гр11
        |кiрiстiң |  бойынша   | табыс   |         |
        |есептiк  |табыс салығы|салығынан|         |
        |сомасы   |(кесте      |алынатын |         |
        |гр6хгр7  |бойынша)    |гр9:гр7  |         |
___________________________________________________________________
   1    |     8   |      9     |   10    |    11   |      12
___________________________________________________________________
қаңтар     268440     22851       1904       -          1904
ақпан      268440     22851       3808      1904        1904
наурыз     268440     22851       5713      3808        1904
сәуiр      274410     23746       7915      5713        2202
мамыр      277992     24284       10118     7915        2203
маусым     280380     24642       12321     10118       2203
шiлде      284783     25302       14797     12320       2476
тамыз      289335     25985       17323     14797       2526
қыркүйек   291589     26323       19792     17323       2469
қазан      298296     27329       22774     19792       2982
қараша     302932     28025       25711     22774       2937
желтоқсан  307260     28674       28674     25711       2963
___________________________________________________________________
 Жиыны     307260                 28674                 28674

     Ескерту: 1. 7-бағандағы көрсетiлген қайта есептеудiң
                 коэффициентi айлардың тиiстi күнiн 12 санға
                 бөлу жолмен есептелген, мысалы, мамырда
                 коэффициент 2,4 (12:5) тең.
              2. Есепте салық жылына арналған республикалық бюджет
                 туралы Заңмен бекiтiлген айлық есептiк көрсеткiш
                 пайдаланылуы керек.