"Көлiк құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу тәртiбi туралы" N 39 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Қаpжы министpлiгi 1997 жылғы 29 желтоқсан N 1 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 13 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 60

Қолданыстағы
                                        Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлiгi Салық комитетi Төрағасының 1997 жылғы 29 желтоқсандағы N 1 Бұйрығымен бекiтiлген


     1 бөлiмнiң 3-тармағы мынадай мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
     "Көлiк құралдарын пайдалану мерзiмiне қарай жеңiл көлiк құралдарына 
салынатын салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
     1 жылдан 3 жылға дейiн пайдалану - 2,0
     3 жылдан 5 жылға дейiн пайдалану - 1,5
     5 жылдан артық пайдалану - 1,0 (ТМД елдерi шығарған жеңiл көлiк
құралдарын қоспағанда)
     ТМД елдерi шығарған жеңiл көлiк құралдарына:
     5 жылдан 6 жылға дейiн пайдалану - 1,0
     6 жылдан артық пайдалану         - 0,3
     1 жылдан 3 жылға дейiн және 3 жылдан 5 жылға дейiн пайдалану 
мерзiмiмен берiлетiн жеңiл көлiк құралдарына салынатын салық ставкаларына 
келтiрiлген түзету коэффициенттерi ТМД елдерi және басқа мемлекеттер 
шығарған көлiк құралдарына салынатын салық ставкаларына қолданылады.".
     II бөлiмнiң 8-тармағындағы "ставкаларды" деген сөзден кейiн "және
түзету коэффициенттерiн" деген сөздермен толықтырылсын.
     Қазақстан Республикасы
     Қаржы министрлiгiнiң Әдiстеме
     Кеңесiмен келiсiлген
     1997 жылғы 26 желтоқсандағы N 19 хаттама