Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгi Салық комитетi Төрағасының 1997 жылғы 29 желтоқсандағы N 1 Бұйрығымен бекiтiлген
1. I бөлiм:
3-тармақшаның төртiншi азат жолындағы "1-9 және 19 тармақшаларында" деген сөздер "1)-9) және 15)-тармақшаларында" деген сөздермен алмастырылсын. 4-тармақта: 14)-17)-тармақшалар алынып тасталсын; 22)-тармақша "газ конденсатын қоса" деген сөздермен толықтырылсын; 18)-22)-тармақшалар тиiсiнше 14)-18)-тармақшалар болып есептелсiн; 19)-тармақша мынадай мазмұнда толықтырылсын; "19) электр энергиясы". 2. II бөлiм: 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық салынатын айналым оларға акциздi қоспай қолданылатын бағаларға сүйене отырып, акцизделетiн тауарларды өндiру және сату жөнiндегi айналым болып табылады."
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. "Сату" ұғымы дегенiмiз сату, айырбастау, тегiн беру, сондай-ақ кепiлдiкке берген тауарларды кепiл ұстаушының меншiгiне беру мақсатында жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi, тауарлар жөнелтудi бiлдiредi."
13-тармақта "шикi мұнайды қоспағанда" деген сөздерден кейiн "және спирттiң барлық түрлерi" деген сөздермен толықтырылсын.
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Акциз алымы маркiлерiнiң құны сатылған тауарлардың мөлшерi бойынша акциз сомасын кемiтiлуiне қолданылады."
18-тармақтың екiншi азат жолындағы "есептеу әдiсiмен немесе кассалық есеп әдiсiмен анықталатын" деген сөздер алынып тасталсын.
19-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азат жолмен толықтырылсын:
"Осы тармақтың ережелерi бұл тауарлар өзiнiң немесе берiлген
шикiзаттан өндiрiлгендiгiне қарамастан қолданылады." 20-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi азат жолмен толықтырылсын: "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың нәтижесiнен пайда болғаннан басқа жағдайларды акциздеу алым маркаларын жоғалтқан және бүлдiрген кезде акциз өтiнiш берiлген ассортимент мөлшерiнде төленедi. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесiнде пайда болғаннан басқа жағдайларда акцизделетiн өнiмдi жоғалтқан және бүлдiрген кезде акциз толық мөлшерде төленедi." 21-тармақта "төленген ұтысты шегерiп, тастағанда" деген сөздерден кейiн және "қосылған құнға салынатын салық" деген сөздермен қосылсын. 22-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азат жолмен толықтырылсын: "Осы тармақтың ережелерi өңдеудегi барлық спирт түрлерiн берген кезде де қолданылады." 3. III бөлiм: 43-тармақтың алтыншы азат жолы алынып тасталсын. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Әдiстеме Кеңесiмен келiсiлген 1997 жылғы 26 желтоқсандағы N 19 хаттама