Мемлекеттiк кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акция пакеттерiн сенiмдi басқаруға беру бойынша тендерлер өткiзуге байланысты қызметтерiн реттеу мақсатында Мемлекеттiк мүлiктi және активтердi басқару департаментi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 23 мамырдағы N 381 "Кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акция пакеттерiн сенiмдi басқаруға беру тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акция пакеттерiн сенiмдi басқаруға беру тәртiбi туралы Ережеге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
6-баптың 6-тармағының 2-бөлiмi 6-баптың 4-тармағының 2-бөлiмi болып саналсын;
6-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тендерге қатысушылардың енгiзiлген кепiл ақша (кепiл) сомасынан тендердi ұйымдастыру бойынша шығындардың орнын толықтыру үшiн қажеттi қаражаттар алынады:
- жеке жобаларды жасау бойынша консалтингтiк қызметтер;
- даулы мәселелер бойынша жер-жерлерге шығу және мемлекеттiк заң мекемелерi немесе мемлекеттiң қатысуымен заңды тұлғалар туралы шешiмдердi қабылдау жолымен мәселелердi шешу бойынша iссапар шығыстары, оларды қайта құру, тарату, сауықтыру рәсiмдерiн жүргiзу үшiн, жекешелендiру үшiн сенiмдi басқарушыға кепiлдiкпен мемлекеттiк меншiк нысандарын жалға беру, жалдау үшiн шарттарға (келiссөздерге, келiсiмдерге) қол қою;
- қалааралық, халықаралық телефон сөйлесулерiн төлеу ;
- нысандардың күзетi үшiн төлем;
- транспорт төлемi;
- жарнамамен және ақпаратпен қамтамасыз еткенi үшiн шығындар;
- қағаздарды, бланкілердi, кеңсе тауарларын, компьютерлердiң қосалқы
бөлшектерiн сатып алу, құжаттарды түптеу , жабдықтарды, техникаларды
жөндеу;
- тендерлердi өткiзуге тiкелей қатысқан және жұмыс уақытынан тыс
жұмыс iстеген қызметкерлердi материалдық ынталандыру үшiн";
6-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"Жеңiске жетпеген тендерге қатысушыға тендердi ұйымдастыру және
өткiзу бойынша шығындарды жабу үшiн қажеттi енгiзiлген сомалардың 10
процентiн шегерiп қайтарады. Қалған кепiл ақша (кепiл) сомасы Қатысушыға
20 банк күнi iшiнде қайтарылады.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Департамент Директорының
орынбасары О.А. Абдукамаловқа жүктелсiн.
Директор