1 баптың 2-тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"Алыс-берiс шикiзаттан өңделген және осы шикiзаттың иесi немесе
делдалдық ұйымдар ұйымдар арқылы сыртқа шығарылатын акцизделiнетiн тауарлар акциз төлеуден босатылмайды". 11 баптың 3 тармағындағы "немесе импортқа шығарылатын акцизделiнетiн тауарлар" деген сөздерден кейiн "немесе сатылатын акцизделiнетiн тауарлар, егер осы тауарлардың акциясы Қазақстан Республикасының аумағында төленбесе" сөздермен толықтырылып әрi қарай мәтiн бойынша оқылады. 11 баптың, 4 тармағының, 20 тармақшасы "(мүгедектерге арнап әдейi жасалынған қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа) деген сөздермен толықтырылсын. 22 тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын: "22) өңделмеген мұнай" II бөлiм 13 тармақ алынып тасталсын; 14 және 22 тармақтар сәйкес 13-21 тармақтар болып есептелiнсiн; 14 тармақтағы "шикiзаттан жасалынатын акцизденiлетiн тауарлар" деген сөздер "өңделмеген мұнайдан басқа" деген сөздермен толықтырылсын. 22 тармақ мынандай мазмұнда толықтырылсын: Республикасының аумағында шығарылған өңделмеген мұнайды өндiрiстiк өңдеуге тапсырған жағдайда, акциз сол тапсырылған уақытта төленедi. Мұндай жағдайда өңделмеген мұнай бойынша төленген акциз акцизделiнетiн мұнай өнiмдерi төлемдерiн кемiтуге жатқызылмайды. *1997 1 шiлдесiнен бастап күшiне енедi Төраға, Салық қызметiнiң I дәрежедегi Мемлекеттiк кеңесшiсi