Көлiк құралдарын ерiксiз тоқтатуға "Кiрпi" арнайы құрылғысын қолдану тәртiбiнiң нұсқамасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi 1996 жылғы 13 тамыз N 265 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 13 маусымда N 316 тіркелді

Қолданыстағы
      Көлiк құралдарын ерiксiз тоқтатуды қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
      1. 1996 жылдың 1-шi тамызынан бастап көлiк құралдарын ерiксiз тоқтататын "Кiрпi" арнайы құрылғысын қолдану тәртiбiнiң нұсқамасы iске асырылсын және бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Алматы қалалық IIББ-ның, Байқоңыр қалалық және облыстық IIБ-ларының бастықтары Мемлекеттiк автоинспекция бөлiмшелерiнiң жеке құрамдарында көрсетiлген нұсқаманы оқытып, iс жүзiнде сабақ өткiзу арқылы сынақ алсын.
      3. ҚР IIМ ҚАЖ (қылмыстық атқару жүйесiнiң) Бас басқармасы (ж. Х.Х.Валиевке) ҚР IIМ МАИ Бас басқармасымен келiсiлген ҚР ӘАЖ (әскери және арнайы жабдықтау) Бас басқармасының өтiнiшi бойынша жыл сайын "Кiрпi" арнайы құрылғысын дайындауды ескерсiн.
      4. ҚР IIМ ӘАЖ (әскери және арнайы жабдықтау) Бас басқармасы (ж.

О.А.Молозинге) "Кiрпi" арнайы құрылғысын жасау үшiн белгiленген
тәртiп бойынша керектi жабдықтар бөлудi қарастырсын.
     5. 1983 жылғы 31 мамырдағы ССРО IIМ-нiң N 0146 "Көлiк құралдарын
ерiксiз тоқтатуға арналған "Кiрпi" арнайы құрылғысын қолдану тәртiбi
туралы" бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн.

     Қазақстан Республикасы
     Iшкi iстер министрi
     iшкi әскерлер қолбасшысы
     генерал-лейтенант

                                        Қазақстан Республикасы IIМ
                                        1996 жылғы 13 тамыздағы
                                        N 265 бұйрығына қосымша

     КЕЛIСIЛГЕН

     Қазақстан Республикасы
     Бас прокурорының орынбасары
     юстиция аға кеңесшiсi
     Ж.С.Елубаев
     1996 ж. 18 шiлде

            Көлiк құралдарын ерiксiз тоқтатуға арналған "Кiрпi"
                арнайы құрылғысын қолданудың тәртiбi туралы*
                               НҰСҚАМА

     Ескерту: 
<*>
 Бұдан әрi қарай "Кiрпi" құрылғысы аталады

     I. "Кiрпi" құрылғысының қызметi:


      1.1. "Кiрпi" құрылғысы көлiк құралдарын мынадай белгiлi жағдайларда анық мәлiмет бойынша ерiксiз тоқтатуға арналған:
      - қылмыс жасау үшiн қолданылған, ұрланған немесе айдап кеткен;
      - адамдардың өлiмi мен жарақаттануына соқтырған көлiк-жол оқиғасы жасалған жерден жасырынған жүргiзушiнiң басқаруындағы;
      - адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiрiп, iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң әлденеше Заңды талабына бағынбаған жүргiзушi басқаруындағы көлiктерге қолданылады.
      1.2. "Кiрпi" құрылғысы бiрдей түзу арақашықтықта капрон (металл) лентаға орнатылған тiкенектерден тұрады.
      II. "Кiрпi" құрылғысын қолдану тәртiбi
      1. "Кiрпi" құрылғысын iшкi iстер органдарының осы Нұсқаулықты бiлетiн және оны iс жүзiнде қолдануды жақсы меңгерген қызметкерлерi қолданады.
      2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi 1.1. пунктте көрсетiлгендей көлiк құралының келе жатқандағы туралы мәлiмет алысымен:
      2.1. Тұрақты стационарлық поста қызметте тұрғанда:
      - "Кiрпi" құрылғысы қолданылады деген жерден мүмкiндiгiнше алысырақтау жерге барлық жүргiн көлiктер тоқтатылып қойылады, сонымен қатар "Кiрпi" қондырғысы қойылған жерден елдi мекенде 50 м, елдi мекеннен тыс жерде 75 м. ара қашықтықта "Өтуге болмайды" деген уақытша белгi қойылуы тиiс. Сонымен қатар шлагбаумдар мен бағдаршамдарды пайдалануға да болады.
      - iшкi iстер органының қызметкерi күдiктi машинаны тоқтату үшiн үздiксiз белгi бере отырып "Кiрпi" құрылғысын құрады да оны айналып өтетiн жол бөлiктерiн автомашиналармен, тракторлармен, өздiгiнен жүретiн машиналармен немесе басқа да поста тұрған дөңгелектi техникалармен бөгеп қояды.
      2.2. Патруль автомобилiмен қызметте жүргенде:
      - iшкi iстер органдарының қызметкерi айналып өтiп кетедi-ау деген жолдарды ескере отырып күдiктi көлiк құралдарын ұстау ауданын белгiлейдi;
      - iшкi iстер органдарының қызметкерлерi патруль автомобилiн жол жағасына қойып, ондағы арнайы жарық және дыбыс дабылдарын қосып қояды да жолда келе жатқан барлық көлiк құралдарын тоқтатып "Кiрпi" құрылғысымен жолды бөгейдi.
      2.3. Күдiктi көлiк "Кiрпi" құрылғысын басып өтiсiмен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi көлiк жүргiзушi және онымен бiрге келе жатқан адамдары ұстауды ұйымдастырады.
      2.4. Iшiнде қарулы қылмыскерлер бар көлiк құралдарын ұстауға қарсы "Кiрпi" қондырғысын пайдаланғанда арнайы топ шақырылады.
      3. "Кiрпi" құрылғысын:
      3.1. Темiржол тораптарында, жер асты жолдарында, көпiрлерде, жол өткелдерiнде эстакадаларда;
      3.2. Автобустарға, троллейбустарға, адам таситын жүк машиналарына (егер кузов пен салонда жолаушылар бар болса);
      - мотоциклдерге, мотоколяскаларға, мотороллер және мопедтерге;
      - шетелдiк өкiлдiктер мен шетел азаматтарына тиiстi автокөлiктерге, егер бұл көлiктердiң тоналған немесе ұрланғандығы жайында, сондай-ақ оларды тартып алып қылмыстық мақсатқа қолданғандығы туралы анық мәлiметтер бар жағдайлардан басқа кезде қолдануға болмайды.
      4. "Кiрпi" құрылғысын қолданған iшкi iстер органдарының қызметкер ол туралы IIБ-нiң, МАИ бөлiмшелерiнiң бастықтарына көлiк құралын ерiксiз тоқтату жөнiндегi хабар қашан, кiмнен (фамилиясы, аты-жөнi, лауазымы, шенi) қайдан берiлгендiгi жөнiнде және кiмге қарсы қолданғаны мен оны қолдану жағдайы әрi нәтижесi көрсетiлген рапортпен баяндайды.

      Қазақстан Республикасы IIМ МАИББ
                                       Қазақстан Республикасы

IIМ МАИ Бас басқармасы


     Көлiк құралдарын ерiксiз тоқтатуға арналған "Кiрпi" арнаулы
құрылғысын қолдану тәртiбi жөнiндегi нұсқаманы қайта жолдап отырмыз;
     Нұсқама Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келiсiлiп
және оның қолы қойылған.

     ҚОСЫМША: Нұсқама 3 (үш) бетте.

     Қазақстан Республикасы
     Бас Прокуратурасының
     басқарма бастығы
     юстиция аға кеңесшiсi