"Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын жариялау туралы

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi 1996 жылғы 21 сәуiрдегi N 23 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 21 сәуірде N 288 тіркелді

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 16 шiлдедегi N 3057 U963057_ Жарлығын жариялай отырып, бұйырамын:

      1. Алматы қаласының IIББ, облыстардың IIБ бастықтарына:
      1.1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 3057 Жарлығы басшылыққа алынсын және бұлжытпай жүзеге асырылсын, "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы" Ереже талаптарын орындау қамтамасыз етiлсiн, паспорт және виза жұмыстары аппараттарының жеке құрамдарында оны оқып-үйрену ұйымдастырылсын.
      1.2. Қазақстан Республикасында саяси баспана беру тәртiбiне түсiнiк

беру шетел азаматтарын қабылдау мен айналысатын қызметкерлерге жүктелсiн.
     2. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ 
адамдарға саяси баспана беруге байланысты материалдарды iшкi iстер 
органдарының қарастыру тәртiбi туралы (N 1 қосымша) Нұсқаулық бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Iшкi iстер Министрi -
     Iшкi әскерлер Қолбасшысы


                                        Қазақстан Республикасы IIМ
                                        1997 жылғы "__"___________
                                        N_______________ бұйрығына
                                               N 1 қосымша

          Iшкi iстер органдарының Қазақстан Республикасындағы
          шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси
                баспана беруге байланысты материалдарды
                       қарастыру тәртiбi жөнiндегi
                                 НҰСҚАУЛЫҚ



      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы" Жарлығын орындау мақсатында, iс жүзiнде мыналарды басшылыққа алу қажет:

                         I. Жалпы ережелер

      1.1. Осы Нұсқаулық iшкi iстер органдарының Қазақстан Республикасының еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң көшi-қон жөнiндегi департаментiнен келiп түскен Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы ұсыным хаттар бойынша материалдарды қарастыру тәртiбiн анықтайды.
      1.2. Қазақстан Республикасында саяси баспана, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға, жалпыға танылған халықаралық құқық нормалары негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына және "Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы" Ережеге сәйкес ұсынылады.
      1.3. Саяси баспана ұсынылған адам және оның отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық ережесi туралы Қазақстан Республикасының заңдарында ескерiлген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттер алады.

      II. Iшкi iстер органдарының Қазақстан Республикасында
          шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға
          саяси баспана беруге байланысты материалдарды
          қарастыру тәртiбi

      2.1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң паспорт және виза жұмысы жөнiндегi басқармасы Қазақстан Республикасының еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң көшi-қон жөнiндегi Департаментiнен Қазақстан Республикасында саяси баспана беру мәселелерi туралы материалдарды алғаннан кейiн, облыстық iшкi iстер басқармаларынан, Алматы қаласының iшкi iстер бас басқармасынан ұсыным хат берiлген адамдардың келу орны бойынша оларға саяси баспана берудiң орындылығы жөнiндегi пiкiрлерiн сұрайды.
      2.2. Облыстық IIБ, Алматы қаласының IIББ паспорт және виза жұмысы жөнiндегi басқармалары (бөлiмдерi) өздерiнiң және Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң Криминалдық ақпараттар орталығының есепке алулары бойынша ұсыным хатты қанағаттандыруға кедергi келтiретiн мәлiметтердiң бар екендiгiн тексередi, Iшкi iстер органдарының қалалық аудандық органдарының пiкiрiн сұрастырады. Жүргiзiлген тексерулер негiзiнде, саяси баспана берудiң орындылығы жөнiнде қорытынды жазылады да, ол тексеру материалдарымен бiрге Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң паспорт және виза жұмысы жөнiндегi басқармасына жiберiледi.
      Қорытындыға Паспорт және виза жұмысы жөнiндегi басқарманың (Паспорт және виза жұмысы жөнiндегi бөлiмнiң) бастығы немесе оның орынбасары қол қояды және оны облыстың IIБ, Алматы қаласының IIББ бастығы немесе оның орынбасары бекiтедi.
      Облыстық iшкi iстер басқармаларында, Алматы қаласының iшкi iстер бас басқармасында саяси баспана беру жөнiндегi ұсыным хат бойынша материалдарды қарастыру мерзiмi, олар түскен күннен бастап 15 күннен аспауы тиiс.
      2.3. Қазақстан Республикасы еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң көшi-қон Департаментiнiң және оның облыстық бөлiмшелерiнiң ұсыным хаты бойынша саяси баспана беру жөнiнде ұсыныс жасалған адамның паспорты облыстың IIБ, Алматы қаласының IIББ Паспорт және виза жұмысы жөнiндегi басқармасында (Паспорт және виза жұмысы бөлiмiнде) ол келген күннен бастап есептегенде үш ай мерзiмге дейiн тiркеледi. Қажет болса, визаны ұзарту ресiмделедi.
      2.4. Қазақстан Республикасының IIМ Паспорт және виза жұмысы жөнiндегi басқармасы өз кезегiнде, облыстық IIБ, Алматы қаласының IIББ материалдар алысымен, өздерiнiң есепке алулары бойынша, ұсынылған адамға саяси баспана беруге кедергi келтiретiн мәлiметтердi тексередi, ұсыным хатты қанағаттандырудың орындылығы жөнiнде қорытынды жасайды және оны Қазақстан Республикасының еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң көшi-қон Департаментiне жiбередi.
      Iшкi iстер министрлiгiнде, облыстық IIБ-да, Алматы қаласының IIББ-да саяси баспана беру туралы ұсыным хат бойынша материалдарды қарастырудың жалпы мерзiмi бiр айдан аспауы тиiс.

      III. Қазақстан Республикасында саяси баспана беру
           туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң
           жарлықтарын орындау тәртiбi

      3.1. Қазақстан Республикасының IIМ Паспорт және виза жұмысы жөнiндегi басқармасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру немесе саяси баспана беру туралы ұсыным хатты бұзу туралы Жарлығын алысымен, оны орындау үшiн облыстық IIБ-на, Алматы қаласының IIББ-на жiбередi.
      3.2. Облыстық IIБ мен Алматы қаласының IIББ Паспорт және виза жұмысы жөнiндегi басқарма (Паспорт және виза жұмысы жөнiндегi бөлiм) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын алғаннан кейiн:
      а) Қазақстан Республикасы еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң көшi-қон Департаментi берген белгiленген үлгiдегi куәлiктiң негiзiнде саяси баспана беру туралы ұсыным бойынша жағымды шешiм қабылданса, Қазақстан Республикасында саяси баспана берiлген адамға және оның 16 жасқа толған отбасы мүшелерiне бiр жерде тұруға белгi қағазын немесе азаматтығы жоқ адамдардың куәлiгiн ресiмдейдi;
      б) Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру туралы ұсыным хатты бұзу немесе саяси баспана құқығын жоғалту не саяси баспанадан айыру жағдайында, қазiргi заңдарға сәйкес, олардың Қазақстан Республикасының аумағында бұдан әрi болуының Заңдылығы жөнiндегi мәселенi қарастырады.
      3.3. Егер, Қазақстан Республикасында саяси баспана берiлген адам, қасақана қылмыс жасаса және оған байланысты заң күшiне енген айыптау үкiмi болса, iшкi iстер органдары бұдан әрi Қазақстан Республикасы Президентiне осы адамды Қазақстан Республикасындағы саяси баспанадан айыру туралы ұсыным хат дайындау үшiн Қазақстан Республикасы еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң көшi-қон Департаментiне мәлiмдеме жiбередi.
      3.4. Қазақстан Республикасынан шығу және оған келу құжаттарын ресiмдеу, Қазақстан Республикасында саяси баспана берiлген адам мен оның отбасы мүшелерiнiң Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жүрiп-тұрулары Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының келуi туралы Ережесiнiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
                                       Қазақстан Республикасы

Iшкi iстер министрлiгiнiң Паспорт және виза жұмысы жөнiндегi басқармасы