Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
1. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi қоса атқарудың мынадай тәртiбi бекiтiлсiн:
1.1. Кастодиандық қызмет қызметтiң айрықша болып табылатын түрлерiнен басқа бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң кез-келген түрiмен қоса атқарылады.
1.2. Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi кәсiби қызмет брокерлiк, дилерлiк және кастодиандық қызметтермен қоса атқарылады.
1.3. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң айрықша түрлерi болып мыналар табылады:
- бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi;
- депозитарлық;
- биржадан тыс рыноктағы баға кесу жүйесiнiң;
- қор биржаларының;
- инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелiн басқару.
2. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа өзге кәсiпкерлiк
қызметпен қоса атқарылмайды.
3. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыруға
БҚҰК-ның лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары
құрылтай құжаттарын осы Қаулының талаптарына, оны жариялаған сәттен бастап
үш ай iшiнде сәйкестендiрсiн.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Бағалы қағаздар рыногының
кәсiпқой қатысушыларының қызметiн реттеу басқармасына және БҚҰК-ның осы
басқармаға жетекшiлiк жасайтын мүшесiне жүктелсiн.
Ұлттық комиссияның |
Төрағасы |