Қазақстан Республикасы Президентiнiң 26.12.95 ж. N 2732 Z952732_ Заң күшi бар Бухгалтерлiк есеп туралы" Жарлығы негiзiнде Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
I. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының субъектi қызметтерi қаржы-шаруашылық бухгалтерлiк есеп шотының* Бас жоспары (Қазақстан Республикасы Президентiнiң 26.12.95 ж. N 2732 Заң күшi бар "Бухгалтерлiк есеп туралы" Жарлығына сәйкес) банктер мен бюджеттiк ұйымдардан басқалары).
Ескерту: Одан әрі - Бас жоспар
II. Бас жоспар 01.01.97 ж. бастап әрекетке енгiзiлсiн.
III. Былайша белгiленсiн:
1. Бас жоспар он тараудан құралады, олардың оныншысы баланстан тысқары есепке арналады.
2. Тоғызыншы тарау шаруашылық субъект операцияларының өнеркәсiптiк есеп шотын көрсетуге арналған.
3. Бас жоспар шоттарына субъект шоттарын қаржы есептемесiн айқындау бойынша (түр мерзiмi бойынша) талаптарға, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметтiң мөлшерi мен түрiне сәйкес субъектiлердiң өздерi ашады.
IV. Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссияның мүшесi Д.Ж.Айтхожина Бас жоспарға Нұсқау даярлау және соларға бухгалтерлiк есептiң регистрлерiн өтеу жөнiнде Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссияның мамандарынан, ғалымдардан, шетел кеңесшiлерiнен құралған жұмысшы тобын құру бойынша енгiзсiн.
V. Жұмысшы тобы мыналарды бекiту ұсынсын:
1. Бас жоспардың Нұсқауын 16.12.96 ж. дейiн.
2. Бухгалтерлiк есеп регистрлерi 31.12.96 ж. дейiн.
VI. Бухгалтерлiк есеп концепциясын дамыту және жалпы стандарт жөнiндегi басқарманың бастығы К.К.Кинхузова 02.12.96 ж. дейiн қолданыстағы Кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметтерiнiң бухгалтерлiк есеп шоттарының жоспарын Бас жоспарға ауыстыру кестесiн қарауға даярласын.
VII. Бұл қаулының орындалуы Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссияның мүшесi Н.М. Черновқа жүктелсiн.
Төраға
Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi
Қазақстан Республикасы
Ұлттық комиссиясының
1996 жылғы 18 қарашадағы
N 6 қаулысымен бекiтiлген
Субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң
бухгалтерлiк есебi шоттарының Бас жоспары
шот кодтары 1 бөлiм. Айналымнан тыс активтер
10 Материалдық емес активтер
101 Лицензиялық келiсiмдер
102 Бағдарламалық қамтамасыз ету
103 Патенттер
104 Ұйымдастыру шығындары
105 Гудвил
106 Басқалары
11 Материалдық емес активтердi пайдалану
111 Материалдық емес активтердi пайдалану
және лицензиялық келiсiмдер
112 Материалдық емес активтердi пайдалану
бағдарламалық қамтамасыз ету
113 Материалдық емес активтердi пайдалану
патенттер
114 Ұйымдастыру шығындары
115 Материалдық емес активтердi пайдалану-
гудвил
116 Материалдық емес активтердi пайдалану-
басқалары
12 Негiзгi қорлар
121 Жер
122 Ғимараттар мен құрылыс-жайлары
123 Машиналар мен жабдықтар, қосалқы тетiктер
124 Көлiк құралдары
125 Басқалары
126 Аяқталмаған құрылыс
13 Негiзгi қорлардың тозуы
131 Ғимараттар мен құрылыс-жайларының тозуы
132 Машиналар мен жабдықтардың, қосалқы
тетiктердiң тозуы
133 Көлiк құралдарының тозуы
134 Басқаларының тозуы
14 Инвестициялар
141 Сабақтас серiктестiктердегi инвестициялар
143 Бiрлесiп бақыланатын заңды тұлғалардағы
инвестициялар
144 Басқалары
II бөлiм. Тауарлық-материалдық қорлар
20 Материалдар
201 Шикiзат пен материалдар
202 Сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен
құрамдық заттар, конструкциялар мен
тетiктер
203 Отын
204 Ыдыс және ыдыстық заттар
205 Қосалқы бөлшектер
206 Басқа материалдар
207 Өңдеуге берiлген материалдар
208 Құрылыс материалдары және басқалар
21 Аяқталмаған өндiрiс
211 Негiзгi өндiрiс
212 Өзiнде өндiрiлген жартылай фабрикаттар
213 Қосымша өндiрiс
2134 Басқалары
22 Тауарлар
221 Дайын өнiм
222 Алынған тауарлар
223 Басқалары
III бөлiм. Дебиторлық борыш
және басқа активтер
30 Сатып алушылар мен
тапсырысшылардың борышы
301 Алуға арналған есептеулер
302 Алынған вексельдер
303 Басқалары
31 Күдiктi қарыздар жөнiндегi резервтер
311 Күдiктi қарыздар жөнiндегi резервтер
32 Сабақтас (тәуелдi) серiктестiктердiң
дебиторлық борышы
321 Сабақтас серiктестiктердiң борышы
322 Тәуелдi серiктестiктердiң борышы
323 Бiрлесiп бақыланатын заңды
тұлғалардың борышы
33 Басқадай дебиторлық борыш
331 Орнын толтыруға қосылған құнның салығы
332 Белгiленген проценттер
333 Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың
борышы
334 Басқалары
34 Алдағы кезеңдердiң шығындары
341 Сақтандыру полисi
342 Жолдау ақысы
343 Басқалары
35 Берiлген аванстар
351 Тауарлық-материалдық қорларды
жеткiзгенi үшiн берiлген аванстар
352 Орындалған жұмыстар мен
көрсетiлген қызметтер үшiн берiлген аванстар
IV бөлiм. Ақшалай қорлар
40 Қаржылық инвестициялар
401 Акциялар
402 Облигациялар
403 Басқалары
41 Жолдағы ақшалай аударымдар
411 Жолдағы ақшалай аударымдар
42 Банктердегi арнаулы есеп шоттардағы
ақшалай қорлар
421 Аккредитивтердегi ақшалай қорлар
422 Чек кiтапшаларындағы ақшалай қорлар
423 Банктердегi арнаулы есепшоттардағы
қолға берiлетiн ақшалар
424 Басқалары
43 Валюталық есеп-шоттағы
қолға берiлетiн ақшалар
431 Ел iшiндегi валюталық есеп шоттағы
қолға берiлетiн ақшалар
432 Шетелдегi валюталық есеп шоттағы
қолға берiлетiн ақшалар
44 Есеп айырысу шотындағы
қолға берiлетiн ақшалар
441 Есеп айырысу шотындағы
қолға берiлетiн ақшалар
45 Кассадағы қолға берiлетiн ақшалар
451 Кассадағы ұлттық валютамен
қолға берiлетiн ақшалар
452 Кассадағы шетелдiк валютамен
қолға берiлетiн ақшалар
V бөлiм. Өзiндiк капитал
Ескерту: V бөлiм толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 30 шілде N 344
бұйрығымен.
50 Жарғылық капитал
501 Қарапайым акциялар
502 Артықшылығы бар акциялар
503 Салымдар және пайлар
51 Төленбеген капитал
511 Төленбеген капитал
52 Қайтарып алынған капитал
521 Қайтарып алынған капитал
53 Төленген қосымша капитал
531 Төленген қосымша капитал
54 Төленбеген қосымша капитал
541 Негiзгi қорларды қайта бағалаудан
алынатын төленбеген қосымша капитал
542 Инвестицияларды қайта бағалаудан
алынатын төленбеген қосымша капитал
543 Басқалары
55 Резервтiк капитал
551 Заңдармен белгiленген резервтiк капитал
552 Басқадай резервтiк капитал
56 Бөлiнбеген кiрiс (жабылмаған зиян)
561 Есептi жылдың бөлiнбеген кiрiсi
(жабылмаған зиян)
562 Алдыңғы жылдың бөлiнбеген кiрiсi
(жабылмаған зиян)
57 Жиынтық кiрiс (зиян)
571 Жиынтық кiрiс (зиян)
VI бөлiм. Мiндеттемелер
60 Несиелер
601 Банктердiң несиелерi
602 Банктен тыс мекемелердiң несиелерi
603 Басқалары
61 Алдағы кезеңдердiң кiрiстерi
611 Алдағы кезеңдердiң кiрiстерi
62 Дивидендтер бойынша есептеулер
621 Қарапайым акциялар бойынша есептеулер
622 Артықшылығы бар акциялар
бойынша есептеулер
63 Бюджетпен есептесу
631 Төленетiн ағымдағы табыс салығы
632 Кейiнге қалдырылған табыс салығы
633 Қосылған құн салығы
634 Басқалары
64 Сабақтас (тәуелдi) серiктестiктерге
несиелiк борыш
641 Сабақтас серiктестiктерге борыш
642 Тәуелдi серiктестiктерге борыш
643 Бiрлесiп бақыланатын заңды тұлғаларға борыш
65 Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есептеулер
651 Мүлiктiк және жеке сақтандыру бойынша
есептеулер
652 Еңбекпен қамту қоры бойынша есептеулер
653 Әлеуметтiк сақтандыру және зейнеткерлiк
қамтамасыз ету бойынша есептеулер
654 Жол қорының есептеулерi
655 Басқалары
66 Алынған аванстар
661 Тауарлық-материалдық қорларды
жеткiзгенi үшiн алынған аванстар
662 Орындалған жұмыстар мен көрсетiлген
қызметтер үшiн алынған аванстар
67 Өнiм берушiлермен және мердiгерлермен
есептесу
671 Өнiм берушiлермен және мердiгерлермен
есептесу
68 Басқалай несиелiк борыш және
аударымдар
681 Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есептесу
682 Лауазымды тұлғаларға борыш
683 Арендалық мiндеттемелер
684 Төлем проценттерi
685 Қызметкерлердiң демалыстары бойынша
белгiленген борыш
686 Басқадай белгiленген шығындар
687 Басқалары
VII бөлiм. Кiрiстер
70 Негiзгi қызметтiң кiрiсi
701 Дайын өнiмдi (жұмысты, қызметтi)
сатудан алынатын кiрiс
702 Алынған тауарларды сатудан алынатын кiрiс
703 Құрылыс-монтаж, жобалау-зерттеу,
геологиялық барлау, ғылыми-зерттеу және
сол сияқты жұмыстардан алынатын кiрiс
704 Тасымалдау ұйымдарының жүктер мен
жолаушыларды тасуы жөнiндегi қызметтен
алынатын кiрiс
705 Арендадан алынатын кiрiс
706 Байланысты ұйымдастыру қызметiнен
алынатын кiрiс
707 Сақтандыру компанияларының қызметiнен
алынатын кiрiс
708 Инвестициялық қызметтен алынатын кiрiс
709 Басқалары
71 Сатылған тауарлардың қайтарылуы және
сату шегерiмдерi, сондай-ақ баға
шегерiмдерi
711 Сатылған тауарлардың қайтарылуы
712 Сату шегерiмдерi
713 Баға шегерiмдерi
72 Негiзгi емес қызметтен алынатын кiрiс
721 Материалдық емес активтердi сатудан
алынатын кiрiс
722 Негiзгi қорларды сатудан
алынатын кiрiс
723 Бағалы қағаздарды сатудан
алынатын кiрiс
724 Акциялардың дивидендтерi және процент
түрiндегi кiрiстер
725 Бағамдар айырмашылығынан
алынатын кiрiс
726 Атқарушы өкiмет органдарының субсидиялары
727 Басқалары
VIII бөлiм. Шығыстар
Ескерту: VІІІ бөлiм жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 30 шілде N 344
бұйрығымен.
80 Өткiзiлген тауардың (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құны
801 Өткiзiлген дайын өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құны
802 Сатуға арнап сатып алынған өткізілген тауардың өзіндік құны
803 Орындалған құрылыс-монтаж, жобалау-iздестiру, геологиялық-барлау,
ғылыми-іздестiру және т.б. жұмыстардың өзiндiк құны
804 Көлiк ұйымдарының жүк және жолаушылар тасымалы бойынша
көрсетiлген қызметтерiнiң өзiндiк құны
805 Жалға байланысты қызметтердiң өзiндiк құны
806 Байланыс ұйымдарының көрсетiлген қызметтерiнiң өзiндiк құны
807 Сақтандыру ұйымдарының көрсетiлген қызметтерiнiң өзiндiк құны
808 Басқалар
81 Тауар өткiзуге байланысты шығыстар (жұмыстар, қызметтер)
811 Тауар өткiзуге байланысты шығыстар (жұмыстар, қызметтер)
82 Жалпы және әкiмшiлiк шығыстары
821 Жалпы және әкiмшiлiк шығыстары
83 Проценттер бойынша шығыстар
831 Проценттер бойынша шығыстар
84 Негiзгi емес қызметтер бойынша шығыстар
841 Материалдық емес активтердi өткiзуге байланысты шығыстар
842 Негiзгi құрал-жабдықтарды өткiзуге байланысты шығыстар
843 Бағалы қағаздарды өткiзуге байланысты шығыстар
844 Бағам айырмасы бойынша шығыстар
845 Басқалар
85 Табыс салығы бойынша шығыстар
851 Табыс салығы бойынша шығыстар
86 Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан
болған шығыстар (залалдар)
861 Дүлей апаттан болған өтелмейтiн залалдар
862 Дүлей апаттан болған шығыстар (залалдар)
863 Тоқтатылған операциялардан болған шығыстар (залалдар)
864 Басқалар
87 Басқа ұйымдарға үлестiк қатысудан шығыс (залал)
871 Басқа ұйымдарға үлестiк қатысудан шығыс (залал)
IХ бөлiм. Өндiрiстiк есептеудiң
есептемесi
Ескерту: IХ бөлiм толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің
2000 жылғы 30 шілде N 344
бұйрығымен.
90 Негiзгi өндiрiс
900 Негiзгi өндiрiс
901 Материалдар
902 Өндiрiс жұмысшыларының еңбек ақысы
903 Еңбекақыдан бөлiнетiн аударымдар
904 Құжаттық шығындар
91 Өзiндiк өндiрiстiк жартылай фабрикаттары
910 Өзiндiк өндiрiстiк жартылай фабрикаттары
911 Материалдар
912 Өндiрiстiк жұмысшылардың еңбекақысы
913 Еңбекақыдан бөлiнетiн аударымдар
914 Құжаттық шығындар
92 Қосалқы өндiрiстер
920 Қосалқы өндiрiстер
921 Материалдар
922 Жұмыскерлердiң еңбекақысы
923 Еңбекақыдан бөлiнетiн аударымдар
924 Құжаттық шығындар
93 Құжаттық шығындар
931 Материалдар
932 Жұмыскерлердiң еңбекақысы
933 Еңбекақыдан бөлiнетiн аударымдар
934 Негiзгi қорларды жөндеу
935 Негiзгi қорлардың тозуы және
материалдық емес активтердi пайдалану
936 Коммуналдық қызметтер
937 Арендалық ақы
938 Басқалары
94 Әлеуметтiк сала
940 Әлеуметтiк сала
941 Материалдар
942 Жұмыскерлердiң еңбекақысы
943 Еңбекақыдан бөлiнетiн аударымдар
944 Коммуналдық қызметтер
945 Негiзгi қорларды жөндеу
946 Негiзгi қорлардың тозуы және
материалдық емес активтердi пайдалану
947 Арендалық ақы
948 Басқалары
95 Өндiрiстегi ақау
950 Өндiрiстегi ақау
951 Материалдар
952 Жұмысшылардың еңбек ақысы
953 Құжаттық шығындар
Х бөлiм. Балансқа келтiру есептемесi