----------бұйрықтан үзінді---------
Қазақстан Республикасы Заңының 40 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына және "Телекоммуникация желілерін қорғау Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 1010 қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгiнің Мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілер тізілімінде 1997 жылғы 16 қаңтарда N 245 болып тіркелген "Телекоммуникация желілерін қорғау Ережесін бекіту туралы" 1996 жылғы 7 қараша N 270 бұйрығы күшін жойды деп танылсын...
Төраға м.а
__________________________________
1. Телекоммуникациялық (кабельдiк, радиорелейлiк, әуе байланысы және радиоландыру жүйелерi) топтарының бүлiнуi телекоммуникациялардың қалыпты жұмыс iстеуiне нұқсан келтiрiп, халық шаруашылығына және ел қорғау iстерiне зиянын тигiзетiндiгi ескерiлiп, оларды қорғау мақсатымен осы ережелер енгiзiлдi.
2. Кабельдiк және әуе байланысы, сондай-ақ радиоландыру желiлерiнiң трассаларында:
а. мынадай қорғау аумақтары белгiленедi:
- жер асты кабелi және әуе байланысы, сондай-ақ радиоландыру желiлерi үшiн - жер асты кабель трассасының және әуе байланысы желiсiнiң шектi сымдарының әрбiр жағынан 2 метр қашықтықта жүргiзiлетiн оларға параллель сызықтармен шектелетiн жер участкасы ретiнде;
- теңiз асты байланыс кабель желiлерi үшiн - трассаның екi жағынан 0,25 теңiз милi (7,4 км) арқылы теңiз табаны мен оның айдынының бетi аралығында тұрғызылатын параллель жазықтықтар аралығындағы кеңiстiк ретiнде; кемелер жүретiн және сол жүргiзiлетiн өзендер, көлдер, су қоймалары, арналар арқылы өткiзiлетiн байланыс кабельдерi үшiн - трассаның әрбiр жағынан 100 м қашықтықта тұрғызылатын параллель жазықтықтармен шектелетiн кеңiстiк ретiнде;
- кабельдiк байланыс желiлерiнiң күтiлмейтiн жер асты және жер үстi күшейткiш пункттерi үшiн - күшейткiш пункттерiнен немесе олардың төмпешiктерiнiң және олардың жабдықтарын жерге қосу контурлары участкаларының шекараларынан 3 м қашықтықты қамтып қоршалатын тұйық сызық ретiнде;
- қалалардан тыс жерлерде жер асты байланыс кабелi желiлерiнiң трассасының бағдар көрсеткiшi болып табылатын өлшеу бағаналары қойылады. Қалалар iшiнде жер асты байланыс кабелi желiлерiнiң трассасы техникалық құжаттар бойынша анықталады;
- теңiздер, кеме жүретiн және сал жүргiзiлетiн өзендер, көлдер, су қоймалары және каналдар арқылы жүргiзiлетiн кабельдiк байланыс желiлерi трассаларының қорғау аймағы - кабельдердiң енгiзiлетiн (шығарылатын) жағалауларында сигналдық белгiлер арқылы көрсетiледi. Теңiз асты байланыс кабель желiлерiнiң трассасы "Теңiз жүргiзушiлер хабарламасында" көрсетiлiп, теңiз карталарында белгiленедi.
Ормандар мен қолдан ағаштар отырғызылған көгалдандыру аймақтарында:
- кабель байланыс желiсi үшiн кеңдiгi 4 м-ден кем болмайтын ағаштары қырқылған алаптар жасалады;
- әуе байланысы және радиоландыру желiлерi үшiн:
- ағаштарының биiктiгi 4 м-ден аспайтын аймақтарда - кеңдiгi шеткi сымдардың әрбiр жағынан 2 м қашықтықтан (4м) тұратын;
- ағаштарының биiктiгi 4 м-ден асатын аймақтарда - кеңдiгi шеткi сымдардың әрбiр жағынан 3 м қашықтықтан (6м) тұратын ағаштары қырқылған қорғау алаптары (просек) жасалады;
- ағаштары жиi құлайтын аймақтарда қорғау алабының кеңдiгi екi жақтан, шеткi сымдардың ара қашықтығына ағаштардың орташа биiктiгiн қосқанға тең болуы тиiс. Сонымен, қатар, қорғау алабының шетiндегi кейбiр жеке ағаштармен ағаштар тобының биiктiгi жалпы ағаштардың орташа биiктiгiнен асатын болса - ондай ағаштар қырқылатын болады;
Телекоммуникациялар желiсi парктер, бақтар және қорықтар арқылы өтетiн жағдайларда өкiлеттi мемлекет органдарының келiсiмi негiзiнде қорғау алабының кеңдiгiн аз етiп алуға жол берiледi.
Орманды және ағаш өсiрiлген аймақтар алабын өрттен жүргiзiлетiн телекоммуникациялар желiлерiнiң қорғау алабын өрттен қауiпсiз жағдайда ұстау шаралары - телекоммуникациялар тораптарының иесi болып табылатын кәсiпорындары мен ұйымдардың күшiмен жүзеге асырылады.
Парктер, бақтар, қорықтар, қалалар мен елдi мекендер маңындағы көгалды аймақтар, егiнжайлар, автомобиль жолдары мен темiр жолдары, өзендер мен арналарды, көлдер мен басқа да су қоймаларын қорғау үшiн ағаштар отырғызылған аймақтар арқылы телекоммуникациялар желiлерiнiң қорғау алаптарын салғанда оларға мүмкiн болғанша аз нұқсан келтiрiлетiн және олардың негiзгi қорғау қасиеттерi сақталатын болуы тиiс.
Сонымен қатар ондай жерлердегi қорғау алабында бұталар мен жас ағаштар қырқылмайтын, бос топырақтардағы, көлбеу беткейлердегi (15 градустан жоғары) және су шаятын жерлердегi ағаш (бұта) түбiрлерi қопарылмайтын болуы тиiс;
байланыс және радиоландыру қондырғылары мен өзендерiнiң орнатылуы тиiстi ережелермен анықталатын болса да қондырғылардың жол берiлетiн ең жақын ара қашықтықтары белгiленедi;
3. Радиорелейлiк байланыс желiлерiнiң трассаларында радио толқындарының таралуына тосқауылдық әрекеттерiн болдырмау мақсатымен ғимараттар мен түрлi қондырғылар тұрғызуға және ағаштар отырғызуға тыйым салынатын жеке участкалардың орындары мен шекаралары радиорелейлiк желiлер құрылысының жобаларында қарастырылады.
4. Телекоммуникациялық тораптарды қорғау алабының шегiнде олардың иесi болып табылатын заңды тұлғалардың жазба түрдегi келiсiмiнсiз мынадай жұмыстар жүргiзуге тыйым салынады:
а) 0,3 м тереңдiктен асатын түрлi құрылыс, монтаж жұмыстарын және қопарылысты қажет ететiн жұмыстарды жүргiзуге; жер бетiн бульдозер және экскаватор арқылы тегiстеуге;
б) топырақ үлгiсiн алу мақсатымен скважина, шурф қазу арқылы жүргiзiлетiн геологиялық түсiру, геодезиялық т.б. iзденiс жұмыстарына;
с) ағаштар отырғызуға, дала қостарын орналастыруға, мал ұстауға, материалдар, пiшен және тыңайтқыштар жинауға, от жағуға және мылтық ататын жаттығу алаңын ұйымдастыруға;
д) автокөлiктерiнiң, тракторлар мен түрлi механизмдер қойылатын орындар жасауға, олар жүрiп өтетiн жолдар жасауға, әуе байланыс және радиоландыру желiлерiнiң астынан габариттен тыс жүктер алып өтеуге;
е) кемелер, баржалар және жүзетiн крандар тоқтайтын орындар жасауға, жүк арту, жүк түсiру жұмыстарын жүргiзуге, су астын тереңдету және су асты батпағын қотару жұмыстарын жүргiзуге, салбауыр (якорь) тастауға, кеме арқылы салбауыр, шынжыр трал, т.б. сүйретiп жүргiзуге, балық аулайтын участкалар бөлуге, балық аулауға, басқа да су жануарларын өсiруге және балық ұстау құралы болып табылатын өсiмдiктер өсiруге, суаттар жасауға, мұз жаруға және мұз дайындауға;
ж) кабель трассасы өтетiн еспе құм участкаларында жұмыстар жүргiзуге.
Автомобиль жолы мен темiр жолдарға бөлiнген алаптардағы әуе байланыс және радиоландыру желiлерiнiң алаптарын автомобиль жолы мен темiр жол иелерi байланыс және радиоландыру желiлерiнiң иесi болып табылатын заңды тұғалардың келiсiмiнсiз өз қажетiне пайдалана алады, бiрақ ол желiлердiң сақталуы мiндеттi түрде қамтамасыз етiлуi мiндеттi.
Телекоммуникациялар тораптарының қорғау аумақтарының және орманды жерлердегi қорғау алабының шегiнде жұмыс жүргiзiлген жағдайда олардың желiлерiнiң бүлiнбеуiн қамтамасыз ететiн шарттарды Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiлейдi (құрылыс жұмысы бөлiгi - Қазақстан Республикасы аймағында тұрғын үй және құрылыстар салу министрлiгi жанындағы мемлекеттiк архитектуралық-құрылыстық бақылау департаментiмен келiсiледi).
5. Учаскалары арқылы телекоммуникациялар тораптары өтетiн жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың сол тораптардың иесi болып табылатын заңды тұлғалардың жазбаша рұқсатынсыз олардың қалыпты жұмыс iстеуiне нұқсан келтiретiн қандай да болмасын әрекеттерiне тыйым салынады. Дәлiрек айтқанда:
а) телекоммуникациялар тораптарының иесi болып табылатын заңды тұлғаның келiсiмi бойынша ғимараттарда, көпiрлерде, коллекторларда, метро туннельдерiнде және темiр жолдарда орналасқан әуе байланысы және радиоландыру бағаналарын, кабельдiк жәшiктердi және тарату қораптарын телекоммуникациялар тораптарының құрылысшылары алдын ала басқа орындарға ауыстырғанға дейiн айтылған объектiлердi қайта құруға және бұзуға;
б) өлшеу және сигнал белгiлерiн бүлдiруге немесе көмiп тастауға, жер асты кабель желiсiнiң трассасына үлкен салмақты (5 тоннадан жоғары) заттарды биiктiктен тастауға, сол трассалар үстiнен қышқылдардың, тұздардың және сiлтiлердiң ағуына жол беруге;
с) күтiлмейтiн (жер асты және жер үстi) күшейткiш пункттерiнiң, радиорелей станцияларының, телефон канализациясы құдықтарының, тарату шкафтарының және кабель жәшiктерiнiң қақпақтарын немесе есiктерiн ашуға, сондай-ақ қатысы жоқ тұлғалардың телекоммуникациялық тораптарға аппараттар арқылы қосылуына;
д) телекоммуникациялар тораптарына нұқсан келтiретiн басқа да әрекеттер жасауға (мысалы, әуе байланыс желiсiнiң бағаналарын және арматураларын сындыру, сымдарын үзу, олардың үстiне бөтен заттарды iлу т.б.) - тыйым салынады.
6. Телекоммуникациялар тораптарының трассасындағы қорғау аймағына және орманды жерлердегi ағаштары қырқылған қорғау алабына жататын жерлер жер иеленушiлер және пайдаланушылар иелiгiнен алуға жатпайтын. Оларды пайдалану, осы ережелердiң 4 және 5-пункттерiнде келтiрiлген талаптарды орындау арқылы жүзеге асырылады.
7. Өздерiне пайдалануға берiлген жер участкалары арқылы телекоммуникациялар тораптары өтетiн заңды және жеке тұлғалар (жердi иелену нысандарына қарамастан):
а) телекоммуникациялар тораптарының иесi болып табылатын заңды тұлғаның басталу уақыты жүргiзiлетiн орны көрсетiлген келiсiмiнсiз және оның өкiлiнiң қатысуынсыз пайдалануындағы жер участкаларында геологиялық және геодезиялық барлау, тағы сол сияқты iзденiс жұмыстар жүргiзуге жол берiлмейдi.
8. Телекоммуникациялар тораптары қарауында болатын заңды тұлғалардың техникалық қызметкерлерiн телекоммуникациялар желiсiнiң қорғау аумақтары бойынша жүрiп өтуiне, ал жөндеу - қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде көлiкпен өтуiне кедергiсiз хұқық берiледi.
Егер телекоммуникациялық тораптар тыйым салынған аймақтар және арнайы объектiлер аймағы арқылы өтетiн болса, онда тиiстi ұйымдар сол тораптарға қызмет көрсететiн заңды тұлға қызметкерлерiне тәулiктiң кез келген уақытында байқау және жөндеу жұмыстарын жүргiзуге мүмкiндiк туғызатын рұқсат қағазын беруге мiндеттi.
Заңды тұлғалар өздерiнiң меншiктiк нысанына қарамастан өз қызметкерлерi үшiн телекоммуникациялар тораптарының иесi тарапынан қорғау - түсiнiктемелер жүргiзуiне көмектесуге мiндеттi.
9. Қарауында телекоммуникациялар тораптары бар заңды тұлғалар қорғау алаптарында:
а) байланыс және радиоландыру желiлерiн күтiп-қадағалауға қажеттi жолдар, көпiрлер, тағы басқа қондырғылар салуға;
б) телекоммуникациялық тораптарды жөндеу үшiн шұңқырлар, арықтар, қазан шұңқырлар қазуға;
с) орманды және ағаш өсiрiлген аймақтарда қорғау алабының белгiленген кеңдiгiн қамтамасыз ету үшiн ағаш бұтақтарын кесуге;
д) жер асты құрылыстарының бар екендiгiн көрсететiн және жер жұмыстарын жүргiзу қажет болған жағдайда байланысшылар өкiлiн шақырудың қажеттiгiн көрсететiн хабарландыру тақталарын орнатуға рұқсат берiледi.
Автомобиль жолдары мен темiр жолдардың қорғау аймақтарында а және б тармақшаларында көрсетiлген жұмыстар сол жолдардың басшы орындарының келiсiмi бойынша жүргiзiледi.
Орманды аймақтардан өтетiн телекоммуникациялар желiлерiнде авария орын алған жағдайда оны жою үшiн трассаларға жақын орналасқан жеке ағаштарды қырқуға рұқсат берiледi, ондай ағаштардың қырқылғандығы туралы мемлекеттiк өкiлеттi орындар (мемлекеттiк экология және биоресурстар органы) хабардар болуы тиiс.
10. Ауыл шаруашылығының егiн даласы арқылы өтетiн телекоммуникациялар тораптарын жоспарлы жөндеу жұмыстары әдетте, егiн егiлмей тұрған мезгiлдерде жүргiзiлуi Телекоммуникациялар тораптарында орын алған аварияны жою және пайдалану барысындағы күту жұмыстары кез келген уақытта жүргiзiледi.
Көрсетiлген жұмыстар орындалғаннан кейiн телекоммуникациялар тораптарының иесi болып табылатын заңды тұлға бүлiнген жерлердi ауыл шаруашылығында қайта пайдалануға болатындай қалпына келтiруге және жер участкасының, меншiктiк иесi мен жер пайдаланушыларға келтiрiлген зиянды өтеуге мiндеттi. Келтiрiлген зиян көлемiн анықтау - Қазақстан Республикасының қолданылудағы заңдары бойынша анықталады.
11. Телекоммуникациялық тораптарды жөндеу және қалпына келтiру үшiн жүргiзiлетiн жол төсенiштерiн алу және жер қабатын ығыстыру жұмыстары олардың жүргiзiлу шарттары тиiстi жол мекемелерiмен, ал қала iшiнде - жергiлiктi үкiмет орындарымен және тиiстi басқармалармен алдын ала келiскеннен кейiн жүргiзiледi. Көрсетiлген жұмыстардың жүргiзiлу шарттары олар туралы сұраныс түскеннен кейiн үш күннен кешiкпей телекоммуникациялар тораптарының иесi болып табылатын заңды тұлғаға берiлуi тиiс.
Егер телекоммуникациялар тораптары бүлiнген жағдайда бүлiнген участканы айналып өту арқылы байланыс ұйымдастыруға болмайтын болса, онда жол төсенiштерiн ашу және жер қыртысын-ығыстыру жұмыстары алдын ала келiсiлмей-ақ жүргiзiледi, бiрақ жол мекемелерi, жергiлiктi үкiмет орындары және басқармалар өкiлдерi мiндеттi түрде шақырылады.
Мұндай жағдайда жұмыс жүргiзушi кәсiпорны (мекеме) авария орын алған жердi уақытша айналып өтетiн жолдар жасап, көлiктер мен жаяу адамдар үшiн тиiстi көрсеткiштер орнатуға мiндеттi.
Жол төсенiштерiн қалпына келтiрудi - телекоммуникациялар, тораптарының иесi болып табылатын заңды тұлға жүзеге асырады.
12. Телекоммуникациялық тораптарды тас жолдармен, темiр жолдармен, құбырлармен, кеме жүретiн және сол жүргiзiлетiн өзендермен, көлдермен, су қоймаларымен, арналармен қиылысатын жерлерде, өндiрiс кәсiпорындарының аймақтарында, аэродромдарға жақындаған аймақтарда пайдалану тәртiбi - телекоммуникациялар тораптарының иесi болып табылатын заңды тұлға тарапынан аталған объектiлер иелiгiне кiретiн кәсiпорындарымен және ұйымдармен келiсiледi.
13. Жобаланатын ғимараттар мен қондырғылардың құрылыс аймағы арқылы телекоммуникациялар желiсi өтетiн жағдайларда ондай объекттердiң құрылыс жобалары мен сметаларында телекоммуникациялар тораптарының иесi болып табылатын заңды тұлғалармен келiсiлген сол тораптардың сақталуын қамтамасыз ететiн шаралар қарастырылуы тиiс.
14. Телекоммуникациялық тораптар желiсiнiң қорғау аумақтарына жақын жерлерде сол тораптарға қандай да болмасын нұқсан келтiретiн жұмыстар жүргiзiлетiн заңды және жеке тұлғалар, меншiктiк нысанына қарамастан:
а) телекоммуникациялар тораптарының иесi болып табылатын заңды тұлғалармен айтылған жұмыстардың жүргiзiлу тәртiбiн қарастыратын келiсiм жасауға;
б) телекоммуникациялар тораптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
е) телекоммуникациялар тораптарының иесi болып табылатын заңды тұлғаларды жұмыстың жүргiзiлу уақыты мен орны туралы және жұмыстың жүргiзiлуiн бақылау тәртiбi туралы хабардар етуге;
д) жер қазу жұмыстарын қатаң түрде телекоммуникациялар торабының иесi болып табылатын заңды тұлға өкiлiнiң қатысуымен жүргiзуге - мiндеттi.
15. Жер қазу жұмыстарын жүргiзетiн заңды және жеке тұлғалар, меншiктiк нысанына қарамастан, жұмыс кезiнде сол жұмысты жүргiзуге арналған техникалық құжаттарда көрсетiлмеген жер асты кабелiн байқаған жағдайда оның бүлiнбеуiн қамтамасыз етумен қатар, ол туралы таяу маңдағы байланыс кәсiпорнына (ұйымына) хабарлауға мiндеттi.
16. Кеме салдауырымен немесе балық аулау жабдықтарымен су астынан кабель көтерiлген жағдайда кеме капитаны (корабль командирi) салдауырдың немесе балық аулау жабдығының шығын болуына қарамастан кабельдiң бүлiнбеуiн қамтамасыз ету шараларын қолданып, одан босану әрекеттерiн жасауға мiндеттi. Кеме капитаны (корабль командирi) су асты, кабелiнiң көтерiлгендiгi туралы уақиғаның қай уақытта және қандай координатта орын алғанын айтып, радиомен таяу маңдағы портқа хабарлайды. Кабельдiң кездейсоқ көтерiлгендiгi жөнiнде хабар қабылдаған порт ол туралы таяу маңдағы байланыс кәсiпорнына хабарлайды.
17. Жергiлiктi атқарушы органдар телекоммуникациялар желiсi өтетiн участкаларды құрылыс жүргiзу үшiн басқа тұлғаға беруге шешiм қабылдаған жағдайда ол тұлғадан телекоммуникациялар торабының иесi болып табылатын заңды тұлғамен құрылыс жүргiзу тәртiбi туралы келiсудi талап етуге мiндеттi.
18. Жергiлiктi атқарушы органдар және жер участкаларының меншiктiк иелерi телекоммуникациялар желiсi өтетiн, участкаларды жеке меншiкке сатқан жағдайда сатып алушы жеке тұлғаға немесе шаруашылық жүргiзушi субъектке сатылатын участка арқылы телекоммуникациялар желiсi өтетiнiн, олар тарапынан осы ережелер талаптарының мүлтiксiз орындалуының қажеттiгiн ескеруге мiндеттi.
19. Телекоммуникация тораптарын атқарушы техникалық мамандар егерде осы торапты жүйелерден басқа мекемелердiң кесiрiнен болған кiнәраттарды тапса, олар жергiлiктi атқарушы органдарға, сонымен қоса прокуратура немесе iшкi iстер органдарына шағым жасауға мiндеттi.
20. Телекоммуникациялар тораптарын қорғау ережелерiнiң талаптарын орындамаған айыпты, сондай-ақ сол тораптардың қалыпты жұмысына нұқсан келтiрген лауазымды тұлғалар мен азаматтар белгiленген тәртiп бойынша жауапқа тартылады.