Бухгалтерлiк есепке алу стандарттарын бекiту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясы 1996 жылғы 13 қараша N 3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 30 желтоқсанда N 239 тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2732 Z952732_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
      1. Қоса тiркелiп отырған Қазақстан Республикасының субъектiлерi

үшiн бухгалтерлiк есепке алу стандарттары (БЕС) бекiтiлсiн.
(Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу
туралы" 26.12.95 ж. N 2732 Заң күшi бар Жарлығы 1-бабының 1-тармағына
сәйкес):
     БЕС 1 "Есеп жүргiзу саясаты және оның ашылымы";
     БЕС 2 "Бухгалтерлiк баланс және қаржы есептерiндегi негiзгi
ашылымдар";
     БЕС 3 "Қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есеп";
     БЕС 4 "Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп";
     БЕС 5 "Табыс";
     БЕС 6 "Негiзгi қорларды есепке алу";
     БЕС 7 "Тауар-материалдық қорларды есепке алу";
     БЕС 8 "Қаржы инвестицияларын есепке алу";
     БЕС 9 "Шетелдiк валютамен жасалатын операцияларды есепке алу";
     БЕС 10 "Байланысты тараптар туралы ақпараттың ашылымы";
     БЕС 11 "Табыс салығы бойынша есепке алу";
     БЕС 12 "Күрделi құрылысқа арналған мердiгерлiк келiсiмдер".
     II. Осы бухгалтерлiк есепке алу стандарттары 1997 жылғы 1 қаңтардан 
бастап енгiзiлсiн.


      III. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есепке алу жөнiндегi ұлттық комиссияның мүшесi Л.Ж. Айтхожина бекiтiлген бухгалтерлiк есепке алу стандарттарының 1996 жылғы 20 қарашаға дейiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      IV. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының мүшесi Н.М.Чернова бухгалтерлiк есепке алу стандарттарының баспасөзде жариялануы жөнiндегi ұсынысты 1996 жылғы 1 желтоқсанға дейiн табыс етедi.
      V. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық

комиссиясының мүшелерi Л.Ж.Айтхожина, С.Н.Пироговская, Н.М.Чернова,
Н.Т.Шалғымбаева бухгалтерлiк есепке алудың реформаланған жүйесiне
оқып-үйрену жөнiндегi кеңейтiлген бағдарламаны екi апталық мерзiмде
бекiтуге табыс етсiн.
     VI. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының мүшесi Н.М.Черноваға
жүктелсiн.
     Төрайым 
     
     
             Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссия
                              қаулысы 
                      1996 жылғы 14 қараша N 4 


      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
      1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының субъектiлерi үшiн (бюджеттiк ұйымдардан басқа) бухгалтерлiк есепке алу стандарттары (БЕС) бекiтiлсiн (Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Заң күшi бар Жарлығы 1-бабының 1-тармағына сәйкес):
      БЕС 13 "Бiрiктiрiлген қаржылық есептiлiк және еншiлес серiктестiкке салынған инвестицияларды есепке алу";
      БЕС 14 "Бағынышты шаруашылық серiктестiкке салынған инвестицияларды есепке алу";
      БЕС 15 "Қаржылық есептiлiкте бiрлескен қызмет бойынша қатысу үлесiн көрсету".
      II. Былайша белгiленсiн:
      1. Бұл стандартты Қазақстан Республикасы Президентiнiң "бухгалтерлiк есепке алу туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Заң күшi бар Жарлығы 1-бабының 1-тармағында анықталған Қазақстан Республикасының барлық субъектiлерi 1998 жылға қаржылық есептiлiктi жасаған кезде пайдалануға мiндеттi.
      2. БЕС-тарын субъектiлер есептердi бiрiктiрген кезде, бағынышты шаруашылық серiктестiкке салынған инвестицияларды, бiрлескен қызметтегi қатысу үлесiн көрсеткен кезде 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдануына болады.
      III. Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есепке алу жөнiндегi ұлттық комиссиясының мүшесi Л.Ж. Айтхожина бекiтiлген бухгалтерлiк есепке алу стандарттарын 1996 жылғы 20 қарашаға дейiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркетудi қамтамасыз етсiн.
      IV. Бухгалтерлiк есепке алу тұжырымдамасы мен жалпы стандарттарының дамуы жөнiндегi басқарманың бастығы К.К.Кинхузова мен Мамандандырылған стандарттар басқармасының бастығы Т.Л.Дударева 1997 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде осы стандарттарға әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
      V. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық

комиссиясының мүшесi Н.М.Чернова бухгалтерлiк есепке алу стандарттарын 
жариялау жөнiндегi ұсыныстарды 1996 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде 
табыс етсiн.
     VI. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының мүшесi Н.М.Черноваға
жүктелсiн.
     Төрайым 
     
             Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссия
                                қаулысы      
                       1996 жылғы 15 қараша N 5 


      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
      1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының субъектiлерi үшiн бухгалтерлiк есепке алу стандарттары (БЕС) (Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Заң күшi бар Жарлығы 1-бабының 1-тармағына сәйкес) бекiтiлсiн:
      БЕС 16 "Зейнетақымен қамтамасыз ету шығыстарын есепке алу";
      БЕС 17 "Жал ақысын есепке алу";
      БЕС 18 "Инвестициялық қорлардағы есеп";
      БЕС 19 "Мемлекеттiк емес ерiктi зейнетақы қорларының есепке алуы мен есептiлiктi жасауы".
      II. Бухгалтерлiк есепке алудың осы стандарттары 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлсiн.
      III. Бухгалтерлiк есепке алу тұжырымдамалары мен жалпы стандарттарының дамуы жөнiндегi басқарманың бастығы К.К.Кинхузова мен Мамандандырылған стандарттар басқармасының бастығы Т.Л.Дударева 1997 жылғы 15 қаңтарға дейiнгi мерзiмде осы стандарттарға әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
      IV. Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының мүшесi Н.М.Чернова 1996 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде бухгалтерлiк есепке алу стандарттарын баспасөзде жариялау туралы ұсынысты табыс етсiн.
      V. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының мүшесi Н.М.Черноваға жүктелсiн.

      Төрайым
                                    Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3 қаулысымен бекiтiлдi


                Бухгалтерлік есепке алудың 1 стандарты
                Есеп жүргізу саясаты және оның ашылуы

      Мақсаты және қолдану өрiсi
      1. "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Заң күшi бар N 2732 Z952732_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есепке алу және қаржы есептемесi жүйесiн реттеп, есеп жүргiзудiң негiзгi қағидаттары мен жалпы ережелерiн, iшкi бақылау және сыртқы аудит

жөнiнде субъектiлерге қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк
құқықтық актiлер мыналарды қамтиды:
     бухгалтерлiк есепке алу туралы Жарлық;
     бухгалтерлiк есепке алудың стандарттары;
     оларға берiлген әдiстемелiк ұсынбалар, нұсқаулықтар;
     субъектiнiң есеп жүргiзу саясаты.
     2. Есеп жүргiзу саясаты - бұл бухгалтерлiк есепке алу және қаржы
есептемесiн ашу үшiн олардың қағидаттары мен негiздерiне сәйкес
субъектiнiң* басшысы қабылдайтын әдiстердiң жиынтығы.
     Ескерту: 
<*>
 - "Субъектiлер" терминi "Бухгалтерлiк есепке алу
                    туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                    26.12.95 ж. Заң күшi бар N 2732 Жарлығының
                    1-бабының 1-тармағында айқындалған.
     3. Осы стандарт:
     есеп жүргiзу саясатын қалыптастыру бөлiгiнде - меншiк нысандарына
қарамастан субъектiлерге;


      есеп жүргiзу саясатын ашып көрсету бөлiгiнде өздерiнiң қаржы есептемесiн заңдарға, құрылтай құжаттарына сәйкес, болмаса өз бастамашылығы бойынша жариялайтын субъектiлерге қолданылады.

      Есеп жүргiзу саясатын қалыптастыру
      4. Есеп жүргiзу саясатын қалыптастыру және пайдалану кезiнде есеп жүргiзудiң мынадай қағидаттарын ұстану керек:
      1) Есептеу
      Кiрiстер мен шығыстар бухгалтерлiк есепте қабылданады және олардың түсуiне немесе пайда болуына қарай (ақша қаражатының алынуы немесе төленуi негiзiнде емес) қаржы есептерiнде көрсетiледi.
      2) Толассыз қызмет
      Субъект толассыз жұмыс iстейтiн, яғни таяу болашақта жұмыс iстей беретiн субъект ретiнде қарастырылады. Оның қызметiн тоқтату немесе оның көлемiн едәуiр мөлшерде қысқарту пиғылы да, оның қажеттiгi де жоқ деп болжам жасалады.
      3) Түсiнiктiлiк
      Қаржы есептерiнде берiлiп отырған ақпарат оны пайдаланушыларға түсiнiктi болуы тиiс.
      4) Мәндiлiк
      Қаржы ақпараты оны пайдаланушылар шешiмдер қабылдау барысында олардың қажеттерiн қанағаттандыру үшiн елеулi болуы және шаруашылық қызметiнiң оқиғаларына баға беруде оларға көмектесуi тиiс.
      5) Маңыздылық
      Есеп жүргiзу саясаты, егер маңызды ақпараттың ескерiлмеуi немесе дұрыс көрсетiлмеуi қаржы есептемесiн пайдаланушылардың экономикалық шешiмдерiне ықпал етуi мүмкiн болса, оны қаржы есептерiнде ашып көрсетуге бағытталуы тиiс.
      6) Сенiмдiлiк
      Ақпаратта елеулi қате немесе бұрмалау болмаса және пайдаланушылар оған сенiмдi болса, ол сенiмдi болып табылады.
      7) Бейтараптық
      Қаржы есептемесiнде берiлiп отырған ақпарат сенiмдi болуы үшiн бұрмалаудан аулақ болуы тиiс.
      8) Сақтық
      Активтер мен табыстың асыра бағаланбауы, ал мiндеттемелер мен шығындардың жете бағаланбауы үшiн белгiсiздiк жағдайында баға беру үшiн қажеттi шешiмдер қабылдау кезiнде сақ болған жөн.
      9) Тиянақтылық
      Сенiмдiлiктi қамтамасыз ету мақсатында қаржы есептерiндегi ақпарат толық болуы тиiс.
      10) Салыстырмалылық
      Қаржы ақпараты пайдалы әрi мазмұнды болуы үшiн ол бiр есептi кезеңнен екiншiсiне салыстырмалы болуы тиiс, оны пайдаланушылар қаржы есептемесiн әзiрлеу кезiнде пайдаланатын есеп жүргiзу саясаты, осы саясаттағы барлық өзгерiстер және осы өзгерiстердiң нәтижелерi туралы хабардар болуы тиiс.
      11) Дәйектiлiк
      Субъект таңдап алған есеп жүргiзу саясатын ол бiр есеп беру кезеңiнен екiншiсiне дейiн дәйектi түрде қолданады.
      12) Әдiлеттi әрi тура көрiнiс
      Қаржы есептерi оны пайдаланушыларға субъектiнiң қаржы жағдайы, қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi, ақша қаражатының қозғалысы туралы әдiлеттi әрi тура көрiнiстi бейнелеуi тиiс.
      5. Шаруашылық операцияларын, активтердi, меншiктi капиталды, мiндеттемелердi, қызмет нәтижелерiн және басқаларын көрсетудiң балама тәсiлдерiн терiске шығармайтын бухгалтерлiк есепке алудың стандарттары есеп жүргiзу саясатын қалыптастырудың базасы болып табылады.
      6. Есеп жүргiзу саясатын қалыптастыру әр стандартта ұсынылатын тәсiлдердiң бiрiн таңдаумен, субъект қызметiнiң жағдайларын басшылыққа ала отырып оларды негiздеумен және бухгалтерлiк есеп жүргiзу және қаржы есептемесiн тапсыру үшiн оларды негiз ретiнде қабылдаумен тұжырымдалады.
      7. Есеп жүргiзу саясатын қалыптастыру маңызды да жауапты рәсiм болып табылады, ол қаржы есептемелерiн дайындауға және тапсыруға ықпал етедi. Есеп жүргiзу саясатын қалыптастыру үшiн жауапкершiлiк субъект басшысына жүктеледi.

      Ашылымы
      8. Есеп жүргiзу саясатының ашып көрсетiлуi - бұл субъект есептi кезеңде қолданған және оның қаржы есептемелерiнде көрсетiлген қаржы жағдайы мен қызмет нәтижелерiне әсер еткен аспектiлерiн сипаттау процесi.
      9. Есеп жүргiзу саясаты қаржы есептерiне берiлетiн түсiнiктеме жазбахатта бiрiншi болып ашып көрсетiлуге тиiс.
      10. Есеп жүргiзу саясатын ашып көрсету кезiнде қаржы есептерiнiң сыртқы пайдаланушылары үшiн ашылатын ақпараттың маңыздылығы шарттарын басшылыққа алу қажет.
      11. Егер есеп беру кезеңiнде есеп жүргiзу саясатында өзгерiстер болса, оларды себептерiн көрсете отырып ашу қажет. Ал егер бұл өзгерiстер елеулi қаржы және материалдық зардаптарға душар етсе, онда ашып көрсету кезiнде осындай өзгерiстердiң зардаптарына баға беру қажет.
     Күшiне ену мерзiмi


      12. Бухгалтерлiк есепке алудың осы стандарты 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
                                    Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3 қаулысымен бекiтiлдi


             Бухгалтерлiк есепке алудың 2 стандарты
          Бухгалтерлiк баланс және қаржы есептерiндегi
                      негiзгi ашылымдар

      Мақсаты және қолданылу өрiсi
      1. Қаржы есептемесi бухгалтерлiк баланстан, қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есептен, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептен, оларға берiлген түсiнiктеме жазбахаттан және басқа да қосымша ақпараттан, кестелер мен диаграммалардан тұрады.
      2. Қаржы есептемесiнiң мақсаты пайдаланушыларды ұйымның* қаржы жағдайы, оның қызметi және есептi кезеңдегi оның қаржы жағдайындағы өзгерiстер туралы пайдалы, маңызды және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Стандарт қаржы есептерiндегi активтердiң, меншiктi капитал мен мiндеттемелердiң мәнiсi мен көрсетiлуiн айқындайды да, оларға баға берудiң негiзiн қарастырмайды. Стандарт қаржы есептемелерiн тапсыру кезiнде ашылуға тиiстi ақпаратқа қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл талаптар бухгалтерлiк есептiк өзiндiк ерекшелiктерi бар мәселелерiн қамтитын бухгалтерлiк есептiк басқа стандарттарына енгiзiлген ашылымдарға қойылатын талаптарға сәйкес толықтырылуы мүмкiн.
      4. Қаржы есептерiнiң ашылымы пайдаланушыларға өздерiнiң көрсеткiштерiн дұрыс бағалап, негiзделген экономикалық шешiмдер қабылдау үшiн қажет.
      5. Министрлiктер мен ведомстволар Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясымен келiсiм бойынша өз жүйесiнiң заңды тұлғалары үшiн үлгi нысандарға қосымша қаржы есептерiнiң мамандандырылған нысандарын белгiлей алады.
      6. Заңды тұлғалар (Банктер мен бюджеттiк мекемелерден басқалары) қаржы есебiн әзiрлеу және ашу кезiнде осы стандарттың талаптарын орындауы тиiс.

      Қаржы есептерiнде ашылатын ортақ ақпарат
      7. Барлық маңызды ақпарат қаржы есептерi пайдаланушылар үшiн анық, түсiнiктi болатындай етiп ашылуға тиiс. Қажет болған жағдайда түсiнiктеме жазбахатта қаржы есептерiнде келтiрiлген баптардың жүктемесi мен ақша сомалары олардың мән-мағынасын түсiндiретiн басқа ақпаратпен толықтырылуға тиiс.
      8. Есептерде заңды тұлғаның атауы, орналасқан жер, есептi мерзiм

мен есептi кезең көрсетiлуi тиiс. Сондай-ақ: ұйымның қызмет түрiнiң
қысқаша сипаттамасы, оның сан жүзiндегi нысаны және қаржы есептерi
берiлiп отырған өлшем бiрлiгi келтiрiлуi керек.
     9. Қаржы есептерiнде осының алдындағы кезеңнiң тиiстi деректерi
келтiрiлуi тиiс.
     Ашылымы
     Жалпы бөлiм
     10. Түсiнiктеме жазбахатта мынадай ақпаратты ашып көрсету қажет:
     1) активтердi иелену құқығындағы шектеулер;
     2) мiндеттемеге берiлген кепiлдiктер;
     3) активтер мен мiндеттемелер;
     4) зейнеткерлiк қамсыздандыру сызбалары;
     5) болашақ ұзақ мерзiмдi инвестицияларды қаржыландыруға арналған
қаражат.


      11. Баланстың ағымдағы активi мен ағымдағы мiндеттемелерiнiң баптары арасында өзара есепке алуларға жол берiлмейдi. Баланстың жекелеген баптары басқа баптарға қосылуға немесе қосымша нұсқауларсыз тоқтатылуға тиiс емес.
      12. Ағымдағы активтер мен мiндеттемелердi баланста айқындау және

олардың жиынтық сомаларын ашып көрсету заңды тұлғаның қаржы жағдайына
талдау жасау кезiнде қаржы есептемелерiн пайдаланушыларға
көмектесетiн анықтама бередi.
     13. Ұзақ мерзiмдi, ағымдағы активтердiң, меншiктi капиталдың,
ұзақ мерзiмдi және ағымдағы мiндеттемелердiң жиынтық сомасы
бухгалтерлiк баланста ашылуы тиiс.
     Ұзақ мерзiмдi активтер
     14. Негiзгi құрал-жабдықтар.
     Мынадай баптар ашып көрсетiлуi тиiс:
     жер;
     үй-жайлар мен ғимараттар;
     машиналар мен жабдықтар;
     сыныптамаға сәйкес негiзгi құрал-жабдықтардың басқа түрлерi;
     қордаланған тозым;
     аяқталмаған күрделi құрылыс.
     Түсiнiктеме жазбахатта олардың iшiнде ұзақ мерзiмге жалға
алынған негiзгi құрал-жабдықтар және қарызға алынған негiзгi
құрал-жабдықтар ашып көрсетiлуi тиiс.
     15. Ұзақ мерзiмдi активтердiң мынадай баптары жеке ашып
көрсетiлуi тиiс:
     1) есептi кезеңдегi әдiсi, амортизациясымен есептен шығару
кезеңi көрсетiлген мынадай материалдық емес активтер:
     гудвилл;
     патенттер, тауар белгiлерi және басқалары.
     2) ұзақ мерзiмдi инвестициялар:
     еншiлес серiктестiктерге бөлiнген инвестициялар;
     бағынышты заңды тұлғаларға инвестициялар;
     ағымдағы құны көрсетiлген өзге де инвестициялар;
     егер бұл олардың баланстық құнынан өзгеше болса.
     3) ұзақ мерзiмдi дебиторлық қарыз:
     - алуға берiлген шоттар;
     - алуға берiлген вексельдер;
     - негiзгi шаруашылық серiктестiк пен оның еншiлес серiктестiгi
арасындағы iшкi топтық операциялардың нәтижесiнде туындаған
дебиторлық қарыз;
     - акционерлiк қоғамның лауазымды адамдарының дебиторлық қарызы;
     - өзге де дебиторлық қарыз.
     4) болашақ кезеңдердiң шығындары.
     Ағымдағы активтер
     16. Ағымдағы активтер ашып көрсетiлуге тиiс мынадай баптарды
қамтиды:
     1) өздерiнiң өңделу және өткiзiлу мерзiмiне қарамастан
тауар-материалдық қорлар;
     2) есеп берiлген уақыттан кейiн бiр жыл iшiнде есептен шығарылуы
мүмкiн болашақ кезеңдердiң шығындары;


      3) ақша қаражаты. Пайдаланылуына шектеу қойылған ақша қаражаты,

егер оларға қойылған шектеулер бiр жыл iшiнде алынатын болса,
ағымдағы активтерге қосылады;
     4) ағымдағы құны көрсетiлген қысқа мерзiмдi қаржы
инвестициялары, егер бұл олардың баланстық құнынан өзгеше болса;
     5) есеп берiлген уақыттан кейiн бiр жыл iшiнде алынатын
дебиторлық қарыз:
     ағымдағы активтердi сатып алу үшiн төленетiн аванс төлемдерi;
     алуға берiлген шоттар;
     алуға берiлген вексельдер;
     негiзгi шаруашылық серiктестiк пен оның еншiлес серiктестiгi
арасында iшкi топтық операциялардың нәтижесiнде туындаған дебиторлық
қарыз;
     акционерлiк қоғамның лауазымды адамдарының дебиторлық қарызы;
     өзге де дебиторлық қарыз.
     Егер бiр жыл iшiнде алынбайтын сома ашып көрсетiлсе, дебиторлық
қарыз ағымдағы активтерге толық қосылуы мүмкiн.
     Меншiктi капитал
     17. Жарғылық капитал


      Түсiнiктеме жазбахатта есептi кезеңдегi заңды тұлғаның жарғылық

капиталында болған өзгерiстер туралы ақпаратты ашып көрсету қажет.
     Акционерлiк қоғамдарда акциялардың әрбiр түрi бойынша мынадай
мәлiметтер ашып көрсетiлуi тиiс:
     хабарланған, шығарылған және айналымда жүрген акциялардың саны
мен сомасы (хабарланған, жазылу жүргiзiлген және құны төленген
капитал);
     құны төленбеген капитал;
     акциялардың номиналдық және ағымдағы құны;
     олардың иелерiнiң құқықтары, дивидендтердi бөлу және мүлiктiң бiр
бөлiгiн төлеу шарттары;
     артықшылығы бар акциялар бойынша төленбеген дивидендтер;
     заңды тұлғалар сатып алған меншiктi акциялар (капиталды күшпен
алу);
     опциондар бойынша болашақта шығару үшiн хабарланған және есептi
кезеңде опциондар бойынша шығарылып, олардың шығарылу шарттары мен
сомалары көрсетiлген акциялар.
     18. Есептi кезең iшiндегi қозғалысы және оларды пайдалану
жөнiндегi шектеулер көрсетiлген өзге де капиталдың мынадай баптары
бөлек ашып көрсетiлуi тиiс:
     акциялар бойынша сыйақылар;
     мыналарды:
     негiзгi құрал-жабдықтарды;
     қаржы инвестицияларын қайталап бағалау сомасы;
     резервтiк капитал;
     бөлiнбеген табыс (жабылмаған шығын).
     Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер


      19. Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердi ашып көрсету кезiнде баланстың

мынадай баптары (бiр жыл iшiнде өтелетiн бөлiгiн есепке алмағанда)
жеке-жеке ашып көрсетiлуi тиiс:
     1) қамтамасыз етiлген кредиттер;
     2) қамтамасыз етiлмеген кредиттер;
     3) негiзгi шаруашылық серiктестiк пен оның еншiлес
серiктестiгiнiң бiр-бiрiне беретiн кредиттерi;
     4) кейiнге қалдырылған салықтар.
     Түсiнiктеме жазбахатта проценттiк ставкалар, кредиттердi өтеу
мерзiмдерi, төлемдердiң кезектiлiгi және кредиттiк келiсiмдер мен
займ беру шарттарынан туындайтын басқа да ерекшелiктер ашып
көрсетiлуi тиiс.
     Ағымдағы мiндеттемелер
     20. Ағымдағы мiндеттемелердiң, соның iшiнде кредиторлардың талап
етуі бойынша төленуге тиiстi мiндеттемелердiң және есептi мерзiмнен
кейiн бiр жыл iшiнде өтелуге тиiстi ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердiң
бiр бөлiгiнiң мынадай баптары ашып көрсетiлуi тиiс:
     1) қысқа мерзiмдi кредиттер;
     2) ұзақ мерзiмдi кредиттердiң ағымдағы белгiсi, егер ол
20-тармаққа сәйкес алынып тасталмаса;
     3) кредиторлық қарыз:
     төленуге тиiстi шоттар мен вексельдер;
     сатып алушылар мен тапсырыс берушiлерден алынған аванстар;
     салықтар бойынша қарыз;
     төленетiн дивидендтер;
     негiзгi шаруашылық серiктестiк пен оның еншiлес серiктестiгi
арасындағы қарыз;
     акционерлiк қоғамның лауазымды адамдарына берешек қарыз;
     өзге де кредиторлық қарыз.
     4) төлеуге тиiстi есептелген шығындар;
     5) болашақ кезеңдердiң табыстары;
     6) күтпеген жағдайлар бойынша есептелген төлемдер.
     21. Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердiң ағымдағы бөлiгi, егер заңды
тұлға кредиттiк шартқа сәйкес мiндеттеменi ұзақ мерзiмдi негiзде
қайта қаржыландыруға ұйғарса, ағымдағы мiндеттемелерден шығарып
тасталады. Бұл жағдайда мiндеттемелердiң сомасы мен қайта
қаржыландыру мерзiмдерi ашып көрсетiлуi тиiс.
     Күшiне ену мерзiмi
     22. Осы Бухгалтерлiк есепке алу стандарты 1997 жылғы 1 қаңтардан
бастап күшiне енедi.


                                    Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3 қаулысымен бекiтiлдi


               Бухгалтерлiк есепке алудың 3 стандарты
         Қаржы шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есеп

      Мақсаты мен қолданылу өрiсi
      1. Бұл стандарт қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есеп баптарын жiктеу мен есепке алудың тәртiбiн заңды тұлғалардың (банктер мен бюджеттiк мекемелерден басқа) ретiмен әзiрлеп, есеп беруi мақсатында айқындайды. Бұл заңды тұлғаның әртүрлi есептiк кезеңдердегi қаржы есептемелерiн түрлi заңды тұлғаның қаржы есептемелерiмен салыстыруды қамтамасыз етедi.
      2. Стандарт сондай-ақ әдеттегi қызметтен алынған табыс пен шығындардың, төтенше жағдайлардан, тоқтатылған операциялардан болған табыс пен залалдың әртүрлi баптарын, есептiк бағалаулардағы, есеп жүргiзу саясатындағы өзгерiстердi есепке алу және қаржы есептерiндегi елеулi қателiктердi түзету кезiнде ашып көрсету тәртiбiн айқындайды.

      Айқындамалар
      3. Төтенше жағдайлар - заңды тұлғаның әдеттегi қызметiнен өзгеше оқиғалар немесе операциялар. Мұндай оқиғалар мен операциялар жиi немесе жүйелi түрде қайталанбайды деп болжам жасалады.
      4. Елеулi қателiктер - есептi кезеңде байқалған, өткен

кезеңдердiң қателiктерi, олардың маңыздылығы соншалық, өткен
кезеңдердiң қаржы есептерi олар жасалған уақытқа қатысты дұрыс деп
есептелмейдi.
     5. Тоқтатылған операция - заңды тұлға қызметiнiң жеке бiр бағыты
болып табылатын филиалды сату немесе тарату.
     Ашылымы
     6. Қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есепте мынадай
ақпаратты ашып көрсету қажет:
     1) өнiмдердi (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден алынған табыс;
     2) өткiзiлген өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құны;
     3) жалпы табыс;
     4) есептi кезеңнiң шығындары:
     жалпы және әкiмшiлiк шығындар;
     өткiзуге жұмсалған шығындар;
     5) негiзгi қызметтен алынған табыс (келген залал);
     6) негiзгi емес қызметтен алынған табыс (келген залал);
     7) әдеттегi қызметтен алынған салық салуға дейiнгi табыс (келген
залал);
     8) табыс салығы бойынша шығындар;
     9) әдеттегi қызметтен алынған салық салудан кейiнгi табыс
(келген залал);
     10) төтенше жағдайлардан алынған табыс (келген залал);
     11) таза табыс (залал).
     Есептi кезеңдегi таза табыс немесе залал


      7. Есептi кезең iшiнде танылған табыс пен шығынның барлық баптары, егер бухгалтерлiк есепке алудың стандарты өзгеше қарастыруды көздемейтiн болса, есептi кезеңнiң таза табысы мен залалын айқындау кезiнде енгiзiледi.
      8. Есептi кезеңдегi таза табыс немесе залал әрқайсысы қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есепте ашып көрсетiлуге тиiс мынадай бөлiмдерге сүйене отырып айқындалады:
      1) әдеттегi қызметтен алынған табыс немесе келген залал;
      2) төтенше жағдайлардан алынған табыс немесе келген залал.

      Төтенше жағдайлар
      9. Төтенше жағдайлардан алынған табыс немесе келген залал қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есепте бөлек көрсетiлуге тиiс. Әрбiр төтенше жағдайдың мәнiсi мен сомасын түсiнiктеме жазбахатта ашып көрсету қажет.

      Әдеттегi қызметтен алынған табыс немесе келген залал
      10. Егер әдеттегi қызметтен алынған табыс пен келген залал баптары белгiлi бiр көлемге жетсе және операциялардың маңызды мәнiне ие болса, заңды тұлғаның есептi кезеңдегi қызмет нәтижелерiн түсiндiру үшiн олардың ашылуы қажет. Мұндай баптардың мәнiсiн де, сомасын да ашып көрсету қажет.

      Тоқтатылған операциялар
      11. Тоқтатылған операциялардың нәтижелерi әдеттегi қызметтен алынған табысты немесе келген залалды айқындау кезiнде енгiзiледi, операциялар заңды тұлғаның әдеттегi қызметiнен өзгеше оқиғалардың салдарынан тоқтатылған және бұл оқиғалар қайталанады деп күтiлмейтiн жағдайлар бұған қосылмайды. Мұндай жағдайда тоқтатылған операциялардан алынған табыс немесе келген залал төтенше жағдайлардан болған табыс немесе залал ретiнде қарастырылады.
      12. Әрбiр тоқтатылған операция бойынша:
      1) тоқтатылған операция мәнiсi;
      2) қаржы есептемесiн әзiрлеу мақсатында құрамына операция енгiзiлетiн салалық құрылымдар мен жағрапиялық аудандар;
      3) есепке алу мақсатында операцияның нақты тоқтатылу уақыты;
      4) тоқтатылу тәсiлi (сату, тарату және т.б.);
      5) тоқтатылған операциядан алынған табыс немесе келген залал және табысты немесе залалды өлшеу үшiн қолданылатын есеп жүргiзу саясаты;
      6) өткiзiлген өнiмнен (жұмыстардан, қызметтерден) алынған табыс, есептi кезеңде құрылымдық бөлiмшенiң әдеттегi қызметiнен алынған табыс немесе келген залал осының алдындағы әрбiр есептi кезеңдегi тиiстi сомаларымен бiрге ашып көрсетiлуi қажет.

      Есептiк бағалаулардағы өзгерiстер
      13. Есептiк бағалаулардағы өзгерiс нәтижесi:
      1) егер өзгерiс тек осы кезеңге әсер етсе, есептi кезеңде;
      2) өзгерiс болған есептi кезеңде және егер өзгерiс оларға да әсер ететiн болса келесi есептi кезеңдерде алынған таза табысты немесе келген залалды айқындау кезiнде есепке қосылады.
      14. Әртүрлi кезеңдегi қаржы есептерiн салыстыруды қамтамасыз ету мақсатында, бұдан бұрын бағалау үшiн қаржы шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есептiң қандай баптары пайдаланылса, есептiк бағалаулардағы өзгерiстер сол баптарға енгiзiледi.
      15. Есептi кезеңнiң немесе келесi есептi кезеңдердiң нәтижелерiне елеулi түрде ықпал ететiн есептiк бағалаулардағы өзгерiстердiң мәнiсi мен көлемi ашып көрсетiлуi тиiс. Егер өзгерiс нәтижесiн құн жағынан анықтау мүмкiн болмаса, мұны ашып көрсету қажет.

      Қателiктер мен елеулi қателiктер
      16. Осыдан бұрынғы кезеңдердiң қаржы есептерiн жасау кезiнде жiберiлген қателiктердi түзету сомасы есептi кезеңнiң табысына немесе залалына енгiзiледi.
      17. Осыдан бұрынғы кезеңдерге қатысты елеулi қателiктердi түзету сомасы:
      1) бөлiнбеген табыстың бастапқы сальдосын өзгерту арқылы есепте көрсетiледi;
      2) есептi кезеңнiң таза табысын немесе залалын айқындау кезiнде қосылады.
      Бөлiнбеген табыстың бастапқы сальдосын өзгерту арқылы елеулi қателiктердi түзету кезiнде (егер бұл мүмкiн болса, салыстырмалы мәлiметтер тиiсiнше түзетiледi) мыналарды:
      1) елеулi қателiктiң сипатын;
      2) есептi кезеңдегi және осыдан бұрынғы есеп берiлген әрбiр кезең үшiн түзету сомасын;
      3) салыстырмалы мәлiметтерге енгiзiлген кезеңдерден бұрынғы кезеңдерге қатысты түзету сомасын;
      4) қайта саналған салыстырмалы мәлiметтердi немесе оларды қайта санаудың мүмкiн болмау себептерiн ашып көрсету керек.
      Осыдан бұрынғы кезеңдердiң елеулi қателiктерiн есептi кезеңнiң нәтижелерiне қосу арқылы түзету кезiнде салыстырмалы мәлiмет осыдан бұрынғы кезеңнiң қаржы есептерiнде ол қалай көрсетiлсе, сол күйiнде берiледi. Алайда елеулi қателiк ол жол берiлген кезеңде қалай түзетiлуi мүмкiн болса, дәл солай түзетiлiп, есептi кезеңнiң және кез-келген осыдан бұрынғы кезеңнiң таза табысын немесе залалын көрсету үшiн қосымша ақпарат жекелеген кестелер түрiнде берiлуi мүмкiн. Бұл орайда заңды тұлға:
      1) елеулi қателiктiң сипатын;
      2) есептi кезеңнiң таза табысына немесе залалына қосылған түзету сомасын;
      3) қосымша мәлiметтер тапсырылған әрбiр кезеңге енгiзiлген түзету сомасы мен қосымша мәлiметтерге енгiзiлген кезеңдердiң алдындағы кезеңдерге қатысты түзету сомасын ашып көрсету керек. Қосымша мәлiметтердiң ашылымы мүмкiн болмайтын жағдайда, бұл оқиға ашып көрсетiлуге тиiс.

      Есеп жүргiзу саясатындағы өзгерiстер
      18. Есеп жүргiзу саясатын Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу жөнiндегi ұлттық комиссиясының талап етуi бойынша немесе мұндай өзгерiс қаржы есептерiнде барынша сенiмдi ақпараттар беруге жағдай жасайтын болса өзгертуге болады.
      19. Есеп жүргiзу саясатындағы өзгерiстердiң нәтижесiнде пайда болатын түзетулер сомасы:
      1) есепте бөлiнбеген табыстың бастапқы сальдосын өзгерту жолымен көрсетiледi;
      2) есептi кезеңнiң таза табысын немесе залалын айқындау кезiнде есепке алынады.
      20. Есеп жүргiзу саясатындағы өзгерiс есептi кезеңге және қаржы есептемелерiн тапсырудың бұрынғы кезеңiне елеулi түрде ықпал ететiн және келесi есептi кезеңдерге әсер етуi мүмкiн жағдайларда заңды тұлға түсiнiктеме жазбахатта мынадай ақпаратты:
      1) өзгерiс себептерiн;
      2) есептi кезеңдегi және есептеме тапсырылған әрбiр алдыңғы

кезеңдерiне енгiзiлген түзету сомасын;
     3) есептi кезеңнiң таза табысын немесе залалын анықтау кезiнде
есепке алынған түзету сомасын;
     4) салыстырмалы мәлiметтерге енгiзiлген есептi кезеңдердiң
алдындағы кезеңдердегi түзету сомасын;
     5) қосымша мәлiметтер берiлген әрбiр есептi кезеңге енгiзiлген
түзету сомасын және қаржы есептемесiне енгiзiлген кезеңдердiң алдындағы
кезеңдермен байланысты түзету сомасын ашып көрсету керек. Егер
қосымша мәлiметтер ұсыну мүмкiн болмаса, бұл жағдайда ашып көрсету
керек.
     6) қайта есептелген салыстырмалы мәлiметтердi немесе оларды
қайта есептеудiң қажет еместiгiнiң себептерiн ашып көрсетуi керек.
     Күшiне ену мерзiмi
     21. Бухгалтерлiк есепке алудың осы стандарты 1997 жылғы 1 қаңтардан 
бастап күшiне енедi.


                                    Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3 қаулысымен бекiтiлдi


              Бухгалтерлiк есепке алудың 4 стандарты
              Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп

      Мақсаты және қолданылу өрiсi
      1. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп пайдаланушыларды операциялық, инвестициялық және қаржы қызметi бойынша есептi кезеңдегi ақша қаражатының түсуi мен жұмсалуы туралы ақпаратпен қамтамасыз етiп, олардың заңды тұлғаның қаржы жағдайындағы өзгерiстердi бағалауына мүмкiндiк бередi.
      2. Заңды тұлғалар (банктер мен бюджеттiк мекемелерден басқасы)

ақша қаражатының қозғалысы туралы есептi осы стандарттың талаптарына
сәйкес жасайды және есептi кезеңдегi қаржы есептемесiнiң құрамында
тапсырады.
     Айқындамалар
     3. Ақша қаражаты - кассада және банктердегi шоттарда тұрған
қолма-қол бар ақша.
     4. Ақша қаражатының қозғалысы - ақша қаражатының түсуi мен
жұмсалуы.
     5. Операциялық қызмет - заңды тұлғаның табыс табу жөнiндегi
негiзгi қызмет пен инвестициялық және қаржы қызметiне қатысы жоқ өзге
де қызмет.
     6. Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзiмдi активтердi сатып алу
және сату.
     7. Қаржы қызметi - меншiктi капитал мен займ қаражатының мөлшерi
мен құрамындағы өзгерiс нәтижесi болып табылатын заңды тұлғаның
қызметi.
     Ашылымы


      8. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте операциялық, инвестициялық және қаржы қызметi бойынша есептi кезеңдегi мәлiметтер болуы тиiс. Заңды тұлға қызметiн түр-түрi бойынша жiктеу пайдаланушыларды заңды тұлға қызметi түрлерiнiң оның қаржы жағдайына ықпалын бағалауға мүмкiндiк беретiн ақпаратпен қамтамасыз етедi.

           Операциялық қызметтен түсетiн ақша қаражаты
                     қозғалысының ашылымы

      9. Заңды тұлғаның операциялық қызметiнен түсетiн ақша қаражатының қозғалысы мыналарды пайдалана отырып ашылады:
      1) тiкелей әдiс, ол бойынша ақша түсiмдерi мен төлемдерiнiң негiзгi түрлерi ашып көрсетiледi;
      2) жанама әдiс, ол бойынша таза табыс немесе залал ағымдағы активтер мен мiндеттемелердiң, ақшадан тыс операциялардың өзгерiстерiне, сондай-ақ инвестициялық және қаржы қызметiнiң нәтижесi болып табылатын табыстар мен залалдарға орай түзетiледi.

      Инвестициялық және қаржы қызметiнен алынатын ақша қаражаты
                    қозғалысының ашылымы

      10. Ақша қаражатының қозғалысы, келесi екi парада көрсетiлгендей нетто-негiзде ашып көрсетiле алатын белгiлi бiр жағдайлардан басқа кезде, заңды тұлға инвестициялық және қаржы қызметiнен алынатын жалпы ақша түсiмдерi мен төлемдерiнiң негiзгi түрлерiн жеке-жеке ашып көрсетедi.
      11. Ақша қаражатының қозғалысы заңды тұлғаның қызметiнен гөрi

клиенттердiң қызметiн көрсеткен жағдайда клиенттердiң атынан ақша
түсiмдерi мен төлемдерi нетто-негiзде ашып көрсетiлуi мүмкiн, мысалы:
     1) инвестициялық ұйымдар өз клиенттерiнiң тапсыруы бойынша ұстап
отырған қорлар;
     2) меншiк иегерлерi атынан алынып, соларға берiлетiн жалдау ақы
төлемдерi.
     12. Нетто-негiзде сондай-ақ тез қайтып оралатын, iрi сомаларды
қамтитын және өтеу мерзiмдерi қысқа көздер бойынша ақша түсiмдерi мен
төлемдерi ашып көрсетiлуi мүмкiн, мысалы:
     1) инвестицияларды сатып алу және сату;
     2) қайтару мерзiмi үш айдан аспайтын өзге де қысқа мерзiмдi
займдар.
     Еншiлес және басқа да заңды тұлғаларды сатып алу және сату
     13. Еншiлес және басқа да заңды тұлғаларды сатып алу мен сатудан
түскен ақша қаражатының қозғалысы бөлек көрсетiлiп, мыналар ашып
көрсетiлетiн инвестициялық қызмет ретiнде сыныпталады:
     1) сатып алу мен сатудың жалпы құны;
     2) ақша қаражатымен төленген сатып алудың немесе сатудың жалпы
құнының бiр бөлiгi;
     3) сатып алынған немесе сатылған заңды тұлғаға тиесiлi ақша
қаражатының сомасы;
     4) әрбiр негiзгi санат бойынша ақша қаражатынан өзгеше, сатып
алынған немесе сатылған активтер мен мiндеттемелердiң сомасы.
     Шетелдiк валютадағы ақша қаражатының қозғалысы
     14. Шетелдiк валютамен жасалатын операциялардан алынған ақша
қаражатының қозғалысы операция жасалған күнге Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкi белгiлейтiн айырбас бағамы қолданылып,
Қазақстан Республикасының валютасымен көрсетiледi.
     Төтенше жағдайлар
     15. Төтенше жағдайлардан алынатын ақша қаражатының қозғалысы
операциялық, инвестициялық және қаржы қызметiнен алынғандай болып осы
жағдайлардың сипатына қарай сыныпталады және жеке ашып көрсетiледi.
     Проценттер мен дивидендтер
     16. Алынған және төленген проценттер мен дивидендтерден түсетiн
ақша қаражатының қозғалысын жеке ашып көрсетiп, операциялық,
инвестициялық және қаржы қызметiнен алынатын ақша қаражатының
қозғалысы ретiнде, бiр есептi кезеңнен екiншiсiне дейiн дәйектi түрде
сыныптау керек.
     Табыс салығы
     17. Егер табыс салығын төлеу нәтижесiнде пайда болатын ақша
қаражатының айналымы қаржы және инвестициялық қызметтiң нәтижесi
ретiнде айқындалмайтын болса, ол жеке ашып көрсетiлiп, операциялық
қызметтiң алынатын ақша қаражатының қозғалысы ретiнде жүктелуге тиiс.
     Ақшадан тыс операциялар
     18. Ақша қаражатын пайдалануды қажет етпейтiн инвестициялық және
қаржы қызметi түсiндiрме жазбахатта жеке ашып көрсетiледi және ақша
қаражатының қозғалысы туралы есепке қосылмайды.
     Ақша қаражатының қалдықтарын пайдалану жөнiндегi шектеулер
     19. Заңды тұлға ақша қаражатының қалдықтарын пайдалану жөнiндегi
кез-келген шектеулердi ашып көрсетуi тиiс.
     Күшiне ену мерзiмi
     20. Осы бухгалтерлiк есепке алу стандарты 1997 жылғы 1 қаңтардан
бастап күшiне енедi.


                                    Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3 қаулысымен бекiтiлдi


                Бухгалтерлiк есепке алудың 5 стандарты
                               Табыс

      Мақсаты мен қолданылу өрiсi
      1. Осы стандарттың мақсаты субъект* қызметiнiң нәтижесiнде алынатын табыстарды есепке алу тәртiбiн айқындау болып табылады, стандарт табысты тану шарттарын сипаттайды, оның көлемiн бағалауға мүмкiндiк бередi, қаржы есептемелерiнiң түсінiктеме жазбахатында табысты танудың маңызды аспектiлерiн ашып көрсетудiң негiзгi сәттерiн айқындайды.
      2. Стандарт тауар-материалдық қорларды (бұдан әрi - тауарлар) өткiзуден, қызметтер көрсетуден және субъектiге тиесiлi әрi процент, роялти мен дивидендтер әкелетiн активтердi пайдалануға беруден алынатын табыстарды есепке алу кезiнде қолданылады.
      3. Субъектiлер бұл стандартты бухгалтерлiк есепке алудың басқа

стандартының шарттары бойынша есепке алудың басқа әдiстемесi қажет
болатын немесе қолдануға рұқсат етiлетiн жағдайлардан басқа кездерде
табыстарды есепке алу кезiнде қолданады.
     4. Осы стандарттың қолданылу өрiсiне қаржы активтерi мен
мiндеттемелерiн өткiзу құнындағы өзгерiстер немесе олардың шығып
қалуы нәтижесiнде туындайтын табыстар енбейдi.
     * - "Субъектiлер" терминi "Бухгалтерлiк есепке алу туралы"
         Қазақстан Республикасы Президентiнiң 26.12.95. ж. Заң 
         күшi бар N 2732 Жарлығының 1-бабының 1-тармағында 
         айқындалған.
     Айқындамалар
     5. Табыс - бұл есептi кезеңде активтердiң ұлғаюы немесе
мiндеттемелердiң азаюы.
     6. Субъектiнiң негiзгi және жанама қызметiнен алынған табыстар
оның жиынтық табысын құрайды.
     7. Өткiзу құны - актив айырбасталатын немесе мәмiледен хабардар
және оған дейiн тәуелсiз тараптар арасындағы мiндеттемеге төленетiн
құн.
     Табысты бағалау және тану
     8. Табыс алынған немесе алынуға тиiс өткiзу құны бойынша
бағаланады.
     9. Өткiзу құны субъектiнiң және активтi сатып алушының немесе
пайдаланушының арасындағы келiсiммен айқындалады.


      10. Бiрдей мәмiлелер немесе субъект қызметiндегi бiрдей оқиғалар

нәтижесiнде туындаған табыстар мен шығындар бiр мезгiлде танылады.
     11. Табыс мынадай шарттар қанағаттандырылған кезде:
     1) табыс сомасы барынша дұрыс бағаланған жағдайда;
     2) субъектiнiң мәмiлемен байланысты экономикалық пайдаларды алу
ықтималдылығы болғанда танылады.
     12. Ұқсас тауарлар мен қызметтердi айырбастау кезiнде мәмiле
бойынша табыс танылмайды. Ұқсас емес тауарлар мен қызметтердi
айырбастау кезiнде табыс алынған тауарлар мен қызметтердiң өткiзу
құны бойынша танылады және бағаланады. Егер алынған тауарлар мен
қызметтердiң өткiзу құны дұрыс бағаланбайтындай болса, табыс берiлген
тауарлардың немесе көрсетiлген қызметтердiң өткiзу құны мөлшерiнде
танылады.
     Тауарлар өткiзу
     13. Тауарлар өткiзуден алынған табыс 11 параның шарттары және
мына шарттар сақталған кезде:
     а) субъект сатып алушыға меншiк құқығын бергенде;
     б) мәмiле бойынша нақты жұмсалған немесе күтiлiп отырған шығындар
барынша дұрыс бағаланғанда танылады.
     14. Егер сатушы меншiк иесiнiң құқықтары мен мiндеттерiн
сақтайтын болса, мәмiле өткiзiлiм болып табылмайды және табыс
танылмайды.
     Қызметтер көрсетуден алынған табыс
     15. Қызметтер көрсетуден алынған табыс 11 параның шарттарын және
мына шарттарды орындаған жағдайларда:
     1) есеп беру мерзiмiне қарай мәмiленiң аяқталу кезеңi барынша
дұрыс айқындалатын;


      2) мәмiле жасау кезiнде жұмсалған шығындар және мәмiленi аяқтау үшiн қажет шығындар барынша дұрыс бағаланатын жағдайларда танылады.
      16. Субъект мәмiлеге қатысушы басқа тұлғалармен:
      1) талап ету күшi бар және тараптардың қызмет көрсетуiне және қызмет қабылдауына қатысты әрбiр тараптың құқықтары;
      2) көзделiп отырған өтемақы;
      3) ақы төлеу тәсiлдерi мен шарттары жөнiнде келiсiмге қол жеткеннен кейiн табысты барынша дұрыс бағалай алады.
      17. Мәмiленiң аяқталу кезеңiн айқындау кезiнде мәмiленiң

сипатына байланысты мына тәсiлдердiң бiрi пайдаланылады:
     1) белгiлi бiр мерзiмге жұмсалған шығындардың мәмiле бойынша
жалпы шығындарға проценттiк арақатынасы;
     2) белгiлi бiр уақытқа дейiн орындалған қызметтердiң мәмiле
бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң толық көлемiне проценттiк
арақатынасы;
     3) орындалатын жұмыстардың талдамасы.
     18. Табыстар аралық төлемдердiң және сатып алушыдан алынған
аванстардың негiзiнде танылмайды.
     19. Қызметтер көрсету жөнiндегi мәмiленiң нәтижесiн барынша
дұрыс бағалау мүмкiн болмаған кезде табыс өтелетiн жұмсалған шығындар
мөлшерiнде ғана танылады.
     20. Мәмiленiң нәтижесiн барынша дұрыс бағалау мүмкiн болмаған
және жұмсалған шығындардың өтелмейтiнi ықтимал болатын кезде табыс
танылмайды.
        Проценттер, роялти, дивидендтер түрiндегi табыстар
     21. Басқа субъектiлердiң активтердi пайдалануы мынадай
табыстарды қамтамасыз етедi:
     1) проценттер - субъектiге тиесiлi ақша қаражатын пайдаланғаны
үшiн төленетiн ақы;


      2) роялти - субъектiнiң ұзақ мерзiмдi активтерiн, мысалы,

патенттердi, сауда таңбаларын, авторлық құқықтарды, компьютерлiк
бағдарламаларды пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы;
     3) дивидендтер - акционерлердiң жарғылық капиталға қатысу
үлесiне қарай олардың арасында таза табысты бөлу.
     22. Проценттер, роялти мен дивидендтер түрiндегi табыс
11-параның шарттарын сақтаған жағдайда және мынадай негiзде танылады:
     1) процент активтен алынған нақты табысты ескеретiн уақытша
арақатынастың негiзiнде танылуға тиiс;
     2) роялти келiсiмнiң мазмұнына сәйкес есептеу әдiсi бойынша
танылуға тиiс;
     3) дивидендтер акционердiң оларды алуға құқығы анықталған кезде
танылуға тиiс.
     Табысты танудың ашылымы
     23. Қаржы есептемелерiн ұсыну кезiнде субъект түсiнiктеме
жазбахатта мыналарды:
     1) табысты тану үшiн қабылданған есеп жүргiзу саясатын:
     соның iшiнде қызметтер көрсету жөнiндегi мәмiленiң аяқталу
кезеңiн айқындау тәсiлдерiн;
     2) есептi кезең үшiн танылған табыстардың әрбiр маңызды түрiнiң
сомасын, соның iшiнде:
     тауарлар өткiзу;
     қызметтер көрсету;
     проценттер;
     роялти;
     дивидендтер нәтижесiнде туындайтын табыстарды, олардың iшiнде
тауарлар немесе қызметтер алмасу нәтижесiнде туындайтын, табыстардың
әрбiр маңызды түрiне енгiзiлген табыс сомасын ашып көрсетуге тиiс.
     Дебиторлық қарыз және оның ашылымы
     24. Дебиторлық қарыз тауарлар өткiзу және қызметтер көрсету
нәтижесiнде туындайтын алуға тиiстi шоттар мен вексельдер ретiнде
айқындалады. Дебиторлық қарыз сондай-ақ жал төлемдерiн, проценттердi
және есептi кезең үшiн есептелген алынатын басқа да сомаларды қамтиды.
     25. Субъект 8, 10-параларға сәйкес күдiктi қарыздардың сомасын
шығын ретiнде бағалайды және таниды.
     26. Субъект күдiктi қарыздар бойынша резерв шегерiп тасталған
дебиторлық қарызды және оны айқындау тәсiлдерiн ашып көрсетуге тиiс.
     Күшiне ену мерзiмi
     27. Осы бухгалтерлiк есепке алу стандарты 1997 жылғы 1 қаңтардан
бастап күшiне енедi.


                                    Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3 қаулысымен бекiтiлдi


               Бухгалтерлiк есепке алудың 6 стандарты
                  Негiзгi құралдарды есепке алу

      Мақсаты мен қолданылу өрiсi
      1. Осы стандарттың мақсаты меншiк, шаруашылық тұрғысынан иелену немесе жедел басқару құқығында субъектiге* тиесiлi негiзгi құралдарды есепке алудың әдiстемесiн айқындау болып табылады.
      2. Негiзгi құралдарды есепке алудағы басты мәселелер оларды тану сәтiн, бастапқы құнын, пайдалы жұмыс iстеу мерзiмiн, амортизация есептеу тәртiбiн және олардың шығып қалуынан алынған нәтижелердi айқындау болып табылады.
      3. Осы стандартты субъектiлер барлық негiзгi құралдарды, оның iшiнде ұзақ мерзiмге жалға алынған құралдарды есепке алу кезiнде қолданады, бұған бухгалтерлiк есепке алудың басқа стандартының шарттары бойынша негiзгi құралдарды есепке алудың басқа әдiстемесi қажет болатын немесе оны қолдануға рұқсат етiлетiн жағдайлар қосылмайды.

      Айқындамалар
      4. Негiзгi құралдар - бұл материалдық өндiрiс саласында да, өндiрiстiк емес салада да ұзақ уақыт бойы (бiр жылдан астам) қолданылып жүрген материалдық активтер.
      5. Бастапқы құн - бұл негiзгi құралдарды орнатуға немесе оларды сатып алуға нақты жұмсалған шығындардың, оның iшiнде төленбеген өтелiмсiз салықтар мен алымдардың құны, сондай-ақ жеткiзу, монтаждау, орнату, iске қосу жөнiндегi шығындар және активтi мақсатында пайдалану үшiн оны жұмыс жағдайына келтiруге тiкелей байланысты басқа да шығындар.
      6. Ағымдағы құн - бұл негiзгi құралдардың белгiлi бiр күнi қолданылып жүрген нарықтық баға бойынша алынған құны.
      7. Баланстық құн - бұл негiзгi құралдардың жинақталған амортизация сомасын шегерiп тастағандағы бастапқы немесе ағымдағы құны, актив есепке алуда және есептемеде сол бойынша көрсетiледi.
      8. Өткiзу құны - бұл жақсы хабарлар және мәмiле жасауға әзiр

тәуелсiз тараптардың арасындағы негiзгi құралдарды айырбастауға
болатын құн.
     9. Тарату құны - есептен шығару жөнiнде күтiлiп отырған
шығындарды шегерiп тастағанда пайдалы қызмет мерзiмiнiң аяқ шенiнде
негiзгi құралдарды тарату кезiнде пайда болатын қосалқы бөлшектердiң,
темiр сынықтардың, қалдықтардың болжамды құны.
     10. Тозым - бұл негiзгi құралдардың күш қуаты мен моральдық
сипаттамаларын жоғалту процесi.
     11. Амортизация - жұмыс iстеу мерзiмi бойынша активтiң
амортизацияланатын құнын әлсiн-әлсiн бөлу түрiндегi тозымның құнмен
көрсетiлуi.
     12. Пайдалы қызмет мерзiмi - бұл негiзгi құралдарды пайдаланудан
экономикалық пайда табу көзделiп отырған кезең.
     13. Нормативтiк қызмет мерзiмi - бұл субъект белгiленген
нормаларға сәйкес негiзгi құрал жабдықтарға тозым есептейтiн кезең.
     * - "Субъектiлер" терминi "Бухгалтерлiк есепке алу туралы"
         Қазақстан Республикасы Президентiнiң 26.12.1995 ж. Заң
         күшi бар N 2732 Жарлығының 1-бабының 1-тармағында
         айқындалған.
     Негiзгi құралдарды есепке алу
     Бастапқы бағалау
     14. Негiзгi құралдар ретiнде танылатын материалдық активтер
бастапқы құны бойынша бағаланады.
     15. Айырбас операцияларының нәтижесiнде алынған негiзгi
құрал-жабдықтардың құны алынған негiзгi құралдардың ағымдағы құны
бойынша өлшенедi, ол алынған (тапсырылған) ақша қаражаты сомасына
түзету енгiзе отырып берiлген активтердiң ағымдағы құнына тең болады.
     16. Қаржыландырылатын жал шартымен жалған алынған негiзгi
құралдардың құны "Жалға берудi есепке алу" 17-бухгалтерлiк стандартқа
сәйкес анықталады.
     Негiзгi құралдарды қайта бағалау
     17. Қайта бағалау нәтижесiнде негiзгi құралдар есеп жүргiзу мен
есептемеде ағымдағы құны бойынша көрсетiледi.
     18. Қайталап бағалау жүргiзiлген күнге есептелген негiзгi
құралдардың тозымы негiзгi құралдар құнының өзгеруiне тепе-тең
мөлшерде түзетiлiп отырады.
     19. Негiзгi құралдарды қайталап бағалау сомасы бухгалтерлiк
баланстың "Меншiктi капитал" тарауында көрсетiледi.
     20. Активтi пайдалану мөлшерiне қарай қайта бағалау сомасы
бөлiнбеген кiрiске ауыстырылады. Қайта бағалаудың бүкiл сомасы оның
есебiне қарамастан объектi шығып қалған сәтте ғана бөлiнбеген кiрiске
қосылады.
     Амортизация есептеу
     21. Амортизацияланатын құн бүкiл пайдалы қызмет мерзiмi немесе
нормативтiк қызмет мерзiмi бойына субъектiнiң шығындарына
аударылатын амортизациялық аударымдар түрiнде жүйелi түрде бөлiнiп
отырады.
     22. Амортизация есептеуде әртүрлi әдiстер қолданылады:
     1) құнын бiркелкi (төте) есептен шығару;
     2) құнын атқарылған жұмыстардың көлемiне тепе тең мөлшерде
есептен шығару (өндiрiстiк әдiс);
     3) жедел есептен шығару:
     қалдықты азайту;
     сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару (кумулятивтiк
әдiс).


      23. Негiзгi құралдардың әртүрлi түрлерiне амортизация есептеудiң әртүрлi әдiстерiн қолдануға болады. Бұл ретте негiзгi құралдардың бiр түрiне бiр ғана әдiс қолдану керек.
      24. Субъектiлер негiзгi құралдардың жай-күйiн жақсартатын және, демек, қызмет мерзiмiн ұзартатын бұдан былайғы шығындарды, сондай-ақ осы мерзiмдi қысқартатын технологиялық өзгерiстердi ескере отырып, негiзгi құрал-жабдықтардың пайдалы қызмет мерзiмiн қайта қарай алады.
      25. Амортизация есептеудiң таңдап алынған әдiсi есеп саясаты

арқылы айқындалып, бiр есеп беру кезеңiнен екiншiсiне дейiн дәйектi
түрде қолданылып отырады. Амортизация есептеу әдiсi өзгерген жағдайда
осы өзгерiстердi тудырған себептер ашып көрсетiлуi тиiс.
     Бұдан былайғы күрделi қаржы салымдары
     26. Негiзгi құралдарға бөлiнген бұдан былайғы күрделi қаржы
салымдары пайдалы қызмет ету мерзiмiнiң басында бағаланған
пайдаланудан түсетiн болашақ экономикалық пайданы арттырған жағдайда
бастапқы құнды арттырады. Бұдан кейiнгi барлық басқа шығындар олар
болған кездегi кезеңнiң шығысы ретiнде бағалануы керек.
     Өткiзу және өзге де есептен шығару
     27. Негiзгi құралдар субъектiнiң балансынан:
     1) жойылу;
     2) өткiзу;
     3) айырбастау;
     4) тегiн беру нәтижесiнде есептен шығарылады.
     28. Негiзгi құралдардың өткiзу құны мен баланстық құнының,
сондай-ақ оларды өткiзуге жұмсалған шығындардың арасындағы айырма
оларды өткiзуден немесе өзге де есептен шығарудан алынған табыс
немесе келген залал болып табылады.
     Түгендеу
     29. Негiзгi құралдардың нақты бар-жоғын анықтау және олардың
күтiп сақталуын бақылау мақсатында субъектiлер қолданылып жүрген
нормативтiк, құқықтық және өзге де актiлерге сәйкес негiзгi
құралдарды ауық-ауық түгендеп тұрады.
     Ашылым
     30. Қаржы есептемесi мынадай ақпаратты ашып көрсетуге тиiс:
     1) негiзгi құралдардың қозғалысын есепке ала отырып, олардың
әрбiр түрi бойынша есептi кезеңнiң бас кезiндегi және аяғындағы
бастапқы құны туралы:
     iске қосу;
     шығып қалу;
     бастапқы құндағы өзгерiстер, өзгерiстердiң себептерi;
     2) негiзгi құралдардың әрбiр түрi бойынша амортизация
есептегенде:
     амортизация есептеуде пайдаланылған әдiс;
     амортизацияланатын негiзгi құралдардың есептi кезеңнiң бас
кезiндегi және аяғындағы бастапқы немесе ағымдағы құны;
     есептi кезеңнiң бас кезiндегi және аяғындағы жинақталған
амортизация сомасы;
     3) қайта бағалау жүргiзген кезде:
     негiзгi құралдардың әрбiр түрiнiң есептi кезеңнiң бас кезiндегi
және аяғындағы құны;
     қайта бағалаудың негiздемесi мен кезеңдiгi;
     қайта бағалаудың жүргiзiлген күнi;
     қайталап бағалауды жүргiзу әдiсi;
     сараптау бағасын берушi.


      31. Бұған қоса қаржы есептемелерiн пайдаланушылар үшiн сондай-ақ есептi кезеңнiң аяғында мынадай ақпаратты ашып көрсету қажет:
      1) уақытша пайдаланылмай отырған негiзгi құралдардың бастапқы және ағымдағы құны;
      2) амортизация толық есептелген, бiрақ әлi де болса пайдаланылып отырған негiзгi құралдардың бастапқы немесе ағымдағы құны;
      3) мiндеттемелер үшiн кепiлдiк ретiнде аманатқа берiлген негiзгi құралдардың бар жоғы және олар жөнiнде меншiк құқығына қойылатын шектеулер;
      4) негiзгi құралдарды сатып алу жөнiнде өтелмеген мiндеттемелер;
      5) есептi кезеңнiң аяғындағы аяқталмаған құрылыстың құны;
      6) пайдаланудан шығып қалған, бiрақ оларды бұдан әрi өткiзу мақсатында негiзгi құралдардың жекелеген түрлерiнiң есептi кезеңнiң аяғындағы құны;
      7) негiзгi құрал-жабдықтарды қалпына келтiруге жұмсалған шығындарға байланысты есеп жүргiзу саясаты.
     Күшiне ену мерзiмi


      32. Осы бухгалтерлiк есепке алу стандарты 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
                                    Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3 қаулысымен бекiтiлдi


              Бухгалтерлiк есепке алудың 7 стандарты
               Тауар-материалдық қорларды есепке алу

      Мақсаты мен қолданылу өрiсi
      1. Осы стандарттың мақсаты тауар-материалдық қорларды есепке алу тәртiбiн айқындау болып табылады, оған мыналар кiредi;
      тауар-материалдық қорларды сыныптау және бағалау;
      тауар-материалдық қорларды өндiрумен байланысты және оның өндiрiстiк өзiндiк құнын құрайтын шығындарды есепке алу;
      2. Осы стандартты субъектiлер* тауар-материалдық қорлардың өзiндiк құнын есептеу негiзiнде дайындалған қаржы есептерiн жасау мен ашу кезiнде қолданады, оған мыналар қосылмайды:
      құрылыс мердiгерлерi бойынша аяқталмаған жұмыстар, оның iшiнде олармен байланысты қызмет көрсету бойынша келiсiм шарттар;
      қаржы қызметi мен құралдары;
      ауыл шаруашылық және орман өнiмдерi, минералды рудалар.

      Айқындамалар
      3. Тауар-материалдық қорлар дегенiмiз - бұл:
      1) өндiрiсте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтер атқаруға арналған шикiзат қоры, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар және құрастырмалы бұйымдар, құрылғылар мен бөлшектер, жанар май, өнiм салатын ыдыс және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, басқа да материалдар түрiндегi активтер;
      2) аяқталмаған өндiрiс, жұмыстар мен қызметтер атқару;
      3) субъектiнiң қызметi барысында сатуға арналған дайын өнiмдер, тауарлар.
      4. Тауар-материалдық қорларды өткiзудiң таза құны әдеттегi шаруашылық қызмет барысында болжанып отырған сату бағасынан оны сатуды ұйымдастыруға кеткен шығындарды алып тастағандағы мөлшерге тең болады.

      Тауар-материалдық қорлардың өлшемi
      5. Тауар-материалдық қорлар өзiндiк құн мен өткiзудiң таза құнының ең төменгi бағалануы бойынша бағалады. Өткiзудiң таза құны бұл тауар-материалдық қорлардың бүлiнуi немесе олардың iшiнара яки толық ескiруi, немесе олардың сату құны төмендеуi себептi өзiндiк құн қалпына келмейтiн кезде ғана пайдаланылады.

      Тауар-материалдық қорлардың өзiндiк құны
      6. Тауар-материалдық қорлардың өзiндiк құнына: қорларды сатып алуға кеткен шығындар, оны осы кезде орналасқан жерiне жеткiзуге және тиiстi жағдайға келтiруге байланысты көлiк дайындау шығындары, өнiмдi қайта өңдеуге (жұмыстар мен қызметтер атқаруға) кеткен шығындар кiредi.
      7. Тауар-материалдық қорларды сатып алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы, сырттан әкелуге салынған баж салығы, жабдықтаушы және делдал ұйымдарға төленген комиссиялық сыйақы, көлiк-дайындау шығындары және қорларды сатып алуға тiкелей байланысты басқа да шығындар кiредi.
      Сауда жеңiлдiктерi, артық төленген соманы қайтару және осыған ұқсас басқа түзетулер сатып алуға кеткен шығындарды анықтау кезiнде шегерiледi.
      8. Тауар-материалдық қорларды қайта өңдеуге (жұмыстарды, қызметтердi атқаруға) кеткен шығындарға өндiрiс процесiнде қолданылатын табиғи ресурстардың, шикiзаттардың, материалдардың, отынның, энергияның, еңбек ресурстарының, негiзгi құрал-жабдықтар амортизациясының құны, сондай-ақ өнiм (жұмыстар, қызметтер) өндiру

бiрлiгiмен тiкелей байланысты, өндiрiс технологиясының және
ұйымдастырудың шарты болып табылатын басқа да шығындар кiредi және
бұлар өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өндiрiстiк өзiндiк құны
болып танылады.
     9. Өнiм (жұмыстар, қызметтер) өндiруге кеткен шығындар
экономикалық маңызына сәйкес мынадай элементтер бойынша
топтастырылады:
     материалдық шығындар;
     еңбекақыға кеткен шығындар;
     сақтандыруға жасалған аударымдар;
     құрал-жабдықтардың тозуы;
     басқа шығындар.
     10. Өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өндiрiстiк өзiндiк
құнына кiрмейтiн шығындар өздерi болған есептi кезеңнiң шығындары
ретiнде танылады, мысалы:
     жалпы және әкiмшiлiк шығындар - бұл өндiрiстi (жұмыстарды,
қызметтердi) басқарумен және ұйымдастырумен байланысты шығындар;
     кредит үшiн проценттер төлеуге кеткен шығындар;
     тауар-материалдық қорларды өткiзу жөнiндегi шығындар.
     11. Тауар-материалдық қорларды есепке алу әдiсi өндiрiс
үлгiсiне, өнiм түрiне, оның күрделiлiгiне байланысты болады. Есепке
алудың негiзгi әдiстерi: нормативтiк, қайта бөлiнiстiк, тапсырыстық.
     Тауар-материалдық қорларды бағалау
     12. Тауар-материалдық қорлардың өзiндiк құнын бағалау мына
әдiстердiң бiрiмен жүргiзiледi:
     орташа алынған құн;
     ФИФО;
     ЛИФО;
     ерекше ұқсастыру.


      13. Тауар-материалдық қорлардың орташа алынған құны есептi кезеңнiң басында болған немесе осы кезең iшiнде сатып алынған немесе өндiрiлген осындай бiрлiктiң орташа құнын анықтау арқылы есептеледi.
      14. Тауар-материалдық қорларды ФИФО әдiсiмен бағалау кезiнде бiрiншi болып сатып алынған немесе өндiрiлген қорлардың құнын бiрiншi кезекте есептен шығару көзделедi.
      15. Тауар-материалдық қорларды ЛИФО әдiсiмен бағалау кезiнде соңынан сатып алынған немесе өндiрiлген қорлардың құнын бiрiншi кезекте есептен шығару көзделедi.
      16. Ерекше ұқсастыру әдiсi әдетте бiрiн-бiрi алмастырмайтын тауар-материалдық қорлар бiрлiгiнiң және арнаулы жобалар немесе тапсырыстар үшiн жасалған немесе соларға арналған тауарлардың яки қызметтердiң өзiндiк құнын есептеудi көздейдi.

      Шығынды мойындау
      17. Өткiзiлетiн тауар-материалдық қорлардың өзiндiк құны, оған байланысты табыс ретiнде танылғандықтан есептi мерзiмге дейiнгi шығын ретiнде танылады. Өткiзудiң таза құнының есептен шығарылған кез келген сомасы және барлық тауар материалдық қорлардың шығыны, есептен шығарылған немесе шығынға ұшыраған ретiнде, есептi мерзiм iшiндегi шығын ретiнде мойындалады. Таза өткiзу құнының өсуi нәтижесiнде бұрын есептен шығарылған тауар-материалдық қорлардың құнын қалпына келтiру сомасы есептi мерзiм iшiнде бағаның өсуiмен өткiзiлген тауар-материалдық қорлардың өзiндiк құны төмендеген болып танылады.

     Ашылым
     18. Қаржы есептемесiнде мыналарды:
     тауар-материалдық қорларды бағалау үшiн қабылданған есеп жүргiзу
саясатын;
     тауар-материалдық қорлар сыныптамасы бойынша баланстық құнның
таратылған жазбасын;
     тауар-материалдық қорларды өткiзудiң таза құнына дейiн елеулi
есептен шығаруды, себебiн сипаттай отырып:
     егер тауар-материалдық қорлардың өзiндiк құны ЛИФО әдiсi бойынша
анықталса, онда баланс бойынша тауар-материалдық қорлардың сомасы
мен ФИФО әдiсiн қолдану нәтижесiнде алынған соманың немесе өткiзудiң
орташа алынған және таза құнының ең азының арасындағы айырма ашылуға
тиiс;
     өткiзiлген тауар-материалдық қорлардың құнын;
     мiндеттеме үшiн кепiлдiк ретiнде салынған тауар-материалдық,
қорлардың есептi жылдың аяғындағы баланстық құнын, себептерiн
сипаттай отырып, ашып көрсету қажет.
     Күшiне ену мерзiмi
     19. Осы бухгалтерлiк есепке алу стандарты 1997 жылғы 1 қаңтардан
бастап күшiне енедi.


                                    Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3 қаулысымен бекiтiлдi


             Бухгалтерлiк есепке алудың 8 стандарты

               Қаржы инвестицияларын есепке алу
     Мақсаты мен қолданылу өрiсi
     1. Осы стандарттың мақсаты қаржы инвестицияларын есепке алу және
субъектiлердiң қаржы есептемелерiндегi инвестициялар туралы ақпаратты
ашып көрсету тәртiбiн айқындау болып табылады.
     2. Қаржы инвестицияларын есепке алу тәртiбi мына мәселелердi
қамтиды:
     1) қаржы инвестицияларын санаттарға сыныптау (қысқа мерзiмдi
және ұзақ мерзiмдi);
     2) қаржы инвестицияларының құнын анықтау және қаржы есептерiнде
көрсету;
     3) инвестицияларды санаттан санатқа аудару;
     4) қаржы инвестициялары құнының сөзсiз төмендеуi.
     3. Бұл стандарт мыналарды қарастырмайды:
     1) инвестициялардан алынған проценттер, роялти, дивидендтер және
жалақысы түрiндегi табыстарды тану негiздерi;
     2) еншiлес заңды тұлғаларға салынған инвестициялар;
     3) гудвилл, патенттер, сауда таңбалары және басқа да осындай
активтер;
     4) ұзақ мерзiмдi жалға беру;


      5) зейнетақымен қамтамасыз ету бағдарламаларына және қызметкерлердiң өмiрiн сақтандыру жөнiндегi субъектiлерге салынған инвестициялар.

      Айқындамалар
      4. Қаржы инвестициялары табыс табу (мәселен, проценттер, роялти, дивидендтер және жал ақысы), инвестицияланған капиталды арттыру немесе өзге де (мәселен, коммерциялық қатынастардың нәтижесiнде) пайда табу мақсатында субъект ие болып отырған актив.
      Қаржы инвестицияларына сондай-ақ пайдаланылмай тұрған жылжымайтын мүлiкке салынған инвестиция да жатады.
      5. Өткiзу құны - актив айырбасталатын немесе мәмiледен хабардар

және оны жасауға дайын тәуелсiз тараптар арасындағы мiндеттемеге
төленетiн құн.
     6. Ағымдағы құн - активтердiң белгiлi бiр уақытқа арналған,
қолданылып жүрген нарықтық баға бойынша құны.
     Жiктеу
     7. Қаржы инвестициялары иелену мерзiмiне қарай мынадай
санаттарға жiктеледi:
     1) қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары - иелену мерзiмi бiр
жылға дейiн;
     2) ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары - иелену мерзiмi бiр
жылдан артық.


      Жылжымайтын мүлiкке салынған инвестицияларға ие субъектiлер бұл инвестицияларды ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары ретiнде есепке алады.

      Бағалау
      8. Қаржы инвестицияларын сатып алу кезiнде олар сатып алу құны бойынша бағаланады, оның iшiне делдалдық сыйақы және банк қызметтерi үшiн сыйақылар сатып алуға тiкелей байланысты шығындар кiредi.
      9. Қаржы инвестицияларын оны сатып алған сәтке дейiнгi кезең үшiн есептелген проценттер, дивидендтер қосылған құны бойынша сатып алуды есепке алғанда ол сатып алушының сатушыға төлеген процентiнiң мөлшерiне азайтылған сатып алу құны бойынша көрсетiледi.
      10. Инвестицияның сатып алу құны мен оны бағалы қағаздармен өтеу (сатып алу кезiнде туындайтын жеңiлдiк немесе сыйақы) арасындағы айырманы инвестор оны иелену мерзiмi iшiнде өтейдi.
      11. Қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары бухгалтерлiк баланста:
      1) ағымдағы құны бойынша;
      2) сатып алу құны мен ағымдағы құнның ең төмен бағалануы бойынша

есепке алынады.
     Егер қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары сатып алу құны мен
ағымдағы құнның ең төмен бағалануы бойынша есепке алынса, баланстық
құн не бiрiккен қоржын негiзiнде тұтастай, немесе инвестиция түрлерi
бойынша, не жеке инвестиция негiзiнде айқындалады.
     12. Қысқа мерзiмдi қаржы инвестицияларының ағымдағы құнының
өзгеруiнен болған табыс немесе залал олар туындаған есептi кезеңде
танылады.
     13. Ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары бухгалтерлiк баланста:
     1) сатып алу құны бойынша;
     2) қайта бағалау есепке алынған құны бойынша;
     3) қоржын негiзiнде айқындалатын сатып алу құны мен ағымдағы
құнның ең төмен бағалануы бойынша есепке алынады.
     14. Ұзақ мерзiмдi қаржы инвестицияларын қайта бағалау үшiн:
     1) қайта бағалаудың қайталану жиiлiгiн айқындау;
     2) бiр тектi ұзақ мерзiмдi инвестицияларды бiр мезгiлде қайта
бағалау қажет.
     15. Ұзақ мерзiмдi қаржы инвестицияларын қосымша бағалау сомасы
меншiктi капиталды ұлғайтады.
     Инвестиция құны төмендеген кезде кемiту сол инвестицияны қосымша
бағалау сомасының есебiнен жүргiзiледi.
     Бiр инвестицияның қосымша бағалау сомасы жоқ болған (жетiспеген)
жағдайда оның құнының төмендеуi залалға жатады.
     Құны бұрын кемiтiлген инвестицияны қосымша бағалау сомасы нақ
сол инвестициядан болған залалды өтегеннен кейiн меншiктi капиталды
ұлғайтуға жатқызылады.
     16. Ұзақ мерзiмдi қаржы инвестицияларының құны сөзсiз төмендеген
жағдайда бұл инвестициялардың баланстық құны қайта қаралуы керек.
Құнның бұлайша төмендеуi әрбiр инвестиция үшiн бөлек айқындалып,
есепке алынады.
     Бұл ретте инвестицияланған субъектiдегi инвестор тәуекелiнiң
түрлерi және үлесiнiң көлемi ескерiледi.
         Қаржы инвестицияларының шығып қалуы және басқа
                      санатқа аударылуы


      17. Қаржы инвестициялары шығып қалған кезде сатудан алынған табыс пен баланстық құнның арасындағы шығындар (делдалдың немесе дилердiң қызметi) алып тасталған айырма табыс немесе шығын ретiнде танылады.
      Егер инвестиция бұрын қайта бағаланған немесе ағымдағы баға бойынша бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы қабылданған есеп саясатына сәйкес табысқа немесе бөлiнбеген табысқа жатады.
      18. Ұзақ мерзiмдi қаржы инвестицияларын қысқа мерзiмдi инвестициялар санатына ауыстыру:
      1) егер қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары сатып алу құны мен ағымдағы құнның ең төмен бағалануы бойынша есептелетiн болса, сатып алу құны мен баланстық құнның ең төмен бағалануы бойынша жүзеге асырылады.
      Егер инвестициялар бұрын қайта бағаланған болса, ауыстыру

кезiнде оларды қайта бағалаудан түскен сома есептен шығарылу керек.
     2) егер қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары ағымдағы баға
бойынша есептелетiн болса, онда баланстық құны бойынша жүзеге
асырылады.
     Осы инвестициялар бойынша бұдан бұрын жасалған қайта бағалаудың
сомасы табыс ретiнде танылады.
     19. Қысқа мерзiмдi қаржы инвестицияларын ұзақ мерзiмдi
инвестициялар санатына аудару:
     1) сатып алу құны мен ағымдағы құнның ең төмен бағалануы;
     2) егер олар осы құны бойынша бұрын көрсетiлген болса, ағымдағы
баға бойынша жүзеге асырылады.
           Қаржы инвестицияларымен жасалатын операциялардың
                     нәтижелерiн қалыптастыру
     20. Табысқа мыналар кiредi:


      1) инвестициялардан алынған табыстың мынадай түрлерi: ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары бойынша проценттер, роялти, дивидендтер және жал ақылары;
      қысқа мерзiмдi қаржы инвестицияларының шығып қалуынан болған қаржы нәтижелерi;
      ағымдағы құны бойынша есептелетiн қысқа мерзiмдi қаржы

инвестициялары бойынша өткiзiлмеген табыс пен залал;
     ағымдағы құнға дейiн төмендеу және қысқа мерзiмдi қаржы
инвестицияларын сатып алу құны мен ағымдағы құнның ең төмен бағалануы
бойынша көрсетуге қажеттi құнның керi өзгерiсi;
     2) 13-параға сәйкес ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары құнының
төмендеуi;
     3) ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары құнының сөзсiз төмендеуi;
     4) 15-параға сәйкес ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары шығып
қалған кезде туындайтын қаржы нәтижелерi.
     Ашылым
     21. Қаржы есептемелерiнде мыналарды ашып көрсету керек:
     1) мыналарды айқындаудағы есеп саясатын:
     қаржы инвестицияларының баланстық құнын;


      қайта бағаланған ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары шығып қалғаннан кейiнгi қайта бағалаудан түскен табысты;
      2) мыналар бойынша табысқа енгiзiлген елеулi сомаларды:
      ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi қаржы инвестициялары бойынша проценттер, роялти, дивидендтер және жалақылары;
      қысқа мерзiмдi қаржы инвестицияларының шығып қалуынан болған

табыс пен залал және осындай инвестициялар құнының төмендеуi;
     3) егер олар ағымдағы құны бойынша есепке алынбаған болса,
жылжымайтын мүлiкке салынған инвестицияның ағымдағы құнын;
     4) мыналарға:
     инвестицияларды өткiзуге;
     табыс салуға;
     оларды сатудан табыс алуға елеулi шектеулердi;
     5) есептi кезең iшiнде қайта бағалаудан алынған соманың
қозғалысын және мұндай қозғалыстың сипатын;
     6) қайта бағалау есепке алынған құны бойынша есепке алынатын
ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары бойынша:
     қайта бағалаудың қайталану жиiлiгiн;
     соңғы қайта бағалаудың мерзiмiн;
     қайта бағалаудың негiздемесiн ашып көрсету керек.
     Күшiне ену мерзiмi
     22. Осы бухгалтерлiк есепке алу стандарты 1997 жылғы 1 қаңтардан
бастап күшiне енедi.


                                    Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3 қаулысымен бекiтiлдi


              Бухгалтерлiк есепке алудың 9 стандарты
                 Шетелдiк валютадағы операцияларды
                         есепке алу

      Мақсаты мен қолданылу өрiсi
      1. Бұл стандарттың мақсаты субъект жасаған шетелдiк валютадағы операцияларды және субъектiнiң қаржы есептемесiндегi осы операциялармен байланысты ашылымдарды көрсету әдiстемесiн айқындау болып табылады.
      2. Стандарт мыналарды қарастырмайды:
      шетелдiк валютадағы операциялар және шетелдiк бөлiмшелердiң ақша қаражаты тасқынын айырбастау нәтижесiнде пайда болған ақша қаражаты тасқынын ақша қаражатының қозғалысы туралы есепке енгiзу;
      қызметiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жүзеге асыратын субъектi бөлiмшелерiнiң қаржы есептерiн субъектiнiң қаржы есептерiне енгiзу мақсатында оны бiр валютадан басқа валютаға аудару;
      3. Осы стандарт субъектiнiң қаржы есебiн Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен, яғни, қазақстандық теңгеден басқа валютаға аудару мақсатында оны қайта қарауды көздемейдi.

      Айқындамалар
      4. Бөлiмшелер - бұл субъектiнiң филиалдары, өкiлдiктерi, оның еншiлес және бағынышты заңды тұлғалары немесе бiрлескен кәсiпорындары, соның iшiнде шетелдiк, яғни Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қызмет атқаратын бөлiмшелер.
      5. Шетелдiк валюта - бұл қаржы есептемелерiн жасау кезiнде пайдаланылатын субъектiнiң есептiк валютасынан, яғни қазақстандық теңгеден өзгеше валюта.
      6. Бағам - бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлейтiн, екi ел валютасының қайта есептеуге арналған ара қатынасы.
      7. Бағамдық айырма - бұл бағам өзгерген кезде шетелдiк валюта бiрлiгiнiң бiрдей мөлшерiн бухгалтерлiк есепке алу мен қаржы есептемесiнде есептi валютамен көрсету нәтижесiнде туындайтын айырма.
      8. Есептi мерзiмнiң аяқталу кезiндегi бағам Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң есептi мерзiмнiң соңғы күнiне белгiлеген шетелдiк валютаға қатысты теңгенiң бағамы.
      9. Ақша баптары - бұл қолда бар ақша қаражатын, сондай-ақ белгiлi бiр сомада алуға немесе төленуге тиiс активтер мен мiндеттемелердi көрсететiн баптар.
      10. Ақша емес баптар - бұл қаржы есептерiнiң ақша баптары болып табылмайтын баптары. Негiзгi қаржы, материалдық емес активтер, тауар-материалдық қорлар, меншiктi капитал ақша емес баптардың мысалы болып табылады.
      11. Бiрлескен кәсiпорындарға, еншiлес және бағынышты заңды тұлғаларға нетто-инвестициялар - бұл осы бөлiмшелердiң таза активтерiндегi субъектiнiң үлесi.
      12. Хедж, хеджирлеу - субъектiнiң бағамдық айырмадан туындайтын ықтимал шығындардан өзiн сақтандыруға мүмкiндiк алатын, болуы мүмкiн шығындарды жабу ниетiмен шетелдiк валютадағы форвардтық, фьючерлiк және басқа келiсiм-шарт бойынша активтер немесе мiндеттемелер сатып алу түрiндегi қорғану әдiсi ретiндегi мәмiле.

      Шетелдiк валютадағы операцияларды есепке алу
      Бастапқы баға
      13. Шетелдiк валютадағы операция дегенiмiз субъект мынадай iстер атқарған кездегi шетелдiк валютамен жасалған мәмiлелер:
      1) шетелдiк валютаға мүлiк (тауарлы-материалдық қорлар, негiзгi қорлар және басқа да айналымдағы активтер) сатып алады немесе сатады;
      2) төленуге немесе алуға тиiстi сомалар шетелдiк валютамен белгiленген кредиттердi алады немесе бередi;
      3) активтердi шетелдiк валютаға ауыстырып басқа жолмен сатып алады немесе сатады, шетелдiк валютамен өзiне мiндеттемелер алады немесе осы мiндеттемелер бойынша есеп айырысады.
      14. Шетелдiк валютадағы операциялар бухгалтерлiк есепке алудағы бастапқы көрсету кезiнде операция жасалған мезгiлдегi бағам бойынша қайта есептеу жолымен, Қазақстан теңгесiмен бағаланады.

      Кейiнгi мерзiмдерде көрсету
      15. Әрбiр есептiк мерзiмде:
      1) ақша баптары, оның iшiнде шетелдiк валютадағы дебеттiк және кредиттiк қарыздар есептi мерзiмнiң аяқталу кезiндегi бағамды пайдалану арқылы теңгемен көрсетiледi;
      2) ақша емес баптар, оның iшiнде шетелдiк валютамен бастапқы құны бойынша бағаланған меншiктi капитал, негiзгi қорлар, тауар-материалдық қорлар, материалдық емес активтер операция жасалған мезгiлдегi бағамды қолдану арқылы теңгемен көрсетiледi.

      Бағамдық айырманы тану
      16. Есеп айырысу күнiндегi немесе қаржы есептемесiн жасаған түнгi және оларды есептi мерзiмдегi бухгалтерлiк есепке алған немесе өткен есептi мерзiм үшiн қаржы есептемесiн жасаған күнгi Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң бағамы бойынша теңгеге есептелген шетелдiк валютамен көрсетiлген активтер немесе мiндеттемелер бағалауы арасындағы айырма нәтижесiнде туындаған бағамдық айырмалар олар туындаған кезеңнiң табысы немесе шығыны ретiнде танылуға тиiс.
      Егер операция бойынша есеп айырысу кейiнгi есептi кезеңде жүргiзiлетiн болса, есеп айырысу кезеңiне дейiнгi әрбiр аралық кезеңдегi бағамдық айырма осы кезеңде танылады және осы кезеңге жатқызылады.

      Шетелдiк бөлiмшелер
      17. Өзiнiң мәнi бойынша бiрлескен кәсiпорындарға, еншiлес және бағынышты заңды тұлғаларға бөлiнген нетто-инвестициялардың бөлiгi болып табылатын, ақша баптары бойынша туындайтын бағамдық айырмаларды осы нетто-инвестициялар шығып қалғанға дейiнгi меншiктi капитал

ретiнде сыныптау керек, бұдан кейiн бағамдық айырмалардың кейiнге
қалдырылған және осы бөлiмшеге байланысты жиынтық сомасы осы
нетто-инвестициялар шығып қалудан болған табыс немесе шығын танылған
есептi кезеңнiң табысы немесе шығыны ретiнде танылады.
     18. Филиалдар мен өкiлеттiктердiң шетелдiк валютадағы
операциялары субъектiнiң өз операциялары сияқты 13-16-параларға
сәйкес көрсетiледi.
     Ашылымы
     19. Қаржы есептемесiнде мыналар:
     1) бағамдық айырмадан болған табыс немесе шығын сомалары;
     2) егер олардың ашылмауы дұрыс бағалауға және қаржы есептемесiн
пайдаланушылардың шешiм қабылдауына жағымсыз ықпал ететiндей маңызды
болса, есеп беру мезгiлiнен кейiн болған валюта бағамындағы
өзгерiстiң салдары;
     3) меншiктi капитал ретiнде жiктелетiн бағамдық айырмалардың
сомасы;
     4) субъектiнiң саясаты, оның iшiнде шетелдiк валютадағы
операциялар жасауда қауiптен сақтану үшiн хеджирлеу ашып көрсетiлу
қажет.
     20. Егер шетелдiк бөлiмшедегi сыныптауда елеулi өзгерiс
туындайтын болса мiндеттi түрде:
     өзгерiстiк мәнi мен себебi;
     өткен есеп беру кезеңiндегi табысқа немесе шығынға өзгерiстiң
әсерi ашылуы қажет.
     Күшiне ену мерзiмi
     21. Осы бухгалтерлiк есепке алу стандарты 1997 жылғы 1 қаңтардан
бастап күшiне енедi.


                                    Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3 қаулысымен бекiтiлдi


              Бухгалтерлiк есепке алудың 10 стандарты
                    Байланысты тараптар туралы
                        ақпараттың ашылымы

      Мақсаты мен қолданылу өрiсi
      1. Стандарт байланысты тараптардың қатынастары мен операциялары туралы ақпаратты ашып көрсетудiң шаруашылық қызметiнiң сипатты ерекшелiгi болып табылатын және байланысты тараптар болып отырған ұйымдардың қаржы жағдайы мен қызметiнiң нәтижелерiне елеулi түрде ықпал етуi мүмкiн негiзгi аспектiлерiн сипаттайды.
      2. Бұл стандартты байланысты тараптар болып табылатын және қаржы есептемесiн тапсыратын ұйымдар қолдануы тиiс, ұйымдардың байланысты тараптармен арадағы қатынастар мен операциялар туралы ақпаратты ашып көрсетуi қаржы есептемесiнiң сенiмдiлiгiн арттырады әрi шынайы және әдiлеттi ақпарат берудiң көрсеткiшi болып табылады.

      Айқындамалар
      3. Байланысты тараптар. Тараптардың бiрi қаржы және шаруашылық шешiмдерiн қабылдаған кезде екiншi жақты бақылау немесе оған елеулi түрде ықпал ету мүмкiндiгiне ие болғанда олар байланысты тараптар болып есептеледi.
      4. Бақылау ұйымның жарғылық капиталға басым түрде қатысуына байланысты немесе өзiмен жасалған шартқа сәйкес яки өзгеше ретпен оның қаржы және өзге де басқару саясатын айқындау қабiлетi.
      5. Елеулi ықпал ұйымның қаржы және өзге де саясат жөнiнде шешiмдер қабылдауға оны бақылау мүмкiндiгiнсiз қатысуы.
      6. Байланысты тараптар арасындағы операциялар активтер мен мiндеттемелердi олардың құнын өндiрiп алу фактiсiне қарамастан беру.

      Байланысты тараптар және олардың қатынастары
      7. Бұл стандарт байланысты тараптардың төменде сипатталған қатынастарын қарастырады:
      1) басқа ұйымдарды бiр немесе бiрнеше делдалдар арқылы тiкелей немесе жанама түрде бақылап отырған ұйымдар;
      2) басқа ұйымдардың қызметiне бiр немесе бiрнеше делдалдар арқылы тiкелей немесе жанама түрде елеулi ықпал етiп отырған ұйымдар:
      3) есеп берушi ұйым акцияларының үлесiне тiкелей немесе жанама түрде ие болып отырған, осылай ие болу өздерiне оған елеулi түрде ықпал етуге немесе бақылауға мүмкiндiк беретiн жеке тұлғалар, сондай-ақ олардың етжақын туысқандары*;

      Ескерту: <*> етжақын туысқандар - өзара етжақын туыстықта немесе ұйыммен арадағы өздерiнiң қарым-қатынастарында бiр-бiрiне ықпал етуi яки бiр-бiрiнiң ықпалында болуы мүмкiн деп болжам жасалатын туыстық қатынаста тұратын адамдар.

      4) басшы қызметкерлер, яғни есеп берушi ұйымды жоспарлауға басқаруға әрi бақылауға құқығы бар және сол үшiн жауап беретiн лауазымды адамдар, сондай-ақ олардың етжақын туысқандары;
      5) жоғарыда (Д) және (е) тармақтарында сипатталған адамдардың

бақылауындағы немесе елеулi ықпалындағы ұйымдар.
     Байланысты тараптардың кез келген ықтимал қатынастарын қарай
келiп, қатынастардың заң жүзiндегi нысанына ғана емес, олардың мәнiне
назар аудару керек.
     8. Бұл стандартта төмендегi ұйымдар байланысты тараптар болып
есептелмейдi:
     1) өзара iскерлiк қатынастарында осы ұйымдардың саясатына ықпал
жасамайтын ортақ басшы қызметкерi бар екi ұйым;
     2) өздерiнiң әдеттегi қызмет барысында мына ұйымдар:
     кредит қаржы қызметiмен айналысатын ұйымдар (банктер және т.б.);
     кәсіподақтар;
     коммуналдық шаруашылық ұйымдары (почта, байланыс және т.б.);
     мемлекеттiк басқару және бақылау органдары (дегенмен олар
ұйымдардың iс-қимыл еркiндiгiн шектеуi мүмкiн);
     3) өздерiнiң арасындағы қатынастар операциялардың саны көп
болуымен ғана тұжырымдалатын, мысалы, өнiм берушiлер, сатып алушылар,
сауда агенттерi және т.б. секiлдi ұйымдар.
     Ашылымы
     9. Байланысты тараптар туралы ақпарат қаржы есептерiне қосып
тапсырылатын түсiнiктеме жазбахатта ашып көрсетiледi.
     10. Байланысты тараптардың арасындағы қатынастар олардың
арасында операциялар болды ма, жоқ па - осыған қарамастан ашып
көрсетiлуге, осы ретте қатынастардың сипаты да, ауқымы да ашып
көрсетiлуге тиiс.


      11. Байланысты тараптардың арасында операциялар жүзеге асырылған кезде есеп берушi тарап операциялардың түрлерi мен элементтерiн мынадай тармақтар бойынша ашып көрсетуге тиiс:
      1) операциялардың құнмен немесе процентпен есептегендегi көлемi;
      2) құнмен немесе процентпен есептегендегi төленбеген баптар;
      3) баға белгiлеу саясаты.
      Байланыссыз тараптар тағайындайтын баға мен байланысты тараптар арасында келiсiлген баға арасындағы сәйкессiздiк баға белгiлеу элементi болып табылады, ол байланысты тараптар операциялары элементтерiнiң бiрi ретiнде ашып көрсетiлуге тиiс.
      12. Байланысты тараптармен арадағы қатынастардың сипаты мен ауқымын барлық ұйымдар ашып көрсетедi, алайда кейбiр жағдайларда операциялар мен олардың мазмұны ашылмауы мүмкiн. Мынадай жағдайларда байланысты тараптармен арадағы операциялар ашып көрсетудi қажет етпейдi:
      1) операциялар бiрiктiрiлген қаржылық есеп беруге енгiзiлген ұйымдар арасында жүргiзiлген кезде;
      2) негiзгi шаруашылық серiктестiгiнiң жекелеген қаржы есептерi бiрiктiрiлген қаржылық есеп берумен бiрге жарияланған жағдайда сол есептерде;
      3) толық иелiкте тұрған еншiлес шаруашылық серiктестiгiнiң қаржы есептерiнде, оның негiзгi шаруашылық серiктестiгi тiркелген әрi бiрiктiрiлген қаржылық есеп беруiн Қазақстан Республикасында тапсыратын жағдайда;
      4) мемлекеттiк бақылауындағы ұйымдар арасындағы операциялар.
     Күшiне ену мерзiмi


      13. Осы бухгалтерлiк есепке алу стандарты 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
                                    Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3 қаулысымен бекiтiлдi


              Бухгалтерлiк есепке алудың 11 стандарты
                Табыс салығы бойынша есеп жүргiзу

      Мақсаты мен қолданылу өрiсi
      1. Осы стандарттың мақсаты Қазақстан Республикасының заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын есепке алу әдiстемесiн айқындау болып табылады.
      2. Осы стандартқа есептi кезеңдегi табыс салығы бойынша шығын немесе үнем сомасын айқындау және оның қаржы есептемелерiндегi ашылымы енгiзiледi.

      Айқындамалар
      3. Бухгалтерлiк табыс - бұл заңды тұлғалардың табыс салығынан алынатын салық төлемдерiн шегергенге дейiн немесе салық төлемдерiнiң азабы есебiнен пайда болған үнемнiң қосылуына дейiн әдеттегi қызметтен және төтенше жағдайлардан алған табысы немесе залалы.
      4. Есептi кезеңдегi салық төлемдерi немесе салық төлемдерi бойынша үнем - бұл қаржы шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есепте көрсетiлген табыс салығы немесе салық төлемiнiң азаюы есебiнен алынған үнем сомасы.
      5. Салық салынатын табыс (залал) - бұл салық заңдарына сәйкес айқындалатын есептi кезеңдегi табыс (залал) сомасы.
      6. Төленетiн табыс салығы - бұл салық салынатын табыстан есептелген және есептi кезеңде төленуге тиiс салық сомасы.
      7. Уақытша айырма (немесе уақыт бойынша сәйкессiздiктер) - бұл есептi кезеңдегi салық салынатын табыс пен бухгалтерлiк табыстың арасындағы айырмалар, бұл айырма табыс пен шығынның кейбiр көздерi салық салынатын табысқа енгiзiлетiн кезең олар бухгалтерлiк есепке енгiзiлетiн кезеңмен сәйкес келмеуi себептi туындайды. Уақытша айырмалар бiр кезеңде туындайды және бұдан кейiнгi бiр немесе бiрнеше кезеңде жойылады.
      8. Тұрақты айырмалар - бұл ағымдағы есептi кезеңде туындайтын және бұдан кейiнгi кезеңдерде жойылмайтын салық салынатын табыс пен бухгалтерлiк табыстың арасындағы айырмалар.
      9. Уақытша айырмалардың салық тиiмдiлiгi - бұл туындаған уақытша айырмалардың нәтижесiнде алдағы кезеңде төленуге тиiстi немесе ағымдағы кезеңде алдын ала төленген салық төлемдерiнiң сомасы.

      Табыс салығы бойынша есеп жүргiзу
      Салық төлемiн есепке алу
      10. Есептi кезеңдегi салық төлемi салық тиiмдiлiгiн есепке алу негiзiнде мiндеттеме әдiсiмен айқындалады.
      11. Мiндеттеме әдiсi бойынша, табыс салығы заңды тұлғаның табыс алу барысында шеккен шығыны ретiнде қарастырылады және ол тиiстi табыс туындаған кезеңге есептеледi. Есептi кезеңде туындаған уақытша айырмалардың салық тиiмдiлiгi салық төлемдерiне енгiзiледi және бухгалтерлiк баланста кейiнге қалдырылған салық көздерi бойынша көрсетiледi. Кейiнге қалдырылған салық шоты дебеттiк те, кредиттiк те болуы мүмкiн, бұл ретте дебеттiк сальдо болашақ салықтарды мерзiмiнен бұрын төлеудi, ал кредиттiк сальдо болашақта төленуге тиiстi салықтар бойынша мiндеттеменi бiлдiредi.
      12. Мiндеттеме әдiсiне сәйкес кезеңдегi салық төлемдерiне:
      1) төленуге тиiс табыс салығы;
      2) ағымдағы кезеңде туындайтын немесе жойылатын уақытша айырмалардың салық тиiмдiлiгi;
      3) есептi жылдың басындағы кейiнге қалдырылған салық түзетуi енгiзiледi (қараңыз, 14-пара).
      13. Болашақта салық ставкаларының өзгеруi туралы ақпарат болмаған жағдайда уақытша айырмалардың салық тиiмдiлiгi есептi кезеңде қолданылып жүрген салық ставкасы бойынша анықталады.
      14. Салық ставкаларының өзгеруiне байланысты кейiнге қалдырылған салықтар сальдосы тиiстi түзетуге жатады.
      15. "Кейiнге қалдырылған салықтар" шотында дебет сальдосының пайда болуына әкелiп соғатын уақытша айырмалардың салық тиiмдiлiгi сақтық принципiне сәйкес осы уақытша айырмалар жойылатын есептi кезеңде қажеттi мөлшерде табыс алуды күтуге негiз болмаған жағдайда табыс салығы бойынша шығын ретiнде танылады.

      Салық төлемдерi бойынша үнемдi есепке алу
      16. Салық заңдылықтары бойынша салық салу жөнiндегi залалдарды алдағы кезеңдердiң табысы есебiнен өтеу үшiн оны белгiлi бiр кезеңге ауыстыруға болады, жiберiлген шығын залал есептемесi нәтижесiнде салық төлемдерiнiң төмендеуi есебiнен мүмкiндiгiнше үнем алуды қамтамасыз етедi.
      17. Залал есептемесiн жүзеге асыру кезеңiнде, 18 және 19-параларда жазылған жағдайлардан басқа кезде салық төлемдерi бойынша үнем таза табыстың (залалдың) есебiне енгiзiледi.
      18. Егер заңды тұлға сақтық қағидасы негiзiнде болашақтағы табыс бұл залалдың орнын толтыруға жеткiлiктi екенiне толық сенiмдi болса, салық төлемдерi бойынша үнем осы залал жiберiлген кезеңнiң таза табысының (залалының) есебiне енгiзiледi. Бұл ретте залалдың келтiрiлуiне төтенше жағдайлардың себеп болуы, ал ұзақ мерзiм бойғы өндiрiстiң тұрақты тиiмдiлiгi бұл заңды тұлғаның болашақта да тиiмдi жұмыс iстейтiндiгiне негiз болатын жағдайлар сенiмдiлiк кепiлдiгi ретiнде қызмет етедi.
      19. Салық төлемдерi бойынша үнем залал жiберiлген кезеңдегi таза табыстың (залалдың) есебiне "Кейiнге қалдырылған салықтар" шотының кредиттiк сальдосынан аспайтын сома мөлшерiнде енгiзiледi, ол залалды өтеуге мүмкiндiк беретiн уақыт iшiнде жойылады.

      Активтердi қайта бағалау
      20. Активтердi қайта бағалау кезiнде есепке алу мен есеп беру де оның бастапқы бағасынан немесе алдыңғы қайта бағалаудан аспайтын сома әдетте табыс салығын анықтау үшiн негiз жасамайды. Бiрақ қайта бағаланған активтердiң бастапқы құнға немесе салық заңдарымен рұқсат етiлген басқа негiздерге негiзделмеген бухгалтерлiк табыстағы өзгерiстерге жағдай жасауына қарай салық салынатын табыс пен бухгалтерлiк табыстың арасында айырма пайда болады. Айырманың бұл түрiн есепке алу қабылданған есеп жүргiзу саясаты байланысты болады.
      21. Бiр әдiске сәйкес, активтердi қайта бағалаумен байланысты салықтан үнемделген соманы қайта бағалау шотынан "Кейiнге қалдырылған салықтар" шотына аудару қажет. 20-парада сипатталған айырманың туындауына қарай, осы айырмамен байланысты салық тиiмдiлiгi "Кейiнге қалдырылған салықтар" шотына жатқызылады және салық төлемдерiнде көрсетiлмейдi.
      22. Басқа бiр әдiстiң мәнi мынада, қайта бағалауға байланысты салықтан үнемделген соманы қаржы есебiне жасалған түсiндiрме жазбада ашып көрсету керек. Кейiнгi есептi кезеңдерде салықтан үнемделген сома 20-парада сипатталған айырманың салық тиiмдiлiгiн көрсету мақсатында қайта қаралады.

      Ашылым
      23. Қаржы есептемесiнде мынадай ақпарат:
      1) әдеттегi қызметтен алынатын табысқа қатысты салық төлемдерi (салық төлемдерi бойынша үнем);
      2) елеулi қателердi түзетуге және есеп жүргiзу саясатындағы өзгерiстерге қатысты салық төлемдерi (салық төлемдерi бойынша үнем);
      3) төтенше жағдайларға қатысты салық төлемдерi (салық төлемдерi бойынша үнем);
      4) қайта бағаланған активтерге қатысты салық тиiмдiлiгi;
      5) тұрақты айырмалар және салық төлемдерi мен бухгалтерлiк табыс арасындағы қарым қатынасқа әсер ететiн басқа факторлар, егер бұл есептi кезеңде қолданылып жүрген салық ставкаларымен түсiндiрiлмейтiн болса, ашылуы керек.
      24. Салық төлемдерi бойынша үнемге қатысты мынадай салаларды:
      1) 18 және 19-параларға сәйкес залал пайда болған кезеңдегi таза табысқа (залалға) енгiзiлген салық төлемдерi бойынша үнем сомасын;
      2) залал есептемесiн жүзеге асыру нәтижесiнде таза табысқа (залалға) енгiзiлген салық төлемдерi бойынша үнем сомасын;
      3) ағымдағы кезеңде өтелмеген және осы соманы ауыстыруға жататын уақыт кезеңiндегi залал сомасын ашып көрсету керек.
     Күшiне ену мерзiмi


      25. Осы бухгалтерлiк есепке алу стандарты 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
                                    Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3 қаулысымен бекiтiлдi


              Бухгалтерлiк есепке алудың 12 стандарты
              Күрделi құрылысқа арналған мердiгерлiк
                           келiсiмдер

      Iс-әрекеттiң мақсаты мен саласы
      1. Стандарт күрделi құрылысқа арналған мердiгерлiк келiсiмдердiң орындалуына байланысты кiрiстер мен шығындарды анықтау және ашу ережесiн сипаттайды, сондай-ақ құрылыс жұмыстары жүргiзiлетiн есептi кезiнде оларды бөлудің тәртiбiн анықтайды.
      2. Стандартты мердiгерлермен қаржылық есеп беру нәтижесiне көрсету және дайындау үшiн күрделi құрылысқа арналған мердiгерлiк келiсiмдер жөнiндегi нәтижелерi қаржылық есеп беруге дайындау және ұсыну үшiн мердiгерлер қабылдайды.

      Анықтау
      3. Күрделi құрылысқа арналған мердiгерлiк келiсiм дегенiмiз* - тапсырыс берушiнiң тапсырмасы бойынша мердiгер өзiнiң тәуекелдiгi бойынша құрылыс жұмыстарын тапсырушының мiндетi бойынша орындауға мiндеттi, ал тапсырушы орындалған жұмысты қабылдау мен төлеуге мiндеттi. Келiсiм бiр объектi бойынша да, олардың жобалауы мен жұмсауы жағдайына тiкелей өзара байланысқан және өзара тәуелдi. Сонымен қатар, құрылыс мердiгерiнiң келiсiмдерi қызмет көрсету бойынша құрылыс объектiлерiмен тығыз байланысты жұмыстарды қосуына болады /яғни объектi басшылары мен сәулетшiлердiң қыр көрсетуi және т.б./

      Ескерту: <*> Одан ары "Құрылыс мердiгерлiгi шарты"

      4. Құрылыс мердiгерлiгiнiң бекiтiлген бағамен келiсiмi, бұл - екi жақтың құрылыс жұмыстарына нақты бағамен келiсiлетiн келiсiмi немесе атқарылатын жұмыстың бiр өлшемiне шаққанда белгiленген құн.
      5. Келiсiм бағадағы құрылыс мердiгерлiгi бұл - жеткiзушiнiң тiкелей құрылыс жұмыстарын атқарумен байланысты, тапсырушы рұқсат еткен сомадағы шартта ескертiлген сыйақыларды қоса есептегендегi нақтылы шығындарының орнын толтыру шарты.

            Нысандар шарттары бойынша және құрылыс
                мердiгерлiгiнiң шарттар тобы

      6. Стандарт талабы, әдетте жеке алынған құрылыс мердiгерлiгiнiң шарттарына қолданылады. Бiрақ маңыздылығы мен аяқталу принциптерiне негiздей отырып, бұл стандарт мердiгерлiктiң бiр шартының айқындалған жеке бөлiктерiне немесе олардың мәнiн көрсету үшiн мердiгерлiк шарттардың тұтас топтарына мiндеттi түрде қолданылады.
      7. Құрылыс мердiгерлiгiнiң бiрдей бiрнеше нысанға бiр келiсiм жасауы кезiнде, егер мынадай талаптар орындалар болса, құрылыс нысанын шарт ретiнде қарату керек:
      а) әр нысан бойынша құрылыс жұмыстарының келiсiмдi бағасы бойынша жеке ұсыныстар болғанда;
      ә) әр нысан бойынша келiсiмдерге қол жеткiзгенде;
      б) әр нысан бойынша шығындар мен кiрiстердi айқындау мүмкiн болғанда.
      8. Құрылыс мердiгерлiгiнiң келiсiм топтары, бiр немесе бiрнеше тапсырушылармен, мынадай талаптар орындалған жағдайда, бiрыңғай келiсiм ретiнде қарау керек.
      а) бұл келiсiм топтары бiрыңғай пакет ретiнде бекiтiледi;
      ә) құрылыс жұмыстары барлық келiсiмдер бойынша өзара тығыз

байланысқандықтан нәтижесiнде олар пайданың жалпы деңгейiмен бiр
жобаның бөлiгi болып табылады;
     б) құрылыс жұмыстары барлық келiсiмдер бойынша бiр мезгiлде
немесе бiрiнен соң бiрi үздiксiз орындалады.
     9. Құрылыс мердiгерлiгiнiң келiсiмi қосымша құрылыс нысанын
тапсырушының қалауы бойынша өзгертiлуi мүмкiн. Құрылыстың қосымша
нысанын бөлек келiсiм ретiнде мынадай жағдайда қарауға болады, егер:
     а) нысан алғашқы келiсiмге енгiзiлген жобадан, сол немесе басқа
нысандардың технологиясы немесе қызмет етуi бойынша айтарлықтай
ерекшеленсе;
     ә) қосымша нысанға келiсiлген құн алғашқы келiсiм бойынша
келiсiлген құнды есепке алмай кесiлсе.
               Құрылыс мердiгерлiгiнiң келiсiмдерi
                        бойынша кiрiстер
     10. Құрылыс мердiгерлiгiнiң келiсiмдерi бойынша табыстарға
жататындар:
     а) құрылыс жұмыстарының келiсiлген құны;
     ә) келiсiм өзгергеннен түсетiн түсiм, талап бойынша төлемдер мен
ынталандыру төлемдерi мынадай жағдайда талап етiледi, егер олар:
     - табыс түсiретiн болса;
     - үлкен мөлшердегi дәлдiкпен өлшенуi мүмкiн.


      11. Тапсырушының жүргiзiп отырған, табыстың ұлғаюына немесе азаюына әкелiп соғатын құрылымы немесе мерзiмi жасалған келiсiмдер бойынша жұмыс көлемi. Келiсiм құнының өзгеруi табысқа мынадай жағдайлар орындалғанда ғана енгiзiледi:
      - тапсырушы бұл өзгерiстердiң құнын қолдауы мүмкiн жағдайда;
      - өзгерiстер құнды үлкен дәлдiкпен өлшенуi мүмкiн.
      12. Талап бойынша төлемдер бұл - мердiгердiң тапсырушыдан қосымша шығындарды толтыру мақсатында алуды көздеген келiсiм құнына енгiзiлмеген сома. Бұл талаптар табысқа осы шарт бойынша, тек мына жағдайларда ғана енедi, егер:
      - тапсырушы қосымша төлемдер талабын қолдауы мүмкiн жағдайда;
      - қосымша төлем құны үлкен мөлшердегi дәлдiкпен өлшенуi мүмкiн

жағдайда.
     13. Ынталандыру төлемдерi бұл - мердiгерге, егер келiсiмде
құрылыс мердiгерлiгi нормаларды орындаған немесе асыра орындаған
жағдайлар ескерiлсе, төленетiн қосымша сомалар. Олар табысқа
енгiзiледi, егер:
     - келiсiмде ескертiлген нормалардың орындалу немесе асыра
орындалу жағдайлары мүмкiн болса;
     - ынталандыру төлемдерi үлкен нақтылықпен өлшенiп төленуi
мүмкiн.
              Құрылыс мердiгерлiгiнiң келiсiмдерi
                      бойынша шығыстар
     14. Мердiгерлiк келiсiмдерi бойынша шығындар мыналарды қамтуы
керек:
     - мердiгерлiктiң осы келiсiмге байланысты, тiкелей шығындары;
     - құрылыс мердiгерлiгiнiң келiсiмi бойынша бөлiнуге болатын
жалпы құрылыстық қызметке байланысты үстеме шығындар, ол келiсiм
құнына енгiзiледi;
     - құрылыс мердiгерлiгiнiң келiсiм шарттары бойынша тапсырушыдан
өндiрiлiп алынатын басқа да шығындар.


      15. Тапсырушы орнын толтыратын шығындарға кейбiр жалпы әкiмшiлiк шығындар, құрылыс мердiгерлiгiнiң келiсiм жағдайымен өтелуге жататынын ескерiп енгiзiлуі мүмкiн.

               Құрылыс мердiгерлiгiнiң келiсiмдерi бойынша
                   табыстар мен шығыстарды мойындау
      16. Егер есеп беру мерзiмiне мердiгерлiк келiсiмнiң жалпы нәтижесi үлкен мөлшердегi нақтылықпен айқындалған жағдайда, табыстар мен оларға байланысты шығыстарды жұмыстың орындалу процентiне аудару арқылы мойындау қажеттi. Осылайша табыстар мен шығындар, олар орын алған жағдайда, сол есептiк мерзiмге жатқызылуы керек. Жалпы мердiгерлiк шығыстардың кiрiстерден кез-келген артықшылығы болғанда мердiгерлiктен, егер мұндай фактiлер анықталса, өткен есептi мерзiмнiң шығысы ретiнде талап етiледi.
      17. Құрылыс мердiгерлiгi келiсiмнiң нәтижесi үлкен деңгейдегi нақтылықпен, тұрақты бағамен бағаланады, егер:
      - келiсiм бойынша табыстың жалпы сомасы нақты айқындалса;
      - мердiгердiң экономикалық пайда алу мүмкiндiгi болса;
      - келiсiм бойынша жұмыстарды аяқтаудың шығыны және құрылыс жұмыстарының есептi мерзiмге проценттiк орындалуы нақты дәлдiкпен айқындалса;
      - келiсiм бойынша нақтылы орын алған шығындар сметалық нормалармен салыстыру нақты орындалса және дәл есептелсе.
      18. Ашық бағадағы құрылыс мердiгерлiгi келiсiмнiң нәтижесi үлкен дәлдiкпен бағалануы мүмкiн, егер:
      - мердiгердiң экономикалық пайда алу мүмкiндiгi болса;
      - келiсiмге байланысты шығындар үлкен дәлдiкпен айқындалса.
      19. Құрылыс мердiгерлiгiнiң келiсiмi бойынша табысқа енгiзiлген және алуға үмiтсiз, орнын толтыру мүмкiндiгi екi талай сомалардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есепте орын алуына байланысты, құрылыс мердiгерлiгiнiң келiсiмi бойынша табыс сомасы түзету ретiнде емес, шығыс ретiнде танылады.
      20. Құрылыс мердiгерлiгiнiң келiсiмi бойынша орындалған жұмыстардың процентi екi түрлi әдiспен анықталады. Мердiгер жұмыстардың бiршама дәл орындалуын өлшейтiн әдiстi қолданады. Құрылыс мердiгерлiгiнiң келiсiм түрiне байланысты, әдiстер мыналарды қамтиды:
      - шығын пропорциясына орындалған құрылыс жұмыстарына айқындалған

күнге кеткен, келiсiм бойынша жалпы сметалық шығын;
     - құрылыс мердiгерлiгi келiсiм бойынша жұмыстың негiзгi
бөлiгiнiң аяқталуы.
     Тапсырушыдан алған аралық төлемдер мен аванстар орындалған жұмыс
деңгейiн бiлдiрмейдi.
     21. Құрылыс мердiгерлiгiнiң келiсiмi бойынша нәтижелердi нақты
айқындау мүмкiн болмаған жағдайда:
     - табыс, анық өтелiнетiн құрылысқа кеткен шығын мөлшерiмен ғана
танылуы керек;
     - құрылыс бойынша шығындар, олар жүргiзiлген аралықта есеп беру
кезiндегi шығыс ретiнде танылады.
     Болжалды залалдарды тану
     22. Бұл жағдайда, құрылыс мердiгерлiгiнiң келiсiмi бойынша жалпы
табыс жалпы шығыннан асып түсу ықтималдығы болған кезде, болжалды
залалдар нақты есеп беру кезiндегi залал ретiнде танылуы керек.
Мұндай залалдардың сомалары мыналарға қатыссыз айқындалады:
     а) келiсiм бойынша жұмыстың басталу фактiсiнен;
     ә) келiсiм бойынша жұмысты орындау процентiнен;
     б) құрылыс мердiгерлiгiнiң бiрлiк келiсiмi ретiнде қаралатын
құрылыс мердiгерлiгiнiң күтiлетiн басқа келiсiмi бойынша жалпы кiрiс
сомасынан.
             Құрылыс мердiгерлiгiнiң келiсiмi
            бойынша ақпараттарды ашып көрсетуi
     23. Мердiгер мыналарды ашып көрсетуi керек:
     а) есеп беру кезiндегi, құрылыс мердiгерлiгiнiң әр келiсiмi
бойынша табыс сомасын;
     ә) есеп беру кезiнде мақұлданған келiсiм бойынша табысты анықтау
үшiн қолданатын әдiстi;


      б) құрылыс мердiгерлiгiнiң аяқталмаған келiсiмi бойынша жұмыс жасау процентiн айқындау үшiн қолданатын әдiстердi.
      Әдiстердегi өзгерiстер табыс пен шығыс бағалар құрылыс

мердiгерлiгiнiң келiсiмi бойынша есептiк бағаларды өзгерту ретiнде
есеп беруде мақұлданған қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi туралы
есептiк кезеңдерде және кейiнгi кезеңде ашылуы керек.
     24. Аяқталмаған есептiк күнге құрылыс мердiгерлiгiнiң
келiсiмiне мердiгер төмендегiлердi ашу керек:
     а) жіберiлген шығын мен мақұлданған табыстың жалпы сомасын
(мақұлданған залалды есептемегенде);
     ә) алынған соманың алдын ала төлемiн;
     б) ұсталған соманы.
     25. Мердiгер мыналарды ұсыну керек:
     а) актив ретiнде, құрылыс жұмыстары бойынша тапсырушыдан берешек
жалпы сомасын;
     ә) мiндеттеме ретiнде, құрылыс жұмыстары бойынша.
     26. Аяқталмаған құрылыс жұмыстары бойынша тапсырушының немесе
мердiгердiң берешек жалпы сомасы бұл - жiберiлген шығын мен танылған 
табыстан тұратын, танылған залал мен аралық төлемдердi қоспағандағы, 
таза сома.
     Күшiне ену мерзiмi
     27. Бухгалтерлiк есептiң бұл стандарты 1996 жылғы 1 қаңтардан
бастап күшiне енедi.


                                    Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 14 қарашадағы N 4 қаулысымен бекiтiлдi


              Бухгалтерлiк есепке алудың 13 стандарты
                Шоғырландырылған қаржылық есеп беру
              және сабақтас серiктестiктерге бөлiнген
                    инвестицияларды есепке алу

      Iс-әрекеттiң мақсаты мен саласы
      1. Бұл стандарттың мақсаты негiзгi шаруашылық серiктестiгiнiң (әрi қарай "негiзгi серiктестiк" деп аталады) бақылауында болатын серiктестiктер тобының шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн құрудың және түсiнудiң, сондай-ақ негiзгi серiктестiктiң жеке қаржылық есептiлiгiнде сабақтас шаруашылық серiктестiгiне бөлiнген инвестицияларды есепке алудың тәртiбiн анықтау болып табылады.

      Анықтау
      2. Бақылау - серiктестiктiң қызметiнен пайда алу мақсатында серiктестiктiң қаржылық және басқа саясатын анықтау құқығы.
      3. Сабақтас шаруашылық серiктестiгi дегенiмiз - басқа (негiзгi) серiктестiктiң бақылауында болатын серiктестiк.
      4. Негiзгi шаруашылық серiктестiгi дегенiмiз - бiр және одан көп сабақтас серiктестiгi бар серiктестiк.
      5. Топ - негiзгi шаруашылық серiктестiгi мен оның бүкiл сабақтас серiктестiктерi.
      6. Шоғырландырылған қаржылық есеп беру - бiр серiктестiктiң есебi ретiнде көрсетiлген, топтың жеке қаржылық есеп беруi.
      7. Жеке қаржылық есеп беру - топтың шоғырлануға қатысты әрбiр мүшесiнiң есеп беруi.
      8. Азшылық үлес - сабақтас серiктестiктiң қатысу үлесiне тиесiлi шаруашылық қызметiнiң негiзгi серiктестiктiң оған тiкелей немесе басқа сабақтас серiктестiктер арқылы иелiк етпейтiн, таза кiрiстерi (шығындар) мен таза активтерiнiң бiр бөлiгi.
      9. Толықтай дерлiк иелiк - негiзгi серiктестiк дауыстың 90 және одан да көп процентiне ие болса.

      Шоғырландырылған қаржылық есеп берудiң түсiнiгi
      10. Негiзгi шаруашылық серiктестiгi, 11 параграфта сипатталған негiзгi шаруашылық серiктестiктерiнен басқасы, шоғырландырылған қаржылық есеп беруге тиiс.
      11. Басқа серiктестiктiң сабақтасы болып табылатын және толық немесе толықтай дерлiк иелiгiнде тұрған негiзгi шаруашылық серiктестiгi, егер негiзгi серiктестiк талап етпесе және азшылық үлесiнiң иелерi бұған келiсетiн болса, шоғырландырылған қаржылық есеп бермейдi.
      12. Шоғырландырылған қаржылық есеп бермейтiн негiзгi шаруашылық бiрлестiгi өзiнiң жеке қаржылық есебiнде мыналарды ашады:
      1) шоғырландырылған қаржылық есеп бермеген себептерiн;
      2) сабақтас серiктестiкке бөлiнген инвестицияларды есепке алу үшiн бухгалтерлiк есептеуде пайдаланылған тәсiлдi;
      3) шоғырландырылған қаржылық есеп берушi негiзгi серiктестiктiң атауы және тiркелген кеңсесiн.

      Шоғырландыру саласы
      13. Негiзгi серiктестiк шоғырландырылған қаржылық есеп беруге:
      сабақтас серiктестiк таяу уақытта сату мақсатымен алынған және оған бақылау уақытша болған;
      сабақтас серiктестiк ұзақ мерзiмдi қатаң шектеулер ахуалында әрекет етiп, мұның өзi негiзгi серiктестiкке қаражат беру қабiлетiн төмендетiп отырған жағдайдан басқа;
      өзiнiң барлық жергiлiктi және шетелдiк сабақтас серiктестiктерiн қосуға тиiс.

      Шоғырландырылған қаржылық есеп берудi құрудың тәсiлдемесi
      14. Негiзгi серiктестiк және оның сабақтас серiктестігiнiң қаржылық есебi активтер, мiндеттемелер, меншiктi капитал, кiрiстер мен шығындар туралы деректердi жинақтау арқылы баптар мен тармақтар бойынша бiрiктiрiледi. Шоғырландырылған қаржылық есептер бiртұтас ұйым ретiндегi топ туралы қаржылық ақпарат беруi үшiн, мыналар қажет:
      1) негiзгi серiктестiктiң әрбiр сабақтасқа бөлген инвестицияларының балама құнын және әрбiр сабақтастың меншiктi капиталындағы негiзгi серiктестiктiң үлесi,
      бойынша - шыққан сәтінен бастап енгiзiледi. Сабақтас серiктестiктерiнiң шығуынан алынған сома мен шыққан мерзiмдегi оның жаза активтерi арасындағы айырмашылықты қаржы-шаруашылық қызметiнiң шоғырландырылған есепте сабақтас серiктестiктi негiзгi және сабақтас серiктестiктер арасындағы өзара есептеулердiң есеп-шоттар бойынша сальдосы,
      кiрiстер, шығындар және дивидендтер жөнiндегi топ iшiндегi операцияларды және осы операциялардың нәтижесiнде туындайтын, орны толмайтын зияндардың басқа iске асырылмаған кiрiстер мен шығындар алынып тасталсын;
      2) сабақтас серiктестiктердiң таза активтерiндегi азшылықтың үлесi анықталып, шоғырландырылған бухгалтерлiк баланста негiзгi серiктестiктiң мiндеттемелерi мен меншiктi капиталы жеке көрсетiлсiн;
      3) негiзгi серiктестiкке қосылатын таза кiрiстiң сомасын айқындаған кезде топтың кiрiсiн кемiтетiн, таза кiрiстегi сабақтас серiктестiктiң азшылық үлесi белгiленсiн.
      15. Шоғырландырылған есеп беруге қосылатын, негiзгi серiктестiк пен оның сабақтас серiктестiктерiнiң қаржылық есептерi әдетте бiр мерзiмде құрылады. Бұлай тежеуге болмайтын жағдайда, әртүрлi есептiк мерзiмде құрылған қаржылық есептердi айырмашылығы үш айдан аспайтын жағдайда, пайдалануға болады. Әртүрлi есептiк мерзiмдерде құрылған қаржылық есептер шоғырландырылған кезде, осы уақыттардың арасында болған елеулi операциялардың немесе басқа да оқиғалардың нәтижелерi болып табылатын өзгерiске түзетулер жасалады.
      16. Шоғырландырылған есеп берулерге қосылатын, негiзгi серiктестiк пен оның сабақтас ұйымдарының қаржылық есептерi әдетте қаржы-шаруашылық қызметiнiң ұқсас операциялары мен оқиғалары үшiн бiртұтас есептiк саясатты пайдаланып әзiрленедi. Топтың мүшесi шоғырландырылған қаржылық есепте қабылданған саясаттан өзгеше саясатты пайдаланса, онда шоғырландыру кезiнде оның есебiне тиiстi түзетулер енгiзiледi. Егер мұндай түзетулердi енгiзу мүмкiн болмаса, онда бұл факт шоғырландырылған қаржылық есептегi, онда баптың өзгеше есептiк саясын қолданылған бөлiгiмен бiрге ашылуға тиiс.
      17. Сабақтас серiктестiктiң шаруашылық қызметiнiң не шоғырландырылған қаржылық есеп беруге қабылданған сабақтас серiктестiктер бойынша - қабылданған сәтiнен бастап шығып кеткендердiң шығуынан болған кiрiстер немесе шығындар ретiнде мойындалады.
      18. Серiктестiк сабақтас серiктестiктiң анықтамасына сәйкес келмеген және "Тәуелдi акционерлiк қоғамдарға бөлiнген инвестицияларды есептеу" жөнiндегi 14-шi бухгалтерлiк есеп стандартында көрсетiлгенi сияқты, бұл серiктестiктiң инвестициялары "Қаржылық инвестицияларды есептеу" жөнiндегi 8-шi бухгалтерлiк есеп стандартына сәйкес есептелуге тиiс.

      Негiзгi серiктестiктiң жеке қаржылық есеп беруiнде
      сабақтас серiктестiкке бөлiнген инвестицияларды есепке алу
      19. Негiзгi серiктестiктiң жеке қаржылық есеп беруiнде шоғырландырылған қаржылық есепке енгiзiлген сабақтас серiктестiктегi инвестициялар, не iскерлiк қатысу (қараңыз: БЕС 14 "Тәуелдi акционерлiк қоғамдарға бөлiнген инвестицияларды есептеу") тәсiлi, не
      ұзақ мерзiмдi инвестицияларды есептеу тәсiлдемесiн (қараңыз: БЕС 8 "Қаржылық инвестицияларды есептеу") пайдалану арқылы есептеледi.
      20. Негiзгi серiктестiктiң жеке қаржылық есеп беруiнде сабақтас серiктестiктiң инвестициялары "Қаржылық инвестицияларды есептеу" жөнiндегi 8-шi бухгалтерлiк есеп стандартына қаралатын инвестиция ретiнде есептеледi.

      Айқындау
      21. 16 параграфтың негiзiнде талап етiлетiн түсiндiрмелерге қосымша мынадай айқындаған жөн:
      1) атаулар көрсетiлген iрi сабақтас серiктестiктердiң тiзiмiн тiркелген елi немесе мекен-жайын, иелiкке қатысу үлесiн және айырмашылық болса, дауысы бар акциялардың үлесiн;
      2) сабақтас серiктестiктердiң шоғырландырылған есепке енгiзiлмеу себептерiн;
      3) негiзгi серiктестiк тiкелей немесе сабақтас серiктестiк арқылы дауыстың жартысынан көбiне ие болмаған жағдайда, негiзгi және сабақтас серiктестiктер арасындағы, негiзгi серiктестiктiң бақылау жүргiзуiне мүмкiндiк беретiн өзара қатынастардың сипатын;
      4) дауысы бар акциялардың жартысынан көбi тiкелей және сабақтас серiктестiктер арқылы жанама иеленген бiрақ бақылаудың салдарынан оның сабақтас серiктестiгi болып саналмайтын серiктестiктердiң тiзiмiн;
      5) сабақтас серiктестiкті сатып алудың немесе сатудың есептi кезеңiнен қаржылық көрсеткiштерiне ықпалын және алдыңғы кезеңдегi тиiстi көрсеткiштердi;
      6) негiзгi серiктестiктiң жеке қаржылық есеп беруiнде сабақтас серiктестiктiң инвестицияларды есептеу үшiн пайдаланылған тәсiлдi.
     Күшiне ену сәтi
     22. Бұл бухгалтерлiк есеп стандарты 1998 жылдың 1 қаңтарынан
күшiне енедi.


                                    Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 14 қарашадағы N 4 қаулысымен бекiтiлдi


              Бухгалтерлiк есепке алудың 14 стандарты
                Шаруашылық серiктестiктерiне тәуелдi
                       инвестициялардың есебi

      Қызмет ету мақсаты мен аясы
      1. Бұл стандарттың мақсаты шаруашылық серiктестiктерiне тәуелдi инвестицияларды есептеу тәртiбiн айқындау болып табылады.
      2. Стандартты инвестицияланатын субъект акцияларына дауыс берушiлердiң жиырма проценттен астамына ие болған инвесторлар қолданады және бұл ретте ол айтарлықтай ықпалға ие.

      Айқындама
      3. Тәуелдi шаруашылық серіктестiктерi - бұл, инвестордың айтарлықтай ықпалында болатын және оның шаруашылық серiктестiгiмен де, бiрге бақылау жасайтын заңды тұлғасымен де еншiлес болып табылмайды.
      4. Маңызды ықпалы - инвестицияланатын субъектiнiң қаржы және басқа саясаты бойынша, оның бақылауынсыз мүмкiн емес, шешiм қабылдауға қатысу құқы.
      5. Бақылау - инвестицияланатын субъектiнiң оның қызметiнен пайда түсiру мақсатымен қаржы және басқа саясатын айқындау құқы.
      6. Шаруашылық серiктестiктермен еншiлес - бұл, басқа (негiзгi) серiктестiктердiң бақылауында болатын серiктестiк.
      7. Үлестiк қатысу әдiсi - инвестициялар сатып алу кезiнде олардың құнын инвестордың тәуелдi шаруашылық серiктестiктерiнiң таза активтерiндегi өзгерiстердi мойындау үлестiк мүмкiндiгi бойынша олардың бағасын сатып алу бағасы бойынша одан ары арттырып (кемiтiп) көрсететiн есептеу әдiсi. Инвестордың таза пайдадағы үлесiн тәуелдi шаруашылық серiктестiктiң қаржы-шаруашылық қызметтерiнiң нәтижелерi туралы есебiнде табыс (шығыс) ретiнде мойындалады.
      8. Бағалау әдiсi - инвестицияны сатып алу кезiнде сатып алу бағасы бойынша көрсетiлетiн есептеу әдiсi. Инвестициядан түсетiн түсiм инвестордың қаржы-шаруашылық нәтижелерi туралы есебiнде, сатып алу күнiнен кейiн пайда болған тәуелдi шаруашылық серiктестiгiнiң таза табыстан жинақталған жалпысының тиiстi дивидендтерi мөлшерiнде мойындалады.

      Шоғырландырылған қаржылық есептеме
      9. Инвестициялар тәуелдi шаруашылық серiктестiктерiнде үлестiк қатысу әдiсi бойынша шоғырландырылған қаржылық есептемеде ескерiледi, мына жағдайлардан басқа, егер:
      1) инвестициялар таяу арада оны сату мақсатымен алынса;
      2) тәуелдi шаруашылық серiктестiктерi оның қаржыларын инвесторға беру қабiлетiн айтарлықтай төмендететiн, ұзақ мерзiмдi қатаң шектеу жағдайында әрекет етсе.
      10. Тәуелдi шаруашылық серiктестiктерi одан ары тәуелдi шаруашылық серiктестiгi анықтамасына сәйкес келмейтiн күннен бастап, инвестициялар есептеме саясатының бухгалтерлiк есептеме стандарттың 8 "Қаржы инвестицияларының есептемесiне сәйкес ұзақ мерзiмдi инвестициялық есептеме бойынша есепке алынады.

      Жекелеген қаржылық есептеме
      11. Жеке қаржылық есептеме жасаған инвестор өздерiнiң тәуелдi шаруашылық серiктестiктерi туралы шоғырланған қаржылық есептеме жасау кезiндегi мәлiметтi де көрсетуi керек.
      12. Инвестордың жеке қаржылық есебiне енгiзiлген, шоғырланған қаржылық есептi құрамайтын тәуелдi шаруашылық инвестицияларда мыналар ескерiледi:
      1) үлестiк қатысу әдiсi, не болмаса құндық әдiс (құндық әдiспен, тәуелдi шаруашылық серiктестiктерi ұзақ мерзiмдi қатаң шектеу жағдайында әрекет ететiн тәуелдi шаруашылық серiктестiктерi немесе таяу арада сату мақсатымен алынған инвестициялар).
      2) сатып алу құны бойынша немесе құнын қайта бағалау есебi бойынша немесе ұзақ мерзiмдi инвестицияларды (Қараңыз: БЕЖ 8 "Қаржы салымдарының есептемесiн")
      есептеу бойынша қабылданған есептеу саясатына сәйкес сатып алу және ағымдағы бағалардың ең аз көрсеткiшi бойынша қайта бағаланады.

      Үлестiк қатысу әдiсi
      13. Үлестiк қатысу әдiсiн қолдану кезiнде инвестицияның тепе-теңдiк құны тәуелдi шаруашылық серiктестiгi инвесторының таза табыс (шығын) күйiндегi үлесiн мойындау бөлiгiнде артады және табыс (шығын) ретiнде танылады.
      14. Тәуелдi шаруашылық серiктестiктерiнiң жинақталған таза табысының жалпы сомасының тиiстi дивидендтерi инвестициялардың тепе-теңдiк құнын кемiтедi.
      15. Тәуелдi шаруашылық серiктестiктерiнiң активтерiн қайта бағалауға байланысты инвестордың үлесiнiң өзгеруi инвестицияның тепе-теңдiк құнын арттырады (кемiтедi) және жеке капитал бөлiгiнде көрiнiс табады.
      16. Егер инвестордың үлесi тәуелдi шаруашылық серiктестiгiнiң шығынында инвестицияның тепе-теңдiк құны тең болып немесе асып түссе, мұндай шығындарды одан ары есептеу жүргiзiлмейдi. Инвестициялар нөлдiк құн бойынша көрсетiледi.
      17. Инвестор тәуелдi шаруашылық серiктестiктерiнiң таза пайдасында өзiнiң үлестiк қатысуымен көрiнiс табуын, 16 тармаққа сәйкес есепке алынбаған таза пайда үлесi таза шығын үлесiне тең болғанда қайта жүзеге асыра алады.

      Құндық әдiсi
      18. Құндық әдiстi қолдану кезiнде инвестор инвестицияларды сатып алу құны бойынша көрсетедi. Инвестициялардан түсетiн түсiмдер инвестордың қаржы-шаруашылық қызметтерiнiң нәтижелерi туралы есебiнде тәуелдi шаруашылық серiктестiгiнiң сатып алынған күннен кейiн пайда болып, жинақталған таза табыстың жалпы сомасының тиiстi дивидендтерi көрсетiледi.
      19. Инвестицияның тепе-теңдiк құнының үнемi төмендеуi бухгалтерлiк есеп стандартының 8 "Қаржылық инвестицияларды есептеуге" сәйкес әр инвестиция бойынша жеке көрсетiледi.

      Ашу
      20. 11, 12 параларға сәйкес талап етiлетiн түсiнiктемеге қосымша ашып көрсетудi қажет етедi.
      1) инвестор айтарлықтай ықпал ететiн және онда үлестiк қатысы бар iрi тәуелдi шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiмi;
      2) тәуелдi шаруашылық серiктестiктерiнiң инвестицияларын есептеу үшiн пайдаланылған әдiстер;
      3) тәуелдi шаруашылық серiктестiктерiнiң үлестiк қатысу әдiсiмен есептелген инвестициялар тепе-теңдiктiң жеке бабымен ұзақ мерзiмдi инвестиция ретiнде ашып көрсетiледi.
      21. Тәуелдi шаруашылық серiктестiктерiнiң таза табысының (шығындық) үлесi инвестордың қаржы шаруашылық қызметтерiнiң нәтижелерi туралы есебiнде көрсетiледi.
      Төтенше жағдайлардағы немесе өткен мерзiмдерге өзгертулер енгiзiлсе инвестордың үлесi жеке ашып көрсетiледi.
     Күшiне ену мерзiмi


      22. Осы бухгалтерлiк есепке алу стандарты 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
                                    Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3 қаулысымен бекiтiлдi


               Бухгалтерлiк есепке алудың 15 стандарты
              Бiрлескен қызмет бойынша қатысу үлесiнiң
                   қаржылық есепте көрсетiлуi

      Iс-әрекеттiң мақсаты мен саласы
      1. Бұл стандарт оның ұйымдасқан - құқықтық формасына тәуелсiз өзiнiң қатысу бөлiгiн бiрiгiп қызмет ету есебi үшiн және қатынасушы активтердiң қаржылық есебiнде бейнелеуiн, мiндеттемелерiн, осы қызметтен шығындар мен кiрiстердi заңды тұлғалармен қолданылады.

      Анықтама
      2. Бiрiгiп қызмет ету - ортақ шаруашылық мақсатқа жету үшiн екi немесе одан да көп жақтар бiрiгiп қимылдауға мiндеттелген қызмет. Бiрiгiп қызмет ету өндiрiстiң, активтердiң, заңды тұлғалардың үстiнен бiрiгiп бақылау түрiнде жүзеге асуы мүмкiн.
      3. Бақылау - қызмет қатынасында осы қызметтен пайда алу мақсатында қаржылық және шаруашылық саясатты анықтайтын құқық.
      4. Бiрiгiп бақылау - шартпен келiсiлген теңбе-тең жағдайда қызметтi бақылауды жүзеге асыру.
      5. Маңызды әрекет - қызмет қатынасында бақылаудың мүмкiндiгiнсiз немесе бiрiгiп бақылауда қаржылық және басқа саясатта қатысу құқығы.
      6. Бiрiгiп қызмет етуге қатысушы - бiрiккен қызмет етуге қатысушы және бiрiгiп бақылауды жүзеге асыратын жақтардың бiрi.
      7. Бiрiгiп қызмет етудiң инвесторы - бiрiгiп бақылауды жүзеге асырмайтын, бiрiгiп қызмет ету жақтарының бiрi.
      8. Бөлек шоғырландыру - бiрiгiп қызмет ету бөлiгi, әр активте және мiндеттемеде, кiрiстер мен шығыстарда осы баптар мен жолдар бойынша бiрiгетiн немесе қаржылық қатысушының есеп беруiнде бөлек жолдармен ашылатын есеп беру тәсiлi.

             Бiрлескен қызмет бойынша қатысу үлесiнiң қаржылық
                            есепте көрсетiлуi
      9. Бiрлесiп бақыланатын өндiрiске қатысушы өзiнiң қаржылық есебi мен шоғырландырылған қаржылық есебiнде мыналарды мойындауға тиiс:
      1) ол бақылау жасайтын активтер мен оның өзi қабылдаған мiндеттемелердi;
      2) оның шеккен шығындарын және ол тауарларды сатудан немесе бiрлескен әрекетке байланысты қызметтерден алынған кiрiстерден өзiнiң үлесiн.

      Бiрлесiп бақыланатын активтер
      10. Бiрлесiп бақыланатын активтерге қатысушы өзiнiң жеке

қаржылық есептерi мен шоғырландырылған қаржылық есеп беруiнде
мыналарды мойындауға тиiс:
     1) активтердiң сипатына сәйкес, бiрлесiп бақыланатын
активтердегi өзiнiң үлесiн;
     2) ол бiрлескен қызмет бойынша қабылдаған мiндеттемелердi;
     3) бiрлескен қызметте басқа қатысушылар мен бiрге көтерген
мiндеттемелердегi өзiнiң үлесiн;
     4) бiрлескен қызмет бойынша шеккен шығындардағы өзiнiң үлесiмен
қоса, өнiмдегi өзiнiң үлесiн сатудан немесе пайдаланудан түскен
кiрiстi;
     5) бiрлескен қызметке қатысудағы, оның үлесiне сәйкес шеккен
шығындарын.
     Бiрлесiп бақыланатын заңды тұлға


      11. Бiрлесiп бақыланатын заңды тұлғаға қатысушы өзiнiң жеке қаржылық есептерiнде шоғырландырылған қаржылық есеп беруiнде үйлесiмдi шоғырландыруға арналған екi есептiк үлгiнiң бiрiн пайдалана отырып, қатысудағы өзiнiң үлесiн көрсетуi тиiс.
      12. Үйлесiмдi шоғырландыру тәсiлi мыналарды көрсету үшiн пайдаланылуы қажет:
      1) таяу уақытта кейiннен сату мақсатымен алынған бiрлесiп бақыланатын заңды тұлғаға қатысу үлесiн;
      2) қорды қатысушыға аудару қабiлетiн төмендететiн қатаң ұзақ мерзiмдiк шектеулер жағдайында әрекет ететiн, бiрлесiп бақыланатын заңды тұлғаға қатысу үлесiн.
      13. Бiрлесiп бақыланатын заңды тұлғаға қатысушы бiрлескен бақылау тоқтатылған сәттен бастап үйлесiмдi шоғырландыруды қолдануды тоқтатуы тиiс.
      14. Бiрлескен қызмет туралы шарт күшiн жойған және бiрлесiп бақыланатын заңды тұлға, оған қатысушының сабақтасына айналған жағдайда ол өзiнiң қатысу үлесiн бухгалтерлiк есептеудiң "Шоғырландырылған қаржылық есеп беру және сабақтас инвестицияларды есептеу" жөнiндегi 13-стандартқа сәйкес есептейдi.

      Бiрлескен қызметке қатысушының әрекеттерi
      15. Бiрлесiп бақыланатын заңды тұлғаға активтерiн қосқанда немесе сатқанда, бiрлескен қызметке қатысушы табыстың оған басқа қатысушылардың үлесi болып табылатын осы қызметке байланысты бөлiгiн ғана мойындауға тиiс және бұл активтер басқа тәуелсiз тарапқа сатылған соң қалатын табыстың бөлiгiн мойындайды. Қатысушы қосылған үлес немесе жасалған сауда тағымдағы активтердi сатудың таза құны төмендегенiн немесе уақытша сипаттағы төмендеуден басқа, ұзақ мерзiмдi активтердiң баланстық құны төмендегенiн дәлелдесе, зиянның бүкiл сомасын мойындауға тиiс.
      16. Бiрлескен қызметке қатысушы, активтi сатып алса, ол активтердi тәуелсiз тарапқа қайтадан сатпайынша, бiрлескен әрекеттiң табысындағы өзiнiң үлесiн мойындамайды. Ол мұндай сауданың салдарынан пайда болған шығындардағы өз үлесiн табыстағы сияқты жолмен мойындауға тиiс. Алайда шығындарды, олар ағымдағы активтердi сатудың таза құны төмендегенiн немесе уақытша сипаттағы төмендеуден басқа, ұзақ мерзiмдi активтердiң баланстық құны төмендегенiн көрсеткенге дейiн дереу мойындаған жөн.

      Бiрлескен қызмет инвесторы
      17. Бiрлескен бақылауды жүзеге асырмайтын инвестор өзiнiң қаржылық есеп беруiнде бiрлескен қызметке қатысудағы өз үлесiн бухгалтерлiк есептеудiң "Қаржылық инвестицияларды есептеу" жөнiндегi 8-стандартқа сәйкес немесе, егер ол онда едәуiр ықпалды болса бухгалтерлiк есептiң "Тәуелсiз шаруашылық серiктестiгiнде инвестицияларды есептеу" жөнiндегi 14-стандартқа сәйкес көрсетедi.

      Айқындама
      18. Бiрлескен қызметке қатысушының қаржылық есеп беруiнде есептi мерзiмнен кейiн болған оқиғаларға, сондай-ақ шартты мiндеттемелер мен шығындардың едәуiр мөлшерде болатынын күтуге жеткiлiктi негiз боларлық басқа да оқиғаларға байланысты, мынадай ақпарат айрықша айқындалуы тиiс:
      1) бүкiл бiрлескен қызметке қатысы бар шартты мiндеттемелер және осы қатысудың әрбiр шартты мiндеттемедегi үлесi;
      2) үшiншi тарап үшiн жауапкершiлiк тартуға тура келетiн жағдайларда пайда болуы мүмкiн, бiрлескен қызметке байланысты шартты қатынастардан туындайтын шартты мiндеттемелер.
      19. Қатысушы осы қызметке қатысы жоқ, басқа мiндеттемелерден өзге бiрлескен қызметке қатысудағы өз үлесiне байланысты мынандай мiндеттемелердiң жалпы сомасын айқындауға тиiс:
      1) қатысушының бiрлескен қызметке қатысудағы оның үлесi бойынша қаржыландыру жөнiндегi мiндеттемесiн және басқа қатысушылармен бiрге шеккен қаржыландыруға байланысты мiндеттемелердегi өз үлесiн;
      2) бiрлесiп бақыланатын заңды тұлғаның өзiндегi қаржыландыруға байланысты мiндеттемелердегi өзiнiң үлесiн.
      20. Қатысушы көлемi жағынан ауқымды бiрлескен қызметке қатысушының үлестiк тiзбесiн және сипаттамасын, сондай-ақ бiрлескен қызметтi иелену процентiн айқындауға тиiс. Бiрлесiп бақыланатын заңды тұлғаға қатысушы үйлесiмдi шоғырландыруға арналған жолақты үлгiнi пайдалана отырып, оған қатысудағы өз үлесiнiң қаржылық есебiнде ағымдағы активтердiң, ұзақ мерзiмдi активтердiң, ағымдағы мiндеттемелердiң, ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердiң, қатысудағы оның үлесiне байланысты кiрiстер мен шығындардың жинақталған сомаларын айқындауға тиiс.
     Күшiне ену мерзiмi
     21. Бұл стандарт 1998 жылғы 1 қаңтардан күшiне енедi.


                                    Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы N 5 қаулысымен бекiтiлдi


               Бухгалтерлiк есептiң 16-шi стандарты
                  Зейнетақымен қамтамасыз етуге
                       кеткен шығын есебi

      Iс-әрекеттiң мақсаты мен сапасы
      1. Стандарттың мақсаты зейнетақымен қамтамасыз ету шығындарын есепке алу және олардың қаржылық есептерiн ашу тәртiбiн айқындау болып табылады.
      2. Бұл стандарт мемлекеттiк емес зейнетақы қорын тек жұмыс берушi ғана жабдықтау бойынша келiсiмдi қарастырады және Қазақстан Республикасының заңында көрсетiлген мемлекеттiк зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша шығындарды есепке алуды қарастырады.

      Айқындама
      3. Жұмыс берушi бұл - зейнетақы жарнасын алушының пайдасына жүзеге асыратын, заңды тұлға.
      4. Зейнетақымен қамтамасыз ету бағдарламалары (бағдарламасы) - бұл келiсiм, құжаттағы тәртiптерге немесе жұмыс берушiнiң өз тәртiбiне сәйкес зейнетақы тағайындалғанға дейiн айқындалуы немесе белгiленуi мүмкiн болған жағдайда жұмыс берушiнiң жұмысшыларына мұндай зейнетақылар мен төлемдер төлеуге сәйкес жұмыс берушi жұмысшыларды зейнетақымен жұмыстан босағанға дейiн немесе жұмыстан босағаннан кейiн (не болмаса жылдық табыс формасында немесе бiр мезгiлдiк төлем сомасы формасында) қамтамасыз етiледi.
      5. Жұмыс берушi жүргiзген зейнетақы қорының есебiнен қалыптасуы бойынша бағдарламасы - бұл зейнетақы есебiнен мемлекеттiк емес зейнетақы қорына шығарған негiзде инвестициядан табыс түсуiмен бiрге анықталатын, зейнетақы есебiнен төленетiн, зейнетақымен қамтамасыз

ету бойынша сомасы келiсiлген бағдарлама.
     Зейнетақымен қамтамасыз етуге кеткен шығын есебi
     6. Мемлекеттiк пенсиялық қорға жұмыс берушiнiң жарнасы шығыс деп
табылады.
     7. Жұмыс берушiнiң қосымша зейнетақысы, жұмысшы осы жұмыс
берушiде жұмыс жасаған уақытында, мемлекеттiк емес зейнетақы қорында
қалыптасқан тәртiп бойынша есеп беру кезеңiнде шығыс деп табылады.
     Ашу
     8. Қаржылық есептеме ашылады:
     1) зейнетақы бағдарламасының жалпы бейнеленуi, соның iшiнде;
     2) жұмысшылар топтары бойынша;
     3) есеп беру кезеңiнде шығыс деп танылған сома;
     4) келесi есеп беру кезеңiмен бiрiздiлiк деңгейiне әсер ететiн,
зейнетақымен байланысты, кез-келген басқа мағыналы сұрақтар.
     Күшiне ену мерзiмi
     9. Бұл бухгалтерлiк есептiң стандарты 1997 жылғы 1 қаңтарында
күшiне енедi.


                                    Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы N 5 қаулысымен бекiтiлдi


               Бухгалтерлiк есеп стандарты 17
                      Жалға беру есебi

      Қызмет ету мақсаты мен саласы
      1. Бұл стандарттың мақсаты субъектiлердiң жүзеге асыратын жалға берудi есепке алу тәртiбiн анықтау болып табылады. Стандарт жалға берудiң мынадай ерекше түрлерi үшiн қолданылмайды:
      мұнай, газ, құрылыс ағаштары, металдар және басқа да минералдық байлықтар сияқты табиғат байлықтарын өндiру мен пайдалануға байланысты жалгерлiк шарттарына;
      фильмдер, бейнефильмдер, пьесалар, қолжазбалар, патенттер және авторлық праволар сияқты баптар бойынша лицензиялық келiсiмдерге.

      Анықтама
      2. Жалға беру - жал иесiнiң жалгерге ақы төлегенi үшiн мүлiктi уақытша иелiкке және пайдалануға беруi.
      3. Қаржыландырылатын жалгерлiк - мүлiкке меншiктiк құқығымен байланысты пайда мен тәуекелдiң үлкен бөлiгiн жалгерге беру. Бұл ретте, жалгер жалдаған мүлкiн өз балансында көрсетедi. Меншiктiк құқығы жалгерлiк уақыт iшiнде берiлуi немесе берiлмеуi мүмкiн.
      4. Ағымдағы жалгерлiк - қаржыландырылатын жалгерлiктен басқа кез-келген басқа жалгерлiк.
      5. Қайтарылмайтын (шақырылмайтын) жалгерлiк - бұл, тек мынадай жағдайда ғана тоқтатуға болатын жалгерлiк:
      қандай бiр кездейсоқ жағдайлар орын алғанда;
      жал иесiнiң рұқсатымен;
      жал иесiмен сол мүлiкке немесе соған ұқсас басқа мүлiкке жаңа жалдық келiсiм жасаған жағдайда;
      егер жалгерлiк келiсiм басында жалгерлiктi тоқтатуға жеткiлiктi төлемақы болып табылатын қосымша сома төленсе.
      6. Жалгерлiк мерзiм - жалгер мүлiкке жалгерлiк шарт жасайтын нақтылы мерзiм уақыты, сондай-ақ жалгерлiк мерзiмнiң басында ескерiлген, жал иесi құқықты, жалгерлiк мерзiмiн одан ары ақы төлеп және төлемей ұзартуға болатын басқа да кез-келген одан кейiнгi мерзiм.
      7. Жалгерлiк мерзiмнiң басы - жалгерлiк шартына қол қойылған күн болып табылады.
      8. Жалгерлiк төлемнiң ең аз мөлшерi - жалгердiң жалгерлiк мерзiм iшiнде (көрсетiлген қызметтер құны мен салықтардың шегерiлiмiн жал иесi төлеуi және оған қайтарылуы керек) жүзеге асыруға мiндеттi төлемдерi, сондай-ақ:
      жалгер тарапынан - оған байланысты олардың немесе жақтардың кепiлдеме берген кез-келген сомасы;
      жал иесi тарапынан - жалгердiң немесе жақтардың жал иесiне кепiлдеме берген, бұл кепiлдеменi қаржымен қамтамасыз ету мүмкiндiгi бар, оған немесе тәуелсiз үшiншi жаққа байланысты кез-келген қалдық сомасы.
      9. Өткiзiлiм құны - мәмiлешiлер арасында айырбасталуы мүмкiн мүлiктер, тәуелсiз жақтардың мәмiле жасауға даяр сомасы.
      10. Мүлiктiң пайдалы қызмет ету мерзiмi сипатталады:
      мүлiктi пайдаланудан экономикалық пайда алу уақыт мерзiмi;
      немесе мүлiктi пайдаланудан алынатын өндiрiлген өнiм саны.
      11. Кепiлдiк берiлмеген құн қалдығы - бұл, жал иесiне байланысты жалгердiң өткiзуге кепiлдiк бермеген немесе өткiзуге тек жақтар ғана кепiлдiк беретiн мүлiктi жалға беруден қалған (жалгерлiктiң басында анықталған) құн қалдығы.
      12. Жалгерлiктi жалпы күрделi қаржыландыру - жалгердiң қаржыландырылатын жалгерлiк төлемнiң ең аз мөлшерi сомасының оған мүлiктiң кепiлдiк бермеген құн қалдығын қосқандағы жиынтығы.
      13. Өткiзiлмеген табыс - жал иесiнiң жалгерлiктi жалпы күрделi қаржыландыру және жалға берiлген уақыттағы дисконтталған мүлiк құны арасындағы айырма.
      14. Жалгерлiктi таза күрделi қаржыландыру - жал иесiнiң жалгерлiктi күрделi қаржыландыру және пайдаланылмаған табыс арасындағы айырма.
      15. Жалға беру кезiнде көзделген проценттiк мөлшерлеме - жалгерлiк басында ең аз мөлшерлi жалгерлiк төлемдердi айқындау үшiн мүлiктiң дисконттық құнын анықтайтын және жалгерлiк активтердiң ағымдағы құны бойынша жалгерлiк басында кепiлдiк бермеген қалдығының дисконттық мөлшерi.
      16. Жалгердiң қарыздық қорының проценттiк мөлшерiнiң өсуi
      жалгердiң соған ұқсас жалға төлеуi керек болатын проценттiк мөлшерi, немесе
      жалгердiң жалға алу барысында сондай мерзiмге активтер сатып алу үшiн несиелердi (қарыздарды) пайдалануды қабылдайтын мөлшерi.
      17. Қатер деп - белгiсiз жағдайлар салдарынан жүз беруi мүмкiн шығындар айтылады, мысалы, мынадай: жабдықтардың тоқтап қалуы, ескi технологияны қолданғандықтар күтiлген пайданың алынбауы.
      18. Пайда ұғымы мүлiктi оның пайдалы қызмет ету мерзiмi iшiнде пайдаланудан түскен күтiлген табысты, сондай-ақ оның құнының артуынан немесе жою құны бойынша сатудан түскен табысты бiлдiредi.

      Жалгерлiк есебi
      Жалгердiң қаржы есебiндегi жалгерлiк есебi
      Қаржыландыратын жалгерлiк
      19. Жалгердiң бухгалтерлiк балансында жалгерлiк мүлiктi актив ретiнде, ал төленуге тиiстi жалгерлiк төлемдер - мiндеттеме ретiнде тiркеледi.
      Жалгерлiк төлемдер бойынша мiндеттемелер жалгерлiк мерзiмiнiң басында өткiзу құны бойынша немесе дисконттелген жалгерлiк төлем құны бойынша жазылады, егер ол сату құнынан төмен болса.
      Дисконттендiрiлген жалдық төлем құнының есептеу кезiнде көрсетiлген жалгерлiк проценттiк мөлшер дисконттелген коэффициент болып табылады. Егер оны анықтау мүмкiн болмаған жағдайда жалгердiң қарыз капиталының проценттiк мөлшерi пайдаланылады.
      20. Жалгерлiк төлем қаржыландыру үшiн төлемдердiң (проценттердi төлеу шығындары) және жалгерлiк мiндеттеменiң баланстық құнын азайтатын (негiзгi мiндеттеменi өтейтiн) төлемдерден құрылады. Жалгерлiк мерзiм уақытындағы әр есептi мерзiм iшiнде жалгерлiк мiндеттеменiң баланстық құнына қолданылатын тұрақты проценттiк мөлшерiнiң негiзгi төлем үшiн қаржыландыру болып табылады.
      21. Проценттердi төлеу шығындары мен амортизация бойынша

шығындар жалгерлiк мерзiм уақытындағы әр есептi мерзiм iшiнде
танылады. Жалгерлiк мүлiктердiң тозуын есептеу "Негiзгi қорларды
есептеу" 6-шы бухгалтерлiк есептеу стандартында көрсетiлген әдiстерге
сәйкес жүргiзiледi.
     22. Егер жалгерлiк мерзiмiнiң соңына дейiн мүлiк иелiгiне құқық
жал иесiне қайтарылуына сенiмдiлiк болмаса, мүлiкке екi мерзiмнiң ең
қысқа уақытына амортизацияның барлық сомасы толық есептеледi:
     жалгерлiк мерзiмiне немесе
     пайдалы қызмет ету мерзiмiне.
     Ағымдағы жалгерлiк
     23. Жалгерлiк төлемдер бойынша шығындар әр есептiк мерзiмде
жалгерлiк мерзiмiнiң соңына дейiн есепке алынады.
     Жал иесiнiң қаржы есебiндегi жалгерлiк есебi
     Жалгерлiк қаржыландыру
     24. Жалға берiлетiн мүлiк бухгалтерлiк баланста жалгерлiктi таза
күрделi қаржыландыруға тең дебиторлық қарыз ретiнде көрсетiледi.
Жалгерлiк төлемдер табыс бөлiгiнде жал иесiнiң әр есептi мерзiм
уақытқа жалгерлiктi күрделi қаржыландырудан түскен табыс ретiнде
тiркеледi.


      25. Өндiрушi немесе дилер-жалгер кәсiпорын әдетте сатуға қатысы бойынша ұсталатын саясатқа сәйкес сатудан түскен табысты түсiмге немесе шығынға енгiзуi керек.

      Ағымдағы жалгерлiк
      26. Ағымдағы жалгерлiкке берiлетiн мүлiк жал иесiнiң бухгалтерлiк балансында "Негiзгi қорлар" бабы бойынша көрiнiс табуы керек. Жалға берiлетiн мүлiктiң амортизациясын есептеу "Негiзгi қорларды есептеу" 6-шы бухгалтерлiк есептеу стандартында көрсетiлген әдiстерге сәйкес жүзеге асырылады.
      27. Жалгерлiк табыс жалға беру мерзiмiнiң соңына дейiн бiр қалыпты негiзде танылады, егер шартта көрсетiлгендей басқа жүйелiлiк негiз түсiм алудың бiршама артық сипаттамасы болып табылмаса.

      Жер жалгерлiгi
      28. Жер жалгерлiгi басқа мүлiктердегi жалгерлiк сияқты ағымдағы немесе қаржыландырылатын жалгерлiк болып сол тәртiпте сыныпталады. Бiрақ жердiң жеке меншiк түрiндегi ерекшелiгi сонда, ол, әдетте, белгiсiз пайдалы қызмет ету мерзiмiне ие. Егер жал иесiне меншiк құқығы жалгерлiк мерзiмнiң соңына дейiн өтпейтiнi көзделмесе, онда жалгер иелiк құқығына байланысты негiзгi қатердi мойнына алмайды және пайда түсiрмейдi.

          Оларды жалгерлiкке қайта алуына байланысты мүлiктi
                        өткiзу операциялар есебi
      29. Егер одан кейiнгi жалгерлiктерге байланысты мүлiктi сату бойынша мәмiле қаржыландыру жалгерлiгiне, келiп соғатын болса, баланстық құннан асатын сатудан түскен кез-келген табыс сатушы жалгердiң қаржы есебiнде табыс ретiнде бiрден тiркелмеуi керек. Егер мұндай табыс тiркелген жағдайда, жалгерлiк мерзiмнiң соңына дейiн есептен шығарылып, амортизациялануы керек.
      30. Егер мүлiктi өткiзу бойынша мәмiле алдағы уақыттардағы жалгерлiк ағымдағы жалгерлiкке, көп соғатын болса, онда жалгерлiк төлемi мен сату құны ағымдағы құнға сәйкес белгiленедi, кез-келген табыс пен шығын, әдеттегi мүлiктердi сату сияқты, мәмiле жасау мерзiмi бойынша танылуы керек. Егер өткiзу құны ағымдағы құнға сәйкес келмейтiн болса, онда алынған пайданың (ағымдағы мүлiк құнынан артық сома) немесе шығынның (өткiзу нәтижесiнде ағымдағы құннан төмен алынған сома) мерзiмiн кейiнге қалдырып, жалгерлiк мерзiмiнiң соңына дейiн танылуы керек.

     Айқындама
     31. Жалгерлiк қаржы есебiнде айқындамалануы керек: жалгерлердi
қаржыландыруға алған мүлiктiң жалпы құны;
     мүлiктi жалға алу бойынша ағымдағы және ұзақ мерзiмдi
мiндеттеме;
     қаржыландыру жалгерлiгi жағдайында және қайтарымсыз (шақырусыз)
ағымдағы жалгерлiк жағдайында бiр жылдан астам уақыт мерзiм iшiндегi
(жүзеге асырылатын төлемдердiң сомалары мен мерзiмдерi қысқа формада
айқындалуы керек) ең аз мөлшердегi жалгерлiк төлемдер бойынша
мiндеттемелер;
     келiсiмнен туындайтын жалгерлiктi ұзартуды немесе мүлiктi сатып
алуды, көзделмеген жалгерлiк төлемдердi және басқа көзделмеген
мiндеттемелердi таңдау құқығы.
     32. Жал иесiнiң қаржы есебiнде айқындамалануы керек:
     қаржыландырылатын жалгерлiктi жалпы күрделi қаржыландыру;
     жалға берiлген мүлiктен түскен пайданың пайдаланылмаған бөлiгi;
     жалға берiлген мүлiк құнының кепiлдiк берiлмеген қалдығы;
     активтердiң құны, сондай-ақ актив түрлерi бойынша есептi мерзiм
iшiнде жинақталған амортизациялық есептемелер.
     Күшiне ену мерзiмi
     33. Бұл бухгалтерлiк есептiң стандарты 1997 жылғы 1 қаңтарынан
күшiне енедi.


                                    Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы N 5 қаулысымен бекiтiлдi


               Бухгалтерлiк есепке алудың 18 стандарты
                  Инвестициялық қорлардың есебi

      Стандарттың мақсаты және әсер аумағы
      1. Бұл стандарт инвестициялық қорлардың қызметi мен инвестициялық хабарларды ашу және есепке алудың ерекшелiктерiн айқындайды.

      Анықтама
      2. Инвестициялық қор - акционерлiк қоғам түрiндегi ашық типтi құқықтық тұлға, ол - өзiнiң акцияларын шығаруға және орналастыруға қаржы қорларын жұмылдыру мен және кейiнгi мақсаты мен инвестиция жасау.
      3. Ашық инвестиция қоры - бұл сатып алынатын өзiнiң акцияларын шығаратын қор болып табылады.
      4. Инвестициялық қызмет - бұл табыс табу мақсатында бағалы қағаздарды инвестициялау, тарату және сатып алу болып табылады.
      5. Инвестициялық бағалы қағаздар - қордың өздерi шығаратын бағалы қағаздардан басқа; инвестицияланған қаржыларды инвестициялық қорларға тартатын бағалы қағаздар болып табылады.
      6. Бағалы қағаздар қазынасы - бұл инвестицияланған бағалы қағаздардың қор иелiк ететiн жиынтығы.
      7. Бағалы қағаздардың қазынасын басқару - сатып алынған, сатылатын бағалы қағаздармен басқа да инвестициялық келiсiмдер жүргiзуде соңғы шешiмдi қабылдайтын басқарушының қызметi.
      8. Инвестициялық қордың басқарушысы - бағалы қағаздар қазынасының қорымен кәсiби қызмет жүргiзетiн құқықтық тұлға.
      9. Кастодиан - тапсырушылардың бағалы қағаздары және ақшалай қорлары сенiп тапсырылған оның есебi мен сақталуына жауапты кәсiби қызметтi жүргiзетiн заңды тұлға.
      10. Депозитарий - клиринг қызметiн атқаратын лицензия болған жағдайда бағалы қағаздармен iс жүргiзетiн (есептеу және бағалы қағаздардың ағымындағы мүлiктiк құқықты тiзiмдеу), олардың клиенттерiнiң мүддесiн қорғайтын бағалы қағаздарды сақтаумен және техникалық қызмет көрсетумен айналысатын нарыққа қатысушы кәсiби адамдардан құралған арнайы ұйым.
      11. Бөлу - инвестиция қаржыларын таратудан алынған қаржы

инвестиясының таза түсiмдерiнен төленетiн және таза түсiмдерiнен
төленетiн дивидендтер.
     12. Қайта инвестициялау - барлық қаржы қорынан қосымша акциялар
түрiнде акционерлер қорын бөлу.
     13. Қайта инвестициялаудың бағасы - бұл бөлiмдердiң төленген күнi
акциялар есептеуге қатысты активтердiң таза бағасы. Қайта
инвестициялаудың бағасы ақша қорын шығарумен айқындалады.
     14. Таза активтердiң бағасы - мiндеттерiнен өзге активтер
қорының бағасын көтеру.
     Кiрiстер
     15. Инвестициялық қорлардың есептемесi бухгалтерлiк есептiң
5-iншi "Кiрiс" стандарты бойынша есептелiнедi.
     Шығыстар


      16. Инвестициялық қорлардың шығыстар есебi бухгалтерлiк есептiң 7-iншi стандарты "Тауар-материалдық қорлардың есебi" бойынша классификацияланады.
      17. Бағалы қағаздарға эмиссия жүргiзу шығыстары былайша өтедi:
      тiркеуге берiлетiн арызды әзiрлеу, эмиссия шығыстарын тiркеу, акцияларды тарату iстерiне құқықтық қызмет көрсету;
      бағалы қағаздарға эмиссия алуға қажеттi қаржы аудит есебiн жүргiзуге кететiн шығындар;
      проспектiлердi, арыздарды тiркеудi, акция қорын басуға, жарнамаға кететiн шығыстар;
      қосымша түсетiн капиталдың есебiнен қысқарады.

      Бағалау
      18. Бағалау инвестициялық қордың қаржылау инвестициясына баға беру - бухгалтерлiк есептiң 8-iншi стандартына "Қаржы инвестициясының есебi" бойынша нарықтық бағалары тағайындалмаған жағдайда бағалы қағаздардың ағымды бағасы бойынша есептелiнедi.
      19. Инвестициялық қордың акцияларын сату бағалары және олардың

сатып алу бағалары өзiнiң акционерлерiнен сатып алған жағдайда таза
активтердiң операция жасалған күнгi бағасы бойынша анықталады.
     Қаржы есебiне қойылатын талаптар
     20. Осы стандарттағы инвестициялық қорлардың қаржылай есебiн
жүргiзу көлемi "Таза активтердiң өзгерiстерiн есептеу жөнiнде" деп
аталатын стандарт бойынша жүргiзiледi. Бұл есептеменiң формасы осы
стандартқа қосымшада келтiрiлген.
     21. Осы есептемеде инвестициялық қордың акцияларымен және
акционерлiк капиталмен жүргiзiлетiн операциялар акционерлерге
төлемдердi бөлуде туған таза активтердiң өзгерiсi есебiнде
көрсетiлген.
     Ашу
     22. Қаржыларды есептеуде мыналарды ашу қажет:
     басшының, кастодианның, тәуелсiз тiркеушiнiң сыйақысы көлемi;
     есептегi уақыттың басы мен соңындағы таза активтердiң бағасы;
     инвестициялардың бағасын өзгертудегi таза активтердiң бағасының
көтерiлуi;
     көрсетiлген инвестицияға салынған бағалы қағаздардың тiзiмi;
     акция есебiндегi инвестициядан түсетiн кiрiс;
     акциялар есебiндегi шығыстар;
     акцияға берiлген инвестициялардан таза кiрiс;
     бағалы қағаздар қазынасымен жүргiзiлген iстердiң көлемiне
қатынасы;
     таза активтердiң орташа бағасының инвестицияға қатысынан түсетiн
таза кiрiстiң айырмасы;
     таза активтiң орташа бағасының шығыстармен айырмасы.
     Күшiне ену мерзiмi
     23. Осы бухгалтерлiк есепке алу стандарты 1997 жылғы 1 қаңтардан
бастап күшiне енедi.
     Қосымша
                Таза активтердiң өзгерiстерi бойынша
                199__ жылдың 1 ___________
     Инвестициялық қордың толық аты
     Құқықтық мекен-жайы ____________________
     Өлшем бiрлiгi мың теңге есебiмен
     Операциялардың нәтижесiнде таза активтердiң көтерiлуi (түсуi):
     таза инвестициялық табыс (шығын)
     инвестициялауға арналған бағалы қағаздарды таратудан түскен таза
табыс
     таратылмаған бағалы қағаздардың құнының көтерiлуiне байланысты
өзгерiстер
     Таза активтермен операциялар жүргiзуге байланысты таза көбеюi
(азаюы)
     Акционерлердiң арасындағы бөлiнуi:
     Таза инвестициялық табыс
     Бағалы қағаздарды таратудан түскен таза табыс
     Бөлудiң қорытындысы
     Таза активтердiң акционерлiк капиталмен жүргiзген
операцияларынан көтерiлу (түсу)
     Сатылған акциялардан түскен кiрiс
     Дивидендтерiн қайта инвестициялаудан есепке енгiзу
     Сатып алынған акциялардың бағасы
     Акционерлiк капиталмен өткiзген операциялардан көтерiлудің 
(түсудiң) қорытындысы
     Таза активтердiң көтерiлуiнiң қорытындысы
     Таза активтер:
     Есептеу мерзiмiнiң басы
     Есептеу мерзiмiнiң соңы
     Шығарылған және сатып алынған акциялардың саны:
     Шығарылған акциялар:
     саны
     бағасы
     дивидендтердi қайта инвестициялау есебiне шығару:
     саны
     бағасы
     сатылған акциялар
     саны - данасы
     бағасы
                Басқарушы
                Бас бухгалтер
                199__ ж. "___"___________


                                    Қазақстан Республикасының

Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы N 5 қаулысымен бекiтiлдi


               Бухгалтерлiк есептеудiң 19 стандарты
           Мемлекеттiк емес ерiктi зейнет қорының есебi
                    және оның есептемесiн құру

      Қызметтiң мақсаты мен саласы
      1. Бұл стандарттың мақсаты мемлекеттiк емес зейнетқорының (бұдан әрi - қор) есеп беру және қаржылық есептемесiн құру тәртiбiн анықтау болып табылады.
      2. Бұл стандартта жарнашылардың үлестерi есебiнен мемлекеттiк емес ерiктi зейнетқорын қалыптастыру жөнiндегi келiсiмдi қарайды және Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетiлген мемлекеттiк зейнеткерлiк қамтамасыз ету жөнiндегi шығындардың есебiн қарамайды.

      Анықтама
      3. Зейнеткерлiк қамтамасыз ету жөнiндегi бағдарлама дегенiмiз - жұмыс берушiнiң жұмыс кезiнде немесе жұмыс бiткеннен кейiн қызметкерлердi зейнетақылармен қамтамасыз ететiн (жыл сайынғы табыс түрiнде немесе бiр мезетте төленетiн сома түрiнде) келiсiм болып табылады. Бұл орайда жұмыс берушiнiң өз қызметкерлерiне беретiн зейнетақылары мен төлемдерi зейнетақы белгiленгенге дейiн құжат ережелерiне немесе жұмыс берушiнiң практикасына сәйкес анықталуы немесе белгiленуi мүмкiн.
      Сондай-ақ бұл - жеке тұлғаның зейнеткерлiк қамтамасыз ету жөнiндегi бағдарламаға жарна қосуды жүзеге асыратын келiсiмi болып табылады.
      4. Жарналардың көлемi белгiленген зейнеткерлiк схема дегенiмiз - инвестициялардан кiрiстерiмен қоса қорға қосылатын аударылымдарға сәйкес зейнетақы төлемдерi анықталатын зейнеткерлiк қамтамасыз ету схемасы.

      Қордың есебi мен есептемесi
      5. Қор құрылтайшылар қорының қаржысына (бұдан әрi - құрылтайшылар қоры) және зейнеткерлiк жиынтық қорға бөлек есеп жүргiзiледi.
      6. Қор тұтастай алғанда бухгалтерлiк есептеудiң 2-стандартына ("бухгалтерлiк баланс және қаржылық есептердегi негiзгi айқындамалар"), 3-стандартқа ("Қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы"), 4-стандартқа ("Ақша қаржыларының қозғалысы туралы есеп") сәйкес өз қызметi жөнiнде қаржылық есептеме жасайды, ал қордың алушылар бөлiгiнде таза активтер туралы және таза активтердiң өзгерiстерi туралы есеп бередi.

      Қор активтерiнiң құнын анықтау
      7. Құрылтайшылар қорының операцияларында пайдаланылатын активтер бухгалтерлiк есептiң қолданымдағы стандартына сәйкес есептеледi.
      8. Құрылтайшылар қорының инвестициялары ағымдағы құн бойынша есептеледi. Жеңiл сатылатын бағалы қағаздар жағдайында ағымдағы құн нарықтық құнға сәйкес келедi. Ағымдағы құнды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда ағымдағы құнның пайдаланылмау себептерiн ашу керек.

      Айқындама
      9. Зейнеткерлiк қамтамасыз ету схемасы бойынша құрылатын есептер мынадай ақпараттарды қамтуға тиiс:
      1) қордың есептiк саясаты туралы;
      2) зейнеткерлiк қамтамасыз ету схемасы және есеп беру кезеңi бойында оған кез-келген өзгерiстердiң әсерi туралы. Қордың зейнеткерлiк қамтамасыз ету схемасы туралы есеп қаржылық ақпараттың бiр бөлiгi ретiнде оның сипаттамасын көрсетедi немесе ол жеке есеп түрiнде мыналардан құрылады:

     осы бағдарламаға қатысты жұмыс берушiлердiң атауы және
жарнашылар топтарының атауы;
     зейнетақы алатын жарнашылардың және тиiстi тәртiп бойынша
сараланған басқа да жарнашылардың саны;
     кепiлдiк берiлген зейнетақылардың сипаттамасы;
     бағдарламаны тоқтату жағдайларының сипаттамасы;
     есептi кезеңнiң барысында жоғарыда аталған тармақтарда болған
өзгерiстер.
     10. Құрылтайшылар қорының есеп шоттары бойынша айқындама
мыналарды қамтуға тиiс:
     қор құрылтайшыларының есептi мерзiмге арналған жиынтық есебiн,
онда мынадай ақпараттар көрсетiлуi керек:
     ақша қаражаттары мен нарықтық бағалы қағаздар,
     негiзгi қорлар,
     инвестициялар,
     басқа да активтер,
     қосалқы қор активтерi,
     ағымдағы мiндеттемелер,
     басқа да мiндеттемелер,
     қосалқы қордың мiндеттемесi,
     меншiктi капитал, оның iшiнде жұмсалмаған кiрiс туралы:
     қор құрылтайшыларының меншiктi капиталының алушылар қоры мен
құрылтайшылар қорының алушылары қорының бiрiккен активтерiнiң
сомасына, қосалқы қордың алушылар қорының активiне қарағандағы
процентi;
     алушылар қорының құрылтайшылар қорына төлеген комиссиялық
жарналарының сомасы мен комиссиялық жарналардың қордың таза кiрiсiне
қарағандағы процентi.
     11. Зейнетақыларды төлеуге арналған қолда бар таза активтер
туралы есеп мыналарды айқындауға тиiс:
     инвестицияларға арналған қолда бар ақша қаражатының сомасы;
     алуға арналған шоттарды, оның iшiнде:
     жеке тұлғалардан алынатын жарналар,
     жұмыс берушiлердiң жарналары,
     алуға арналған сома бойынша есептелген процент;
     Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары;
     Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiнiң бекiтуi бойынша
банктер шығарған бағалы қағаздар; депозиттегi бағалы қағаздар;
     жылжымайтын мүлiктердегi инвестициялар;
     басқа да инвестициялар;
     қордың мiндеттемелерi, оның iшiнде:
     алушылардың төлемдiк талаптары,
     әкiмшiлiк шығындары,
     қордың кiрiстерi бойынша төленетiн салықтар;
     қордың төлеуге арналған қолда бар таза активтерi.


      12. Зейнетақыларды төлеуге арналған таза активтердегi өзгерiстер

туралы есеп үш тараудан тұрады. Бiрiншi тарауда мыналар айқындалуға
тиiс:
     Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары процентiнiң
кiрiстерi,
     банктер шығарған, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi
бекiткен бағалы қағаздар процентiнiң кiрiстерi,
     банктiң депозиттiк сертификаттарының кiрiстерi, жылжымайтын
мүлiктегi инвестициялардың кiрiстерi, активтердi сатудың кiрiстерi
мен шығындары, активтер құнының өсуi мен кемуi, басқа да кiрiстер.
     Екiншi тарауда мыналарды айқындау қажет:
     әкiмшiлiк шығындарын,
     басқа да шығындарды.
     Үшiншi тарауда мыналарды айқындау қажет:
     жарнашылардың үлесi,
     төленген зейнетақылар,
     бiр қордан басқа қорға аударылған, сондай-ақ басқа қорлардан
бiрiншi қорға аударылған қаржылар, жыл басындағы таза активтер.
     жыл аяғындағы таза активтер.
     Күшiне енетiн сәтi
     13. Бухгалтерлiк есептеудiң бұл стандарты 1997 жылғы 1 қаңтардан
бастап күшiне енедi.