Қаржы шығынына лимит белгiлеу арқылы жергiлiктi бюджеттерiнiң есебiнен ұсталатын, мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру нұсқауын бекiту туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгi 1996 жылғы 2 желтоқсан N 264. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 11 желтоқсанда N 231 тіркелді.

Қолданыстағы
      ЕСКЕРТУ. Атауы өзгертілді - ҚР Қаржы министрiнiң
               2000 жылғы 17 наурыздағы N 126 V001111_ бұйрығымен.
      1. 1997 жылдың 1-қаңтарынан бастап қаржы шығынына лимит белгiлеу арқылы жергiлiктi бюджеттерiнiң есебiнен ұсталатын, мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру нұсқауы бекiтiлсiн және күшiне енсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрiнiң
               2000 жылғы 17 наурыздағы N 126 V001111_ бұйрығымен.
      2. Осы нұсқаудың берiлуiне байланысты келесi нормативтi документтер күшiн жойсын:
      - қаржы министрлiгiнiң бұйрығы бойынша 1979 жылы 31 қаңтарда бекiтiлген ереженiң 10 тарауының N 8 бөлiмi, "Жергiлiктi бюджеттiң қаржы шығындары" деп аталатын 5 кiшi бөлiмдерiнiң 194, 195, 197, 210 тармақшалары.
      - Қазақ ССР-ы қаржы министрлiгiнiң 1980 жылы 6 наурызда шыққан N 20 бұйрығы бекiткен "Орындалу барысында өзгертiлген бюджет шығындарын есептеу және шығындарды қаржыландыруға байланысты жылдық жергiлiктi бюджеттi тоқсан сайын бөлу туралы" нұсқаудың "Бюджет бойынша қаржыландыру" тарауының 34-38, 52, 53 тармақшалары.
      - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң 1992 жылы 1 шiлдеде шыққан N 24 жергiлiктi бюджеттiң финанс органдарында орындалуының бухгалтерлiк есебiнiң нұсқауындағы 2 тараудың "Ағымдағы шоттардың шот жоспары, шоттардың мазмұны мен түрi" деген 2.4. тармақтың 2-5, 8 азат жолдары, 3 тараудың "құжаттарды тiркеу тәртiбi" бөлiмiнiң 3.2. және 3.3. тармақшалары.

      Министрдiң бiрiншi орынбасары
                                        Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлiгiнiң 1996 жылғы 2 желтоқсандағы N 264. бұйрығымен бекiтiлген


          Жергiліктi бюджеттерде тұратын мемлекеттiк мекемелердi
            қаражат жұмсауға шектеме қою жолымен қаржыландыру
                              жөнiндегi
                             НҰСҚАУЛЫҚ <*>
      ЕСКЕРТУ. Атауы өзгертілді - ҚР Қаржы министрiнiң
               2000 жылғы 17 наурыздағы N 126 V001111_ бұйрығымен.

      I. Жалпы ереже

      1. Бұл Нұсқаулық жергiлiктi бюджетте тұратын мемлекеттiк мекемелердi шығындардың түрлерi бойынша жергiлiктi бюджеттiң қаражатын жұмсауға шектеме қою жолымен қаржыландырудың тәртiбiн айқындайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрiнiң
               2000 жылғы 17 наурыздағы N 126 V001111_ бұйрығымен.

      II. Бюджеттiк қаржыларды бөлу

      2. Жергiлiктi бюджеттер бойынша шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 16 ақпандағы N 255 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерге арналған бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын (мерзiмдi және жылдық) жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес жасалған тиiстi бюджеттердiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесi негiзiнде жүргiзiледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрiнiң
               2000 жылғы 17 наурыздағы N 126 V001111_ бұйрығымен.
      3. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрiнiң
               2000 жылғы 17 наурыздағы N 126 V001111_ бұйрығымен.

       III. Қаржылық рұқсаттар беру

      4. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің шығыстарын уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, жергiлiктi бюджеттiң қалыптастырылуын және атқарылуын жүзеге асыруға жергiлiктi атқарушы орган уәкiлеттiк берген атқарушы орган (бұдан әрi - жергiлiктi қаржы органы) жергiлiктi бюджеттердiң шоттарына iс жүзiнде түсетiн ақшаның сомасын, секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар бойынша шығыстардың көлемдерін, жергiлiктi атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу жөнiндегi шығыстардың көлемдерiн және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк қаржы бөлудегi айлық қажеттiлiгiн ескере отырып, жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әрбiр әкiмшісі бюджеттік бағдарлама, кiшi бағдарлама және ерекшелiк бойынша тиiстi жергiлiктi бюджеттiң шығыстарын қаржыландырудың ағымдағы лимиттерiн айқындайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрiнiң
               2000 жылғы 17 наурыздағы N 126 V001111_ бұйрығымен.
      5. Қаржыландыру лимиттерiнiң негiзiнде жергiлiктi қаржы органы жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне 1МБР (1-қосымша) немесе 1 МБЗ (2-қосымша) нысаны бойынша қаржылық рұқсат жазып бередi. Рұқсаттарда бiрыңғай бюджеттiк жiктеме кодтарына: бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне, бағдарламаға, кiшi бағдарламаға және ерекшелiкке сәйкес шығыстардың әрбiр түрi бойынша бекiтiлген лимиттер айқындалады.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚР Қаржы
               министрiнiң 1997.02.26. N 49 бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрiнiң
               2000 жылғы 17 наурыздағы N 126 V001111_ бұйрығымен.
      6. I-ЖБШ үлгiсiндегi қаржылық рұқсаттар мемлекеттiк мекемелерге лимиттердi iшкi ведомстволық мемлекеттiк мекемелерге одан әрi бөлу үшiн берiледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрiнiң
               2000 жылғы 17 наурыздағы N 126 V001111_ бұйрығымен.
      7. I-ЖБЖ үлгiсiндегi қаржылық рұқсаттар қаржылары тiкелей Мемлекеттiк мекеменiң өзi үшiн бөлу лимиттерiн айқындайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрiнiң
               2000 жылғы 17 наурыздағы N 126 V001111_ бұйрығымен.
      8. Қаржылық рұқсаттар арналып берiлген қаржылық жыл бойында ғана күшiн сақтайды яғни қаржылық рұқсаттар мен айқындалған бюджеттiк үлестердi ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейiн пайдалануға болады және олар көрсетiлген тоқсандар мен немесе айлармен шектелмейдi.
      9. Қаржылық рұқсаттар (1 МБР, МБЗ нысандары) үш данада толтырылады, бiреуi жергiлiктi қаржы органында қалады және бiр-бiр данадан жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне және Қазынашылық комитетiнiң тиiстi аумақтық органына жiберiледi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-7-9-тармақтар өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
               1997.02.26. N 49 бұйрығымен.
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрiнiң
               2000 жылғы 17 наурыздағы N 126 V001111_ бұйрығымен.
      9-1. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiлген көлемнiң шегiнде және кiрiстер мен шығыстар тiзiмдемесiнiң негiзiнде бюджеттiк алулардың сомаларын облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджеттiң кiрiс шотына аудару үшiн облыстық, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық басқармаларының басшылары қолы қойған облыстық, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық басқармалары 1 МБЗ нысаны бойынша қаржылық рұқсат жазып бередi және алулардың сомаларын мемориалдық ордермен заңдарда белгiленген тәртiппен облыстық, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң шотынан есептен шығарады. Бұл құжаттардың көшiрмелерi облыстық, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органына берiледi.
      Бюджеттiк алулар сомаларын тиiстi қаржы жылына арналған тиiстi жергiлiктi өкiлдi органдардың рұқсаттарында бекiтiлген көлемнiң шегiнде және кiрiстер мен шығыстар тiзiмдемесiнiң негiзiнде аудандардың және қалалардың бюджеттерiнен облыстық бюджеттің кiрiс шотына аударуды жергiлiктi қаржы органының басшысы қол қойған 1 МБЗ нысанының қаржылық рұқсаты және бюджеттік алуларды аудандық және қалалық бюджеттерден облыстық бюджетке аударуға арналған төлем тапсырысының негiзiнде Қазынашылықтың аудандық және қалалық басқармалары жүргiзедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң
               2000 жылғы 17 наурыздағы N 126 V001111_ бұйрығымен.

      IY. Қаржылық рұқсаттарды қайта қарау

      10. Қаржылық шешiмдi, айырмалар бойынша пайдаланылмаған лимиттердiң қалдығы шегiнде басқа қаржылық рұқсат беру жолымен ғана, өзгертуге болады. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсі лимиттiң өзгертiлу себептерiн (бiр айырма бойынша шығыстардың күтiлiмдi өсiмi және басқалар бойынша шығыстардың азаюы; құрылымдық өзгерiстер жағдайында; бағдарлама өзгерген жағдайларда, жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiн қаржыландыруды бiр бюджеттен басқасына ауыстырған кезде және басқа себептердi) түсiндiрiп, жергiлiктi қаржы органына хат тапсырады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрiнiң
               2000 жылғы 17 наурыздағы N 126 V001111_ бұйрығымен.

      Y. Бюджеттiк рұқсаттар беру

      11. Мемлекеттiк мекеме, жергiлiктi қаржы органдары оған өз қарамағындағы мемлекеттiк мекемелерге лимиттердi бөлiп беру өкiлеттiгiн берген болса, ол бюджеттiк рұқсаттарды 2-ЖБ (3-қосымша) үлгiсi бойынша жазады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрiнiң
               2000 жылғы 17 наурыздағы N 126 V001111_ бұйрығымен.
      12. I-ЖБШ үлгiсi бойынша қаржылық рұқсат алғаннан кейiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi 3-ЖБ (4-қосымша) үлгiсiндегi лимиттердiң бөлiнуiн бақылау карточкаларын пайдаланады. Бақылау карточкаларында iшкi ведомстволық мемлекеттiк мекемелер арасындағы, жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiн де қоса, нақты айырма бойынша лимиттiң барлық сомасының бөлiнуi көрсетiледi. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi лимиттердi олардың жылдық үлестерi шегiнде, қаржылық рұқсатта бекiтiлген айырма бойынша лимиттен шықпастан, iшкi ведомстволық ұйымдар арасында бөлуге тиiс. <*>
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрiнiң
               2000 жылғы 17 наурыздағы N 126 V001111_ бұйрығымен.
      13. Лимиттердiң бөлiнiсi жүргiзiлiп, қаржылық рұқсаттарда айқындалған бақылау сомалары салыстырылғаннан кейiн; жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi мекемелер, бағдарламалар, iшкi бағдарламалар және экономикалық сыныптама айырмалары бойынша 2-ЖБ (3-қосымша) үлгiсiмен бюджеттiк рұқсаттар жазады. 2-ЖБ үлгiсi бойынша бюджеттiк рұқсаттарда бекiтiлген, әрбiр айырма бойынша лимиттердiң жалпы сомасы, жергiлiктi қаржы органының осы айырмалар бойынша қаржылық шешiмдерде (I-ЖБШ) айқындалған лимиттердiң сомасынан артпауға тиiс. <*>
      ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрiнiң

              2000 жылғы 17 наурыздағы N 126  

V001111_

  бұйрығымен.
     14. Бюджеттiк рұқсаттар (2-ЖБ үлгiсi) үш дана етiп толтырылады, оның 
бiреуi жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiнде қалады, тиiстi 
мемлекеттiк мекемеге және Қазынашылық комитетiнiң тиiстi аумақтық органына 
бiр-бiр данадан берiледi. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрiнiң
              2000 жылғы 17 наурыздағы N 126  

V001111_

  бұйрығымен.
     15. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 15-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрiнiң
              2000 жылғы 17 наурыздағы N 126  

V001111_

  бұйрығымен.
     Қазақстан Республикасының
     Қаржы министрлiгi жанындағы
     Қазынашылық бастығының орынбасары
     Келiсiмiн:
     Қазақстан Республикасының
     Бюджет банкi басқармасының
     төрағасы


                                                          1 Қосымша 
<*>



      ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгертілді - ҚР Қаржы министрiнiң

              2000 жылғы 17 наурыздағы N 126  

V001111_

  бұйрығымен.
     
     
                                          ЖБШ үлгiсi
     ҚАРЖЫЛЫҚ РҰҚСАТ N____
     Күнi_______
     Кiмге_______________________________________
                    (алушының атауы)
     Осы рұқсаттың күшiндегi мерзiмi 199__ж 31 желтоқсанына дейiн
     Сiзге бюджеттiк қаржыларды __________қаржылық жылға арналған 
лимиттердi iшкi ведомстволық мемлекеттiк мекемелерге бөлiп беруге рұқсат 
етiледi
     Жергiлiктi қаржы 
     органының басшысы _____________
                                                       (қолы)
     Өлшем бiрлiгi __________теңге_______________________________
___________________________________________________________________
Бюджеттiк   |Жылдың жоспарлы|Алдын ала|Ағымдағы|Жыл басында|Ескерту
сыныптаманың| рұқсаты       | рұқсат  | рұқсат |берiлген   |
коды        |               |         |        |рұқсат     |
___________________________________________________________________
      1     |        2      |    3    |   4    |      5    |   6
___________________________________________________________________
            |               |         |        |           |
            |               |         |        |           |
            |               |         |        |           |
___________________________________________________________________
 Барлығы    |               |         |        |           |
___________________________________________________________________
Қаржылық рұқсат жазылды ___________________________________________
                         (парақтардың саны - цифрлармен және жазба)
Жалпы сомасы, 5-ншi графа__________________________________________
                            (сомасы цифрлармен және жазбаша)
Бөлiм бастығының қолы _________________________________
Жауапты орындаушының қолы _____________________________
     
          "ҚАРЖЫ РҰҚСАТЫНЫҢ" ЖБШ ҮЛГIСIН ТОЛТЫРУ ТӘРТIБI


      1 МБР нысаны бойынша қаржылық рұқсатты жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне олар бюджеттiк ақшаның лимиттерiн ведомстволық бағыныстағы мекемелерге одан әрi бөлу үшiн тиiстi жергілiктi атқарушы орган жазып бередi. Әрбiр мемлекеттiк мекемеге жергiлiктi қаржы органы әзiрлеген жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң анықтамалығында көрсетiлген жеке жетi мәндi код берiледi. <*>
      Қаржы рұқсатын толтыруда мынадай тәртiптердi ұстану керек:
      - алғашқы жетi сан бюджеттi мемлекеттiк мекемеге берiлген кодты бiлдiредi және көлбеу сызықша арқылы қаржы рұқсатының реттiк саны қойылады. <*>
      1-бағанға шығыстар жүргiзуге рұқсат етiлген бюджеттiк жiктеудiң көрсеткiштерi толтырылады (мекеме - 3 таңба, бағдарлама - 2 таңба, кiшi бағдарлама - 2 таңба, ерекшелiгi - 3 таңба).
      2-бағанға 1 жылға рұқсат етуге жоспарланған сома көрсетiледi. Бұл сома осы специфика сметасы бойынша бекiтiлген сомаға сәйкес келуi керек.
      3-бағанға соңғы рұқсатқа дейiн бөлiнген қаржы көрсетiледi. Алғашқы рұқсат нөлге теңестiрiледi және ол баған толтырылмайды. Одан кейiнгi рұқсаттарда бұл баған мұның алдындағы рұқсаттың 5 бағанының сомасына теңестiрiледi.
      4-бағанға белгiлi бiр күндегi бюджеттiк қаржының лимиттiк сомасын көрсетедi. Бiрiншi рұқсатты беруде бұл сома және жыл басынан бергi сома рұқсаты (5 баған) тең болады.
      5-баған жыл басынан бергi рұқсат етiлген сомалардың лимитiн көрсетедi.
      Қаржы рұқсатының лимиттерi қайта қаралған жағдайда былайша толтырылады: 4-бағанда терiс немесе оң таңбалы аударылатын сомаға сәйкес көрсетiлiп, 5-бағанда соған сәйкес сомасы да өзгередi.
      Рұқсат жазылған әр парақ толғанда нөмiрленуi, парақ бойынша 5-бағанның жиыны қорытындыланып жауапты атқарушының қолымен бекiтiлуi керек. Соңғы парақта "Қаржы рұқсаты 5-бағандағы жалпы сомаға (сома санмен және жазумен жазылып көрсетiледi) жазылды (парақтардың қаншалығы санмен және жазумен жазылып көрсетiледi)" деп жазылады.
      Одан әрi бұл рұқсатты берген жауапты атқарушының қолы, бөлiм жетекшiсiнiң қолы қойылады және дайын болған құжат жергiлiктi қаржы органы басшысының қол қоюына ұсынылады. <*>

           "Қаржы рұқсаты" - МБР-СУБВ кестесiн толықтырудың
                             тәртiбi

      МБР-СУБВ кестесi бойынша мекемелерге қаржы рұқсаты республикалық немесе облыстық бюджеттен мақсатты субвенция түрiнде берiлген, бюджет мекемелерi арасында лимиттi бөлуге құқық алған тиiстi қаржы органдары арқылы бөлiнедi. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық қаржы

органдары ұйымдарының анықтамасында көрсетiлген әр мекемеге жетi саннан 
тұратын жеке код берiледi.
     1 МБР СУБВ формасын бекiту және қол қою, толтыру тәртiбi 1 МБР 
формасының тәртiбiне сәйкес.
     ЕСКЕРТУ. Қосымша толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң
              1997.02.26. N 49  

V970039_

  бұйрығымен.
                                        ЖБШ I үлгiсiне
                                        2 қосымша 
<*>

     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгертілді - ҚР Қаржы министрiнiң
              2000 жылғы 17 наурыздағы N 126  

V001111_

  бұйрығымен.
     
ҚАРЖЫ РҰҚСАТЫ N ___________
Күнi_______
Кiмге____________________________________________
               (алушының атауы)
Сiзге_________қаржы жылына белгiленген лимиттердiң шегiнде шығыстар
жұмсауға рұқсат етiледi
Бұл рұқсаттың әрекет ету мерзiмi 199_ жылдың 31 желтоқсанына дейiн
Сiзге осы рұқсатпен белгiленген лимит шегiнде бюджет қаржыларының
есебiнен шығыстар бойынша өзiңiзге қаржы мiндеттемесiн алуға рұқсат
етiледi
Жергiлiктi қаржы 
органының басшысы  _________________
                                                     (қолы)
Өлшем бiрлiгi:____________теңге ________________
___________________________________________________________________
Бюджеттiң   |I жылға        |Алдын ала|Ағымдағы|Жыл басынан|Ескерту
жiктелу     |жоспарланған   | рұқсат  | рұқсат |бергi      |
коды        |рұқсат         |         |        |етiлген    |
            |               |         |        |рұқсат     |
___________________________________________________________________
      1     |        2      |    3    |   4    |      5    |   6
___________________________________________________________________
            |               |         |        |           |
            |               |         |        |           |
            |               |         |        |           |
___________________________________________________________________
 Барлығы    |               |         |        |           |
___________________________________________________________________
Қаржы рұқсаты жаздырылды, атына ___________________________________
                               (парақтардың қаншалығы санмен және
                                жазумен)
5-бағандағы жалпы сомаға __________________________________________
                            (сомасы цифрлармен және жазбаша)
Бөлiм бастығының қолы _________________________________
Жауапты атқарушының қолы _____________________________
     
          "ҚАРЖЫ РҰҚСАТЫНЫҢ" ЖБШ ҮЛГIСIН ТОЛТЫРУ ТӘРТIБI


      1 МБЗ нысанының қаржылық рұқсатын тиiстi қаржы органы жазып бередi. Осы орган қаржыландыратын әрбiр мемлекеттiк мекемеге жергiлiктi қаржы органы әзiрлеген жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң анықтамалығында көрсетiлген жеке жетi мәндi код берiледi. <*>
      Қаржы рұқсатын толтыруда мынадай тәртiптердi ұстану керек:
      - алғашқы жетi сан бюджеттiк мемлекеттiк мекемеге берiлген кодты бiлдiредi және көлбеу сызықша арқылы қаржы рұқсатының реттiк саны қойылады. <*>
      1-бағанға шығыстар жүргiзуге рұқсат етiлген бюджеттiк жiктелудiң көрсеткiштерi толтырылады (мекеме - 3 таңба, бағдарлама - 2 таңба, кiшi бағдарлама - 2 таңба, ерекшелiгi - 3 таңба).
      2-бағанға 1 жылға рұқсат етуге жоспарланған сома көрсетiледi.
      3-бағанға соңғы рұқсатқа дейiн бөлiнген қаржы көрсетiледi. Ағымдағы жылы берiлген алғашқы рұқсат нөлге теңестiрiледi, және ол баған толтырылмайды. Одан кейiнгi рұқсаттарда бұл баған мұның алдындағы рұқсаттың 5 бағанының сомасына теңестiрiледi.
      4-бағанға белгiлi бiр күндегi бюджеттiк қаржының лимиттiк сомасын көрсетедi. Бiрiншi рұқсатты беруде бұл сома және жыл басынан бергi сома рұқсаты (5 баған) тең болады.
      5-баған жыл басынан бергi рұқсат етiлген сомалардың лимитiн көрсетедi.
      Қаржы рұқсатының лимиттерi қайта қаралған жағдайда былайша толтырылады: 4-бағанда терiс немесе оң таңбалы аударылатын сома көрсетiлiп, 5-бағанда соған сәйкес сомасы да өзгередi.
      Рұқсат жазылған әр парақ толғанда нөмiрленуi, парақ бойынша 5-бағанның жиыны қорытындыланып жауапты атқарушының қолымен бекiтiлуi керек. Соңғы парақта "Қаржы рұқсаты 5-бағандағы жалпы сомаға (сома санмен және жазумен жазылып көрсетiледi) жазылады (парақтардың қаншалығы санмен және жазумен жазылып көрсетiледi)" деп жазылады.
      Одан әрi бұл рұқсатты берген жауапты атқарушының қолы, бөлiм жетекшiсiнiң қолы қойылады және дайын болған құжат жергiлiктi қаржы органы басшысының қол қоюына ұсынылады.

      "Қаржы рұқсаты" - МБЗ-СУБВ кестесiн толтырудың
                             тәртiбi

      МБЗ-СУБВ қаржы рұқсаты формасы тиiстi қаржы органдары арқылы

берiледi. Мақсатты субвенцияның лимиттерi бөлiнген жергiлiктi бюджеттен 
қаржыландырылатын облыстық қаржы органдары ұйымдарының анықтамасында 
көрсетiлген әрбiр мекемеге жетi саннан тұратын код берiледi.
     1 МБР СУБВ формасын бекiту және қол қою, толтыру тәртiбi 1 МБЗ 
формасының тәртiбiне сәйкес. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. Қосымша толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң
              1997.02.26. N 49  

V970039_

  бұйрығымен.
                                           Қосымша 3
                                           Үлгiсi ЖБ 
<*>

     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгертілді - ҚР Қаржы министрiнiң
              2000 жылғы 17 наурыздағы N 126  

V001111_

  бұйрығымен.
     
БЮДЖЕТТIК РҰҚСАТ N _______
_____________________күнi
Кiмге ______________________________________________________
       Ведомствоның қарауындағы алушы ведомствоның аты
____________________________________________________________
     ведомствоның қарауындағы алушы ведомствоның тұрған жерi
Рұқсат берушi мекеме _______________________________________
Осы рұқсаттың күшi 199__ж. 31 желтоқсанға дейiн жүредi
Шығындар бойынша қаржы мiндеттемесiн Сiзге алуға рұқсат берiлген
Осы рұқсатпен тағайындалған лимиттiң көлемiнде бюджеттен
қаржыландыру есебiнен
Рұқсат берген бастық, мекеменiң төрағасы __________________
                                              қолы
Берiлетiн қаржының көлемi: ____________теңге ______________
___________________________________________________________________
Бюджет      |Жыл бойынша    | Бұрын   |        |жыл басынан|Ескерту
кодының     |жоспарлануы    | рұқсат  | рұқсат |берiлген   |
жiктелуi    |               |берiлгенi|        |рұқсат     |
___________________________________________________________________
      1     |        2      |    3    |   4    |      5    |   6
___________________________________________________________________
            |               |         |        |           |
            |               |         |        |           |
            |               |         |        |           |
___________________________________________________________________
 Барлығы    |               |         |        |           |
___________________________________________________________________
Бюджеттiк рұқсат жазылған ___________________________________
                            (бетi жазбаша және санмен)
5 графадағы жалпы сома __________________________________________
                          (сомасы жазбаша және санмен)
Бөлiм бастығының қолы _________________________________
Жауапты атқарушының қолы ______________________________ 
     
     "Бюджеттiк рұқсат"
     2ЖБ үлгiсi бойынша 
     


      Мемлекеттiк мекемеге бюджеттiк рұқсаттар өздерiнiң ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелерi үшiн жазып берiледi. Әрбiр мемлекеттiк мекемеге жергiлiктi қаржы органы әзiрлеген жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң анықтамалығында көрсетiлген жеке жетi мәндi код берiледi. <*>
      "Бюджеттiк рұқсатты" толтырғанда мыналарды ескеру қажет:
      - Бiрiншi жетi сан мемлекеттiк мекемеге берiлген кодты анықтайды, содан кейiн сызықша арқылы қаржыландыру рұқсатының реттiк саны қойылады.
      1-iншi бөлiмде (графада) бюджеттiк жiктелудiң көрсеткiштерi толтырылады (мекеме, бағдарлама, iшкi бағдарлама, өзгешелiктерi), осылар арқылы шығындар жабуға рұқсат етiледi.
      2-iншi бөлiмде (графада) жыл бойына жасалатын шығынның сомасы көрсетiледi, бiрақ ол сол ерекшелiк бойынша жасалған сметаның көлемiнен аспауға тиiс.
      3-бөлiмде (графада) соңғы рұқсатқа дейiн көрсетiлген қаржы көрсетiледi. Бiрiншi рет толтырылғанда бұл бөлiмде ноль (0) тұрады. Келесi толтырылымдарда бұл бөлiмнiң сомасы осының алдындағы бесiншi бөлiмнiң сомасына тең болады.
      4-iншi бөлiм белгiлi бiр күнге бюджеттен қаржыландырудан бөлiнген соманың лимитiн көрсетедi. Бiрiншi рұқсатты бергендегi сома мен жыл басында рұқсат берiлген сома (5-iншi бөлiм) тең болады.
      5-iншi бөлiм (графа) жыл басынан берi рұқсат етiлген соманың лимитiн көрсетедi.
      Лимиттер қайта қаралған жағдайда рұқсат былайша толтырылады:
      Бюджет рұқсатының күшi жойылғанда жаңа рұқсат берiледi ол пайдаланылмаған лимиттiң көлемiнде 4-iншi бөлiмнiң пайдасыз сомасына берiлген рұқсатты көрсетедi.
      Бюджеттiк рұқсат берiлген әрбiр бет нөмiрленедi, 5-iншi

бөлiмнiң шығарылған әрбiр есебi атқарушы адамның қолы қойылып
расталады. Соңғы бетке мынадай мәтiн жазылады: Мынадай сомаға
(беттiң көлемi санмен және жазбаша көрсетiледi)_____________ жалпы
сомаға (бесiншi бөлiмдегi сома санмен және жазбаша көрсетiледi)
бюджеттiк рұқсат жазылған.
     Бұдан әрi қарай жауапты атқарушының, бюджет мекемесiнiң бөлiм
бастығының қолдары қойылып, дайындалған құжат бюджеттiк рұқсат
беретiн бюджет мекемесiнiң бастығына қол қоюға берiледi.
     
                                                    Қосымша 4
                                                   Үлгiсi ЖБЖ 
<*>

     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгертілді - ҚР Қаржы министрiнiң
              2000 жылғы 17 наурыздағы N 126  

V001111_

  бұйрығымен.
     
ЛИМИТТI БӨЛУДI БАҚЫЛАУДЫҢ КАРТОЧКАСЫ
Бюджеттiң коды               Қаржылауға рұқсат        1-iншi бөлiм
жiктелуi (ерекшелiгi) ______________________________________________
                     |Рет |Ағымдағы|Жыл      |Рет |Ағымдағы|Жыл
                     |саны| рұқсат |басындағы|саны| рұқсат |басындағы
                     _______________________________________________
                     | 1  |    2   |    3    |  4 |   5    |   6
                     -----------------------------------------------
                     |    |        |         |    |        |
                     -----------------------------------------------
                     |    |        |         |    |        |
                     -----------------------------------------------
                     |    |        |         |    |        |
                     -----------------------------------------------
                                             2-iншi бөлiм
___________________________________________________________________
Жергiлiктi бюджеттен     |            Рұқсат рет саны
қаржыландырылатын        |_________________________________________
мекемелердi анықтаушы    | Бюджет     | Ағымдағы    | Жыл басындағы
бюджет мекемелерiнiң     |рұқсатының  | рұқсаттың   |     сома
рет саны                 |рет саны    | рет саны    |
___________________________________________________________________
            1            |      2     |      3      |       4
___________________________________________________________________
                         |            |             |
                         |            |             |
                         |            |             |
___________________________________________________________________
     Барлығы             |            |             |
___________________________________________________________________
     таблицаның жалғасы 
___________________________________________________________________
      Рұқсаттың рет саны           Рұқсаттың рет саны
___________________________________________________________________
Бюджет     |Ағымдағы  |Жыл басындағы| Бюджет   |Ағымдағы |Жыл
рұқсатының |рұқсаттың |    сома     |рұқсатының|рұқсаттың|басындағы
рет саны   |рет саны  |             |рет саны  |рет саны | сома
___________________________________________________________________
     5     |     6    |      7      |     8    |    9    |   10
___________________________________________________________________
           |          |             |          |         |
           |          |             |          |         |
           |          |             |          |         |
___________________________________________________________________
  Барлығы  |          |             |          |         |
___________________________________________________________________
     
                      ЖБЖ үлгiсiн толтыру тәртiбi
                 имиттi бөлудi бақылаудың карточкасы 
     


      Лимиттi бөлудi бақылаудың карточкасын өзiне қарасты мемлекеттiк мекемелер қаржыландыру рұқсатын алған мемлекеттiк мекемелер жүргiзедi. (I ЖБШ үлгiсi). Қаржыландырылатын жыл үшiн әрбiр шығынның түрiне қарай жеке карточка жүргiзiледi.
      Бұл карточкада 1 бөлiм қаржы рұқсатын тiркеу үшiн, бұл жоғарғы бөлiкте көрсетiлген. Мұндай тағы да үш бөлiм (графа) бар. 1-бөлiмде I ЖБШ үлгiсi бойынша қаржы рұқсатының реттiк саны көрсетiлген. 2-бөлiмде рұқсат етiлген соманың көлемi көрсетiледi, ал 3-бөлiмде жылдың басындағы өзгерiстердi есепке алғанда екшелген соманың көлемi көрсетiледi.
      2-тарауды толтыру үшiн мәлiметтер бюджет рұқсатынан (2ЖБ үлгiсi) алынады. Осы тараудың 1-бөлiмiнде мемлекеттiк мекемелерi берген реттiк сан көрсетiледi.
      2-бөлiмде рұқсаттың реттiк саны көрсетiледi.
      3-бөлiмде ағымдағы рұқсаттың реттiк саны көрсетiледi.
      4-бөлiм жыл басынан бергi соманы көрсетедi.
      2-тараудың 3-бөлiмiндегi жолдың сомасы рұқсат берiлген 2-тараудың 1-бөлiмiне сай келуге тиiс. 4 тараудың 2 бөлiмiндегi жолдың сомасы I-тараудың 3-бөлiмiндегi сомаға сәйкес келуге тиiс.