1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн жалға берiлген мемлекеттiк меншiк объектiлерiн өткiзу және тiкелей мәлiмдi сату жөнiндегi Нұсқаманы бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1996 жылғы 8 мамыр N 354, Қазақстан Республикасының Жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитеті 1996 жылғы 8 мамыр N 183 БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 8 қазанда N 205 тіркелді. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

Күшін жойған

     ЕСКЕРТУ. Мәтiнiнде сөздер ауыстырылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң 1997.08.04. N 386 қаулысымен .

    Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
    Мемлекеттiк мүлiктi басқару        Жекешелендiру жөнiндегi
    жөнiндегi мемлекеттiк комитетi     мемлекеттiк комитетi
    1996 ж. 8 мамыр N 354              1996 ж. 8 мамыр N 183
                         Бiрлескен қаулы
 

     Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 28 желтоқсандағы N 2721-шi заң күшi бар Жарлығының 27-бабын iс жүзiне асыру және жалға алушылары шарт жағдайларын тиiстi түрде орындап отырған, 1996 жылдың 1 қаңтарына дейiн жалға берiлген мемлекеттiк меншiк объектiлерiн өткiзу және тiкелей мәлiмдi сату ресiмдерiн белгiлеу мақсаттарында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктер мен активтердi басқару жөнiндегi департаментi және Жекешелендiру жөнiндегi департаментi қаулы етедi:
     1. 1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн жалға берiлген мемлекеттiк меншiк объектiлерiн өткiзу және тiкелей мәлiмдi сату жөнiндегi Нұсқама бекiтiлсiн.
     2. Мемлекеттiк меншiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитеттер және жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитеттер жалгерлерге сатуға жататын объектiлердi өткiзу кезiнде осы Нұсқаманы басшылыққа алсын.
     3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктер мен активтердi басқару жөнiндегi департаментiнiң әлеуметтiк сала, мүлiк және талдау бас басқармасы және Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн жекешелендiру басқармасы екi апта мерзiмде "Кейiн сатып алу құқымен объектiлердi жалға беру жөнiнде тендер өткiзудiң ретi туралы Ереже" әзiрлесiн.<*>
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктер мен активтердi басқару жөнiндегi департаментi Директорының орынбасары А.В.Смирновқа және Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң Директорының орынбасары Т.С.Сарабековаға жүктелсiн.<*>

    Қазақстан Республикасы             Қазақстан Республикасы
    Мемлекеттiк мүлiктi басқару        Жекешелендiру жөнiндегi
    жөнiндегi мемлекеттiк              мемлекеттiк комитетiнiң
    комитетiнiң Төрағасы               Төрағасы

Қазақстан Республикасының      
     Мемлекеттiк мүлiктi басқару     
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң   
1996 жылғы 16  шiлдедегi N 497 өзгерту,
толықтыруларымен 1996 жылғы 8 мамырдағы
N 354 және  Жекешелендiру жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы
16 шiлдедегi N 305 өзгерту,    
толықтыруларымен 1996 жылғы 8 мамырдағы
N 183 Бiрлескен қаулысымен      
бекiтiлген             

1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн жалға берiлген
мемлекеттiк меншiк объектiлерiн өткiзу және тiкелей
мәлiмдi сату жөнiндегi
НҰСҚАМА

     1. Жалгерлерi ең кемi екi жыл бойы жалға алу шартын тиістi түрде орындап келе жатқан, мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi аумақтық комитет немесе оның келiсуiмен осыған өкiлеттiк алған органдар 1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн жалға берген мемлекеттiк меншiк объектiлерi өткiзуге және тiкелей мәлiмдi сатуға жатады.
     2. Мемлекеттiк тұрғын үй емес қорының:
     - мемлекеттiк және атқарушы өкiмет органдарының, сот, прокуратура және басқаларының қарауындағы жалға берiлген әкiмшiлiк ғимараттар мен үй-жайлар;
     - тарих пен мәдениет ескерткiштерi ғимараттарындағы жалға берiлген қызмет үй-жайлары сатып алуға жатпайды.
     3. Айрықша халық-шаруашылық және әлеуметтiк мәнi бар, сондай-ақ iрi мүлiктi кешендердiң құрамына кiретiн, жалға берiлген объектiлердi тiкелей мәлiмдi сату құқын мемлекет мүддесiн ескере отырып, жеке түрде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктер мен активтердi басқару жөнiндегi департаментi қарайды.<*>
     4. Мемлекет қатысуындағы акционерлiк қоғамдардың қарауындағы жалға берiлген объектiлердi сатып алу шаруашылық серiктестiктер туралы қолданыстағы заңға сәйкес жүзеге асырылады.
     5. Тiкелей мәлiмдi сату кезiнде:
     - жарғылық қорында мемлекеттiк меншiк үлесi 20 проценттен асатын шаруашылық серiктестiктер;
     - Қазақстан Республикасының заң актiлерiне немесе құрылтайшылық құжаттарға сәйкес, жүзеге асырылуының өзi объектiнi сату жағдайы болатын қызмет түрлерiмен айналысуға құқы жоқ заңды тұлғалар сатып алушы бола алмайды.
     6. 1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн жалға берiлген, жалгерлерi шарт талаптарын тиiстi түрде атқарған және тiкелей мәлiмдi сатуға жататын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесiн мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi аумақтық комитеттер жасайды және бекiтедi.
     7. Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет жалға берiлген объектiнi кейiн сату үшiн мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi аумақтық комитеттен қабылдап алады. Сонымен бiр мезгiлде мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi аумақтық комитет объектiнi сатып алудағы құқы туралы жалгерлерге хабар бередi.
     8. Жалгердiң объектiнi сатып алуы шартты тиiстi түрде орындап және жалдау ақысы мен коммуналдық қызмет жөнiнде қарыздары болмаған жағдайда жүзеге асырылуға тиiстi.
     9. Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет (бұдан әрi - Сатушы) сатып алу кезiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 мамырдағы 562-шi қаулысымен бекiтiлген "Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi ережеге" сәйкес тiкелей мәлiмдi сатылатын объектiнi бағалайды.
     Объектiнiң сатылу құнына жер бөлiгiнiң құны немесе жердi пайдалану құқы кiргiзiледi.
     10. Ақы төлеу, сатып алу-сату шарттарын хаттау ретi және басқа да рәсiмдер объектiнi тiкелей мәлiмдi сату туралы хаттамаға қол қойылған сәттен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң 1996 жылғы 22 ақпандағы N 60 қаулысымен бекiтiлген - Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде аукциондар ұйымдастырып, өткiзу туралы ережеге сай белгiленедi.<*>
     11. Тiкелей мәлiмдi сатуды атқарудан туындайтын барлық даулар мен қайшылықтар сот арқылы шешiледi.
     12. Төлем мерзiмi өткен жағдайда Сатушы бiр жақты түрде сатып алу-сату шартын бұзады және объектiнi дереу аукционға қояды.
     13. Осы Нұсқамада реттелмеген қалған барлық мәселелер Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы 2721-шi Заң күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасының ағымдағы азаматтық заңына сәйкес шешiледi.