Топтастырылған су құбырларынан ауыз суды пайдалану ережелерi

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасарымен, Қазақстан Республикасының Су ресурстары комитетінің төрағасының орынбасарымен бекітілген 1996 жылғы 7 шілде N 198. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 10 қыркүйекте N 198 тіркелді. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

Күшін жойған

Топтастырылған су құбырларынан ауыз суды
пайдалану ережелерi

I. Жалпы ережелер

     1.1. Осы ережелер Қазақстан Республикасының су ресурстар жөнiндегi комитетiнiң құрамына кiретiн топтастырылған су құбырларын пайдалану басқармалары мен ауыл шаруашылығына арналған топтастырылған су құбырларынан ауыз су алатын су тұтынушыларының ("негiзгi пайдаланушылар") өзара қатынастары, құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi.
     "Негiзгi пайдаланушыға" (бұдан былай "Пайдаланушы" деп аталады) осы елдi мекенде тұрып, жалпы пайдаланатын ауыз су мөлшерiнiң 50%-нан астам бөлегiн пайдаланатын заңды құқығы бар мекемелер жатады.
     1.2. Егер, поселке iшiндегi су жеткiзу жүйесi топтастырылған су құбырларына қосылған болса және су құбырларын пайдалану басқармасының құрамына (балансына) берiлген болса, онда осы басқармалар су беру жүйелерiн техникалық жағынан пайдалануды басқарып, бұл жүйелердiң санитарлық және гигиеналық жағдайын бақылап отырады.
     Елдi мекеннiң iшiнде орналасқан су жеткiзу жүйелерi мен әрбiр жеке ғимарат пен құрылыс үйлерiнiң (мектептер, бала бақшалары, ауруханалар, мал өсiретiн комплекстер, фермалар) iшкi су беру жүйелерiнiң су айыратын шекарасы болып бұларға жақын орналасқан су құбырлары, құдықтары (сонда орналасқан су ысырғыш тұтқалары) және жеке аулалар мен жеке үйлерге кiретiн қосылымдар жатады (СНИП 2.04-01-85).
     1.3. Елдi мекендерде өз қарамағында (балансында) iшкi су жеткiзу жүйелерi бар "Пайдаланушылар" осы су жеткiзу жүйелерiн пайдалануды техникалық жағынан өз күшiмен басқарып, олардың санитарлық және гигиеналық жағдайларын өздерi бақылап отырады немесе бұл жұмыстарды iстеудi арнаулы ұйымдарға келiсiм-шарт бойынша тапсырады. Топтастырылған су құбырлары мен елдi мекендер iшiндегi су жеткiзу жүйелерiнiң шекарасына су құбырларының торабы алдында орналасқан бақылау құдығы және оның ысырма тұтқасы жатады.
     1.4. Су құбырлары басқармасының мiндеттерi барлық "Пайдаланушыларды" ГОСТ-2874-82 "Ауыз су" талаптарына сәйкес келетiн сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету оны келiсiм-шартта көрсетiлген мөлшерде және су беру кестесi (график) бойынша жеткiзiп отыру;
     - су көздерiн (өзендер, су қоймалары, жерасты сулары) алынатын су мөлшерiн күнделiктi есепке алып отыру, су көздерiндегi және өз қарамағындағы топтастырылған су құбырлары мен елдi мекендер iшiндегi су жеткiзу жүйелерiндегi сулардың сапасы лабораториялық-өндiрiстiк негiзiнде күнделiктi тексерiп отыру;
     - су көздерi деңгейіндегi және су сапасындағы өзгерiстер туралы жергiлiктi әкiмшiлiкке, суды пайдалану және оны қорғау ұйымдарында және жергiлiктi санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарына уақтылы ақпарат берiп отыру;
     - топтастырылған су құбырларына бос не артық су көлемi болған күнде оған жобада көрсетiлмеген, бiрақ "Пайдаланушыларға" керектi қосымша су құбырларын қоса алады және ол үшiн жобаны жасаған жобалау институтының және басқа да ұйымдардың келiсiмдерiн және рұқсаттарын керек етпейдi;
     - жергiлiктi санитарлық және эпидемиологиялық қызмет орындарының рұқсаты мен поселке iшiндегi су жеткiзу жүйелерi жоқ "Пайдаланушыларға" сутаратқыш тiктұрақ арқылы су бере алады. Бiрақ, бұл тiктұрақ Су құбырлары басқармасының берген техникалық шарттарына сәйкес тұрғызылуы керек;
     - күзгi суық түсе бастағанда қыс iшiнде жұмыс iстеуге бейiмделмеген уақытша пайдалану үшiн салынған сутаратқыш тiктұрақтар мен мал суаттарын су құбырлары жүйесiнен уақытында шығарып тастау.
     1.5. Су құбырларының қуаттылығы жобада белгiленген межеге жеткен кезде, су көздерiнде ауыз су көлемi азайса немесе су құбырларының қуаттылығы кеми бастаса Су құбырлары басқармасы мына шараларды iске асыруға құқылы:
     - өндiрiстiк-техникалық қажеттерге ауыз суын берудi тоқтатуды немесе беру мөлшерiн азайтады. Бiрақ, су жiберудi тоқтату немесе оның мөлшерiн азайту туралы өз шешiмiн "Пайдаланушыға" кемiнде бiр ай бұрын хабарлайды;
     - жергiлiктi әкiмшiлiктермен келiсе отырып су құбырларының нақтылы қуаттылығы бойынша барлық "Пайдаланушыларға" ауыз су жiберу мөлшерiн қайта бекiтедi, бiрақ ең алдымен ауыз су тұрғын елдер мен мал шаруашылығының мұқтаждығын қанағаттандыру үшiн берiледi.
     1.6. Екi жақтың да осы ережелердi бұзуы немесе орындамауы сияқты мәселелер белгiленген тәртiптер мен келiсiм-шарт бойынша және аудандық әкiмшiлiктердiң төрешiлiгiмен шешiледi.

II. Ауыз суды жiберу шарттары, су жеткiзу және оны
пайдалану үшiн келiсiмдердi дайындау

     2.1. Ауыз суды су құбырынан жiберу және суды пайдалану Су құбырлары басқармасы мен "Пайдаланушы" арасындағы келiсiм-шарт негiзiнде жүргiзiледi. Келiсiм-шартқа екi жақтың сенiм берiлген адамдардың қолдары қойылып, мөрлерi басылады.
     Ауыз суды жеткiзу және оны пайдалану келiсiм-шартының үлгiсi N 1 қосымшада келтiрiлiп отыр.
     2.2. Ауыз суды жеткiзу және оны пайдалану туралы келiсiм-шартты жасау үшiн "Пайдаланушы" су пайдаланушылардың санын және оның құрамын көрсеткен анықтаманы және керектi ауыз су көлемiнiң есебiн әкелiп тапсыруы керек.
     2.3. Келiсiм-шартта берiлетiн және пайдаланатын ауыз су көлемi дәлелдi есептеу арқылы көрсетiледi, ол сол "Пайдаланушы" үшiн жобада көрсетiлген көлеммен және су құбыры басқармасының белгiленген шектеуiнен аспауы тиiс және бұл жергiлiктi әкiмшiлiкпен келiсiлуi керек.
     2.4. Келiсiм-шарт жасалғаннан кейiн Су құбырлары басқармасы барлық су берiлетiн нүктелерге суды реттегiш құрылымдар орнатады, олар келiсiм шартта көрсетiлген ортатәулiктiк ауыз су көлемiн жiберiп отыруға есептеледi.
     2.5. Су беруге және пайдалануға жасалған келiсiм-шарттың уақытының бiтуiне екi ай қалғанда "Пайдаланушы" Су құбырлары басқармасына өзiнiң келесi жылға алатын ауыз су көлемiнiң есебiн тапсырады және онда су пайдаланушылардың құрамы мен санындағы өзгерiстер болса көрсетiлуi керек, ал Су құбырлары басқармасы 15 күн мерзiмде берiлген есептердi қарап, өзiнiң шешiмiн "Пайдаланушыға" жеткiзедi.
     2.6. Егер келiсiм-шарттың уақыты бiтпей ауыз су пайдаланушылардың құрамы мен санында өзгерiстер болса, онда "Пайдаланушы" Су құбырлары басқармасына келiсiм-шартқа өзгерiс енгiзуге ұсыныс жасайды. Бұл үшiн ол жаңадан ауыз су тұтыну көлемiнiң есебiн беру керек.
     2.7. Су құбырлары басқармасы келiсiм-шартты негiзiнде ауыл поселкесiнiң "Пайдаланушысымен" жасайды. Осы аймақта орналасқан басқа ведомстволардың мекемелерi негiзгi "Пайдаланушымен" келiсу арқылы ауыз сумен қамтамасыз етiледi.
     2.8. Негiзгi ауыз су тұтынушылардың су құбырлары жүйесiнiң қосылған нүктелерiнде су есептегiш құралдардың орнатылуы тиiс.

III. "Пайдаланушының" поселке iшiндегi су жеткiзу
жүйелерiн топтастырылған су құбырларына қосу

     3.1. "Пайдаланушылардың" поселке iшiндегi су жеткiзу жүйелерiнiң үлкен қысымдағы басты топтастырылған су құбырларына қосу бекiтiлген және жобада көрсетiлген тәртiп бойынша жүргiзiледi. Басқа жағдайлардың бәрiнде топтастырылған су құбырларына қосуға рұқсатты және және оның техникалық шартын тәулiгiне - 50 м3. шығынға дейiн су құбырлары басқармасымен облыстық ресурстар комитетi, ал 50 м3 жоғары болғанда Республиканың Су ресурстары комитетiнiң рұқсатымен берiледi.
     3.2. Поселке iшiндегi су жеткiзетiн құрылысын жаңадан жобалағанда немесе ескi құрылыстарды жаңартқанда оларды топтастырылған су құбырларына қосу белгiленген тәртiп бойынша жазылады.
     3.3. Басты су құбырларына қосылатын поселке iшiндегi су жеткiзетiн жүйелердiң құрылысы, тек құрылыс жобасына Су құбырлары басқармасының келiсiмiн алғаннан кейiн ғана басталуы мүмкiн.
     3.4. Өзге "Пайдаланушылардың" поселке iшiндегi су жеткiзу жүйелерiн негiзгi "Пайдаланушылардың" су құбырларына қосуға негiзгi пайдаланушыда бос не артық су көлемi болғанда ғана рұқсат берiледi.
     3.5. Поселке iшiндегi су жеткiзу жүйелерiн, сутаратқыш тiктұрақтарын, мал суаттарын басты су құбырларына өздiгiнше қосуға қатаң тыйым салынады.
     3.6. Барлық жаңадан қосылған поселке iшiндегi су жеткiзу жүйелерi пайдалану алдында мұқият жуылуы және хлорлануы керек.
     3.7. Жаңадан қосылған су жеткiзу жүйелерiн iске қосуға рұқсатты санитарлық-эпидемиологиялық қызмет орындары бередi. Ол үшiн судың сапасы тексеруден өткiзiледi және судың сапасы ГОСТ 2874-82 "Ауыз су" талаптарының көрсеткiштерiне сәйкес болғанда ғана iшуге рұқсат берiледi.
     3.8. Топтастырылған су құбырларына жеке мекемелердiң, өндiрiс орындарының, тұрғын және жеке меншiк үйлердiң тiкелей қосылуына рұқсат етiлмейдi.

IV. Поселке iшiндегi су жеткiзу жүйелерiнiң жұмысын
қамтамасыз ету

     4.1. Поселке iшiндегi су жеткiзу жүйелерiнiң және ондағы құрылымдардың жұмыс iстеуiн осы құрылыстарға ие болған мекемелер жүргiзедi.
     4.2. Таза су резервуарларының қақпақтары және қысыммен су жеткiзетiн мұнаралардың есiктерi құлыппен жабылған болуы керек. Сонымен қатар резервуарлардың қақпақтары және бактар тығыз жабылып, оларға таңба (пломба) салынуы керек. Құлыптардың кiлттерi су құбырлары жүйелерiнiң қысыммен су ағысын реттегiш құрылымдарын бақылайтын және олардың санитарлық жағдайына жауап беретiн адамда болуы тиiс.
     4.3. Сутаратқыш нүктелерде және поселке iшiндегi су жеткiзетiн жүйелерiнiң топтастырылған су құбырларына қосылған нүктелерiнде мал суаруға, ауылшаруашылық машинелерiн, механизмдерiн жууға тыйым салынады. Мал суару тек оған белгiленген арнайы суаттарда ғана жүргiзiлуi тиiс.
     4.4. Су алатын орындарға апаратын берiк төсенiштермен бекiтiлген жолдар салынады, қысқы күркелермен жылы үйшiктердiң де айналасы бетонды төсенiштермен бекiтiледi, сутаратқыш тiктұрақтарда, резервуарлармен қысыммен су жеткiзу мұнараларында су асып құйылатын және суды алып кететiн құбырлар салынады.
     4.5. Су құбырының иесi, өз қарамағындағы су жүргiзетiн құрылымдармен ұсақ аспаптарды (резервуарлар мен қысыммен су жеткiзу мұнараларын, құдықтарды, арнайы бөлмелердi су өлшейтiн тораптарды, сутаратқыш тiктұрақтарды, өртке қарсы гидранттарды, су тоқтату аспаптарын тағы-тағыларды) қыс iшiнде жұмыс iстеуiне даярлауы керек, су өлшейтiн тораптар орналасқан бөлмелердi және iштерiнде сутаратқыш тiктұрақтар орналастырылған күркелер мен жылы үйшiктердi және қысыммен су жүргiзетiн мұнараларды қыс айларында бүкiл тәулiк бойы жылы ұстауды қамтамасыз етуi керек.

V. Суесептегiштердi орналастыру және жiберiлген
су көлемiн есепке алу

     5.1. Суесептегiштердi "Пайдаланушы" сатып алады, ал оларды керектi орындарында Су құбырларының басқармасы орнатады. Орнату шығындары, арнайы есептеу негiзiнде, "пайдаланушы" есебiнен төленедi.
     5.2. Егер суесептегiштi орнататын орындар, поселке iшiндегi су жеткiзу жүйелерiнiң жобасында көрсетiлмеген болса, онда олар Су құбырлары басқармасымен келiсе отырып шешiледi.
     5.3. Суесептегiштiң орнатылған жерi кең және оған еркiн жетуге болғаны дұрыс. Сонда ондағы су көрсеткiштерiн қиналмай жазып алуға, суесептегiштi жөндеуге немесе бүтiндей ауыстыруға мүмкiндiк туады.
     5.4. Суесептегiштер құдықтар мен арнайы бөлмелерде орналастырылған кезде, олар су астында қалмайтындай шаралар белгiленедi.
     5.5. Орнатылатын суесептегiштерiн таңдап аларда олардың бiр сағатқа және бiр тәулiкке есептелген ең жоғарғы су ағысын өткiзетiндей қабiлетi болуы керек.
     5.6. Суесептегiштер орнатылар алдында және арнайы жөндеуден өткеннен кейiн екi жылда бiр рет ведомстволық немесе стандарттар мен өлшемдер ұйымдарының лабораторияларында тексеруден өткiзiлуi керек. Бұл лабораториялардың арнайы рұқсаты болуы керек. Тексеруден өтпеген суесептегiштердi орнатуға тыйым салынады.
     5.7. "Пайдаланушы" өз суесептегiшiнiң және оның пломбасының сақталуына, оның барлық қосылымдарының бүлiнбеуiне жауап бередi. Егер суесептегiш бұзылса не орнынан алынып кетсе "пайдаланушы" ол туралы Су құбырларының басқармасына хабарлауы керек.
     5.8. Егер "Пайдаланушы" ауыз суды "негiзгi пайдаланушының" су жеткiзу жүйелерiнен алатын болса, онда суесептегiштердi негiзгi пайдаланушымен және Су құбырлары басқармасымен келiсе отырып орнатады.
     5.9. Егер пломба алынып тасталса немесе басқа бұзылымдар пайда болған жағдайда су құбырлары басқармасы мен "Пайдаланушының" өкiлдерi қосылып актi жасайды. Мұндай жағдайларда су өлшемi құбырдың толық қиындысы арқылы өтетiн секундiне 1,5 метр ағатын су жылдамдығымен өлшенедi. Мұндай өлшемдер уақытша пайдаланады. Өлшем ұзақтығы суесептегiш құралдан алынған соңғы көрсеткiштер мен құбырдан пломбаның алынғаны анықталған күнге дейiнгi аралық болып саналады.
     5.10 Суесептегiш құралдардың көрсеткiштерi кемiнде айына бiр рет және сол айдың белгiлi бiр күндерiнде жүргiзiлiп отырады. Көрсеткiштердi Су құбырлары басқармасы мен "Пайдаланушының" өкiлдерi бiрге отырып жазып алады да, бiрiккен актiмен растайды.
     5.11. Суесептегiш құралдары жоқ "пайдаланушының" алған ауыз суының көлемi жылдық келiсiм-шартта көрсетiлген әдiстермен есептеледi.
     5.12. Суесептегiш құралдары жоқ "Пайдаланушылар" үшiн Су құбырлары басқармасы магистральды су құбырынан поселке iшiндегi су жеткiзу жүйелерiне шығатын нүктеде келiсiм-шартта көрсетiлген су көлемiн өткiзетiн арнайы реттегiш құрылым-дроссельдiк тығырық орнатып бередi.
     5.13. Егер су құбырлары басқармасы мен "Пайдаланушы" арасында келiспеушiлiк туып, пайдаланушы өзi алып отырған су көлемiне наразылық бiлдiрсе екi жақ бiрiге отырып бiр тәулiк бойынша "Пайдаланушыға" шығатын барлық нүктелерде су ағысына тексеру жүргiзiп, бұл жұмыстарға екеуара актi жасайды.

VI. Ауыз суды пайдаланғаны үшiн есептесу

     6.1. Су құбырлары басқармасы мен "пайдаланушы" арасындағы келiсiм-шарт алынған ауыз су үшiн есептесу негiзi болып саналады.
     6.2. Ауылшаруашылығына арналған топтастырылған су құбырларынан жiберiлетiн судың бағасы тиiстi заңдарға сүйене отырып топтастырылған су құбырларына және поселке iшiндегi су жеткiзу жүйелерiнде қолданылатын тарифтарды ескерте отырып шығарылады.
     6.3. Ауыз суды пайдаланғаны үшiн су құбырлары басқармасы ай сайын "пайдаланушыға" оның ризалығынсыз (акцептiсiз) есеп-шот (счет) жiберiп отырады.
     6.4. Егер "Пайдаланушы" өз бетiмен су өлшейтiн тораптардың желiсiн бұзса немесе оны өзгертсе су өлшегiштердегi және ысырма тұтқалардағы пломбаларды алып тастаса немесе су ағысын реттейтiн тесiктердiң диаметрiн үлкейткен болса, Су құбырлары басқармасы суды "Пайдаланушыға" жiберудi тоқтатуға құқылы. Ол туралы "Пайдаланушыға" екi күн бұрын хабарланады және онымен осы ережелердiң
5.9. тармағы бойынша қайта есеп жасай алады.
     6.5. Егер "пайдаланушы" су құбырларынан ауыз су алуды тоқтататын болса, ол өз шешiмiн Су құбырлары басқармасына 10 күн алдын ала ескертуi тиiс және бұған дейiнгi алған сулардың төлемiн өтеуi керек.

VII. Ауыз суды реттi пайдалануға
қойылатын талаптар

     7.1. Ауыл шаруашылығына арналған топтастырылған Су құбырларынан су ең алдымен елдiң, сонан соң мал өсiру және ауыл шаруашылығы өндiрiстерiнiң қажеттiгiн өтеу үшiн берiледi.
     7.2. "Пайдаланушылар" ауыз суын су құбырларының жобасында көрсетiлген мақсатта және келiсiм-шарттағы есеп бойынша пайдалануы керек.
     Ауызсуына арналмаған сапалы суды жобада көрсетiлмеген технологиялық мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.
     7.3. Су құбырлары басқармасы ауызсудың өз мақсатында пайдалануын ұдайы бақылап отыруы қажет, су алатын нүктелердiң айналасын жазда батпаққа, ал қыста мұзтебiнге айналдыруға жол бергiзбеуi керек.
     7.4. Ауыл шаруашылығына арналған су құбырларынан су алатын заңды құқығы бар мекемелер мен азаматтар:
     - суды пайдалану ережелерiн, оның бекiтiлген мөлшерiн, жоспарын су тұтыну тәртiбiн бұлжытпай орындауға;
     - ауыз суды үнемдi пайдаланып, оны босқа шығындауға жол бермеуге;
     - өз қарамағындағы су құбырларының, құрылымдар мен бөлшектердiң техникалық жағдайын айына кемiнде екi рет тексерiп отыруға, кездескен бұзылымдарды уақытында жөндеп, ауыстырып отыруға мiндеттi.
     Мекемелер мен азаматтар ерiксiз тегiн ағып жатқан су нүктелерi және су құбырлары құрамдарында кезiккен бұзылымдар болса, олар жайлы Су құбырлары басқармасының кезекшiсiне қолма-қол хабарлап отыруға мiндеттi.

VIII. Ауыз су көлемiн азайту (не мүлде тоқтату)
тәртiптерi мен шарттары

     8.1. Күтпеген табиғаттық апат болған жағдайда, су құбырларында ұзақ уақытқа созылған бұзылымдар кезiнде және де басқа ерекше жағдайларда Су құбырларының басқармалары облыстық әкiмшiлiкпен келiсе отырып, "Пайдаланушыларға" беретiн ауыз су көлемiн азайтуға немесе мүлде тоқтатуға құқылы.
     8.2. Су құбырлары басқармасы кейбiр "пайдаланушыларға" ауыз су берудi мына жағдайларда тоқтата алады:
     - "пайдаланушы" ауыз суды алудан бас тартқан кезде;
     - мекеме, ұйым немесе кәсiпорынның жойылған кезiнде;
     - ауыз су жеткiзу жүйелерiн топтастырылған су құбырларына өз еркiмен қосқан кезде.
     8.3. Кейбiр "Пайдаланушыларға" су берудi Су құбырлары басқармасы мынадай жағдайларда тоқтатады:
     - сутаратқыш нүктелер мен қысым және су реттегiш құрылымдар су қабылдауға даяр болмаған жағдайда;
     - поселке iшiндегi су жеткiзу жүйелерiнiң бұзылған немесе су жүйелерiнен ерiксiз су ағып кеткен кезде;
     - сутаратқыш нүктелердiң санитарлық жағдайы төмен болған кезде;
     - су алу тәртiбi орындалмаса, әсiресе ауыз су артық шығындалса;
     - су ағысын есептейтiн және реттейтiн құралдар мен ысырма тұтқа және бұрандалардың пломбасы рұқсатсыз алынған кезде, су есептейтiн аспапты әдейi тоқтатса немесе реттегiш тығырықтарды алып қойған кезде;
     - Су құбырлары басқармасының өкiлдерiн су ағысын есептегiш және поселке iшiндегi су жеткiзу жүйелерiне су ағысын реттейтiн ысырма тұтқаларын тексеруге және пломба қоюға жiбермеген кезде.
     8.4. Су құбырлары құрылымдарында кенеттен апат (авария) болған кезде, су құбырлары басқармасы алдын ала хабарламастан ауыз су берудi тоқтатады, бiрақта "Пайдаланушы" су тоқтатылу мерзiмi жөнiнде хабарланады.
     8.5. Профилактикалық-жөндеу және алдын ала iстелiнетiн жоспарлы жұмыстарды жүргiзу үшiн Су құбырлары басқармасы жергiлiктi әкiмшiлiкпен келiсе отыра су берудi тоқтатуы мүмкiн, iстелiнетiн жұмыстар жөнiнде "Пайдаланушы" үш күн бұрын хабарлануы керек.
     8.6. Су құбырлары басқармасы "Пайдаланушыны" хабарландырмастан, төмендегiдей жағдайларда ауыз су берудi уақытша тоқтатуы мүмкiн:
     - өрт болған жерге су апару қажет болған кезде;
     - тосаттан болған апат және басқа жағдайларда.
     8.7. Осы "Ережемен" белгiленбеген су беру ретi әрдайым бұзылып отырған жағдайда немесе судың сапасы төмендеген кезде "Пайдаланушы" су жеткiзу қызметiне төлейтiн ақысын доғарады.

IХ. Су құбырлары басқармасы мен "Пайдаланушы"
арасындағы қарым-қатынас

     9.1. Су құбырлары басқармасының өкiлдерi "Пайдаланушының" поселке iшiндегi барлық су құбырлары құрамдарын тексеруге құқылы.
     9.2. "Пайдаланушы" топтастырылған су құбырлары мен поселке iшiндегi су құбырлары жүйелерiнiң бойына Су құбырлары басқармасының жөндеу техникасын, пайдаланумен-жөндеу жұмыстарын жүргiзушi жұмысшыларды, авариялар мен бұзылымдарды жою үшiн кедергiсiз өткiзуге мiндеттi.
     9.3. "Пайдаланушы" өз құрамында (балансында) тұратын поселке iшiндегi су құбырлары жүйелерiнiң құрылымдарын қалыпты жағдайда сақтау үшiн Су құбырлары басқармасының барлық талаптарын орындауы керек.
     9.4. Су алу жөнiндегi тартыстар екi жақтың бiрiнiң арызы арқылы қажет болған жағдайда, қазылық (арбитраж) сотында қаралуы мүмкiн.

Х. Су құбырларын қорғау жөнiндегi шаралар

     10.1. Топтастырылған су құбырлары мен поселке iшiндегi ауыл шаруашылығына арналған су жүйелерiнiң белгiленген ретiмен үздiксiз жұмыс iстеуiне және де судың сапасының жойылмау мақсатымен барлық "Пайдаланушылармен" қоғам мүшелерiнiң төмендегiдей жұмыстар жүргiзуiне тыйым салынады:
     - судың реттелген мөлшерiн ысырма тұтқалар арқылы өзгертуге;
     - қысыммен су ағысын реттегiш құрылымдарын, су құбырларында және поселке iшiндегi су құбырлары жүйелерiнде су құбырларымен аққан ауыз суды жергiлiктi жердiң, сапасы төмен қайнар суымен араластыруға;
     - су құбырларындағы кез келген су жүйелерiнiң қосылымдарын, сутаратқыш тiктұрақтарды, мал суаратын суаттарды өз еркiмен алып тастауға;
     - қысымды ауа шығаратын тiктұрақтар, су шығарғыш құрылымдар, су құбырларындағы құдықтар арқылы су алуға;
     - су құбырларындағы құдықтардың қақпақтарын ашып, құдықтарға түсiп ысырма тұтқаларды ашып-жабуға.
     10.2. Топтастырылған су құбырларының жүйелерiмен жабдықтарының немесе басқа аспаптарының бұзылғанын байқаған кезде "Пайдаланушы" дереу Су құбырлары басқармасына мiндеттi түрде хабарлап және жөндеу бригадасы келгенше бұзылған орынды қоршап қоюы керек. Егер бұзылым "Пайдаланушының" iс қимылынан пайда болса жөндеу жұмыстары соның есебiнен жүргiзiледi.
     10.3. "Пайдаланушылардың" су құбырларына өз еркiмен жалғаған қосылымдары кесiп тасталынады.
     10.4. Су құбырларының тазалықты-қорғау аралығында СНиП 2.04.02.84-ке байланысты, заңды құқысы бар адамдармен қоғам мүшелерiне кез келген жұмыстарды жүргiзуiне тыйым салынады.
     10.5. Осы Ереженi бұзушыларды ұстап, күшi бар заңдарға байланысты оларды жауапқа тарту үшiн Су құбырлары басқармасының жұмысшыларымен "Пайдаланушылар" Iшкi iстер бөлiмдерi арқылы шара қолданулары керек.
     10.6. Су құбырларын қорғаудың ретiн бұзушылар жергiлiктi жер әкiмшiлiгiнiң шешiмiне байланысты жауапкершiлiкке тартылады.
     10.7. Су құбырларының құрылымдарын қасақана бұзуы Қазақстан Республикасы заңына байланысты әкiмшiлiк, қоғамдық немесе қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады.

                                              N 1 қосымша
                                    Топтастырылған су құбырларынан
                                      суды пайдалану ережелерiне

    __________________________________ топтастырылған су құбырынан
    су беруге және пайдалануға ШАРТ
    "___"______________ 1996 ж. __________________________________
                                           елдi мекен

    _______________________________ су құбырлары басқармасы, бұдан
былай "жабдықтаушы" деп аталады, кәсiпорынның күшi бар қағидасын
пайдалану негiзiнде басқарма бастығы __________________бiр жағынан,
____________________________________________________________________
                        (мекеме, шаруашылық)
бұдан былай "Пайдаланушы" деп аталады ____________________ негiзiнде
iс-қимыл жасаушы ___________________________________________________
екiншi жақтан, мына төмендегiлер жөнiнде шарт жасасты:
     1. "Жабдықтаушы" топтастырылған су құбырларының су бөлетiн
нүктелерiнен тәулiк iшiнде тоқтаусыз және бiрқалыпты ауыз су мен
тұрмысқа қажеттi суды поселкелерге мына мөлшерде ___________ берiп
тұрады, оның iшiнде тәулiгiне:
     а). _______________________ поселкесiне ___________ текше метр
     в). _______________________     -"-    ___________   -"-
     г). _______________________     -"-    ___________   -"-
     д). _______________________     -"-    ___________   -"-
     2. Алынған суды есептеу үшiн "Пайдаланушы" iшкi су жүйелерiнiң
басталатын нүктесiнде су өлшегiш қоюға мiндеттi.
     3. "Пайдаланушы" ай сайын нақты алынған судың көлемiне бекiтiлген тариф бойынша есеп-шотын төлеп тұруы керек.
     Есеп шот (отчет) акцептсiз тәртiппен жүргiзiледi.
     "Жабдықтаушының" есеп-шоты белгiленген уақытта төленбесе "пайдаланушы" әр күнiнен ________% өсiм төлейдi.
     4. Тарифтың азайып не көбейiп өзгеруiне байланысты алынған судың көлемiне өтем есебi өзгертiлген тарифтың бекiтiлген күнiнен бастап есептеледi.
     5. "Пайдаланушы" әр айдың бiрiншi он күнiнде өткен айда пайдаланған су көлемiнiң 60%-нiң өтемiн төлеуге мiндеттенедi.
     6. "Жабдықтаушы" топтастырылған су құбырларына жоспарланған немесе профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргiзерде "Пайдаланушыларға" 24 сағат бұрын су тоқтатылатынын хабарлауға және де су тоқталу үзiлiсiн 24 сағаттан асырмауға мiндеттi.
     7. "Пайдаланушы" топтастырылған су құбырларында болған апат (авария) немесе басқа жағдайларға байланысты судың болмауын телефон не телеграфпен "Жабдықтаушыға" хабарлауға мiндеттенедi. Бұған кеткен шығынды "Жабдықтаушы" байланыс мекемелерiнiң тарифына сәйкес төлейдi.
     8. "Жабдықтаушы" топтастырылған су құбырларында болған авария не iстен шығуын сол бұзылу белгiлi болған уақыттан бастап 24 сағат iшiнде жөндеуге мiндеттенедi.
     9. "Жабдықтаушының" топтастырылған су құбырларымен iшкi су жеткiзу жүйелерiнiң қызмет көрсету шекарасы ведомстволық су құбырларына немесе поселке iшiндегi қысымды реттегiш резервуарларына бөлiнетiн нүктеге орналастырылған ысырма тұтқа болып есептеледi.
     10. "Пайдаланушы" топтастырылған су құбырларына ешқандай жаңа өзгерiс енгiзбеуге жаңа қосылыстар жасамауға, қосымша су бөлетiн тетiктер қоспауға, байқау құдықтарының жоғарғы құрылымдарын, бақылау-өлшегiш колонкалары мен құбырлардың электрленген қорғағыш құралдарын бұзбауға мiндеттенедi.
     11. "Пайдаланушы" су бөлетiн аймақты тиiстi санитарлық жағдайларға сәйкес ұстауға мiндеттенедi, су бөлетiн құрылымдарын жылы ұстауды, оны қарайтын кезекшi адамның болуын қамтамасыз етедi.
     Осы мiндеттеме орындалмаса су бөлетiн нүктелерге беретiн суды Су құбырлары басқармасы тоқтатады.
     12. Судың бостан-босқа шығын болып жатқаны, қосымша құрылыммен су бөлетiн тетiктер орнатылғаны анықталса "Пайдаланушы" судың тәулiгiне 2 текше метр көлемi есебiнен және су құбырының нақты диаметрiне сәйкес, сол судың ең кейiнгi тексеруiмен судың бос шығып жатқаны анықталған күн аралықтағы көлемiне төлейдi.
     13. Тасымалдайтын судың сапасын сақтау үшiн "Пайдаланушы" жылына бiр рет қысым-реттегiш резервуарлар мен iшкi су жүйелерiн жуып-шаюды жүргiзуге және хлорлауға мiндеттенедi.
     14. Екi жағы бiрдей мiндеттi түрде өздерiнiң қарым-қатынастарын Қазақстан Республикасының Су ресурстары комитетi мен Ауылшаруашылығы министрлiгi бекiткен топтастырылған су құбырларынан ауыз суды пайдалану ережесiне сәйкес жүргiзедi.
     15. Осы шарт бойынша барлық даулы мәселелер белгiленген заң тұрғысында шешiледi.
     16. Осы шарт екi жақ бiрдей қол қойған күннен бастап күшiне енедi және мерзiмi бiр жыл болып есептеледi.
     Осы шартты оның мерзiмi аяқталуына бiр ай қалғанға дейiн бiр жағы қайта қарау немесе келiспейтiн өтiнiш бiлдiрмесе, шарт келесi жылға ұзартылған болып есептеледi.

    Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелерi

    "Пайдаланушы":
    Мекен жайы ______________________________________
    _________________________________________________
    Есеп-шоты _______________________________________
    "Жабдықтаушы":
    Мекен жайы ______________________________________
    _________________________________________________
    Есеп-шоты _______________________________________

                         Қолдары
    "Пайдаланушы"                       "Жабдықтаушы"
    ______________                      _____________

          М.О.                               М.О.