да су жануарларын ресiмдеу
мен пайдалану тәртiбi
туралы нұсқаулықты бекiту
туралы
"Жануарлар дүниесiн қорғау, үдемелi өсiру және пайдалану туралы" Z933300_ Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1995 жылғы 5 сәуiрдегi N 414 P950414_ қаулысымен бекiткен Қазақстан Республикасының су айдындарында балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу туралы ережеге сәйкес және балық қорлары мен басқа да су жануарларын пайдалануға ресiмдеуге бiрыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
1. "Балық қорлары және басқа да су жануарларын ресiмдеу мен пайдалану тәртiбi туралы нұсқаулық" бекiтiлсiн.
2. Биоресурстарды қорғау, ұдайы өсiру мен пайдалану жөнiндегi бас басқарманың бастығы /Киреев М.А./, экология және биоресурстар облыстық басқармалары бекiтiлген Нұсқаулықты басшылыққа алсын және орындасын.
3. Қазақстан Республикасының Экобиоресурсминi 1994 жылғы 11 сәуiрдегi N 25 бұйрығымен бекiткен "Табиғатты арнайы пайдалануға шарт жасаудың уақытша тәртiбi" V бөлiмiнiң күшi жойылған деп саналсын.
4. Жалпы бөлiмнiң бастығы /Малюхов А.Д./ көрсетiлген Нұсқаулықты көбейтiп, Экология және биоресурстар облыстық басқармаларына жеткiзсiн.
5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Министрдiң орынбасары М.И.Жәркеновке жүктелсiн.
Министр
Осы Нұсқаулық "Жануарлар дүниесiн қорғау, үдемелi өсiру және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1995 жылғы 5 сәуiрдегi N 414 қаулысымен бекiткен Қазақстан Республикасының су айдындарында балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу туралы ережеге сәйкес әзiрленген және балық қорлары мен басқа да су жануарларын пайдалану және оларды ресiмдеу жөнiндегi өтiнiштердi қозғауды қарау тәртiбiн айқындайды.
1. Атқарушы өкiмет облыстық органдарының балықты, басқа да су жануарларын кәсiпшiлiк аулауға құқық беру және балық аулау шаруашылығы су айдындарын (учаскелерiн) бекiту туралы шешiмi:
- Орал-Каспий су айдындары Балқаш-Iле бассейндерi, Алакөл көлдер тобы, Бұқтырма және Шардара су қоймалары бойынша - тек Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң оңды қорытындысы болғанда ғана;
- басқа да балық шаруашылығы су айдындары бойынша - балық қорғау органдары дайындаған және енгiзген ұсыныстар бойынша қабылданады деп белгiленсiн.
Оның үстiне, ұсыныстарды тиiстi түрде дайындау және көрсетiлген шешiмдердi қабылдау үшiн негiз мүдделi жақтың (N 1 қосымша) жазбаша өтiнiшi (өтiнiмi) және соған қоса берiлетiн көзделген шаруашылық қызметiнде осы жағдайда қолданылатын технология мен аулау құралдарының экологиялық сараптамасының оңды қорытындысы болып табылады.
2. Атқарушы өкiмет облыстық органдарының шешiмi қабылданғаннан кейiн табиғат пайдаланушылар мен балық қорғау органдарының арасында су айдындарын пайдалануға, балық пен басқа да су жануарларын өндiруге шарт жасалады (N 2 қосымша). Шартқа мiндеттi қосымша қызметiн су айдынының учаскесiнiң төлқұжаты (N 3 қосымша) карта-схема және су айдынының тексеру актiсi атқарады.
2.1. Су айдыны учаскесi төлқұжатын және су айдыны (учаскесi) карта-схемасын дайындау мақсатымен балық шаруашылығы су айдынын (учаскесiн) тексерудi балық қорғау органдарының ихтиологиялық қызметi жүзеге асырады.
3. Орал-Каспий су айдындары Балқаш-Iле бассейндерi, Алакөл көлдер тобы, Бұқтырма және Шардара су қоймалары бойынша шарттар жасау үшiн материалдарды бассейндiк басқармалар мен балық қорғау облыстық мемлекеттiк балық инспекциялары дайындап, түбегейлi ресiмдеу үшiн балық қорғау республикалық органына жiбередi.
3.1. Өтiнiмдердi қарауды және балықты кәсiпшiлiк аулауға құқық беру мен балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерiн) бекiту туралы шешiм қабылдау үшiн ұсыныстарды дайындауды балық аулау көлемiнiң (лимитiнiң) бекiтiлген тәртiбiн негiзге ала отырып, атқарушы өкiмет органдары өкiлдерiнiң қатысуымен конкурс негiзiнде (тендер) балық қорғау органдары жүргiзедi.
4. Балық қорғау органдары берген балық аулау көлемi (лимитi)
көрсетiлген балық кәсiпшiлiгiн жүргiзуге жыл сайынғы рұқсатты (кәсiпшiлiк билетiн) бере отырып, үш жылғы дейiнгi мерзiмге шарт жасалады (N 4 қосымша). 5. Су айдынын пайдаланушы балық кәсiпшiлiгi су айдынында (учаскесiнде) белгiленген нысанда кәсiпшiлiк журналын жүргiзуге (N 5 қосымша) және оны балық қорғау органдарының талап етуi бойынша ұсынуға мiндеттi. Әзiрлеген Мұсабаев Х.Ш. Келiсiлдi: Жәркенов М.И. Киреев М.А. Ойнаров А.С. Сужикова Л.А. N 1 қосымша Су айдынының (учаскесiнiң) санатына ___________________________________ байланысты кiмге берiледi ___________________________________ Балық, басқа да су жануарларын кәсiпшiлiк аулауға және балық шаруашылығы су айдындарын (учаскелерiн) бекiтуге құқық беретiн ӨТIНIМ 1. Өтiнiм берушiнiң атауы, ведомстволық қарауы, реквизиттерi, мекен-жайы ________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ 2. Су айдындарының (учаскелерiнiң) әкiмшiлiк-аумақтық тұрған жерi, ауданды немесе ұзындығы, кәсiпшiлiктiң шекаралары ___________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ 3. Су айдынында (учаскесiнде) аулауға жататын кәсiпшiлiк балықтардың тiзбесi, оларды аулаудың, соның iшiнде тоқсан бойынша аулаудың көлемi ___________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ 4. Кәсiпшiлiк қолдануға жататын аулау құралдары (көздерiнiң өлшемi, мөлшерi, саны) ____________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ 5. Ұсыныс берушi балық қорғау органының атауы_________________ ___________________________________________________________________ 6. Экологиялық сараптамаға оңды қорытынды берген табиғат қорғау органының атауы ___________________________________________________ ___________________________________________________________________ 7. Су айдындарының (учаскелерiнiң) бекiтiлу мерзiмi __________ ___________________________________________________________________ 8. Табиғатты пайдаланғаны үшiн төлемдердi төлеудiң мерзiмi және мөлшерi ___________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Қосымша: 1. Балық қорғау органының ұсынысы 2. Экологиялық сараптама қорытындысы Ескерту: Өтiнiм үш дана, бiрiншi берiлетiн жаққа, балық қорғау органына, өтiнiм берушiге ресiмделедi. _________________________ ___________________________ (Өтiнiмнiң берiлген күнi) (Өтiнiм берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты және қолы) N 2 қосымша Қазақстан Республикасының Елтаңба Министерство Экология және биоресурстар Экологии и биоресурсов министрлiгi Республики Казахстан ҚАЗБАСБИОРЕСУРСТАРЫ Биологиялық ресурстарды қорғау, үдемелi өсiру және пайдалану жөнiндегi бас басқарма _____________________ қаласы 19___ ж. "__"___________ Бiз, төменде қол қоюшылар, жануарлар дүниесiн мемлекеттiк басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген орган __________________________ ___________________________________ бұдан әрi "балық қорғау органы" деп аталатын орган атынан, бiр жағынан, ___________________________ ________________________________________________ негiзiнде iс-қимыл жасайтын бастық арқылы ____________________________________________ және бұдан әрi "су айдынын (учаскесiн) пайдаланушы" деп аталатын, екiншi жағынан, ___________________________________________________ негiзiнде iс-қимыл жасайтын оның басшысы арқылы ___________________ ___________________________________________________________________ төмендегi жөнiнде осы шартты жасады: I. ШАРТ НЫСАНАСЫ "Балық қорғау органы" бердi, "су айдынын (учаскесiн) пайдаланушы" мөлшерi мен шекарасы шартқа қоса берiлетiн төлқұжатта көрсетiлген биоресурстарды пайдалану құқығына (балықты кәсiпшiлiк аулауды жүргiзуге, басқа да су жануарларын өндiруге) ие болды. ___________________________________________________________________ II. ТАРАПТАРДЫҢ МIНДЕТТЕМЕЛЕРI 1. "Балық қорғау органы":
а) "су айдынын (учаскесiн) пайдаланушы" кәсiпшiлiк балықтардың жас өскiндерiн құтқарумен және балық өсiрумен айналысуға мiндеттi шекараны (ауданын, ұзындығын) және т.б. анықтауға;
б) "су айдынын (учаскесiн) пайдаланушы" жүргiзетiн балық өсiру-мелиорация жұмыстарына бақылауды қамтамасыз етуге;
в) "су айдынын (учаскесiн) пайдаланушы" қызметкерлер арасында балық қорғау, балық өсiру және балық шаруашылығы мелиорациясы, су айдыны биоресурстарын пайдалану мәселелерi жөнiнде бұқаралық түсiндiру жұмыстарын (әңгiме, лекция және т.б.) жүргiзуге мiндеттенедi.
2. "Су айдынын (учаскесiн) пайдаланушы" өзiне берiлген су айдынын учаскесiн басқа ұйымдарға тапсыруға құқылы емес және:
а) су айдыны (учаскесi) биоресурстарын пайдаланғанына төлемдi дер кезiнде және толық көлемде енгiзуге;
б) су айдындарының балық қорлары мен басқа да биоресурстарын қорғауға, балық қорғау ережесiн сақтауға;
в) балық кәсiпшiлiгi учаскелерiнiң шекараларын балық қорғау органдарының нұсқауы бойынша арнайы белгiлермен белгiлеуге;
г) балық кәсiпшiлiгi қостарын және аулау құралдарын таңдаған жерлердегi жағалау учаскелерiн тиiстi санитарлық күйде ұстауға;
д) балық кәсiпшiлiгi су айдынын (учаскесiн) соған арналған аулау құралдарымен толық пайдалануға;
е) балық кәсiпшiлiгi су айдынында (учаскесiнде) белгiленген нысан бойынша балық кәсiпшiлiгi журналын жүргiзуге және оны балық қорғау органдарының талап етуi бойынша көрсетуге, сондай-ақ балық қорғау органына ай сайын айдың 5-күнiне қарай балықты түрлерi бойынша аулау және кәсiпшiлiк жағдайы бойынша деректер туралы мәлiметтердi берiп тұруға;
ж) су айдындарынан балық аулаудың және басқа биоресурстардың лимитiнен асып кетпеуге;
з) балық қорғау органдарымен келiсiлген жыл сайынғы бекiтiлген жоспарға сәйкес балық өсiру, жас өскiндердi құтқару, табиғи су айдындарындағы мелиорация және балық жүретiн учаскелердi тазарту жөнiндегi жұмыс жүргiзуге;
и) су айдындарында өндiрiлетiн гидробионттарды үдемелi өсiру, олардың азық базасы мен үйлесiмдi саны үшiн жағдайларын сақтауды және ұстануды қамтамасыз етуге;
к) балық қорғау органының рұқсатынсыз балық кәсiпшiлiгi су айдынының (учаскесiнiң) табиғи жағдайларын өзгертетiн жұмыстарды жүргiзбеуге;
л) балық өсiретiн зауыттарға, бақылау-байқау пункттерiне, ғылыми-зерттеу ұйымдарына шартты бастамалармен аталықтары мен әр түрлi жастағы балықтарды беруге;
м) кез келген уақытта балық қорғау органы қызметкерлерiн өндiрiс мекен-жайлары мен ғимараттарының учаскесiнде тұрған балық аулау кемелерiн, аулау құралдарын, ауланған балықтарды тексеруге жiберуге;
н) осы бапта көзделген барлық жұмыстарды өз есебi мен өз күшi арқылы жүргiзуге және "балық қорғау органына" жыл сайын 5 қаңтарға қарай ақпаратты берiп тұруға мiндеттенедi.
III. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕХНОЛОГИЯҒА НЕГIЗГI ТАЛАПТАР
Балық аулау және басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерiн өндiру режимi Балық аулау ережелерiмен бекiтiлгенге сәйкес белгiленедi.
IV. БЕРIЛЕТIН ЖЕҢIЛДIКТЕР
Бекiтiлген су айдынында (учаскесiнде) балық өсiру-мелиорация жұмыстарын, жас балықтарды құтқару және балық өнiмiнiң жоғары көрсеткiштерiне жету жоспарларын асыра орындағанда "су айдынын (учаскесiн) пайдаланушы" кәсiпшiлiк учаскесiн кеңейту, қосымша су айдындарын пайдалануды алу құқығын иеленедi.
V. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШIЛIГI
Осы шарттың талаптары мен шарттарын бұзғаны үшiн тараптар заңда
белгiленген тәртiппен азаматтық, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiктi мойнына алады. "Су айдынын (учаскесiн) пайдаланушы" Балық аулау ережелерi мен осы шарттың шарттарын әлденеше рет бұзған жағдайда оны "балық қорғау органы" белгiлеген тәртiппен бұза алады, ал шартты бұзғанға дейiн оның күшi тоқтатылуы мүмкiн. VI. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ Осы шарт даулар қолданылып жүрген құқықтық заңдарға және үкiметаралық келiсiмдер мен шарттарға сәйкес белгiленген тәртiппен шешiледi. VII. ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАР Су айдындарының биоресурстарын пайдаланғаны үшiн төлем қолданылып жүрген заңдарға сәйкес енгiзiледi.
Су айдынының биоресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемнiң мөлшерi
баға индексiн негiзге ала отырып, тоқсанына бiр реттен аспайтындай түзетiлуi мүмкiн. Балық өндiру көлемi ғылыми-зерттеу ұйымдарының ұсыныстарын және белгiленген квоталар мен лимиттердi ескерiп, тоқсандар бойынша белгiлене отырып, жылына бiр рет белгiленедi. Балық шаруашылығы ғимараттары мен құрылыстарын салуға арналған "су айдынын (учаскесiн) пайдаланушыға" қажеттi жердiң ауданы "су айдынын (учаскесiн) пайдаланушының" өтiнiшi бойынша белгiленген тәртiппен бөлiнедi. Осы шарт екi данада жасалып, оның бiрiншi данасы _______________ ___________________________________________________________________ су айдынын (учаскесiн) пайдаланушыға берiлдi, екiншi данасы ____________________________________________ балық қорғау органында сақталады. Шарттың күшiне енген күнi 19___ ж. "___"____________ Шарт күшiнiң аяқталатын күнi 19__ ж. "__"____________ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ: "балық қорғау органы" ________________________________________ (атауы, пошталық, телеграфтық мекен-жайы, ______________________________________________________________ банк реквизиттерi) ______________________________________________________________ (қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы, мөр) "Су айдынын (учаскесiн) пайдаланушы" _________________________ (атауы, пошталық, ______________________________________________________________ телеграфтық мекен-жайы, банк реквизиттерi) ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ (қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы, мөр) Шарт __________________________________ балық қорғау органында N ____________ болып тiркелдi. Тiркеудi ресiмдеген күн ______________________ Шартты тiркеген адам _________________________________________ (қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты) _________________________________________ қолы Ескерту: төлқұжат, карта-схема және су айдынын (учаскесiн) тексеру актiсi шартқа мiндеттi қосымша қызметiн атқарады. N 3 қосымша Қазақстан Республикасының Елтаңба Министерство Экология және биоресурстар Экологии и биоресурсов министрлiгi Республики Казахстан ҚАЗБАСБИОРЕСУРСТАРЫ Биологиялық ресурстарды қорғау, үдемелi өсiру және пайдалану жөнiндегi бас басқарма ТӨЛҚҰЖАТ ______________________________________________________________ (су айдынының, учаскесiнiң атауы) Төлқұжатты толтырған балық қорғау органының атауы ____________ ______________________________________________________________ Су айдынын (учаскесiн) пайдаланушы ___________________________ су айдынының (учаскесiнiң) бекiтiлу мақсаты __________________ (балық ______________________________________________________________ кәсiпшiлiгi, мәдени балық шаруашылығын немесе әуесқой және ______________________________________________________________ спорттық балық аулау ұйымдарын құру) I. СУ АЙДЫНЫНЫҢ (УЧАСКЕСIНIҢ) ТҰРҒАН ЖЕРI 1. Облысы ____________________________________________________ ауданы ____________________________________________________ 2. Су айдынының (учаскесiнiң) атауы __________________________ ______________________________________________________________ 3. Инспекторлық аудан ________________________________________ және учаске _______________________________________________ II. СУ АЙДЫНЫН (УЧАСКЕСIН) СИПАТТАУ 4. Учаскенiң шекаралары ______________________________________ ______________________________________________________________ 5. Су айдынының (учаскесiнiң) көлемi: - ұзындығы, км _______________________________________________ - енi, км ____________________________________________________ - ауданы, га _________________________________________________ - ең үлкен тереңдiгi, м ______________________________________ - орташа тереңдiгi, м ________________________________________ 6. Су айдынының (учаскесiнiң) өсу дәрежесi ___________________ (күштi, орташа, әлсiз) 7. Ихтофаунасының құрамы _____________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ 8. Аулауға рұқсат етiлген кәсiпшiлiк балықтар тiзбесi ________ ______________________________________________________________ 9. Су айдынының балық өнiмдiлiгi, кг/га ______________________ 10. Кәсiпшiлiктiң басқа объектiлерi __________________________ 11. Қолдануға рұқсат етiлген аулау құралдары__________________ ______________________________________________________________ 12. Үлкен ау, шағын ау, салдардың саны және су айдынында (учаскесiнде) тұрған тұрақты аулайтын басқа да орындар _______ 13. Су айдынының (учаскесiнiң) өнеркәсiп кәсiпорындарының ағындарымен ластануы, өндiрiс қалдықтарымен бүлiнуi __________ 14. Су қоршаулары (су қоршау ғимараттарының сыныптары, қуаты, ведомстволық қарауы) _________________________________________ ______________________________________________________________ 15. Жалпы тәртiптегi басқа да мәлiметтер _____________________ ______________________________________________________________ Ескерту: осы төлқұжат екi данада толтырылды және су айдындары биоресурстарын пайдалану және су айдынын (учаскесiн) бекiту жөнiндегi шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады. Мөрдiң орны Балық қорғау органы _________________________________________ (қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты) Мөрдiң орны Су айдынын (учаскесiн) пайдаланушы ___________________________ (қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты) Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi ҚАЗБАСБИОРЕСУРСТАРЫ Биологиялық ресурстарды қорғау, үдемелi өсiру және пайдалану жөнiндегi бас басқарма Рұқсаттың түбiртегi (Кәсiпшiлiк билетiнiң) N _________________ Кәсiпшiлiк билетiн берген ____________________________________ (балық өндiретiн ______________________________________________________________ ұйымның атауы) Аулауға құқығы _______________________________________________ (балықшылардың саны, бригадирдiң, ______________________________________________________________ жауапты адамның тегi, аты, әкесiнiң аты) Мерзiмi _______________________________________________ дейiн ______________________________________________________________ (су айдынының, учаскесiнiң атауы) балық аулау жүргiзiледi ______________________________________ (аулау құралдарының атауы, ______________________________________________________________ олардың мөлшерi мен саны) Аулау көлемi _________________________________________________ (соның iшiнде тоқсан бойынша) Табиғат пайдаланғаны үшiн төлемнiң мөлшерi ___________________ ______________________________________________________________ Төлем мерзiмi ________________________________________________ Жауапты адамның тегi, аты, әкесiнiң аты ______________________ ______________________________________________________________ Қолы _______________________________________________ Мөр орны 19__ ж. "___"____________ БИЛЕТ ИЕСIНIҢ НАЗАРЫНА 1. Кәсiпшiлiк билетi балық қорғау органы инспекторының алғашқы талап етуi бойынша көрсетiледi.
2. Балық аулау ережелерiн сақтамаған кезде кәсiпшiлiк билетi
алып қойылады, ал кiнәлi адамдар жауапкершiлiкке тартылады. 3. Кәсiпшiлiк билеттiң көшiрмелерi мен дубликаттарын дайындауға қатаң тыйым салынады. 4. Кәсiпшiлiк билетi күшiнiң мерзiмi өтсе, күшiн жоғалтқан болып саналады. 5. Кәсiпшiлiк билетi Қазбасбиоресурстардың тiркеу номерi мен штампы (пакеттер үшiн), сондай-ақ тиiстi балық инспекциясының мөрi болғанда ғана жарамды болады. 6. Қазақстан Республикасының шекаралық суларында балық аулау Заңға және шекара қорғау органдары белгiлеген шекара аймағы туралы ережелерге сәйкес жүргiзiледi. N 5 қосымша КӘСIПШIЛIК ЖУРНАЛЫ Тегi, аты, әкесiнiң аты ______________________________________ балықшы-бригадирi Су айдынының (учаскесiнiң) атауы _____________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Кәсiпшiлiктi| түрлерi бойынша балықтың |барлық|балық.|қабылдаушының жүргiзген | саны, түйiрi |аулан.|шының |тегi, аты, күн |__________________________|ғаны, |қолы |әкесiнiң аты | сазан | көксерке | жайын |кг | |және қолы ____________|_______|__________|_______|______|______|_____________ Ескерту: Кәсiпшiлiк журналы балық кәсiпшiлiгiн жүргiзуге құқық беретiн құжатқа мiндеттi қосымша болып табылады, жiп өткiзiлген журналға басшы қол қояды және мөрмен куәландырады. Кәсiпшiлiк журналы кәсiпшiлiк билетiн берген облыстық мемлекеттiк балық инспекциясының мөрiмен куәландырады.