Құнды қағаздар шығару мен орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi қарау және бекiту туралы ереже

Қаулы Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 1996 жылғы 13 ақпан N 18 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 14 наурызда N 163 тіркелді

Қолданыстағы
      Осы Ереже эмитенттердiң құнды қағаздар шығару қорытындылары туралы есеп тапсыру тәртiбiн, оларды Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (әрi қарай - "Ұлттық комиссия") қарауы және бекiтуi ережелерiн белгiлейдi.
      Ереженiң күшi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, облыстық қаржы басқармалары және Ұлттық комиссия бұрынырақта тiркеген Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылған құнды қағаздар эмиссиясы проспектiлерiнiң барлығына да таралады.
      Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Құнды қағаздар мен қор биржасы туралы" заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктер туралы" заң күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес жасалды.

                        1. Жалпы ережелер

      1.1. Құнды қағаздар шығару қорытындылары туралы есептердi эмитенттер құнды қағаздарды орналастыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр айдан кешiктiрмей тапсырады.
      Алғашқы эмиссия кезiнде - орналастыру мерзiмi бiр жылдан, кезектi эмиссиялар кезiнде - эмиссияларды мемлекеттiк тiркеу сәтiнен бастап алты айдан тұрады.
      Облигациялар шығарылымы кезiнде орналастыру мерзiмi Ұлттық комиссия бекiткен шығарылым және айналым шарттарымен белгiленедi.
      1.2. Акциялар толық төленген жағдайда эмитент құнды қағаздарды орналастыру туралы есептi мерзiмiнен бұрын қарауға ұсына алады.
      Ұлттық комиссия алдыңғы эмиссияның есебiн бекiтпей тұрып, келесi кезектегi эмиссияны тiркеудi жүргiзбейдi.

           2. Акционерлiк қоғамдардың құнды қағаздарын орналастыру
            қорытындылары туралы есептi қарау және бекiту тәртiбi

      Құнды қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау үшiн мыналар ұсынылуы қажет:
      а) акционерлiк қоғамның түрiн, эмиссия сомасын, эмиссияның нақты төленген сомасы мөлшерiнiң көрсетiлуiмен бiрге акционерлiк қоғам басшысы қол қойған, еркiн нысанда түзiлген өтiнiш;
      б) осы Ереженiң N 1 қосымшасына (акциялар үшiн), N 2 қосымшасына (облигациялар үшiн) сәйкес екi данада түзiлген эмиссияның iс жүзiнде төленген сомасы мөлшерiне құнды қағаздар шығарылымының қорытындылары туралы есеп;
      в) банк басшыларының бiреуi, бас бухгалтер қол қойған және банк мөрiмен куәландырылған, төлемнiң толымдылығы мен жарғылық қордың құрылымын растайтын банк анықтамасы.
      Салымды қозғалмайтын мүлiк ретiнде енгiзген жағдайда салымның ақшалай бағалануы құрылтайшылардың келiсiмi бойынша жүргiзiлiп қана қоймай, сондай-ақ аудиторлық қорытынды арқылы расталуға тиiстi;
      г) акционерлiк қоғамның бiрiншi басшысы, бас бухгалтерi қол қойған және мөрiмен куәландырылған, жуық арадағы есеп беру күнiне түзетiлген осы эмиссияны орналастыру мерзiмiнiң аяқталу сәтiне жасалған кәсiпорын балансы (жылдық баланс ұсынылған кезде салық инспекциясының белгiсi қойылуы қажет);
      д) эмитенттiң құнды қағаздарын әзiрлеуге тапсырыстың орналасуын растайтын шарттың көшiрмесi банктiк айқын айырым белгiсi бар құнды қағаздарды әзiрлеуге тапсырыстың төленгенi туралы төлем қағазының көшiрмесi (егер эмиссия материалдық сипаттағы нысанда жүзеге асырылған жағдайда).

        3. Акционерлiк банктердiң құнды қағаздарын орналастыру
        қорытындылары туралы есептi қарау және бекiту тәртiбi

      3.1. Акционерлiк банктердiң эмиссия қорытындылары туралы беретiн есептерi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнде алдын ала қараудан және бекiтуден өтуге тиiстi.
      3.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң есептi сараптаудан өткiзуi аяқталған соң бiр айдан кешiктiрмей эмитент Ұлттық комиссияға мыналарды ұсынады:
      акционерлiк қоғамның түрiн, эмиссия сомасын, жарғылық қордың нақты мөлшерiн көрсете отырып, акционерлiк қоғамның басшысы қол қойған, еркiн нысанда түзiлген өтiнiш;
      "Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар эмитентi болатын акциялар мен облигациялар шығарылымның проспектiлерiне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнде сараптаудан өту тәртiбi туралы" нұсқаулықтың N 2 қосымша үлгiсi бойынша түзiлген құнды қағаздар шығарылымының қорытындылары туралы есеп. Бұл есептi аудиторлық қызмет куәландыруы тиiс;
      осыған N 1 қосымшаға (акциялар үшiн), N 2 қосымшаға (облигациялар үшiн) сәйкес екi данада түзiлген, банк басшысы, бас бухгалтерi қол қойған және банк мөрiмен куәландырылған нақты түзiлген жарғының қорынан мөлшерiне құнды қағаздар шығарылымының қорытындылары туралы есеп;
      эмиссияның нақты қалыптасқан көлемнiң осы есебiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң хаты;
      банк басшысы, бас бухгалтерi қол қойған, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң немесе оның бөлiмшелерiнiң мөрiмен куәландырылған және олар бекiткен, осы эмиссияны орналастыру мерзiмi аяқталған сәтке жасалған банк балансы;
      эмитенттiң құнды қағаздарын әзiрлеуге тапсырыстың орналастыруын куәландыратын шарт көшiрмесi және банктiк айқын айырым белгiсi бар құнды қағаздарды әзiрлеуге тапсырыстың төленгенi туралы төлем қағазының көшiрмесi (эмиссияны материалдық сипаттағы түрде жүзеге асырған кезде).
      4. Құнды қағаздар шығарылымының қорытындылары туралы есептi қараған кезде Ұлттық комиссия эмитенттерден осы акционерлiк қоғам қызметiнiң ерекшелiктерiне байланысты қосымша құжаттар тапсырылуын талап етуге құқылы.
      5. Құнды қағаздар шығарылымының қорытындылары туралы есепке қол қойған басшы, бас бухгалтер, тексеру комиссиясының төрағасы қолданыстағы заңдарға сәйкес ондағы көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығына жауап бередi.
      6. Ұлттық комиссия есеп түскен күннен кейiнгi күннен бастап 14 күннiң iшiнде құнды қағаздар шығарылымының қорытындылары туралы есептi қарайды және кемшiлiгi болмаған жағдайда оны бекiтедi, я болмаса эмитентке осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес есептi бекiтуден бас тартқаны туралы хабарлайды.
      7. Заң белгiлеген мерзiмде эмиссияның тiркелген көлемi толық орналастырылмаған жағдайда эмитент онда эмиссияның нақты төленген көлемi қабылданатын акционерлердiң кезектен тыс жиналысын өткiзуге мiндеттi.
      8. Ұлттық комиссия эмиссияның нақты қалыптасқан сомасы бойынша есебiн бекiткеннен кейiн осы эмиссия Ұлттық комиссияда қайта тiркелуге тиiс.
      9. Егер:
      - есепте баяндалған ақпарат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының және Ұлттық комиссияның нормативтiк актiлерiнің бұзылғаны туралы куәлiк етсе;
      - эмиссия қорытындылары туралы есеп толық көлемде ұсынылмаса;
      - есептегi берiлген ақпаратта дұрыс емес мәлiметтер болса;
      - есептiк деректердiң дұрыс еместiгi белгiлi болса;
      - эмиссияның тiркелген көлемi мөлшердегiден асып кеткен жағдайда Ұлттық комиссия эмитенттен шығарылым қорытындылары туралы есептi қабылдаудан бас тартуға немесе осы эмиссияның күшiн жоюға құқылы.
      10. Ұлттық комиссия:
      а) эмиссия қорытындылары туралы ұсынылған есептердегi деректер мен мәлiметтердiң дұрыстығына тексеру жүргiзуге;
      б) құнды қағаздардың бұрынырақта тiркелген эмиссияларының материалдарын қарауға;
      в) эмитент құнды қағаздар шығарылымының қорытындылары туралы есептi дер кезiнде тапсырмаған жағдайда құнды қағаздарды орналастыру жүзеге асқан жоқ деп тануға құқылы.
      11. Ұсынылған құжаттарды қарау кезiнде:
      құнды қағаздар шығарылымы шарттарының қолданыстағы заңдарға сәйкес келетiнi туралы шешiмге келуге мүмкiндiк беретiн есепте ұсынылған мәлiметтер мен құжаттардың толымдылығы;
      құрылтайшылық құжаттардың, баланстың және басқа да материалдардың деректерiне есептiң сәйкестiгi талдануға тиiстi.
      12. Ұлттық комиссия құнды қағаздарды шығару мен орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден бас тартқаны жөнiнде эмитентке жазбаша нысанда хабарлайды.
      13. Ұлттық комиссия есептi бекiтуден бас тартқан кезде есеп қайта ұсынылған жағдайда iстi қарау мерзiмi жаңартылады.
      14. Эмиссия туралы есептi қайта ұсыну Ұлттық комиссияның есептi бекiтуден бас тартқаны туралы эмитентке хабарлаған сәтiнен бастап бiр айдың iшiнде жүзеге асырылуы қажет.
                                "Құнды қағаздар шығару мен

орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептердi қарау және бекiту туралы ережеге" N 1 қосымша G960163a а


                  АКЦИЯЛАР ШЫҒАРЫЛЫМЫН ОРНАЛАСТЫРУ
                   ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ҮЛГI ЕСЕП

1. Эмитенттiң толық және қысқартылған атауы.
2. Пошталық (заңды) мекен-жайы.
3. Эмиссияның мемлекеттiк тiркелген күнi мен нөмiрi, Эмиссияның мөлшерi мен құрылымы (жалпы сомасы, түрлерi мен номиналдары бойынша саны).
4. Шығарылым нысаны: құжаттаулы немесе құжаттаулы емес. Егер эмиссия құжаттаулы нысанда орналастырылған болса, онда құнды қағаздарды әзiрлеуге тапсырысты кiмнiң орындағаны көрсетiлуi қажет; егер құжаттаулы емес нысанда болса - акционерлiк қоғамның құнды қағаздарының қозғалысының депозитарлық есепке алынуы қайда жүргiзiлетiнi көрсетiлуге тиiс.
5. Ашық орналастырылған жағдайда: эмиссия проспектiсiнiң жарияланған

күнi мен орны.
6. Құнды қағаздар таратылуының басталған және аяқталған күнi, құнды
қағаздарды сатудың нақты бағасы.
7. Акцияларды төлеу мынадай жолмен жүргiзiлдi:
* __________________ сомада ақша қаражатын енгiзу.
* акциялар үшiн төлем ретiнде ________________ сомада енгiзiлген
  материалдық қаржылармен.
* _____________________ құнды қағаздармен.
* _____________________ басқалай.
8. Акциялардың жалпы санының кемiнде 5%-iне ие эмитент
акционерлерiнiң барлық заңды тұлғаларының, сондай-ақ жеке адамдардың
мынадай схема бойынша тiзiмi:
___________________________________________________________________
|Акционер-заңды тұлғалар.  |Акционер-заңды тұлғалар.|Акционерлердiң|
|дың толық атауы немесе    |дың орналасқан жерi не. |жарғылық қор. |
|акционер-жеке адамдардың  |месе акционер-жеке адам.|дағы үлесi    |
|аты-жөнi                  |дардың паспорттық дерек.|(процент есе. |
|                          |терi                    |бімен)        |
|__________________________|________________________|______________|

9. Жай және артықшылықты акциялар бойынша дивидендтердiң,
проценттердiң мөлшерi және төлем күнi _____________________________
10. Орналастырылмаған акциялардың саны ____________________________
11. Есепке басшының, бас бухгалтердiң, тексеру комиссиясы төрағасының
қолдары қойылады және мөрмен куәландырылады.

Ескертпе: Эмиссияны орналастыру туралы есепке тиiстi эмиссияның
мемлекеттiк тiркелуi туралы құжаттың көшiрмесi қоса тапсырылады.

                            Басшысы _______________________________
                            Бас бухгалтерi ________________________
         М.О,               Тексеру комиссиясы төрағасы ___________


                             "Құнды қағаздар шығару мен
                             орналастыру қорытындылары жөнiндегi
                             есептердi қарау және бекiту туралы
                             ережеге" N 2 қосымша  

G960163b

 b

               ОБЛИГАЦИЯЛАР ШЫҒАРЫЛЫМЫН ОРНАЛАСТЫРУ
                  ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ҮЛГI ЕСЕП

1. Эмитенттiң толық және қысқартылған атауы _______________________
                                           (шаруашылық субъектiсiнiң
___________________________________________________________________
     түрi мен үлгiсi, орналасқан жерi, қайда, кiм және қашан
___________________________________________________________________
                        тiркегенi көрсетiлсiн)
2. Пошталық (заңды) мекен-жайы ____________________________________
3. Облигация шығарылымының мемлекеттiк тiркелген күнi _____________
Мемлекеттiк тiзiлiм бойынша тiркеу нөмiрi _________________________
Эмиссия мөлшерi мен құрылымы ______________________________________
___________________________________________________________________
  (жалпы сомасы, түрлерi, үлгiлерi және номиналдары бойынша саны)
4. Шығарылым нысаны:_______________________________________________
                          (құжаттаулы немесе құжаттаулы емес)
Егер эмиссия құжаттаулы нысанда орналастырылған болса, онда
облигацияларды әзiрлеуге тапсырысты кiмнiң орындағаны көрсетiлуi
қажет; егер құжаттаулы емес нысанда болса - эмитент облигациялары
қозғалысының есепке алынуы қайда жүргiзiлетiнi көрсетiлуге тиiс.
5. Шығарылым шарттарының жарияланған күнi мен орны ________________
6. Облигациялар айналымының басталған күнi ________________________
облигациялар айналымының аяқталған күнi ___________________________
7. Облигацияларды төлеу мынадай жолмен жүргiзiлдi:
______________________________________ сомада ақша қаражатын енгiзу.
Облигациялар үшiн төлем ретiнде _________________ сомада енгiзiлген
материалдық қаржылармен.
__________________________________________________________ басқалай
8. Төленетiн процент мөлшерi ______________________________________
9. Өтелмеген облигациялар саны ____________________________________
Ескертпе: Эмиссияны орналастыру туралы есепке тиiстi эмиссияның
мемлекеттiк тiркелуi туралы құжаттың көшiрмесi қоса тапсырылады.

                    Басшысы _______________________________________
                    Бас бухгалтерi ________________________________
          М.О.      Тексеру комиссиясының төрағасы ________________