"Қызметкердiң еңбек мiндеттерiн атқару кезiндегi зақымдануы салдарынан денсаулығының бұзылуына немесе жарымжан болуына байланысты медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссияларының (МӘСК) оның кәсiптiк еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiн белгiлеу тәртiбi туралы нұсқамаға" өзгерiстер енгiзу туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 1996 жылғы 31 қазан N 99 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 2 желтоқсанда N 25 тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бiрiншi орынбасарының А.В.Константиновтың 1996 жылғы 17 қазандағы N 7-5-96 наразылығының негiзiнде бұйырамын:
      1. "Қызметкердiң еңбек мiндеттерiн атқару кезiндегi зақымдануы салдарынан денсаулығының бұзылуына немесе жарымжан болуына байланысты медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссияларының (МӘСК) оның кәсiптiк еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiн белгiлеу тәртiбi туралы нұсқамаға" V950096_ мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      24-тармақтың 4-абзацы алынып тасталсын.
      2. Республикалық МӘСК-нiң төрағасы Р.Ж. Әбдіхалықова өзгерiстер енгiзу туралы белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
      3. Заң және ұйымдық жұмыс басқармасы (А.С.Кузярина) бұйрықтың көшiрмесiн Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бiрiншi орынбасары А.В. Константиновқа жiберсiн.

      Министр