Ережеге өзгерту енгiзудi тiркеу туралы

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 26 тамыздағы N 93 қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 28 қазанда тіркелді. Тіркеу N 22.

Қолданыстағы
      Республикадағы жекешелендiру процесiнiң аяқталуының және мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру бағдарламасы шеңберiнде құрылған акционерлiк қоғамдардың құнды қағаздар эмиссиясын тiркеу процедурасын жүргiзудi жеделдетудiң экономикалық мақсатқа сәйкестiлiгiне байланысты, Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 ақпандағы N 18 V960161_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы акционерлiк қоғамдар шығарған акцияларды тiркеу және қайта тiркеу тәртiбi туралы Ережеге төмендегiдей өзгерту енгiзiлсiн:
      - жоғарыда аталған Ереженiң 2 тарауының 2 тармағының б) тармақшасы төмендегiдей редакцияда баяндалсын: "б) мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру бағдарламасының шеңберiнде құрылған акционерлiк қоғамдар осы Ереженiң N 2 қосымшасында қарастырылған деректер тiзiмi мен тәртiпке сәйкес жасалған, жетекшi, бас бухгалтер, тексеру комиссиясының төрағасы қол қойып, акционерлiк қоғамның мөрiмен куәландырылған эмиссия проспектiсiн ұсыну керек.
      Оған қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 мамырдағы "Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" N 562 P960562_ қаулысына сәйкес жасалған жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау актiсiн, ал ол жоқ болған жағдайда, эмитенттiң тұрақты қаржы жағдайы мен төлем қабiлеттiгi туралы аудиторлық қорытындыны ұсыну керек".

      Төрайым