Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2005 жылғы 8 қыркүйектегі N 290-І Бұйрығымен.
----------------Бұйрықтан үзінді---------------------
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасы мен сәйкестiкке келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын...
3. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Министрдiң
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация
министрiнiң
2005 жылғы 8 қыркүйектегі
N 290-І бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң
күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 2 қыркүйекте N 594 болып тiркелген "Қазақстан Республикасы су көлiгiнiң кемелерiндегi қызмет жарғысы" туралы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1995 жылғы 14 наурыздағы N 55 бұйрығы...
-------------------------------------
1 параграф
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Су көлігі департаментімен ұсынылған "Қазақстан Республикасының су көлігі кемелерінде қызмет ету жарғысы" бекітілсін.
2 параграф
"Қазақстан Республикасының су көлігі кемелерінде қызмет ету жарғысы" 1995 жылғы 30 наурыздан бастап күшіне енгізілсін.
Министр
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар министрлігі
Су көлігінің департаменті
Қайта өңделген Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрлігі Су көлігінің
департаментімен
Келісілген Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрлігі Заң актілерін
әзірлеу, Жоғарғы Кеңеспен
байланыс және заң жұмыстары
басқармасымен
Ресми баспа Қайта баспалауға тыйым салынған
Алматы қ., 1995 ж.
Су көлігінің кемелерінде қызмет ету Жарғысы ішкі кеме қатынасы жолдарында және теңіз суларында жүзуі кезінде кеме экипажы мүшелерінің міндеттері мен құқықтары баяндалған, кеме жалауы мен вымпелін көтеру, күнделікті қызметті ұйымдастыру, сондай-ақ кеме өміршеңдігі үшін күрес негіздері анықталған.
Жарғы кеме экипажы мүшелеріне арналған.
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің 1995 жылғы
14 наурыздағы N 55
бұйрығымен
Бекітілген
I Тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жарғы Қазақстан Республикасы Су көлігі кемелерінде қызмет етуді ұйымдастырудың, сондай-ақ кеме экипажы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің негізгі ережелерін анықтайды.
2. Осы жарғының талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында негізделеді және экипаждың кемеде болған кезінде де және олардың жағада қызметтік міндеттерін орындау кезінде, сондай-ақ кемедегі басқа тұлғаларға да жарамды.
3. Кеме экипажының барлық мүшелері осы Жарғыны білуге және оны дәл орындауға міндетті.
4. Осы Жарғының талаптарын бұзу заңмен белгіленген тәртіптік немесе өзге жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтырады.
5. Кеме экипажының барлық мүшелері капитанның келісімімен кемеге тағайындалады.
6. "Капитан" термині кемелерді жеке басқаратын тұлғаларға жарамды және кеменің түріне, міндетіне және еңбек ұйымдастыруға байланысты "командир", "багермейстер", "шкипер", "сыңар-капитан" және т.б. болып аталынатын, ал "механик" термині "аға механик" және т.б. аталынатын тұлғаларға жарамды.
7. Экипаж еңбегі кеме иесі бекіткен штат кестесіне, Өзен флоты жүзу құрамдарының жұмыс уақыты мен демалыс уақыты туралы Ережеге және осы Жарғыға сәйкес белгіленген тәртіпте капитанмен ұйымдастырылады.
8. Осы Жарғыда лауазымы көрсетілмеген кеме экипажы тұлғаларының міндеттері белгіленген тәртіппен лауазым нұсқаулықтарымен анықталады.
9. Кемеде болатын экипаж мүшелері мен тұлғалардың қызметін, міндеттерін анықтауға байланысты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі және кеме иесімен шығарылатын барлық құжаттар осы Жарғының қағидаларына сәйкес болуы тиіс.
10. Осы жарғының күші пайдаланудағы, техникалық қызмет көрсетілудегі немесе навигациялық жөндеудегі (яғни, кемені пайдалануға қабылдау актісіне қол қойған сәттен бастап кеменің тұрыс немесе жауаптылықпен сақтау арқылы жөндеу актісіне қол қойғанға дейін) кемелердің экипаждарына жарамды.
II Тарау. Кеме экипажы
11. Кеме экипажы капитаннан, командалық құрамның және қатардағы құрамның басқа тұлғаларынан тұрады.
12. Команда құрамына мыналар: капитан, капитанның бірінші көмекшісі (шетелде жүзетін кемелерде), штурмандар (капитанның бірінші көмекшілері), командирдің көмекшілері, шкипер көмекшісі, механик және оның көмекшілері (екінші, үшінші, төртінші механик), электр механигі (электр жабдықтары жөніндегі механик көмекшісі) және оның көмекшілері, радиостанса бастығы, сондай-ақ аталмыш қызметтерді қоса атқаратын тұлғалар жатады.
Қатардағы құрамға экипаж мүшелерінің барлығы жатады.
13. Экипаж мүшелерінің барлығында тиісті қызметтерді атқаруға жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы болуы тиіс.
14. Арнайы біліктілікті талап ететін қызметтерді атқаратын немесе жұмыстарды орындайтын командалық және қатардағы құрамның тұлғаларында қызмет атқаруға құқық беретін тиісті құжаттар болуы тиіс (диплом, куәлік, айғақтар және т.б.).
Ескерту. Жоғары оқу орындарының, училищелер мен техникумдардың студенттері, курсанттар мен оқушылар оқу саласына сәйкес қатардағы құрамның штаттық қызметін атқаруға жіберіледі (оқу орындарының жолдамалары бойынша).
15. Кеме экипажы мүшелерінің міндеттері:
(01) су көлігі қызметкерлерінің ар-ожданын сақтау;
(02) мемлекеттік құпияны қатаң сақтау;
(03) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, осы Жарғының Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің кемелерінде пәрменді бұйрықтарды, ережелер мен нұсқауларды орындау;
(04) жүріс және тұрыс вахталарын жүргізу және атқаратын қызметіне сәйкес кеме жұмыстарын орындау;
(05) инабатты, тәртіпті болу, қызметі жоғарылардың өкімдерін тез және дәлме-дәл орындау;
(06) өзінің қызметтік міндеттерін білу, адал және бастамашылықпен орындау, материалдарды үнемдеп жұмсау, кеме мүлкін сақтау, өндірістік жоспарларды орындауға белсенді қатысу;
(07) кеме құрылысын, өзінің мамандығын, меңгермесін білу, салаға қатысты ұғымдарды және өзінің кәсіби мамандығын ұдайы жетілдіру;
(08) өз меңгермесін жарамды күйде сақтау және жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету;
(09) техника қауіпсіздігі ережелерін, өрт қауіпсіздігі және санитарлық ережелерді, білу және қатаң сақтау;
(10) дабыл бойынша өз міндеттерін білу және анық орындау; апаттық-құтқару және өрт өндіру құралдары мен аспаптарды, жеке басы және ұжымдық құтқару құралдарын пайдалануды және оларды жинауды білу; апат дабылдарын білу; ішкі байланыс жүйесін және дабыл бойынша сигналдандыруды білу;
(11) таза және мұқият киіну, нысандық киімдерді кию ережесін білу;
(12) кемеде тазалықты және тәртіпті сақтау;
(13) айналадағы ортаны қорғау, оның ластануын болдырмау.
16. Әрбір экипаж мүшесі кемеге, адамдарға, жүкке қауіп төнген жағдайда, кеме қауіпсіздігіне қамқоршы болуы тиіс, оны жою шараларын қабылдаумен бірге, бұл жөнінде жедел вахта бастығына (теңізге шығатын кемелерде - капитанның вахта көмекшісіне) немесе вахта механигіне хабарлауға міндетті.
17. Кеме немесе тұрмыс техникасын пайдаланушы тұлғалар (кімнің меңгермесінде болғанына қарамастан) оны нысаналықпен пайдалануға жауап береді, ал жұмысында бүлінушілік байқалғанда, осы техника жөнінде жедел меңгеруші тұлғаға хабарлайды.
Кеменің барша қауым пайдаланатын техника мен тұрмыс құралдары меңгеруінде болатын экипаж мүшесі әрбір құралды пайдалану туралы нұсқаулық болуын байқап отыруға міндетті.
18. Кеме техникасының уақытша бүлініп қалуына байланысты жөндеу жұмыстарын вахта бастығының (вахта механигінің) рұқсатынсыз жүргізуге экипаж мүшелеріне тыйым салынады.
19. Жұмыстың экипаждық әдісі кезінде кемені күйде және корпусы мен қондырмасының кеме бөлмелерінің механизмдердің, жүйелердің қондырғылардың, қосалқы бөлшектердің, керек-жарақ құралдар мен жабдықтардың элементтерін бүліндірмей ұстау үшін оларды кеме экипаждарының мүшелеріне меңгермелер жөніндегі кестелер бойынша бекітіледі, ал жұмыстың бригадалық әдісі кезінде кемеде болатын бригада мүшелеріне бекітіледі.
Кеме экипажының мүшелері өздеріне тапсырылған құндылықтарды сақтауға заңдарда белгіленген жауапкершілікке тартылады.
20. Командасы жоқ баржалармен жұмыс жасайтын өздігінен жүзу кемелерінің экипаждарына командасыз баржаларды пайдалану туралы Ережеде көзделген қосымша міндеттер жүктеледі.
21. Экипаж мүшелері капитанмен жарияланған апат және дүрмек жұмыстарды орындауға міндетті. Капитанның шешуі бойынша апат жұмыстарына кемеде уақытша болатын өзге адамдар да шақырылуы мүмкін.
22. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде өзара қарым-қатынасы ресми болуы тиіс.
Қызмет бабымен өкім беру бұйрық нысанда беріледі. Бұйрық нақты да қысқа болуы тиіс. Бұйрық беруші оның дұрыс түсінілгендігін тексеруі тиіс. Бұйрық алушы оны орындаған соң да, иә болмаса оны орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда да бұл жөнінде бұйрық берушіге баяндауы тиіс.
Команда құрамының басқа тұлғасынан екінші бұйрық алушы, оның орындалуы бірінші бұйрықты орындауға кедергі келтіретін жағдайда, екінші бұйрық берушіге бұл жөнінде айтуы тиіс және бұдан әрі соның нұсқауына байланысты орындауы тиіс.
23. Қоса атқарушылық әдіспен (мамандық) жұмыс жасаушы экипаж мүшелері осы қызметтер (мамандықтар) үшін осы жарғымен анықталған міндеттерді орындайды.
III Тарау. Кемелерде қызмет жасауды ұйымдастыру негізі
24. Кемелерде қызмет жасауды ұйымдастыру бойынша кестелер негізі мынадай болады:
(01) штат кестесі;
(02) меңгермелер туралы кесте;
(03) вахта және кеме жұмыстарының кестесі;
(04) кемедегі күн тәртібі;
(05) жиыстыру туралы кесте;
(06) дабыл туралы кесте.
Кеменің түрі мен міндетіне байланысты қосымшалар кестелер құрастырылуы мүмкін.
25. Барлық кестелерді (штаттықтан басқа) бірінші штурман (командирдің бірінші көмекшісі) құрастырады, ал ол штатта жоқ болған жағдайда кемені пайдалануға бергенге дейін механикпен бірлесе отырып, капитан құрастырады. Кестені кеме капитаны бекітеді.
26. Тәулік бойы жұмыс жасайтын өз бетімен жүзетін кемелерде вахта жүргізетін команда тұлғаларына 1 және 2 кестелерде көрсетілген уақыт белгіленеді.
Командалық және қатардағы құрамның басқа мүшелеріне вахта жүргізу мен кеме жұмыстарын жасау уақытын капитан белгілейді.
1 кесте
Өз бетімен жүзетін кемелерді (жүрдектерінен басқа)
ішкі су қатынасы жолдарында пайдалану кезіндегі
команда құрамының вахта жүргізу уақыты
__________________________________________________________________________
| | Жұмыс тәртібі кезінде вахта жүргізу уақыты
| |___________________________________________________
| Қызметі | төрт | үш | екі
| | ауысылымдық | ауысылымдық | ауысылымдық
|_____________________|_______________|____________________|______________ Капитан 00-04 00-04 00-04
16-018 12-16 12-20
немесе
00-06
12-18
Бірінші штурман 08-12 08-12 04-12
21-24 20-24 20-24
немесе
06-12
18-24
Екінші штурман 04-08 04-08
18-21 16-20
Үшінші штурман 00-03 00-04
12-16 12-16
Механик 12-14 08-12 04-12
20-24 20-24 20-24
немесе
06-12
18-24
Мех. I көмекшісі 00-04 00-04 00-04
14-17 12-16 12-20
немесе
00-06
12-18
Мех. II көмекшісі 04-08 04-08 -
17-20 16-20 -
Мех.III көмекшісі 08-12 08-12 -
21-24 20-24 -
Эл. механигі 12-14 08-12 -
20-24 20-24 -
Эл. мех. I көмекшісі 00-04 00-04 -
14-17 12-16 -
Эл. мех.II көмекшісі 04-08 04-08 -
Эл. мех.III көмекшісі 08-12 - -
21-24 - -
Қызметтері (мамандығы) қоса атқарылған кезде команда құрамы кеме
жүргізу мамандығының команда құрамының тұлғалары үшін белгіленген
сағаттармен вахта жүргізеді.
2 кесте
Өз бетімен жүзетін кемелерді (жүрдектерінен басқа)
теңіз және жаға жүзулеріне пайдалану кезіндегі
команда құрамының жүріс вахтасын жүргізу уақыты
__________________________________________________________________
| | Жұмыс тәртібі кезінде вахта жүргізу уақыты |
| |____________________________________________|
| Қызметі | үш | екі |
| | ауысылымдық | ауысылымдық |
|_____________________|_______________________|____________________|
Капитан 00-04 12-20
немесе
00-06 12-18
Капитанның аға 04-08 04-12 20-24
көмекшісі 18-20 немесе
06-12 18-24
Капитанның екінші 04-08 -
көмекшісі 12-16 -
Капитанның үшінші 08-12 -
көмекшісі 20-24
Аға механик 04-12 20-24
немесе
06-12 18-24
Екінші механик 00-04 00-04 12-20
немесе
00-06 12-18
Үшінші механик 04-08 -
16-20 -
Төртінші механик 08-12 -
20-24 -
Сыңар капитан (сыңар-механик) капитан (механик) жоқ болған кезде кеме капитан (механигі) үшін белгіленген сағаттарда вахтада тұрады.
Кеме капитаны (механигі) мен сыңар-капитан (сыңар-механик) кемеде бір мезгілде болған жағдайда соңғысы өзі ауыстыратын тұлғаға белгіленген сағаттарда вахта жүргізеді.
27. Жолаушы кемелерінен басқаларындағы экипаждық әдісті жұмыстарда төрт ауысылымдық кестемен (1 кестені қара) вахта жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда үшінші штурман капитанмен бірге вахтаны 0 ден 3 сағат, ал механиктің үшінші механигі механикпен бірге 21 ден 24 сағатқа дейін вахтада болады.
28. Үш ауысылымдық кестемен (1 кесте) вахта жүргізу былай ұйымдастырылады:
(01) үшінші штурман және механиктің үшінші механигі штат бойынша көзделмеген жүк және буксир кемелеріндегі экипаждық әдісті жұмыстарда;
(02) жолаушы кемелерінде. Бұл жағдайда үшінші штурман мен механиктің үшінші көмекшісі капитан және механикпен бірге вахта жүргізеді;
(03) кемеде үш бригада болған кезде бригадалық әдісті жұмыстарда.
29. Вахтаны екі ауысылымдық кестемен (1 кесте) жүргізу бригадалық әдісті жұмыс кезінде әрбір бригаданың кемеде 15 күннен асырмай болуы арқылы ұйымдастырылады.
30. Ішкі су жолдарында және теңіз суларында капитанмен (сыңар-капитанмен, капитанның ауысылым көмекшісі, командирдің ауысылым көмекшісі және т.б.) басқарылып, бортта бір бригада болған кезде экипаждың бригадалық әдіспен кемеде жұмыс істеуі ауысылым ұзақтығы 12 сағаттан аспайтын жағдайда ұйымдастырылады.
Бригадалардың ауысылым тәртібін кеме иесі белгілейді.
Тәуліктен аз жұмыс істейтін кемелер (жүрдектерін қоса) түнгі тұрыс пунктінің жауапты кезекшісінің қорғауына тапсырылуы мүмкін. Тұрыс тәртібі кеме иесімен анықталады.
31. Теңіз және жағалау жүзулерінде кемелерді пайдалану кезінде вахта жүргізу былай ұйымдастырылады:
(01) кемеде үш бригада болған жағдайда, жұмыстың экипаждық және бригадалық әдісінде үш ауысылымдық кесте (2 кестені қара) бойынша;
(02) бір бағытқа ету 8 сағаттан аспайтын желілерде жұмыстың бригадалық әдісінде екі ауысылымдық кесте (2 кестені қара) бойынша. Бұл жағдайда әрбір бригаданың кемеде болуы 15 тәуліктен аспауы тиіс.
32. Аралас жүзулерде кемелерді пайдалану кезінде вахта жүргізудің 1 кестеде көзделген төрт ауысылымдығынан және үш ауысылымдығынан 2 кестеде көзделген үш ауысылымдығына ауысу және керісінше, әдеттегідей кемені теңізге шығар алдында және теңізден келердегі рәсімдеуге тұрған кезде жүргізіледі. Теңізде немесе жағалау жүзулерінде немесе ішкі су жолдарында өту ұзақтығы 24 сағаттан аспағанда капитан вахтаны ауыстырмауы мүмкін. Бұл жағдайда теңіз суларында капитан мен механик вахтаны кесте бойынша жүргізуден босатылады.
33. Ішкі су жолдарында, теңізде және жағалау жүзулерінде пайдаланылатын жүрдек кемелер экипаждарының жұмысы бригадалық әдіспен ұйымдастырылады. Егер бортта бір бригада болған кезде жол уақыты 8 сағаттан аспаған жағдайда, кеме бортында (сыңар-капитанмен, капитанның ауысылым көмекшісі, командирдің ауысылым көмекшісі және т.б.) басқарылатын бір бригада болуы мүмкін. Бұл жағдайда қозғалыс кестесінде қарастырылғандай аялдаулар әрбір екі сағаттан аспауы тиіс. Демалуға және тағамдануға арналған бір аялдаудың уақыты кемінде 30 минут, бұл жағдайда аялдауға дейінгі және одан кейінгі жол уақыты 4 сағаттан аспауға тиіс.
Жүзу жағдайы бойынша кеме бортында бір бригада бола тұрып пайдалынылмауы мүмкін болғанда, сондай-ақ жол уақыты 8 сағаттан асқан соның салдарынан бригада ауыстыру мүмкін болмағанда, кеме бортында екі бригада болуы тиіс біреуін капитан, сыңар-капитан (капитанның ауысылым көмекшісі) басқарады.
Басқару постында тұрған экипаж мүшелерінің вахта ауысылымы тең уақыт сайын, бірақ 4 сағаттан аспай жүргізіледі.
Жол уақыты аралық пункттерде қысқа (30 минутқа дейін) аялдауларды ескере отырып анықталады.
34. Өз бетімен жүзетін және жүзбейтін жер снарядтары мен түп қазу снарядтарындағы команда құрамының тұлғаларына вахтада тұру және жұмыстарды орындау уақыты кеме иесі, ал қатардағы құрамға - командир белгілейді.
Өз бетімен жүзетін жер снарядтары мен түп қазу снарядтарының қозғалысы кезінде команда құрамының тұлғалары 26-32-баптарға сәйкес вахта жүргізеді.
Шаландалардың, шаландиршілердің және мотоәкелушілер капитандары, брандвахта және баржалар мен керуен құрамына кіретін басқа кемелердің шкиперлері өндірістік-технологиялық қызмет мәселелері бойынша командирге (командирдің ауысылым көмекшісіне) бағынады.
35. Кемені пайдалану кезінде экипаж мүшелерін жұмысқа алу және жұмыстан босату (әрі қарай кеменің тіркелген орнындағы кадрлар бөлімінде ресімдеумен), демалыс беру, көтермелеуді, сыйақыны хабарлау капитанның бұйрығымен ресімделеді.
36. Капитанның нақты жағдайларға немесе кеменің ерекшелігіне, сондай-ақ штат кестесіне байланысты экипаждың жекелеген мүшелерінің арасында міндеттерді бөлуге құқығы бар.
IV Тарау. Команда құрамы
Жалпы ережелер
37. Кеменің команда құрамына кемені басқару мен оны пайдалануда жеке қатысатын бағыныштыларды басқару жүктеледі.
38. Команда құрамының міндеті:
(01) өзінің қарамағындағылардың еңбегін дұрыс ұйымдастыру, еңбек өнімділігін өсіру үшін жағдай жасау, сондай-ақ кемедегі өндірістік міндеттерді шешуге экипаж мүшелерінің қатысуын қамтамасыз ететін жағдайлар туғызу;
(02) өзінің жүріс-тұрысы, еңбегімен экипаж мүшелерінің барлығына үлгі болу, кемеде тәртіпті сақтау;
(03) өзінің қарамағындағыларды жан-жақты білу, жеке және іскерлік қасиеттерін зерттеу, оларға өзінің кәсіптік білімі мен тәжірибесін беру;
(04) қарамағындағыларға қамқорлық жасау және оларда күнделікті ерлік, адалдық, еңбексүйгіштік, саналы тәртіптілік бастамашылық, техниканы игеру, флотты сүюге ұмтылу;
(05) кемеге жаңа экипаж мүшелерін алған кезде қарамағындағы тұлғаларды олардың жұмыс бойынша және дабыл жөніндегі міндеттерімен, кеме кестелерімен, еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және санитарлық ережелер мен нұсқаулықтармен таныстыру;
(06) қарамағындағылардың кеме кестелері жөніндегі міндеттерін білу;
(07) қарамағындағылардан Қазақстан Республикасының заңдарын, өзінің міндеттерін, қолданылып жүрген ережелерді, нұсқауларды, бұйрықтарды, нұсқаулықтарды және өкімдерді дәл орындауын талап етеді және осы орындауды бақылау;
(08) өз қарамағындағыларды келесі рейстің міндеттері мен ерекшеліктері туралы хабар ету;
(09) экипаж мүшелерімен техникалық сабақ өткізу;
(10) кеме техникасына техникалық қызмет көрсетуді өткізудің күнтізбелік жоспарын құрастыру мен бекітуге ұсыну;
(11) алдыңғы қатарлы кеме экипаждарының тәжірибесін зерттеу, жалпылау және өз кемесіне енгізу.
39. Команда құрамының тұлғалардың алмасуы кезінде тапсырушы қабылдап
алушыға акт бойынша құжаттарды, есеп беру, басқару және өзіне бекітілген
материалдық құны бар заттарды беруге міндетті; акт капитанмен бекітіледі.
Капитан
Жалпы ережелер
40. Капитан кеме экипажының бірыңғай басшысы және басқарушысы, кеме иесінің өкілетті өкілі болып табылады.
41. Капитан кеме басқарады және кеме қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажет шаралар қолданады; ішкі су жолдарында жүзу кезінде кемені жүргізуді басқарады, ал теңіз және шетел суларында - оны жүзеге асырады.
Капитан кемеде тәртіп ұстауда, кемеге, оның үстіндегі адамдар мен жүктерге зиян етуді болдырмауға барлық шараларды қолданады.
42. Капитан кеме иесіне тікелей бағынышты. Кеме қызметіне жататын барлық нұсқаулар тек қана оның орындалуына жауапкер капитанға беріледі.
43. Кеме бортында жоғарғы қызмет тұлғаларының болуы оның өз қызметін орындаудағы капитанға артылған міндеттерді орындау жауапкершілігінен босатпайды.
44. Капитанның өз құзырына жататын өкімдерін кемедегі барлық тұлғалар мүлтіксіз орындауға міндетті.
Капитан кеме экипаждарын саралау мен қоюға қатысады, кемеде мамандардың тұрақтануына шаралар қолданады.
Капитанның өкімдерін кемедегі тұлғалардың қайсыбірі орындамаған жағдайда, ол бұл тұлғаларға қатысты өз құқығы құзырында шаралар қолданады.
Керек жағдайларда капитан қызмет міндетін орындаудан экипаждың кез келген мүшесін босатуға, кемеден кетіруге және кадрлар бөліміне жіберуге құқылы.
45. Капитан мыналарды қамтамасыз етуге міндетті:
(01) кемеде Қазақстан Республикасы мемлекет үкіметі мен мемлекет басшылығы заңдары мен басқа да құжаттардың орындалуын;
(02) табиғат ортасын қорғау шараларының орындалуын;
(03) кеме, адамдар мен жүктер қауіпсіздігін, өндірістік қызметтер мен кемені және кеме техникасын техникалық пайдалануды қамтамасыз етудегі ережелер, нұсқаулар, нұсқаулықтар мен басқа да нормативтік құжаттар тәртібін орындауды;
(04) мемлекеттік құпияны сақтауға керекті шараларды қолдануды;
(05) экипажды тәрбиелеу жұмысы мен моральдық жағдайындағы жоғарғы деңгейді;
(06) қозғалыс графигі (кестесі) өндірістік жоспарын, кеме жұмысының тапсырымдағы көрсеткіштерін орындауды;
(07) жүзу қауіпсіздігін қадағалау және басқа да бақылау органдарының (еңбек техникалық инспекциясының, су көлігі Департаментінің, санитарлық инспекцияның, өртті қадағалау т.б.) нұсқаулары мен талаптарын орындауға; кемені уақытысында қарауға және куәландыруға көрсетуді;
(08) еңбек тәртібін сақтау және жалпы кемелік, вахталық және штурмандық қызметтерді ұйымдастыру; экипаж мүшелерін уақытысында бұйрықтармен, өкімдермен, нұсқаулармен, сондай-ақ рейске шығу тапсырысымен және болатын рейстің ерекшеліктерімен таныстыруды;
(10) экипаждың экономикалық және техникалық оқуын, командалық және қатардағы құрамдардың және штурмандардың (кеме көмекшілерінің дербес дайындығындағы біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мен бақылауды);
(11) экипажы кеменің өміршеңдігі үшін күресуге, су үстінде құтқару әрекеттеріне дайындауды ұйымдастыру, сондай-ақ осы дайындықты бақылауды;
(12) еңбек заңдылықтарына және Өзен кемелерінің жүзу құрамдарының демалуы мен жұмыс уақыты туралы қағидасына сай еңбек пен демалыс режимі;
(13) кемеде алдыңғы қатарлы жұмыс тәжірибесін енгізу және оны жетілдіруді;
(14) курсанттардың, студенттер мен оқушылардың тәжірибесіне жалпы басшылық, кеме жүргізу мамандығы тұлғаларын өтілден өткізуге тікелей басшылық етуді.
46. Капитанның міндеті:
(01) кеме кестесін тексеру және бекіту;
(02) командалық құрамның қызметтеріне басшылық жасау;
(03) вахталық (бірыңғай вахталық, кеме), машиналық, электротехникалық (электроходтар мен дизельэлектрлік жер снарядтарында), радиотелеграфтық және басқа белгіленген журналдары, сондай-ақ кеме қараудың бірыңғай кітабын, іс жүргізуді, есептік және басқа құжаттарды уақытысында жүргізуді бақылау;
(04) қала су құбырынан ішетін су алу, кейіннен ішетін су дайындау станциясында (ІСДС) жасайтын борт сыртынан су алу Тіркеу журналын, шаруашылық-тұрмыс және фекальдық ағындарды тапсыру-шығару, құрғақ қоқыс, тағам қалдықтарын контейнерлерін тапсыру, слан астындағы суды тапсыру;
(05) қажет карталар мен навигациялық әдістеме кітапшаларын, түзеу материалдарын уақытылы алуды бақылау және штурмандық құжаттарды түзеу сапасына қарау;
(06) кеме құжаттары мен мөрін сақтау;
(07) кемеде бақытсыздық жағдайлар болғанда жәбірленушілерге қажетті медициналық көмек көрсетудегі шараларды қабылдау, болған бақытсыздық жағдай туралы кеме иесіне және тиісті кәсіподақ комитетіне хабарлау, белгіленген тәртіпте тергеу жүргізу;
(08) кеме, адамдар мен жүктер қауіпсіздігіне төнген жағдайлар мен оқиғаларда бұл туралы кеме иесіне хабарлап осы жағдайлар мен оқиғаларға, алынған нұсқаулар мен кепілдемелерге сай іс-қимыл жасау;
(09) кеме апаты болғаны туралы жүк зақымданғанда және бұзылғанда, сондай-ақ басқа да осындай жағдайларда қажетті органдарға болған жағдай туралы хабарлау, сонымен қатар оқиғаның салдарын жою мен себептеріне шаралар қолдану және белгіленген тәртіпте керек құжаттарды толтыруды қамтамасыз ету;
(10) кеменің өміршеңдігі үшін күресудегі, су үстінде адамдарды құтқарудағы экипаждың іс-қимылдарына басшылық жасау;
(11) басқа кемемен соқтығысқанда, басқа кемеге, құрамға, плотқа соққанда, басқанда көмек қажеттілігін сұрау және өз кемесіне, экипажына және жолаушыларға өте қауіпті болмаған жағдайда көмек көрсету; соқтығысқан кеме капитанынан кеменің атын, тіркелген, шыққан және баратын жерін, алған зақымның аумағын сұрау; осыған ұқсас өз кемесі бойынша мәліметтерді соқтығысқан кеме капитанына хабарлау және қажет құжаттарды толтыру.
47. Капитан бірінші штурманмен және механикпен бірге, Өзен көлігін техникалық пайдалану Ережелері талаптарына сай, кемені, кеме техникасын және оны жабдықтауды олардың күйі мен мазмұнына бақылау жасау мақсатында қарауға міндетті.
48. Кемеге және ондағы адамдарға қауіп төнген жағдайда кемеге немесе адамдарға көмек көрсету үшін капитанның кеменің негізгі қозғалтқыштарының немесе өзге механизмдерінің жұмыс режимін белгіленген нормадан асыруға құқығы бар; берілген бұйрық жөнінде кеме журналына тиісті жазу жазылады.
49. Кемеде болған әрбір бала тууы немесе қайтыс болу жағдайы кеме капитаны екі куәгердің және кеме дәрігері немесе фельдшерінің қатысуымен акт жасайды.
Сонымен қатар, қайтыс болу жағдайы туралы капитан жедел түрде кеме иесіне хабарлайды және соның нұсқауымен іс-қимыл жасайды.
50. Қылмыс жасағаны туралы күдік туғызған тұлғаны немесе іс-қимылы қылмыстық-жазалау белгісіне жатпайтын, бірақ кемеге, ондағы адамдарға не мүлікке қауіп төндіретін тұлғаны ерекше үй-жайға қамауға және ең бірінші мүмкіндік туғанда оны тиісті үкімет орындарына тапсыруға құқықты.
51. Экипаждың барлығы немесе оның басым бөлігінің қатысуымен орындалатын жұмыстарға капитан, белгіленген тәртіппен бекітілген тізбеге сәйкес аврал жұмыстарын жариялайды.
52. Капитан ауырған жағдайда кемені басқаруды бірінші штурманға, оның дипломы бар-жоғына қарамай уақытша тапсырады, ол жөнінде жедел түрде кеме иесіне, ал шетел портында Қазақстан Республикасының консулына баяндайды.
Кеме журналына басқару тапсырылған күні мен уақыты, кеме тұрған жер оның күйі, жүгінің, балластың, ішетін суы және азық-түлік қорының бар екендігі және басқа мәліметтер жөнінде жазылады.
53. Капитанның өзіне қолданылып жүрген ережелерге сәйкес берілетін диспетчерлік байланыс құралдарын пайдалануға құқығы бар.
54. Капитанның Қазақстан Республикасының өзен көлігі қызметкерлерінің тәртібі туралы Жарғысына сәйкес кеме экипажы мүшелеріне тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу шараларын қолдануға құқығы бар.
Капитанның кемені қабылдау және тапсыру кезіндегі міндеттері
55. Капитанның пайдаланудағы кемені қабылдау кезіндегі міндеттері:
(01) команда құрамынан сеніп тапсырылған меңгермесінің күйі туралы, кеме және нормативтік құжаттамаларының, іс-қағаздарының, есеп беру және мүліктерінің бар екендігі туралы жазбаша мәлімдемелер талап ету;
(02) экипажбен танысу;
(03) кеме құжаттарын, мөрді ақша сомаларын және ақша құжаттарын қабылдау;
(04) кеме тапсырушы капитаннан кеменің сындарлы ерекшеліктері, оның пайдалану және теңізде жүзу қасиеттері, жүк операцияларының барысы және кеменің келесі рейске әзірлігі (жөндеу барысы туралы), болған апат жағдайлары және оның салдары туралы қажетті мәліметтерді алу;
(05) кеменің өндірістік жоспары және оның орындалуымен танысу;
(06) кемелерді тапсырған капитанмен бірге бірінші штурман және механиктің ілесуімен кемені қарау, қажетті түсіндірмелер мен мәліметтер алу;
(07) кеме дабылы бойынша экипаждың жұмыс өтеу іс-қимылын тексеру;
(08) қажет болған жағдайда кеме корпусына, қозғағышына, руль органы өзге борт сыртындағы қондырғыларға су асты бақылауын жүргізуді талап ету.
Кемені тапсыру мен қабылдау нәтижелері бойынша акт жасалады, бірінші данасы кеме иесіне жіберіледі.
56. Тағайындалған капитанның тапсыру-қабылдау және міндетті орындауды бастау уақыты кеме журналында белгіленеді, тапсырушы және қабылдаушы капитанның қолдары қойылады. Жаңадан тағайындалған капитан міндетінің басталғаны туралы кеме бойынша бұйрықпен жарияланады.
57. Кеме тапсыру мен қабылдау қысқа мерзімде жүргізілгенде капитанның екеуі де кемені қабылдау-тапсыру, ақша сомалары мен құжаттары туралы акт жасайды және қол қояды. Актіде тапсыру кезінде қабылданбаған объектілер жөнінде көрсетіледі. Кемені басқаруға қабылдау-тапсыру күні мен уақыты тапсырған және қабылдаған капитанның қол қоюы арқылы кеме журналында белгіленеді, сонан кейін осы Жарғының 55-бабына сәйкес жаңадан тағайындалған капитан кемемен танысады, бұрын жасалған актіге қосымша акті жасайды және оны кеме иесіне жібереді.
58. Кемені жасаушы зауыттан, сондай-ақ тұрымнан, жөндеуден және т.б. қабылдау кезінде капитанның міндеттері тиісті құжаттармен анықталады.
Капитанның кеме портта тұрған кезіндегі міндеттері
59. Портқа келу бойына капитан кемені және қажетті құжаттарды порт әкімшілігіне және бақылаушы органдарға ұсыну үшін әзірлеуге міндетті.
60. Капитанның кеме портта тұрған кездегі міндеті: кеменің қауіпсіз тұруын қамтамасыз ететін шараларды қабылдау, жүк операцияларын және кемені жабдықтау мен жөндеу жұмыстарын орындауға дайындау; экипажбен жергілікті (порттық) ережелердің орындалуын қамтамасыз ету; портта немесе жағалаудағы аймақтарда апат жағдайы болғанда өртті сөндіруге немесе көмек көрсету үшін порт әкімшілігінің (кеме қауіпсіздігіне зиян келтірмей) талап етуі бойынша экипаж бен кеме құралдарын ұсыну.
61. Капитан кемеге жүк қабылдар алдында тиеу сызбасын немесе жүк жоспарын (теңізге шығатын кемелер үшін) жасауды белгілеуге міндетті және белгіленген нұсқаның жүзу қауіпсіздігін, кеменің теңізде жүзу тиісті қасиетін және жүк сақталуын қамтамасыз еткеніне көзі жеткенде, оларды бекітеді. Капитан жүк тасымалдау ережелеріне қайшы келген жағдайда немесе кеме не адамдар қауіпсіздігіне қауіп төндірген жағдайда жекелеген жүктерді қабылдаудан бас тартуы мүмкін.
62. Жүк тиеу кезінде капитан, белгіленген жүк сызбасынан (жүк тиеу жоспары) туындайтын және жүк тиеу жұмыстарының ережелерімен, қалқушылық хабарламасымен, тасымалдау ережелерімен және басқа да ережелермен ойластыра отырып, трюмдерде және палуба бетінде жүктердің дұрыс жайғастырылуы, жиналуы мен бекітілуіне, балласт пен отынның орналастырылуына, сондай-ақ бас және басқа палубаларға жүктеудің белгіленген нормалардан аспауына бақылау жасауға міндетті. Егер, өндіріс технологиясы бұзылса және жоғарыда көрсетілген құжаттардың талаптарынан шегініс жіберілсе, капитан жүк операцияларын тоқтатуға құқығы бар.
63. Жағаға шығарда капитан, бірінші штурман мен вахта бастығына (капитанның вахталық көмекшісіне) кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті жұмыстар мен шаралар қабылдаудың орындалуы туралы ауызша немесе жазбаша нұсқау беруге және өзінің барар жерін айтуға міндетті.
64. Кеменің рейске шығар алдындағы капитанның міндеттері:
(01) рейске тапсырма алу кезінде команда құрамымен болатын рейстің ерекшеліктерін талқылау, навигациялық карта мен құралдар арқылы жүзу ауданымен танысу, болуы мүмкін қиындықтарды қарау, әртүрлі жүзу жағдайларында қайсы-бір іс-қимылдарының қажеттілігін түсіндіру және экипаждың барлық мүшелеріне рейстің негізгі міндеттері мен ерекшеліктерін жеткізу туралы нұсқау беру;
(02) кемені жүзуге дайындау барысына басшылық жасау;
(03) егер, вахтаға шығар алдында қызмет міндеттерін орындаумен айналысқан немесе кеме бойынша жұмыстар жасаса, вахталықтарға демалыс беру;
(04) теңіз аудандарына шығатын кемелерде алдын ала кеме жолын айқындауды (алдын ала айқындауды тексеру, егер ол капитанның бір көмекшісімен орындалса) жасау.
65. Кеменің шығуы алдында капитан ауа райымен, бұрқасын ескертулерімен танысуға, белгіленген уақытта бірінші штурманнан, механиктен және радиостанса бастығынан (радиооператордан) кеменің рейске дайын екендігі, бортта экипаж мүшелерінің бар екендігі және кеме үстінде өзге тұлғалардың жоқтығы туралы мәлімдемелер қабылдауға міндетті.
66. Егер, экипаждың қайсы-бір мүшесі не кемедегі тұлғаның (экипаж штатына, жолаушыларға және т.б. жатпайтын лауазым тұлғалардың) белгіленген кету уақытына келмегені жағдайында капитан бұл жөнінде порт әкімшілігіне немесе кеме иесіне, ал шетелде Қазақстан Республикасының консулына кемеге келмеген тұлғаның тегі, аты, және әкесінің атын, қызметін, кемеден кеткен уақытын атай отырып, хабарлайды. Сонымен қатар, капитан бұл тұлғалардың кемеге қайтып оралуына мүмкін шараларды қолдануға міндетті.
67. Егер, жүзу жарамдылығы туралы кеме құжаттарының қолданылу мерзімі алдын ала белгіленген рейс аяқталатын уақыттан ерте бітсе және ол рейсте ұзартылуы мүмкін болмаса немесе кемені жабдықтау, оның күйі, тиелуі, кеме техникасы тиісті құжаттардың талаптарына жауап бермесе және кеме қауіпсіздігін қамтамасыз етпесе, не жұмыс қауіпсіздігінің талаптары орындалмаса, капитанның рейске шығуға құқығы жоқ.
Жоғарыда көрсетілген жағдайлар туралы капитан уақытында порт әкімшілігіне, кеме иесіне және тиісті бақылау органдарына хабарлауға міндетті.
Капитанның жүзу кезіндегі жалпы міндеттері
68. Жүзу кезіндегі капитанның міндеттері:
(01) жүзу талаптары мен жағдайларының өзгерістерін бақылап отыру және дер кезінде алдын алу шараларын қабылдау, навигациялық, гидрометеорологиялық және басқа белгіленген ақпарат түрлерін алуға тұрақты бақылауды жүзеге асыру;
(02) кеме жүргізудің ерекше қиын және қауіпті жағдайларында ішкі су жолдары учаскелерінде кеме жүзу кезінде вахта бастығының шақыруымен жедел көпіршікке шығу және жағдай талап еткен уақытқа дейін сонда болу;
(03) жүзу ауданының арнайы лоциясын зерделеу және соны штурмандардан талап ету;
(04) борт сыртына адам құлаған кезде оны құтқару шараларын қабылдау және іздеуді ұйымдастыру; капитан іздеуден нәтиже шықпайтынына әбден көзі жеткен соң ғана іздеу ауданынан кете алады;
(05) зәкірмен кабель-сымы көтерілген жағдайда бұл жөнінде жедел түрде жақын арадағы портқа оны көтеру орны мен уақытын көрсете хабарлайды және алынған нұсқауларға сәйкес іс-қимыл жасайды.
69. Міндетті лоцмандық өткізу аудандарында жүзу кезінде капитан лоцман алуға міндетті. Лоцмандық өткізу міндетті емес аудандардан өту кезінде капитан қажет деген жағдайларда лоцман алуына болады. Кемеде лоцманның болуы лоцмандық өткізуде капитанның өзіне жүктелген міндеттерін жоймайды.
70. Лоцмандық өту кезіндегі капитанның міндеттері:
(01) лоцманды қарсы алудың және бортқа алудың және оны кемеден түсірудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, лоцманға үй-жай бөлу және тамақ беру;
(02) бортқа лоцманды алу, кемені өткізуге қажетті мәліметтерді оған беру, кемені басқару ерекшелігімен таныстыру, рульге команда беру шарттарымен келісу;
(03) көпіршіктен кетер кезінде өзі болмаған кезде орнын басатын тұлғаны лоцманға көрсету;
(04) Кемені өткізу кезінде жүзу қауіпсіздігінің сақталуын бақылау. Лоцманның нұсқауларының дұрыстығына күмәнданған жағдайда оны қызметінен бас тарту. Бұл жағдайда міндетті лоцмандық өткізу қажет емес аудандарда өзі болады, ал міндетті лоцмандық өткізуді қажет ететін аудандарда басқа лоцманды шақырады.
71. Кеме мұздақ, бұрқасынды және басқа жүзуге қауіпті аудандарға жақындаған кезде капитан тәлімгерлік, нұсқаулық және басқа құжаттарға, сондай-ақ нақты жағдайларға сәйкес тиісті шаралар қабылдауға міндетті.
72. Капитан өзінің кемесіне, экипажына және жолаушыларға қауіп төндірмей, егер осыны жасай алса, мыналарды істеуге:
(01) мерт қаупі төнген кез келген кемеге және су бетінде табылған тұлғаға көмек көрсету;
(02) апатқа ұшырағандарға бар жылдамдықпен жетуге мүмкіндік жасау.
73. Капитанның ойы бойынша кемеге мерт болу қаупі анық төнгенде, ол кемедегі адамдарды құтқарудың барлық шараларын қабылдауға міндетті. Барлық шаралар қабылданып болған соң капитан кеме экипажына кемені қалдыруға бұйрық етеді.
Адамдарды құтқару кезінде капитан бірінші кезекпен балаларды, ауруларды, әйелдер мен кәрілердің құтқарылуын қамтамасыз етуі тиіс. Кемелік, машиналық, радиотелеграф журналдарын, осы рейстің картасын, құжаттар мен құндылықтарды құтқарудың барлық шараларын қабылдап болған соң капитан кемені ең соңынан қалдырады.
Капитанның теңіз навигация әдістерін қолдануды
талап ететін теңізде және ішкі су жолдарының
учаскелерінде жүзу кезіндегі міндеттері
74. Кеменің жүзу және жүктердің сақталу қауіпсіздігін, рейстің максималды тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, капитан Су көлігі департаментінің құжаттарында көрсетілген жағдайлар мен шектеулерді ескере отырып, қажетті жолды таңдауға құқығы бар.
75. Капитанның міндеті:
(01) бағыт және оған түзетулер енгізе отырып, орындаушы айқындықты жүргізетін навигациялық карталардағы алдын-ала айқындауды жүргізу;
(02) бас қозғалтқыштардың жұмыс тәртібі мен оларды және руль қондырғыларын басқару тәсілдерін тағайындау;
(03) штурмандардан кеменің орынын қажетті жиілікпен барлық жүргізу тәсілдерімен және құралдарымен орындаушы айқындықты қажетті дәлдікпен қамтамасыз ететін есептеуді және анықтауды жүргізуін талап ету;
(04) басқа кемелерге және жақын мекендердегі жағалаудағы өкіметтерге, егер ол туралы ешқандай хабар болмаса, жолда кездескен мұздар, жүзудегі сынықтар, бұрқасындар, үсіген және басқа қауіптер туралы шұғыл түрде хабарлау.
76. Бағытты, басқару тәсілін және бас қозғалтқыштардың жұмыс тәртібін тағайындай және өзгерте отырып, капитан бұл туралы вахталық бастықты құлақ қағыс етуге міндетті. Тек қана осы Жарғының 249 және 250 баптарында көрсетілген жағдайларда вахта бастығынан басқа, капитанның рұқсатынсыз ешкімнің ол тағайындаған бағыт пен қозғалтқыштардың жұмыс тәртібін өзгертуге құқығы жоқ.
77. Портқа кіру және шығу кездерінде, тар жерлермен жүргенде, үдемелілік кеме қатынасы аудандарында жүзу кезінде, жағаға және қауіпті жерлерге жақындағанда, көрінуі шектелген жағдайларда және мұздардың ішінде жүзген кезде, кемені бекіту кезінде, және басқа өте күрделі жүзу жағдайларында капитан көпірше үстінде болуға және кемені өзі басқаруға, экипаждың қырағылығының жоғары дәрежеде болуына және вахта қызметін күшейтуге міндетті.
Бас қозғалтқыштар жүрістің қайсібір өзгеруіне, ал зәкірлер - ағытуға дайын болулары керек (тиімділігіне байланысты).
Егер бұл жағдайларда жүзу көп уақытқа созылып кетсе (12 сағаттан асса), капитан, қалыптасқан жағдайға сай, кемені басқаруды бірінші штурманға сеніп тапсырып, уақытша көпіршеден кетуге мүдделі.
78. Аумақтық ішкі суларда және басқа тәртібі шектелген (кеден, санитарлық және т.б.) аумақтарда немесе жергілікті ережелерге (немесе барлығын қоса) құзыретті жерлерде, капитанның оларды білуі және соларды жетекшілікке алуы тиіс.
79. Шетел рейсінен шетел портына немесе қазақстандық портқа келген бойда капитан санитарлық, кеден шекара және басқа да өкіметтердің тиісті рұқсатын алғанша, кеме үстіндегі ешбір тұлғаның жағамен байланысуына шаралар қолдануға міндетті.
80. Кеме шетел портына келу бойына капитан бұл туралы Қазақстан Республикасының консулын құлаққағыс етуге және оған кеме туралы және жүзу жағдайлары туралы хабарлауға міндетті.
Консулдың барлық нұсқаулары, оның ішінде шетел портының кемесін ұстауы да, капитанға міндетті болып табылады.
81. Рейс аяқталысымен, капитан кеме иесі алдында белгіленген тұрғыда есеп беруге міндетті.
82. Кеме үстінде мүмкіндік болмай, ауруға жедел білікті медициналық қажеттік туындаған жағдайда, капитанның кеме иесін құлаққағыс ете отырып, жақын портқа кіруі тиіс.
83. Теңізде зардап шеккен кемеге көмек көрсету кезінде, капитан адамдарды құтқару үшін барлық шараларды қолдануға міндетті, жүкті және басқа мүліктерді құтқару шараларын капитан қолданымдағы ережелерге сай құтқару туралы келісім-шартқа қол қоюға тиіс зардап шеккен кеме капитанының келісімімен ғана қолдануы мүмкін.
Зардап шеккен кеме капитаны құтқару туралы келісім-шартқа апат және басқа себептермен қол қоя алмайтын жағдайларда, капитан мұндай келісімге бірінші мүмкіндікте оның келісімімен кепілденеді, ол туралы кеме журналында жазылады.
84. Теңізде экипажы тастап кеткен кемемен кездескенде, капитан бұл туралы кеме иесіне шұғыл түрде баяндауға және бұдан әрі қарай оның нұсқауымен іс-қимыл жасауға міндетті.
Капитан кеме журналында тастап кеткен кеменің орнының координаттарын, жазып, бұл туралы жақын портқа және басқа кемелерге хабарлауға міндетті. Тастап кеткен кемені шетел портына қарай тіркемеге алу туралы нұсқау алған жағдайда капитан бұл туралы баратын елдегі Қазақстан Республикасы консулын және тиісті порт әкімшілігін құлаққағыс етуге міндетті.
85. Егер кемеге зардап төнген жағдайда және оған көмек керек кезде, капитан басқа кемеден көмек алу үшін, барлық қажет мүмкіндік шараларын қолдануға міндетті.
86. Кеме мерт болғанда, оның экипажы қай жерге апарылмағанына қарамай, капитан құтқарылған тұлғаларға қатысты өзінің барлық құқықтары мен міндеттерін толық сақтайды. Егер экипаж шекарадан тыс портқа апарылса, капитан оны Қазақстан Республикасы тез арада жеткізуге барлық мүмкін шараларды қолдануға міндетті.
87. Егер экипаж бен жолаушылар шетел кемесімен құтқарылса, капитан шетел кемесі бортындағы азаматтар осы кемеде белгіленген абырой мен қасиеттерді сақтауы үшін барлық шараларды қолдануға міндетті.
Кеме жөндеу кезіндегі капитанның міндеттері
88. Кемені жөндеуге қояр алдында капитан жөндеу жұмыстарының аумағын анықтап, нормативтік құжаттарда көрсетілген дайындау және жөндеуді жүргізу жұмыстарының шараларын орындауды қамтамасыз етуге міндетті.
89. Жағалау қызметтерінің техникалық қызмет көрсетуі кезінде, навигация кезіндегі жөндеуде және жауапкершілікке қабылдамай кемені жөндеу кезінде капитан жөндеу жұмыстары жүру барысына және өрт қауіпсіздігін сақтауға тұрақты бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.
90. Кемені слипке көтеру кезінде (доктан шығарарда) капитан экипаж жұмысына жеке басшылық жасауға міндетті. Слипте тұрғанда (докта) капитан слип (док) әкімшілігіне қолдан келгенше жәрдем көрсетуі, сондай-ақ қолданымдағы нормативтік құжаттарға сай кемелердің слипте (докта) тұру ережелерін сақтауға міндетті.
91. Кемені слипке (докка) орнатқаннан соң, капитан бірінші
штурманмен, механикпен және басқа мамандармен бірге корпустың,
түпкі-қабырға арматураларын, қозғалу-рульдік комплекстің сыртқы қарауын
жүргізуге және олардың күйі туралы акт жасауға міндетті. Кемені слиптен
түсіру (доктан шығару) алдында сондай қарау тағы да өткізіледі.
92. Орындалған жұмыстарды қабылдау мен жөндеудің аяқталуы белгіленген
тәртіпте актімен ресімделеді.
Капитан-дублер (капитанның ауысу көмекшісі)
93. Капитан-дублер капитанның жоқ кезінде осы Жарғымен, оның 55-59
баптарынан басқа жағдайларда оның құқықтарын қолданады және міндеттерін
атқарады.
Капитан мен капитан-дублердің кемеде бір мезгілде болған кезінде
соңғысы ол ауыстыратын тұлғаның міндеттерін орындайды, және оның
құқықтарын пайдаланады.
Капитанның бірінші көмекшісі (шетелге шығатын кемелерде)
94. Капитанның бірінші көмекшісі тікелей капитанға бағынады.
Капитанның бірінші көмекшісінің оның құзырындағы нұсқаулары мен
тапсырмаларын экипаждың барлық мүшелері орындауға міндетті.
95. Капитанның бірінші көмекшісі өзінің жұмыс тәжірибесін Қазақстан
Республикасы кемелеріндегі капитанның бірінші көмекшісі туралы Ережеге сай
ұйымдастырады.
96. Кеме және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, капитанның бірінші
көмекшісі экипаж мүшелері арасында теңіз және өзен флоты дәстүрлеріне сай
тәрбие жұмысын жүргізеді, экипажды өндіріс тапсырыстарын орындауға
жұмылдырады.
97. Капитанның бірінші көмекшісі экипаж мүшелері арасында тәрбие,
ынтымақ, мәдени-ағарту және спорт жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ
радиотарату жүйесінің, телевизия аппараттары мен киноқондырғы жұмыстарымен
қамтамасыз етеді.
98. Капитанның бірінші көмекшісі кеме кітапханасы жабдықтауға,
экипажды мезгілді басылымдармен, мәдени-спорт құралдарымен, кинофильмдермен
қамтамасыз етуге міндетті.
99. Капитанның бірінші көмекшісі тұру, жұмыс дипломы бар болса - жүру
вахталарына тартылуы мүмкін.
Бірінші штурман (капитанның аға көмекшісі,
капитанның бірінші көмекшісі)
100. Бірінші штурман тікелей капитанға бағынады және оның бірінші орынбасары болып табылады, оған әкімшілік ретінде экипаждың бәрі бағынады.
Капитан өз міндеттерін орындауға мүмкін болмаған жағдайда, кеменің рейстегі кезінде бірінші штурман осы жарғының 52 бабына сай, кеме иесімен анықталатын мекенге асу кезеңіне (10 күннен аспай), ал теңізде жүзгенде - бірінші кіретін портқа дейін тікелей басқаруды қабылдайды.
101. Кеме штурманы штурмандардың жұмысын басқарады және палуба бөлігі және тұрмыстық қызмет жасау бойынша экипаж мүшелерінің бастығы болып табылады.
102. Кеме штурманының кеме экипажының осы Жарғы бойынша анықталатын жалпы міндетіне, атап айтқанда, жалпы кеме қызметін ұйымдастыру, күн тәртібі бойынша, кемеде тәртіп сақтау, сондай-ақ авралдық жұмыстар бойынша, кеме дабылы, кемені жеткілікті санитарлық жағдайда ұстау, киім үлгісін сақтау және оның қонымдылығы, капитанның бұйрықтары мен жарлықтарын орындауға қатысты нұсқауларын экипаждың барлық мүшелері орындауға міндетті.
103. Кеме штурманының қарауына мыналар жатады:
(01) корпус, палубалар, жоғарғы құрылыс, рангоут, такелаж, люк жапқыштар, су танктері мен горловиналар, өлшеу және әуе құбырлары, жатын, тұрмыс және палубалық қызмет бөлмелері, басқыштар, жүк (мұнай кемелеріне қатыс жоқ), зәкір, байлау, тіркеме, құтқару қондырғылары, өртке қарсы су жолдары, тұрмыс техникасы;
(02) палуба бөлігінің апаттық, құтқару, өртке қарсы, шкиперлік, және шаруашылық-тұрмыс жабдықтары (құралдары мен заттары).
104. Бірінші штурман палуба мен шаруашылық-тұрмыстық бөліктерінің апаттық, құтқару, өртке қарсы және басқа құралдарына, материалдық- жауапкершілік тұлға болып табылады және оларды жарамды және таза күйде ұстау бойынша жұмыс жүргізеді; палуба бөлігінің мүкәммалдарының кітабын жүргізеді.
105. Бірінші штурман мыналарды қамтамасыз етеді:
(01) техникалық пайдалану ережелеріне, дайындау-зауытының нұсқаулықтарына Қазақстан Республикасы Су көлігі департаментімен немесе кеме иесімен шығарылатын басқа да нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес өзінің меңгермесінің техникалық пайдаланылуы мен күтіп ұсталуын;
(02) оның қарамағындағы экипаж мүшелерінің еңбек тәртібін сақтау;
(03) палубаға қатысты кеме жұмыстарын жүргізу, жоспарлау және ұйымдастыру;
(04) кемеде айына бір реттен сиретпей үлкен тазарту жүргізу;
(05) өзінің меңгермесі бойынша тіркелетін және басқа техникалық құжаттарды сақтау, палубаға қатысты жөндеу ведомостарын дер кезінде құрастыру;
(06) тағам өнімдерін, ауыз және жуыну суларын дер кезінде алу, дұрыс сақтау, жұмсау мен есептеу, экипаж тағамданатын ас мәзірін бекіту;
(07) тұрақты және ақпалы құдықтарда су деңгейін байқау және балласт танкілеріндегі (цистерналардағы) су көлемін есептеу;
(08) өзінің меңгермесі бойынша іс қағаздарын және есеп беруді жүргізу;
(09) палуба жұмыстарымен айналысатын экипаж мүшелерінің еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқаулар жүргізу;
(10) палубаға қатысты еңбек және өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ санитарлық ережелерді экипаж мүшелерінің сақтауына бақылау жасау;
(11) адамдарды кемеге тиеу мен түсіру қауіпсіздігі;
(12) кеме өміршеңдігі, өртке қарсы қорғау, адамдарды құтқару үшін дер кезінде және экипажды жан-жақты дайындау;
(13) құтқару құралдарының жедел пайдалануға әрдайым даярлығы оларға қол жету, олардың тиісті жабдықпен қамтылуы;
(14) оның қарамағындағы үй-жайлар мен палубада өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ палубаға қатысты жұмыстарды орындау кезінде шараларды сақтау;
(15) кают-компанияда, асханада, камбуз бен тұрғын жайларда тәртіп сақтау;
(16) экипаж мүшелерін және кеменің тұрғын жайларына уақытша келген тұлғаларды орналастыру;
(17) кемеде дәрігер (фельдшер) болмаған жағдайда кеме экипажының медициналық қаралу мен дәрі егулерді белгіленген мерзімдерде өтуін; қажет болған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету; кеме дәріханасын тиісті тазалықпен ұстап отыру, сондай-ақ кемені дезинсекциядан өткізу;
(18) құрғақ қоқсықтар мен тағам қалдығын тапсыру;
(19) кеменің барлық үй-жайлары кілттерінің көшірмесін сақтау;
(20) жолаушы билеттерін дербес тексеру немесе Су көлігі департаментімен уәкілденген тұлғалардың қатысуымен тексеру;
(21) палубаға қатысты техникалық оқуды жоспарлау және ұйымдастыру.
106. Жүк операциялары кезінде және оларды орындаудың алдындағы бірінші штурманның міндеттері:
(01) қауіпті жүктерді тасымалдауға кеменің даярлығын басқару және оларды тасымалдау қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша барлық шаралардың жүргізуін қамтамасыз ету;
(02) ауыр салмақты және ұзын өлшемді жүктерді тиеуде, бекітуде және түсіруде, палуба жүгін жайғастыру мен бекітуде жеке басшылық жасау.
107. Кеме рейске шығар алдындағы бірінші штурманның міндеті:
(01) өз меңгермесінің даярлығын тексеру, дәрігер (фельдшер) мен штурманның баяндамаларын алу және олардың меңгермелерінің даярлығын тексеру;
(02) кемені қарап шығу, руль және зәкір қондырғыларын, дабылдық - ерекше оттарды, жарық, дыбыс және апат дабылдары құралдарын, кеме іші байланысын, машина телеграфын және негізгі қозғалтқыштың дистанциялық басқарылуын іс жүзінде тексеріп даярлығын байқау, сондай-ақ теңізге, көлге және су қоймаларына шығар алдында трюмдердің, иллюминаторлардың, люктердің және палуба мен борттағы басқа оймалардың жабылуын байқау;
(03) кеме палубасындағы бекіту қондырғыларының, палубада орналасқан
жүктердің, мүліктер мен заттардың мықты бекітілуін тексеру;
(04) кемеден өзге тұлғаларды шығару және тағайынды уақытта рейске
даярлық туралы капитанға жеткізу.
108. Жүзу кезіндегі бірінші штурманның міндеттері:
(01) палуба қондырғылары мен жүктерінің тиісті түрде бекітілуін
бақылау және қамтамасыз ету;
(02) корпустың су өткізбеушілігін ұйымдастыру және байқау жүргізу;
(03) кемені бұрқасын жағдайында жүзуге даярлау және мұзда қатып
қалуға қарсы күрес жұмыстарын басқару.
109. Кемені экипаж қалдырған жағдайда кеме үй-жайларын тексеріп,
кемеде адам қалмауын қамтамасыз ету.
Екінші штурман
(капитанның екінші көмекшісі)
110. Екінші штурман тікелей бірінші штурманға бағынады.
111. Екінші штурман жүкті, багажды және почтаны қабылдау мен тапсыруды жүзеге асырады; олардың дұрыс тиелуін, бекітілуін, түсірілуін және жүктерге, багажға және почтаға көлік құжаттарының ресімделуін қамтамасыз етеді.
112. Екінші штурманның міндеті:
(01) кемеде жүктерді орналастырудың жоспарын жасап, оны капитанның бекітуіне ұсыну;
(02) теңіз аудандарына рейске шығатын кемелерде тиеу жүргізу алдында қалқушылық есеп жобасын жүргізу және оны капитанға ұсыну;
(03) жүк жайларының даярлығын қамтамасыз ету және механиктің бірінші көмекшісімен, электр механигімен бірлесе отырып, жүк жайларының даярлығын, олардың жүк қабылдау жабдықтарын тексеру;
(04) тиісті кеме мамандарымен бірлесе отырып, әрбір жүк тиеу операцияларының алдында кеменің жүк көтеру қондырғыларын тексеру және олардың дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету;
(05) кемедегі жүк операциялары кезінде экипаж мүшелерінің еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауын бақылау;
(06) жүктерді тиеу, жайғастыру, тасымалдау және түсіру кезінде санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
(07) жүк жайларының дұрыс ашылуы мен жабылуын бақылау және оларды жабу кезінде ішінде адам қалып қоюын болдырмау;
(08) жүк жайларын қорғасын таңбалау кезінде қатысу және олардың бүлінбеуін тексеру;
(09) жүк ахуалын және температура режимінің сақталуын байқау және тиеу, тасымалдау және түсіру кезінде жүк жайларының желдеткіштілік режимін бақылау;
(10) жүк тасымалдау жөнінде жол журналын, жүк кітабын және басқа іс-қағаздарын жүргізу, таймқалқандар әзірлеу, жүк есебін құрастырып, оны капитанға ұсыну;
(11) жүктің жетіспеуін, жоғалуын немесе бүлінуін белгіленген тәртіппен ресімдеу.
113. Жүк тиеу жұмыстары кезінде екінші штурманның қарамағында жүк есептеуге және трюм жұмыстарына арналған кеме экипажының мүшелері болады, оларға ол жүк қабылдау, жинау және тапсыру жағдайлары және өзі басқаратын жұмыстары туралы нұсқау береді.
114. Жүк операциялары кезінде екінші штурман капитанның, ол болмаған кезде бірінші штурманның рұқсатымен кемеден кетуіне болады, бұл жағдайда ол өз міндеттерін вахта бастығына немесе капитанмен немесе бірінші штурманмен тағайындалған басқа тұлғаға уақытша тапсырады.
115. Штат кестесінде радиооператор және электр механигі қызметі болмаған кезде екінші штурман электр радионавигациялық құралдардың (гидрокомпас және радиолокатор агрегаттарының электр машинасынан басқа) техникалық қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді, электр радионавигациялық құралдар бойынша техникалық құжаттар жүргізеді, оларға қажетті материалдар мен қосалқы бөлшектерді алады, сақтайды және есептейді.
116. Жүк тасымалдайтын кемелерде екінші штурманның міндетін капитан белгілейді.
117. Рейске өзінің меңгермесінің даярлығы туралы екінші штурман бірінші штурманға баяндауы тиіс.
Үшінші штурман
(капитанның үшінші көмекшісі)
118. Үшінші штурман тікелей бірінші штурманға бағынады.
119. Үшінші штурманның құзырында навигациялық карталар мен көрнекі құралдар, түзету деректері, техникалық кітапхана, штурмандық және гидрометеорологиялық құралдар, визуальдық бақылау, байланыс, дабыл және қолға ұстайтын дыбыс дабылы жабдықтары, сондай-ақ кеме кеңсесі болады.
120. Үшінші штурманның міндеттері:
(01) құралдардың, саймандардың және өз қарауындағы құралдардың техникалық пайдалану ережелеріне, жасаған зауыт нұсқаулықтарына және басқа Қазақстан Республикасы Су көлігі Департаментінің немесе кеме иесінің шығарған нормативтік-техникалық құжаттарына сай техникалық пайдалануын қамтамасыз ету;
(02) құралдар, саймандар мен өз қарауындағы құралдар туралы техникалық құжаттарды тізбелеп сақтау;
(03) құралдар, саймандар мен өз қарауындағы дабыл құралдарын, техникалық кітаптарды, жүзуге арналған карталар мен көрнекі құралдарды, түзету деректерін тапсырыс беріп, алу, есебін жүргізу және сақтау;
(04) билет сатуды жүргізу (жолаушылар кемесінде), кассалық есеп беруді жүргізіп, оны капитанға қол қоюға ұсыну;
(05) жұмыс уақытының есебін жүргізу, еңбекақыны есептеу, капитанның сенім хатымен ақша алу, оларды тізім бойынша кеме экипажына тарату;
(06) уақытты зерттеу журналын жүргізу, күн сайын хронометрдің түзулігін анықтау (шығару) және кеме сағаттарының көрсеткіштерін түзеп отыру;
(07) девиациалық жұмыстарды уақытында жүргізуге қарап отыру;
(08) көрермендік сигнал жүргізу байланыс құралдары, өз қарауындағы құралдар мен саймандарының құрылысы мен қолданылуы бойынша палуба командасына сабақтар мен дайындықтар жүргізу;
(09) кеменің келуі мен кетуін белгілеу, белгіленген тәртіпте кеме, машиналық және басқа журналдарды алу мен куәландыру, оларға реестр сақтау;
(10) журнал бланкілері мен басқа бланктерді, кеңсе керек-жарақтарын, бұйрықтар, нұсқаулықтар мен т.б. алу, олардың есебін жүргізу;
(11) өз қарауындағылардың рейске дайындығын қамтамасыз ету, белгіленген уақытта олардың дайындығы туралы бірінші штурманға мәлімдеу.
Жер снаряды командирі
(тереңдікті тазалау снаряды)
121. Командир "Капитан" бөліміндегі келтірілген құқықтар мен міндеттерді (кеменің мақсатына орай) пайдаланады, сондай-ақ жер снаряды кемесіне бекітілген жұмыстарды басқарады.
122. Сондай-ақ командир мыналарды қамтамасыз етуге міндетті:
(01) жер снарядының қауіпсіздігі;
(02) команда құрамымен және экипажға хабар ету арқылы істейтін жұмыс
туралы алынған тапсырысты орындау;
(03) жұмысты вахталарға бөлу;
(04) жасалатын учаскеде навигациялық құралдар белгілерінің дұрыс
істеуін бақылау;
(05) жұмыс журналын және тиісті жүргізу ережелеріне сай есеп және
есеп беретін басқа құжаттарды жүргізу.
123. Командирге өндірістік-технологиялық қызмет жөнінде шаланданың,
шаландалықтардың, мотозавознялардың, брандвахталардың, баржалардың және
басқа жер керуені құрамына кіретін кемелердің жұмысы бағынады.
124. Командир жайғастыру учаскесіндегі жұмыскерлерге жер снаряды
жұмыс жасайтын аумақта навигациялық құралдардың белгілерін дұрыс
жайғастыру және кеме жүрісінің тазалығы бойынша бұйрықтар бере алады.
Жер снаряды (тереңдікті тазалайтын)
командирінің бірінші көмекшісі
(багермейстердің аға көмекшісі, командирдің
сменалық көмекшісі)
125. Бірінші көмекші командирдің орынбасары болып табылады, "Бірінші штурман" бөлімінде келтірілген құқықтарды пайдаланып, міндеттерді орындайды.
126. Бірінші көмекшінің міндеттері:
(01) жер снаряды жұмыс қондырғыларын (ожау шынжырлары, жүзу рефулері
мен т.б.) қондыру, жинау мен айыру жұмыстарын басқарады, керуеннің
тікемеге алынғанда бекітілуінің дұрыстығына қарау, жауаптылығы бар, үлкен
тәжірибені керек ететін жұмыстарға қатысу;
(02) жер снарядының технологиялық жұмыс тәртібін командирге бекітуге
жасап ұсыну және жүйелі түрде оны бақылау;
(03) жер снарядының технологиялық жұмыс тәртібін өлшейтін құралдардың дұрыстығын қарау.
Жер снаряды (тереңдікті тазалайтын)
командирінің (багермейстердің)
екінші көмекшісі
127. Командирдің екінші көмекшісі тікелей командирдің бірінші көмекшісіне бағынады.
128. Екінші көмекішінің міндеттері:
(01) техникалық пайдалану ережелеріне, жасаған зауыт нұсқаулықтарына және Қазақстан Республикасы Су көлігі Департаменті мен кеме иесі шығарған нормативтік-техникалық құжаттарға сай, палуба механизмдерінің техникалық пайдалануы мен ұстауын, оған бекітілген басқару кестесін қамтамасыз ету;
(02) жеке немесе өзіне бекітілген мамандармен қарауындағы кеме техникасының ақауларын жөндеу;
(03) өзіне бекітілген мамандардың жұмыстарына басшылық жасау, олардың еңбек қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нұсқаулықтарын орындауын қамтамасыз ету;
(04) техникалық қызмет пен жөндеудің күнтізбелерін жасау, өз қарауындағы кеме техникасының жағалау мен кеме мамандарымен орындалатын техникалық қызметін толық көлемін және сапасын бақылау;
(05) өз қарауындағы белгіленген техникалық құжаттарды жүргізу;
(06) жұмыс және бақылау ойма жақтауларының жасалуы мен істеуін қамтамасыз ету.
Жер снаряды (тереңдікті тазалайтын)
командирінің (багермейстердің)
үшінші көмекшісі
129. Командирдің үшінші көмекшісі тікелей командирдің бірінші көмекшісіне бағынады, "Үшінші штурман" бөлімінде келтірілген (кеменің мақсатына сай) құқықтарды пайдаланып, міндеттерді орындайды.
130. Сондай-ақ үшінші көмекші мыналарға міндетті:
(01) техникалық пайдалану ережелеріне, жасаған зауыт нұсқаулықтарына және Қазақстан Республикасы Су көлігі Департаменті мен кеме иесі шығарған нормативтік-техникалық құжаттарға сай, палуба механизмдерінің техникалық пайдалануы мен ұстауын, оған бекітілген басқару кестесін қамтамасыз ету;
(02) жеке немесе өзіне бекітілген мамандармен қарауындағы кеме техникасының ақауларын жөндеу;
(03) өзіне бекітілген мамандардың жұмыстарына басшылық жасау, олардың еңбек қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нұсқаулықтарын орындауын қамтамасыз ету;
(04) техникалық қызмет пен жөндеудің күнтізбелерін жасау, өз
қарауындағы кеме техникасының жағалау мен кеме мамандарымен орындалатын
техникалық қызметін толық көлемін және сапасын бақылау;
(05) өз қарауындағы белгіленген техникалық құжаттарды жүргізу;
(06) құтқару сылыптарын, жұмыс қайықтары мен олардың жабдықтарын
дұрыс пайдалану мен күтіп ұстауды қамтамасыз ету;
(07) су өлшеу журналдарын жүргізу;
(08) кеме дәріханасына ие болу.
Шкипер
131. Өзі жүрмейтін кеменің шкипері "Капитан" тарауында баяндалған құқықтарға ие болады және сол міндеттерді (кеме жұмысының міндеті мен ерекшелігін ескере отырып) орындайды.
132. Сонымен қатар шкипердің міндеті:
(01) кемені, кеме техникасын техникалық дұрыс пайдалану және қызмет көрсету және кеме жабдығы мен тасымалданатын жүктерді сақтау;
(02) қолданылып жүрген ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес жүктерді қабылдау және тапсыру;
(03) өзі жүрмейтін кемені басқару жөнінде сүйрегіш кемесі капитанның нұсқауларын орындау;
(04) әрбір тиеу жұмыстарының алдында жүк көтергіш және қабылдау қондырғыларының жұмыстарын тексеру;
(05) энергетикалық және қазандық қондырғыларының жұмысын қамтамасыз ету;
(06) кеме қажетіне жарайтын құралдарды, материалдарды, отын мен суды алу мен дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету;
(07) жұмыс уақытына есеп жүргізу, экипаж мүшелеріне жалақы есептеу, алу және беруді жүргізу;
(08) кеме құжаты мен есеп берулерді жүргізу.
Шкипер көмекшісі
133. Шкипер көмекшісі тікелей шкиперге бағынады. Кемеде шкипер болмаған кезде оның көмекшісі соның құқықтарына ие болады және міндеттерін орындайды.
134. Шкипер көмекшісінің міндеттері:
(01) шкипердің 132-баптың (01), (02), (03), (05), (06), (08) тармақтарында көрсетілген міндеттерін орындауға көмектеседі;
(02) кеменің тиеу-түсіру жұмыстарының дұрыс жасалуын және трюм мен палубаларда жүктердің орналастырылуын қамтамасыз етеді;
(03) такелаждық, ағаш шебері, сыршы және зәкірлік-бекіту жұмыстарын орындайды;
(04) қарамағына кесте бойынша бекітілген кеме техникасын дұрыс техникалық пайдалану және күтіп ұстауды қамтамасыз ету.
Механик (аға механик)
135. Механик кемені техникалық пайдалану жөнінде капитанның орынбасары және механикалық, электрмеханикалық бөлімдер жөнінде жұмыс атқаратын экипаж мүшелерінің тікелей бастығы болып табылады.
Кемені техника жөнінен пайдалануда механиктің нұсқаулары мен өкімдері барлық экипаж мүшелері үшін міндетті.
136. Механиктің қарамағына бас қозғалтқыштар, валжүргізгіш және қозғаушы-рулші кешені, қосымша механизмдер, жүйелер, мұздатқыш жабдықтар мен электр жабдықтары, машина жайлары, палуба механизмдерінің, қондырғылар мен тұрмыс техникасының механикалық және электр бөліктері жатады.
137. Механик машина бөлігіне қатысты қосалқы бөлшектер, құралдар, материалдар мен басқа мүліктер үшін материалдық-жауапты болып табылады және оларды есептеу және түгелдеу кітаптарын жүргізеді.
138. Механик мыналарды қамтамасыз етуге міндетті:
(01) қарамағындағы кеме техникасының техникалық пайдалану ережелеріне, жасаушы-зауыт нұсқаулықтарына Су көлігі департаментімен немесе кеме иесімен шығарылатын басқа да нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес техникалық пайдаланылуы мен күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;
(02) палуба механизмдеріне, қондырғыларға және корпус конструкциясына техникалық қызмет жасау;
(03) вахта жүргізуді, жұмыстардың орындалуын және өзіне бағынышты экипаж мүшелерінің еңбек тәртібін сақтауды дұрыс ұйымдастыру;
(04) оған бағынышты экипаж мүшелеріне кеме техникасын техникалық пайдалану жөнінде ережелерді, қағидаларды, нұсқаулықтарды, жетекшіліктерді және басқа құжаттарды оқыту;
(05) меңгерме жөнінде техникалық дәрістерді жоспарлау және жүргізу;
(06) кеме техникасына техникалық қызмет жасауда күнтізбелік кестелер құрастыру;
(07) техникалық қызмет жасауда және оны орындауда басшылық ету;
(08) машина бөлімі бойынша жылутехникалық бақылау жүргізу және нормативтік техникалық-пайдалану көрсеткіштерін орындау;
(09) кеме техникасы бүлінгенде дереу оны жоюды және кемені пайдалануды тоқтатпай экипаж күшімен оны жөндеуді ұйымдастыру, ал экипаж күшімен жою мүмкін емес бүлінулер байқалғанда оны дереу белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау үшін капитанға жеткізу;
(10) техникалық пайдаланудың озық әдістерін енгізу;
(11) капитанмен бірге кеме техникасын Қазақстан Республикасының Су көлігі департаментінің және басқа техникалық бақылау органдарының куәландыруына ұсыну;
(12) қарамағындағы кеме техникасына қызмет жасау жөнінде жағадағы және кеме мамандарымен орындалатын жөндеу ведомостарының дер кезінде құрастырылуын, жөндеу жұмыстарының сапасы мен толық көлемде жасалуына бақылауды жасап отыру;
(13) өзінің меңгермесі бойынша еңбек қауіпсіздігі ережелері мен санитарлық ережелердің орындалуын, сондай-ақ Су көлігі департаментімен және кеме иесімен шығарылатын еңбек қауіпсіздігі жөніндегі ережелерді, нұсқаулықтарды және бұйрықтарды орындау;
(14) машина жайларында және өз меңгермесінің жайларында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, өртке қарсы су құю насостары мен қондырғыларының әрдайым даярлығын сақтау;
(15) өз меңгермесі бойынша тапсырыстардың құрастырылуын, жабдықтау, қабылдау, қосалқы бөлшектерді, құралдарды, материалдарды, отын мен жағармай материалдарын есептеу мен сақтауды бақылау;
(16) өз меңгермесі бойынша кемелік техникалық құжаттарды, іс қағаздарын және есеп беруді жүргізу және сақтау;
(17) кеме теңіз порттарына кірерде және шығарда, сондай-ақ қиын жағдайларда жүзу кезінде капитанның нұсқауымен энергетикалық қондырғыларды басқаруда басшылық ету;
(18) Энергетикалық қондырғылардың жұмыс режиміне байланысты капитанның барлық өкімдерін орындау. Өкімдерді орындау кеме техникасын істен шығаруға әкеліп соқтыратын жағдайда механик капитанды ескертуі тиіс және әрі қарай капитанның келесі өкімдеріне сай әрекет жасауы тиіс. Осындай өкімдер жөнінде машина журналына жазылып отырылуы тиіс.
139. Механик кеме өміршеңдігі үшін күреске экипажды ұйымдастыруға және әзірлеуге қатысуға міндетті және машина - қазандық жайларында кеме өміршеңдігі үшін күресті басқаруға міндетті.
140. Механик кеменің қауіпсіздігіне және оны пайдалануға әсер етпеген жағдайда кеме техникасының кейбір элементтерін дербес істен шығаруға құқығы бар.
141. Кемені жөндеуге, ұзақ тұруға қойғанда, сондай-ақ ауа райы суық жағдайларда тиеу-түсіру операцияларды жүргізілгенде механик кеме техникасын қатырып-мұздатып алмаудың барлық алдын алу шараларын жасауы тиіс.
142. Егер қарамағындағылардың қайсы бірінің әрекеті кеме техникасының істен шығуына соқтырады деп ұйғарған жағдайда, механик бұл жөнінде капитанға айта отырып әлгі тұлғаны міндетін атқарудан босатады.
143. Командасы жоқ баржалар бекітіліп, кеме жұмыс жасаған жағдайда, механик байланыс құралдарынан басқа баржаларда кеме техникасының жұмысын қамтамасыз етеді.
144. Механик өз меңгермесін рейске даярлауға міндетті және бұл жөнінде тағайындалған уақытта капитанға баяндайды.
145. Кемеге тағайындалған механик алдындағы адамнан белгіленген тәртіппен кеме техникасын, отынды, жағармай материалдарын, құралдарды, қосалқы бөлшектер мен құралдарды, нормативтік-техникалық құжаттарды, механиктің қарамағындағы команда құрамындағы жауапты тұлғалардың рапорттарын, сондай-ақ өз меңгермесі жөнінде іс қағаздары мен есеп берулерді қабылдайды.
Қабылдау-тапсыру жөнінде акт құрастырылады, ол капитанмен бекітіледі; бір данасы кемеде қалады, екіншісі кеме иесіне жіберіледі. Қабылдау-тапсыру уақыты машина журналында белгіленеді.
Сыңар-механик (ауысылым механигі)
146. Сыңар-механик жұмыстың бригадалық әдісінде механик болмаған кезде оның құқықтарына ие болады және міндеттерін орындайды.
Кемеде екеуі де болған кезде сыңар-механик өзі ауыстырған басқа тұлғаның құқықтарына ие болады.
Механиктің бірінші көмекшісі
(механиктің ауысылым көмекшісі, екінші механик)
147. Механиктің бірінші көмекшісі тікелей механикке бағынады.
Кеме рейсте болған кезде механик өз міндетін атқара алмаған жағдайда оның міндетін кеме иесімен белгіленген пунктке дейін (10 тәуліктен асырмай) механиктің көмекшісі орындайды (бұл жағдайда вахта жүргізу уақыты Өзен флоты кемелерінің жүзу құрамының жұмыс уақыты мен демалу уақыты туралы ережеде белгіленгеннен уақыттан аспауы тиіс) теңізде жүзу кезінде - бірінші кіретін портына дейін.
148. Механиктің бірінші көмекшісінің қарамағына мыналар жатады:
(01) барлық техникалық қызмет жасау құралдарымен бірге бас қозғалтқыштар, вал жүргізгіштер, дейдвуд қондырғылары, қозғағыштар, руль қондырғысының механикалық бөлігі, табиғат қорғау жабдықтары, тұщы су және жуынатын су әзірлеу қондырғылары;
(02) кеме балласты, құрғату және өртке қарсы жүйелер, отын және май танкілері мен цистерналары; отын және май жүйелері; апат жабдықтары және машина жайларының жабдықтары (электр бөлігін қоспағанда);
(03) жүк көтеру механизмдері және машина жайларының құралдары;
(04) өз меңгермесіндегі автоматтандыру және бақылау-өлшеу құралдары (электр сызбаларының элементтерінен басқа);
(05) мұздатқыш жабдықтары (мұздатқыш жабдықтары жөнінде механиктің штаттық лауазымы болмаған жағдайда).
149. Механиктің бірінші көмекшісінің өз меңгермесіндегі міндеті:
(01) қарамағындағы кеме техникасының техникалық пайдалану ережелеріне, жасаушы-зауыт нұсқаулықтарына Су көлігі департаментімен немесе кеме иесімен шығарылатын басқа да нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес техникалық пайдаланылуы мен күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;
(02) кеме техникасы бүлінген кезде жеке өзі не өзіне бөлінген мамандармен бірлесіп оны қалпына келтіру;
(03) өзіне бөлінген мамандардың жұмысын басқару, олардың еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды орындауын қамтамасыз ету;
(04) қарамағындағы кеме техникасына қызмет жасау жөнінде жағадағы және кеме мамандарымен орындалатын техникалық қызмет көрсету күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарының дер кезінде құрастырылуын, жөндеу жұмыстарының сапасы мен толық көлемде жасалуына бақылауды жасап отыру;
(05) экипаж мүшелері техникалық қызмет жасауды орындау кезінде машина бөліміндегі ауыр салмақтарды көтеруді жеке басқару;
(06) бас қозғалтқыштардың цилиндрлерін жабу кезінде, оларды бұрауда және техникалық қызмет жасау мен жөндеу біткен соң оларды жіберіп көру;
(07) тиеу алдында екінші штурманмен бірлесіп жүк жайлары жабдықтарының дұрыстығын қарау және тексеру;
(08) материалдық-техникалық жабдықтың бар екендігін тексеру және оған тапсырыс құрастыру, алу мен сақтауды және есеп жүргізуді қамтамасыз ету;
(09) отынды, майды қабылдау кезінде мұнай өнімдерінің борт сыртына төгіліп кетпеуін бақылау;
(10) белгіленген техникалық құжаттарды жүргізу;
(11) рейске даярлықты әзірлеу және белгіленген уақытта механикке хабарлау.
Механиктің екінші көмекшісі (үшінші механик)
150. Механиктің екінші көмекшісі тікелей механикке бағынады.
151. Механиктің екінші көмекшісінің қарамағына мыналар жатады:
(01) қосымша қозғалтқыштар, соның ішінде апаттық дизель-генераторлар, ауа компрессорлары, қызмет көрсететін техникалық құралдарымен бірге ауа сақтағыштар;
(02) қызмет көрсететін техникалық құралдарымен бірге бас бу қазандықтары (бу кемелерінде), су бақылау және су өңдеу жүйелері;
(03) барлық кемелердегі (олардың электр бөліктерін қоспағанда) барлық жүйелер (механиктің бірінші және үшінші көмекшілерін қоспағандағы жүйелерден басқа);
(04) өз меңгермесіндегі автоматтандыру және бақылау-өлшеу құралдары (электр сызбаларының элементтерінен басқа).
152. Механиктің екінші көмекшісі өз меңгермесі бойынша мыналарды қамтамасыз етуге міндетті:
(01) қарамағындағы кеме техникасының техникалық пайдалану ережелеріне, жасаушы-зауыт нұсқаулықтарына Қазақстан Республикасы Су көлігі департаментімен немесе кеме иесімен шығарылатын басқа да нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес техникалық пайдаланылуы мен күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;
(02) кеме техникасы бүлінген кезде жеке өзіне бөлінген мамандармен бірлесіп оны қалпына келтіру;
(03) өзіне бөлінген мамандардың жұмысын басқару, олардың еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды орындауын қамтамасыз ету;
(04) қарамағындағы кеме техникасына қызмет жасау жөнінде жағадағы және кеме мамандарымен орындалатын техникалық қызмет көрсету күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарының дер кезінде құрастырылуын, жөндеу жұмыстарының сапасы мен толық көлемде жасалуына бақылауды жасап отыру;
(05) материалдық-техникалық жабдықтың бар екендігін тексеру және оған тапсырыс құрастыру, алу мен сақтауды және есеп жүргізуді қамтамасыз ету;
(06) белгіленген техникалық құжаттарды жүргізу;
(07) рейске даярлықты әзірлеу және белгіленген уақытта механикке хабарлау.
153. Штаттық кестелермен электр техникалық персоналдар көзделмеген кемелерде осы Жарғының 158-160 баптарындағы міндеттерді механиктің екінші көмекшісі орындайды.
Механиктің үшінші көмекшісі (төртінші механик)
154. Механиктің үшінші көмекшісі тікелей механикке бағынады.
155. Механиктің үшінші көмекшісінің қарамағына мыналар жатады:
(01) қызмет көрсететін техникалық құралдарымен бірге қосымша қазандық қондырғысы;
(02) құтқару сылыптарының қозғалтқыштары, палуба механизмдерінің механикалық бөлігі, трюмды механикаландыру құралдары мен тұрмыс техникалары;
(03) сумен жабдықтау жүйелері, ағыс-дәрет, жылу және желдету (олардың электр жағынан басқасы);
(04) өз меңгермесіндегі автоматтандыру және бақылау-өлшеу құралдары (электр сызбаларының элементтерінен басқа).
156. Механиктің екінші көмекшісі өз меңгермесі бойынша мыналарды қамтамасыз етуге міндетті:
(01) қарамағындағы кеме техникасының техникалық пайдалану ережелеріне, жасаушы-зауыт нұсқаулықтарына Қазақстан Республикасы Су көлігі департаментімен немесе кеме иесімен шығарылатын басқа да нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес техникалық пайдаланылуы мен күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;
(02) кеме техникасы бүлінген кезде жеке өзі не өзіне бөлінген мамандармен бірлесіп оны қалпына келтіру;
(03) өзіне бөлінген мамандардың жұмысын басқару, олардың еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды орындауын қамтамасыз ету;
(04) қарамағындағы кеме техникасына қызмет жасау жөнінде жағадағы және кеме мамандарымен орындалатын техникалық қызмет көрсету күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарының дер кезінде құрастырылуын, жөндеу жұмыстарының сапасы мен толық көлемде жасалуына бақылауды жасап отыру;
(05) тиеу алдында екінші штурманмен бірлесіп жүк жайлары жабдықтарының дұрыстығын қарау және тексеру;
(06) материалдық-техникалық жабдықтың бар екендігін тексеру және оған тапсырыс құрастыру, алу мен сақтауды және есеп жүргізуді қамтамасыз ету;
(07) белгіленген техникалық құжаттарды жүргізу;
(08) рейске даярлықты әзірлеу және белгіленген уақытта механикке хабарлау.
157. Штаттық кестелермен механиктің үшінші көмекшісінің лауазымы көзделмеген кемелерде оның міндеттерін механиктің екінші көмекшісі орындайды.
Электр механигі (электр жабдықтары бойынша механиктің көмекшісі)
158. Электр механигі тікелей механикке бағынады және электр механиктері көмекшілерінің және кеме электршілерінің бастығы болып табылады.
159. Электр механигінің қарамағына кеме электр жабдықтары, автоматтандыру және бақылау құралдарының, авторуль қондырғыларының, кеме техникасының, жүргізу электр байланысы және сигналдандыру, гидрокомпас және радиолокатор қорегі электр машинасының қайта құрушыларының, автономды қоректендіру көздері және электр жабдықтарының қосу реттеу аппаратураларының, ауыспалы электр жабдықтарының электр жағы.
160. Өз меңгермесіндегі электр механигінің міндеттері:
(01) қарамағындағы кеме техникасының техникалық пайдалану ережелеріне, жасаушы-зауыт нұсқаулықтарына Қазақстан Республикасы Су көлігі департаментімен немесе кеме иесімен шығарылатын басқа да нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес техникалық пайдаланылуы мен күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;
(02) кеме техникасы бүлінген кезде жеке өзіне бөлінген мамандармен бірлесіп оны қалпына келтіру;
(03) өзінің қарамағындағы экипаж мүшелерінің тиісті дәрежеде вахтада тұруын қамтамасыз ету, жұмысын басқару, олардың еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды орындауын қамтамасыз ету;
(04) электр жабдықтарын пайдалануға байланысты кеме экипажы тұлғаларына техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқаулар жүргізу;
(05) қарамағындағы кеме техникасына қызмет жасау жөнінде жағадағы және кеме мамандарымен орындалатын техникалық қызмет көрсету күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарының дер кезінде құрастырылуын, жөндеу жұмыстарының сапасы мен толық көлемде жасалуына бақылауды жасап отыру;
(06) материалдық-техникалық жабдықтың бар екендігін тексеру және оған тапсырыс құрастыру, алу мен сақтауды және есеп жүргізуді қамтамасыз ету;
(07) белгіленген техникалық құжаттарды жүргізу;
(08) жер керуені құрамына кіретін кемелердің электр жабдықтарының жұмысын бақылауды қамтамасыз ету;
(09) кеме электр жабдығы істен шығар жағдай туса, дереу тиісті шараларды қабылдай отырып вахта механигіне баяндау;
(10) вахта механигінің шақыруы бойынша дереу машина бөліміне немесе вахта бастығының шақыруымен айтқан жеріне жету;
(11) портқа кірер және шығар алдында, сондай-ақ қиын жағдайларда жүзу кезінде вахта бастығының көрсетуімен орталық басқару пультінде (ОБП) немесе (ОБП болмаған жағдайда) бас тарату қалқанында (БТҚ) болуы тиіс;
(12) рейске даярлықты әзірлеу және белгіленген уақытта механикке хабарлау.
161. Электр механигі өз қарамағындағы кеме техникасы бүлінгенде кеме
қауіпсіздігіне қауіп төнбейтін болса және кемені пайдалануға кедергі
жасамаса, дереу оны жоюға құқығы бар.
162. Штатта радиооператор лауазымы болмаған жағдайда, электр механигі
электр навигациялық құралдардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуі тиіс, осы
құралдарға қатысты техникалық құжаттарды жүргізеді, оларға қатысты
материалдар мен қосалқы бөлшектерді алуды, сақтауды және есеп жүргізуді қамтамасыз етеді.
Электр механигінің көмекшілері
163. Электр механигінің көмекшілері тікелей электр механигіне бағынады.
Кеме рейсте болған кезде электр механигі өз міндетін атқара алмаған жағдайда оның міндетін кеме иесімен белгіленген пунктке дейін (10 тәуліктен асырмай) электр механигінің бірінші көмекшісі орындайды (бұл жағдайда вахта жүргізу уақыты Өзен флоты кемелерінің жүзу құрамының жұмыс уақыты мен демалу уақыты мен демалу уақыты туралы ережеде белгіленген уақыттан аспауы тиіс), теңізде жүзу кезінде - бірінші кіретін портына дейін.
164. Электр механиктің бірінші көмекшісінің қарамағына мыналар жатады: бас генераторлар, ескіш электр қозғалтқыштары, ескіш қондырғыларға қызмет ететін негізгі электр тартқыштар, ескіш қондырғысының орталық басқару постысының электр жабдықтары, рульші және авторульші қондырғылардың, құрғату балластары мен өрт насостарының және танкерлер мен басқа арнайы кемелердің арнайы жүйелерінің, бас тарату қалқанының, электр қозғалысы қалқанының, машина телеграфтарының, басқару бекеттерінің электр тартқыштары, автоматтандыру және бақылау құралдарының электр бөліктері.
165. Электр механиктің екінші көмекшісінің қарамағына мыналар жатады: қосымша және апаттық генераторлар, апаттық және топтық тарату қалқандары, трансформаторлар, палуба механизмдерінің электр жабдықтары, руль басқару қондырғылары, машина жайларының қосымша механизмдерінің электр тартқыштары, қазандық автоматикасының, ауа райы стансаларының ауыз су даярлау стансаларының және табиғат қорғау жабдықтарының, гидрокомпас және радиолокатор қоректену электр машиналарының электр жағы.
165. Электр механиктің екінші көмекшісінің қарамағына мыналар жатады: кабель желілері, қосымша және апаттық генераторлар, апаттық және топтық тарату.
166. Электр механиктің үшінші көмекшісінің қарамағына мыналар жатады: кабель желілері, қосымша механизмдердің электр тартқыштары (электр механиктің бірінші және екінші көмекшілерінің қарамағына жатпайтын), желдеткіштер, қайта құрғыштар, асхана мен мұздатқыш жабдықтарының электр жабдықтары, жарықтандыру, кеме іші байланыс жүргізу, дабыл оттары, өрттік, авралдық жалпы кеме сигналдандыру жүйелері, прожекторлар, аккумулятор батареялары (радиостансаға қатысы жоқтар), тұрмыс техникасы мен ауыспалы электр жабдықтарының электр жақтары.
167. Электр механиктің көмекшілерінің өз меңгермесіндегі міндеттері:
(01) қарамағындағы кеме техникасының техникалық пайдалану ережелеріне, жасаушы-зауыт нұсқаулықтарына Қазақстан Республикасы Су көлігі департаментімен немесе кеме иесімен шығарылатын басқа да нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес техникалық пайдаланылуы мен күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;
(02) кеме техникасы бүлінген кезде жеке өзіне бөлінген мамандармен бірлесіп оны қалпына келтіру;
(03) өзінің қарамағындағы экипаж мүшелерінің тиісті дәрежеде жұмысын басқару, олардың еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды орындауын қамтамасыз ету;
(04) қарамағындағы кеме техникасына қызмет жасау жөнінде жағадағы және кеме мамандарымен орындалатын техникалық қызмет көрсету күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарының дер кезінде құрастырылуын, жөндеу жұмыстарының сапасы мен толық көлемде жасалуына бақылауды жасап отыру; (05) материалдық-техникалық жабдықтың бар екендігін тексеру және оған
тапсырыс құрастыру, алу мен сақтауды және есеп жүргізуді қамтамасыз ету;
(06) белгіленген техникалық құжаттарды жүргізу;
(07) рейске даярлықты әзірлеу және белгіленген уақытта электр
механикке хабарлау.
Жүзу крандарының, доктардың, мұнай тарту және мұнай бункер
стансаларының, пневматикалық және гидро тереңдеткіштердің
команда құрамы
168. Команда құрамы осы Жарғымен көзделген көлік кемелеріндегі ұқсас
лауазымға сай құқықтарға ие болады және солардың атқаратын міндеттерін
орындайды, сондай-ақ кеменің конструкциялық ерекшелігі мен міндетін ескере
отырып белгіленген тәртіппен бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес
міндеттер атқарады.
Радиостанса бастығы
169. Кеменің радиостанса бастығы тікелей капитанға бағынады, кеме радиомамандарының бастығы болып табылады және радиобайланысты қамтамасыз етеді.
170. Радиостанса бастығының қарамағына мыналар жатады: қоректену қайта құрғыштарымен бірге радиожабдықтары және электронавигациялық құралдар (гирокомпас және радиолокатор электр машиналық қоректену қайта құрғыштарын қоспағанда), аккумулятор батареялары, радиостансалар, басқа радиотехникалық құралдар, сондай-ақ осы кеме техникасы орналастырылатын жайлар.
171. Өз меңгермесі бойынша радиостанса бастығының міндеті:
(01) қарамағындағы кеме техникасының техникалық пайдалану ережелеріне, жасаушы-зауыт нұсқаулықтарына Қазақстан Республикасы Су көлігі департаментімен немесе кеме иесімен шығарылатын басқа да нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес техникалық пайдаланылуы мен күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;
(02) кеме техникасы бүлінген кезде жеке өзі не өзіне бөлінген мамандармен бірлесіп оны қалпына келтіру;
(03) қарамағындағы кеме техникасына қызмет жасау жөнінде жағадағы және кеме мамандарымен орындалатын техникалық қызмет көрсету күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарының дер кезінде құрастырылуын, жөндеу жұмыстарының сапасы мен толық көлемде жасалуына бақылауды жасап отыру;
(04) материалдық-техникалық жабдықтың бар екендігін тексеру және оған тапсырыс құрастыру, алу мен сақтауды және есеп жүргізуді қамтамасыз ету;
(05) белгіленген техникалық құжаттарды жүргізу;
(06) капитанмен бірге кеме техникасын Қазақстан Республикасының Су көлігі департаментінің және басқа техникалық бақылау органдарының куәландыруына ұсыну;
(07) рейске даярлықты әзірлеу және белгіленген уақытта электр механикке хабарлау.
172. Штат кестесімен радиостанса бастығының қызметі көзделген кемелерде, сонымен қатар оған вахта радиооператорының міндеті жүктеледі.
173. Вахта радиооператоры жағалаудағы және кеме радиобайланысын, сондай-ақ жүзу ауданына қарасты радиобайланыс ережелеріне сәйкес дабыл, апат, жеделдік және қауіпсіздік сигналдарын бақылауды қамтамасыз етеді.
174. Вахта радиооператорының міндеті:
(01) вахтаға кіріскенде радиостанса аппаратураларының ісін тексеру, сондай-ақ вахта бойынша барлық өкімдермен танысып шығу;
(02) жүйелі және дер кезді радиоалмасу жүргізуі радиотелеграф журналын жүргізу, оны жеке қолмен бекіту және капитанның қол қоюына ұсыну;
(03) радиоалмасу кезінде дабыл, апат, жеделдік және қауіпсіздік сигналдары байқалған кезде алмасуды доғаруы, алынған сигналдар жөнінде капитанға, вахта бастығына хабарлауы және капитанның нұсқауымен әрекет жасауы тиіс;
(04) дабыл, апат, жеделдік және қауіпсіздік сигналдарын тек кеме капитанының нұсқауымен ғана беруге болады;
(05) радиобайланыс ережелерімен белгіленген үндемеу минуттарында алмасу жөніндегі жұмыстарды доғару және 500 кгц немесе 2182 кгц шақыру және апат жиілігінде эфирді бақылау;
(06) эфирде тәртіпті, шақыру ережесін, шақыру және алмасу жауабын сақтау, жиі және белгіленбеген келіссөздерге жол бермеу, эфирде тәртіпті сақтауға қатысты бақылау және жағалау радиостансаларының талаптарын бұлжытпай орындау;
(07) тәулігіне екі рет дәл уақыт радиосигналдары бойынша радиорубкадағы сағатты тексеріп отыру;
(08) жүйелі және дер кезінде метеохабарлар, ауа райы болжауларын, ауа райы факсимильдік карталары мен теңіз ахуалын, бұрқасын және мұздақ ескертпелерін, капитанмен көрсетілген аудандарға және мерзімге навигациялық хабарларды, сондай-ақ жол мен арналарды басқару ақпараттарын қабылдау; алынған мәліметтерді дер кезінде вахта бастығына қол қойдырып, беру;
(09) қиын жағдайларда жүзу кезінде капитанның көрсетуімен тұрақты радиовахта жүргізу;
(10) кемеден тек капитанның қолы бар радиограммалар мен жеделхаттарды жіберу (жолаушы кемелердегі жолаушылардың жеделхатынан басқаларын);
(11) радиотелеграф хат хабарлары мен радиотелеграф келіссөздерінің құпиясын сақтау. Осындай хат алмасуды тек капитан ғана бақылай алады;
(12) қуатты радиостансамен жұмыс атқарған кезде басқа кемелерге байланыс жасауға жәрдемдесу. Бұл жағдайда және радиобайланыс жасау мүмкіндігі болмағанда радиобайланыс ережелеріне сәйкес кеме иесіне және қызмет жасайтын радиостансаға хабарлауы тиіс;
(13) радиотелеграф келіссөздерін жүргізуші тұлғалардан тиісті ережелерді орындауын талап ету және тиісті ескертулер жасау немесе келіссөздер жүргізуді тоқтату және болған жағдайды капитанға айту.
175. Радиостанса бастығы радиохабарлағыштың немесе қабылдағыштың істен шыққаны жөнінде шара қабылдау үшін жедел түрде капитанға хабарлайды.
176. Радиостанса бастығы рубкаға бөгде тұлғаларды және экипаж мүшелерін қызметтік қажеттік болмаса кіргізбейді.
Радиорубкада тек капитан ғана, ал шетел жүзулерінде капитанның бірінші көмекшісі ғана болады.
177. Кемеден кетерде радиостанса бастығы радиорубка, агрегат және аккумуляторлық жайлардың кілтін вахта бастығына тапсырады.
178. Радиостанса бастығы капитанмен белгіленген сағаттарда
радиоторабы бойынша хабар жүргізеді. Радиохабарлар 7 ден ерте басталмауы
және 23.00 кеш болмауы тиіс.
179. Кемеге жаңадан тағайындалған радиостанса бастығы алдындағы
адамнан техникалық құралдарды және материалдық-техникалық жабдықтарды,
сондай-ақ техникалық және өзге құжаттарды қабылдайды.
Қабылдау-тапсыру туралы екі дана акт құрастырылады. Біреуі кемеде
сақталады, екіншісі байланыс торабына және радионавигация пароходствосына
жіберіледі. Қабылдау-тапсыру радиотелеграф журналында белгіленеді.
V Тарау
Қатардағы құрам
Боцман
180. Боцман тікелей бірінші штурманға немесе оны ауыстыратын тұлғаға
бағынады.
181. Палубада жұмыс жасайтын қатардағы құрам тұлғаларының бастығы
болып табылады.
182. Боцман корпусты, палубаны, қондырманы, рангоутты, такелажды, тұрмыс және палубадағы қызметтік жайларды, су танкілері мен жұтқыншақтарды, өлшеу және ауа құбыршықтарын, бұрқасын баспалдақтары мен кранцыларды, жүк (танкерлерге қатысы жоқ), зәкірді, бекіту, сүйреу және құтқару құралдарын, өртке қарсы, апат, құтқару құралдарын, палубадағы құралдар мен материалдарды тиісті іске жарамды күйде сақтау, сондай-ақ басқа палуба жұмыстарын басқаруға басшылық етеді.
183. Боцманның міндеті:
(01) күнделікті палуба жұмыстарының жоспарын жасау және бірінші штурманмен келісу, оларды қарамағындағы жәй құрамның арасында бөлу;
(02) қарамағындағы тұрмыс және қызметтік жайларды күнделікті тексеріп тұру, өз меңгермесінің тазалығын, өрт қауіпсіздігі ережелерін, кемедегі палуба жұмыстарында еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтап отыру;
(03) вахта бастығының нұсқауымен зәкірлерді жүріс қалпында сақтау және бекіту; бекіту аяқталған соң бекіту ұштарына аламан тышқанға қарсы қалқандар қою;
(04) зәкір шынжырлары мен шынжыр жәшіктерінің жиналуын байқау;
(05) бірінші штурманның өкімімен жүк операцияларына байланысты жұмыстарға қатысу;
(06) жүк операцияларына трюмдер мен жүк қондырғыларын даярлауды қамтамасыз ету;
(07) ауыр салмақты және ұзын жүктерді тиеуге және түсіруге қатысу, ал танкерлерде екінші штурманның немесе вахта бастығының нұсқауымен жүк жүйесінің клинкеттерін сілтеу;
(08) брезенттерді, өрт шлангаларын және басқа өртке қарсы жабдықтарды сақталуын және дер кезінде желдетуін, сондай-ақ палубалық су және өрттік магистралдарын және құрау гайкаларының дұрыстығын байқау;
(09) қарамағындағы есіктердің, люктердің лаздардың, желдеткіш жапқыштарының ахуалын, иллюминаторлардың су өткізбеушілігінің ахуалын байқау; қажет болғанда резина нығыздағыштарын алмастыру;
(10) борт сыртында жұмыс жасау үшін аспаларды әзірлеуді қамтамасыз ету;
(11) кеме сылыптары, құтқару құралдары Қазақстан Республикасы Су көлігі департаментімен бекітілген нормаларға сәйкес күтіп ұсталуын бақылау;
(12) рульші және матрос міндеттерін орындай алу;
(13) жеке бас құралдарының, бекіту арқандарының, строптар, блоктар, ілгіш және басқа палубаға қатысты такелаждық мүліктердің ахуалын тексеру, қажет болғанда оларды ауыстыру;
(14) материалдық-техникалық жабдықтың бар екендігін тексеру және оған тапсырыс құрастыру, алу мен сақтауды және есеп жүргізуді қамтамасыз ету;
(15) күнделікті, сондай-ақ бірінші штурманның немесе вахта бастығының ерекше нұсқауымен су танкілеріндегі су өлшемін жасау;
(16) бірінші штурманның нұсқауымен кемеге жаңа келгендерге меңгермесі бойынша, дабыл бойынша кестелерді, апаттық және өртке қарсы жабдықтар мен мүліктерді орналастырумен, ұжымдық және жеке бас құтқару құралдарымен таныстыру, сондай-ақ олармен жұмыс жасауды үйрету;
(17) палуба командасы мүшелерін сырлау, такелаждық және басқа палуба жұмыстарына үйрету;
(18) палуба қондырғыларының, жүктерінің бекітілуін рейсте бекітілу күйін тексеру;
(19) өз меңгермесінің рейске (палуба жағындағы жабдықтардың бар
екендігі мен жарамдылығына, есіктер мен жұтқыншақтардың тығыз жабылып
тұруына көп көңіл аудару) әзірлігін қамтамасыз ету және белгіленген
уақытта бірінші штурманға хабарлау;
(20) бірінші штурманның немесе вахта бастығының нұсқауымен палуба
жағының бұрқасынға әзірлігін тексеру және нұсқау берген адамға бұл жөнінде
хабарлау;
(21) заттар сақтау кеме камерасын басқару.
184. Портқа, айлаққа, зәкір тастайтын жерге немесе жедел зәкір тастау
керек болатын аудандарда жүзу кезінде, сондай-ақ бекіту операцияларын
жүргізу кезінде боцман бакте немесе вахта бастығы көрсеткен жерде тұруы
тиіс.
185. Боцман кейбір жағдайларда жүріс және тұрыс вахтасына қатыстыруы
мүмкін.
Аға рульші, рульші
186. Аға рульші, рульші тікелей боцманға бағынады, вахта кезінде
вахта бастығының қарамағында болады.
187. Аға рульші, рульшінің міндеті:
(01) арнайы лоцияны және кеме рейс жасайтын ішкі кеме қатынасы
жолдарындағы жүзу аудандарының жағдайын зерттеу;
(02) берілген кеме жүзетін ауданға қатысты кеме жүзулерін реттейтін ережелерді, оның толықтыруларын білу; руль қондырғыларын білу, қайраң суда, толқында, желде, бекітуде, зәкір беруде және т.б. жүзу кезінде қозғағыштың алдыңғы және артқы жүрістерінде руль кешенінің жұмыс әрекетін білу;
(03) руль, авторуль қондырғыларының әр түрлі жүйесінің жұмыс
принциптерін білу, қол, бу, электр, гидравликалық руль жүргізгіштерін
басқаруды білу, авторульді пайдалануды білу, бір басқару түрінен басқасына
көшуді білу;
(04) кемені бірқалыпты бағытта ұстап тұруды немесе вахта бастығының
нұсқауымен бағытты өзгертуді білуі; көзжобамен де және басқа әртүрлі бағыт
көрсеткіш құралдармен де;
(05) матростардың міндетіне жататын барлық жұмыстарды атқаруды білу.
188. Аға рульші жүріс көпіршесіндегі тазалық пен тәртіпке, ал рульші
штурман рубкасы мен тент палубасына жауапты.
189. Шетел жүзулерінде аға рульші мен рульші кемеге ағылшын тілінде
берілген командаларды түсінуі тиіс.
190. Штаттық кестеде боцман қызметі қарастырылмаған кемелерде осы
Жарғымен қарастырылған оның міндеттерін аға рульші орындайды.
I сынып матросы
191. I сынып матросы тікелей боцманға, вахта жүргізу кезінде вахта бастығына бағынады; өзі жүрмейтін кемелерде шкиперге бағынады.
192. I сынып матросы II сынып матросының міндеттерін білуге және орындауға, сондай-ақ палуба механизмдерін басқаруға, зәкір тастауға және жинауға, сылыптарды түсіруге және көтеруге, ескекті құтқару сылыптарын басқаруға (моторлы және желкенді) білуге міндетті, су танкілерінің, олардың өлшеу және ауа құбыршықтарының орналасуын, танкілерде және жүк жайларында су мен температураны өлшеуді білу, қол лотымен тереңдікті өлшеуді білуге міндетті.
193. Теңізге шығатын кемелердегі I сынып матросы рольшінің міндетін білуге және орындауға тиіс.
II сынып матросы
194. II сынып матросы тікелей боцманға, вахта жүргізу кезінде вахта бастығына бағынады; өзі жүрмейтін кемелерде шкиперге бағынады.
195. II сынып матросының міндеттері:
(01) кемедегі палуба жұмыстарына қатысу;
(02) жүк жайларын, жүк құралдарын және тиеу-түсіру құралдарын жүріс жағдайына әзірлеуге қатысу;
(03) палубаны, кеменің қызметтік және санитарлық-тұрмыстық жайларын жинау;
(04) жүк операцияларына байланысты жұмыстарды орындау кезінде трюм қақпақтарын ашып-жабуға қатысу; жүк тараларының, маркерлерінің жиналуының дұрыстығын тексеру және қажет болғанда жүк орнын есептеу; жүктің, құралдар мен такелаждың түгелдігін бақылау; трюм басқыштары мен басқа трюм жабдықтарының дұрыстығын бақылау; трюмге мас адамдарды жібермеу, темекі шеккізбеу; трюмде тазалық пен тәртіпті сақтау; барлық бүлінушіліктер, кемшіліктер, зақымданулар және т.б. туралы вахта бастығына баяндау;
(05) барлық такелаждық, сырлау, бекіту жұмыстарын және кемелерді сүйреу жұмыстарын орындау;
(06) сыныпта ескекпен есуді білу және кеме құдықтарындағы ағын сулардың деңгейін өлшеуді білу, ал теңізде жүзу кезінде көз байланысы құралдарымен хабарларды қабылдау мен тапсыруы жүзеге асыру, борт сыртындағы лагті жіберу мен жинау, есеп алу, рульші міндетін орындау.
196. II сынып матросы жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқау алғаннан кейін машина жайларында сырлау және такелаждау жұмыстарына тартылуы мүмкін.
Жер снарядының (түп тазалау снарядының)
аға лебедкіші (лебедкіші, арнайы
қондырғының операторы)
197. Аға лебедкіші (лебедкіші) тікелей командирдің бірінші
көмекшісіне, ал вахта жүргізу кезінде вахта бастығына бағынады.
198. Аға лебедкіші мыналарды білуге міндетті:
(01) жер снаряды жұмыстарының технологиялық рәсімдерін игеру;
(02) жұмыс зәкірлерін жинау мен түсіру жұмыстарын орындау;
(03) палубадағы қосымша механизмдер мен жүк қондырғыларының жұмысын
игеру;
(04) барлық такелаждық бекіту, слесарлық-жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ
жер снаряды матросының міндетіне кіретін жұмыстарды орындау, сылыпта
ескекпен есуді білу мен ескекті және моторлы, ал теңізде-желкені бар
құтқару сылыптарын игеру;
(05) такелаждық мүліктердің, құралдар мен аспаптардың барлығына есеп
жүргізу.
199. Штат кестесінде боцмандық қызметі болмайтын жер снарядтарында
аға лебедкіші "Боцман" тарауында баяндалған құқықтар мен міндеттерге ие
болады.
Жер снарядының (түп тазалау снарядының) матросы
200. Жер снарядының матросы тікелей командирдің бірінші көмекшісіне,
ал вахта жүргізу кезінде вахта бастығына бағынады.
201. Матрос мыналарды білуге міндетті:
(01) жедел лебедкілердің және палуба қосымша механизмдерінің
жұмыстарын игеру;
(02) жұмыс зәкірлерін жинау мен түсіру жұмыстарын орындау;
(03) палубадағы қосымша механизмдер мен жүк қондырғыларының жұмысын
игеру;
(04) палубаны, кеменің қызметтік және санитарлық-тұрмыстық жайларын
жинау.
Аға моторист (аға машинист, моторист, машинист)
202. Аға моторист тікелей механиктің бірінші көмекшісіне, ал вахта
жүргізу кезінде вахта бастығына бағынады.
203. Аға мотористің міндеттері:
(01) бас энергетикалық қондырғылардың және қосымша механизмдердің
құрылысын білу; оларға қызмет көрсетуді білу;
(02) энергетикалық қондырғылардың нормативтік пайдалану техникалық
көрсеткіштерін білу;
(03) барлық кеме техникасына қызмет көрсетуге мен жөндеуге қатысу;
(04) кеме техникасын пайдалануда техникалық ережелерді білу және
орындау;
(05) қарамағына бекітілген механизмдерге техникалық қызмет көрсетуді
кесте бойынша дер кезінде жүргізу;
(06) құбыр жүргізу, вентильдер мен кеме жүйелерінің клапандарының
орналасуы мен мақсатын білу және оларды басқару;
(07) қарамағындағы құралдардың көрсеткіштерін оқи және түсіне білу.
204. Аға моторист жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі ережелері бойынша
нұсқау алғаннан кейін өзінің тікелей міндеттеріне кірмейтін кеме
жұмыстарына механиктің нұсқауымен тартылуы мүмкін.
205. Аға моторист (аға машинист) техникалық қызмет көрсету және
слесарлық жөндеу жұмыстары кезінде мотористердің (машинистердің)
жұмыстарын басқарады.
Қазандық қондырғының машинисі (қазаншы)
206. Қазандық қондырғының машинисі тікелей механиктің бірінші көмекшісіне, ал вахта жүргізу кезінде вахта бастығына бағынады.
203. Қазандық қондырғының машинісінің міндеттері:
(01) қазандық қондырғының құрылысын білу, оны жұмыс жасата және
басқаруды, оған қызмет көрсететін техникалық құралдарды игеру, су деңгейі
мен бу қысымын дұрыс ұстауды білу;
(02) қарамағындағы құралдардың көрсеткіштерін оқи және түсіне білу;
(03) қазандық қондырғыларға және оған қызмет көрсететін техникалық
құралдарға жөндеу жұмыстарына қатысу;
(04) оның қарамағына бекітілген механизмдерге техникалық қызмет
көрсетуді дер кезінде жүргізу;
(05) қазандық бөліміндегі, вентильдер мен клапандар жүйесінің
орналасуы мен міндетін білу және оларды басқара алу; құбыр жүргізу
жүйесінің орналасуы мен міндетін білу.
208. Қазандық қондырғының машинисі жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі
ережелері бойынша нұсқау алғаннан кейін өзінің тікелей міндеттеріне
кірмейтін кеме жұмыстарына механиктің нұсқауымен тартылуы мүмкін.
Аға электрші (электрші)
209. Аға электрші тікелей электр механигіне бағынады, ал вахта жүргізу кезінде вахта электр механигінің өкімін орындайды. Командада электрмеханиктер персоналдары қарастырылмаған кемелерде аға электрші механиктің екінші көмекшісіне бағынады.
210. Аға электршінің міндеттері:
(01) кеме электр жабдықтарының жұмыс принциптерін және кеме бойынша
электр энергиясын тарату сызбасын білу;
(02) энергетикалық қондырғының электр жабдықтарын пайдалануды білу;
(03) кеме электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге және
жөндеуге қатысу;
(04) кеме электр жабдықтарын техникалық пайдалану ережелерін білу
және орындау;
(05) қарамағына бекітілген механизмдерге техникалық қызмет көрсетуді
дер кезінде жүргізу;
(06) қарамағындағы құралдардың көрсеткіштерін оқи және түсіне білу.
211. Аға электрші кеме электр жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу
жұмыстарын орындау кезінде электршінің жұмысына басшылық етеді.
Радиооператор
212. Кеме радиооператоры тікелей радиостанция бастығына бағынады,
оның қарамағындағыларға техникалық қызмет көрсетуге көмектеседі, вахта
радиооператорының міндетін орындайды. Штатта радиостанция бастығының
қызметі қарастырылмаған жағдайда радиооператор осы Жарғымен көзделген
міндеттерді орындайды және құқықтарға ие болады.
Аға жолсерік
213. Аға жолсерік тікелей бірінші штурманға бағынады.
214. Аға жолсерік жолсеріктердің жұмыстарына басшылық етеді және жолаушы жайларының тиісті күйде ұсталуын қамтамасыз етеді. Жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде жолсеріктер кезекшілігінің кестесінде көрсетілген орында болады, жолаушыларды тәртіппен жайғастыруды ұйымдастырады. Кеме бортында жолаушылар болған кезде аға жолсерік каюталарды және басқа жолаушы жайларын мерзімімен тексеріп отырады, кемшіліктер мен талап қоюларды анықтайды және оларды жою үшін шаралар қабылдайды.
215. Аға жолсеріктің міндеттері:
(01) бос жолаушы орындарын анықтау және бұл жөнінде бірінші штурманға хабарлау;
(02) белгіленген тәртіпте төсек орын базаларында жолаушы каюталары үшін төсек жабдықтарын, жолсеріктері үшін арнаулы киімдер алады және ауыстырады;
(03) қарамағындағы мүліктердің күйін бақылайды, тиісті есеп беруді жүргізеді, оларды толықтыру, ауыстыру не жөндеу үшін тапсырыстар ресімдейді;
(04) жолсеріктердің өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі, санитарлық және жолаушы кемелерінің ережелерін орындауды бақылайды;
(05) құтқару сылыптары мен плоттарының орналасқан жерін білу, дабыл кестесімен көзделген жолаушыларды құтқару жолдарын білу;
(06) кеме дабылы жарияланған кезде жолаушылар арасында тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде және кеме бойынша тиісті командаларды орындауда жолсеріктерінің әрекетін бақылайды.
Жолсерік
216. Жолсерік тікелей аға жолсерікке бағынады.
217. Жолсерік өзіне кеме кестесімен бекітілген төсек құралдарының,
аспаптар мен жабдықтардың түгелдігіне, жолаушылар каюталарының дәліздері
мен жалпы пайдаланым орындарының тиісті санитарлық күйіне жауап береді.
218. Жолсеріктің міндеттері:
(01) ақырғы пункттерде жолаушыларды отырғызу мен түсіру кезінде
кезекшілік уақтысына қарамастан жұмыс орнында, жол билеттері мен отырғызу
талондарына сәйкес жолаушыларды кеме каюталарына жайғастыруға тиіс;
(02) жолаушы және санитарлық тұрмыс жайларында тәртіпті сақтау және
жинау;
(03) жолаушыларға бағыт алған пункттеріне келгені туралы хабарлау;
(04) кеме ережелерін бұзған жолаушылар туралы вахта бастығына баяндау;
(05) кемеде балалардың жүріс-тұрысын бақылау, ата-аналарына тиісті
нұсқаулар беру;
(06) тізбеге сәйкес жолаушыларға қызмет көрсету;
(07) төсек орын базаларында төсек жабдықтарын алмастыруға қатысу;
(08) құтқару сылыптары мен плоттарының орналасқан жерін білу, дабыл
кестесімен көзделген жолаушыларды құтқару жолдарын білу;
(09) ауа райы бұрқасын болған кезде каюта терезелері жабық болуын,
ал иллюминаторлардың нығыз бекітілуін бақылау.
Аспаз
219. Аспаз кеме экипажы мүшелеріне тағам әзірлейді, бірінші штурманға
(командирдің бірінші көмекшісіне) тікелей бағынады.
220. Аспаздың міндеттері:
(01) ас мәзірін дайындау және тағамдарға тапсырыс жасауға қатысу;
(02) тағамды сапалы әзірлеу және тағам қабылдауға белгіленген уақытта
оларды беру;
(03) жүзу дүкендерінде не базаларында нан алу мүмкіндігі болмаған
кезде пісіру;
(04) асхана ыдыстарын түгел және әрдайым таза сақтау;
(05) асхана жабдықтарын пайдалану ережелерін сақтау және оны таза
ұстау;
(06) асхана жайлары мен мұздатқыштарды және сондай-ақ өзінің арнайы
жұмыс киімдерін таза ұстау;
(07) санитарлық ережелерді сақтау.
Кеме дәрігері (фельдшері), мейрамхана, туристік база
персоналдары, тәжірибе басшылары, тәжірибешілер және
кеме экипажы штатына кірмейтін басқа қызметкерлер
221. Кеме экипажы штатына кірмейтін қызметкерлердің міндеттері, құқықтары мен экипажбен қарым-қатынасы арнайы ережелермен және нұсқаулықтармен анықталады.
Аталмыш қызметкерлер өмір және тәртіп режимін, өрт, еңбек
қауіпсіздігі, санитарлық ережелерді, оларға белгіленген киім нысанын,
сондай-ақ жалпы еңбек және санитарлық ережелерді, оларға белгіленген киім
нысанын, сондай-ақ осы Жарғының III тарауында баяндалған жалпы міндеттерді
өзінің кемедегі жағдайына қарай сақтауы тиіс.
Олар сонымен қатар, экипаж мүшелерінің құзыры шегіндегі өкімдерін,
нұсқауларын және ескертулерін орындауға міндетті.
222. Кеме экипажы штатына кірмейтін қызметкерлер апат жұмыстарына,
кеме өміршеңдігі үшін күреске және үйрену кеме дабылдарына қатысуға
міндетті.
VI Тарау
Вахта қызметі
Жалпы ережелер
223. Кемелердегі вахталық қызмет (вахта) постыда немесе жұмыс орнында міндетті болу мен көтеріңкі назар аударуды талап ететін қызмет түрі болып табылады. Вахтада тұрған кеме экипажының мүшелері вахташы деп аталынады.
224. Вахталық қызмет кемені басқаруды, оның қауіпсіздігін, өндірістік қызметін, сондай-ақ кемеге бөгде тұлғалардың келуін бақылауды қамтамасыз етеді.
Вахта қызметін ұйымдастыруға жауапкершілік капитанға жүктеледі, ал тікелей вахта қызметін ұйымдастыру - бірінші штурманға (командирдің бірінші көмекшісіне) жүктеледі.
Вахтаны тиісті түрде жүргізу жауапкершілігі вахтада тұрған тұлғаға жүктеледі.
225. Вахтада тұруға кемінде 4 сағат демалған тұлғалар жіберіледі.
226. Кеме вахталарын жүру және тұру вахталарына бөлінеді. Зәкірде тұрған кезде экипаж жүру кестесі бойынша вахтада тұрады. Бекітілген тұрақта тұрған кезде тұру вахтасының мерзімділігі мен ұзақтығын нақты жағдайларды ескере отырып, капитан белгілейді.
Кеме бекітуде тұрған кезде кеме штатында үшінші штурман, механиктер мен электр механиктерінің үшінші көмекшілері болған кезде, сондай-ақ тұру кезінде қалған команда құрамының тұлғаларына қалыпты жұмыс уақыты сақталған кезде капитан, механик және электр механигі вахтада тұрмайды.
227. Кеме жүргізушілер мен механиктер, ал радиорубкада - радиомамандар үшін жүріс рубкасы мен машина бөлімінде жүру және тұру вахталарын жүргізу жөнінде нұсқаулықтар болуы тиіс.
228. Кезекті вахта ауысылымы вахтаға 30 минут бұрын кірісуді ескертеді.
Вахта ауысылымы вахта жүргізу орнына дер кезінде және келуі және вахтаға кіріскенге дейін жүзу жағдайларымен және техникалық құралдардың жұмыс режимімен танысуы тиіс.
Команда құрамының тұлғалары вахта басталғанға дейін 10 минут бұрын, ал қатардағы құрам тұлғалары - 5 минут бұрын келеді.
229. Аға вахташы (вахта бастығы, вахта механигі, вахта электр механигі) вахтаға келген тұлға тиісті вахта міндеттерін атқара алмайды деп ұйғарғанда вахтаны тапсырмайды және бұл жөнінде капитанға (механикке) мәлімдейді.
Аға вахташы вахтаға келген барлық құрам өз міндеттерін атқара алатынына сенімді болуы тиіс.
230. Ауысқан вахта қажет болған жағдайда вахтаны күшейтуге немесе кейбір вахташыларды ауыстыруға пайдаланылады.
231. Палуба командасының мүшелері вахтаны қабылдау тапсыру нәтижелері туралы вахта бастығына, ал машиналық - вахта механигіне, ол бұл жөнінде вахта бастығына баяндайды.
Вахта бастығының рұқсатынсыз вахташы вахтаны тастап кетуге немесе біреу-міреуге өз міндеттерін тапсыруға құқығы жоқ.
232. Экипаждың бригадалық жұмыс кезінде капитан бригада алмасқаны, рейске әзірлік туралы диспетчерге (порт, айлақ әкімшілігіне) хабарлауға және одан қажетті ақпараттарды алуға міндетті.
233. Кемеге бөгде тұлғалардың келуі вахта бастығының рұқсатымен жүргізіледі.
234. Вахта жүргізуде қайсы бір күдік туғанда немесе көмек қажет болған жағдайда вахтада тұрған тұлға жедел аға вахташыға хабарлауы тиіс.
235. Дабыл кезінде вахташылар дабыл кестесі бойынша өз орнында болуы
тиіс, ал өз вахтасын тапсырған кезде ғана дабыл кестесі бойынша вахтаға
келгенге береді.
236. Вахташы осы қызметке арналған, сонымен қатар бекіту тұрымда
тұрған кезде белгіленген киімде (нысан) болуы тиіс, ал жолаушы кемелерінде
және жүрісте вахта бастығы, вахта матросы вахта жолсерігі сол жеңінде үш
жолақты байлау: жолақтың жалпы ені 9 см, әрбір жолақтың ені 3 см. Жолақ
түстері: вахта бастығының байлауы - көк, ақ, көк; вахта матросы мен
жолсеріктің байлауы - қызыл, ақ, қызыл.
237. Команда құрамының тұлғалары аға вахташылар вахта журналы белгілі
ережелерге сәйкес жүргізуге міндетті.
Вахта бастығы (капитанның вахта көмекшісі)
Жалпы міндеттер
238. Вахта бастығы кеменің вахта қызметінде ең жоғарғы болып табылады
және тікелей капитанға, ол болмаса бірінші штурманға бағынады.
239. Вахта бастығы вахтада тиісті қызмет жасалуына, еңбек, адамдар
қауіпсіздігіне, кемедегі мүлік пен жүктердің түгелдігіне, сондай-ақ
айналадағы ортаны ластанбауына жауапты (осы Жарғымен оған жүктелген
шеңберде).
240. Вахта бастығының өкілеттік шеңберінде берген өкімдері кеме экипажының әрбір мүшесіне және кемедегі басқа тұлғаларға міндетті болып табылады.
241. Радиотелеграфпен жабдықталған кемелерде вахта бастығы оларды пайдалану және радиобайланыс ережесін сақтауы тиіс.
242. Өрт қаупі төнгенде, кеме тесілгенде, қопарыс болса, сондай-ақ борт сыртына адам құласа вахта бастығы дабыл соғуға міндетті.
243. Вахта бастығы вахтаға кірісу бойына: кеменің палубасын түгел тексереді, навигация оттары мен сигналдардың шығарылғанын және дұрыс қойылғанына көз жеткізуі тиіс, сыртқы және ішкі байланыстарды (дыбыс, көзбен, ал күндіз апаттық) іс жүзінде тексеруі тиіс, УҚТ байланысын, вахта құрамымен танысады, вахтаға келгендердің баяндамасын алады және оларға нұсқау береді, орналасқан жерді және кеме ахуалын біледі, айналадағы жағдаймен, ауа райымен және бұрқасын ескертулерімен танысып шығады.
244. Вахта бастығы сонымен қатар, вахтаны тапсырушыдан кеме қауіпсіздігіне және оны пайдалану қызметіне байланысты мәліметтер, соның ішінде мыналарды алады:
(01) вахта бойынша капитанның өкімін;
(02) балласт жөнінде және су бар екендігін және кеме корпусының бөліктері жөнінде;
(03) кеме және жөндеу жұмыстары туралы (ашық палубадағы, борт сырты арматурасын қолданудағы және ашық отпен жасалатын жұмыстарға ерекше назар аударады).
245. Вахта жүргізу кезіндегі бастықтың міндеттері:
(01) кеме ахуалын бақылау және кеменің, адамдар мен жүктердің қауіпсіздігі үшін шаралар қабылдау;
(02) әрдайым ауа райы мен айналадағы ортаны бақылау;
(03) кеме құдықтарындағы суды өлшеу (жүріс кезінде - әрбір вахтада, зәкірде және бекітуде тұрғанда - тәулігіне екі реттен азайтпай, корпус мұзға, айлаққа соққан, сондай-ақ мұз қысымында қалған болса - бірден тексеру қажет су ақпағанына көзі әбден жеткенше). Кемеге су кірген жағдайда жедел капитанға мәлімдеу және суды соруға тапсырма беру. Бұрқасын немесе мұз қату жағдайымен су өлшеу мүмкін болмағанда вахта бастығының өкімімен кемеден бақылау су сору жүргізу қажет;
(04) кемеге адам қабылдау түсіру кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
(05) бекітілген трюмдер мен жайлардың пломбалары мен мөртаңбасының бүлінбеуін бақылау;
(06) кемедегі және кемеге келе жатырған жүзу құралдарын бақылау және оларға борт маңында тұратын жерін көрсету, суға түсірілген жүзу құралының дер кезінде кемеге көтерілуін бақылау;
(07) қажет болған жағдайда сылыпты суға түсіруге даярлау, оларды түсіруге және кетуіне рұқсат беру; олар кемеге келген сылып командирінің баяндама қабылдау;
(08) тұрған кезде палубада жұмыс орындайтын экипаж мүшелерінің еңбек және өрт қауіпсіздігін сақтауын бақылау; жүзу құралдарын борт сыртына түсірген кезде осы жұмыстарды атқаратын адамдардың сақтандыру жейделері болуын қадағалау;
(09) жалпы және жергілікті жүзу ережелерінің, сондай-ақ қауіпсіздікке қатысты басқа ережелерді дәл және дер кезінде орындалуын бақылау;
(10) Мемлекеттік және басқа жалаулар мен вымпелдердің көтерілу түсірілуіне өкім беру;
(11) сигнал оттарының дер кезінде қосылуын, тиісті жерде және кеме міндетіне сай белгілер мен сигналдардың шығарылуын, олардың дұрыс жұмыс атқаруын бақылау, кеменің жағамен және басқа кемелермен байланысын көзбен, дыбыспен және УҚТ радиобайланыспен іске асыру;
(12) вахта барысында күдік туындаса жедел капитанға хабарлау әрі қарай соның өкімімен қызмет атқару.
Жүріс вахтасындағы міндеттер
246. Жүріс вахтасына кіріскеннен кейін 243, 244 баптарда көзделгендерден басқа вахта бастығының міндеттері:
(01) карта және жетекші кітаптар арқылы навигациялық және жүзу жағдайларымен танысу;
(02) кеме жүргізу құралдарының дұрыс жұмыс жасауына көз жеткізу;
(03) бас және қосымша қозғалтқыштардың, руль қондырғыларының дистанциялық басқарылуын, басқару пульті құралдарының көрсеткіштерін тексеру;
(04) кеме маневр жасаған кезде, маневр толық аяқталғанға дейін вахтаны тапсыруға тыйым салынады;
(05) көру қабілеті жағдайға үйреніскеніне көз жеткізу.
247. Теңізде және ішкі суларда теңіз навигациясын қолдана отырып, жүзу кезінде капитанның вахта көмекшісінің 243, 244, 246-баптарда баяндалғандардан басқа мынадай міндеттері бар:
(01) басым ағыстар әрекеті мен ағыс бағытын және жылдамдығын анықтау;
(02) бағыт компасын, басқа есептеу элементтерін қабылдау және тексеру, жол картасы мен компас көрсеткіштерін салыстыру;
(03) курсографты бағыт және уақыт бойынша тексеру, курсограф лентасына уақытты белгілеу;
(04) вахта қабылдаған соң дереу кеме орналасқан жерін анықтау, ал жүзу кезінде алдыңғы вахтаның жүру жолының есебін тексеру.
248. Жүріс вахтасы кезінде вахта бастығының 145-бапта көрсетілгендерден басқа мынадай міндеттері бар:
(01) әрдайым жүріс көпіршегінде болу (руль рубкасында), айналадағы ортаны тексеріп отыру (штурман рубкасына ол қысқа уақытқа ғана кіре алады, штурмандық міндеттерді орындауға), көпіршіктен кетер алдында тиісті бақылау жүргізілетініне көз жеткізу керек;
(02) ішкі су жолдарында жүзу кезінде кемені (құрамды) басқару;
(03) кездесетін барлық навигациялық белгілерді тану;
(04) кеме жүргізу құралдарының жұмысын тексеріп, жиі түзету жасап отыру;
(05) руль рубкасындағы және жүріс көпіршегіндегі бақылау өлшеу құралдарының көрсеткіштерін әрдайым тексеру;
(06) вахта кезінде ең болмағанда бір рет автоматты басқарудан қолмен басқаруға және керісінше әрекет жасап көру (жеке вахта бастығымен немесе оның бақылауымен басқа вахта құрамының адамы);
(07) белгіленген режимде ұзақ жұмыс жасаған бас қозғалтқыштардың әрекетін кеме гидротехникалық құрылыстарға, айлақтарға, рейдке, жүзу қиын учаскелерге жақындар алдында дистанциялық басқарудағы руль қондырғысымен тексеру, сондай-ақ жіберу және тифон баллондарындағы ауа қысымын тексеру;
(08) құтқару құралдарының, жүк ілгіштері мен крандардың, палуба жүктерінің, палубадағы қозғалатын заттардың мықтап бекітілуін, люк қақпақтарының нығыздап жабылуын тексеру;
(09) ерекше қиын жүзу жағдайларында (швартовка операциялары, шхер, арна және қуыстардан өтерде, портқа кіру, шығу, мұз, қайраң, тұман, бұрқасын жағдайында жүзу) маневр режимдерінде вахта механигіне кеменің техникалық құралдарын әзірлеуге дер кезінде өкім жасау, сонан соң соның орындалуын бақылау;
(10) көрініс нашарлаған немесе шектеулі көріністі ауданға жақындаған кезде жедел капитанға айту, радиолокация стансасы мен жүріс оттарын қосу, жылдамдықты азайту, дыбыстық тұман белгілерін беру, алға қараушы даярлап, соған нұсқау беру, кемені автоматтық басқарудан қолмен басқаруға көшу, вахта механигін мүмкін болар қауіптер жайлы ескерту, сағаттарды тексеру, курсограф лентасына уақыт белгісін қою және әрі қарай капитанның нұсқауымен әрекет жасау;
(11) егер ерекше жағдайлар (кеме қатынасы жағдайы, кейбір кемелердің ауысуы, навигациялық техника мен басқа техниканың бүлінгені байқалғанда, өз қимылының дұрыстығына күмәнданған және т.б.) жүзу қауіпсіздігіне күмән түсіргенде жылдамдықты азайту (немесе қозғалысты тоқтату) капитанға баяндау, әрі қарай соның нұсқауын орындау;
(12) ішкі су жолдарында жүзу кезінде диспетчер аппаратын және қарсы кездескен кемелерге жүзуге қауіп төндіретін кеме қатынасы жағдайының өзгергені жөнінде хабарлау;
(13) бортта лоцман болса да кеме мен оның қозғалысын бақылауды жалғастыру, ал лоцманның әрекеті мен ниетіне күмән келтірген жағдайда алдын алу шараларын жасау үшін капитанға жедел хабарлау.
249. Теңізде және ішкі суларда теңіз навигациясын қолдана отырып, жүзу кезінде капитанның вахта көмекшісінің 245, 248 - баптарда баяндалғандардан басқа мынадай міндеттері бар:
(01) кемені бағыт алған курста ұстап отыру, жолды есептеп отыру, кеме орнын дәл әдістермен анықтап отыру, капитан тапсырмасынан сиретпей алдындағы жолдың дұрыстығын тексеру;
(02) әрбір сағатта және әрбір бағыт тексерген сайын магнит компасы мен гирокомпастың көрсеткіштерімен салыстыру, репитерлер мен негізгі компасты тексеру;
(03) оған жақын келген басқа кемені байқағанда, бөлек кету үшін шаралар қабылдау керек болғанда, пеленге өзгерісін және кемемен арақашықтықты бақылау, нәтижесін капитанға жеткізу;
(04) кеме бағытын ұстау қиындағанда, есептелген уақытта жаға, навигациялық белгі немесе күтілген тереңдік көрінбесе, егер бірден жаға, навигациялық белгі немесе шапшаң тереңдік өзгерген жағдайда, капитанға жеткізу және соның нұсқауымен әрекет ету;
(05) қауіпті жүзу аудандарына жақындағанда дер кезінде капитанға, вахта механигіне жеткізу, осы аудандарда жүзу кезінде масштабы ірі, соңғы мәліметпен түзетілген картаны пайдалану;
(06) капитанның рұқсатынсыз бағытты, бас қозғалтқыш жұмысының режимін, оларды басқару әдісін, руль қондырғысын, сондай-ақ кемеге, адамдарға немесе жүктерге төтеннен қауіп туған жағдайларды қоспағанда өзгертпеу, қауіп сипаты мен өз әрекеті жөнінде капитанға хабарлау.
250. Машина бөлімінде тұрақты вахта болмағанда және қозғалтқыштардың немесе басқа механизмдердің бүлінгенін байқағанда вахта бастығы тиісті мамандарды шақыруы немесе кеме қозғалысын тоқтатуы тиіс.
251. Вахта бастығы кеме басқаруға қатысы жоқ экипаж мүшелері мен бөгде тұлғалардың басқару пультінде болуына тыйым салады.
252. Вахта бастығының өз міндетіне қатысы жоқ басқа істермен айналысуына тыйым салынады.
253. Вахта бастығы жүріс көпіршегінде (руль рубкасында) капитанның болғанына қарамастан, капитан кеме басқаруды өзіне қабыл алғанын арнайы айтпаған жағдайда осы Жарғымен өзіне жүктелген міндеттерін орындауды жалғастыра береді.
Кеме айлақта тұрған кездегі міндеттер
254. Кеме айлақта тұрған кездегі вахта бастығының міндеттері:
(01) вахтаға кіріскен кезде тапсырушыдан тұру жағдайы, жүк және балласт операцияларының барысы, капитанның тұрған жерін, кемеде команда және қатардағы құрамның, басқа тұлғалардың бар екендігі, айлақтағы тереңдік туралы, кеме батыңқылығы, жоғары, төмен су деңгейі мен уақыты, бекіту, зәкір жағдайы және шығарылған зәкір шынжырлардың саны туралы мәліметтерді, сондай-ақ тұру ерекшелігі, бас қозғалтқыштарының әзірлігі, апат жағдайында оларды пайдалану мүмкіндігі, бортта жүзу құралдарының бар екендігі жөнінде мәліметтер алады;
(02) кеме бортының маңайындағы тереңдікті, бекіту сымдары мен кранцылардың тиісті бекітілуін, баспалдақ бекітілгені, леерлердің бекітілуі, трап астында сетка орналасуын, баспалдақта құтқару шеңберлерінің лақтыру арқанымен бірге даяр болуын, тиісті жарық болуын бақылау;
(03) ауа райы нашарлағанда, кеменің қауіпсіз тұруына шаралар қабылдау және капитанға баяндау;
(04) кеменің жүк құралдарының дұрыс пайдаланылуын, трюм қақпақтарының дер кезінде ашылып, жабылуын, ватерлиния маңындағы иллюминаторлардың нығыздап жабылуын бақылау;
(05) жүк операциялары кезінде ережелердің сақталуын немесе жүк тиеу, түсіру, жоспарларының орындалуын, кемеде жүктердің дұрыс орналастырылып, бекітілуін, артық жүк тиелмеуін бақылау;
(06) корпусқа қатысты жұмыстарда өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын;
(07) жағадағы құтқару және өртке қарсы құралдарды шақыру тәртібін білу, қажет болғанда оларды жедел шақыру;
(08) жолаушыларды отырғызу, түсіру жұмыстарын басқару, артық жолаушы отырғызбау;
(09) кемені бұруда арттың бос болуына көз жеткізу, бекіту арқандарын бақылау;
(10) кемені бекіту операцияларына дер кезінде даярлау (баспалдақты
жинау, шлюпбағандарды, крандарды жатқызу) швартоваларды тез қабылдау,
кранц қорғаныстарын дұрыс пайдалану;
(11) Кемені ұдайы тексеру. Вахта бастығының тұрған жерін вахта
рульшісі (матрос) әрқашан білуі тиіс;
(12) жағадан экипаж мүшелерінің келуін, кетуін бақылау, кемедегі
бөгде адамдарды есепке алу;
(13) жағада, кеме маңында немесе жақында тұрған кемеде қауіп пайда
болғанда жедел капитанға жеткізу.
255. Капитан жағаға кеткен, келген кезде вахта бастығы кеме журналына
уақытты белгілеп қояды.
Кеме зәкірде тұрған кездегі міндеттері
256. Кеме зәкірде тұрған кезде вахта бастығы кезекке келгенде осы Жарғының "Жүріс вахтасындағы міндеттер", "Кеменің айлақта тұрған кезіндегі міндеттер" тарауындағы талаптарды орындауға міндетті.
257. Вахта бастығы сонымен бірге мыналарды орындауы тиіс:
(01) зәкірге кемені қояр кезде орын дайындау және дрейфті дер кезінде байқау үшін оны ұдайы бақылап отыру;
(02) зәкір арқанының ұзындығын тарту, босату жағдайын бақылау, су
деңгейін бақылау, кемені қайраңда қалдырмау жағдайын ойластыру;
(03) жел мен ағыс салдарынан кемені басқа кемеге, навигациялық
қауіптерге жақындауын болдырмау;
(04) жақын тұрған кемелердің және өз кемесінің ахуалын байқау, дрейф
жағдайы туса, дереу капитанға хабарлау;
(05) ұдайы жүріс көпіршегінде болу кететін жағдайда кемеге қауіп
төнбейтініне және айналадағы жағдайға тиісті бақылау болатынына көз
жеткізу.
Вахта рульшісі, вахта матросы
Жалпы міндеттер
258. Вахта рульшісі, вахта матросы тікелей вахта бастығына бағынады.
259. Вахтаны вахта рульшісіне, вахта матросына тапсыру вахта
бастығының рұқсатымен жүргізіледі.
260. Вахтаға кіріскен соң вахта рульшісі (теңізде жүзу кезінде - вахта матросы) белгі оттарды тексереді, ал күндіз жалаулар мен белгілердің көтерілуін, өзіне қатысты барлық өкімдермен танысады.
261. Вахта рульшісі, вахта матросы кеме зәкірде немесе швартовкада тұрған кезде вахта бастығы көрсеткен орындарда болуы, айналадағы жағдайды бақылауы, зәкір арқандарының, швартовалардың, кранцылардың, баспалдақтардың, зәкір оттары мен белгілерінің, тышқанға қарсы қақпақтардың бар екендігін орналасуы мен тартылуын байқауы, борт сыртына сым, шланга салбырамауын бақылауы тиіс. Өзгерістер болған жағдайда дереу вахта бастығына хабарлауы тиіс.
262. Вахта матросының жолаушы кемелеріндегі міндеттері:
(01) вахтаға кірістер алдында вахта тапсырушыдан ашық жерлердегі және палубадағы мүліктердің, құралдар мен жабдықтардың түгелдігін тексеріп алуы, сондай-ақ орындалатын жұмыс тапсырмалары туралы мәліметтер алуы тиіс;
(02) вахта жүргізу кезінде өзіне тапсырылған мүліктер мен жабдықтардың сақталуын, жолаушылардың кеме ережелерін сақтауын, жұмыс тапсырмаларын орындауды және өзіне бекітілген учаскеде тазалықты сақтауы тиіс.
263. Кемеде немесе жақын жерде өрт болған немесе бөтен төтенше қауіп төнген жағдайда вахта рульшісі, вахта матросы жедел вахта бастығына хабарлауы әрі қарай соның нұсқауын орындауы тиіс.
Вахта рульшісінің жүріс вахтасындағы міндеттері
264. Руль вахтасын қабылдар кезде рульші тапсырушыдан рульдің жұмысын, кеме бағытын тексеріп алуы тиіс және вахта бастығына қабыл алған кеме бағытын айтуы тиіс.
265. Вахта рульшісі вахтада тұрған кезде кемені бағытында ұстап отыруға, бағыт көрсеткіштер мен руль қондырғыларының жұмысын бақылауы, олар бүлінген кезде дереу вахта бастығына баяндауы тиіс.
266. Вахта рульшісі капитанның, вахта бастығының немесе лоцманның
(соңғының командасын капитанның немесе вахта бастығының рұқсатымен ғана)
командаларын орындауға міндетті.
267. Көз өлшемін пайдаланып жүзу кезінде вахта рульшісі навигациялық
жабдықтардың жүзу және жаға белгілерін байқап отыруы, сигнал
мачталарындағы, жүзудегі, тұрған кемелердің сигнал мачталарындағы
көрсеткіштерге қарап отыруы, қауіп төнген жағдайда вахта бастығына
жеткізуі тиіс.
268. Тұрған орнынан кеме жылжу алдында вахта рульшісі руль
қондырғыларын бір борттан екінші бортқа ауыстыру арқылы олардың іске
жарамдылығын тексеріп, ол жөнінде вахта бастығына айтуы тиіс.
269. Вахта рульшісі бағыт көрсеткішті қолдана рульді басқарған кезде
бақылаушы болмайды.
Бақылаушының міндеттері
(алға қараушы)
270. Бақылаушы вахта бастығы көрсеткен жерде ұдайы болуы, айналадағы
жағдайды, су бетін, горизонтты көзбен бақылауы және құлақ түріп отыруы
тиіс. Байқаған нәрсесін (кемелер, қайық, жағдай белгілері және т.б.) вахта
бастығына кеме іші байланыс құралдарын немесе белгіленген шартты
белгілермен хабарлап отыруы тиіс.
271. Бақылаушы өз міндеттеріне қатысы жоқ жұмыстармен айналыспауы
тиіс, бақылауын тиімді көрегендікпен жүргізуі тиіс.
Баспалдақ вахташысының міндеттері
(түсіргіш)
272. Вахтаға кірісер алдында вахташы баспалдақтың сынбағанын,
бүлінбегенін, қорғау торларының, қол жүгіністердің, лақтыру арқандарымен
бірге құтқару шеңберлерінің бар екендігін тексеруге міндетті.
273. Баспалдақ вахташысы вахта бастығының тұрған орнын біле тұра оның
рұқсатынсыз кемеге бөгде тұлғалардың кіруіне жол бермейді.
Жер снарядының вахта бастығы
(түп тазалау снарядының)
274. Жер снарядының вахта бастығы осы Жарғының "Вахта бастығы" тарауында баяндалған құқықтарға ие болады және міндеттерді орындайды.
275. Вахта бастығының міндеттері:
(01) вахтаға кірісер алдында жер снарядының расчалкасын, жүк көтеру қондырғылары мен жедел лебедкалардың жұмысын тексереді, вахтаға келгендерге тапсырма береді, механизмдер жұмысымен, зәкір лақтыру және шаланда ауыстыруға байланысты өндіріс операцияларымен таныстырады, жұмыс жасау кезінде еңбек қауіпсіздігі ережелерімен таныстырады;
(02) вахта жүргізу кезінде жер снарядының тиімді жұмыс жасауын
қамтамасыз етеді, жұмыс орнындағы навигация белгілерінің дұрыстығын, кеме
жүрісінің ауқымдық өлшемін бақылайды, көлік флотын қауіпсіз өткізу, Жүзу
ережелерінде көзделген дыбыс және жарық белгілерін қолдана отырып,
кемелермен дер кезінде байланысып отыру;
(03) келесі жұмыс орнына сүйреу алдында жер керуенінің учаскесіне
қатысу.
Жер снарядының (түп тазалау снарядының)
вахталық аға лебедкіші (лебедкіші,
арнайы қондырғының операторы)
276. Вахталық аға лебедкіші жер снаряды жұмыстарының технологиялық
ресімдерін басқаруда вахта бастығының нұсқауларын орындайды.
277. Вахталық аға лебедкішінің міндеттері:
(01) вахтаға кіріскен кезде жедел лебедкалар мен жұмыс арқандарының
күйін тексеру;
(02) жер снарядына қызмет көрсетуге байланысты жұмыс зәкірлерін жинау
мен түсіру жұмыстарына қатысу;
(03) шаланданы бекітуге қатысу;
(04) вахта бастығының нұсқауымен слесарлық-жөндеу жұмыстарын орындау.
Жер снарядының вахталық матросы
(түп тазалау снаряды)
278. Вахтаға кіріскен кезде вахталық матрос леер қоршауларын, құтқару
және өртке қарсы құрал-саймандарды, сорғыштардың қақпағын тексеруге
міндетті.
279. Вахта кезіндегі вахталық матростың міндеттері:
(01) жұмыс зәкірлерін жинау мен түсіру жұмыстарын орындау;
(02) бас және тент палубасында, рубкада тазалық пен тәртіпті сақтау;
(03) вахта бастығының нұсқауымен қосымша механизмдер мен жүк
қондырғыларының жұмысын игеру, грунт жолдарын тазалау, сылыптарды түсіру
мен көтеруге қатысу, жер снаряды жұмысына дейін, онан кейін тереңдікті
өлшеу;
(04) барлық такелаждық бекіту, ұсақ жөндеу және сырлау жұмыстарын
орындау;
(05) палубаларды, надстройка жайының сыртын жуып, тазалау;
(06) рефулер мен қарпу шынжырларын әзірлеуге, жинауға және жөндеуге
қатысу;
(07) жұмыс қақпақтарын қою және оларға жарық оттарын орнату.
Вахта механигі
280. Вахта механигі машина вахтасы құрамының бастығы болып табылады, тікелей вахта бастығына бағынады, ал техникалық құралдарды пайдалану мәселелері бойынша - механикке бағынады.
281. Вахта механигінің вахтаға кіріскен кезіндегі міндеттері:
(01) механикалық қондырғылардың техникалық құралдарының күйін жеке басы тексеру (соның ішінде руль машинасының күйі);
(02) машина журналын қарап, өзінің бақылауымен салыстыру;
(03) вахта тапсырушыдан бас қозғалтқыштарды басқару әдісі, барлық техника құралдарының жұмыс режимі мен күйі, олардың жұмысында байқалған кемшіліктер, жасалған техникалық қызмет көрсету мен жөндеулер жөнінде мәліметтер алу, сондай-ақ келіп түскен ескертулер мен өкімдермен танысу;
(04) машина командасынан вахтаға кіріскені жөнінде баяндама алу, машина журналына вахтаны қабылдағаны туралы белгі соғу және вахта бастығына хабарлау.
282. Вахта механигінің міндеттері:
(01) кеме техникалық құралдарының белгіленген жұмыс режимін қамтамасыз ету, оларды пайдалану ережелерін, нұсқаулықтарды және оларға қызмет көрсету жөнінде механиктің нұсқауын сақтау, машина жайларында кеме экипажы жұмыс жасаған кезде еңбек, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
(02) техникалық құралдар бүлінген жағдайда механикке хабарлау және оны жою шараларын қабылдау;
(03) кеме өміршеңдігі үшін күреске әзірлікті қамтамасыз ету;
(04) тұтынушыларға электр қуатын, су мен бу беруді қамтамасыз ету;
(05) вахта кезінде отынды, жағармайды, сүрту және басқа материалдарын дұрыс жұмсауды бақылау;
(06) машина бөлімдерінде еден асты суларының жиналмауын, дер кезінде сорылып, жинау цистерналарына құйылуын және бұл сулардың борт сыртына ақпауын бақылау;
(07) вахта бастығының өкімімен балласт пен отынды қабылдау, сору, қайта сору, бөлімдерден су айдау;
(08) машина бөлімін таза ұстау.
283. Вахта жүргізуге қатысты күдік туғанда немесе техникалық көмек (консультациялар) қажет болғанда вахта механигі машина бөліміне механикті шақырады.
284. Машина бөлімінде механиктің болуы вахта механигінің өз міндеттерін орындауды жалғастыра береді, механик энергетикалық қондырғыларды басқаруды өзіне алғанын хабарлағанша.
285. Вахта механигі бас қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсетілгеннен кейін оны жұмысқа қосуға және бұрауға механиктің бірінші көмекшісінің қатысуымен және вахта бастығының рұқсат етуінен соң ғана кірісе алады.
286. Бас қозғалтқышты тоқтату, механизмнің жұмыс режимін өзгерту, жауапты міндетті техникалық құралды сөндіру қажет болған жағдайда, вахта механигі вахта бастығына және механикке хабарлауы тиіс.
287. Тікелей апат қаупі адам өміріне қауіп төнгенде вахта механигінің бас қозғалтқышты тоқтатуына және бұл жөнінде жедел вахта бастығына хабарлауға құқығы бар.
288. Өртті немесе кеме корпусына су кіргенін байқаған вахта механигі жедел вахта бастығына хабарлауға және өрт сөндіру және суға қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыруға міндетті.
289. Вахта электр механигі көзделмеген кемелерде вахта механигі электр жабдықтарын басқарады. Электр жабдықтарының бүлінуін байқаған вахта механигі машина бөліміне электр механикті шақырады.
290. Жүріс вахтасындағы вахта механигінің міндеттері:
(01) бас қозғалтқыштарды басқару постында болу және олардың жұмысын қамтамасыз ету; қажет болғанда жұмыс жасап жатырған техникалық құралдарды тексеру кезінде өз орнына, машина бөліміне вахта моторисін (машинисін) қалдыру;
(02) бас қозғалтқыштың көпіршектен тағайындалған жұмыс режимін өзгертпей, ұстап отыру;
(03) көпіршектен түскен командалар мен өкімдерді репертерлеу және орындау. Егер өкімді орындау апатқа немесе адам өміріне қауіп төндіретін жағдайда дереу вахта бастығына және механикке, қайталап бұйрық алғанда машина журналына жаза отырып, сол бұйрықты орындау;
(04) бас қозғалтқышты көпіршіктен басқару қажет болғанда кез келген сәтте басқару постына жету және машина бөлімін қалдыру;
(05) вахтада бір реттен сиретпей руль қондырғысының жұмысын тексеру.
291. Тұру вахтасындағы вахта механигінің міндеттері:
(01) ұдайы кемеде болу, техника құралдарының белгіленген жұмыс режимін қамтамасыз ету, машина бөлімін қалдырарда вахта моторисіне (машинисіне) өзінің болатын орнын хабарлау;
(02) өндірістік және шаруашылық тұрмыстық мұқтажға электр қуатын, су мен буды беру. Электр қуаты мен буды жағадан алған жағдайда қажетті қосуларды жүзеге асыру;
(03) машина бөлімдерінде вахтаны тиімді жүргізу және вахта ауысылым кезінде болу.
Вахта моторисі (машинисі)
292. Вахта моторисі (машинисі) вахтаға кіріскен кездегі міндеттері:
(01) вахта тапсырушыдан техникалық құралдардың ахуалы, олардың жұмысындағы кемшіліктер туралы мәліметтер алу, вахта бойынша тапсырылатын өкімдермен танысу;
(02) техникалық құралдардың дұрыстығын тексеру, машина бөлімінің тазалығы мен тәртібін тексеру;
(03) байқалған кемшіліктер туралы вахта механигіне жеткізу.
293. Вахта кезіндегі вахта моторисінің міндеттері:
(01) өз постында болу және қарамағына тапсырылған техникалық құралдардың жұмысын бақылау және оларды басқаруды жүзеге асыру;
(02) энергетикалық қондырғылардың техникалық құралдарының қызмет көрсету нұсқаулықтарын сақтау;
(03) механизмдердің берілген режиммен үздіксіз жұмыс жасату жөніндегі вахта механигінің нұсқауларын және басқа өкімдерін орындау;
(04) техникалық құралдар істен шыққанда, өрт қаупі немесе корпусқа су кіру қаупі туындағанда, жедел вахта механигіне хабарлау және соның нұсқауымен жұмыс жасау;
(05) машина бөлімінде тазалақ пен тәртіпті сақтау.
Қазандық қондырғысының машинисі (қазаншы)
294. Қазандық қондырғысы машинисінің міндеттері:
(01) вахта тапсырушыдан қазандық қондырғысының ахуалы, олардың жұмысындағы кемшіліктер туралы мәліметтер алу, вахта бойынша тапсырылатын өкімдермен танысу;
(02) қазандық қондырғысының негізгі параметрлерін, оның автоматты және бақылау өлшеу құралдарын тексеру; машина бөлімінің тазалығы мен тәртібін тексеру;
(03) байқалған кемшіліктер туралы вахта механигіне жеткізу.
295. Қазандық қондырғысы вахта машинисінің вахта кезіндегі міндеттері:
(01) өз постында болу және қарамағына тапсырылған техникалық құралдардың жұмысын бақылау және оларды басқаруды жүзеге асыру;
(02) энергетикалық қондырғылардың техникалық құралдарының қызмет көрсету нұсқаулықтарын сақтау;
(03) вахта механигінің нұсқауымен қазандық қондырғысының берілген параметрлерін, жану режимі мен қазандарды сумен дұрыс қоректендіруді ұстап отыру;
(04) механизмдердің берілген режиммен үздіксіз жұмыс жасату жөніндегі вахта механигінің нұсқауларын және басқа өкімдерін орындау;
(05) техникалық құралдар істен шыққанда, өрт қаупі немесе корпусқа су кіру қаупі туындағанда, жедел вахта механигіне хабарлау және соның нұсқауымен жұмыс жасау;
(06) машина бөлімінде тазалық пен тәртіпті сақтау.
Вахта электр механигі
296. Вахта электр механигі тікелей вахта механигіне бағынады, ал электр жабдықтарын пайдалану мәселелері бойынша - электр механикке бағынады, электршілердің вахта бастығы болып табылады.
Вахта электр механигі есу электр қондырғыларының жұмыс режиміне орындауға қатысты вахта бастығына бағынады.
297. Вахта электр механигінің вахтаға кіріскен кезіндегі міндеттері:
(01) вахта тапсырушы электр механигінен кеме электр жабдықтарының жұмысы сипаты, олардың жұмысында байқалған кемшіліктер, жасалған техникалық қызмет көрсету мен жөндеулер жөнінде мәліметтер алу және вахта бойынша тапсырылатын ескертулер мен өкімдермен танысу;
(02) электр жабдықтарының ахуалы мен жұмыс режимін тексеру және машина журналындағы жазулармен танысу.
298. Вахта электр механигінің міндеттері:
(01) электр жабдықтарын техникалық пайдалану ережелері мен белгіленген жұмыс режимін қамтамасыз ету, оларды пайдалану ережелерін, нұсқаулықтарды және оларға қызмет көрсету жөнінде механиктің нұсқауын сақтау, олармен жұмыс жасаған кезде еңбек, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
(02) вахта механигінің өкімімен тұтынушыларға генераторлар мен электр қуатын беруді қосу мен айыруды қамтамасыз ету;
(03) электр жабдықтарының барлық кемшіліктерін вахта механигі мен электр механигіне баяндау, оларды жою шараларын қабылдау;
(04) кеме электр жабдықтарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
(05) машина бөлімінен кетер кезде вахта механигіне өзінің баратын жерін айту.
299. Вахта жүргізуге қатысты күдік туғанда немесе техникалық көмек (консультациялар) қажет болғанда вахта электр механигі машина бөліміне электр механигін шақырады.
300. Машина бөлімінде электр механигінің болуы вахта электр механигінің өз міндеттерін орындауды жалғастыра береді, электр механигі электр жабдықтарын басқаруды өзіне алғанын хабарлағанша.
301. Вахта электр механигі электр жабдықтарын вахта механигінің рұқсат етуінен соң сөндіре алады.
302. Жүріс вахтасы кезінде вахта электр механигінің міндеттері:
(01) жүріс көпіршігінен тапсырылған есу электр қондырғысының жұмыс режимін қатаң сақтау;
(02) көпіршіктен түскен командалар мен өкімдерді репертерлеу және орындау. Егер өкімді орындау апатқа немесе адам өміріне қауіп төндіретін жағдайда дереу вахта бастығына және механикке, қайталап бұйрық алғанда электр техникалық журналға жаза отырып, сол бұйрықты орындау.
Есу электр қондырғысын көпіршіктен басқару қажет болғанда вахта электр механигі вахта механигінің рұқсатымен кетуге, бірақ кез келген сәтте басқару постына жету және ескіш электр қондырғысын басқаруды қабылдау.
Вахта электршісі
303. Вахта электршісі вахтаға кіріскен кездегі міндеттері:
(01) вахта тапсырушы вахта электршісінен электр жабдықтарының ахуалы, олардың жұмысындағы кемшіліктер туралы мәліметтер алу, вахта бойынша тапсырылатын өкімдермен танысу;
(02) қызмет көрсететін электр жабдықтарының дұрыстығын тексеру;
(03) байқалған кемшіліктер туралы вахта электр механигіне жеткізу.
304. Вахта кезіндегі вахта электршісінің міндеттері:
(01) өз постында болу және қарамағына тапсырылған электр жабдықтарының жұмысын бақылау және оларды басқаруды жүзеге асыру;
(02) электр жабдықтарын техникалық пайдалану нұсқаулықтары мен ережелерін сақтау;
(03) электр жабдықтарының берілген режиммен үздіксіз жұмыс жасату жөніндегі вахта электр механигінің нұсқауларын және басқа өкімдерін орындау;
(04) электр жабдықтары жұмысындағы байқалған кемшіліктер жөнінде вахта электр механигіне хабарлау және оларды жою шараларын қабылдау;
(05) апат қаупі немесе адам өміріне қауіп төнгенде вахта электр механигіне хабарлау және соның нұсқауымен жұмыс жасау;
(06) машина бөлімінде тазалық пен тәртіпті сақтау.
VII Тарау.
Кеме өміршеңдігі үшін күрес ұйымдастыру
305. Кеме өміршеңдігі үшін күрес ұйымдастыру мен жүргізуде негізгі құжаттар: Дабыл жөніндегі кеме кестелері және экипаж мүшелерінің жеке карточкалары, онда дабыл жағдайындағы олардың қызметтері немесе кеме нөмірлері және міндеттері көрсетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Өзен флоты кемелерінің өміршеңдігі үшін күрес тәлімдері болып табылады.
306. Кеме өміршеңдігі үшін күресті ұйымдастыруда мыналар көзделген:
(01) кеме өміршеңдігін қамтамасыз ете алатын экипаж санының әрдайым кемеде болуы;
(02) экипажды кеме өміршеңдігі үшін күреске әзірлеу;
(03) кеме қауіпсіздігі мен оның теңізде жүзу қабілетін қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес кеме күйін, оның қондырғыларын, техникалық құралдары мен жабдықтарын ұстау;
(04) кеме өміршеңдігі үшін күрес құралдарының әрдайым әзір тұруы;
(05) кемеге және айналадағы жағдайға тиісті бақылау жасау.
307. Апаттық құтқару және өртке қарсы жабдықтар мен құралдар кеме экипажы тұлғасының қарамағына жазылуы тиіс, штаттық орындарда сақталуы және тізімі болуы тиіс. Аталмыш құралдарды басқа мақсатқа пайдалануға тыйым салынады.
308. Барлық кемелерде қалқушылық және батпаушылықты қамтамасыз ету талаптары мүлтіксіз орындалуы, корпус креніне, дифферентке және су өткізбеушілікке тұрақты бақылау жасалуы тиіс.
Балласт цистерналарын толтыру, құрғату және тығыздау, бір ыдыстан басқа ыдысқа отын айдау капитанның рұқсатымен немесе нұсқауымен ғана орындалады. Осы талаптың орындалуын вахта бастығы бақылайды.
309. Кеме өміршеңдігі үшін күреске жалпы басшылықты капитан жүзеге асырады. Капитанның кеме өміршеңдігі үшін күреске кемедегі экипаждан басқа тұлғаларда қатыстыруға құқығы бар.
Кеме өміршеңдігі үшін күреске механик машина бөлімінде басшылық етеді және қарамағындағы техника құралдарын іс-қимылға әзірлігін қамтамасыз етеді.
Кемеде капитан болмаған жағдайда кеме өміршеңдігі үшін күресті кеме жүргізу мамандығы бар команда құрамындағы тұлға басқарады.
310. Кеме дабылдарының мына түрі белгіленгені жалпы кемелік "Борт сыртында адам", сылыптық (кемені қалдыратын жағдайда).
311. Барлық кемелерде экипаждың міндеті мен әрекетін анықтайтын дабыл жөнінде кестелер болуы тиіс: кеме басқару; радио және көзбен көру байланысы; горизонтты, ауа мен суды және кеме герметизациялығын және корпустың су өткізбеушілігін бақылау; кеме өміршеңдігі үшін күресте арнайы кемеде орналастырылған құралдарды пайдалану; экипаж бен жолаушыларға дәрігерлік көмек көрсету; тәртіп пен қауіпсіздікті қорғау; айналадағы ортаны қорғау; борт сыртындағы адамды құтқару; кемені тоқтату (адамдардың толық шығарылғанын тексеру).
312. Дабыл жөніндегі міндеттер экипаж мүшелерінің қызметтері, мамандықтары, меңгермелері және өзара алмасуы бойынша бөлінеді.
313. Дабыл кестелері экипаждық әдіспен жұмыс жасауда - толық экипажға немесе бригада мүшелеріне құрастырылады.
Негізгі кестеден басқа ең аз экипаж мүшелеріне тұру кестелері құрастырылуы тиіс.
314. Штатқа кірмейтін, бірақ кемеде жұмыс жасайтын тұлғалар кестеге кіргізіледі және экипаж мүшелерімен бірге жеке карточкалары болады.
315. Тәжірибе басшылары мен тәжірибеленушілер сылыптық дабыл бойынша кестеге экипаж мүшелерімен бірге кіргізіледі, ал қалған дабылдарда штаттық экипаж мүшелерінің сыңарлық міндеттерін атқарады.
316. Дабыл кестелері кемедегі жалпы көріністі жерлерде ілулі тұрады.
Әрбір экипаж мүшесінің, сондай-ақ штатқа кірмейтін басқа тұлғалардың төсектерінің жоғарғы жағында дабыл бойынша міндеттері мен мамандықтары көрсетілген жеке карточкалары ілулі тұрады.
Қатардағы құрамның, штатқа кірмейтін тұлғалардың карточкаларында кемелік сан нөмірлері, ал команда құрамының карточкасында - қызметінің аты жазылады.
317. Жолаушы кемелерде көрнекті жерлерде жеке және ұжымдық құтқару құралдарын кию мен пайдалану нұсқаулықтары, олар орналасқан жерлердің, адамдарды құтқару жолдарының жоспарлары ілінеді.
318. Сылыптық дабылдарды қоспағанда, кеме дабылдары вахта бастығымен мына жағдайларда жарияланады:
(01) кемеге, адамдарға, жүкке қауіп төндіретін отпен, сумен және басқа қауіптермен күреске даярлану үшін - жалпы кемелік;
(02) борт сыртына адам құлаған кезде немесе борт сыртынан адам табылған кезде - "Борт сыртында адам".
319. Кеме мерт болуы мүмкін, жолаушылар мен экипаждың кемені қалдыру қажеттігі туғанда сылыптық дабылды (кемені қалдыру бойынша) капитан немесе капитанның нұсқауымен бөгде тұлға жариялайды.
320. Кемені қалдырған кезде бірінші кезекпен балаларды, әйелдер мен қарттарды құтқару сылыптарына отырғызылады. Тәртіпті бұзған немесе үркіту әрекеттерін жасаған тұлғаға қатаң шаралар қолданылады.
321. Мынадай дабыл сигналдары белгіленеді:
(01) жалпы кемелік - 25-30 минут бойы дауысты үздіксіз сылдыры, үш, төрт рет қайталанады; өрт кезінде (қопарылыста) - кеме қоңырауына жиі ұру;
(02) "Борт сыртында адам" - қатты дауысты ұранға үш ұзақ сигнал беру, үш, төрт рет қайталанады, ұзақтығы 5-6 секунд;
(03) сылыптық (кемені қалдыру бойынша) - жеті, сегіз қысқа сигналдар, сонан соң қатты дауысты ұранмен ұзақ сигнал беру, қайталануы үш, төрт рет.
322. Барлық дабыл сигналдары кеме байланыс тораптарымен дабыл түрі көрсетіле хабарланады; өрт немесе су кіру жағдайында сол жер көрсетіледі. Байланыс торабы болмаған жағдайда дабыл түрі, өрт және су кіру орны кез келген әдістермен жарияланады. Дабыл біткенін хабарлау дауыспен жүргізіледі, жаттығу дабылдары болғанда әрбір хабарлаудан кейін "үйрену" сөзі қосылады.
323. Барлық экипаж мүшелері, штатқа кірмейтін тұлғалар, тәжірибе басшылары, тәжірибеленушілер кеме дабылы хабарланған кезде кесте бойынша жедел өз орындарына баруы тиіс және құтқару жейделері болуы керек, сылыптық дабыл немесе "борт сыртында адам" дабылы болғанда ол жейделерді киюі қажет.
324. Кеме өміршеңдігі үшін күресте нақты әрекетке жаттығу үшін кемеде барлық дабылдар бойынша үйрену жаттығулары жүргізілуі тиіс.
Дабыл бойынша үйренулер айына бір реттен сиретілмей жүргізіледі: егер экипаж құрамының 25% қайсы бір портта ауыстырылған болса, осындай жаттығулар кеме порттан шыққан соң 24 сағаттан кешіктірмей жүргізілуі тиіс.
Жолаушы кемелерінде дабыл бойынша үйренулер екі айда бір рет
жүргізіледі, әдетте рейске шығар алдында. Жолаушылар бұл жөнінде алдын ала
ескертілуі және жүріп тұру ережелерін сақтауы тиіс.
Әрбір жаттығудан кейін капитан оның нәтижесін зерттейді.
Аталмыш уақыттарда жаттығу жүргізілмесе, не болмаса толық
жүргізілмесе, кеме журналында жаттығу жүргізілмеу немесе толық жүргізілмеу
себебі жазылады.
325. Қарамағында кеме, машина, электр техникалық және телеграфтық
журналдар, кеме кассасы, қатаң есеп құжаттары, ал теңізде жүзу кезінде -
жол карталары бар тұлғалар кемені қалдырған кезде ол құжаттарды және
құндылықтарды құтқаруға тиіс.
VIII Тарау.
Мемлекеттік жалаулар, жалаулар мен вымпелдер, сәлемдесулер,
кездесулер мен салтанаттар
Жалпы ережелер
326. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалау белгіленген
тәртіппен көтерілгенде кеменің Қазақстан Республикасына жататындығын
білдіреді.
327. Мемлекеттік жалауды қорғау және оны құрметтеу әрбір кеме экипажы мүшесінің міндеті. Мемлекеттік жалау қошаметпен сақталуы және жақсы күйде болуы тиіс.
328. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жолауы жалау ретінде Мемлекеттік кеме тізіліміне кіргізілген немесе Қазақстан Республикасы саудаға қатысты теңізде жүзу кодексіне сәйкес кеме кітабында тіркелген кемелерде көтеріледі.
329. Шетелден сатып алынған кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы астында жүзу құқығына Қазақстан Республикасының консулы осы құқықты куәлайтын уақытша куәлікті берген сәттен бастап кемені белгіленген тәртіппен тіркегенге дейін пәрменді болады.
330. Кеме жолауының бірінші көтерілу күні кеме мерекесі болып саналып, жыл сайын аталып өтеді.
331. Мемлекеттік жалау артқы жалау ретінде артқы жалауілгіште немесе гафельде көтеріледі.
332. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы ішкі су жолдарында өз бетімен жүзетін кемелерде навигация кезінде, 28 қаңтарда, 1 және 2 мамырда, 9 мамырда, 25 қазанда күн шығу бойынша көтеріледі және күн батқанда түсіріледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы өз бетімен жүзбейтін кемелерде 28 қаңтарда, 1, 2, 9 мамырда 25 қазанда көтеріледі.
Полярлық және поляр маңы аудандарында Мемлекеттік жалау күнделікті көріністі уақыттарда, ал күн ұзақ болғанда 8 ден 20 сағатқа дейін көтеріледі.
333. Өзі жүретін кемелерде Мемлекеттік жалаудан басқа кеме иесінің вымпелді көтеріледі (параходствоның, бассейндік жол басқармасының және кеме қатынасы инспекциясының).
334. Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында портқа кірер, шығар кезде кеме иесінің вымпелі кеме тұмсығында мачтаның бір фалына ілінеді.
Тұмсық мачтасы болмағанда вымпел тұмсық жалау ілгішінде көтеріледі.
Рейд-маневрлік қызметтік қосымша, арнайы міндетті тарату кемелерінде, қала маңы және қала іші жолаушы кемелерінде кеме иесінің вымпелі көтерілмеуі мүмкін.
335. Кемеде ресми тұлға ретінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Премьер-Министрі, Парламент Сенатының және Мәжілісінің Төрағалары, өзге Үкімет мүшелері, дипломатиялық өкілдер болған кезде солардың келісімімен артқы жалаудан басқа тұмсық мачтасының топында, ол болмаған кезде сигнал мачтасының топында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы көтеріледі.
Ескерту:
1) өзге Үкімет мүшелері дегеніміз ресми өкілеттенген Үкімет мүшелері және т.б.;
2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдері, өкілдер, уәкілдер, сенімді тұлғалар.
336. Кемеде Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі болған кезде оның келісімімен тұмсық мачтасының топында Министрдің жалауы көтеріледі.
337. Тұмсық мачтасының топында осы Жарғының 335, 336-баптарына сай жалау көтерілгенде кеме иесінің жалауы көтерілмейді.
338. Мемлекеттік мейрам күндерінде және өзге салтанатты жағдайларда, арнаулы нұсқаулар болғанда кеме портта тұрған кезде Мемлекеттік жалаудың салтанатты көтерілуі жүргізіледі. Көтеру мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
(01) Жалау көтеруге 5 минут қалғанда вахта бастығының командасымен барлық экипаж, вахтадан басқа нысандық киіммен кеменің диаметралды жазығындағы белгіленген жерде сап түзейді; жалау көтеруге тағайындалған экипаж мүшелері жалау маңынан орын табады. Экипаждың тұрғаны капитанға жеткізіледі. Капитан жоғарғы палубаға шығып экипажбен амандасады және оны құттықтайды;
(02) Жалау көтеруге 1 минут бұрын вахта бастығының "Жалауға сап түзе" командасымен тұрған экипаж "Сап түзеу" күйіне көшеді. Вахта бастығының "жалау мен вымпелді көтер" командасымен фалда тұрғандар жалау мен вымпелді көтереді. Көтеру кезінде қолдарын бас киімге апарады;
(03) жалау көтерілген соң вахта бастығының рұқсатымен капитан "Бостық" және "Тараңдар" командасын береді.
339. Осы Жарғының 338-бабында көзделген жағдайларда кеме портта тұрған кезінде Мемлекеттік жалауды көтерумен бірге Халықаралық сигналдар жиынтығы жалауларымен түрленеді, олар форштевеннен бастап топ мачтасы арқылы гакабортқа дейін ілінеді. Техникалық себептермен мұны жасай алмайтын кемелерге тұмсықтан артқа қарай жалаулар ілу тәртібін сақтай отырып, өзгерістер жасауға рұқсат етіледі.
Жалау таңдағанда кеменің тұмсық жағына үшбұрышты жалаулар, ортасында төртбұрышты және артында төртбұрышты жібі бар жалаулар ілінеді.
Жалаулар түрлендіру ауа райы нашар болса жүргізілмейді.
Түрлендіруде мемлекеттік Қазақстан Республикасының әскери-теңіз, қосымша және гидрографиялық кемелерде артқы, лауазымды тұлғалардың, шетелдік және әскери жалаулары, сигнал жинағының жалаулары, жиынтық вымпелі қолданылмайды.
340. Жалаулар мен вымпелдер жазылған күйінде көтеріледі.
341. Кемеге осы Жарғының 335, 336-баптарында көрсетілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі, оның орынбасарлары, пароходство бастықтары келген кезде кеме капитаны оларды жеке баспалдақ алдында күтіп алады, рапорт береді. Рапортта кеменің аты, рейс, экипаж жөнінде қысқа мәлімет және тегін атайды. Кемеге шетел тұлғалары келгенде капитан арнайы нұсқау бойынша оларды жеке қабылдайды және өзін таныстырады.
Кеме теңізде және шетел мемлекетінің ішкі су жолдарында
болған кезінде жалау мен вымпел көтерудің ерекшеліктері
342. Өзі жүретін, жүрмейтін кемелерде жүріс кезінде және тұрғанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы күнделікті сағат 8 ден күн батқанша көтеріліп тұрады.
343. Полярлық және поляр маңы аудандарында Мемлекеттік жалау күнделікті көріністі уақыттарда, ал күн ұзақ болғанда 8 ден 20 сағатқа дейін көтеріледі.
344. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы күнделікті сағат 8 ден күн батқанша көтеріліп тұрады мынадай көрініс жағдайларында:
(01) кеме портқа кіргенде және порттан шығарда;
(02) теңізде әскери кемелерге және кемелерге кездескенде олардан ажырасқанға дейін.
345. Шетел портына кірген кезде, портта тұрғанда, одан шығарда артқа жалаумен бірге артқы сигнал мачтасында кеме иесінің вымпелі көтеріледі.
346. Шетел портында тұрған кезде, шетел ішкі суларында, арналарда, ету фарватерлерінде жүзуде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен бірге тұмсық мачтасында сол елдің жалауы көтеріледі. Тұмсық сигнал мачтасында осы Жарғының 335, 336-баптарында көрсетілген жалаулар көтерілгенде, сол елдің жалауы тұмсық немесе артқы сигнал мачтасының рыногында көтеріледі.
Кеме шетел портында тұрған кезде осы Жарғының 338-бабындағы жағдайда кемені жалаулармен түрлендіру Қазақстан Республикасы консулының рұқсатымен жүргізіледі.
347. Келу мемлекетінің ұлттық мейрамдарында, шетел мемлекетінің ресми басшы тұлғасы келгенде сол елдің жалауы артқы сигнал мачтасында көтеріледі. Қазақстан Республикасы консулының рұқсатымен кеме жалаулармен түрлендіріледі.
348. Қаралы күндері және бортта мәйіт болғанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы фалдың 1/3 ұзындығына түсіріледі.
Қаралы күндері порттарда Қазақстан Республикасының консулының және порт әкімшілігінің рұқсатымен түсіріледі.
349. Қазақстан Республикасының әскери кемесін кездестіргенде кеме бірінші болып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауын бір рет түсіру арқылы сәлемдесуі керек. Осы Жарғының 335, 336-баптарында көрсетілген тұлғалардың бір болатын Қазақстан Республикасының әскери кемесін кездестіргенде, кеме бірінші болып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауын бір рет түсіру арқылы сәлемдесуі керек.
Қиын жағдайда жүзген кезде жалаумен сәлемдесу жүргізілмеуі мүмкін.
Ескерту. Қиын жағдай деп: кеме жұмысының маневр режимімен жүзу кезін (бекіту операциялары, арналар, шлюздер, тар жерден өту, мұзда, қайраңда, бұрқасында жүзу) білдіреді.
350. Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынастағы
мемлекеттің әскери кемесін теңізде кездестіргенде немесе зәкірде тұрған
осындай кеменің маңынан өткен кезде кеме бірінші болып Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік жалауын бір рет түсіру арқылы сәлемдесуі керек.
Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынаста болмаған
мемлекеттің әскери кемесін кездестіргенде кеме Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік жалауымен сәлемдесуді тек осы мемлекеттің аумақтық және ішкі
суларында ғана жасайды.
IX Тарау.
Кеме экипажының күнделікті қызметі, өмір
және тұрмыс тәртібі
351. Кемеде мынадай күн тәртібі белгіленеді (3 кесте)
_______________________________________________________________________
Күн тәртібі | Кеме уақыты, сағ. минут
|_________________________________________
| жүргенде | тұрғанда
_____________________________|____________________|____________________
Тұру 07.00 07.00
Таңертеңгі ас 07.30-08.30 07.30-08.30
Кеме жұмысы 08.30-12.00 08.30-12.00
Түскі ас 11.30-12.30 11.30-12.30
Кеме жұмысы 13.00-17.00 13.00-17.00
Кешкі ас 19.30-20.30 19.30-20.30
Саяси экономикалық және 17.00-19.30 18.00-23.00
техникалық оқу, мәдени- 20.30-23.00
ағарту шаралары, жеке
уақыт
Демалу 23.00 23.00
_______________________________________________________________________
Капитанның жоғарыда көрсетілген күн тәртібін нақты жағдайларға
лайықтап өзгертуіне құқығы бар.
Кеме жайлары
352. Кеме жайлары тұрғын, қызметтік және жалпы пайдалану болып
бөлінеді.
Қызметтік жайларға қызметтік жұмыс атқармайтын тұлғалардың кіруіне
тыйым салынады.
Қызметтік жайларды басқа мақсатқа пайдалану ерекше жағдайларда тек
капитанның рұқсатымен ғана болады.
353. Кеменің барлық мүшелері әрбір кеме түрінің жобасына сәйкес белгіленген жайғастыру жоспарына сәйкес тұрғын жайларға орналастырылады және каюталарға бірінші штурманмен жазылады (командирдің бірінші көмекшісімен, шкипермен).
354. Резерв тұрғын жайлары жоқ кемелерде келген тұлғаларды орналастыру капитанмен жүргізіледі.
355. Тұрғын жайларда қопарғыш, тез тұтанатын, улы, өртке қатысты қауіпті заттарды, материалдарды, тез бұзылатын тағамдарды, арнайы киімдерді сақтауда сондай-ақ жобада көзделмеген электр құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
Тұрғын жайлардан шығарда экипаж мүшелері электр жарығын, желдеткіштерді, электр қуаты қолданылатын басқа стационарлық емес құралдарды тоқтан ажыратуы қажет.
356. Барлық кеме жайларының кілті осы жайлар қарамағындағы тұлғада сақталады, кілт көшірмелері бірінші штурманда сақталады (командирдің бірінші көмекшісінде, шкиперде).
Дабыл сигналдары кезінде тұрғын жайлардың есігі жабық болуы тиіс, бірақ құлыпталмауы қажет, тәуліктің кез келген уақытында кеме жайларына кіру мүмкіндігі сақталуы тиіс.
357. Кемеде оқу, жиналыс жүргізуге, мәдени жалпы шаралар жүргізуге, ұжымдық демалысқа арнайы бөлме тағайындалады, ол болмаған жағдайда экипаж кают-компаниясы мен асхана бөлінеді.
358. Капитанның немесе бірінші штурманның рұқсатымен кают-компанияға қонақ ретінде экипаж мүшесінің құрамына кірмейтін тұлғалар шақырылады. Ресми шақырулар тек капитанның рұқсатымен жүргізіледі.
359. Мәдени-жалпы шаралар (көңіл көтерулер, ойындар, кино көру және т. б.) сағат 23 аяқталуы тиіс, ерекше жағдайлар капитанның рұқсатымен ғана болады.
Кеменің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету
360. Барлық экипаж санитарлық ережелерге сәйкес кеме жайларын және өздерінің киімдері мен аяқ киімдерін тазалықта және ұқыпты сақтауы тиіс.
361. Жайлар мен палубаны жинау тәртібін Қазақстан Республикасының ішкі жүзулеріндегі кемелер үшін санитарлық ережелердің, жолаушы, қол жүгі, багаж тасымалдау ережелерінің талаптарына сәйкес бірінші штурманмен командирдің бірінші көмекшісімен, шкипермен анықталады, бұл жағдайда экипаж мүшелері жинайтын объектілеріне қол қояды.
362. Қызмет көрсету персоналдары бекітілмеген жайларда соның тұрғындары жинайды.
Жайларда бірнеше адам тұрған кезде бірінші штурманмен (командирдің
бірінші көмекшісімен, шкипермен) осы жайлардың тазалығына жауап беру үшін
солардың біреуі үлкен болып тағайындалады.
363. Санитарлық гигиеналық талаптарға сәйкес кеме мен барлық жайларды
күтіп ұстау үшін айына бір рет бірінші штурманның (командирдің бірінші
көмекшісінің, шкипердің) басшылығымен авралдық жинау жүргізіледі.
364. Кают-компаниядағы (асханадағы) күнделікті жинаулар таңертеңгі
асқа дейін аяқталуы тиіс. Жолаушы кемелерінде осы уақытта палуба, салон,
ішкі баспалдақтар, кіру, шығу жерлері, санитарлық тұрмыстық жайлар
тазартылып болуы тиіс.
365. Экипаж мүшелерінің төсектерін алмастыру 7 күнде бір рет
жүргізіледі.
366. Экипаж мүшелерінің киімдерін жуу кір жуғыш жайларда, ал олар
бөлінбегенде арнайы бөлінген жерлерде жүргізіледі.
367. Тәртіп пен гигиена ережелерін сақтау үшін бірінші штурман
(командирдің бірінші көмекшісімен, шкипермен) тұрғын жайлар мен жалпы
пайдаланым жайларын жиі тексеріп тұруы тиіс.
Тамақ ішу тәртібі
368. Кеме экипажының барлық тұлғаларының тамақ ішуі күн тәртібімен
белгіленген уақытта жүргізіледі.
Тамақ таратар алдында бірінші штурман (командирдің бірінші көмекшісі,
шкипер) дайын тамақтың дәмін көреді.
369. Команда құрамының тұлғалары кают-компанияда тамақ ішеді. Кают- компанияның аға тұлғасы капитан болып табылады, ол жоқ кезде бірінші штурман (командирдің бірінші көмекшісі, шкипер) болады. Асханада аға тұлға боцман болып табылады. Кают-компания жоқ кемелерде команда құрамы үшін асханада немесе жолаушы салонында арнайы столдар қойылады.
370. Барлық экипаж тамақ ішуге белгіленген мерзімде кают-компанияға немесе асханаға таза, ұқыпты киіммен келуге тиіс.
Белгіленген уақытта келмегендерге тамақ қалдырылмайды.
Күн тәртібімен белгіленбеген уақыттарда тамақ ішу жедел кеме жұмыстарын немесе қызметтік тапсырмаларды орындаған тұлғаларға ғана және бірінші штурманның (командирдің бірінші көмекшісінің, шкипердің) ол болмаса, вахта бастығының рұқсат етіледі.
371. Каютада тамақ ішу тек капитанға, оның өкімімен және бірінші штурманның (командирдің бірінші көмекшісінің, шкипердің) рұқсатымен ауырған тұлғаларға ғана ішуге болады.
Жағаға босату
372. Экипаж мүшелерін жағаға босату тәртібі капитанмен белгіленеді.
Жағаға босату кезінде кемеде қауіпсіздікті және кеме жұмыстарын орындауға қабілетті экипаж бөлігі қалуы тиіс. Көлік флотының айлақта тұрған кемелерінде экипаждың үштен екісіне, ал рейдте тұрған кезде үштен біріне ғана жағаға шығуға рұқсат етіледі.
373. Рейдте тұрған немесе қолайсыз ауа райы жағдайында тұрған кемеде қауіпті заттар болған кезде, сондай-ақ кемеге қауіп төнгенде және орын ауыстыру қажет болғанда кемеде капитан немесе бірінші штурман (командирдің бірінші көмекшісі), механик немесе механиктік бірінші көмекшісі болуы тиіс.
Рейд-маневрлік, жергілікті, техникалық және қызметтік - қосымша флот кемелерінің капитаны кеме иесімен белгіленген тәртіппен кемені қалдыруына болады.
374. Кеме экипажының барлық тұлғалары өздерінің тікелей бастықтарының рұқсатымен ғана кемеден кете алады.
Кеме экипажының жағаға шығуға рұқсат алған тұлғалары кемеден кетер алдында және келгенде вахта бастығына баяндауы тиіс.
Кемелік жұмыс сылыптарын пайдалану
(қайықтарын)
375. Сылыптарды суға түсіру капитанның рұқсатымен ғана жүргізіледі.
376. Борттан қашықтаған әрбір сылыпта команда құрамының тұлғаларымен тағайындалған командир немесе қатардағы құрамнан тағайындалған аға басшы және моторист (өзі жүретін кемелерде) болуы тиіс.
Сылыптың командирі (аға басшысы) және моторист бірінші штурманмен (командирдің бірінші көмекшісімен, шкипермен), ол болмағанда вахта бастығымен тағайындалады.
377. Сылыптың командиріне (аға басшысына) және моторисінде тиісті біліктілік (құқық) болуы тиіс.
378. Сылыпта тиісті ескекшілер санымен және белгіленген жабдықтармен қамтылуы тиіс.
Сылыптағы барлық тұлғаларда, жолаушыларды қоса, жеке құтқару құралдары болуы тиіс.
379. Сылыптың командирі (аға басшысы) кетер алдында 379-баптың талаптарының орындалғанына көзі жетуі және жолаушы және жүк сыйымдылығы нормаларының, ауа райы шектеулерін, сылыптағы тұлғалардың тәртіп пен техника қауіпсіздігін және жалпы, жергілікті жүзу ережелерінің сақталуын
қамтамасыз етуі тиіс.
380. Сылыптың командирі (аға басшысы) борттан қашықтауға даярлығын
вахта бастығына хабарлауы және рұқсат алуы, қайтқанда келгені туралы
хабарлауы тиіс.
381. Теңіз суларында кеме сылыптары (құтқару сылыптарын қоса)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауын көтеруі тиіс. Адамды
құтқаруға бара жатқан сылып қана Мемлекеттік жалауды көтермейді, адам
құтқарылған соң, сылыпта жалау көтеріледі.
Кеме ережелері
382. Кемеде мыналарға тыйым салынады:
(01) капитанның рұқсатынсыз бөгде тұлғаларды, олардың жүктері мен
багаждарын, сондай-ақ экипаж мүшелерінің жүктерін тасымалдауға;
(02) вахта бастығының рұқсатынсыз қандай да бір заттарды шығаруға;
(03) спирт ішімдіктерін ішуге, мас күйде болуға, құмар ойындарды
ойнауға;
(04) арнайы бөлінбеген жерлерде және төсекте, дабыл, жаттығу кезінде
темекі шегу;
(05) вахтадағыларды әңгімеге айналдыру;
(06) сырттан көрінетін жарық көздерінде түрлі-түсті абажурлар немесе
оларды түрлі-түсті терезе жапқыштармен жабу;
(07) борт сыртына қоқыс, шылым қалдығы, тағам қалдығын лақтыру;
(08) арнайы бөлінбеген жерлерде кір жуу, кептіру және өтектеу;
(09) кеме бортынан секіріп, шомылу.
383. Спорт шаралары (жүзу, сылыпта жүру және т.б.) капитанның
рұқсатымен және қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы
тұлға тағайындаумен ғана жүргізіледі.