Қазақстан Республикасында өзен кемелерін тіркеу ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің бұйрығымен бекітілген 1995 жылғы 27 наурыз N 68 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 4 тамыз N 568 тіркелді

Қолданыстағы
                                            Қазақстан Республикасы 

Көлік және коммуникациялар министрлігінің 1995 ж. 27.03. N 68 бұйрығына Қосымша


               Қазақстан Республикасында өзен кемелерін тіркеу
                                ЕРЕЖЕЛЕРІ

      1. Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын (әскери-теңіз жалауы астында жүзетін және спорт жарыстарына арналып, пайдаланылатын кемелерден басқа) қуаттылығы 55 квт (75 ат күші бар) және одан артық өздігінен жүзетін кемелер және жалпы сыйымдылығы 80 регистрлік тонна және одан артық өз бетімен жүзбейтін кемелер, сондай-ақ жолаушы кемелер, қозғалтқыш қуаты мен жалпы сыйымдылығына қарамай қауіпті жүктерді тасымалдау үшін арналған құймалы кемелер кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясының бөлімшесінде тіркелуі тиіс.
      2. Аталмыш кемелер кеме иесінің Қазақстан Республикасының жалауы астында кеменің жүзуі мен меншік құқығы туралы Куәлікті алған мезетінен бастап, кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясының Мемлекеттік су реестріне кемені енгізгенінен кейін ғана Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы астында жүзу құқығын алады.
      3. Кемелерді тіркеу кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекторымен белгіленген тәртіпте жасалады.
      4. Осы Ереженің 1 тармағының талаптарына сәйкес тіркелмеген кемелер ішкі суларда жүзуге жіберілмейді.
      5. Тіркеуге жататын кемелердің Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің келісімі бойынша Көлік және коммуникациялар министрлігімен берілетін өздерінің меншікті аты немесе нөмірлері болуы тиіс.
      6. Кемені тіркеуге ресімдеу үшін кеме иесімен мыналар тапсырылады:
      6.1. Кемені тіркеу туралы өтініш (N 1 Қосымша);
      6.2. Кеменің жүзуге жарамдылығы туралы Қазақстан Республикасының Теңіз және Өзен Регистрі құжаттарының көшірмесі;
      6.3. Нотариуспен куәланған, кеменің меншік құқығы расталған құжатының көшірмесі;
      6.4. Тіркеу құжаттары бланкілерін төлеу жөніндегі түбіртек;
      6.5. Көлік құралдары иелерінің салық төлеу жөніндегі түбіртегі;
      Кеме тіркеуге құжаттар берген кеме иесі оларда көрсетілген ақпардың дұрыстығына жауап береді.
      7. Осы Ереженің 6 тармағында көрсетілген құжаттар негізінде кеме

қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігінің Бас инспекциясы кеме туралы 
хабарды Кеме реестріне (N 2 Қосымша) енгізеді, кемеге тіркелу нөмірін 
береді және кеме иесіне кеменің меншік құқығын растайтын және Қазақстан 
Республикасы жалауы астында кеменің жүзу құқығын куәлайтын Кеме куәлігін 
(N 3 Қосымша) береді.
     8. Кеме реестрінің N 23 бағаны бойынша кемелерге тіркелу нөмірлерді 
беру төмендегі литерлерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады:
     8.1. Жоғарғы-Ертіс бассейніне - "ВИ";
     8.2. Орал бассейніне - "У";
     8.3. Іле бассейніне - "И";
     8.4. Балқаш бассейніне - "Б";
     8.5. Есім бассейніне - "Иш".
     9. Кеменің жазылу орнын айқындау мақсатында нақты бассейн үшін
белгіленген әріп литеріне қосымша сан литерлері белгіленеді:
     9.1. Шығыс-Қазақстан учаскесі - "ВИ-1";
     9.2. Семей учаскесі - "ВИ-2";
     9.3. Павлодар учаскесі - "ВИ-3";
     9.4. Орал учаскесі - "У-1";
     9.5. Атырау учаскесі - "У-2".
     10. Кемелерге берілген тіркелу нөмірлері және олардың литерлік 
белгілері (әріптік және сандық) кеменің аты немесе нөмірінен жоғары 
мұрындық жағындағы екі бүйірінде жазылады. Әрі өзінің мөлшері бойынша кеме 
атының (нөмірінің) жазуы оның тіркелу нөмірі мен литерлік белгісінен ірі 
болуы тиіс.
     Кеменің мұрындық жағына басқа жазуларға рұқсат етілмейді.
     Тіркеу нөмірі 507, Шығыс-Қазақстан учаскесінің Жоғарғы-Ертіс 
тіркелген кеменің жазу үлгісі:
                          "ВИ - 1 - 507"
     
     11. Жаңа Кеме куәлігін беріп, кемелерді қайта тіркеу мына жағдайларда 
жасалады:
     11.1. Кеменің үлгісі өзгергенде;
     11.2. Кеме иесі ауысқанда;
     11.3. Кеме аты өзгергенде.
     12. Кемені қайта тіркеуді ресімдеу үшін оның иесіне мыналар қажет:
     12.1. Кеменің тіркелу орнына 10 күн мерзімнің ішінде оны қайта тіркеу 
туралы өтінішті беруі және бұл жөнінде Кеме куәлігіне тиесілі белгі 
қойғызуы қажет;
     12.2. Осы Ереженің 5 тармақтарының талаптарына сәйкес кемені тіркеу 
қажет.


      Кеменің тіркелу орнының өзгеруі қажет болған кезде кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясына (оның жол бөлімшесіне) 5.1.-5.4. тармақтарда көрсетілген құжаттарға қосымша тағы да Кеме куәлігі (кеменің бұрынғы тіркелу орнынан шығарылғандығы туралы белгісі бар) ұсынылуы қажет.
      13. Кеменің негізгі техникалық сипаттамасы өзгерген кезде (жолаушы сыйымдылығы, жүк көтерімділігі, қуаттылығы, жүзу разряды) кеменің тіркелу орны бойынша 10 күннің ішінде Кеме куәлігіндегі және Кеме реестріндегі тиесілі жазулар дұрысталады.
      14. Кеме куәлігін жоғалтқан жағдайда кеме иесі бұл жөнінде жедел түрде кеменің тіркелу орнына жазбаша мәлімдеуге міндетті. Кеме иесіне жоғалтылған кеме куәлігінің орнына кемеге екі ай мерзімге ғана жүзуге рұқсат етілгендігі туралы анықтама беріледі, ол мерзім өткен соң кеме иесіне Кеме куәлігінің көшірмесі беріледі.
      15. Кеменің апат болған, жойылған немесе шығарып тасталған жағдайында кеме иесі бұл жөнінде 1 ай мерзім ішінде кеменің тіркелу орнына хабарлауға және кемені Кеме реестрінен шығару үшін Кеме куәлігін тапсыруға міндетті.
      Кемені Кеме реестрінен шығару үшін кеме иесі, тағы мыналарды береді:
      15.1. Кеменің жүзуге жарамсыздығы туралы Теңіз және Өзен Регистрінің қорытындысын;
      15.2. Кемені шығару туралы кеме иесі комиссиясының акті;
      15.3. Көлік құралдары иелерінің салық төлегені туралы түбіртегі.
      16. Егер кеме Қазақстан Республикасы Кеме реестрінен белгіленген тәртіппен шығарылмаса, онда шетел мемлекетіндегі Кеме реестрінде қазақстандық кемені тіркеу заңсыз болып табылады.
      17. Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясында (оның жол бөлімшелерінде) ағымдағы жылдың кемелерін тіркеу туралы хабарды есептеу N 4 Қосымшада көрсетілген нысан бойынша жүргізіледі.
      18. Осы Ережені бұзушылар Қазақстан Республикасының пәрменді заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
                                           Қазақстан Республикасында өзен 

кемелерін тіркеу Ережелеріне N 1 Қосымша


Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясына 
___________________________________________________________________________
________________________ бассейні ________________________________ учаскесі
Толық және қысқаша кеме иесінің аты, оның заңды мекен-жайы, телефоны, 
факсы, тіркелу орны________________________________________________________
___________________________________________________________________________

                                ӨТІНІШ 
     
_______________________________ қарасты кемені тіркеуге алуыңызды өтінемін.
Кеменің мына айыру белгілері бар:
1. Кеменің аты немесе оның нөмірі _________________________________________
2. Үлгісі және міндеті ____________________________________________________
3. N ______ жоба, құрастырылған орны мен жылы _____________________________
4. Корпусының материалы ___________________________________________________
5. Бас машиналары (үлгісі, саны және жалпы қуаттылығы)_____________________
6. Кеменің габариттік өлшемі:
   ұзындығы _______ м, ені _______ м, толық жүгімен батымдылығы ________ м,
   жүксіз батымдылығы _______м, қондырмасымен бірге ең үлкен биіктігі 
   (жүксіз батымдылығынан) _________ м.
7. Белгіленген жүк көтерімділігі ______________ т,
   жолаушы сыйымдылығы ____________________________ адам.
8. Жүзу разряды ___________________________________________________________
9. Қозғалтқышының үлгісі __________________________________________________
10. Басқару қондырғысы (қолмен, механикалық, электрлік және т.б.) 
   ________________________________________________________________________
11. Су өткізбейтін қабырғаларының саны ____________________________________
12. Құтқару шлюпкалары (саны, жалпы сыйымдылығы) __________________________
13. Жүріс жылдамдығы (максимальды) ________________________________________
14. Зәкірлердің саны мен олардың салмағы __________________________________
15. Радионавигациялық жабдықтау (аты, үлгісі, саны) _______________________
16. Су төгу құралдары (жүйесі, туындысы) __________________________________
17. Өрт жүйесі (үлгісі, туындысы) _________________________________________
18. Тіркеу үшін қоса берілген құжаттар ____________________________________
    _______________________________________________________________________
Ескерту: Теңіз және Өзен Регистрінің келесі қарау күні 199 ж "__"__________
          Басшысының немесе иесінің қолы 
     


                                                Қазақстан Республикасында 

өзен кемелерін тіркеу Ережелеріне N 2 Қосымша


            КЕМЕ ҚАТЫНАСЫ ЖӘНЕ ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ БАС ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ

                            КЕМЕ ТІЗІЛІМІ 
     
___________________ бассейнінің __________________ (учаскесі) 
басталды ________________ аяқталды ______________ беттерінің ______________
                                                    барлығы 
___________________________________________________________________________
1. NN р/с. 
2. Тізілімге енгізілген күні. 
3. Кеме иесінің толық және қысқа аты,
   заңды мекен-жайы, телефоны, факсы,
   тіркеу орны. 
4. Кеменің аты мен нөмірі.
5. Кеменің түрі өз бетімен жүзетіндігі 
   немесе жүзбейтіндігі көрсетілген 
6. Кеменің міндеті (жолаушылар, жүк
   тасымалдауға немесе басқа мақсатқа)
7. Жоба N _______
8. Жасалған жылы мен орны.
9. Корпусының материалы.
10. Негізгі машиналары (түрі, саны, қуаты)        ___________
11. Ұзындығы.                                    | Кеменің
12. Ені.                                         |
13. Толық жүгімен батымдылығы.                   | ауқымдық 
14. Жүксіз батымдылығы.                          |
15. Үстіңгі бөлігімен қоса барша биіктігі        | өлшемі
     (жүксіз батымдылығынан).                    | метрмен 
16. Жүк көтерімділігі (т).                       |___________
17. Жолаушы сыйымдылығы.
18. Жүзу разряды.
19. Қозғағышының түрі (бұранда саны).
20. Руль қондырғысы (қолмен, механикалық,
    электрмен, сумен).
21. Құтқару сылыптары (саны, жалпы сыйымдылығы).
22. Жүру жылдамдығы (ең шапшаң, шақырым/сағат).
23. Кеменің тіркеу нөмірі (кеме куәлігіне берілген
    N және берілген күні)                         ___________
24. Күні.                                        | Өзгерту 
25. Қандай өзгерістер енгізілді (құжатқа сілтеме)| туралы белгілер 
26. Күні.                                        | Тіркеуден шығару 
27. Тіркеуден шығару себебі (құжатқа сілтеме)    | туралы белгілер 
                                                 |____________
     


                                           Қазақстан Республикасында өзен 

кемелерін тіркеу Ережелеріне N 3 Қосымша


                         ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

              (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы)

                          N _______ КЕМЕ КУӘЛІГІ

     Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясы 
Кеме реестрі __________________ бассейні _____________ учаскесі мәліметінің
негізінде төменде көрсетілген ________________________________________ кеме
                                   (өз бетімен жүзетін, жүзбейтін) 
____________________________________________________ құрамына жатады.
  (кеме иесінің толық аты, оның заңды мекен-жайы)
1. Кеменің аты немесе оның нөмірі _________________________________________
2. Үлгісі және міндеті ____________________________________________________
3. N _________ жоба, құрастырылған жылы және орны _________________________
4. Корпусының материалы ___________________________________________________
5. Бас машиналары (үлгісі, саны, жалпы қуаттылығы) ________________________
   ________________________________________________________________________
6. Кеменің габариттік өлшемі:
   ұзындығы _______ м, ені _______ м, толық жүгімен батымдылығы ________ м,
   жүксіз батымдылығы _________ м, қондырмасымен бірге ең жоғары биіктігі 
   (жүксіз батымдылығы) _______ м.
7. Белгіленген жүк көтерімділігі _________ т,
   жолаушы сыйымдылығы _________ адам.
8. Жүзу разряды ___________________________________________________________
     Осы Куәлік Қазақстан Республикасының жалауы астында кеменің жүзу 
құқығын куәлайды және кеменің меншіктік құқығын растайды. Кеме куәлігінің 
түпнұсқасы кемеде сақталады (өздігімен жүзбейтін экипажсыз кемеде - кеме 
иесінде).
     Осы Куәлік кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас 
инспекциясы _________________ бассейнінің _______________________ 
учаскесімен беріледі.
     Кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігі Бас инспекциясы 
бассейнінің (учаскесінің) басшысы 
     
М.О.                   19 ж "___"_________________ 
     
     
Кеме қатынасы және теңізде жүзу             Қазақстан Республикасында өзен 
қауіпсіздігі Бас инспекциясының             кемелерін тіркеу Ережелеріне 
кемелерді тізу туралы мәліметі              N 4 Қосымша 
______________________ бассейні
______________________ учаскесі
     
 _________________________________________________________________________
|          |                     |          өздігінен жүзетін флот        |
|          |                     |________________________________________|
|          |                     |Жолау.|жүк| бук.|кө. |тех. |өзге.| өзі  |
|          |                     |  шы  |   |сирлі|мек.|ника.|лері |жүзе. |
|          |     Флот иелері     |      |   |     | ші | лық |     |тіндер|
|          |                     |      |   |     |    |     |     | дің  |
|          |                     |      |   |     |    |     |     |барлы.|
|          |                     |      |   |     |    |     |     |  ғы  |
|__________|_____________________|______|___|_____|____|_____|_____|______|
|Мемлекет. |                     |      |   |     |    |     |     |      |
|тік кәсіп.|                     |      |   |     |    |     |     |      |
|орындар   |                     |      |   |     |    |     |     |      |
|__________|_____________________|______|___|_____|____|_____|_____|______|
|          |        Жиыны        |      |   |     |    |     |     |      |
|__________|_____________________|______|___|_____|____|_____|_____|______|
|Акционер. |                     |      |   |     |    |     |     |      |
|лік кәсіп.|                     |      |   |     |    |     |     |      |
|орындар   |                     |      |   |     |    |     |     |      |
|__________|_____________________|______|___|_____|____|_____|_____|______|
|          |        Жиыны        |      |   |     |    |     |     |      |
|__________|_____________________|______|___|_____|____|_____|_____|______|
|Бірлескен |                     |      |   |     |    |     |     |      |
|кәсіпорын.|                     |      |   |     |    |     |     |      |
|дар       |                     |      |   |     |    |     |     |      |
|__________|_____________________|______|___|_____|____|_____|_____|______|
|          |        Жиыны        |      |   |     |    |     |     |      |
|__________|_____________________|______|___|_____|____|_____|_____|______|
|Коопера.  |                     |      |   |     |    |     |     |      |
|тивтер    |                     |      |   |     |    |     |     |      |
|__________|_____________________|______|___|_____|____|_____|_____|______|
|          |        Жиыны        |      |   |     |    |     |     |      |
|__________|_____________________|______|___|_____|____|_____|_____|______|
|Жеке кеме |                     |      |   |     |    |     |     |      |
|иелері    |                     |      |   |     |    |     |     |      |
|__________|_____________________|______|___|_____|____|_____|_____|______|
|          |        Жиыны        |      |   |     |    |     |     |      |
|__________|_____________________|______|___|_____|____|_____|_____|______|
|          | Флоттардың барлығы  |      |   |     |    |     |     |      |
|__________|_____________________|______|___|_____|____|_____|_____|______|

     
 __________________________________________
     өздігінен жүзбейтін флот   |          |
 __________________________________________|
  жүк | тұрық. | өзге.| жүзбей. | Флоттар. |
      |   шы   | лері | тіндер. |   дың    |
      |        |      |   дің   | барлығы  |
      |        |      | барлығы |          |
      |        |      |         |          |
      |        |      |         |          |
 _____|________|______|_________|__________|
      |        |      |         |          |
      |        |      |         |          |
      |        |      |         |          |
 _____|________|______|_________|__________|
      |        |      |         |          |
 _____|________|______|_________|__________|

     
     Оқығандар:     
          Умбетова А.М.
          Касымбеков Б.А.