1. Қоса берілген құжаттар бекітілсін:
- "Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын өздігінен жүзетін кемелердегі команда құрамын дипломдау туралы Ереже";
- "Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын өздігінен жүзетін кемелер мен жер снарядтарындағы команда құрамын дипломдау жөніндегі біліктілік комиссиялар туралы Ереже";
- "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Кеме қатынасы мен теңізде жүзу қауіпсіздігінің Бас инспекциясы қызметкерлерімен кемелерге бақылау жүргізудің тәртібі туралы Нұсқаулық".
2. Су көлігінің Департаменті жаңа үлгідегі Дипломдар мен Біліктілік бланкілерінің қажетті санын әзірлесін. 1997 жылғы 1 сәуірге дейін Дипломдар мен Біліктілік куәліктерге айырбастау жүргізсін.
3. 1987 жылғы 27 қаңтарда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің жанындағы өзен флотының Бас басқармасының бастығының N 16 бұйрығымен бекітілген "Қазақ КСР-нің ішкі су жолдарында пайдаланылатын өздігінен жүзетін кемелердегі команда құрамын дипломдау туралы Ереже" және 1994 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Су көлігі Департаментінің директорымен бекітілген "Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын өздігінен жүзетін кемелер мен жер снарядтарындағы команда құрамын дипломдау жөніндегі білікті комиссиялар туралы Ереженің" күші жойылды деп есептелсін.
4. Заң актілерін әзірлеу, жоғарғы кеңеспен байланыс және заң жұмыстарының Басқармасы жоғарыда аталған құжаттарды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен тіркелсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Су көлігі Департаментінің директоры П.Д.Коваленкоға жүктелсін.
Министр
Жалпы ережелер
1.1. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (16-бап) осы Ереже Қазақстан Республикасының әскери-теңіз жалауы астында жүзетін және тек спорт жарыстарына арналған, сондай-ақ балық аулау кемелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында ведомстволық қатыстылығы мен меншіктік нысанына қарамай кез келген мақсатта пайдаланылатын өз бетімен жүзу кемелерінің және жер снарядтарының (бұдан әрі "кемелер және жер снаряды" деп аталатын) командалық құрамына жарамды.
1.2. Кемелерде және жер снарядтарындағы командалық қызметтерге жұмыс жасауға 18 жастан жоғары жастағы, осы Ережемен белгіленген тиісті дипломдары немесе куәліктері бар және денсаулығына байланысты осындай қызметтерді атқаруға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.
1.3. Кемелер капитандары мен штурмандарға, жер снаряды командирлеріне және олардың көмекшілеріне, механиктерге, механик көмекшілеріне және аталмыш қызметтерде қосарланып істейтін тұлғаларға, электр жабдықтары жөніндегі механик көмекшілеріне электромеханиктер мен дипломдалған олардың көмекшілеріне диплом (1 Қосымша) беріледі, шағын кемелер аға-мотористеріне, қуаты 55 квт (75 ат күші) 110 квт (140 ат күші) кемелердің кеме жүргізуші механиктеріне - біліктілік куәліктері (2 Қосымша) беріледі.
1.4. Дипломдау "Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын өз бетімен жүзу кемелерінің және жер снарядтарының командалық құрамын дипломдау жөніндегі біліктілік комиссиялар туралы ереже" негізінде құрылған арнайы комиссиялармен жүргізіледі. Дипломдалуға арнайы білімі және белгіленген жүзу өтілі бар тұлғалар жіберіледі. Ішкі су жолдарының кемелеріндегі команда құрамын дайындау жөніндегі ведомстволық курстар, оқу жоспарлары, сондай-ақ курстарда оқу бағдарламалары Қазақстан
Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Су көлігі департаментімен бекітіледі. 1.5. Дипломдау мақсаты үшін өз бетімен жүзетін кемелер, олардың жүзуін қамтамасыз ететін қозғалтқыш қуатының тиімділігіне байланысты мынадай топтарға бөлінеді: 1-ші топ 110-330 квт дейін (150-450 а.к.) 2-ші топ 331-550 квт дейін (451-750 а.к.) 3-ші топ 551-850 квт дейін (751-1150 а.к.) 4-ші топ 581-1620 квт дейін (1151-2200 а.к.) 5-ші топ 1621 және одан артық квт (2201 және одан артық а.к.) Жер снарядтары мен жер сорғыштар өнімділігіне қарай мына топтарға бөлінеді: 1-ші топ өнімділігі 100 куб. м/сағат дейін 2-ші топ -"- 101-250 куб. м/сағат дейін 3-ші топ -"- 251-500 куб. м/сағат дейін 4-ші топ -"- 501-700 куб. м/сағат дейін 5-ші топ -"- 701 куб. м/сағат және жоғары.
Кеме қуаттылығы 150 квт (200 а.к.) жылдамдығын 35 шақырым/сағатқа және одан артық дамытуға қабілетті болса, жүйріктерге жатады. Білім және өтілі бойынша талаптар арнайы бөлімде көрсетілген.
1.6. Дипломдаудан өткен тұлғаларға дипломда (біліктілік айғақтарда) кеме тобы (су сыйымдылығы, жүйріктігі, жер снаряды) және олар тағайындалуы мүмкін қызметтер көрсетіледі.
Білімнің бар болуына талап қою
2.1. Біліміне сәйкес дипломдалуға мыналар жіберіледі:
а) барлық топтағы кемелер мен жер снарядтарына - арнайы мамандығы бойынша жалпы пайдаланымдағы өзен көлігінің жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарын бітірген тұлғалар;
б) 1-3 топтағы кемелер мен жер снарядтарына - 2 топ жолаушы кемелерінің капитан қызметтерінен, 3 топ кемелерінің барлық типтерінің капитандары мен бірінші штурмандарынан басқа тиісті мамандығы бойынша орта кәсіби-техникалық оқу орындарын бітірген тұлғалар;
в) 1 топтағы кемелер мен жер снарядтарына барлық кеме жүргізу, механикалық, электр механигі қызметтері (жолаушы кемелерінің капитандарынан басқалары), 2 және 3 топтағы кемелерге үшінші штурман қызметіне, механиктің үшінші көмекшісі, электр механигінің көмекшісі; 2 және 3 топтағы кемелерге екінші штурман қызметі (капитан көмекшісі), механиктің екінші көмекшісі, орта арнаулы оқу орындарының кешкі-сырттай бөлімдерінің 3 курсын бітірген жағдайда, жүк және буксир кемелерінің электр механигінің бірінші көмекшісі қызметтеріне - Су көлігі департаментімен бекітілген тиісті бағдарламалар бойынша ішкі жүзу кемелерінің команда құрамын дайындау курстарын бітірген тұлғалар;
г) шағын кемелер мен қуаты 55-110 квт (75-149 а.к.) кемелерге - арнаулы оқу орындарын бітірген және осы кемелерді басқару жөнінде 1 айлық курс таржымаларынан өткен тұлғалар.
Жүзу өтіліне талап қою
3.1. Жоғарғы оқу орындарының кеме жүргізушілік, кеме механигі (электр механигі) мамандықтарын бітірген тұлғалар мынадай қызметтерге дипломдалуға құқығы бар:
а) 4 топты қоса (кемелерді басқаруға кемінде үш айлық практикалық тәлімі бар екендігі ескеріле отырып) оған дейінгі кемелер мен жер снарядтарының екінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктің (электр механигінің) екінші көмекшісі және барлық топтағы кемелер мен жер снарядтарының үшінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктің (электр механигі) үшінші көмекшісі;
б) командалық қызметтерде кемінде 6 айлық жүзу өтілі бар екендігі ескеріле - барлық топтағы кемелер мен жер снарядтарының екінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктің (электр механигінің) екінші көмекшісі;
в) командалық қызметтерде кемінде 12 айлық жүзу өтілі бар екендігі ескеріле - 1-3 топтағы кемелер мен жер снарядтарының бірінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктің (электр механигінің) бірінші көмекшісі, 2 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны, механигі (электр механигі);
г) командалық қызметтерде кемінде 18 айлық жүзу өтілі бар екендігі ескеріле - 1-3 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны, механигі (электр механигі) және барлық топтағы кемелер мен жер снарядтарының бірінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктiң (электр механигiнiң) бiрiншi көмекшiсi;
д) командалық қызметтерде кемiнде 24 айлық жүзу өтiлi бар екендiгi ескерiле - 1-4 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны (жолаушы кемелердiң капитанын қоспағанда), механигi (электр механигi);
е) командалық қызметтерде кемiнде 30 айлық жүзу өтiлi бар екендiгi ескерiле - барлық топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны, механигі (электр механигі).
3.2. Табиғат жағдайына қарай навигациялық кезеңінің ұзақтығы алты айдан кем болатын өзен бассейндерінде флот қызметкерін дипломдау кезінде оның жүзу өтілі алты айға теңеледі. Толық навигациядан өтпеген тұлғаларға жүзу өтілі нақты жүзген уақытымен беріледі.
3.3. Орта оқу орындарының кеме жүргізушілік, кеме механигі (электр механигі) бөлімдерін және су жолдары мен қатынас бөлімдерін бітірген тұлғалар мынадай қызметтерге дипломдалуға құқығы бар:
а) 1-2 топтағы кемелер мен жер снарядтарының екінші штурманы, механиктің (электр механигінің) екінші көмекшісі және барлық топтағы кемелер мен жер снарядтарының үшінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктің (электр механигі) үшінші көмекшісі (кемелерді басқаруға кемінде үш айлық практикалық тәлімі бар екендігі ескеріле);
б) командалық қызметтерде кемінде 6 айлық жүзу өтілі бар екендігі ескеріле - 1-4 топтағы кемелер мен жер снарядтарының екінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктің (электр механигінің) екінші көмекшісі;
в) командалық қызметтерде кемінде 12 айлық жүзу өтілі бар екендігі ескеріле - 1-2 топтағы кемелер мен жер снарядтарының бірінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктің (электр механигінің) бірінші көмекшісі, барлық топтағы кемелер мен жер снарядтарының екінші штурманы, механиктің (электр механигінің) екінші көмекшісі, 1 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны, механигі (электр механигі);
г) командалық қызметтерде кемінде 18 айлық жүзу өтілі бар екендігі ескеріле - 1-3 топтағы кемелер мен жер снарядтарының бірінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктің (электр механигінің) бірінші көмекшісі;
д) командалық қызметтерде кемінде 24 айлық жүзу өтілі бар екендігі ескеріле - 1-2 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны, механигі (электр механигі); барлық топтағы кемелер мен жер снарядтарының бірінші штурманы (капитан көмекшісі), капитанның (электр механигінің) бірінші көмекшісі;
е) командалық қызметтерде кемінде 30 айлық жүзу өтілі бар екендігі ескеріле - 1-3 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны (жолаушы кемелерінің капитандарын қоспағанда), механигі (электр механигі);
ж) командалық қызметтерде кемінде 36 айлық жүзу өтілі бар екендігі ескеріле - 1-4 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны (жолаушы кемелерінің капитандарын қоспағанда), механигі (электр механигі);
з) командалық қызметтерде кемінде 42 айлық жүзу өтілі бар екендігі ескеріле - барлық топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны, механигі (электр механигі).
3.4. Орта кәсіптік-техникалық оқу орындарының кеме жүргізушілік, кеме механигі (электр механигі) мамандықтарын бітірген тұлғалар мынадай қызметтерге дипломдалуға құқығы бар:
- 1-3 топтағы кемелер мен жер снарядтарын қоса үшінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктің (электр механигі) үшінші көмекшісі және 1 топтағы кемелер мен жер снарядтарының екінші штурманы, механиктің (электр механигінің) екінші көмекшісі (кемелерді басқаруға кемінде үш айлық практикалық тәлімі бар екендігі ескеріле).
Командалық қызметтерде жүзу өтілі кемінде:
а) 6 айлық - 1-2 топтағы кемелер мен жер снарядтарының екінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктің (электр механигінің) екінші көмекшісі және 1 топтағы кемелер мен жер снарядтарының бірінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктің (электр механигінің) бірінші көмекшісі;
б) 12 айлық - 1-3 топтағы кемелер мен жер снарядтарының екінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктің (электр механигінің) екінші көмекшісі, ал капитанның, механиктің (электр механигінің) қызметі бойынша өтілден 1 айдың ішінде өткендер - 1 топтағы кемелер мен жер снарядтарының капитаны, механигі (электр механигі);
в) 18 айлық - 2 топтағы кемелер мен жер снарядтарының бірінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктің (электр механигінің) бірінші көмекшісі;
г) 24 айлық - 2 топтағы кемелер мен жер снарядының капитаны, механигі (электр механигі).
3.5. Ішкі жүзу кемелерінің команда құрамын дайындау курстарын бітірген тұлғалар мынадай қызметтерге дипломдалуы мүмкін (кемелерді басқаруға кемінде алты айлық практикалық тәлімі бар екендігі ескеріле отырып) 3 топқа дейінгі кемелер мен жер снарядтарының (буксирлеу және жүк флотын қоса) қосқанда үшінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктің (электр механигінің) үшінші көмекшісі, 1 топтағы кемелер мен жер снарядтарының екінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктің (электр механигінің) екінші көмекшісі.
Командалық қызметтерде жүзу өтілі кемінде:
а) 6 айлық - 2 топтағы кемелер мен жер снарядтарының екінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктің (электр механигінің) екінші көмекшісі және 1 топтағы кемелер (жолаушы кемелерін қоспағанда) мен жер снарядтарының бірінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктің (электр механигінің) бірінші көмекшісі;
в) 18 айлық - 2 топтағы кемелер мен жер снарядтарының бірінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктің (электр механигінің) бірінші көмекшісі және 1 топтағы кемелер (жолаушы кемелерін қоспағанда) мен жер снарядтарының капитаны, механигi (электр механигi);
г) 36 айлық - 2 топтағы кемелер (жолаушы кемелерін қоспағанда) мен жер снарядтарының капитаны, механигі (электр механигі).
3.6. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарын, сондай-ақ орта кәсіптік-техникалық оқу орындарын бітірген тұлғалар 1 топтағы кемелердің (жолаушы және транзит кемелерін қоспағанда) капитаны, механигі (электр механигі) қызметтеріне олар бойынша кемінде үш ай өтілді тікелей рейсте сәттілікпен өткен кезде, ол капитанның немесе механиктің сипаттау-кепілдемесімен расталған кезде жоғарыда көрсетілген қызметтерге дипломдалуға жіберілуі мүмкін. Команда құрамын дайындау жөніндегі курстарды бітірген тұлғалар сол шарттармен, сол қызметтерге қуаттылығы 225 квт (300 а.к.) кемелерге дипломдалуы мүмкін.
3.7. Қатардағы құрамның рульші-моторист, электрші, лебедкеші қызметтерінде кемінде 12 ай жүзу өтілі бар және жоғарғы оқу орындарында 4 курстан төмен емес, ал орта оқу орындарында 3 курстан төмен емес курстарда өз мамандығымен үздік оқып жатқан тұлғалар кемелердің механиктің үшінші көмекшісінің (электромеханигі) және жер сорғыштардың 3 тобына дейін диплом алу үшін дипломдалуға, ал ертеректе орта кәсіптік-техникалық оқу орындарын бітірген тұлғалар, сол шарттармен онан басқа кемелердің және жер снарядтарының 3 тобына дейін үшінші штурманының (капитан көмекшісі) қызметін атқару үшін дипломдалуға жіберілуі мүмкін.
3.8. Жоғарғы оқу орындарының кеме механикасы (электромеханикалық) мамандықтарының және су және қатынас жолдары мамандықтарының студенттері 4 курстан соң рульші-моторист, электрші, лебедкеші қызметтеріне кемінде 6 ай жүзу өтілі бар болған кезде кемелердің және 4 топқа дейінгі жер снарядтарының механиктің үшінші көмекшісінің (электромеханигі) қызметтеріне дипломдалуға жіберілуі мүмкін.
3.9. Өзен училищелері мен техникумдарының кеме механикасы (электромеханикалық) мамандықтарының және су және қатынас жолдары мамандықтарының курсанттары 3 курстан соң рульші-моторист, электрші, лебедкеші қызметтерінде кемінде 6 ай жүзу өтілі бар болған кезде кемелердің және 2 топқа дейінгі жер снарядтары механиктерінің үшінші көмекшісінің (электромеханигi) қызметтерiне дипломдалуға жiберiлуi мүмкiн.
Жүрдек кемелердің командалық құрамының білімі мен жүзу өтілдері
бойынша талап қою
4.1. Жүрдек кемелерде командалық қызметтерді атқаруға дипломдалу үшін жоғарғы немесе орта арнаулы білімі бар тұлғалар жіберілуі мүмкін:
4.1.1. Су сыйымдылау кемелердегі командалық қызметтерде тәжірибесі жоқ, бірақ жүрдек кемелердегі мынадай қызметтерде жүзу өтілі бар:
а) үшінші штурманды (капитан көмекшісі) - механиктің үшінші көмекшісін 6 айға - вахтада дербес тұрмайтын құқықпен екінші штурман (капитан көмекшісі) - механиктің екінші көмекшісі қызметіне;
б) екінші штурманды (капитан көмекшісін) - механиктің екінші көмекшісін 18 айдың ішінен 6 айға - 3 айлық мерзімге тікелей рейстерде өтіл өтіп, сынақ тапсырғаннан кейін тиісті топтағы механиктің бірінші көмекшілік қызметіне;
в) бірінші штурманды (капитан көмекшісін) - тиісті топтағы механиктің екінші көмекшісін 30 айдың ішінен 12 айға - капитан - механик қызметіне.
4.1.2. Су сыйымдылау кемелердегі командалық қызметтерде тәжірибесі бар, тиісті кемемен тікелей рейсте кемінде 1 ай мерзім өтілден өткен және осы кемені басқарудан тәлімгерге практикалық сынақ тапсырған мынадай дипломы бар:
а) 2-ші топтан төмен емес су сыйымдылау кемелердің және осы қызметте кемінде 12 ай өтілі бар бірінші штурманды (капитан көмекшісін) - 3 топтағы жүрдек кемелердің бірінші штурманы (капитан көмекшісі) қызметіне;
б) 3-ші топтан төмен емес су сыйымдылау кемелердің және осы қызметте 6 ай жүзу өтілі бар бірінші штурманды (капитан көмекшісін) - барлық топтағы жүрдек кемелердің бірінші штурманы (капитан көмекшісі) қызметіне;
в) 1-ші топ су сыйымдылау кемелердің және осы қызметте кемінде 18 ай - бірінші штурман (капитан көмекшісі), ал 24 ай жүзу өтілі бар капитанды - 3 топтағы кемелердің капитаны қызметіне;
г) 2-ші топтан төмен емес су сыйымдылау кемелердің және осы қызметте кемінде 12 ай жүзу өтілі бар капитанды - 3 топтағы кемелердің капитаны қызметіне;
д) 3-ші топтан төмен емес су сыйымдылау кемелердің және осы қызметте кемінде 6 ай жүзу өтілі бар капитанды - барлық топтағы кемелердің капитандары қызметіне.
4.2. Жүрдек кемелердің командалық құрамын қызметін жоғарылатпай жоғарғы топтағы жүрдек кемелерге дипломдау осының алдындағы топтағы кемелерде кемінде 6 ай жүзу өтілі бар тұлғалар жіберілуі мүмкін.
4.3. Осы Ереженің 4.1.1. тармағына сәйкес жүрдек кемелердің команда құрамының дипломын алған тұлғалар өз тобындағы су сыйымдылау кемелердің екінші штурманы (капитан көмекшісі) - механиктің екінші көмекшісі қызметіне дипломдалуы мүмкін.
Жүрдек кемелердің бірінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктің бірінші көмекшісі, механиктің дипломдары бар тұлғаларды әрі қарай дипломдау әрбір қызметте кемінде 6 ай жүзу өтілі болған кезде жүргізілуі мүмкін.
4.4. Жүрдек кемелердің команда құрамы, механикалық мамандығы бар тұлғаларда (немесе кеме жүргізуші және кеме механигі қызметін бірге атқарып жүргендерде) механикалық мамандығы бойынша жұмыс дипломдары болуы тиіс және су сыйымдылау кемелерінде жұмыс атқаратын тұлғалар ретінде кезекті дипломдаудан өтуі тиіс.
Ерекше дипломдау жағдайлары
5.1. Осы Ережеде көрсетілген ең аз жүзу өтілі бар екендігі, егер дипломдалатын маман өзінің іскерлік (кәсіптік), моральдық қасиетімен қойылатын талаптарға жауап бермегенде жоғарғы қызметке дипломдауға негіз болмайды.
5.2. Дипломдау жөніндегі бассейіндік комиссияға ерекше тәртіппен өзінің іскерлік (кәсіптік) және моральдық қасиетімен жоғарғы қызметке көтеруге тұратын, бірақ командалық қызметте тиісті жүзу өтілі жоқ команда құрамының тұлғаларын мерзімінен бұрын тиісті дипломды бере отырып, дипломдауға құқық беріледі. Жүзу өтілі 3 айдан артық қысқартылмайды. Мерзімінен бұрын дипломдалған тұлғалар өздері жұмыс жасаған кемелерге жіберіледі.
5.3. Жұмыс жасайтын ауданда жүзу тәжірибесі жоқ кеме жүргізушілер қайта дипломдалуға және осы аудандағы рейстерде тікелей өтілден сәтті өткен соң қызметке тағайындалуы мүмкін.
5.4. Орта оқу орындарының кеме жүргізуші, кеме механигі (электромеханикалық) бөлімдерін рульші, моторист, электрші, лебедкеші қызметтерін атқара жүріп бітірген тұлғаларға команда құрамының жүзу өтілі ретінде есептеледі, бірақ 6 айдан артық болмайды.
5.5. Механиктерге (электромеханигі), механик көмекшісіне өз бетімен жүзетін жер снарядтарының команда қызметтеріне дипломдау кезінде өз бетімен жүзбейтін жер снарядтарының команда құрамының жүзу өтілі ретінде есептеледі.
5.6. Кемелердің және жер снарядтарының кеме жүргізушілері, кеме механиктері (электромеханигі) бірінші штурман (капитан көмекшісі) механиктің бірінші көмекшісі (электромеханигі) қызметтеріне дипломдалу кезінде дипломдалу жүргізіліп жатқан кемелер мен жер снарядтарының тиісті тобының екінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктің екінші көмекшісі (электромеханигінің) қызметінде немесе бұрынғы кемелер мен жер снарядтары тобының бірінші штурманы (капитан көмекшісі), механиктің бірінші көмекшісі (электромеханигі) қызметтерінде кемінде 6 ай жүзу өтілі болуы тиіс.
Капитан, механик (электромеханигі) қызметтеріне дипломдау да осындай тәртіппен жүргізіледі.
5.7. Теңіз және әскери-теңіз кеме жүргізушілік білімі бар тұлғалар бұрынғы қызметіне сай арнаулы білімі (жоғарғы, орта), жұмыс теңіз дипломы бар екендігі ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Су көлігі департаментімен бекітілген бағдарламаның талаптарына сай көлемде емтихан тапсырғаннан және осы ереженің 5.3. тармағымен белгіленген тәртіпте жүзу өтілінен өткеннен кейін бірінші дипломдалуға жіберілуі мүмкін. Бұл мамандардың әрі қарай дипломдалуы жалпы негізбен жүзеге асырылады.
5.8. Теңіз және әскери-теңіз кеме механигі және электр механигі мамандықтарына білімі бар тұлғалар кемелер мен жер снарядтарының командалық қызметтерін атқаруға дипломдалу үшін бұрынғы қызметіне сай арнаулы білімі (жоғарғы, орта), жұмыс теңіз дипломы, қызметі және кемелерде, корабльдерде, олардың негізгі қозғалтқышы мен электрстанса түрі және қуатына сай бұрынғы жұмысында өтілі бар екендігі ескеріле отырып, дипломдалуға жіберілуі мүмкін.
5.9. Жүзу команда құрамының қызметтерінен жаға жұмыстарына ауысқан тұлғалар 5 жыл өткеннен кейін, тиісті білімі тексерілген соң командалық қызметтерге тағайындалуы мүмкін. Капитан-тәлімгерлер, механик-тәлімгерлер, электр механигі-тәлімгерлер, кеме қатынасы инспекцияларының қызметкерлері аталмыш білім тексеруден өтпейді.
5.10. Радиостанса бастығының қызметін атқаруы үшін дипломдалуға кеме
радиомаманы қызметінде кемінде 6 ай жүзу өтілі және 2 сыныптан төмен емес радиооператорлық біліктілігі бар тұлғалар жатады. Кеме радиомамандары дипломдарының нысаны "Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарындағы радиобайланысы ережелерімен" белгіленеді. N 1 Қосымша Диплом үлгiсi (сипаттау) »1. Диплом кiтабының өлшемi 105х140 мм, iшiне парақ сыйысады. Диплом парағындағы жазулар мен бағанға бөлулер қара сиямен жазылады. 2. Диплом қабы көк түстi лидерин картоннан жасалған. Онда алтын түстi мынадай жазулар бар: а) жоғары бөлігінде - Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген; б) оның астында қазақ және орыс тілдерінде мынадай батыңқы жазулар бар: Қазақстан Республикасы Көлік және Коммуникациялар Министрлігі в) төменде ірі қаріппен - батыңқы жазу ДИПЛОМ 3. Сырт қабының іш жағында: а) жоғары бөлігінде - Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген; б) оның астында қазақ және орыс тілдерінде: Диплом N ____ ______________________________________________________________________ фамилиясы, аты, әкесінің аты ______________________________________________________________________ ________________________________________________________беріледі. в) төменгі бөлігінде сол жағында сурет орны, оң жағында қазақ және орыс тілдерінде: Ішкі суларда өз бетімен жүзетін кемелердiң командалық құрамын дипломдау туралы Ереженiң және қаулының негізінде. 4. Дипломның бірінші бетінде қазақ және орыс тілдерінде жазылған: _______________________________________________________________________ білікті комиссия қаулысының негізінде _______________________________________________________________________ Хаттама N ____ "__" ___________19 ж. Азамат ______________________________________________________________ ______________________________________________________________________ лауазым (лауызымдарды) алуға құқыға бар ______________________________________________________________________ кемелер тобы Комиссия төрағасы, Су көлігі департаментінің директоры М.О. 5. Дипломның екінші бетінде қазақ және орыс тілдерінде мыналар көрсетілген: лауазым (лауазымдарды) алуға құқығы бар___________________________ ___________________________________________________________________ кемелер тобы Хаттама N _______ "___" __________199 ж. М.О. Комиссия төрағасы, Су көлігі департаментінің директоры лауазым (лауазымдарды) алуға құқығы бар___________________________ ___________________________________________________________________ кемелер тобы Хаттама N _______ "___" __________199 ж. М.О. Комиссия төрағасы, Су көлігі департаментінің директоры 6. Екінші қабының ішкі жағында қазақ және орыс тілдерінде: лауазым (лауазымдарды) алуға құқығы бар___________________________ ___________________________________________________________________ кемелер тобы Хаттама N _______ "___" __________199 ж. М.О. Комиссия төрағасы, Су көлігі департаментінің директоры лауазым (лауазымдарды) алуға құқығы бар___________________________ ___________________________________________________________________ кемелер тобы Хаттама N _______ "___" __________199 ж. М.О. Комиссия төрағасы, Су көлігі департаментінің директоры
N 2 Қосымша
(кітаптың бірінші беті)
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы)
Біліктілік куәлігі
__________________________________________________________________
(сол жағы жапсырма) Қазақстан Республикасы Көлік және Коммуникациялар Министрлігі N_____ куәлік Азамат___________________________________________________________ Ішкі суда жүзетін кемелердің командалық құрамына диплом беру туралы ереженің және төменде көрсетілген мекеме жанындағы салааралық білікті комиссияның қаулысы негізінде берілді. __________________________________________________________________ 199_ж. "__" ____ N _____ Хаттама Азамат___________________________________________________________ (оң жағы жапсырма) Мынадай қызметтерді атқаруға құқықты:____________________________ өзенінде (көлінде) жүзетін кемелер тобы__________________________ Сурет орны Білікті комиссия төрағасы_____________________________ Білікті комиссия Хатшысы _____________________________ _________________________________________________________________ Оқығандар: Умбетова А.М. Икебаева А.Ж.