- спорттық киiм;
- спорттық аяқ киiм;
- жеке пайдаланатын спорттық керек-жарақ.
2. Жастар iсi, Туризм және Спорт Министрлiгiнiң бекiтуiне орай спорттық мүлiктер тiзiмi бойынша спорт ұйымдары, дене тәрбиесi оқу орындары мен спорт мектептерi бөлiнген мөлшер көлемiнде алады.
3. Спорт киiмдерi мен спорттық аяқ киiмдер спорт ұйымдары, дене тәрбиесi оқу орындары мен спорт мектептерi басшыларының шешiмiмен Қазақстан Республикасы, облыстық, қалалық, аудандық, кәсiподақ және ведомстволар құрама командалары мүшелерiне, студенттер мен оқушыларға, спорт сабағы оқытушыларына, жаттықтырушы-оқытушыларға жеке иелiктерiне тегiн және қосымшаға сәйкес құнын iшiнара төлеу арқылы берiледi.
Спорттық құрал жабдықтарды беруде спорт ұйымдары, дене тәрбиесi оқу орындары мен спорт мектептерi басшылары бекiткен тiзiм негiз болып табылады.
4. Спорт киiмдерi мен спорттық аяқ киiмдерден, сондай-ақ артық қалған киiмдерден түскен қаржылар спорттық заттар алуға, қалпына келтiру жұмыстарына жұмсалады.
5. Спорт киiмдерi мен спорттық аяқ киiмдер спорттық жарыстарға тiкелей қатысушыларға, студенттерге, спорт жөнiндегi оқытушыларға, дене тәрбиесi оқу орнының жаттықтырушы-оқытушыларына жеке құжаттарын көрсеткен жағдайда, кәмелеттiк жасқа толмағандардың заттары олардың ата-аналарына, немесе соларды ауыстырушыларға берiледi.
6. Спорт киiмдерi мен спорттық аяқ киiмдердi қайта беру Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi бекiтiп, көрсеткен мерзiмге сай, пайдалану уақыты бiткен соң ғана берiледi.
7. Спорттық жеке пайдалану құралдары спорт жарыстарына қатысушыларға және жаттығу үшiн оқушыларға, студенттерге, спорт оқытушыларына, оқу процессiн қамтамасыз ету үшiн дене тәрбиесi оқу орындарының жаттықтырушы-оқытушыларына, спорт мектептерi мұғалiмдерiне уақытша пайдалануға берiледi.
Спорт құрал-жабдықтары спорттық iс-шараларға қатысушыларға, студенттерге, оқушыларға, спорт оқытушыларына, оқу орындары, спорт мектептерi жаттықтырушы-оқытушыларына сенiмхат арқылы берiледi.
8. Жастар iсi, туризм және спорт Министрлiгi бекiткен тiзiм бойынша жеке пайдаланатын спорт киiмдерi мен спорттық аяқ киiмдер спорт жарыстарына қатысуға дайындалып жүрген спортшыларға, дене тәрбиесi оқу орындары мен спорт мектептерi оқушылары мен студенттерiне оқу процессiн қамтамасыз ету үшiн тегiн берiледi.
9. Спорттық iс-шараларға қатысушы құрама команда құрамынан шығып қалған спортшылар, дене тәрбиесi мен спорт мектептерiндегi оқудан шығып қалған студенттер мен оқушылар, дене тәрбиесi немесе спорттық мектептерден жұмыс iстеуден шығып қалған жаттықтырушы-оқытушылар бiр ай мерзiм iшiнде уақытша пайдалануға алған спорт құрал-жабдықтарын тапсыруға тиiс.
Спорт жарыстарына қатысушылар, студенттер, оқушылардың құрама команда құрамынан, дене тәрбиесi оқу орындарынан шығарылған, спорт мұғалiмдерi мен жаттықтырушы-оқытушылар дене тәрбиесi және спорт мектептерiнен жұмыстан босатылған күннен бастап саналады.
10. Қоймаға қайтарылған спорттық мүлiктер жаңа спорт киiмдерiнен бөлек сақталуы әрi саналуы керек.
11. Спорттық мүлiктердi есептеп шығару бухгалтерлiк есеп ережелерi мен бекiтiлген тәртiпке сай жүзеге асырылады.
12. Жеке пайдалануға, немесе жартылай құны төленген спорт киiмдер, спорттық аяқ киiмдер кәсiподақ және ведомстволардың, дене тәрбиесi оқу орындары мен спорт мектептерiнiң есебiнен берiлiп жатқан уақытта шығарылады. Қоймаларда спорт киiмдерiнiң жедел есеп карточкалары жүргiзiледi.
Уақытша пайдалануға берiлген спорт заттары кәсiподақ оқу спорт ұйымдары мен ведомство, оқу орындары мен спорт мектептерi басшылар бекiткен актiлер негiзiнде есептен шығарылады.
Қазақстан Республикасы
дене-тәрбиесi-спорттық ұйымдарының спорт мүлкiн берудiң бiрыңғай тәртiбi туралы ережесiне қосымша
Спортшыларға, жаттықтырушыларға, басқа да мамандарға,
оқу орындары мен спорт мектептерiнiң оқушылары мен оқытушыларына жеке пайдалануға берiлетiн спорт және шерулiк киiмдер мен аяқ киiмдердiң iшiнара төлеу құн мөлшерлерi ___________________________________________________________________ Реттiк| Ұйымдар |спорт киiмдерi мен саны | |спорттық аяқ киiмдердiң | |құнына қарай процент | |есебiнен iшiнара | |төлеу мөлшерi ___________________________________________________________________ 1. Қазақстан Республикасы Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi, облыстық, қалалық, аудандық жастар iсi, туризм және спорт басқармалары (комитеттерi), кәсiподақ және ведомстволық спорт ұйымдары: - спортшылар мен жаттықтырушылар - құрама командалар мүшелерi 50 - құрама командалар жаттығулармен қамтамасыз ететiн басқа мамандар 50 - басқа кәсiподақ, ұйымдары мен ведомстволардың спортшылары және жаттықтырушылары 75 2. Олимпиадалық резервтер училищелерi және жоғары шеберлiк спорт мектептерi: - оқушылар 15 - жаттықтырушылар-оқытушылар, спорт мұғалiмдерi 50 3. Балалар-жастар спорт мектептерi, мамандандырылған балалар-жастар олимпиадалық спорт-мектептерi: - бастауыш дайындық топтары оқушылары 75 - оқу-жаттығу топтары оқушылары 50 - спорттық жетiлдiру топтары оқушылары 25 - жоғары спорттық шеберлiк топтағы оқушылары 25 - жаттықтырушы-оқытушылар 50 4. Дене тәрбиесi мен спорт оқу орындары (факультеттерi) - күндiзгi бөлiмде бiлiм алатын оқушылар, студенттер 35 - оқытушылар 50 Ескерту: Спорт киiмдерi мен аяқ киiмдерi құрама команда мүшелерi-спортшыларға жеке пайдалануға мынадай жағдайда берiледi: а) жетiм балаларға, ата-ана қарауынсыз қалған балаларға, әл-ауқаты нашар отбасы балаларына, әскери қызметтегi қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамына тегiн берiледi; б) жалпы бiлiм беретiн мектеп, кәсiптiк-техникалық училище оқушыларына - құнының 15 процент төлеу арқылы; в) арнаулы орта оқу орындары және жоғары оқу орындары студенттерiне - құнының 25 процентiн төлеу арқылы. Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.