Қуғын-сүргiн кезеңiнде Қазақстан Республикасы аумағына күштеп көшiрiлген Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарындағы ұлты туралы жазбаны өзгерту тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Iшкi Iстер Министрлiгi 1995 жылғы 20 қараша N 263. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 18 қаңтарда N 143 тіркелді

Қолданыстағы
      "Қуғын-сүрген кезеңiнде бұрынғы Кеңес Одағының түрлi аймақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына күштеп көшiрiлген Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгерту тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы қаңтардың 12-iндегi N 31 P930031_ қаулысын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қуғын-сүргiн кезеңiнде Қазақстан Республикасының аумағына күштеп көшiрiлген азаматтардың паспорттарындағы ұлты туралы жазба ерекшелiк ретiнде, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы тамыздың 17-iндегi N 684 P920684_ қаулысымен бекiтiлген паспорттар мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережелерiне сәйкес арнайы көшiрiлгендерге iшкi iстер органдары берген анықтамалар негiзiнде өзгертiлсiн.
      2. "Қуғын-сүргiн кезеңiнде Қазақстан Республикасы аумағына күштеп көшiрiлген Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарындағы ұлты туралы жазбаны өзгерту тәртiбi туралы" нұсқау бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
      3. Облыстық IIБ-ның, Алматы қалалық IIББ-ның бастықтары паспорт

аппараттары жеке құрамының осы бұйрықпен бекiтiлген Нұсқауды оқып бiлуiн 
ұйымдастырсын.
     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы IIМ 
паспорт және виза жұмысы басқармасына, IIБ-ның, Алматы қалалық IIББ-ның 
бастықтарына жүктелсiн.
     5. Қазақстан Республикасы IIМ 1993 жылғы ақпанның 9-ындағы "Қазақстан 
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы қаңтардың 12-iндегi N 31 
қаулысын жариялау туралы" N 64 бұйрығы күшiн жойды деп саналсын.

     МИНИСТР
     IШКI ҚЫЗМЕТ
     ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ

                                             Қазақстан Республикасы IIМ
                                             1995 жылғы 20 қараша N 263
                                                  N 1 қосымша
                           Нұсқау
             Қуғын-сүргiн кезеңiнде Қазақстан Республикасы
           аумағына күштеп көшiрiлген Қазақстан Республикасы
          азаматтарының паспорттарындағы ұлты туралы жазбаны
                    өзгерту тәртiбi туралы
     


      1. Қуғын-сүргiнге ұшыраған халықтар жөнiндегi тарихи әдiлдiктi қалпына келтiру мақсатында, қуғын-сүргiн кезеңiнде Қазақстан Республикасы аумағына күштеп көшiрiлген азаматтардың паспорттарындағы ұлты туралы жазбаны өзгерту ерекшелiк ретiнде арнайы көшiрiлгендерге iшкi iстер органдары берген анықтамалар негiзiнде жүргiзiлсiн. Паспорттардағы ұлты туралы жазбаны азаматтың жазбаша арызы бойынша iшкi iстер органдары өзгертедi. Оны жеке өздерi тапсыруы керек.
      2. Арнайы көшiрiлгендердiң анықтамасын азаматтың арызы бойынша Қазақстан Республикасы IIМ, облыстық IIБ ақпарат-есептеу орталығы бередi. Онда арыз иесiнiң қуғын-сүргiнге ұшыраған қай халықтың өкiлi болып табылатыны көрсетiледi. Егер арыз иесiнiң ата-анасы, атасы немесе әжесi күштеп көшiрiлген жағдайда, ұлты олардың анықтамалары бойынша анықталады.
      3. Арыздар азаматтардың хаттарына, арыздарына есеп жүргiзетiн жалпы тәртiпте тiркеледi. Қалалық, аудандық iшкi iстер бөлiмдерiнiң бастықтары оларды қараған соң паспорт аппараттарына орындауға берiледi.
      Арыздарға мыналар қоса тiркеледi:
      - тууы туралы куәлiк;
      - екi фотографиялық суретi;
      - ауыстырылатын паспорты (куәлiгi);
      - арыз иесiнiң, оның ата-анасының, атасының немесе әжесiнiң атына жазылған арнайы көшiрiлгендердiң анықтамасы.
      4. Ұлты туралы жазбаны өзгерту туралы арыздың дәлелдi екенi расталған жағдайда паспорт бөлiмшесi ұлты өзгертiлген паспорт (куәлiк) беру туралы қорытынды шығарады. Оны iшкi iстер органының бастығы немесе оның орынбасары бекiтедi (N 2 қосымша).
      5. Егер паспортты (куәлiктi) бұрын басқа iшкi iстер органы берген болса, оған ұлты туралы жазбасы өзгертiлген паспорттың (куәлiктiң) ресiмделгенi және осы мәлiметтердi Ф-1 арызына енгiзу туралы хабарлама жiберiледi.
      6. Арыз иесiнiң туу туралы куәлiгiне ұлтын өзгертуiне байланысты паспорт (куәлiк) берiлгенi туралы белгi соғылады.
      Арыз иесiне ұлты туралы жазбаны өзгерткенi туралы анықтама берiледi. Ол тиiстi азаматтық хал актiсi жазбаларындағы ұлты туралы мәлiметтерге өзгерту енгiзу және жаңа құжаттар алу үшiн АХАТ органдарына тапсырылады (N 3 қосымша).
      7. Ұлты туралы жазбаны өзгерту туралы арыздар және номенклатуралық iске бөлiнедi және паспорт беру туралы Ф-1 арыздарымен бiрдей сақталады.
     Қазақстан Республикасы IIМ
     паспорт және виза басқармасы


                                                             N 2 қосымша

"Бекiтемiн"

                                   __________________________________

(iшкi iстер органының бастығы, атағы

                                   __________________________________

фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)

                                   __________________________________

(қолы)

                                   "___" _____________________199__ж.




             Азамат __________________________________________________

                            (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
            паспортындағы ұлты туралы жазбаны өзгерту туралы арызын
            тексеру нәтижесi бойынша
               қ о р ы т ы н д ы

     ________________________________________________________________
      (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты,
_____________________________________________________________________
туған күнi, айы, жылы, туған жерi, тұратын жерi)
_____________________________________________________________________
арызы бойынша тексерумен анықталғандай, оған ________________________
____________________________________199___жылғы _____________ "_____"
(iшкi iстер органының аты)
_________________________ ұлты бойынша __________________ ұлты туралы
(әкесiнiң, шешесiнiң)
жазбасы бар сериясы ___________ N __________ паспорт (куәлiк) берген.

     ______________________________ 199____ жылғы ___________ "_____"
     (Фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
паспортындағы (куәлiгiндегi) ұлты туралы жазбаны ____________________
                                                   (ұлтын көрсетедi)
ұлтынан _________________________ ұлтына өзгерту туралы өтiнiш жасады.
           (ұлтын көрсетедi)
     Өтiнiш растау үшiн арыз, арнайы көшiрiлгендердiң анықтамасын,
199___ жылғы ____________ "____" ____________________________________
                                          (кiм берген)
_____________________ сериясы ___________ N ______________ туу туралы
куәлiк, 19 ____ жылғы _____________ "____" __________________________
                                                   (кiм берген)
_______ берген сериясы ________ N _______ паспорт (куәлiк) тапсырады.

                              Қ А Л А Й М Ы Н :

     ________________________________________________________________
                      (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты)
__________________ ұлты туралы жазбасы бар паспорт (куәлiк) берiлсiн.
     _______________________________________________________ бастығы.
              (паспорт бөлiмшесi, атағы, фамилиясы)

     "____" ______________ 199___ ж.

                                                           N 3 қосымша

                      А Н Ы Қ Т А М А

     ________________________________________________________________
     (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, туған күнi мен жерi,
_____________________________________________________________________
тұратын мекенi)
___________________________________________________________ берiледi.
оның ________________________________________________________________
                           (кiм, қашан берген)
________________________ берген сериясы ____________ N ______________
паспортындағы ұлты туралы жазба _____________________________________
ұлтынан ______________________ ұлтына өзгертiлдi.
     Анықтама АХАТ органдарына тапсыру үшiн берiлдi.


                                       ______________________________

(ұлты туралы жазбаны өзгерткен ______________________________

         М.О.                          iшкi iстер органының)
                                       бастығы ______________________
                                       ______________________________
     
     
     
     
Оқығандар:
     
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.