СТАНДАРТТАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк стандарттау жүйесi Мемлекеттiк стандарттау мен техникалық шарттардың жобаларын Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiнiң еңбектi қорғау органдарымен келiсу тәртiбi ПР РК 60.1.01-95 (Орнына РД 50-III-86)

Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi 1995 жылғы 31 қазан. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 25 желтоқсан N 138. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

Күшін жойған

     Келiсiлдi
     Қазақстан Республикасының
     стандарттау жөнiндегi
     Мемлекеттiк комитетi орынбасары
     Төрағасының орынбасары
     26 қазан 1995 ж.

     Бекiтiлдi      
     Қазақстан Республикасы
     Еңбек министрiнiң
     31 қазан 1995 ж.  

Қазақстан Республикасы
Еңбек министрлiгiнiң
еңбектi қорғау    
Департаментi    

1. Қолдану саласы

     Стандарттау туралы осы ережелер өнiмдердiң оның iшiнде жұмысшылардың жеке қорғаныш құралдарының мемлекеттiк стандарттары мен техникалық шарттары жобаларын Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң еңбектi қорғау органдарымен келiсу тәртiбiн белгiлейдi.
     Ережелер Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, холдинг және акционерлiк концерндерi мен ассоциациялары, кәсiпорындары, ұйымдары және бiрлестiктерi және өздерiнiң ведомстволық бағыныштылығына және меншiк түрiне қарамастан басқа шаруашылық субъектiлерi үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң еңбек қорғау Департаментi, оның қалалық, облыстық бөлiмдерi үшiн мiндеттi.
     Ережелер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi мен қорғаныс өндiрiсi Комитетiнiң тапсырысы бойынша жасалған өнiмдер мен жеке қорғаныш құралдарының мемлекеттiк стандарттары мен техникалық шарттарының жобаларын келiсуге қолданылмайды.

2. Нормативтiк сiлтемелерi

     Осы ережелерде мынадай стандарттарға сiлтемелер пайдаланылды:
     СТ РК 1.2-95 "ГСС РК. Мемлекеттiк стандартты жасау тәртiбi"
     СТ РК 1.3-93 "ГСС РК. Техникалық шарттарды жасау, келiсу, бекiту және мемлекеттiк тiркеу тәртiбi".
     ПР РК 60.1.01-95
     ГОСТ 15.001-88 "СС ПП. Өндiрiстiк-техникалық мақсатта өнiмдер".
     ГОСТ 15.004-88 "СР ПП. Жеке сақтану құралдары".
     ГОСТ 15.013-86 "СР ПП. Медициналық бұйымдар".
     СТ РК 4.2-93 "СР ПП. Халық тұтынатын өндiрiстiк емес тауарлар".

3. Жалпы ережелер

     3.1. Еңбек қауiпсiздiгi талаптарын қамтитын өнiмдердiң мемлекеттiк стандарттары мен техникалық шараларының және жеке қорғаныш құралдарының мемлекеттiк стандарттары мен техникалық шарттарының жобаларының соңғы редакциялары СТ РК 1.2-93, СТ РК 1.3-93, ГОСТ 15.001-88, ГОСТ 15.004-88, ГОСТ 15.013-86, СТ РК 4.2-93 стандарттарында және осы әдiстемелiк нұсқауларда белгiленген тәртiптер бойынша еңбектi қорғау Департаментi, оның қалалық және облыстық бөлiмдерiмен келiсiлу керек.
     Еңбектi қорғау Департаментiнiң органдарымен келiсуге жатпайтындар:
     - азық-түлiк тауарлар мен тұрмыстық химия тауарларының мемлекеттiк стандарттары мен техникалық шараларының жобалары;
     - қауiпсiздiк шарттары қамтылмаған мемлекеттiк стандарттар мен техникалық шарттарға өзгерiстер жасау.
     3.2. Өнiмдердiң (3.3. тармағында көрсетiлгендерден басқа) мемлекеттiк стандарттарының жобалары жұмыскерлердiң және қорғаныш құралдарының мемлекеттiк стандарттары мен техникалық шарттарының жобаларын осы жобалардың бiрiншi редакцияларына А және Ә қосымшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының мамандандыру жөнiндегi институтының (ұйымының) пiкiрiнiң көшiрмесiн ұсына отырып, еңбектi қорғау Департаментiмен келiседi.
     3.3. Зиянды, өрт қауiптiлiгiн тудыратын және радиобелсендi заттардың, материалдың, шикiзаттардың, отындардың, жартылай фабрикаттардың мемлекеттiк стандарттары мен техникалық шарттарының жобалары тиiсiнше мыналармен келiсiледi:
     - мемлекеттiк стандарттар жобалары еңбектi қорғау Департаментiмен;
     - техникалық шарттардың жобалары осы өнiмдердiң негiзгi тұтынушылары (тапсырыс берушiлерi) - кәсiпорындарды қамтитын облыстық және Алматы қалалық еңбектi қорғау басқармасымен;
     3.4. Машина жасау саласының жаңа (жетiлдiрiлген) өнiмдерiнiң және ГОСТ 15.001-88 және ГОСТ 15.004-88, ГОСТ 15.013-86, СТ РК 4.2-93, бойынша қабылдау сынағына жататын басқа өнiмдерiнiң техникалық шарттарының жобаларын келiсу осы өнiмдердiң негiзгi тұтынушылары (тапсырыс берушiлерi) - кәсiпорындарда қамтитын облыстардың, Алматы қаласының мемлекеттiк еңбектi қорғау инспекторының өнiмдердi қабылдау актiсiне қол қою арқылы жүзеге асырылады.
     3.5. Егер өнiмдердi өндiрiске енгiзу жөнiндегi шешiм, қабылдау комиссиясынсыз қабылданса, техникалық шарттардың жобалары осы өнiмдердiң негiзгi тұтынушыларының (тапсырыс берушiлерiнiң) және А.Ә. қосымшаларына сәйкес тиiстi мамандандыру институттарының ұйымдарының пiкiрлерiн ұсына отырып, еңбектi қорғау Департаментiмен келiсiледi.
     3.6. Оқу орындарына арналған өнiмдердiң (станоктар, машиналар, жабдықтар, тренажорлар, оқу стендiлерi және т.б.) техникалық шарттарын мыналармен келiседi:
     - салаарлық қолданылатын өнiмдердiң - еңбектi қорғау Департаментiмен;
     - салалық қолданылатын өнiмдердiң - облыстық және Алматы қалалық еңбектi қорғау басқармаларымен.
     3.7. Тұрмыстық техника өнiмдерiнiң техникалық шарт жобаларын осы өнiмдердi жасаушылар - кәсiпорындарды қамтитын облыстық, Алматы қалалық еңбектi қорғау басқармаларымен келiседi.
     3.8. Бекiту деңгейiне қарай еңбек қауiпсiздiгiн қамтитын өнiмдердiң стандарттары мен техникалық шарттарын өзгерту,
мемлекеттiк стандарттар мен техникалық шарттар келiсiлген еңбектi
қорғау Департаментiмен және облыстық, Алматы қалалық еңбектi қорғау басқармаларымен келiсiледi.

                                                    А қосымшасы
                                                   (анықтамалық)

   Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу институттарын
          (ҒЗИ) және басқа ұйымдарын мамандандыру

___________________________________________________________________
рет | Стандарттардың, техникалық     | Институттардың (ұйымдардың)
саны| шарттарының жобалары           |           аттары
___________________________________________________________________
1  |               2                |              3
___________________________________________________________________
1.  Нормалардың, мүмкiн деңгейлердiң
   (концентрациялардың), қорғану
   тәсiлдерi мен бақылау әдiстерi:
   - жұмыс аймағы ауасының газдануы; Қазақстан Республикасының
                                     Ұлттық Ғылымдар Академиясының
                                     (ҰҒА) тау-кен iстерi Институты

   - шудың, дiрiлдiң,                Қазақтың еңбектi қорғау және
    ультрадыбыстың;                  экология жөнiндегi ғылыми
                                     зерттеу институты (ҚЕҚ және
                                     ЭҒЗИ)

   - жарықтандырудың және            Қазақстан Республикасының
   улльтракүлгiн радиациясының;      Денсаулық сақтау министр.
                                     лiгiнiң институттары

   - температураның, ылғалдың,       ҰҒА еңбек физиологиясы мен
   қысымның, ауа қозғалысы           гигиенасы институты
   жылдамдылығының;

   - жұмыс аймағы ауасының           ҰҒА тау-кен iстерi институты
   шаңдануының;                      ҚазЕҚ және ЭҒЗИ

   - жүйке-психикалық зорығудың;     Қазақстан Республикасы Ден.
                                     саулық сақтау министрлiгiнiң
                                     институттары

   - биологиялық қауiптi және        ҰҒА аймақтық тамақтану мәселе.
   зиянды өндiрiс факторларының;     лерiнiң ғылыми орталығы

   - ионды және радиобелсендi        Ұлттық ядролық орталықтың
   сәуле таратудың;                  атомдық энергия институты

   - инфракүлгiн радиацияның;        Қазақстан Республикасы Ден.
                                     саулық сақтау министрлiгiнiң
                                     институттары

   - электр тоғының;                 Қазақ энергетика ҒЗИ

   - электромагниттiк сәуле
   таратудың (өрiстердiң);                    - " -

   - электростатикалық зарядтардың;          - " -

   - электр өрiстерiнiң;                      - " -

2. Өндiрiс жабдықтарының:

   - радиациялық - қорғаныс;        Ұлттық ядролық орталықтың (ҰЯО)
                                    атомдық энергетика институты

   - ультрадыбыстың және лазерлiк;            - " -

   - қауiптi және зиянды өндiрiс     Қазақстан Республикасы Ден.
   факторларын бақылайтын;           саулық сақтау министрлiгiнiң
                                     институттары

   - металды салқындай өңдеу үшiн;   Қазақтың Ұлттық технологиялық
                                     университетi

   - құю;                            Қазақтың металлургия өндiрi.
                                     сiнiң қауiпсiздiгi жөнiндегi
                                     ҒЗИ (Өскемен қ.)

   - гидро және пневможетеклен       Қазақтың Ұлттық технологиялық
                                     университетi

   - пластмасты жасау және өңдеу     ҰҒА химия ғылымдары институты
     үшін;     

   - сұйықтар мен газдардың ауысуы   Өндiрiстiк экологияның Мемле.
   үшiн (насостар, желдеткiштер,     кеттiк ғылыми өндiрiстiк
   калолиферлар, кондиционерлер,     бiрлестiгi (Қазмеханөңдеу)
   ауаүрлегiштер және басқалар);

   - ауаны шаңнан тазарту үшiн
   (циклондар, сүзгiлер және                   - " -
   басқалары);

   - көтеру-көлiктiк;                ҰҒА тау-кен iсi институты,
                                     Қазақтың тау-кен өндiрiсiндегi
                                     қауiпсiздiк жөнiндегi ҒЗИ

   - тау-кен өндiрiстiк;

   - электрондық есептеу;            ҰҒА информатика институты

   - энергетикалық және электротех.  Қазақтың энергетика ҒЗИ
   никалық (генераторлар, двигатель.
   дер, трансформаторлар, электрмен
   дәнекерлеу аппараттары, электр
   құрал-саймандары, жарық-техникалық
   бұйымдар, стабилизаторлар, түрлен.
   дiргiштер және басқалары);

   - тоқыма және жеңiл өнеркәсiп     ҰҒА химия ғылымдары институты
   үшiн;                             "Легпром" ғылыми-зерттеу инже.
                                     нерлiк орталығы" Акционерлiк
                                     қоғамы (Легпром ҒЗИО)

   -тамақ өнеркәсiбi үшiн;           Жамбыл жеңiл және тамақ өнер.
                                     кәсiптерi технологиялық
                                     институты

   - құрылыс материалдары өнеркәсiбi Қазақтың жер сiлкiнiсiне берiк
   үшiн;                             құрылыс-жобалау және архитек.
                                     тура ҒЗИ (ҚазЖСБҚ және АҒЗИ)

   - жұмыс өндiрiсiнiң қауiпсiздiгiн              - " -
   қамтамасыз ету үшiн (сатылар,
   баспалдақтар, ағаштар, төсенiштер
   және басқалары);

   - жер жұмыстары үшiн;                           - " -

   - өрттiң алдын алу және сөндiру   ҰҒА химия ғылымдары институты
   үшiн;                             Қазақстан Республикасы IIМ
                                     өрттен қорғау Бас басқармасы.
                                     ның арнаулы ғылыми зерттеу
                                     лабораториясы

   3. Өндiрiстiк процестердiң:
   - металдардың салқын өңделуiнiң,  Қазақтың Ұлттық технологиялық
   ұста-қысымдық өңдеу;              университетi

   - металдарды соғу арқылы, штампы.             - " -
   лаумен, қысыммен өңдеудің;

   - құю арқылы;                    Қазақтың металлургия өндiрiсiн.
                                    дегi қауiпсiздiк жөнiндегi ҒЗИ
                                    (Өскемен қаласы)

   - металдарды жылу арқылы өңдеу;   Қазақтың Ұлттық технологиялық
                                     университетi

   - бояу және коррозияға қарсы      ҰҒА органикалық катализ және
   жабудың;                          электрохимия институты

   - жүк тиеу-түсiру және көлiктiң;  ҰҒА тау-кен iсi институты

   - электрмен дәнекерлеудiң;        Қазақтың энергетика ҒЗИ

   - электр өлшеу жұмыстарының;              - " -

   - пластмасты жасау және өңдеудiң; ҰҒА химия ғылымдарының
                                     институты

   - ағаш өңдеудiң;                  ҚазЖСБҚ және АҒЗИ

   - құрылыс саласындағы;                    - " -

   4. Құралдардың:
   а) жұмыскерлердiң және қорғануының:

   - қолдарды қорғау үшiн;           Қазақ ЕҚ және ЭҒЗИ

   - беттi қорғау үшiн;                      - " -

   - есту органын қорғау үшiн;       Қазақ ЕҚ және ЭҒЗИ, ҚР Ден.
                                     саулық сақтау министрлiгiнiң
                                     институттары

   - көздi қорғау үшiн;                        - " -

   - терiден, терi алмастыру және    "Легпром" ҒЗИО
   полимер материалдарынан жасалған
   арнаулы аяқ киiм;

   - демалу органдарын қорғау үшiн;  Қазақ ЕҚ және ЭҒЗИ, ҚР Ден.
                                     саулық сақтау министрлiгiнiң
                                     институттары

   - электр тоғынан зақымданудан     Қазақ энергетика ҒЗИ
   қорғау үшiн;

   - статикалық электрден қорғану           - " -
   үшiн;

   - электормагниттiк сәуледен              - " -
   (өрiстен) қорғану үшiн;

   - басты қорғау және биiктен құла. Қазақ ЖСБҚ және АҒЗИ
   ғанда қорғану үшiн (сақтандыру
   және құтқару бедiктерi,
   тiзекалтар);

   - арнаулы киiмдердi;              ҰҒА еңбек физиологиясы мен
                                     гигиенасы, ҰҒА химия ғылым.
                                     дары институттары

   - арнаулы киiмдер дайындау үшiн   "Легпром" ҒЗИО, Денсаулық
   маталар мен материалдар;          сақтау министрлiгiнiң
                                     институттары

   б) жеке және ұжымдық қорғаныс
   үшiн:

   - конвекциялық және сәулелi      ҰҒА атомдық энергетика инсти.
   жылудың жоғарғы дәрежелерiнен     туты, Қазақтың металлургия
   ұшқыннан және балқытылған         өндiрiсiндегi қауiпсiздiк
   металдардың шашырауынан.          жөнiндегi ҒЗИ (Өскемен қаласы)

                                                    Ә қосымшасы

       Қазақстан Республикасының А қосымшасына енгiзiлген
ғылыми-зерттеу институттары (ҒЗИ) мен ұйымдарының мекендерi

____________________________________________________________________
рет|        Институттың (ұйымның) аты       |      Мекен
саны|                                        |
____________________________________________________________________
 1 |                     2                  |         3
____________________________________________________________________
 1. Ұлттық Ғылымдар Академиясының (ҰҒА) тау- 480046, Алматы қ.
    кен iстерi институты                     Абай даңғылы, 191
 2. ҰҒА еңбектiң физиологиясы мен гигиенасы  470061, Қарағанды қ.
    институты                                Ленин көшесi, 71
 3. ҰҒА аймақтық тамақтану мәселелерiнiң     480003, Алматы қ.
    ғылыми орталығы                          Клочков көшесi, 67
 4. ҰҒА химия ғылымдарының институты         480010, Алматы қ.
                                           Ш.Уәлиханов көшесi, 106
 5. ҰҒА информатика институты                480021, Алматы қ.
                                             Пушкин көшесi, 125
 6. ҰҒА органикалық катализ және электро.    480100, Алматы қ.
    химия институты                          Қонаев көшесi, 142
 7. Ұлттық ядролық орталықтың (ҰЯО)          480082, Алматы қ.
    атомдық энергия институты                Алатау п.
 8. Қазақтың Энергетика ҒЗИ                  480012, Алматы қ.
                                           А.Байтұрсынов көшесi, 85
 9. Қазақстан Ұлттық технологиялық           480013, Алматы қ.
    университетi                             Сәтпаев көшесi, 22
10. Қазақтың металлургия өндiрiсiндегi      492014, Өскемен қ.
    қауiпсiздiк жөнiндегi ҒЗИ                Промышленная көшесi, 1
11. Өндiрiстiк экологияның Мемлекеттiк ғылы. 480080, Алматы қ.
    ми-өндiрiстiк бiрлестiгi (Қазмеханөңдеу) Жандосов көшесi, 67
12. Қазақтың тау-кен өндiрiсiндегi           470061, Қарағанды қ.
    қауiпсiздiк жөнiндегi ҒЗИ                Алалыкин көшесi, 12
13. "Легпром" Ғылыми-техникалық инженерлiк   480004, Алматы қ.
    орталығы ("Легпром" ҒЗИО) Акционерлiк    Фурманов көшесi, 50
    қоғамы
14. Жамбыл жеңiл және тамақ өнеркәсiптерi    480012, Алматы қ.
    технологиялық институтының Алматы        Төле би көшесi, 100
    филиалы (ЖЖТӨТИАФ)
15. Қазақтың жер сiлкiнiсiне берiк құрылысты 480033, Алматы қ.
    жобалау және архитектура ҒЗИ (ҚазЖСБҚ    Гагарин даңғылы, 135
    және АҒЗИ)
16. Қазақстан Республикасы IIМ өрттен қорғау 480060, Алматы қ.
    Бас басқармасының арнаулы ғылыми-зерттеу Гагарин даңғылы, 155
    лабораториясы
17. Қазақтың еңбектi қорғау және экология   483144, Алматы облысы
    ҒЗИ (ҚазЕҚ және ЭҒЗИ)                   Қаскелең ауданы
                                             Мамыр селосы
18. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Мамандандыруда
    министрлiгiнiң институттары             көрсетiлген мәселелер
                                          жөнiнде Денсаулық сақтау
                                            министрлiгiне жолығу
                                            керек.
                                            480003, Алматы қ.
                                            Абылайхан даңғылы, 63