Бажсыз сауда дүкендері туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитеті бұйрығымен бекітілген 1995 жылғы 16 қазан N 144-П Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 14 желтоқсан N 137 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 жылғы 27 желтоқсан N 634-Б бұйрығымен. ~V991053

Күшін жойған

                          1. Жалпы ережелер
      1.1. Бажсыз сауда дүкені - кеден режимі, бұл режим жағдайында тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағында кеден бақылауында кеден бажын, қосымша құн салығын, акциздерді және төленуі кеден органдарына жүктелген өзге де салықтарды төлетусіз және тауарларға экономикалық саясат (квоталау, лицензиялау және т.б.) шараларды қолданусыз сатылады.
      1.2. Бажсыз сауда дүкеніне кеден режимімен орналастырылған тауарлар тікелей арнаулы дүкендерде (бажсыз сауда дүкендері) сатылады.
      1.3. Бажсыз сауда дүкендері халықаралық жолаушылар қатынасы үшін ашылған аэропорттарда, порттарда, жеке тұлғалар шекарадан өтуге арналған Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу орындарында құрылады.
      1.4. Бажсыз сауда дүкендерін қазақстандық тұлғалар Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитетінің бажсыз сауда дүкенін құруға лицензиясы болған жағдайда құра алады.
      1.5. Бажсыз сауда дүкенінің (сауда залдарының, қосалқы жайлардың және қойманың) аумағы кеден бақылау аймағы болып табылады.
      1.6. Бажсыз сауда дүкенінде сатып алынған тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге әкетілуге тиіс.
      1.7. Бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимін пайдалану шарттарының кеден төлемдерін төлеумен қоса бұлжытпай орындалуына бажсыз сауда дүкенінің иесі жауап береді.
 
                       2. Бажсыз сауда дүкенін құруға
                             лицензия беру тәртібі
 
      2.1. Бажсыз сауда дүкенін құру лицензиясы иелігінде осы ереженің талаптарына сай келетін және бір өткізу орынында немесе бір өткізу орны мен соған шектес бір кеденнің жұмыс істейтін аумағында немесе бір кеден бекетінің, егер бекеттің өзінің жұмыс істейтін аймағы бар болса, жұмыс істейтін аймағында орналасқан жайлары бар адамға беріледі.
      2.2. Лицензия алу үшін жайлардың иесі Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитеті өтініш береді және лицензия бергені үшін жиын төлейді.
      2.3. Лицензия беру туралы өтініште:
      - өтініш берушінің толық және қысқартылған атауы, ОКПО коды;
      - өтініш берушінің заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің тіркелетін нөмірі;
      - банкілердегі валюталық шоттардың және ұлттық валютадағы шоттарын, осы банкілердің атаулары, мекен-жайлары және ОКПО кодтары;
      - сауда залдары, қосалқы жайлар және қойма ретінде пайдалануға арналған жайлардың тұрған орны; әрбір жайдың көлемі;
      - жайларды материалдық-техникалық жабдықтау көрсеткіштері;
      - жайларды күзетпен қамтамасыз ету, арнаулы сигнализация жабдықтарының және өрттен қорғау жабдықтары бар екендігі туралы мәліметтер;
      - бажсыз сауда дүкенінде сатылады деп ұйғарылып отырған тауарлар түрінің тізбегі;
      - лицензия беру туралы шешім қабылдау үшін пайдаланыла алатын өзге хабар көрсетіледі.
      2.4. Өтінішке төмендегі құжаттар қоса тіркеледі:
      - жайлардың иесінің құрылтайшы және тіркеуші құжаттарының көшірмелері (жарғы, құрылтайшы шарт, мемлекеттік тіркелу туралы куәлік және т.б.);
      - тауарларды сақтауға және сатуға арналған жайлардың (сауда залдарының, қосалқы жайлар мен қойманың) бажсыз сауда дүкенінің кеден режиміне сәйкес жоспарлары мен сызбалары;
      - жайларды иелену құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
      - сауданы жүргізуге берілетін тіркелетін немесе рұқсат беретін құжаттардың (лицензиялардың) көшірмелері, егер осындай тіркеу немесе лицензия беру Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген болса;
      - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің азаматтардың тауарларды шетел валютасына сатуға беретін рұқсатының көшірмесі, егер осындай рұқсат Қазақстан Республикасының валюта туралы заңдарына сәйкес талап етілетін болса;
      - сауда заңдары ретінде пайдалануға арналған жайлардың тұрған жерінде сауда жасауға рұқсат беретін атқарушы үкімет органы құжатының көшірмесі, егер Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес осындай рұқсат талап етілетін болса;
      - көлік мекемесінің Шекара әскерімен келісімі бойынша берген, бажсыз сауда дүкенін құру Қазақстан Республикасының шекарасынан өткізудің дәл осы жерінде белгіленген режимге қайшы келмейді деп дәлелденген құжаты;
      - лицензия бергені үшін жиын төленгенін растайтын төлем құжаты;
      - кеден режиміндегі бажсыз сауда дүкеніне орналастырылған тауарлармен жүк, сауда және кез келген басқа операцияларды жүргізуге құқы бар қызметкерлер тізімі;
      - жұмыс аумағында бажсыз сауда дүкенін құру ұйғарылып отырған кеденнің қатынас қағазы.
      Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін өтініш берушінің басшысы және бас бухгалтері куәландырады.
      2.5. Кеден комитеті өзінің қатынас қағазында өтініш берушінің берген мәліметтерін растап, бажсыз дүкен құруға лицензия берудің мүмкіндігі және ақылға қонымдылығы туралы қорытынды пікір жазып береді.
      Кеден комитеті осындай қатынас қағазды жайлардың иесінің жазбаша өтініші бойынша береді. Жазбаша өтініш алынған күннен бастап 30 күн ішінде қаралуға тиіс. Кеден органының онда жазылған қорытынды пікірге қарамастан, қатынас қағаз беруден бас тартуға қақысы бар.
      2.6. Лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитеті барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды көрсеткен жағдайда оны алған күннен бастап 30 күн ішінде қарайды.
      Кеден комитеті көрсетілген мерзімде жайлардың иесі мәлімдеген мәліметтердің осы Ереже талаптарына сәйкестігін тексереді.
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитеті әкелген мәліметтерді растайтын қосымша құжаттарды мемлекеттік органдардан, банкілерден, өзге ұйымдардан сұрататын болса, өтінішті қарау мерзімі осындай құжаттардың түскен күнінен бастап есептеледі.
      Өтінішті қараудың жалпы мерзімі екі айдан аспау керек.
      2.7. Бажсыз сауда дүкенін құруға лицензияны Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитеті береді. Лицензияның үлгісі N 1 қосымшада келтірілген.
      Лицензия екі дана етіп ресімделеді, біреуі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитетінде қалады, ал екіншісі бажсыз сауда дүкенінің иесіне беріледі. Кеден комитеті лицензияның көшірмесін жұмыс істеу аймағында бажсыз сауда дүкені құрылған кеденге жолдайды.
      2.8. Мәлімделген мәліметтер толық емес немесе күмәнді болса, егер өтініш беруші және оның бажсыз сауда дүкенінің кеден режиміне сәйкес тауарларды сақтауға және сатуға арналған жайлары осы Ереженің талаптарына сай келмесе, егер бажсыз сауда дүкенін құру Қазақстан Республикасының экономикалық саясатына сәйкес келмесе, сондай-ақ бас тартуға негіз бар өзге жағдайларда лицензия берілмейді.
      2.9. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда оны беру туралы қайталанған өтініш бас тартуға негіз болған себептері жойылған жағдайда бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап алты ай өткенде қаралады.
      2.10. Лицензия беруден бас тарту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" заң күші бар Жарлығының XV тарауына сәйкес шағым арыз беруге болады.
      2.11. Лицензияның қолданылу мерзімі - 3 жыл.
      2.12. Лицензия берілгені үшін мөлшері 20 мың ЭКЮ барабар Қазақстан Республикасы валютасымен жиын алынады.
 
                   3. Лицензияның күшін жою, қолданылуын
                          тоқтату және қайтарып алу
 
      3.1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитеті бажсыз сауда дүкенін құруға берілген лицензияның күшін жоя алады немесе қайтарып ала алады, болмаса оның қолданылуын тоқтата алады.
      Жұмыс істеу аймағында бажсыз сауда дүкені құрылған кеден органы және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитеті кеден ережелерін бұзғаны үшін жазалау шаралары ретінде лицензияны қайтарып ала алады.
      3.2. Егер лицензия өтініш берушіге белгіленген тәртіп негізінде берілмейтіндей болған болса, немесе ол оны беру туралы шешім қабылдауға елеулі маңызы болған толық емес және күмәнді мәліметтер негізінде берілген болса, оның күші жойылады. Күшін жою туралы шешім лицензия берілген мерзімнен бастап күшіне енеді.
      3.3. Бажсыз сауда дүкенінің иесі өзінің құқықтарын теріс пайдаланады деуге жеткілікті негіз бар жағдайда лицензияның күші үш ай мерзімге дейін тоқтатыла алады.
      Лицензия күшін тоқтатқан жағдайда бажсыз сауда дүкенінде тауарлар сатуға жол берілмейді. Бажсыз сауда дүкенінің кеден режиміне тауарлар орналастыру және сол тауарлардың бажсыз сауда дүкеніне түсуі осы Ережеде көзделген тәртіпте жүргізіледі. Бұл орайда барлық тауарлар, оның ішінде бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде орналастырылған, бірақ сатылмаған және сауда залдарында және қосалқы жайларда жатқан тауарлар бажсыз сауда дүкендерінің қоймасында орналастырылуға және сақталуға тиіс.
      3.4. Егер бажсыз сауда дүкенінің иесі осы Ереженің талаптарын орындамаса, немесе мұндай лицензия Қазақстан Республикасының экономикалық саясатына сәйкес келмесе, лицензия қайтарып алынады.
      Лицензияны кеден ережелерін бұзғаны үшін жазалау шаралары ретінде де қайтарып ала алады.
      Қайтарып алу туралы шешім қабылдаған мерзімнен бастап күшіне енсе, ал кеден ережелерін бұзғаны үшін жазалау шаралары ретінде лицензияны қайтарып алған жағдайда - іс туралы қаулы орындалатын мерзімнен бастап күшіне енеді.
      3.5. Лицензия толық емес немесе күмәнді мәліметтердің негізінде берілген жағдайда оның күшін жою, бажсыз сауда дүкенінің иесі осы Ереженің талаптарын орындамаған жағдайда лицензияны қайтарып алу, сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтату жұмыс істеу аймағында бажсыз сауда дүкені орналасқан кеденнің дәлелді ұсынысы бойынша жүргізіледі. Шешім қабылдау үшін жеткілікті негіз бар жағдайда мұндай ұсыныстың қажеті болмайды.
      3.6. Лицензияның күшін жою, оның қолданылуын тоқтату немесе оны қайтарып алу Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитеті Төрағасы орынбасарының өкімі осындай шешімнің себебі міндетті түрде көрсетіле отырып рәсімделеді.
      Лицензияны қайтарып алған жағдайда кеден ережелерін бұзғаны үшін жазалау шаралары ретіндегі ондай шешім кеден ережелерін бұзғаны туралы іс бойынша жазалау шараларын тағайындау туралы қаулы түрінде рәсімделеді.
      3.7. Лицензияның күші жойылған немесе қайтарып алынған жағдайда оны бергені үшін алынған жиын қайтарылмайды.
      3.8. Лицензияның күші жойылған немесе қайтарып алынған жағдайда бажсыз сауда дүкенінің иесі оны шешім қабылданған күннен бастап он бес күннен кешіктірмей жұмыс істеу аймағында бажсыз сауда дүкені құрылған кеден органына беруге тиіс. Лицензия қайтарылып алынған жағдайда кеден ережелерін бұзғаны үшін жазалау шаралары ретінде көрсетілген мерзім сол туралы қаулыны тапсырған немесе жіберген күннен бастап есептеледі, ал енді осы қаулы туралы шағым арыз түсірген немесе оған наразылық білдірген

 

жағдайда - шағым арыз немесе наразылық туралы өтінішті қанағаттандырусыз

қалдыру туралы шешім қабылданған күннен бастап.

     3.9. Лицензия беру туралы қайталанған өтініш лицензияның күшін жою

немесе лицензияны қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап екі

жыл өткенде осындай шешімге негіз болатын себептер жойылған жағдайда

қаралатын болады.


                4. Бажсыз сауда дүкенінің тұрған орнына,

                   үй-жайларының орналасуына, техникалық

                     жабдықталуына қойылатын талаптар


     4.1. Дүкен иесіне бажсыз сауда дүкенінің:

     а) сауда залына (сауда залдарына);

     ә) қосалқы жайларына;

     б) қоймасына арналған бөлек жайлары болу керек.


 
       4.2. Бажсыз сауда дүкенінің сауда залдарының, қосалқы жайларының және қоймасының орналасуы (жабдықталуы) бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде орналастырылған тауарларын кеден бақылауынан басқаның алу мүмкіндігін болдырмауға, осы үй-жайларда тұрған мұндай тауарлардың сақталуын және оларға бөгде адамдардың қолы жеткізгісіз болуын қамтамасыз етуге тиіс.
      Дүкен қоймасының жабдықталуы тауарлардың кеден бақылауынан тыс түсуін болдырмауға тиіс.
      4.3. Бажсыз сауда дүкенінің сауда залдары кеден бақылауы сызығының арғы жағында (жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткенде алып өтетін тауарларды кедендік рәсімдеу үшін белгіленген орындардан тыс жерлерде) тұруға тиіс.
      4.4. Бажсыз сауда дүкенінің сауда залдары Қазақстан Республикасы аумағына кіретін жеке тұлғалардың осы залдарға ену мүмкіндігін болдырмайтындай болып орналасуға тиіс.
      4.5. Дүкеннің үй-жайлары Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген техникалық, санитарлық, өрттен қорғау және басқа талаптарға сай болуға тиіс.
      Дүкеннің сауда залдары, қосалқы жайлары және қоймасы сақтаудың қажетті өрттен қорғау және механикалық жабдықтарымен, сондай-ақ тиісті сигнализациямен жарақтандырылуға тиіс.
      4.6. Жұмыс істеу аймағында бажсыз сауда дүкенінің жабдықталуына, жарақтарына және үй-жайларының орналасқан орнына қойылатын нақты талаптарды белгілеуге құқылы.
      4.7. Қажет болған жағдайда кеден органының талабы бойынша дүкен иесі кеден органының лауазымды тұлғаларына осы органның талаптарына сай келетін бажсыз сауда дүкендерінің үй-жайларын, қоймадағы жарақтары мен байланыс құралдарын кеден бақылауын және кеден рәсімдеуін жүзеге асыру үшін ақысыз беріп тұруға тиіс.
 
                 5. Бажсыз сауда дүкеніне тауарлардың түсуі
                    және тауарларды бажсыз сауда дүкенінің
                    кеден режимінде орналастыру
 
      5.1. Бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде орналастырылған тауарларын кедендік рәсімдеу орны осындай тауарларды сатуға көзделген тек қана дүкен қоймасы бола алады.
      Тауарлардың келетін немесе әкелінетін орны уақытша сақтау қоймасы болған жағдайда, ондай тауарлар тауарларды кедендік бақылаумен әкелінетін ережелерге сәйкес бажсыз сауда дүкенінің қоймасына ауыстырылуға тиіс.
      5.2. Тауарлар бажсыз сауда дүкенінің қоймасына кеден органының өкілетті лауазымды тұлғаларының қатысуымен немесе рұқсатымен орналастырылады.
      5.3. Бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде - төмендегі тауарларды орналастыруға жол берілмейді:
      а) Қазақстан Республикасына әкелінуге және Қазақстан Республикасынан әкетілуге тыйым салынған тауарларды;
      ә) Қазақстан Республикасы аумағында сатуға тыйым салынған тауарларды;
      б) басқа мемлекеттік органдар, егер осы органдардың рұқсаты болмаған жағдайда, бақылауға тиісті тауарларды;
      в) жеке тұлғалардың жеке пайдалануына немесе тұтынуына арналмағаны беп-белгілі өндірістік-техникалық салаға арналған және өзге тауарларды;
      г) салмағы ауыр (салмағы 20 кг. астам) және көлемді тауарларды (ұзындығы, ені және биіктігінің жиынтық көлемі 200 см. аса);
      д) мыналардан басқа, әкетілетін кеден бажы салынатын, стратегиялық маңызды шикізат болып табылатын немесе лицензиялауға жататын тауарларды:
      - қалайыдан, мырыштан, мыстан, қорғасыннан, алюминийден, никелден, олардың негізіндегі қорытпадан, жоғары дәрежеде өңделіп жасалған дайын бұйымдардан басқа;
      - бөлшек сауда үшін буып-түйілген жайлар және жағар майлардан басқа;
      - таблеткадағы немесе осындай басқа формадағы немесе нетто салмағы 1 кг. аспайтын ораудағы тыңайтқыштардан басқа;
      - бөлшек сауда үшін буып-түйілген және тікелей қолдануға дайын балықтан және шаян тәрізділерден, моллюскалардан және басқа суда жүретін омыртқасыздардан (уылдырықтарды қосқанда) жасалған бұйымдардан басқа;
      - нетто салмағы 1 кг. аспайтын бөлшек саудаға арналған буып-түйілген қанттан басқа;
      - бөлшек саудаға арналған құтылардағы фармацевтік азық-түліктерден басқа (бұған провитаминдер, витаминдер, гормондар және антибиотиктер кіреді), егер осы азық-түліктер дәрігердің рецепінсіз (рұқсатынсыз) сатылатын болса;
      - қымбатты металдардан және табиғи қымбат тастардан, інжуден, янтарьдан жасалған зергерлік және басқа тұрмыстық бұйымдардан басқа.
      Әкелінетін баждар салынатын, стратегиялық маңызы бар шикізат тауарлары болып табылатын немесе лицензиялауға тиісті тауарлардың тізбесі өзгертілген немесе толықтырылған жағдайда, тізімге енгізілмейтін тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитетінің арнаулы нормативті актілері өзгерте және толықтыра алады.
      5.4. Тауарларды бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде орналастырылған жағдайда тауарлар N 2-Қосымша белгілеген тәртіпке сәйкес толтырылған кедендік жүк декларациясын кеден органына беру жолымен декларациялануға тиісті.
      5.5. Бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде тауарларды, оның ішінде Қазақстанның тауарларын орналастырған жағдайда, кеден рәсімдері үшін Қазақстан Республикасының валютасымен кеден бағасының 0,2 проценті мөлшерінде жиын алынады.
      5.6. Кедендік жүк декларациясымен бірге бір мезгілде төмендегідей құжаттар көрсетіледі:
      - әкелінген тауарларға жүк және тауарлармен бірге жүретін құжаттар (жүк хаттары, коносаменттер, нақтыламалар, есеп-фактуралар және т.б.);
      - кеден рәсімін және кеден бақылауын жүзеге асыруға қажетті өзге де құжаттар.
      5.7. Бажсыз сауда дүкеніне кеден режимінде шеттен әкелінген өсімдіктен және малдан алынған өнімдерді орналастырған жағдайда тиісті мемлекеттік органдар фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау жүргізеді, егер ондай бақылау тауарларды Қазақстан Республикасы аумағына әкелінгенде жүргізілмесе.
      Бажсыз сауда дүкеніне кеден режимінде сертификациялауға тиісті тауарлар орналастырылғанда, оларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелгенде тиісті сертификатты көрсету талап етіледі.
      5.8. Бажсыз сауда дүкенінің сауда залдарын, қосалқы жайларын және қоймасын бажсыз сауда дүкенінің кеден режиміне мәлімделмеген тауарларды сақтау және сату үшін пайдалануға жол берілмейді.
      5.9. Бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде Қазақстан тауарларын орналастырған жағдайда осы тауарларға қатысты кеден баждары мен салықтарының төленген сомалары қайтарылмайды.
 
                  6. Бажсыз сауда дүкенінде тауарларды сату
 
      6.1. Бажсыз сауда дүкендері бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде орналастырылған тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге кетіп бара жатқан жеке тұлғаларға ғана бөлшек саудаға сатады.
      6.2. Тауарларды бажсыз сауда дүкенінде тауарларды көтерме саудаға, оның ішінде ұсақ көтерме саудаға (шамалап алғанда - бөлшек сауда, комплекттер үшін 10 бірліктен аса буып-түймелер) жол берілмейді.
      6.3. Осы Ереженің 5.3. тармағының "Д" тармақшасында көрсетілген тауарларды сату тек қана бір данадан (комплекттен) жүзеге асырылады.
      6.4. Бажсыз сауда дүкенінде тауарларды үлгілер бойынша, алдын ала тапсырыстар бойынша үйге жеткізіп беріп, бөліп-бөліп төлеп сатуға, сондай-ақ (сатар алдындағы дайындықтан, буып-түюден, демонстрациядан, қайта буып-түюден және сол секілді операциялардан басқа) қосымша қызмет көрсетуге жол берілмейді.
      6.5. Тауарларды бажсыз сауда дүкенінің қосалқы жайларынан және қоймасынан сатуға жол берілмейді.
      6.6. Қазақстан Республикасы аумағында сатылуы шектелген тауарлар Қазақстан Республикасы заңдары белгілеген талаптарды бұлжытпай орындаған жағдайда бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде сатыла алады.
      6.7. Дүкен иесі санитарлық ережелерді, қоймалау нормаларын, тауарлық көршілік және сақтау режимі ережелерін, мемлекеттік стандарттың міндетті талаптарын бұлжытпай орындауға, Қазақстан Республикасының сауда саласындағы қатынастарды реттейтін нормативті актілері белгілеген өзге де талаптар мен шарттарды орындауға міндетті.
      6.8. Бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде орналастырылған тауарларымен олардың сақталуын қамтамасыз етуге қажетті операцияларды сондай-ақ тауарларды сатуға (орауын ашу, тарадан босату және т.б.) дайындау жөніндегі операциялар жүргізіле алады.
      Тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі операциялар бажсыз сауда дүкенінің қоймасында жүргізіледі, ал тауарларды сатуға дайындау жөніндегі операциялар бажсыз сауда дүкенінің қосалқы үй-жайларында жүргізіледі.
      Көрсетілген операциялар кеден бақылауымен жүргізіледі.
      6.9. Бажсыз сауда дүкенінде сатылатын тауарлардың кеден органымен келісілген арнаулы танымалдық белгісі болуға тиіс және алдын-ала бөлшек сауда үшін ораулы болу керек.
      6.10. Бажсыз сауда дүкенінде тауарлар сатып алынғаны туралы ондай дүкеннің қызметкерлері Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге кетіп бара жатқан жеке тұлғалардың жол құжаттарына белгі соғады.
      Белгінің үлгісін кеден органымен келісе отырып бажсыз сауда дүкенінің иесі белгілейді.
      Кеден органы бажсыз сауда дүкенінен сатып алынған тауарлардың әкетілуінің растығына бақылау жасайды.
      6.11. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге кетіп бара жатқан жеке тұлғаның бажсыз сауда дүкенінен сатып алған тауарларын ауыстыру және айырбастау Қазақстан Республикасы заңдары бекіткен тәртіпте жүзеге асырылады. Осы орайда, егер жаңа тауар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетілмесе, ондай тауарға әкелінгені үшін кеден бажы және салықтары салынады, оларды өндіртіп алу кеден органдарына (Қазақстан тауарларын алып тастағанда) жүктелген.
      6.12. Бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде орналастырылған тауарларды сатқан немесе басқаша түрде иесінен айырған жағдайда, сондай-ақ тауарлар жоғалған немесе жетіспеген жағдайда, бажсыз сауда дүкенінің иесі осындай тауарларды сатып алуға немесе көрсетілген тауарларды олардың кеден режиміне сәйкес емес пайдалануға құқысы жоқ тұлғаларға бажсыз сауда дүкенінің иесі тиісінше еркін айналымға немесе экспортқа шығарудың кеден режимдері жағдайында төленуге тиісті кеден төлемдерін төлеуге тиісті, бұған апаттың немесе жойқын күштің нәтижесінде тауарлардың жойылуы, қайтарымсыз жоғалуы кірмейді, немесе кемістік табиғи тозудың немесе тасымалдаудың және сақтаудың қалыпты жағдайларында азайғаннан болған.
 
                         7. Санақ және есеп
 
      7.1. Бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде орналастырылған тауарларды дүкен иесі және кеден органы санаққа алуға тиіс.
      7.2. Бажсыз сауда дүкенінің иесі бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде орналастырылған (бажсыз сауда дүкенінің қоймасына түскен) тауарларға N 3 Қосымшада келтірілген үлгідегі санақ кітабын жүргізу жолымен санақ жүргізеді.
      Санақ кітабы календарлық жылдар бойынша жүргізіледі. Кітаптар алдын ала тігілуге, нөмірленуге, брошюралануға және кеден органы бастығының немесе жұмыс істеу аймағында бажсыз сауда дүкені құрылған кеден бастығы орынбасарының қолы қойылуға және кеден органының мөрі басылуға тиіс.
      Соңғы жазба енгізілген соң санақ кітабы кеденге тексеруге беріледі. Тексеріліп біткен соң санақ кітабы бажсыз сауда дүкенінің иесіне қайтарылады және ол оны кем дегенде үш жыл сақтайды. Санақ кітабы тексерілгеннен кейін қосымша жазбалар немесе түзетулер енгізуге жол берілмейді.
      Кеденнің келісімімен санақ кітабының түрінің N 3-Қосымшада келтірілген үлгіден ауытқуына осындай түрінде осы үлгіде көрсетілген барлық мәліметтер болатын жағдайда жол беріледі.
      Санақ кітабы бажсыз сауда дүкенінің қоймасында санақтың басқа, оның ішінде автоматтандырылған жүйелерінің пайдалануына қарамастан жүргізіледі.
      Тауарларды санақ кітабы кеден органының лауазымды адамдарына олардың алғашқы талабы бойынша көрсетіледі.
      7.3. Осы Ереженің 7.2. тармағына сәйкес тауар санағынан басқа бажсыз сауда дүкенінің иесі кеденмен келісілген түрде және тәртіпте сатылатын тауарларға санақ жүргізеді.
      7.4. Кеден органы жүк кеден декларацияларын және санақтың автоматтандырылған жүйелерін пайдалана отырып тауарларға санақ жүргізеді.
      7.5. Бажсыз сауда дүкенінің иесі кем дегенде үш айда бір рет кеден органына N 4-Қосымшада келтірілген үлгіде бажсыз сауда дүкеніне түскен және сатылған тауарлар туралы кезекті есеп беріп отыруға міндетті.
      Жеткілікті негіздер бар жағдайда кеден органының кезектен тыс есеп бергізуге міндеттеуге қақысы бар. Ондай есеп көрсетілген формада кеден органы бастығының немесе оның орынбасарының осы туралы жазбаша талабы алынғаннан бастап жеті күн ішінде берілуге тиіс.
      7.6. Кеден органының бажсыз сауда дүкенінің сауда залдарында, қосалқы бөлмелерінде және қоймасында жатқан тауарларға инвентаризация жүргізуге қақысы бар.
 
                 8. Бажсыз сауда дүкенінің иесі мен кеден
               органдарының арасындағы өзара қарым-қатынастар
 
      8.1. Жұмыс істеу аймағында бажсыз сауда дүкені құрылған кеден органы бажсыз сауда дүкені иесінің пікірлерін ескере отырып және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитетімен келісе отырып, бажсыз сауда дүкенін пайдалану рәсімін бекітеді.
      8.2. Рәсімде:
      - кеден органының бажсыз сауда дүкенінің сауда залдарының, қосалқы

 

бөлмелерінің және қоймасының, оның ішінде қажет болған жағдайда кеден

органы лауазымды тұлғалары үшін бөлме-жайлардың жабдықталуына қоятын

талаптары;

     - дүкен жұмысының режимі;

     - бажсыз сауда дүкенінде сатылатын тауарларға танымалдық белгі

салудың әдісі мен үлгісі;

     - бажсыз сауда дүкенінде тауарлар сатып алу туралы белгінің үлгісі;

     - тауарлардан санақтан өткізу үлгілері;

     - кеден төлемдерін қосқанда тауарларды ауыстыру және айырбастау

тәртібі;

     - бажсыз сауда дүкеніне түскен және сонда сатылған тауарлар туралы

есеп беру мерзімдері;

     - бажсыз сауда дүкенінің қызмет істеуіне байланысты өзге де талаптар

мен шарттар алдын ала келісіледі.

     8.3. Көрсетілген рәсім осы Ережеге және Қазақстан Республикасы

заңдарына қайшы келе алмайды.


                   9. Бажсыз сауда дүкенінің жойылуы



 
       9.1. Бажсыз сауда дүкені, егер дүкен иесі мерзім аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитетіне осы Ереженің 2-тармағына сәйкес жаңа лицензия беру туралы өтінішпен келмесе, оны құру туралы лицензияның күші жойылған немесе қайтарып алынған жағдайда, дүкен иесінің қалауы бойынша және лицензия мерзімі аяқталуына байланысты жойылады.
      9.2. Бажсыз сауда дүкенін лицензия мерзімі аяқталуына байланысты немесе оның иесінің қалауы бойынша жою туралы шешім Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитеті Төрағасы орынбасарының өкімі түрінде қабылданады.
      Лицензияның күшін жоюға немесе лицензияны қайтарып алуға байланысты дүкенді жойған жағдайда бажсыз сауда дүкенін жою туралы қосымша өкім шығарылмайды.
      9.3. Бажсыз сауда дүкенін жою туралы шешім қабылданған мерзімнен бастап залдары мен қосалқы жайларда жатқан тауарлар дереу қоймасына ауыстырылуға тиіс. Бұл орайда бажсыз сауда дүкеннің қоймасы уақытша сақтау қоймасы бола тұрады, ал бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде орналастырылған және осындай дүкенде сатылмаған тауарлар уақытша сақталуда тұрған тауарлар ретінде қарастырылады.
      Көрсетілген мерзімнен бастап бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде тауарлардың жаңа партиясын орналастыруға және осы режимде орналастырылған тауарларды сатуға жол берілмейді.
      9.4. Бажсыз сауда дүкенінің иесі дүкенді жою туралы шешім қабылданған күннен бастап үш күн ішінде кеден органына қоймада жатқан тауарлар туралы N 4-Қосымшада келтірілген үлгіде толық есеп беруге міндетті.
      Лицензияның күші жойылуына байланысты бажсыз сауда дүкені жойылған жағдайда, ондай есепке дүкен құрылған күннен бастап сатылған барлық тауарлар туралы мәліметтер енгізіледі.
      Кеден органы жеті күннен кешіктірмей жойылуға жататын бажсыз сауда дүкенінде жатқан тауарларды инвентаризациядан өткізеді.
      9.5. Бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде орналастырылған тауарлар:
      - лицензияның күшін жойған жағдайда - олардың дүкенге түскен мерзімінен бастап;
      - кеден ережелерін бұзғаны үшін жазалау шаралары ретінде лицензияны қайта шақырып алған жағдайда іс туралы қаулы орындалатын мерзімнен бастап;
      - бастап жағдайда жою туралы шешім қабылданған мерзімнен бастап қайтадан кедендік рәсімделуден өтуге тиіс.
      Осы орайда:
      а) кеден төлемдерінің мөлшері қайтадан кедендік рәсімдеуден өткен кезде кеден декларациясын қабылдаған күні қолданылған ставкаларға сүйене отырып белгіленеді;
      ә) шетел валютасын Қазақстан Республикасы валютасымен қайта есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің қайтадан кедендік рәсімделуден өткен кезде кеден декларациясын қабылдаған күні қолданылған курсы бойынша жүргізіледі.
      9.6. Лицензияны жоюға байланысты бажсыз сауда дүкенін жойған жағдайда дүкенде сатылған шетел тауарлары еркін айналым үшін шығарудың кедендік режиміне сәйкес, ал Қазақстан тауарлары - экспорттың кедендік режиміне сәйкес кеден рәсімінен өтуге тиіс. Мұндай тауарларға экономикалық саясат шаралары қолданылмайды.
      9.7. Жойылуға тиісті бажсыз сауда дүкенінің қоймасында жатқан Қазақстан тауарлары еркін айналым үшін шығарудың кедендік режиміне сәйкес осы тауарларға қатысты кеден баждарын, салықтарын алусыз және кедендік рәсімдеу үшін кеден жиындарынсыз кедендік рәсімдеуден өтуге тиіс. Осындай тауарларды декларациялау N 5-Қосымшада келтірілген үлгі бойынша жасалған декларацияны кеден органына ұсыну жолымен оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырылады.
      9.8. Бажсыз сауда дүкені жойылған жағдайда оның иесі жойылуға тиісті дүкенде тауарлардың барлық жатқан уақыты үшін, тауарларды сақтағаны үшін, кеден органдары құрған, уақытша сақталу қоймалары үшін белгіленген мөлшерде кеден жиындарын төлейді:
      - лицензия күші жойылған жағдайда - тауарлардың дүкенге түскен мерзімінен бастап;
      - кеден ережелерін бұзғаны үшін жазалау шаралары ретінде лицензияны қайтарып алғанда - іс туралы қаулыны орындайтын мерзімнен бастап;
      - өзге жағдайларда - жою туралы шешім қабылдаған мерзімнен бастап.
      9.9. Тауарлардың уақытша сақталу қоймасында жатудың шектеулі мерзімі бір айдан аса алмайды.
 
                       10. Қорытынды ережелер
 
      10.1. Бажсыз сауда дүкенін құру лицензиясы басқа адамға берілуге тиісті емес.
      10.2. Өтініштегі, сондай-ақ өтінішке қоса тіркелетін құжаттардағы кез келген мәліметтерді өзгерткен жағдайда дүкен иесі бұл туралы жеті күннің ішінде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитетіне және жұмыс істеу аймағында бажсыз сауда дүкені құрылған кеденге жазбаша білдіруге міндетті.
      10.3. Мәліметтерді өзгертудің сипаты бажсыз сауда дүкенін құруға лицензия беріле алмайтындай болса, егер дүкен иесі осындай мәліметтерді лицензия беру туралы өтініште немесе өтінішке қоса тіркелген құжаттарда көрсетсе, онда бұл туралы жазбаша білдіру дүкен иесінің бажсыз сауда дүкенін иесінің қалауы бойынша жою туралы өтініші ретінде қарастырылады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитеті бажсыз сауда дүкенінің иесіне лицензия күшін сақтау мүмкін еместігі туралы дәлелдеп хабарлайды. Мұндай шешім туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Заң күші бар Жарлығының XV тарауына сәйкес шағым-арыз беруге болады.
      10.4. Дүкен иесі лицензияға өзгерту енгізуді талап ететін мәліметтерді өзгерткен жағдайда, лицензия бұрынғы, ал өзгертілген бөлімінде жаңа мәліметтерді көрсете отырып, лицензияның жаңа бланкасын толтыру арқылы қайта тіркеледі. Лицензияның бұрынғы реттік нөміріне

 

алфавит белгілеген реттегі әріптік белгі қосылады.

     10.5. Бажсыз сауда дүкенінің иесі Қазақстан Республикасы және

Қазақстан Республикасы субъектілерінің нормативті актілері белгілеген,

Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес сауда

саласындағы қатынастарды реттеп отыратын санитарлық ережелерді, тауарлық

көршілік ережелерін, міндетті талаптар мен шарттарды бұлжытпай орындалуы

үшін жауап береді.



                                                 Бажсыз сауда дүкендері

                                                 туралы Ережеге

                                                 N 1-Қосымша


         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі


               ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТІ

                        ЖАНЫНДАҒЫ КЕДЕН КОМИТЕТІ


                             N 10-Лицензия

                     бажсыз сауда дүкенінің мекемесі


     Осымен бажсыз сауда __________________________________________________

___________________________________________________________________________

                        (атауы және заңды мекен-жайы)


     дүкенін құру рұқсат етіледі __________________________________________

                                           (дүкеннің тұрған орны)


___________________________________________________________________________

          (жұмыс істеу аймағында дүкен орналасқан кеденнің атауы)

     Осы лицензияның мерзімі "___"___________________ 199 ж.

     аяқталады.


                                                    Қазақстан Республикасы

                                                    Министрлер Кабинеті

                                                    жанындағы кеден

                                                    комитетінің төрағасы


                                                    ______________________

     М.О.

                                                    "__"___________ 199 ж.




                                                 Бажсыз сауда дүкендері

                                                 туралы Ережеге

                                                 N 2-Қосымша


            Тауарларды бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде

           орналастырғанда жүк кеден декларациясын толтырудың

                                ТӘРТІБІ


     Тауарларды бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде орналастырғанда,

декларант жүк кеден декларациясының төмендегі бағаналарын толтырады:


 
       1, 2, 3, 5, 6, 14, 15, 15а, 16, 18, 19, 21, 22, 23, 24, 25, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 41, 42, 44, 46, 47, 54, А, В.
      3, 5, 6, 14, 15, 15а, 16, 18, 19, 21, 22, 23, 24, 25, 29, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 41, 42, 44, 46, 47, 54, А, B бағаналары ҚР МКБ 09.07.93 ж. N 25-бұйрығы бекіткен жүк кеден декларациясын толтыру тәртібі туралы нұсқауға сәйкес толтырылады.
      1, 2, 9, 28, 30 - бағаналарды толтырудың мынандай ерекшеліктері бар:
      1-бағана "Декларация типі"
      Бағананың бірінші бөлімшесінде бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимінде орналастырғанда:
      - Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін немесе осы аумаққа әкелінген және өзге кеден режимінде орналастырылған тауарларға қатысты - "ИМ";
      - Қазақстан тауарларына қатысты - "ЭК" деп көрсетіледі.
      Екінші бөлімшеде негізгі кеден режимінің коды көрсетіледі - "72".
      Бағананың үшінші бөлімшесі толтырылмайды.
      2-бағана "Жіберуші/экспорттаушы"
      Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелінетін немесе осы аумаққа әкелінген және өзге кеден режимінде орналастырылған тауарларға қатысты бағана МКД толтыру жөніндегі Нұсқаудың 3-тарауына сәйкес толтырылады.
      9-бағана "Қаржылық реттеу үшін жауапты тұлға"
      Бағанада МКД толтыру жөніндегі Нұсқауда көзделген тәртіпте бажсыз

 

сауда дүкенінің иесі туралы мәліметтер көрсетіледі.

     28-бағана "Қаржылық және банкілік мәліметтер"

     Бағанада (реквизиттердің әрбірін жаңа жолдан бастап және олардың

әрқайсысының алдына реттік нөмірін қоя отырып) мыналар көрсетіледі:

     1. Рубльдегі есеп-шоттың нөмірі, ОКПО коды және бажсыз сауда дүкені

иесінің есеп-шоты ашылған банкінің қысқаша атауы;

     2. Бажсыз сауда дүкені иесінің шетелдік валютадағы шот нөмірі, ОКПО

коды және осы шот ашылған банкінің қысқаша атауы.

     30-бағана "Тауарларды тексеретін орын"

     Бағанада бажсыз сауда дүкенін құру лицензиясының нөмірі көрсетіледі.



                                                 Бажсыз сауда дүкендері

                                                 туралы Ережеге

                                                 N 3-Қосымша


             Бажсыз сауда дүкенінің қоймасындағы тауарларға

                          САНАҚ ЖҮРГІЗУ КІТАБЫ


_________________________________________________________________________

| р/б | Қоймаға |Тауарлардың| Тауарлардың | Орын | Қоймадан | Орын | Ес.  |

|  N  |(дүкенге)|   атауы   |  мәртебесі  | саны | шығарыл. | саны | керт.|

|     | түскен  |           |(Қазақстандық| және |   ған    | және |  пе  |

|     | мерзімі |           |    немесе   |түскен| мерзімі  |шығар.|      |

|     |         |           |  шетелдік)  | кез. |          | дағы |      |

|     |         |           |             | дегі |          |брутто|      |

|     |         |           |             |кг-дық|          | сал. |      |

|     |         |           |             |брутто|          | мағы |      |

|     |         |           |             | сал. |          |      |      |

|     |         |           |             | мағы |          |      |      |

|     |         |           |             |      |          |      |      |

|_________________________________________________________________________|



                                                 Бажсыз сауда дүкендері

                                                 туралы Ережеге

                                                 N 4-Қосымша


                    Бажсыз сауда дүкеніне түскен

                   және сатылған тауарлар туралы

                               ЕСЕП


     "___"________________ 199 _ ж. / 199 _ "___"___________________ бастап


                    199 _ ж.  "___"_____________________ дейінгі мерзімдегі


___________________________________________________________________________

                     (керексізі сызылып тасталсын)


_________________________________________________________________________

| р/б |Дүкенге| МКД |Тауар.|Тауарлардың| Орын |  Есеп   |Қалғаны | Ескерт.|

|     |түскен |     |лардың|мәртебесі  | саны |мерзіміне|(өлшем  |  пелер |

|  N  |мерзімі|  N  |атауы |(Қазақстан | және |сатылғаны|бірлігін|        |

|     |       |     |      |дық немесе |кг-дық|         |дегі    |        |

|     |       |     |      |шетелдік)  |брутто|         |саны)   |        |

|     |       |     |      |           | сал. |         |        |        |

|     |       |     |      |           | мағы |         |        |        |

|     |       |     |      |           |      |         |        |        |

|_________________________________________________________________________|



     Бажсыз сауда дүкені

     иесінің атауы


     Басшының аты-жөні,

     әкесінің аты                        Қолы                Мөр



                                                 Бажсыз сауда дүкендері

                                                 туралы Ережеге

                                                 N 5-Қосымша


                                ДЕКЛАРАЦИЯ


     Еркін айналым үшін шығарудың кедендік режиміне сәйкес Қазақстанның 

төмендегі тауарларын рәсімдеуді өтінемін:


_________________________________________________________________________

| р/б | Бажсыз сауда   | Қысқаша |   СЭҚ   | Орын  |    Өлшем    |Ескерт.|

|     | дүкенінің кеден|  атауы  |   ТН    | саны  |бірлігіндегі | пелер |

|  N  | режимінде      |         | бойынша | және  |    саны     |       |

|     | тауарларды     |         |   коды  |кг-дық |             |       |

|     | орналастырған. |         |         |брутто |             |       |

|     | дағы МКД N     |         |         | сал.  |             |       |

|     |                |         |         | мағы  |             |       |

|     |                |         |         |       |             |       |

_________________________________________________________________________|



     Бажсыз сауда

     дүкенінің атауы


     Басшының аты-жөні,

     әкесінің аты                        Қолы                Мөр




     Оқығандар:    

          Умбетова А.М.

          Касымбеков Б.А.