Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарындағы көлiк оқиғаларын есеп жүргiзу мен зерттеу, жiктеу туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 1995 жылғы 26 шiлде N 151 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 31 қазан N 123 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 23 маусымдағы N 153 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен (V064308)

Күшін жойған

       1. Жалпы ережелер 

       1.1. Осы ереже Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарында болған көлiк оқиғаларында мыналарға тарайды: 
      Қазақстан Республикасының кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi Бас инспекциясымен есепке алынған және олардың ведомстволық қатыстылығы мен меншiк нысанына қарамастан пайдалануға енгiзiлген кемелерге; 
      гидротехникалық ғимараттарға; 
      Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарында болған кезеңдегi басқа мемлекеттiк кемелерiне; 
      жоғарыда аталған кемелер және гидротехникалық ғимараттар көлiк оқиғаларына ұшыраған кезде соған қатысқан кіші көлемдi спорттық және әскери кемелерге. 
      1.2. Ережемен қарастырылмаған көлiк оқиғалары болған жағдайда оларды зерттеу мен жiктеу туралы мәселенi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгiнiң Бас инспекциясы шешедi. 
      1.3. Кеме қатынасының қауiпсiздiгi үшiн жалпы қадағалау және Ереже талаптарының сақталуы үшiн бақылау Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгiнiң Бас инспекциясына, ал өз учаскелерiнiң шекарасында тiкелей қадағалау мен бақылау жасау кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң инспекторлары мен кемежай капитандарына жүктеледi. 

 
       2. Айқындамалар мен түсiнiктемелер 

 
      2.1. Ережеде қолданылатын атаулар мынаны бiлдiредi: 
      2.1.1. Iшкi су жолдары - Қазақстан Республикасының кемелер қозғалысы үшiн пайдаланылатын iшкi су жолдарының бөлiгi, олар кеме қатынасы үшiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен белгiленедi. 
      2.1.2. Әскери кеме - Қазақстан Республикасының әскери-теңiз жалауы астында жүзетiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының шекаралық қызметiнiң соғыс немесе арнайы мақсаттағы кораблi. 
      2.1.3. Адамдар опаты - көлiк апаты болған жерде немесе соның салдарынан қайтыс болған кез келген тұлғалар. 
      2.1.4. Гидротехникалық құрылыстар - шлюздар, бөгеттер, көпiрлер, кемежай және су тартқыш құрылыстар, толқын тосқауыл және т.б., сондай-ақ әуе және кеме жүрiсiнiң шеңберiндегi су астының өткелдерi (кабельдер, су құбырлары, электр жүргiзу құбырлары мен телефон желiлерi, қалқымалы көпiрлер). 
      2.1.5. Кемелердi су басу - корпустың суға толық батуы немесе судың корпусқа толық енуiнiң немесе шайқалуының салдарынан жүзгiштiк қордың толық жоғалуы. 
      2.1.6. Кәсiби жарамдылықтың жеткiлiксiздiгi - кеменiң маневрлiк және техникалық қасиетiн, лоция мен штурмандық уағыздарды қанағаттанарлық бiлмеуi, дербес жүзудiң азғантай тәжiрибесi. 
      2.1.7. Жеңiлмейтiн және әлдеқалай жағдайлар - табиғи апат себептерi, дауыл, су деңгейiнiң кенет көтерiлуi мен түсуi, ағын жылдамдығының кенет өсуi, сырғу, бөгеттерде, шлюздарда су тасуы, мұздардың кептелуi және т.б. 
      2.1.8. Конструктивтi толық бұзылу - айырбастау немесе жөндеу жолымен жоюға болмайтын кемелер мен гидротехникалық құрылыстардың сынуы. 
      2.1.9. Кеме - жүктердi, жолаушыларды, багаж бен поштаны тасымалдауға, плоттарды, кемелердi және басқа жүзу объектiлерiн сүйреуге, барлау мен пайдалы кендер табу, балық және басқа кәсiпшiлiктер үшiн, мұз ою және құтқару операцияларының өндiрiсi, жер қазу мен басқа жол жұмыстары үшiн, шаруашылық, ғылыми және мәдени мақсаттарға арналған өздiгiнен немесе өздiгiнен жүрмейтiн жүзу құрылыстары. 
      2.1.10. Құрам - Суда тасымалдауға арналған өзара құрастырылған кемелер (итеру әдiсiмен троспен сүйреуге). 
      2.1.11. Кiшкене кеме - ұзындығы 7 метрден кем кеме, ал ескегi өлшемiне қарамастан. 
      2.1.12. Құпия көлiк оқиғалары - Кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгiнiң Бас инспекциясында көлiк оқиғасы туралы ақпардың 5 күнге дейiн болмауы. 
      2.1.13. Кеме жүргiзу қателiктерi - ақталмаған тәуекелдiлiк, бағдардан айрылу, сәтсiз маневр таңдау, вахта Бастығының бұйрықтарын дұрыс орындамау, электр және радио приборларының ақпарларына өте сенiп қалу және т.б. 
      2.1.14. Кеме жүрiсi - кемелердiң қозғалуына арналған карта мен жергiлiктi жерде белгiленген су жолдарының алаңы. 
      2.1.15. Кеме иесi - кеменi меншiктi немесе басқа заңдар негiзiнде пайдалануына қарамай өзiнiң атынан кеменi пайдаланатын жеке тұлға немесе заңды тұлға. 
      2.1.16. Қақтығысу - жүріс барысындағы кемелер мен құрамдардың өзара соқтығысуы. 
      2.1.17. Ауыр дене зақымданулары - медициналық қызмет ережелерiне сәйкес дене зақымдануының ауырлық дәрежесi анықталған еңбек ету қабiлетi толық жойылған денсаулықтың бұзылуы. 
      2.1.18. Техникалық жарамсыздық - ДАУ-дың тоқтап қалуы, бас немесе көмекшi механизмдердiң, қозғалту - басқару кешенiнiң сынуы, электр беру қондырғылары мен приборлардың сөнiп қалуы және т.б. 
      2.1.19. Көлiк оқиғалары - пайдаланудағы кемелермен және құрамдармен болған, салдарынан адамдардың қайтыс болуы мен дене зақымын алуы, кемелердi, гидротехникалық құрылыстарды су басуы немесе конструктивтi бұзылуы, мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң төгiлуi, флот қозғалысының тоқтауы сияқты апатты жағдайлар. 
      2.1.20. Соғу - кеменiң айлақта немесе зәкiрде тұрған басқа кемемен, жағамен, гидротехникалық құрылыспен, навигациялық кедергiмен, су асты заттарымен, жекелей тас құрамдармен және т.б. жанасуы. 

 
       3. Көлiк оқиғаларын топтау 

 
      3.1. Iшкi су жолдарының көлiк оқиғалары апатты және эксплуатациялық оқиғалар болып бөлiнедi. 
      3.2. Мыналар апат оқиғаларына жатады: 
      3.2.1. Салдарынан адамдар қайтыс болған немесе ауыр дене зақымдары болған көлiк оқиғалары. 
      3.2.2. Толық конструктивтi бұзылу, қуаты 225 квт артық өздiгiнен жүретiн және бос кездегi сыйымдылығы 300 т артық өздiгiнен жүрмейтiн одан әрi шығынға жазылатын кемелердiң су басуы. 
      3.2.3. Қайраңға отыру немесе кеменiң гидротехникалық құрылыстарын бұзу, соның салдарынан осы жол учаскесiнде немесе шлюзда бiрiншi кеменiң келген мезетiнен бастап есептегенде 72 сағат және одан артық қозғалыстың тоқтауы. 
      3.2.4. Көлiк оқиғасы кезiнде 10 тоннадан аса мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң төгiлуi.
      3.3. Мыналар эксплуатациялық оқиғаларға жатады:
      3.3.1. Апатқа қатысы жоқ барлық басқа көлiк оқиғалары.
      3.3.2. Адамдардың өлуi мен ауыр дене зақымдарынан басқа салдар болғанына қарамай көлiк оқиғалар.
      3.3.2.1. Басқа кемелерге көмек көрсету кезiнде апаттан құтқару жұмыстары кезiнде апаттан құтқару экипаждың дұрыс әрекет жасауынан пайда болған оқиға.
      3.3.2.2. Қарсы тұруға болмайтын табиғи апаттың салдары.
      3.3.2.3. Мұзды жерлерде кемелер жұмыс жасаған кезде.
      3.3.2.4. Экспериментальды және тәжiрибе рейстерi мен жұмыстарды жүргiзу кезiнде болған оқиғалар. 

      4. Көлiк оқиғаларының түрi мен себептерi

     4.1. Көлiк оқиғаларының түрлерi
     4.1.1. Қақтығысу
     4.1.2. Соғу
     4.1.3. Кемелердiң батуы
     4.1.4. Қайраңға отыру
     4.1.5. Гидротехникалық құрылыстардың зақымдануы
     4.1.6. Басқалары (4.1.1 - 4.1.5. тармақтарға жатпайтын кемелер қозғалысы кезiндегi басқа көлiк оқиғалары)
     4.2. Көлiк оқиғаларының себептерi:
     4.2.1. Қалыптық - нұсқаулық құжаттарда қарастырылған лауазымдық мiндеттердi кеменiң жеке құрамының орындамауы.
     4.2.2. Вахта бастығының немесе кеменiң экипаж мүшелерiнiң еңбек тәртiбiн бұзуы.
     4.2.3. Кәсiби жарамдылықтың жеткiлiксiздiгi, кеме жүргiзудегi қателiктер.
     4.2.4. Жолдың, гидротехникалық құрылыстардың күтiп ұстауының, кеме жүрiсiнiң навигациялық жабдықталуының қанағаттанарлық еместiгi.
     4.2.5. Кеме қондырғыларының, механизмдердiң, жүйелердiң техникалық жарамсыздығы, конструктивтi жетiспеушiлiгi, кеме корпусының мүмкiн болатын тозуынан асуы.
     4.2.6. Кеме қатынасының қауiпсiздiгiн реттейтiн құжаттардың талаптарын жаға қызметкерлерiнiң орындамауы.
     4.2.7. Қарсы тұруға болмайтын және әлдеқалай жағдайлар.
     4.2.8. Басқалары

      5. Көлiк оқиғалары туралы хабарлама 

 
     5.1. Көлiк оқиғалары туралы кеменiң және (немесе) гидротехникалық құрылыстардың капитаны (командирi) немесе басқа лауазымдық тұлғалар, олардың ведомстволық қатыстылығы мен меншiк нысанына қарамай жедел байланысты пайдалана отырып (радио, телефон, телеграф және басқалары) жақын арадағы кеме қатынасы инспекциясының учаскесiне, сондай-ақ кемежайдың немесе гидроқұрылыс ауданының диспетчерлiк аппаратына кеме иесiне 1 қосымшада көрсетiлген мәлiметтi жедел түрде хабарлауға мiндеттi. 
      Аталмыш лауазымдық тұлғалардан келiп түскен, сондай-ақ кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi инспекциясының қызметкерлерiмен анықталған мәлiметтер Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi Бас инспекциясының желiлiк учаскелерiмен тiркеледi. 
      5.2. Көлiк оқиғалары туралы ақпарат алған басқа көлiк кәсiпорнының кемежай гидроқұрылыс ауданының диспетчерi, кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi Бас инспекциясы желiлiк учаскесiнiң қызметкерi болған жағдай туралы жедел түрде қол астындағы басшыларға жеткiзедi. 
      5.3. Көлiк ұйымдарының, су жолының Мемлекеттiк кәсiпорындары мен гидротехникалық құрылыстардың кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң бассейндiк инспекциясының басшылары апат оқиғалары жөнiнде Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Су көлiгi Департаментiн, Кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi Бас инспекциясын және оқиға болған жердегi көлiк прокуратурасы органына хабарлайды. 
      5.4. Көлiк оқиғаларына душар болған капитанның (командирдiң) немесе басқа лауазымды тұлғаның мiндетi: 
      5.4.1. Көлiк оқиғасының зардабын жою немесе азайту шараларын қабылдайды. 
      5.4.2. Апат болған кезде кеме иесiмен, жақын арадағы көлiк кәсiпорнымен және кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi инспекциясының желiлiк учаскесiмен тұрақты байланыс жасайды. 
      5.4.3. Оқиға болған жерден тек кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi инспекциясының рұқсатымен ғана кетедi. 
      5.4.4. Үш күндiк мерзiм iшiнде 2 қосымшада көрсетiлген нысан бойынша үш дана қылып "Көлiк оқиғасының актiсiн" құрастырады. 
      5.4.5. Гидротехникалық құрылыстардың көлiк оқиғаларының актiсi олардың иелерiнiң өкiлдерiнiң қатысуымен ресiмделедi. 
      5.4.6. Көлiк оқиғаларының қатысушылары екеу және одан артық болған кезде көлiк оқиғасының актiсi олармен бiрлесiп құрастырылады. Көлiк оқиғасының себептерi мен зардабы туралы әртүрлi пiкiр болғанда актiлер жеке дара құрастырылады. 
      5.5. Көлiк оқиғалары болған кезде капитанның мәлiметiне қарамастан кеме мен гидротехникалық құрылыстардың иелерiнiң мiндетi: 
      5.5.1. Суында оқиға болған кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi инспекциясының желiлiк учаскесiне, ал апат туралы көлiк прокуратурасына жедел түрде хабарлайды. 
      5.5.2. Ақпаратта көлiк оқиғасының орны мен уақтысы, себебi мен күйi, болған зақымның сипаты және оның зардабын жою бойынша қабылданған шаралар көрсетiледi.
      5.5.3. Келесi ақпаратты берудiң нақты уақтысын кеме капитаны (командирi) белгiлейдi.
      5.5.4. Қажет болған кезде көлiк оқиғасының зардабын жою бойынша жұмыстарды басқару үшiн сол жерге барады. 

     6. Көлiк оқиғаларын тергеу  

      6.1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi Бас инспекциясының бөлiмшелерiмен мыналар тергеуге жатады:
      6.1.1. Апаттар.
      6.1.2. Эксплуатациялық оқиғалар.
      6.2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Су көлiгi Департаментi қажет болуына қарай апаттың зардабын жою әрекеттерiн үйлестiру мен басшылық жасау бойынша, зардап шеккендерге көмек көрсетуде, қозғалысты қалпына келтiруде, тергеуде және т.б. бойынша комиссия құрады. 
      6.3. Көлiк оқиғаларын тергеу мына мерзiмдерде жүзеге асырылады: 
      6.3.1. Жолаушы кемелерiнде - 5 тәулiкке дейiн. 
      6.3.2. Басқа кемелермен, құрамдармен (соның iшiнде плоттық) және гидротехникалық құрылыстармен - 10 тәулiкке дейiн. 
      6.3.3. Сараптаулар жүргiзiлген кезде, апаттың шиеленiскен себептерiн шешуде кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгiнiң бас инспекторының шешiмi бойынша аталмыш мерзiмдер 10 тәулiкке дейiн ұзартылуы мүмкiн. 
      Ескерту: көлiк оқиғасы тiркелген мезеттен бастап кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi Бас инспекциясы желiлiк учаскесi бастығының қаулысы шыққанға дейiн уақыт зерттеу уақтысы болып табылады. Тергеу органдарына жiберiлетiн материалдар бойынша оларға тергеу мерзiмiнiң ұзартылғаны туралы хабарланады. 
      6.4. Көлiк оқиғасының зардабын жою және осы кеме жолының учаскесiнде қозғалысты қалпына келтiруге тергеу жұмыстары кедергi жасамауы тиiс. 
      6.5. Көлiк оқиғасына тергеу жүргiзетiн инспекция қызметкерлерiнiң мынадай құқықтары бар: 
      6.5.1. Iске тiкелей немесе жанама қатысы бар тұлғалардан iстiң мән-жайы бойынша жазбаша түсiнiктемелер алуға және жазбаша түрде сұрақтарды нақтылауға, үнтаспаға жазып алуға, тергеу материалдарын жаға радиостанциясының үнтаспа жазуларына бiрге қосуға. 
      6.5.2. Көлiк оқиғасының мән-жайын нақтылауға қажеттi материалдар мен құжаттарды лауазымды тұлғалардан талап етуге. 
      6.5.3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң жанындағы Теңiз және Өзен Регистрi кәсiпорындарының, лабораториялардың, ғылыми мекемелер мен арнайы құрылған комиссиялардың қызметкерлерiнен көлiк оқиғаларының себептерi мен мән-жайын ашу мен нақтылау мәселелерi бойынша тұжырымдамаларды алуға. 
      6.5.4. Кеме иелерiнен, Су жолдары мен гидротехникалық құрылыстардың Мемлекеттiк кәсiпорындарының басшыларынан көлiк оқиғасының мән-жайын нақтылау үшiн қажет болуына қарай сараптау жүргiзудi талап етуге. 
      6.6. Көлiк оқиғасына тергеу мыналармен жүргiзiледi: 
      6.6.1. Шекарасында оқиға болған кеме қатынасы қауiпсiздiгi инспекциясының желiлiк учаскесiмен. 
      6.6.2. Апатқа және эксплуатациялық оқиғаға ұшыраған кеменiң кеме қатынасы қауiпсiздiгi инспекциясы желiлiк учаскесiнiң қызмет зонасы (бiрақ осы бассейннiң iшiнде) шеңберiнен кетерде алғашқы құжаттарды жинау осы кеме орналасқан жердегi кеме қатынасы қауiпсiздiгi инспекциясының желiлiк учаскесiмен жүргiзiледi, одан әрi материалдар қорытынды жасау үшiн тиiстi жерлерге жiберiледi. 
      6.6.3. Апатқа немесе эксплуатациялық оқиғаға ұшыраған кеме бассейнiнен шыққан кезде алғашқы құжаттарды жинау кеме орналасқан жердегi кеме қатынасы қауiпсiздiгi бассейндiк инспекциясы жүргiзiледi, одан әрi материалдар қорытынды жасау үшiн тиiстi жерлерге жiберiледi. 
      6.7. Көлiк оқиғаларын тергеу мiндеттерi: 
      6.7.1. Кеменiң, экипаждың, жабдықтардың кеме қатынасының қауiпсiздiгiн реттейтiн қалыптық-өкiмдiк құжаттар талаптарына сәйкес келу күйiн бағалау. 
      6.7.2. Апаттың немесе эксплуатациялық оқиғаның жағдайын, себептерi мен зардабын анықтау. 
      6.7.3. Көлiк оқиғасына қатысты лауазым тұлғаларының iс-әрекетiн бағалау. 
      6.7.4. Қалыптық-өкiмдiк құжаттардың орындалмаған талаптары көрсетiле отырып, iс-әрекеттерi көлiк оқиғасының пайда болуын тудырған лауазым тұлғаларын анықтау. 
      6.8. Ұсынылған құжаттардың негiзiнде кеме қатынасы қауiпсiздiгi желiлiк учаскесiнiң бассейндiк инспекциясы дәлелденген қорытынды мен апаттарды болдырмау бойынша профилактикалық шараларды жүргiзудiң кепiлдемелерiн дайындайды. 
      6.9. Техникалық құралдарды және сараптау, эксперименттердiң нақты зерттеу, дәрiгерлiк куәландыруларды жүргiзу бойынша шығындарды өтеу, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi Бас инспекциясы инспекторларының iс-сапарлық және көлiк шығындарын өтеу көлiк оқиғасына айыпты кеме иелерiне жүктеледi. 

    7. Көлiк оқиғаларының тергеу материалдарын қарау тәртiбi

 
      7.1. Тергеу материалдары бойынша Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi Бас инспекциясы желiлiк учаскесiнiң бастығы мыналарды жасайды. 
      7.1.1. Ұсынылған тұжырымдаманың дұрыстығы туралы қаулы шығарады, көлiк оқиғасының себебiн, түрi мен жiктелуiн анықтайды. 
      7.1.2. Көлiк оқиғалары бойынша құжаттарды кеме қатынасы қауiпсiздiгi бассейндiк инспекциясының бастығына қарауға және бекiтуге жiбередi, егер осындай бассейндiк инспекция жоқ болса құжаттар кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгiнiң Бас инспекторына жiберiледi. 
      7.2. Апатты тергеу материалдарын алғаннан кейiн кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң бассейндiк инспекциясының бастығы мыналарды жасайды: 
      7.2.1. Үш күндiк мерзiм iшiнде материалдарды қарайды, Кеме қатынасы қауiпсiздiгi инспекциясы желiлiк учаскесiнiң қорытындысын бекiтедi немесе онымен келiспесе қарсылық бiлдiрiп, өзiнiң дәлелдi қаулысын шығарады. 
      Қажет болған кезде, кеме қатынасы қауiпсiздiгi бассейндiк инспекциясының бастығы 10 күн мерзiмге ұзарта отырып материалдарды қайта тексеруге жiбередi. 
      7.2.2. Тергеу материалдары бойынша тұжырымдаманы кемелердiң және гидротехникалық құрылыстардың иелерiне - оқиғаның қатысушыларына жiбередi. 
      7.2.3. Көлiк оқиғасын тергеудегi бiр айдың қорытындысы бойынша тұжырымдама Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi Бас инспекциясына жiбередi. 
      7.3. Кеме иелерi мен гидротехникалық құрылыстардың басшылары көлiк оқиғаларының тергеу қорытындысын алу бойына 5 күндiк мерзiм iшiнде мыналарды жасайды: 
      7.3.1. Көлiк оқиғаларына айыпты лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгiне қатысты шешiмдер қабылдайды. 
      7.3.2. Көлiк оқиғаларын алдын алу шаралары мен қабылданған шаралар туралы кеме қатынасы қауiпсiздiгi бассейндiк инспекциясына хабарлайды. 
      7.4. Кеме қатынасының мемлекеттiк қадағалау органдары тергеу нәтижелерi бойынша пәрмендi заңдарға сәйкес қалыптық-өкiмдiк құжаттардың талаптарын бұзған тұлғаларға әкiмшiлiк және материалды айып тағулар жасайды. 
      7.5. Кеменiң және (немесе) гидротехникалық құрылыстың иесi көлiк оқиғасы бойынша кеме қатынасы қауiпсiздiгi бассейндiк инспекциясының қорытындысымен келiспеген жағдайда қорытындыны алған мезеттен бастап 10 күндiк кезең iшiнде Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi Бас инспекциясына өтiнiш жасауы мүмкiн. 
      7.6. Кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң бассейндiк инспекциясы көлiк оқиғалары бойынша тергеудi заңға сәйкес шешiм қабылдауы үшiн көлiк прокуратурасына жiбередi. 

 
      8. Есеп беру мен көлiк оқиғаларын есепке алу 

 
      8.1. Көлiк оқиғалары ведомстволық қатыстылығы мен меншiк нысанына қарамастан кеме мен гидротехникалық құрылыстардың иелерiмен есепке алынады. 
      8.2. Жол мен гидротехникалық құрылыстардың, кеме жүрiсiнiң навигациялық жабдықтарының қанағаттанарлықтай күтiп ұсталмағанының себебiнен болған көлiк оқиғалары су жолдарының Мемлекеттiк кәсiпорындары мен гидротехникалық құрылыстардың иелерiнiң есебiне жатады. 
      8.3. Қазақстан Республикасының кеме қатынасының iшкi су жолдарында шетел жалауы бар кемемен болған көлiк оқиғасы жүк көтерiмдiлiгi, сыйымдылығы, қозғалтқышының қуаты және алған бағытына қарамастан осы Ережеге сәйкес кеме қатынасы қауiпсiздiгi бассейндiк инспекциясымен тергеледi. 
      8.4. Көлiк оқиғасының салдарынан мүлiктiк жауапкершiлiк мәселелерi (құтқару, техникалық, коммерциялық және т.б. әрекеттерi) заңда белгiленген тәртiппен қаралады. 
      8.5. Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарында болған барлық апаттар мен көлiк оқиғалары кеме қатынасы қауiпсiздiгi бассейндiк инспекциясымен, сондай-ақ кемелердiң және гидротехникалық құрылыстардың иелерiмен арнайы журналдарда тiркеледi. 
      8.6. Кеме қатынасы қауiпсiздiгi бассейндiк инспекциясы Кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi Бас инспекциясына Қазақстан Республикасының Мемстатымен бекiтiлген N 1-А нысаны бойынша өткен айдың апаттары жөнiнде есеп бередi. 
      8.7. Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарындағы апаттар бойынша Мемлекеттiк статистикалық есеп беру Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бекiтiледi. 
      8.8. Кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi Бас инспекциясы Қазақстан Республикасының аз өлшемдi кемелерi бойынша Мемлекеттiк инспекциясының, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң жанындағы Теңiз және Өзен Регистрiнiң жұмысын үйлестiредi, көлiк оқиғаларын тергеу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы балық флоты инспекциясымен өзара iс-әрекеттеседi. 
|     Мына хаттармен келiсiлдi:
     Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 1995 ж. 18.05. N 23-18-653-95.
     Қазақстан Республикасының статистика және талдау жөнiндегi Мемлекеттiк комитетiнiң 1995 ж. 29.05. N 11. 

1 қосымша           

           Көлiк оқиғасы бойынша кеме иесiне, кеме қатынасы мен
             теңiзде жүзу бас инспекциясына және көлiк
          кәсiпорнының диспетчерлiк аппаратына тапсырылатын
                         хабарлардың тiзiмi 

      1. Күнi, уақтысы, көлiк объектiсiнiң аты, тиiстiлiгi.
      2. Оқиға орны, навигациялық картадағы км, жақын жердегi елдi мекен пунктi, кемежай (айлақ), гидротехникалық құрылыстар мен т.б. 
      3. Жүгi немесе балласты бар көлiк объектiсiнiң қайда бара жатықаны, қайдан келе жатырғаны, жүктiң түрi мен оның саны, жолаушылар саны, құрам кемелерiнiң жалпы өлшемi мен батуы туралы мәлiметтер. 
      4. Ауа райы жағдайы, желдiң, толқынның, көрiнiстiң бағыты мен күшi. 
      5. Штат орындарында навигациялық белгiлердiң болуы және олардың дұрыстығы. 
      6. Жүргiзушi рубкасы мен машина бөлiмiнiң вахтенныйлары туралы мәлiметтер (фамилиясы, аты-жөнi, лауазымы, дипломының болуы). 
      7. Көлiк оқиғасының басқа объектiсi туралы қысқаша мәлiметтер. 
      8. Болған жағдайлар туралы мәлiметтер (көлiк оқиғасының түрi, зақымданудың болуы мен сипаты, құрбандар мен адамдар денесiнiң зақымдануы, қоршаған ортаның ластануы). 
      9. Көлiк оқиғасын бағалауға және оның зардабын жою мен көмек көрсету үшiн техникалық құралдарды тартудың қажеттiгi туралы шешiм қабылдауға мүмкiндiк беретiн басқа мәлiметтер. 

                                            2 қосымша

 
                         Көлiк оқиғасының актiсi 

 
      Көлiк оқиғасының актiсiнде мiндеттi түрде мына мәлiметтер болуы тиiс: 
      1. Жылы, күнi, айы, құрастырушылары туралы мәлiметтер (лауазымы, фамилиясы, аты-жөнi, ал куәлар үшiн - әрқайсысының тұрақты жерi). 
      2. Көлiк объектiлерi мен гидротехникалық құрылыстар туралы негiзгi мәлiметтер (аты, түрi, қуаты, жүк көтерiмдiлiгi, габариты, жүктердiң түрi және т.б.) 
      3. Көлiк оқиғасының қатысушылары - вахта бастықтары туралы мәлiметтер (лауазымы, жасы, арнайы бiлiмi, өзен көлiгiндегi, басшы қызметтерде және атқарған қызметтерiндегi еңбек өтілі, жұмыс дипломы немесе куәлiгi, оларды алған және берiлген күнi). 
      4. Көлiк оқиғасы болған учаскенiң гидрологиялық сипаттамасы, ауа райының күйi, көрiнiсi, кеме жүрiсi және оның жарияланғанына сәйкес келуi, штат орындарында навигациялық белгiлердiң болуы мен олардың қалыптық талаптарға сәйкес болуы және т.б. 
      5. Көлiк оқиғасы болар алдындағы әрекет пен мән-жайлардың бағалануы. 
      6. Көлiк оқиғасының мән-жайлары (барлық маневрларды, жүрiс жылдамдығын, өкiмдердi, командаларды, сигналдарды және т.б. бiрiнен соң бiрiн көрсете отырып нақты бейнелеу). 
      7. Көлiк оқиғаларының зардабын жою әрекеттерiн қоса есептегенде адамдар мен жүктердi, экипажды құтқару әрекеттерiнiң ретi. 
      8. Жарақат алған немесе қайтыс болған адамдардың саны, олардың фамилиясы, аттары, тұрғылықты жерi, туған жылы. 
      9. "Кеменiң техникалық актiсiмен" ресiмделуi тиiс тұрақтың, механизмдердiң, қозғалтқыштардың, басқару қондырғыларының зақымдануы. 
      10. Зақымдану салдарлары (бөлшектердiң суға батуы, жүктердiң жоғалуы мен бұзылуы, қоршаған ортаның ластануы, қозғалыс мүмкiншiлiгi және т.б.). 
      Көлiк оқиғасы актiсiнiң бiрiншi данасы қосымшасымен бiрге кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi инспекциясының желiлiк учаскесiне, ал екiншi және үшiншi данасы - көлiк объектiлерiнiң иелерiне жiберiледi, актiлердiң көшiрмесi көлiк оқиғасының қатысушыларында қалады. 
      Көлiк оқиғасының актiсiне мына құжаттар қоса берiледi: 
      - көлiк оқиғасы болар алдындағы вахта бастығының әрекетiн қоса есептегенде оқиға болған мезетте және онан кейiнгi кезеңдегi вахта журналынан (кеме) үзiндi; 
      - жүргiзiлуi осы көлiк объектiсiнде қарастырылған және қажеттi басқа журналдар мен машина журналынан үзiндi; 
      - барлық қатысты тұлғалардың түсiнiктемелерi, бiрiншi кезекте вахтенныйлардың, егер куәлар болса, солардың көрсетулерi; 
      - көлiк оқиғасы болған орын, сондай-ақ көлiк объектiлерiнiң орналасқан тiзбегi және т.б. көрсетiлген сызба; 
      - көлiк оқиғасы учаскесiнiң навигациялық картасының көшiрмесi; 
      - кеменiң техникалық актiсi; 
      - көлiк оқиғасына қатысы бар басқа құжаттар мен заттай дәлелдемелер (радиограммалардың, бұйрықтардың, өкiмдердiң, курсограммалардың, суреттердiң, тахограммалардың көшiрмелерi, тралдау немесе тереңдiктердi өлшеу, механизмдер мен қондырғылардың iстен шығуы туралы актiлер, нұсқау жөнiндегi журналдар).
     Барлық ұсынылған құжаттар көлiк объектiсiнiң капитанымен (командир) сендiрiлуi және кеме мөрiмен бекiтiлуi тиiс.
     Қылмысты бiлдiретiн хабарлар болған кезде жоғарыда аталған барлық құжаттар тергеу органдарына тапсырылады.