Қызметкерлердiң еңбек мiндеттерiн атқару кезiндегi зақымдануы салдарынан денсаулығының бұзылуына немесе жарымжан болуына байланысты медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссияларының (МӘСК) оның кәсiптiк еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлеу тәртiбi туралы Нұсқама

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасарының 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2-3747 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 15 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 96. Күші жойылды - ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө (V043174) бұйрығымен.

Күшін жойған

                      I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

        1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 наурыздағы N 201 қаулысымен бекiтiлген еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде жұмысшылар мен қызметкерлердiң зақымдануы салдарынан денсаулығының бұзылуына немесе жарымжан болуына <*> себепкер барлық нысандағы кәсiпорындар <*>, мекемелер, ұйымдар тарапынан келтiрiлген зиянның орнын өтеудiң қағидасына сәйкес еңбекте зақымданған қызметкердiң кәсiптiк еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесiн медициналық-әлеуметтiк сарап комиссиясы (МӘСК) (процентпен) белгiлейдi. 
      Ескерту. Бұдан былай - еңбек жарақаты. 
               Бұдан былай - жұмыс берушi.
      2. МӘСК кәсiптiк еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесiн анықтай отырып, негiздi болған жағдайда зардап шегушiнiң сол аталған еңбек жарақтарынан мүгедек болғандығын тану мүмкiндiгi және оның көмектiң қосымша түрлерiн қажет ететiндiгi туралы мәселенi қарайды.

II. Кәсiптiк еңбек қабiлетiнен айырылу
дәрежесiн белгiлеу тәртiбi

        3. Кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiк - бұл өз мамандығы бойынша еңбек етуге қабiлеттiлiк немесе еңбекақысы мен бiлiктiлiгi бойынша соған тең дәрежедегi кәсiп бойынша еңбек ете алатын қабiлеттiлiк болып табылады. Зардап шегушiнiң бiрнеше мамандығы болған жағдайда, кәсiптiк еңбекке қабiлетiнен айырылу процентiн анықтау кезiнде, жұмыс iстеп жатқанда денсаулығына зиян келтiрiлген кездегi мамандығы еңбек стажын құрайтын және оның жалғасы саналатын, жоғары бiлiктi немесе арнаулы бiлiм алу жолымен игерiлген мамандықты негiзгi мамандыққа есептеген жөн. 
      4. Кәсiптiк еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiн еңбек мiндеттерiн атқарумен байланысты болған жарақаттың зардабына орай МӘСК анықтайды. 
      5. Кәсiптiк еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiн анықтау кезiнде МӘСК организм функцияларының бұзылу көрiнiсiн белгiлейдi, бұл: 
      - функциялардың толықтай жойылуы немесе зақымданудың ерекше көрiну сипаты; 
      - функциялардың айрықша бұзылуы; 
      - функциялардың бiршама бұзылуы. 
      6. Мүгедектiк тобын және кәсiптiк еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiн анықтау кезiнде МӘСК сонымен бiр мезгiлде жойылған функциялардың орны толу дәрежесiн, зардап шегушiнiң негiзгi мамандығы бойынша сол немесе өзге жұмысты немесе квалификациялар мен еңбекақы бойынша оған тең жұмыс дәрежесiн орындау мүмкiндiгiн, квалификация бойынша оған жақын жұмыстарда әдеттегi немесе арнайы жағдай жасалған жұмыстарда еңбек ету мүмкiндiгiн анықтайды. Сондай-ақ МӘСК мамандықты қайта өзгерту, қайта оқыту және жаңа мамандық беру мүмкiндiгiн, айқындайды. Бұл 40 жасқа дейiнгi адамдарға қатысты. 
      7. Еңбек жарақаты бойынша мүгедектiк тобын белгiлейтiн деректер болмаған жағдайда және зардап шегушi өз мамандығы бойынша, бiрақ жұмыс жағдайлары бiршама өзгертiлiп, еңбекақысы азайтылмай немесе азайтылып еңбек ете алатын болса, өзiнiң бiлiктiлiгi мен жалақысына бара-бар мамандықпен ауыр қол жұмысын орындайтын адамдарды еңбекке орналастыруды және жалақысын азайтуда қиындықтар туындаған жағдайда еңбек ету қабiлетiнен 5 проценттен 30 процентке дейiн айырылған деп немесе еңбек ету қабiлетiнен айырылу процентiн белгiлемей-ақ қосымша көмек түрлерi белгiленедi. 
      8. Еңбек зақымының зардабы негiзгi мамандығы бойынша еңбек етуге мүмкiндiк бермей бiрақ ол одан төменгi квалификациядағы және жалақысы төмен шағын жұмыстарды атқара алса, кәсiптiк еңбек ету қабiлетiнен 30-дан 60 процентке дейiн айырылған деп белгiленедi. 
      9. Егер зардап шегушiнiң функцияларының бұзылуы айқын көрiнiп тұрса және тек қана арнайы жасалған жағдайларда iстей алады деп көрсетiлсе онда кәсiптiк еңбек ету қабiлетiнен 70 процент және одан да жоғары процент айырылған деп белгiленедi. 
      10. Зардап шегушiнiң еңбек қабiлетiнен айырылуы немесе зақымданған функциялары көзге көрiнiп тұруы кез келген жұмысты, тiптен арнайы жағдай жасалған жұмысты атқаруға мүмкiндiк бермесе, кәсiптiк еңбек ету қабiлетiнен 100 процент айырылған деп белгiленедi. 
      11. Бiр кәсiпорында бiрнеше рет жарақат алса, немесе сол жұмысты атқаруда денсаулығына зақым келсе кәсiптiк еңбек ету қабiлетiнен айырылу процентi сол келтiрiлген зақымданудың жалпы қосындысы мөлшерiнде белгiленедi. Егер әртүрлi кәсiпорындарда жарақат алып, денсаулығы бұзылса кәсiптiк еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесiн анықтау әрбiр оқиға бойынша жеке, бөлек-бөлек жүзеге асырылады. 
      12. Егер осы еңбек жарақатына байланысты зардап шегушiге еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi бұрын да белгiленген болса, МӘСК оны зардап шегушiнiң өтiнiш берген уақытына қарамастан, еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесiн бұрынғы белгiленген мерзiмi бiткен күннен бастап белгiлейдi, бұл орайда МӘСК зардап шегушiнiң кәсiптiк еңбек ету қабiлетiнен айырылған сол кездегi денсаулық жағдайын сипаттайтын емдеу-алдын алу мекемелерiнiң мәлiметтерiн пайдаланады. 
      13. Кәсiптiк еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесiн анықтаған кезде қайта куәландыру мерзiмi еңбек жарақаты зардабынан сипатына, медициналық және әлеуметтiк-еңбек оңалту шараларының ықпалымен еңбек қабiлетiнiң толықтай немесе iшiнара қалпына келу мүмкiншiлiгiне қарай алты айдан кейiн, бiр немесе екi жылдан кейiн белгiленедi. 
      14. Егер еңбек зақымының зардабы анатомиялық кемiстiкке жататын болса, сондай-ақ еркектер 60 жасқа ал әйелдер 55 жасқа толғанда мүгедектiк тобы және кәсiптiк еңбек ету қабiлетiнен айырылу процентi мерзiмсiз уақытқа белгiленедi. Ондай адамдар денсаулық жағдайы нашарлаған кезде денсаулық сақтау органдарының, халық сотының жолдамасымен, сондай-ақ жұмыс берушiнiң тiлегi және зардап шегушiнiң өтiнiшi бойынша қайта куәландырылады. 
      15. Егер зардап шегушi МӘСК-ге клиникалық диагнозы негiзделiп жiберiлсе және ол сараптық шешiм шығаруға мүмкiндiк бермесе МӘСК диагнозды және организм функциясының бұзылу дәрежесiн анықтау мақсатымен, қосымша амбулаториялық немесе стационарлық тексеруден өткiзу үшiн ауруды емдеу-алдын алу мекемелерiне жiбередi немесе қажеттi мәлiметтердi, соның iшiнде стационарда емдеушiнiң медициналық картасының көшiрмесiн, амбулаториялық емдеуде жүрген аурудың медициналық көшiрмесiн, амбулаториялық емделуде жүрген аурудың медициналық картасын сұратады. 

III. Еңбек жарақатына байланысты зардап шегушiнiң
қосымша шығындарға мұқтаждығын анықтаудың тәртiбi

        16. МӘСК зардап шегушiнiң қосымша күтiмге, тамаққа, оның iшiнде арнайы медициналық, дәрi-дәрмекке, ауруды күту үшiн керек-жараққа, санаторий-курорттық емделуге, протездеуге, қозғалыс құралдарына, т.б. мұқтаждығы туралы шешiм шығарады. 
      17. Бөгде адамның күтiмi жасауына және мамандандырылған медициналық күтiмге жұмсалатын шығындардың орны МӘСК-ның қорытындысы бойынша (бiрiншi топтағы мүгедектерден өзге) өтеледi. Күнделiктi тұрмыста өзiн күте алмайтын (кiр жуу, бөлме жинау, тақта жуу, үй жұмыстарын орындау сияқты) зардап шегушiнiң тұрмыстық күтiмдi қажет ететiнi туралы қорытындыны соттың шешiмi бойынша МӘСК шығарады. 
      18. Протез-ортопедия бұйымдары туғаннан кейiн жаңадан протез жасатуға жұмсалатын шығындар зардап шегушiнiң сол немесе басқа протез түрлерiне мұқтаждығы туралы МӘСК-ның қорытындысы бойынша сол адам берген мемлекеттiк протез кәсiпорындарының есеп-шоты негiзiнде өтеледi. 
      19. Зардап шегушi адамның арнаулы көлiк сатып алуға жұмсалатын шығындарын жұмыс берушi МӘСК-тiң қорытындысы бойынша белгiленген тәртiпке сәйкес төлейдi. 
      20. Зардап шегушiнiң осы жарақаттың салдарынан денсаулығының бұзылуына байланысты санаторий-курорттық емделудi қажет ететiндiгi туралы МӘСК-нiң қорытындысы бойынша санаторий-курорттық емдеу шығындарын жұмыс берушi өтейдi: оған не тегiн жолдама берiледi немесе оның бағасы және санаторияға бару және қайту жолы төленедi. Жекелеген жағдайларда алып жүретiн адамды қажетсiнетiнi туралы МӘСК шешiм қабылдайды, ал бұл алып жүрушi адамның жол шығынын өтеуге негiз болады.
      21. Егер зардап шегушiнiң денсаулық жағдайының нашарлауы тамақ қуатының кемуiмен байланысты болса, кәсiпорын МӘСК-нiң қорытындысын негiзге ала отырып, тамақтануға кеткен қосымша шығынның орнын өтейдi.
      22. Егер денсаулық жағдайы еңбекте жарақаттануға байланысты нашарлап, емделудi қажет етсе, МӘСК-тiң қорытындысы бойынша дәрi-дәрмек алу шығындарын жұмыс берушi өтейдi.

            IV. Сараптау құжаттарын ресiмдеудiң тәртiбi

      23. Зардап шегушiнi МӘСК-те куәландыру және қайта куәландыру iсi тиiстi емдеу-алдын алу мекемесiнiң жолдамасымен тұрғылықты жерiнде тiркелген емдеу-алдын алу мекемесiнде жүзеге асырылады.
      24. Бiрiншi рет куәландырудан өтерде зардап шегушi МӘСК-ке мыналарды тапсыруы тиiс:
      - өндiрiстегi бақытсыздық жағдай туралы акт;
      - өзi бақылауда болған емдеу мекемесiнен N 088У форма бойынша МӘСК-ке жолдама;
      - кәсiптiк ауру жағдайында-профпатологиялар 
орталығының-мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерiнiң (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Еңбек гигиенасы және кәсiптiк аурулар ғылыми зерттеу институтының бөлiмдерi мен клиникалары) қорытындысы. 
      Зардап шегушiнi қайта куәландыруды МӘСК емдеу мекемелерiнiң жолдамасы бойынша (N 088У форма) өткiзедi. 
       ЕСКЕРТУ. 24-тармақтың 4-абзацы алынып тасталды - ҚР Халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 1996.10.31. N 99 бұйрығымен
      25. Асыраушының қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиянның орнын өтеудi талап етушi адам МӘСК-ке алғаш рет мүгедектiк белгiлеу үшiн мыналарды тапсыруға тиiс: 
      - жұмыс берушiнiң немесе халық сотының (хаты) жолдамасы (еркiн формадағы); 
      - олар бақылауында болған емдеу мекемесiнiң N 088У форма бойынша МӘСК-ке жолдамасы; 
      Қайта куәландыруда емдеу мекемелерiнiң жолдамасы (N 088У форма) болса жеткiлiктi. 
      26. Егер зардап шегушi еңбекте зақымдану салдарынан бұрынғы айлық табысынан айрылып қалған күннен бастап үш жыл өткенге дейiн МӘСК-ке хабарласса, онда МӘСК кәсiптiк еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесiн еңбекте зақымдану салдарынан бұрынғы айлық табысынан айрылып қалған күннен бастап белгiлейдi. 
      27. Зардап шегушi еңбекте зақымдану салдарынан бұрынғы айлық табысынан айырылып қалған күннен бастап үш жыл өткенге дейiн МӘСК-ке хабарласқан жағдайда, МӘСК кәсiптiк еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесiн жұмыс берушiге хабарласқан күннен белгiлейдi. Мұндай жағдайда кәсiптiк еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi өткен уақытқа белгiленбейдi. 
      28. Егер жарақаттану немесе денсаулыққа басқа да зиян келу жұмыспен байланыссыз болса, зардап шегушiнiң еңбек ету қабiлетiнен айырылу туралы қорытындыны денсаулық сақтау органдарының сот-медициналық сараптау комиссиясы бередi. Қамау орындарында жазалау мерзiмiн өтеп жүрген азаматтар, өндiрiсте бақытсыздыққа душар болған жағдайда кәсiптiк еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесiн процентпен белгiлеу үшiн сот-медициналық сараптау органдарында куәландырудан өтедi, өйткенi олар бас бостандығынан айыру орындарында еңбек қатынастарында болмайды және олар жұмысшылар мен қызметшiлер болып табылмайды. 
      Мiндеттi түрде еңбекке тартумен байланысты шартты сотталған, өндiрiсте денсаулығына зақым келген адамдар (зақымдануды, ауруды), белгiленген тәртiппен МӘСК-тiң куәландіруiнен өтедi. 
      29. Кәсiптiк еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесiн анықтау нәтижесi, қосымша көмек түрлерiне мұқтаждығы туралы анықтама куәландырылған адамның қолына берiледi, кәсiптiк еңбек ету, қабiлетiнен айырылу дәрежесiн процентпен анықтаудың нәтижесi, қосымша көмек түрлерiн қажетсiнетiндiгi туралы МӘСК-тiң куәландыру актiсiнiң көшiрмесi зардап шегушiнi МӘСК-тiң куәландыруына жiберген халық сотына немесе жұмыс берушiге жiберiледi. 
      30. Куәландырылған адам ауданаралық, қалалық медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиясының (МӘСК-тiң) шешiмiмен келiспеген жағдайда, бiр ай мерзiм iшiнде облыстық МӘСК-ке шағым жасауына болады. Облыстық, орталық қалалық МӘСК-тiң шешiмi жөнiнде Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне шағым жасауы мүмкiн. Республикалық МӘСК-тiң шешiмiне шағым жасау сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.

Формат А4                  ______________________________________
                           |Код формы по ОКУД__________________   |
                           |Код учреждения по ОКПО______________  |
                            ______________________________________
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының  |          |Медициналық құжат N 088/У
денсаулық сақтау министрлiгi          | 20.10.93 г. N 437
Министерство здравоохранения          |ҚР денсаулық сақтау министр.-
Республики Казахстан       |          |лiгi бекiткен.
___________________________|          |Медицинская документация.
Мекеменiң атауы            |          |Утверждена Минздравом РК
                           |          | Форма N 088/У. 
Наименование учреждения    |          | 20.10.93 г. N 437
___________________________________________________________________

                     МӘСК-ке жiберу (жолдама)
                       Направление на МСЭК                   

            Берiлген уақыты "__"_________________ 199__ж.
            Дата выдачи                                г.

1. Тегi, аты-жөнi________________________________________________
   фамилия, имя, отчество
2. Туған уақыты__________________________ Жынысы ________________
   Дата рождения                           Пол
3. Науқастың мекен-жайы _________________________________________
   Адрес больного
4. Мүгедек_______________топта     5. Жұмыс орны_________________
   Инвалид               группа       Место работы
6. Жұмыс орнының мекен-жайы______________________________________
   Адрес места работы
7. Кәсiбi____________________________ 8. Лауазымы________________
   Профессия                             Должность
9. Емдеу алдын-алу мекемесiнiң бақылауында 199_ж."_"______нан болды. 
   Под наблюдением лечебно-профилактического учреждения с
"_"_______199__ж.
10. Ауру тарихы (басталуы, дамуы, ағымы, қайталау көздерi,
жүргiзiлген ем, алдын алу, еңбекке жарамдылығын қалыпқа келтiру).
   История настоящего заболевания (начало, развитие, течение, даты
   обострений, проведенные лечебно-профилактические мероприятия,
   меры по восстановлению трудоспособности)______________________
   ______________________________________________________________
   ______________________________________________________________
   ______________________________________________________________
   ______________________________________________________________
   ______________________________________________________________
   ______________________________________________________________
   ______________________________________________________________
   ______________________________________________________________
11. Уақытша еңбекке жарамсыздық жиiлiгi және ұзақтығы 
   (соңғы 12 айдағы мәлiмет)
   Частота и длительность временной нетрудоспособности
   (сведения за последние 12 месяцев)
_________________________________________________________________
   айы-күнi        |    Аурудың атауы
  число месяца     |    Название болезни
  с______по______  |
_________________________________________________________________
___________________|_____________________________________________
___________________|_____________________________________________
___________________|_____________________________________________
___________________|_____________________________________________
-----  ----  ----  ---- ----кесу сызығы-линия отреза--- --- --- --
Қазақстан Республикасының       Мекеменiң атауы, мекен жайы
денсаулық сақтау министрлiгi    Наименование учреждения, адрес
Минздрав Республики Казахстан   _________________________________

МӘСК шешiмi жөнiндегi емдеу алдын алу мекемесiне хабарламасы
Извещение лечебно-профилактическеого учреждения о решении МСЭК

1.Науқастың аты-жөнi_____________________________________________
  Фамилия, имя, отчество больного
2. Уақыты_______________________________ 3. Акт N
   Дата                                     N акта
4. МӘСК  диагнозы________________________________________________
   Диагноз МСЭК
12.Соңғы жылғы жұмыс жағдайының немесе кәсiбiнiң өзгеруi:_______
   Изменение профессии или условий работы за последний год:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
13. МӘСК-ке жiбергенде науқастың жағдайы (дәрiгерлердiң, оның
    iшiнде невропотолог, терапевтiң жан-жақты тексерулерiнiң
    қорытындысы)
    Состояние больного при направлении на МСЭК (данные объективного
    обследования терапевта, хирурга, невропатолога и других врачей)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
14. Рентгенологиялық зерттеулер:_________________________________
    Рентгеногологические исследования:
15. Лабораториялық зерттеулер:___________________________________
    Лабораторные исследования
16. МӘСК-ке жолдағандығы диагнозы:
    Диагноз при направлении на МСЭК:
    а) негiзгi ауруы (қабылданған классификация бойынша клиникалық
    сипаттама, ағза функциясының (қызметiнiң) нашарлау деңгейi):
    основное заболевание (клиническая характеристика по принятой
    классификации, степень нарушения функций организма):
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
    б) iлеспелi аурулары:_________________________________________
    сопутствующие заболевания:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
    в) асқынуы:__________________________________________________
     осложнения:
_________________________________________________________________
17. МӘСК-ке жолдама берiлу себебi: мүгедектiк белгiлерiнiң болуы,
    мүгедектiк уақытының бiтуi, қайтадан куәландыру, уақытынан
    бұрын куәландыру, сырқат парағының мерзiмiн ұзарту (сызыңыз).
    Основание для направления на МСЭК: наличие признаков 
    инвалидности, окончания срока инвалидности, переосвидетель.-
    ствование, досрочное переосвидетельствование, необходимость
    продления больничного листка (подчеркнуть).

    ДБК төрағасы___________________  Мүшелерi___________________
    Председатель ВКК                  Члены
   ---- ---- ---- --- --- кесу сызығы -линия отреза--- --- --- --
5. МӘСК дәйектемесi_____________________________________________
    Заключение МСЭК
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
6. Әлеуметтiк-еңбекке қатыстыру жөнiндегi ұсыныстар_____________
    Рекомендации по социально-трудовой реабилитации______________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
7. Денсаулық жағдайы жақсарту жөнiндегi ұсыныстар_______________
    Рекомендации по медицинской реабилитации
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

    МӘСК төрағасы ________________Жiберiлген уақыты
    Председатель МСЭК             Дата отправки "__"_________199_ж.                                                                   г.