ҚР Көлiк және коммуникациялар министрінің м.а. 2005.08.05. N 260 бұйрығынан үзінді:
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ведомстволық нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасы заңнамасымен сәйкестікке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кеме қатынасы үшін ашылған ішкі су жолдарын пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 1995 жылғы 21 маусымдағы N 130 бұйрығымен бекітілген, Әділет министрлігінде 1995 жылғы 6 қыркүйекте 86 нөмірмен тіркелген Кеме қатынасы үшін ашылған ішкі су жолдарын пайдалану ережесінің күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Б.Қ.Уандықов) заңнамада белгіленген тәртіппен Кеме қатынасы үшін ашылған ішкі су жолдарын пайдалану ережесінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігін хабардар етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19.08. N 931 "Iшкi су жолдарын кеме қатынасының санатына енгiзу тәртiбi туралы" қаулысының негiзiнде бұйырамын:
1. Қосымшамен берiлген "Кеме қатынасы үшiн ашылған iшкi су жолдарын пайдалану Ережесi" бекiтiлсiн.
2. "Кеме қатынасы үшiн ашылған iшкi су жолдарын пайдалану Ережесi" белгiленген тәртiппен тiркелгеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
Министр
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникациялар
министрiнiң
1995 ж. "___"____________
N _________ бұйрығына
Қосымша
Кеме қатынасы үшiн ашылған iшкi су жолдарын
пайдалану Ережесi
I. Жалпы Ережелер
1.1. Кеме қатынасы үшiн ашылған iшкi су жолдарын пайдалану Ережелерi, бұдан былай IСЖПЕ деп аталады, ол Қазақстан Республикасы Су кодексiнiң 70-бабының, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 тамыздағы N 931 "Iшкi су жолдары кеме қатынасының санатына енгiзу тәртiбi туралы", 1994 ж. 21.12. N 1429 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк iшкi су жолдарының Ережесiн бекiту жөнiндегi", "Қазақстан Республикасы iшкi теңiз және аумақтық сулардың ластануын болдырмай Ережелерiнiң" негiзiнде әзiрлендi.
1.2. Осы IСЖПЕ-нiң күшi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 тамыздағы N 931 қаулысымен бекiтiлген Тiзiмге сәйкес кеме қатынасы үшiн ашылған iшкi су жолдарына және олар орналасқан ғимараттарға (шлюздар, плотиналар, көпiрлер, өткелдер, кеме көтергiштер, дамбалар, айлақтар, су қоймалары, авариялық-жөндеу қоршаулары, әуе және су асты өткелдерге) жарамды.
1.3. Осы IСЖПЕ Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен әзiрленедi, бекiтiледi және күшiне енгiзiледi және "Қазақстан Республикасындағы Көлiк туралы" Заңның негiзiнде барлық кәсiпорындар, ұйымдар және жеке тұлғалар үшiн олардың ведомстволық қатыстылығы мен меншiк нысандарына қарамай мiндеттi болып табылады.
1.4. IСЖПЕ Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бекiтiлген "Өзен көлiгiн техникалық пайдалану Ережелерiнiң" N 3 Iшкi су жолдары және жол ғимараттары тарауына сәйкес келедi.
1.5. Кеме қатынасының мұқтажы үшiн iшкi су жолдарын пайдалануды реттеу Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Су көлiгi Департаментiмен жүзеге асырылады.
1.6. Iшкi су жолдарын күтiп ұстауға, оларда кемелердiң қауiпсiз жүруiне Мемлекеттiк бақылау жасау кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгiнiң Бас инспекциясымен жүзеге асырылады.
1.7. Кеме қатынасының мақсаттары үшiн iшкi су жолдарын пайдалану санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдарымен келiсiлуi тиiс.
2. Iшкi су жолдарын күтiп ұстау
2.1. Iшкi су жолдары мен жол ғимараттарын кеме қатынасының халiнде ұстау жол шаруашылығы кәсiпорындарымен немесе олардың бөлiмшелерiмен қамтамасыз етiледi.
2.2. Iшкi су жолдарын ұстау Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлкi жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң рұқсатын ала отырып, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң бұйрығымен басқа шаруашылық субъектiлерге тапсырылуы мүмкiн.
2.3. Жол шаруашылығы кәсiпорындарын басқару, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектiлердiң iшкi су жолдарын күтiп ұстауына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Су көлiгi Департаментiмен жүзеге асырылады.
2.4. Жол шаруашылығы кәсiпорындарының және басқа шаруашылық субъектiлердiң iшкi су жолдарын күтiп ұстауына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Су көлiгi Департаментiнiң кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi Бас инспекциясымен жолды жүйелi түрде инспекторлық қарау арқылы (навигацияда екi реттен кем емес) жүзеге асырылады.
2.5. Iшкi су жолдарын күтiп ұстау өте аз шығынмен кемелер мен құрамдардың қауiпсiз қозғалысын қамтамасыз етуге тиiс.
2.6. Жер снарядтарымен шектеулi қазу өзен сағаларының қайырылуынан болдырмай, тек сағалық партиялардың жоспарлары бойынша ғана әзiрленуi тиiс.
Бұл ережеден басқа өзгешелiктер Қазақстан Республикасының су ресурстары жөнiндегi Комитеттiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Су көлiгi Департаментiмен белгiленедi.
2.7. Заңды және жеке тұлғалардың, соның iшiнде шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк iшкi су жолдарын пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiмен және үкiметаралық келiсiмдерiмен анықталатын тәртiпте және мөлшерде төлемдер алынады.
2.8. Кеме иелерi кемелер жүзуiнiң экологиялық қауiпсiздiгi, су ортасын кемелердiң шаруашылық-фекальдық, слань асты (льялдық) сулармен, қоқыспен, мұнаймен, мұнай өнiмдерi және басқа адам өмiрi мен су қоймаларындағы тiршiлiкке зиянды заттармен ластануын болдырмау жөнiндегi шараларды қабылдауға мiндеттi.
2.9. Кеме иелерiнiң "Iшкi жүзулерде кемелердiң ластауын болдырмау жөнiндегi Ережелердi" орындау бақылауды Қазақстан Республикасы Теңiз және Өзен Регистрi, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы су ресурстары жөнiндегi комитетi және Экология және биоресурстар министрлiгi органдары жүзеге асырады.
Кеме иелерi СанПиН N 4630-88 "Су беттерiн ластанудан қорғау", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Теңiз және Өзен Регистрiнiң "Кемелердiң iшкi жүзулерiнде ластауды болдырмау Ережелерiнiң" талаптарын 1 және 2 санатты су пайдалану қоймаларында сақтауға мiндеттi.
3. Iшкi су жолдарының габариттерi
3.1. Iшкi су жолдарында мемлекеттiк су жолдарының күтiп ұсталуы тапсырылған жол шаруашылығы кәсiпорындарымен немесе шаруашылық субъектiлерiмен су жүрiсiнiң габариттерi (тереңдiгi, енi, оның осiнiң айналу радиусы) кепiлденедi.
3.2. Су жүрiсiнiң тереңдiгi мен енi бойынша кепiлденген габариттерi судың нақты деңгейiне байланысты ең аз ретiнде де дифференциальды ретiнде де белгiленедi.
3.3. Кепiлдi габариттерi бар су жолдарының тiзiмi, аталмыш габариттер ұсталатын кеме жолдары мен кеме жолдары деңгейiнiң кепiлдi габариттерiнiң ең аз өлшемi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Су көлiгi Департаментiмен бекiтiледi.
3.4. Ұзындығы, енi, су үстi габаритi, кемелердiң, құрамдардың және басқа жүзу құралдарының батымдылығы мен жылдамдығы су жолдары мен жасанды ғимараттардың техникалық өлшемдерiне сәйкес болуы тиiс.
3.5. Кемелер (құрамдар) мен су жолдары габариттерiнiң бiр-бiрiне қатыстылығы:
3.5.1. Өзен мен арналар түбiнiң ең аз су қорлары, см.
________________________________________________________________
Тереңдiгi, см | Барлық кемелер үшiн
|_______________________________________________
| Құнды және галкалы | Тасты грунтта
| грунтта |
________________________________________________________________
150-ден кем емес| 10 | 15
150-300 | 15 | 20
300-ден артық | 20 | 25
________________________________________________________________
Ескерту: 1. Қорлардың мәнi шектеулi учаскедегi жарияланған тереңдiк пен кеме тұрағының ең үлкен батымдылығының арасындағы айырманы көрсетедi.
2. Тереңдiгi бойынша шектелген учаскелерден өткен кезде кеме иелерi қайырлану деген нәрсенi ескеруi және кеме жылдамдығын төмендету немесе қосымша буксирлеушiнi қатыстыру жолымен оны азайту үшiн шаралар қабылдауы тиiс; бұл шаралар жеткiлiксiз болған кезде - тиiстi батымдылық (тиеу) азайтылады.
3.5.2. Шлюздар түбiндегi су қорлары
________________________________________________________________
Табалдырық тереңдiгi | Шлюз табалдырығындағы су қорлары,
см | см тасты немесе бетонды
_______________________________________________________________
100-ге дейiн | -
100-ден аса | -
250-ге дейiн | 25
250-ден аса | 40
________________________________________________________________
3.5.3. Шлюздiң енi мен ұзындық қорлары
Енi 10 м дейiнгi шлюздегi кеме борты мен шлюз қабырғаларының арасы әрбiр борт жағынан 0,2 м, енi 18 м дейiнгi шлюзде 0,5 м болуы тиiс.
Шлюздан өту кездегi жалғыз кеменiң ұзындығы оның камерасының пайдалы ұзындығынан кем болуы тиiс: ұзындығы 50 м дейiнгi шлюзде - 1м, ұзындығы 51-ден - 100 дейiнгiде - 2 м, 101-ден 150 м дейiнгiде - 4 м, 151-ден 210 м дейiнгiде - 6м және ұзындығы 210 ден артық шлюздарда - 10 м болады.
3.6. Тiректiң немесе кеме жолдарының ең аз деңгейiндегi тұрақтың iшкi қырларының (кiрме бөлiгiнiң конструкциясын ескере отырып) арасындағы енi бойынша және биiктiгi бойыншакөпiр құрылысы аралығының төменгi белдiгiнiң есептiк (кеме қатынасы мен ағызбалы өзендерде көпiр габариттерiн жобалау қалыптары бойынша және көпiрлердi жайғастырудың негiзгi талаптары бойынша) су жолдары деңгейiнен жоғарлығының ара қашықтығымен анықталатын кеме жүрiсiнiң көпiр аралық габариттерiн жобалаудың пәрмендi қалыптарына сәйкес жобалау ұйымдарымен белгiленедi және жол шаруашылығы кәсiпорындары мен кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi (төменгi белдiгi қисайған жиектi көпiрлер үшiн габариттер белдiктiң қисайған бөлiгiнiң ең төменгi нүктесiнен белгiленедi). Бас инспекциясының келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Су көлiгi Департаментiмен бекiтiледi.
3.6.1. Осындай тәртiппен труба құбырлары, су асты кабельдерi, ауа өткелдерi үшiн габариттер (берiлген тереңдiктi қоса есептегенде) белгiленедi және бекiтiледi.
4. Iшкi су жолдарының навигациялық қоршаулары
4.1. Iшкi су жолдарының навигациялық қоршаулары кемелердiң қауiпсiз жүзу жағдайларын құру үшiн және iшкi су жолдарында жасанды ғимараттардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн арналған.
4.2. Iшкi су жолдарының навигациялық қоршауларының күтiп ұсталуы навигациялық белгiлер мен оттарды қою және қызмет көрсету, өлшеу, тральды және тереңдiк тазалау жұмыстарын жүргiзуден, сондай-ақ жол жағдайларының күйi мен өзгеруi туралы кеме иелерiнiң ақпарларынан тұрады.
4.2.1. Жалпы пайдаланымдағы iшкi су жолдарында аталған жұмыстар Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң бұйрығымен жолдың күтiп ұсталуы тапсырылған шаруашылық субъектiлермен немесе жол шаруашылығы кәсiпорындарының қызметкерлерiмен орындалады.
4.2.2. Темiр жол, автожол, коммунальды және қалқымалы көпiрлерде, су асты және әуе өткелдерiнде, су жинау және су шығаруда оларды сақтау мен кемелердiң қауiпсiз жүзу жағдайын құруға арналған қондырғылардың және кеме қатынасындағы белгiлер мен оттардың күтiп ұсталуы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк iшкi су жолдары туралы Ереженiң" 9,10 тармақтарына сәйкес осы жасанды ғимараттардың иелерiмен жүргiзiледi.
4.2.3. Судың кiрме жолдары мен кемежай алаңында, айлақтарда, затондарда, рейдтер мен басқа жалпылық емес пайдаланымдағы су жолдары учаскелерiндегi навигациялық қоршаулар мен қондырғылар осы алаңдар мен су жолдарының учаскелерiн пайдаланатын ұйымдар және кәсiпорындармен күтiп ұсталады.
4.2.4. 4.2.2. және 4.2.3. тармақтарда тiзiлген навигациялық қоршаулар мен белгілердi тиiстi жұмыс қалпында сақтау үшiн жауапкершiлiк осы алаңдар, жасанды ғимараттар мен су жолдарының учаскелерi пайдаланымына берiлетiн кәсiпорындар мен иеленушiлерге жүктеледi.
4.2.5. 4.2.2. және 4.2.3. тармақтарда көрсетiлген жұмыстар шарттар негiзiнде жол шаруашылығы кәсiпорындарымен орындалуы мүмкiн.
4.3. Навигациялық белгiлердiң номенклатурасы, олардың тағайындылығы, сигнал қалқандарының түрi мен бояуы, оттардың түсi мен сипаттамасы пәрмендi стандарт Мемст 26600-85 "Iшкi су жолдарының навигациялық белгiлерi мен оттары" Жалпы техникалық жағдайлармен анықталады.
4.4. Жағалық және жүзу белгiлерiндегi навигациялық оттар кесесiнен жарық түсiрген кезде азаматтық кешқұрымға сәйкес келетiн (Күннiң горизонттан 3 градус төмен болған кезiнде) 40-100 лк кем емес құраммен жарық түсiруi тиiс.
Ғимараттардағы навигациялық оттар Күннiң батысынан шығысына дейiн жарық беруi тиiс.
4.5. Навигациялық қоршау құралдарының әсер ету мерзiмi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Су көлiгi Департаментiмен белгiленедi.
4.6. Швартовка жасау немесе кемелердi шығару үшiн су жолдары сигнал белгiлерiн (қалқандарын, бакендерiн, қалқыларын, буйларын және т.б.) пайдалануға тыйым салынады, осы белгiлердi зақымдауға немесе өз мақсатымен оларды пайдалануды жарамсыз ету.
4.7. Егер кеме немесе жүзу құралы су жолының сигнал белгiсiн зақымдаса немесе орнын ауыстырса кеме иесi жедел түрде бұл жөнiнде жолдағы құзырлы органды хабардар етуi және акт құрастырып, оны кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгiнiң Бас инспекциясына жөнелтуi тиiс.
4.8. Әрбiр кеме иесi жолдағы сигнал белгiлерiндегi iс-әрекеттерде байқалған барлық зақымдану жайлары туралы (сөнген от, бакеннiң, буйдың ауысуы, белгiнiң зақымдануы және т.б.) жақын арадағы жол шаруашылығы құзырлы органдарына жедел түрде хабарлауға тиiстi.
4.9. Жол шаруашылығы кәсiпорындары iшкi су жолдары қоршауларының барлық iстен шығу жағдайларына акт жасайды және оларды кеме қатынасы және теңiзде жүзу қауiпсiздiгi Бас инспекциясына жiбередi.
4.10. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң бұйрығымен су жолдарының күтiп ұсталуы тапсырылған жол шаруашылығы немесе шаруашылық субъектiлердiң мемлекеттiк кәсiпорындарына келтiрiлген шығынды өтеу кеме иелерiнiң мiндетiне.
4.11. Кеме қатынасы үшiн ашылған Iшкi су жолдарын пайдалану Ережелердiң бұзылған жағдайында "Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарында көлiк оқиғаларын тiркеу мен топтау туралы ереженiң" негiзiнде кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi Бас инспекциясымен зерттеу жүргiзiледi.
5. Жасанды гидротехникалық ғимараттар
5.1. Гидротехникалық ғимараттарды пайдалану "Кеме қатынасындағы гидротехникалық ғимараттарды техникалық пайдалану Ережелерiне" сәйкес кеме қатынасының қауiпсiздiгi мен гидротехникалық ғимараттардың жарамдылығын қамтамасыз етуi тиiс.
5.2. Iшкi кеме қатынасы жолдарының шлюздары арқылы кемелердi, құрамдарды және басқа жүзу құралдарын өткiзу осы Ережемен анықталады.
5.2.1. Кеме қатынасы шлюздерiнiң шекарасына жақындаған кезде флот қозғалысын ұйымдастыру, кемелердi, құрамдарды және басқа жүзу құралдарын кеме қатынасы шлюздары арқылы өткiзуге дайындау кеме иелерiмен жүзеге асырылады.
5.2.2. Кеме қатынасының шлюздары арқылы кемелердi, құрамдарды және басқа жүзу құралдарын өткiзуге ұйымдастырудың негiзi - шлюздың вахталық бастығының атына жазылған шлюздану өтiнiшi болып табылады.
5.2.3. Кесте бойынша жұмыс iстейтiн жолаушы, жүкжолаушы кемелердi және басқа кемелердi өткiзу олардың қозғалыс кестелерiне сәйкес жоспарланады.
5.2.4. Қалған фотоларды өткiзу мына кезекпен өтiнiш берiлген уақытқа сәйкес қамтамасыз етiледi:
бiрiншi кезек - 1 сыныпты жүгi немесе оның қалдықтары бар танкерлер және мұнай құятын құрамдар, қопарылғыш және уланғыш заттар бар кемелер, балық айлайтын және қабылдау-көлiк кемелерi.
екiншi кезек - арнайы объектiлер және техникалық флот кемелерi;
үшiншi кезек - құрғақ жүктi өздiгiнен жүзетiн кемелер және сүйремелi құрамдар, мұнай құю құрамдары мен 1-2 сыныпты жүктерi бар танкелер;
төртiншi кезек - құрғақ жүктi буксирленетiн құрамдар.
апаттарды жоюға бара жатырған кемелер, барлық жағдайларда да, шлюз арқылы кезексiз өткiзiледi.
5.2.5. Шлюздардың вахталық персоналдары кезекпен белгiленген қатаң тәртiпте кемелердi өткiзудi, кемелерге флотты өткiзу мен шлюздарға кiру кезiнде жүзi ережелерiне қатысты өкiмдер мен ақпарларды тапсыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
5.2.6. Кемелердiң бiрлесiп шлюздануы мына тәртiпте рұқсат етiледi:
жолаушы және құрғақ жүктi кемелi жүкжолаушы кемелерi (құрамдармен) және техникалық флот кемелерi;
кез келген сыныпты жүктерi бар (немесе олардың қалдықтарымен) мұнай құю құрамдары және танкелер;
III-IV сыныпты жүктерi (немесе оның қалдықтары), құрғақ жүктi кемелерi мен құрамдары бар мұнай құю құрамдары мен танкелер.
Шлюз камерасында бiрлесiп шлюздау кезiнде кемелердi кiргiзу мен жайғастыру, сондай-ақ өртке қарсы тәртiп шаралары "Мұнай құю кемелерiндегi өрт қауiпсiздiгiнiң Ережелерiнiң" талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Мұнай құю кемелерiмен құрғақ жүк кемелерiнiң бiрлесiп шлюздануы кезiнде камбузды, пештi және ашық оттары тұтатуға тыйым салынады.
Жолаушы жедел кемелер басқа кемелермен бiрлесiп шлюздануы кезiнде шлюзге соңынан кiредi және камерада тұрған кезiнде траверза жағынан басқа кемелер тұрмайтындай болып орналасады.
5.2.7. Шлюздануды күтiп тұрған рейдтегi кемелердi орналастыру шлюздануға кезекте тұрған кемелердiң шлюзға қауiпсiз кiруiн ескере отырып, кемежай диспетчерiнiң көрсетуi бойынша жүргiзiледi.
5.2.8. Шлюз шекарасына жақындаған кезде кемелердiң вахта бастықтары радио байланысының УҚТ бойынша шлюздың вахта бастығынан шлюздану тәртiбi туралы нұсқаулар сұрайды.
5.2.9. Кiру арналарына және айлақ станкаларына орналасуға рұқсатты шлюздың вахта бастығы бередi.
5.2.10. Шлюз вахта бастығының мiндеттерi:
- кемелердiң, құрамдар мен басқа жүзу құралдарының шлюз шекараларындағы қозғалысын басқарады (қашықтағы светофорлар);
- айлақ қабырғаларында және шлюз камерасында кемелердiң, құрамдар мен басқа жүзу құралдарының орналасуын шлюз камерасының пайдалы ауданын тиiмдi қолдануды, метеорологиялық жағдайларды, сондай-ақ осы Ережеде көрсетiлген
5.2.4. және 5.2.6. тармақтардың нұсқауларын ескере отырып басқарады.
- кемелердiң, құрамдар мен басқа жүзу құралдарының шлюз камерасына кiруiн, бiр камерадан екiншi камераға өтуiн және шлюздан шығуын жариялайды;
- шлюзданатын барлық кемелердiң, құрамдардың және басқа жүзу құралдарының швартовкалануы аяқталған соң және бұл жөнiнде радио байланысы УҚТ немесе белгiленген дыбыс сигналдары бойынша вахта бастықтары жариялағаннан соң ғана шлюздану процесстерiн бастайды;
- жоғарғы бъефтегi шлюздың айлық қабырғаларында орналасқан кемелердiң швартовкалануы аяқталғаннан соң ғана шлюз камерасының жоғарғы кiрме арнадан сумен толтырылуын бастайды;
- шлюздану процесi кезiнде кеменiң iлiнiп қалуы немесе швартовкылардың үзiлiп қалуы жағдайларында, сондай-ақ шлюзға кiрердегi кеменiң қалқыған мұзға сыналанып қалған кезiнде жедел нұсқауларда қарастырылған апаттарды болдырмау шараларын қабылдайды.
- шлюзданатын кемелердiң вахта бастықтарын кiрме арналарында келе жатырған және тұрғызылған кемелер, құрамдар және басқа жүзу құралдары, сондай-ақ жол жағдайының өзгерiстерi мен iстен шығулары туралы, кiрме арналарындағы уақытша қойылған белгiлер және т.б. туралы хабардар етедi.
5.2.11. Шлюз айлық қабырғаларындағы кемелердi, құрамдарды, басқа жүзу құралдарын орналастыруға, шлюздану тәртiбi мен шлюз камерасында орналастыруға қатысты шлюз вахта бастығының өкiмдерiн барлық кемелердiң вахта бастықтары орындауға мiндеттi, әрi олар осы өкiмдердi алғанын радио байланысы УҚТ немесе "Мен Сiздi түсiндiм" деген дыбыс сигналы арқылы растауға мiндеттi.
Егер кеменiң вахта бастығы алынған өкiмдi орындалмайды деп есептесе (кеменiң немесе құрамның маневрлiк ерекшелiктерiне байланысты) онда ол бұл жөнiнде шлюз вахтасы бастығына хабарлауы және келiсiлген шешiм қабылданғанға дейiн ешқандай әрекет жасамауы тиiс.
5.2.12. Қопарылғыш және улы заттары бар барлық кемелер айлақ қабырғаларына тоқтаусыз шлюзға кiредi.
5.2.13. Шлюздың айлақ қабырғаларына кемелердiң, құрамдардың және басқа жүзу құралдарының кiруi қашық светофорда жасыл сигнал болған кезде ғана рұқсат етiледi.
5.2.14. Кемелердiң, құрамдар мен басқа жүзу құралдарының шлюз камерасына, бiр камерадан басқа камераға (көп табалдырықты шлюздар) кiруi және камерадан шығуы кiру светофорының жасыл сигналында ғана және шлюз вахта бастығының радио байланысы УҚТ (қатты сөйлеу байланысы бойынша кемелерде радио байланысы УҚТ жоқ болған кезде кезiнде) бойынша кiру және шығу кезектерi жөнiнде кемелердiң вахта бастығына хабарлауы арқылы ғана рұқсат етiледi.
5.2.15. Светофорда сигналдың жоқ болуы тыйым салу сигналы (қызыл түрде тиiстi) болып табылады. Бұл жағдайда шлюздың вахта бастығының шлюз бен кеменiң вахта журналында ресiмделiп жазылған рұқсаты арқылы ғана кеме қозғалысы жалғастыруына болады.
5.2.16. Шлюздану кезiндегi кеме вахта бастықтарының мiндеттерi:
шлюзға кiрер алдында мiндеттi түрде руль басқару және ДАБ iс-әрекетiн, бас қозғалтқыштардағы жiберу баллондарында ауа барлығын және зәкiр бекiтiлуiнiң мықтылығын тексередi, әрi ол туралы вахта журналына жазады және кеменiң шлюздануға дайындығы туралы радио байланысының УҚТ бойынша шлюз вахта бастығына хабарлайды;
шлюзды жиналған мачталармен (жоғары габариттiк өлшемдермен басқарылатын шлюздарда) өту; жиналған стрелалармен жүзу крандарын өткiзу;
шлюздың вахта бастығымен радио байланысы УҚТ бойынша тұрақты хабарласып тұрады;
қозғалыс кезiнде жеткiлiктi басқарылуы және кеменiң швартовкалануы көрсетiлген орында тоқтауы қамтамасыз етiлетiн ең аз жылдамдықпен шлюзға кiредi, бұл жағдайда екi немесе одан көп бас қозғалтқыштары бар кемелерде олардың бiреуi кез келген жағдайда шлюз қақпасының босағасынан кеменiң (құрамның) мұрын жағымен өткен мезетiнде кейiнгi шағын жүрiс тәртiбiне қойылады;
шлюздың вахта бастығына радио байланысы УҚТ немесе белгiленген сигналдар бойынша камерадағы кеме швартовкалануының аяқталғаны жөнiнде хабарлайды.
5.2.17. Шлюздану кезiнде кеменiң капитаны осы шлюздан өту жағдайларын, штурмандардың тәжiрибесi мен iскерлiгiн және қажет болуына қарай (әсiресе жоғарғы бъеф жағындағы қозғалыс кезiнде) басқаруды жеке басына қабылдайды немесе осыны бiрiншi штурманға тапсырады.
Шлюзданатын кемелердiң, құрамдар мен вахтадағы басқа жүзу құралдарының барлық экипаж мүшелерi өздерiнiң штаттық орындарында болуға мiндеттi.
5.2.18. Кемелер, құрамдар және басқа жүзу құралдары шлюз камераларында орналастырылу кезiнде камераның пайдалы ұзындығын шектейтiн стопсигналдар шеңберiнде болуы тиiс.
5.2.19. Көп табалдырықты шлюздарда кемелер мен құрамдардың қарама-қарсылық шлюздануына рұқсат етiлген. Қарама-қарсылық шлюздануға I және II сыныпты жүктерi немесе олардың қалдықтары бар мұнай құю кемелерiн және қопарылғыш және улы заттары бар кемелердi қоспағанда осы Ереженiң
1.4. тармағына сәйкес белгiленген қорлармен габариттiк көлемдер бойынша өтетiн барлық түрдегi құрамдар мен жалғыз кемелер жiберiледi. Қарама-қарсылық шлюздануды жүргiзу мен кемелер мен құрамдардың бiр камерадан басқаға өту кезегi туралы шешiмдi шлюз вахта бастығы қабылдайды.
5.2.20. Шлюздануға осы Ереженiң 1.4. тармағының талаптарына сәйкес мәлiметтi техникалық жарамды кемелер мен құрамдар ғана жiберiледi.
Шлюздануға мыналар жiберiлмейдi:
мұнай өнiмдерi тесiлiп ағып тұрған мұнай құю кемелерi;
зәкiрлерi көтерiлмеген, зәкiрлерiнде бөгде заттар бар (тростар, сымдар және басқа заттар), сүйретiлген цептерi мен тростары бар кемелер.
корпустың немесе қондырманың зақымдалған элементтерi, жүк бөлiгi немесе басқа заттары борт габаритiнен шығып тұратын кемелер.
кемелердiң, құрамдардың және басқа жүзу құралдарының техникалық қалпы және олардың шлюздануға дайындығы туралы ақпараттардың дұрыстығына жауапкершiлiк кемелердiң вахта бастығына жүктеледi.
5.2.21. Зәкiрдiң, рульдiң сұғындырманың өсу винттерiнiң, арнаға құлаған немесе арна жиегiндегi немесе шлюздағы жұлынған кнехтiлер мен басқа iрi габариттi бөлшектердiң барлық жоғалған жағдайлары туралы кемелердiң вахта бастықтары жедел түрде шлюз вахта бастығына хабарлауға мiндеттi.
5.2.22. Шлюздардың кiрме арналарында қозғалу кезiнде жедел кемелердiң қуып жетуiн қоспағанда, барлық түрдегi кемелер мен құрамдардың өзара бiрiн-бiрi қуып жетуiне тыйым салынған.
5.2.23. Айлақ қабырғалары мен шлюз камерасында кемелердiң швартовтануы тиiстi швартовтау арқандарымен жасалуы тиiс. Ұзындығы 30 м артық кемелер бiр бортымен ғана швартовтануы тиiс.
Кемелердiң вахта бастықтары шлюздану кезiнде кемелердiң арнайы айлақ қондырғыларында мықты швартовтануын және олардың қауiпсiз тұруын қамтамасыз етуi тиiс.
Шлюздардың айлақ тумбаларына швартовтануы кезiнде шлюздың вахта персоналдары кемелер мен плоттардың швартовкыларын қабылдауы, оларды тумбаларға мықтап бекiтуге, ал қажет болғанда оларды тумбадан тумбаға көшiруi тиiс. Жүзу рамаларына швартовтау кемелердiң вахта персоналдарымен жүзеге асырылады.
5.2.24. Мыналарға тыйым салынған:
швартовтану мақсатына арналмаған конструкциялар мен басқа заттарды швартовтау;
кемелер қозғалысының инерциясын төмендету үшiн жүзу рымдарын пайдалану;
шлюздану қажет болмайтын көлiк флотының құрамдары мен кемелерге шлюздың айлақ қабырғаларына тұруға және кiрме арналарына кiруге;
кемелердiң аралық светофорға, ол жоқ жерде сигналына жақын қарама-қарсы шлюзданудың аяқталуын күтiп айлақ қабырғаларында аялдауына;
қысым дамбаларының жанына кемелердiң кiруi мен швартовтануы;
шлюз басшылығымен келiсiлмей көлiк флоты кемелерiнiң кiрме арналардың шеңберу мен айлақ қабырғаларында тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзуге;
шлюздардағы айлақ қабырғаларының жиегi мен жағалардағы бетон бекiнiстерiнiң жанында кемелер мен құрамдардың зәкiрге тұруына (аталмыш жерлерде зәкiр тастау өте ерекше жағдайларда ғана болады, мысалы кеменiң тоқтауы басқа әдiспен мүмкiн болмағанда, ал бұдан әрi қозғалу апатқа ұшырататын болса);
арнайы бөлiнген және тиiстi түрде жабдықталған орындарды қоспағанда құлама жағалар мен гидротораб жиегiндегi жарғаларда кемелердiң швартовты сынақтарын жүргiзу;
шлюздану кезiнде кемелердiң жолаушылары мен команда мүшелерiнiң шлюз аймағына шығуына (апат жағдайлары немесе ауруларды құтқаруды қоспағанда);
кемелерге радиохабарларының қатты сөйлеу қондырғыларын қосу мен жұмыс жасау;
шлюз камерасы мен кiрмелерде прожекторларды пайдалану кезiнде кемелердiң рубкалары мен шлюзды пульттiк басқару жайларына жарық түсiру;
қоқым мен шлакты борт сыртына тастау;
шлюз қабырғаларының, палдық және айлақ қабырғаларының бетiне жазу мен басқа белгiлердi салуға;
5.2.25. Осы Ережелердiң , сондай-ақ гидротехникалық ғимараттардың бұзылған жағдайында шлюз вахта бастығының кеме капитанынан бұзылу жасалған себептер мен жағдайлары жөнiнде жазбаша түсiнiктеме алғанға дейiн кеменiң одан әрi қозғалуына тыйым салуға құқығы бар.
Сонымен қатар, шлюз вахта бастығы гидротехникалық ғимарат ауданы басшыларына және ең жақын кеме қатынасы инспекциясына болған бұзылулар туралы жедел түрде мәлiмдеуге мiндеттi.
5.3. Шағын өлшемдi флоттардың шлюздануы тек қана үлкен кемелермен бiрге жүргiзiледi.
Шағын кемелердiң швартовтануы үлкен кемелердiң бортында жүзеге асырылады.
6. Iшкi су жолдарының зақымдануы.
6.1. Кемелердi қайраңға отырғызу. Кедергiлер.
6.1.1. Қайраңға отырған немесе суға батқан кеменiң немесе бөлшектенген құрамның кеме иесi, егер бұл жағдайда судың жағалық жиектерi ластанған болса бұл жөнiнде қысқа мерзiм iшiнде жақын арадағы жол шаруашылығы кәсiпорындарына, сондай-ақ табиғат қорғау органдарына хабарлауы және ластануды болдырмау жөнiнде шаралар қабылдауы тиiс. Қайраңға отырған немесе суға батқан кеменiң иесi немесе экипаж мүшелерiнiң бiрi құзырлы органдардан өз орнын босатуға рұқсат алған мезетке дейiн бортта немесе апат болған жерге жақын жерде қалуы тиiс.
6.1.2. Егер кеме, құрам немесе басқа жүзу құралдары қайраңға отырса, фарватерде немесе оған жақын жерде суға батқан болса, бұл қажет болмаған жағдайларды қоспағанда, осы кеменiң немесе құрамның иесi қысқа мерзiм iшiнде iшкi су жолдарында жүзу Ережелерiнде қарастырылған сигнал көтеру мiндеттерiн сақтай отырып, жақындаған кемелер мен құрамдарды тиiстi жерлерде және апат болған жерден қашықтау жерде, бұл кемелер мен құрамдар дер кезiнде тиiстi шаралар қабылдай алуы үшiн оларды ескертуi тиiс.
6.1.3. Кеме, құрам немесе басқа жүзу құралы қандай да бiр затты жоғалтса, егер бұл зат ластану көзi болып табылса, соның нәтижесiнде кеме қатынасы үшiн қауiп туындауы мүмкiн болғанда кеме иесi жедел түрде бұл жөнiнде жақын арадағы жол шаруашылығы кәсiпорындарын, сондай-ақ табиғат қорғау органдарын зат жатырған жердi дәл көрсетiп, хабарлауға мiндеттi. Бұдан басқа ол мүмкiндiгiне қарай осы орынды қадамен белгiлеуi тиiс.
6.1.4. Егер кеме немесе құрам су жолдарында ыбырсыған белгiсiз кедергiлердi кезектiрсе кеме иесi бұл жөнiнде жедел түрде жақын арадағы жол шаруашылығы кәсiпорындарына кедергiнiң дәл орнын көрсете отырып, хабарлауға мiндеттi.
6.1.5. Егер қайраңда қалған немесе батқан кеме, құрам немесе басқа жүзу құралы, немесе кемемен құраммен жоғалтылған зат толық немесе жартылай фарватердi ыбырсытса, онда кеме, құрам немесе басқа жүзу құралының иесi қысқа мерзiм iшiнде фарватердi босатудың барлық шараларын қабылдауы тиiс.
6.1.6. Адамдар үшiн қауiптi немесе фарватердiң ыбырсуына әкелiп соғатын апатқа ұшыраған кемеге, құрамға немесе басқа жүзу құралына жақын арадағы әрбiр кеме иесi, өзiнiң меншiктi кемесiне қауiп төнетiн болғандықтан жедел түрде көмек көрсетуге тиiс.