Басшылар мен мамандардың еңбектi қорғау жөнiндегi бiлiмiн тексерудiң тәртiбi туралы
Үлгi Ереже
1. Осы Үлгi ереже тiкелей өндiрiстегi жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзуге байланысты басшылардың, инженерлiк-техникалық қызметкерлер мен мамандардың, сондай-ақ мекемелерде, оқу орындарында, ғылыми-техникалық институттарда, шаруашылықтар мен кәсiпорындарда (бұдан әрi - кәсiпорындар) меншiк және лауазымдық мiндеттерiмен және орындалатын жұмыстың сипатымен айқындалған бiлiктiлiк талабының ауқымындағы шаруашылық нысандарына тәуелсiз өндiрiстiк бiрлестiктерде, ассоциацияларда, корпорацияларда, концерндерде, холдингтерде, ведомстволарда, министрлiктерде (бұдан әрi - басқару органдары) жұмыстың қауiпсiз жүргiзiлуiне бақылау мен техникалық қадағалауды жүзеге асыратын, сондай-ақ адамдардың (бұдан әрi - басшылар мен мамандар) еңбектi қорғау жөнiндегi бiлiмiн тексерудiң мiндеттi тәртiбiн белгiлейдi.
2. Осы Үлгi ереженiң негiзiнде басқару органдары бiлiмi еңбектi қорғау бойынша тексерiлуге жататын қызметкерлердiң лауазымдарының тiзбесiмен өздерiнiң салалық Ережелерiн әзiрлеп, бекiтедi, оларды Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң Еңбектi қорғау департаментiнiң Еңбектi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясымен (бұдан әрi - Еңбектi қорғау жөнiндегi меминспекция) келiседi.
Жоғарыда аталған басқару органдарына кiрмейтiн кәсiпорындар өздерiнiң Ережелерiн жасап, оларды Еңбектi қорғау жөнiндегi меминспекцияның аймақтық органдарымен келiседi.
3. Басшылар мен мамандардың еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi бiлiмiн тексерудi еңбектi қорғау жөнiндегi бiлiм тексеруiнен өтуге мiндеттi басшылар мен мамандардың лауазымдарының Тiзбесiне сәйкес (N 1 қосымша) басқару органдарында, кәсiпорындарда және еңбектi қорғаудың аймақтық басқармаларында тұрақты жұмыс iстейтiн емтихан комиссиялары жүргiзедi. Комиссиялардың құрамын жоғарыда аталған ұйымдардың басшылары бекiтедi.
4. Басқару органдары мен кәсiпорындардағы емтихан комиссияларын олардың басшылары басқарады.
Бiлiмi тексерiлуге жататын қызметкерлерi көп кәсiпорындарда бiрнеше емтихан комиссиясы болуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда еңбектi қорғау жөнiндегi бас техникалық жетекшiлер мен осы кәсiпорындардың басшыларының орынбасарлары төрағалар болып тағайындалады.
Комиссиялар емтихан алынатындардың бейiнi мен мамандығына сәйкес мамандардан құрылады. Олардың құрамына кәсiпорынның еңбектi қорғау қызметiнiң қызметкерлерi, бас және жетекшi мамандар (механиктер, энергетиктер, технологтар), кәсiподақ ұйымдарының өкiлдерi, әскерилендiрiлген тау-кен-құтқару бөлiмдерi (ӘТҚБ) мен тау-кен-құтқару қызметтерiнiң (ТҚҚ) командирлерi, оқу-курсы комбинаттарының басшылары және Еңбектi қорғау жөнiндегi меминспекциясының, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Өнеркәсiпте жұмыстың қауiпсiз жүруiн қадағалау және тау-кен қадағалау жөнiндегi комитеттiң (Мемкенқадағалау), Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның, Қазақстан Республикасы Мемэнерго қадағалаудың бас басқармасының, Қазақстан Республикасы Iшкiісминiнiң Өрттен қорғау жөнiндегi бас басқармасының (бұдан әрi - Мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдары) өкiлдерi енгiзiледi. Мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдарының комиссияға қатысу қажеттiлiгiн сол органдардың өздерi айқындайды.
5. Емтихан комиссиясын құруға саны аздық ететiн кәсiпорындардың басшылары мен мамандарының бiлiмiн тексеру базалық кәсiпорындардың комиссияларында немесе Еңбектi қорғау жөнiндегi меминспекция органдарының немесе оның аймақтық басқармаларының арнаулы рұқсаты (лицензиясы) бар мамандандырылған орталықтарда жүргiзiледi. (2 қосымша)
6. Емтихандарды ұйымдастыру мен өткiзу басқару органдарының, кәсiпорындардың басшылары мен емтихан комиссияларының төрағаларына жүктеледi. Емтихан қабылдау бекiтiлген кесте бойынша жүргiзiледi. Кесте емтихан басталардан бiр ай бұрын комиссияларының барлық мүшелерiне жiберiлуi тиiс.
Емтихандар қабылдаудың датасы мен орны туралы емтиханнан өтушiге 15 күн бұрын ескертiлуi тиiс.
7. Құрамы үш адамнан кем комиссияның емтихан қабылдауына жол берiлмейдi.
8. Емтихан комиссияларының құрамына енгiзiлген кәсiпорындардың басшылары мен мамандары олардың жұмысына басқару органдарының комиссияларында немесе Еңбектi қорғау жөнiндегi меминспекциясының аймақтық органында емтихан тапсырған соң ғана қатыса алады.
9. Емтихан аралығындағы кезеңде басшылар мен мамандардың еңбек қорғау жөнiндегi бiлiмiнiң деңгейiн арттыру үшiн басқару органдары мен кәсiпорындарда олардың басшылары бекiткен жұмыс жоспарларына сәйкес курстар, семинарлар, лекциялар, консультациялар ұйымдастырылады.
10. Емтихан комиссиялары басшылар мен мамандардың мына тұрғыдағы бiлiмiн тексередi.
"Еңбектi қорғау туралы", "Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғау туралы", "Халықтың санитарлық эпидемиологиялық қолайлы жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары және басқаларды;
еңбек қауiпсiздiгi стандарттарының жүйесiн;
еңбектi қорғауды басқару жүйесiн;
авариялардың алдын алу және болдырмау жүйесiн;
электрмен жарақаттанудың алдын алу жөнiндегi негiзгi талаптарды;
өрт қауiпсiздiгiн. Өрттердi, жарылыстарды, аварияларды болдырмаудың әдiстерi мен құралдарын. Стихиялық зiл-залалар кезiндегi қызметкерлердiң iс-қимылы, өндiрiстiк санитария мен жеке гигиенаның негiзгi талаптарын;
еңбектi қорғаудың жай-күйiн мемлекеттiк, ведомстволық қадағалау мен қоғамдық бақылау туралы ережелердi;
еңбекшiлердiң өндiрiстегi бақытсыз жағдайлары мен денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және оларға есеп жүргiзу ережесiн;
өндiрiс процестерiнiң технологиялық режимi мен қауіпсiз жүргiзуiн қамтамасыз ететiн лауазымдық нұсқаулықтарды, паспорттарды, схемалар мен технологиялық регламенттердi;
жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) тағайындау мен қолдануды, ЖҚҚ берудiң тәртiбi мен нормаларын, оларды пайдалану мерзiмдерiн;
еңбек шартын, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимiн, әйелдер мен 18-ден жас адамдардың еңбегiн қорғауды жеңiлдiктер мен өтемақыларды;
зардап шегушiге алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерiн.
11. Басшылар мен мамандардың еңбектi қорғау жөнiндегi бiлiмiн тексеру еңбектiң қауiпсiз жүргiзiлуiн реттейтiн нормативтiк актiлер бойынша жүргiзiледi, оларды ұстану өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiне кiредi.
12. Емтихан билеттерi өндiрiс ерекшеліктерiн, басшылар мен мамандарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, жергiлiктi жағдайларды ескерiп әзiрленiп, оларды тұрақты жұмыс iстейтiн емтихан комиссияларының төрағалары бекiтiледi.
13. Еңбектi қорғау жөнiндегi бiлiмдi тексерудiң мынадай түрлерi белгiленедi: алғашқы, мерзiмдiк, кезектен тыс.
14. Қызметкер лауазымға тағайындалар кезде жоғарыда тұрған лауазымды адамнан мыналармен танысуы тиiс:
өзiне сенiп тапсырылған өндiрiстегi (учаскедегi, объектiдегi, кәсiпорындағы, бiрлестiктегi) еңбектiң жай-күйi мен қорғалуымен;
қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлардың әсерiнен жұмысшылар мен қызметшiлерге қолданылған қорғау құралдары туралы;
өндiрiстiк жарақаттану мен кәсiби аурулардың талдауымен;
еңбектiң жағдайы мен қорғалуын жақсарту жөнiндегi қажеттi шаралардың тiзбесiмен, сондай-ақ еңбектi қорғау жөнiндегi басшылық материалдарымен және лауазымдық мiндеттерiмен;
15. Лауазымы бойынша жұмыс iстеуге кiрiскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей олар тиiстi емтихан комиссиясынан еңбектi қорғау жөнiнде алғашқы бiлiм тексеруiнен өтуге мiндеттi.
Мерзiмдi түрдегi бiлiм тексеру үш жылда кемiнде бiр рет болады.
16. N 1 қосымшаның 1-тармағына сәйкес лауазымдардың тiзбесiне енгiзiлген басшылар мен мамандар мынадай жағдайларда еңбектi қорғау бойынша кезектен тыс бiлiм тексеруiнен өтуге мiндеттi.
еңбектi қорғау бойынша жаңа немесе қайта қаралған нормативтiк құжаттар қолданысқа енгiзiлген кезде;
жаңа жабдық немесе жаңа технологиялық процестер пайдаланылуға берiлгенде;
қызметкердi еңбектi қорғау бойынша қосымша бiлiмдердi талап ететiн басқа жұмысқа ауыстырғанда немесе оны басқа лауазымға тағайындағанда;
өлiммен немесе мүгедектiкпен аяқталған топтық-бақытсыз жағдайларға жол берiлгенде, сондай-ақ авария, жарылыс, өрт немесе улану пайда болғанда;
Мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдарының талабы бойынша;
жұмыста бiр жылдан астам үзiлiс болғанда.
Кезектен тыс бiлiм тексеру жекелеген құжаттардың шегiнде өткiзiлуi мүмкiн, олардың тiзбесiн аталмыш тексеруге нұсқау беретiн орын белгiлейдi.
17. Бiлiмдi тексеру нәтижелерi хаттамамен рәсiмделедi, оған емтихан комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қолдарын қояды (N 3 қосымша).
Бiлiм тексеру хаттамалары еңбектi қорғау қызметiнде немесе кадрлар бөлiмiнде кемiнде 6 жыл сақталады.
Жоғары қауiптi өндiрiстiк басқару органдары мен кәсiпорындарда еңбек ережелерi бойынша емтихан тапсырған адамдарға куәлiк берiледi, оларға емтихан комиссиясының төрағасы мен мүшесi - Мемлекеттiк қадағалау және бақылау органының инспекторы қол қояды (N 4 қосымша).
Еңбектi қорғау жөнiнде емтихан тапсырғаны туралы куәлiктiң болуы басшы мен маманды осы Ереженiң 10-тармағында көрсетiлген мәселелер бойынша бiлiмiн iшiнара тексеруден босатпайды.
18. Еңбектi қорғау бойынша емтиханда қанағаттанғысыз бiлiмiн көрсеткен адам кәсiпорындағы басшы және маман лауазымында бiр айдан кешiктiрмей қайта емтихан тапсырған жағдайда қалдырмауы мүмкiн.
Еңбектi қорғау бойынша екiншi емтихан тапсыра алмаған адамға қатысты материалдар оның жұмыс iстеп жүрген лауазымына сәйкестiлiгiн шешу үшiн кәсiпорынның аттестациялық комиссиясына берiледi.
Емтихан комиссиясының шешiмiне байланысты дауларды Еңбектi қорғау жөнiндегi меминспекция қарайды.
19. Еңбектi қорғау жөнiнде бiлiм тексерулерiн ұйымдастыру мен өткiзуге бақылау жасау басқару органдарының басшылары мен еңбектi қорғау қызметтерiне жүктеледi. Өздерi бақылау жасайтын объектiлер мен жұмыстарда Еңбектi қорғау жөнiндегi меминспекция мен мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдары бақылау құқығына ие.
20. Еңбектi қорғау жөнiнде бiлiмiн тексеруден жалтаратын басшылар мен мамандар жұмыстарынан босатылады, оларға осы Ереженiң 18-бабында көзделген шаралар қолданылады.
N 1-қосымша
Еңбектi қорғау бойынша бiлiм тексеруiнен өтуге мiндеттi басшылар мен мамандардың
ТIЗБЕСI
-----------------------------------------------------------------
N | Емтихан комиссиясының атауы | Еңбектi қорғау бойынша бiлiм
| және оның құрамы | тексеруiнен өтуге мiндеттi
| | басшы және инженерлiк-
| | техникалық қызметкерлердiң
| | тiзбесi
-----------------------------------------------------------------
1 | 2 | 3
-----------------------------------------------------------------
1. Министрлiктердiң ведомство. а) басшының орынбасары және
лары мен басқа да басқару өндiрiс мәселелерiмен
органдарының республикалық шұғылданатын бөлiмшелердiң
емтихан комиссиялары жетекшiлерi, холдинг компа.
Төраға-басқару органының ниялардың, корпорациялардың,
бiрiншi басшысы ассоциациялар мен басқа да
Мүшелерi: 1.Басшының бiрiншi басқару органдарының еңбектi
орынбасары қорғау қызметiнiң
қызметкерлерi
2.Еңбектi қорғау
жөнiндегi мемле.
кеттiк инспекция.
ның өкiлi
3.Мемкенқадағалау. ә) басқару органдары бар ғылыми
комның өкiлi өндiрiстiк және өндiрiстiк
4.Iшкiiсминi Мем бiрлестiктердiң, трестердiң,
лекеттiк өрт қада оларға теңестiрiлген
ғалаудың өкiлi ұйымдардың басшылары
5.Республикалық
санэпидстанцияның
өкiлi. Аталған комиссиялардан бiлiм
6.Республикалық мем. тексеруiнен өткен басшылардың
энергоқадағалаудың тiзбесiн Еңбектi қорғау
өкiлi жөнiндегi мемлекеттiк инспек.
цияның келiсуi бойынша бас.
қару органдарының бiрiншi
басшылары бекiтедi.
2. Аймақтық емтихан комиссиясы а) Ғылыми-өндiрiстiк,бiрлестiк.
Төраға:еңбектi қорғау жөнiн. терiнiң басшыларының орын.
дегi аймақтық басқарманың басарлары мен еңбектi қорғау
бастығы қызметiнiң жетекшiлерi
Төрағаның орынбасарлары: ә) Кәсiпорындардың басшылары,
аймақтық еңбектi қорғау еңбектi қорғау қызметiнiң
жөнiндегi бас мемлекеттiк басшылары, сондай-ақ осы кә.
инспекторы, Мемкенқадаға. сiпорындардың тұрақты түрде
лаукомы округының өкiлi жұмыс iстейтiн емтихан
комиссияларының мүшелерi
Мүшелерi:1.Мемэнергоқадаға.
лаудың өкiлi
2.Мемлекеттiк өрт
қадағалаудың өкiлi
3.Облыстық санэпид.
станцияның өкiлi
4. Кәсiподақ органының
өкiлi
5.Аймақтың кәсiпорын.
дарының өкiлдерi
3. Аудандық емтихан комиссиялары. Жергiлiктi жерлердегi кәсiп.
Комиссияның құрамы Еңбектi орындар мен ұйымдардың бас.
қорғау жөнiндегi аймақтық шылары (жұмыс берушiлер),бас
меминспекцияның шешiмiмен мамандары. Еңбектi қорғау
бекiтiледi. қызметтерiнiң жетекшiлерi
4. Кәсiпорындардың (өндiрiстiк мен мамандары. Кәсiпорын
бiрлестiктердiң) емтихан коми. басшыларының орынбасарлары,
ссиялары. Осы Ереженiң 4-тар. инженерлiк техникалық қыз.
мағына сәйкес. меткерлер мен мамандар және
еңбек ұжымдарының (кәсiподақ)
еңбектi қорғау жөнiндегi
уәкiлдiк берiлген адамдары.
--------------------------------
<*> Бұл жерде облыстардың құрамына кiретiн дербес аудандар айтылып отыр, комиссиялар салалық принцип бойынша құрылады.
N 2 қосымша
Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi
Еңбектi қорғау жөнiндегi департамент
-----------------------------------------------------------------
(еңбектi қорғау жөнiндегi аймақтық басқарманың атауы)
ЛИЦЕНЗИЯ N_____
-----------------------------------------------------------------
(кәсiпорынның, мамандандырылған орталықтың толық атауы,
--------------------------------------------------------- берiлдi
заңдық мекен-жайы)
Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң 199__ж."___"_________
N__қаулысымен бекiтiлген. ".....үлгi ережеге" сәйкес басшылар мен
мамандарға өндiрiстiң мына салалары мен кәсiпорындарында:--------
-----------------------------------------------------------------
(экономика саласының, кәсiпорындардың атауы)
-----------------------------------------------------------------
(еңбектi қорғау жөнiнде оқу мен бiлiмiн тексеруге құқық берiлдi)
Оқитын және емтихан қабылдайтын жер------------------------------
-----------------------------------------------------------------
Лицензияның берiлген датасы 199___жылдың "---"-------------------
Лицензияның қолданылу мерзiмi 199__жылдың "____"___________дейiн.
--------------------------------облысының аумағында қолданылады
Лицензияны беру негiзi 199____жылдың "____"______________________
N_________бұйрық
Еңбектi қорғау жөнiндегi
аймақтық басқарманың басшысы
(мөрi) ----------------------------
(Ф.А.Ә., қолы)
Лицензияның сырт жағы
_____________________
1. Лицензиялау субъектiсi
Лицензиялау жүргiзуге арналған өтiнiш пен қажеттi
құжаттарды дер уақытында беруге;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оқытушылар мен емтихан
комиссияларының мүшелерiне ақы төлеуге;
оқу жүргiзу және емтихан қабылдау үшiн үй-жайды құрылыс
нормалары мен ережелерiне сәйкес жабдықтауға;
лицензиялық алымға еңбектi қорғау жөнiндегi аймақтық басқарманың N _____ коды ________________________________________
(алушының банкiсiнiң атауы)
ағымдағы есепшотына _______________ теңге сомасын аударуға мiндеттi.
2. Лицензиялау субъектiсi:
мерзiмiнен бұрын лицензияланудан өтуге;
оқыту және комиссияның жұмысына қатысу үшiн басқа жақтағы
кәсiпорындар мен оқу орындарының мамандары мен
оқытушыларын шақыруға;
оқу жүргiзу мен емтихан қабылдау үшiн осы жұмыс
түрлерiнiң шығындарына сәйкес мөлшерде бiр жолғы алым
(қызмет көрсеткен кәсiпорындардан) алуға құқы бар. Қосымша
шығындар сметамен айқындалады.
N 3 қосымша
-----------------------------------------------------------------
(бiрлестiк, кәсiпорын)
-----------------------------------------------------------------
Еңбектi қорғау бойынша бiлiм тексеру жөнiндегi
емтихан комиссиясы мәжiлiсiнiң
ХАТТАМАСЫ
"----"--------------------199---жыл
Комиссия мына құрамда:
Төраға,____________________________________________________
лауазымы, Ф.А.Ә.
және комиссияның мүшелерi________________________________
лауазымы, Ф.А.Ә.
_________________________________
_________________________________
19_____жылғы "____"___________N__________бұйрықтың негiзiнде емтихан қабылдады ______________________________________________
бiлiмдi тексеру түрi
сөйтiп тұжырым жасады:
-----------------------------------------------------------------
Фамилиясы, аты, | Лауазымы | Цех, | Бiлiмiнiң тек | Ескерту
әкесiнiң есiмi | | учаске, | серiлгенi тура|
| | объект | лы белгi (тап |
| | | сырды, тапсыра|
| | | алмады) |
-----------------------------------------------------------------
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
-----------------------------------------------------------------
Комиссияның төрағасы ---------------------
(Ф.А.Ә.)
Комиссияның мүшелерi ---------------------
(Ф.А.Ә.)
---------------------
(Ф.А.Ә.)
N 4 қосымша
"Сол жағы"
--------
___________________________________________________________
|___________________________________________________________|
| (экономика саласының, кәсiпорынның атауы) |
| N_________КУӘЛIК |
| |
| _____________________________________________берiледi |
| (фамилиясы, аты, әкесiнiң есiмi) |
| ___________ |
| | | ол айналысып жүрген лауазымы бойынша |
| | | табиғатты қорғау мәселелерi жөнiнде |
| | | бiлiмiн тексеруге арналған емтихан |
| | | тапсырды |
| ----------- мөр |
-----------------------------------------------------------
"оң жағы"
----------------------------------------------------------
| Емтихан туралы мәлiметтер |
| |
| Лауазымы________________________________________________ |
| Жұмыс орыны_____________________________________________ |
| Бiлiмiн тексеру түрi___________________________________ |
| (алғашқы, мерзiмдiк, кезектен тыс) |
| Негiзi: 199_____жылдың "____"___________________________ |
| N___________хаттама |
| Комиссия төрағасы:____________________________ |
| (қолы) |
| Комиссия мүшелерi:____________________________ |
| (қолы) |
| -------------- |
| | Мөрдiң орны | |
|___________________________________________________________|
Ескерту: қайта тапсырылған емтихандар туралы мәлiметтер
куәлiкке кiретiн "оң жағы" деген абзацта көрсетiлген
текстке жазылады.