"Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының темiр жолдары бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдаудың Уақытша ережелерiн бекiту жөнiнде

Қазақстан Республикасы Көлiк және Коммуникациялар Министрлiгi 1995 жылғы 16 ақпандағы N 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 17 наурыз тіркелді. Тіркеу N 57. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

Күшін жойған

     Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңының күшiне енуiне байланысты және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 ж. 21.09. Қазақстан Республикасының аумағында пәрмендi қалыптық актiлердi Заңға сәйкес келтiру туралы қаулысын орындау үшiн бұйырамын:
     1. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының темiр жолдары бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдаудың Уақытша ережелерi бекiтiлсiн (қоса берiлдi).
     2. КСРО темiр жолдары бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерi (N 5 Тариф басшылығы), 14, 105, 108, 157, 158 және 275 параграфтардан басқалары, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмеушi ретiнде республика темiр жол көлігiнде пәрмендi деп есептелсiн.
     3. Министрлiктiң заң актiлерiн дайындау, Жоғарғы Кеңеспен байланыс және заң жұмыстары басқармасы республика темiр жолдары бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдаудың Уақытша ережелерiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде белгiленген тәртiппен тiркесiн.
     4. Темiр жол бастықтары темiр жол кәсiпорындарындағы барлық қатысты қызметкерлерге нұсқау берудi және осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсiн.     

     Министр

                                        Қазақстан Республикасы
                                      Көлiк және коммуникациялар
                                             министрiнiң
                                       1995 жылғы 16 ақпандағы
                                      N 37 бұйрығымен бекiтiлген

            Қазақстан Республикасының темiр жолдары
         бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдаудың
                      Уақытша ережелерi

     1. Жолаушының өзімен бірге тегін жеке орын алмай бір баланы алып жүруге құқығы бар, егер балалардың жасы:
     - Қазақстан Республикасы аумағының шегінде жергілікті, республикалық, мемлекетаралық және халықаралық қатынастардағы поездармен жүру барысында 7 жасқа дейін;
     - мемлекетаралық қатынаста жол жүруі барысында 5 жасқа дейін;
     - халықаралық қатынаста жол жүруі барысында 4 жасқа дейін болған жағдайда;
     - Қазақстан Республикасы аумағының шегінде жергілікті, республикалық, мемлекетаралық және халықаралық қатынастардағы поездармен жүруі барысында жолаушы;
     - жол жүрудің толық құнының 50% төлеу арқылы 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін;
     - мемлекетаралық қатынаста жол жүруі барысында 5 жастан 10 жасқа дейінгі балалар үшін балалар тарифі бойынша төлеу арқылы;
     - халықаралық қатынаста жол жүруі барысында 4 жастан 12 жасқа дейінгі балалар үшін балалар билеті бойынша төлеу арқылы бала билетін сатып алуға құқығы бар.
     Осы тармақтың бірінші азат жолына сәйкес жолаушы өзімен бірге тегін жол жүруге құқығы бар бір баладан артық алып жүрген жағдайда, біреуінен басқа балаларға балалар билетін сатып алуы тиіс.<*>
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 1998.04.10. N 78 бұйрығымен .
     2. Осы Ереженің 1 тармағының талаптарын бұзып бір ересек жолаушы балаларды ертіп жүруі барысында ересек жолаушыдан белгіленген мөлшерде айыппұл алынады.<*>
     Балалармен жол жүру ережелерiне сәйкес жолаушы бұдан былайға жолға жасөспiрiмдер билетiн алуға тиiс.
     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Көлік және коммуникациялар
министрлігінің 1998.04.10. N 78 бұйрығымен .
     3. Егер бала билеті бойынша жасы:
     - Қазақстан Республикасы аумағының шегінде жергілікті, республикалық, мемлекетаралық және халықаралық қатынаста жол жүруі барысында 15 жастан жоғары;
     - мемлекетаралық қатынаста жол жүруі барысында 10 жастан жоғары;
     - халықаралық қатынаста жол жүруі барысында 12 жастан жоғары;
     - баланы ертіп жүрген жолаушыға белгіленген мөлшерде айыппұл салынады.
     Билетсiз және ерiп жүрушiсiз жол жүрген балалар жақын жердегi iрi стансада көлiк милициясының кезекшiсiне тапсырылуы тиiс.
     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Көлік және коммуникациялар
министрлігінің 1998.04.10. N 78 бұйрығымен .
     4. Жеткiзу мерзiмi өткеннен кейiн 7 күннiң iшiнде тағайынды пунктке жеткiзiлмеген тiркеудегi багаж егер тасымалдаушымен расталған болса, жоғалған болып есептеледi.
     5. Тасымалдаушы багаждың жеткiзiлу мерзiмiн өткiзiп алған кезде әрбiр өткен тәулiк үшiн тасымалдау төлемiнiң 10 процент мөлшерiнде, бiрақ тасымал төлемiнiң 50 процент асырмай жүк алушыға айыппұл төлейдi.
     Тасымалдаудың кешiгуiне байланысты багаж алушы мен жiберушiнiң шығынын темiр жол көтеруге мiндеттi.
     6. Темiр жолдың салдарынан жолаушы пойызының кешiккенi үшiн темiр жол жолаушыға жол жүру құнының 3 процент мөлшерiнде айыппұл төлейдi. Бұл сома жол жүрудiң толық құнынан аспауы тиiс.
     Айыппұл төлеу талап етiлу тәртiбi бойынша Қазақстан Республикасының жол басқармасымен жасалады.
     Жолаушының сұрауы бойынша пойыздың кешiккенi жөнiнде билетке белгi соғылады немесе ресми құжаттар берiледi.
     7. Жолаушы пойызының кешiккенi үшiн айыппұл төлеу туралы және осы кешiгудiң салдарынан зиянды өтеу жөнiнде жолаушы темiр жолға талап етуге қарастырылған мерзiмдерде Басқарманың жолаушы қызметi орындарына талап ету мақсатымен сұрануына құқығы бар.
     Жолаушының дер кезiнде жеткiзiлмегендiгi үшiн айыппұл төлеу туралы өтiнiшiнде пойыздың кiдiргенi туралы белгi соғылған жол құжаты қоса берiлуi тиiс. Жолаушының ықыласы бойынша вокзал кезекшiсiмен (станса бастығы) жолаушының жол құжатында N_____ пойыз ________ сағ. _______ мин. стансаға келдi деген белгi соғылады.
     8. Тасымалдаудың кiдiргенiне байланысты зиянды өтеу туралы талап қойылған кезде шығынның нақты мөлшерiн растайтын құжаттар қоса берiлуi тиiс.
     9. Темiр жол өтiнiш етiлген талапты қарауға мiндеттi және талап алынған күннен 30 күннiң iшiнде өтiнiш етушiге қанағаттандырылғандығы немесе қарсылығы жөнiнде мәлiмдейдi.
     10. КСРО темiр жолдары бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерi (N 5 Тариф басшылығы), 14, 105, 108, 157, 158 және 257 параграфтардан басқалары, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмеушi ретiнде республика темiр жол көлiгiнде пәрмендi деп есептелсiн.
     11. Уақытша Ереженiң күшi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiмен Қазақстан Республикасы темiр жолдарының Кодексi қабылданғанға дейiн белгiленедi.