БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен теңіз сауда кемелерінің жүзу құқығы жөніндегі уақытша ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1231 қаулысы басшылыққа алынсын және орындалсын.
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес теңіз сауда порттарындағы кемелерді тіркеу Ережелері бекітілсін.
3. "Ақтау" Халықаралық теңіз көлігі компаниясының дирекциясы (В.И.Воробьев) мынадай нысандағы қажетті бланкілер санын дайындауға тапсырыстың орындалуын қамтамасыз етсін:
а) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1231 қаулысының қосымшасына сәйкес:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен теңіз сауда
кемесінің жүзу құқығы туралы куәлік (кеме патенті) - N 1 Қосымша; - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен теңіз сауда кемесінің жүзу құқығы туралы уақытша куәлік - N 2 Қосымша; - бербоут-чартер шартымен жалданған шетелдік теңіз сауда кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен теңіз сауда кемесінің жүзу құқығы туралы уақытша куәлік (экипажы жоқ кемені жалдау шарты) - N 3 Қосымша. б) осы бұйрықпен бекітілген теңіз сауда порттарындағы кемелерді тіркеу Ережелерінің қосымшаларына сәйкес; - Мемлекеттік кеме реестрі - N 1 қосымша; - Кемеге меншіктік құқық туралы куәлік - N 2 Қосымша; - Кеме кітабы - N 3 Қосымша; - Кеме билеті - N 4 Қосымша; - Бербоут-чартер реестрі - N 5 Қосымша; - Кеме реестрінің анкетасы - N 6 Қосымша. 4. Осы бұйрықтың шығуына байланысты мыналар күшін жойды деп есептелсін: - Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 1992 жылғы 21 қыркүйектегі N 51 бұйрығы; - Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 1993 жылғы 31 тамыздағы N 90 бұйрығының 1 және 2 тармағы. Министр I. Жалпы ережелер
1. Теңіз сауда кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығы ашық теңізде кеменің Қазақстан Республикасының заңдарына бағыну ерекшелігін білдіреді. Шетел суларында жүзу кезінде ол Қазақстан Республикасының консулдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қорғауында болады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығымен мынадай меншіктегі теңіз сауда кемелеріне беріледі:
мемлекеттің;
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының;
бірлескен кәсіпорында ұлттық капиталдың үлесі 51 процентті құраған кезде шетелдіктердің қатысуымен Қазақстан Республикасының заңды
тұлғаларымен; Қазақстан Республикасының азаматтарымен.
3. Теңіз сауда кемесі кеме иесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығы туралы Куәлікті (кеме патенті) алған сәттен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығына ие болады. Мемлекеттік кеме реестріне енгізілген соң Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен Куәлік беріледі (N 1 Қосымша).
4. Шетелде сатып алынған теңіз сауда кемесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығына сатушы елде уәкілденген Қазақстан Республикасының консулымен берілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығы туралы Уақытша куәлік негізінде ие болады. Сатушы елде Қазақстан Республикасының консулы болмаған кезде осы мемлекет жағынан қарсылық болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің тапсырмасымен екінші мемлекеттегі немесе үшінші мемлекеттегі консульдық мекемемен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығы туралы Уақытша куәлік беріледі. Уақытша куәлік теңіз кемесін белгіленген тәртіппен тіркегенге дейін, бірақ 6 айдан асырмай пәрменді болады.
5. Мемлекеттік кеме реестрінде Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Теңіз және Өзен Регистрімен немесе олармен мақұлданған шетелдік жіктеу органдарымен техникалық қадағалау жүзеге асырылатын жалпы сыйымдылығы кемінде 80 регистрлік тонна болатын кемелер тіркеледі. Мемлекеттік кеме реестріне кемені енгізу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығы туралы Куәлікті (кеме патенті) және Кемеге меншіктік құқық туралы Куәлік (N 2 Қосымша) берумен куәландырылады.
Мемлекеттік кеме реестріне енгізілуге жатпайтын кемелер кеме билеті (N 4 Қосымша) беріле отырып, кеме кітабында (N 3 Қосымша) тіркеледі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығын береді және кемеге меншіктік құқықтың дәлелі болады.
Жағалау жүзулерде ғана пайдаланылатын сыйымдылығы кемінде 25 регистрлік тонна болатын кемелер міндетті тіркеуге жатпайды.
6. Мемлекеттік кеме реестріне және кеме кітабына қайсыбір кеменің жабдығы болып табылатын сылыптар және өзге жүзу құралдары енгізілмейді.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығы уақытша берілген бербоут-чартер (кемені экипажсыз жалдау) жағдайында теңіз сауда кемесі негізгі тіркеу мемлекетінің кемелер реестрінде оны тіркеу тоқтағаннан кейін Қазақстан Республикасының теңіз немесе өзен порттарының бірінде бербоут-чартерлік (N 5 Қосымша) реестрде тіркелуі тиіс.
Бербоут-чартер жағдайымен жалданған кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығын беру бербоут-чартер шартында жалданған шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауымен жүзу құқығын уақытша беру туралы Куәлікпен куәландырылады.
8. Теңіз сауда кемелерін тіркеу Қазақстан Республикасының теңіз сауда және балық порттарындағы капитан қызметтерімен жүзеге асырылады.
Теңіз сауда кемесіне Меншіктік құқық туралы куәлік және кеме билетін беру кемені тіркеу органымен жүзеге асырылады.
Теңіз сауда кемесінің жүзуге жарамдылығы туралы Куәлік, біліктілік куәлігі, өлшем куәлігі, сондай-ақ жүк маркасы туралы куәлік Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Теңіз және Өзен Регистрімен немесе онымен мойындалған шетелдік білікті органмен беріледі.
9. Теңіз сауда кемесін тіркеу және Мемлекеттік кеме реестріне немесе кеме кітабына кез келген өзгерістер енгізу, сондай-ақ Ереженің 8 тармағында көрсетілген құжаттарды беру үшін белгіленген алымдар алынады.
10. Шетел мемлекетінің реестрінде тіркелген теңіз сауда кемесі осы мемлекеттің реестрінен шығарылғаннан кейін және кеменің шығарылғандығы немесе жаңа тіркеу жүргізілетін сәтте жедел реестрден шығарылатындығын растайтын куәлікті ұсынғанда Қазақстан Республикасының теңіз сауда немесе балық портының біріндегі Мемлекеттік кеме реестрінде немесе кеме кітабында тіркелуі мүмкін.
Кеме Мемлекеттік кеме реестрінен белгіленген тәртіппен шығарылмаған шетел мемлекетінің кеме реестрінде қазақстандық кемені тіркеудің заңды күші болмайды.
II. ТЕҢІЗ САУДА ПОРТТАРЫНДА КЕМЕЛЕРДІ ТІРКЕУ ТӘРТІБІ
11. Меншіктік құқықпен кеме сатып алған кез келген тұлға бір айдың ішінде кеменің өзін және оған меншіктік құқықты Мемлекеттік кеме реестрінде немесе кеме кітабында тіркеуге міндетті.
Кеме шетелде сатып алынған болса, Қазақстан Республикасының портына кеме бірінші рет келген күннен бастап бір айдың ішінде тіркеу туралы өтініш берілуі тиіс.
Тіркеу туралы өтініште кеме реестрінің анкетасына (N 6 Қосымша) мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
а) кемеге меншіктік құқықты растайтын құжат;
б) өлшем куәлігі;
в) кеменің жүзуге техникалық жарамдылығы туралы куәлік;
г) біліктілік куәлігі.
Мемлекеттік кеме реестрінде немесе кеме кітабында кемені тіркеу кезінде оған тиісті тіркеу нөмірімен қоса қажетті куәліктер беріледі. Кеме кітабына енгізілген кеменің тіркеу нөміріне "К" әрпі қосылады.
Кемені бербоут-чартер шартында тіркеген кезде кеме реестрінің анкетасындағы мәліметтерден басқа мынадай қосымша мәліметтер болады:
а) кеменің тіркелген порты;
б) негізгі тіркеу мемлекетіндегі тіркеу тоқтатылған күні;
в) жалдаушының аты мен мекен-жайы.
12. Мемлекеттік кеме реестрінде әрбір кемеге жеке парақ арналады. Кеме кітабына кемелер туралы мәліметтер кемелердің тіркелуіне қарай тізбеленіп ешқайсысы жіберілмей жазылады.
Мемлекеттік кеме реестрінен немесе кеме кітабынан кеме алынып тасталғанда шығарылған кеменің тіркеу нөмірі жаңа кемені тіркеуге пайдаланылуы мүмкін.
13. Мемлекеттік кеме реестріне енгізілген кемеде мыналар анық белгіленеді: кеменің тұмсық жағынан сол және оң борттарда - кеменің аты; кеменің артында - кеменің, тіркелген портының аты және тіркеу нөмірі. Кеме кітабына енгізілген кемеде - тіркелген портының аты мен тіркеу нөмірі (көрнекті жерде).
14. Кеменің атын өзгерту Саудамен теңізде жүзу кодексінде көрсетілген тәртіппен жүргізіледі. Мемлекеттік кеме реестрінде тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана кеменің жаңа аты борты мен артында жазылады.
15. Кеменің меншіктік құқығы немесе оған меншіктік құқығы үлесі ауысқан кезде (сату, мұрагерлік, мүлік бөлу мен т.б.) Мемлекеттік кеме реестріне немесе кеме кітабына меншіктік құқықты тіркеу күні көрсетіле отырып, тиісті өзгерістер енгізіледі және Меншіктік құқық туралы куәлік
немесе жаңа меншік иесінің атына жазылған кеме билеті беріледі. 16. Мемлекеттік кеме реестріне, кеме кітабына немесе бербоут-чартер реестріне енгізілуге жататын кез келген өзгерістер, мәліметтер туралы кеменің меншік иесі немесе бербоут-чартер бойынша жалдаушы ақпарат алған күннен бастап екі аптаның ішінде кемені тіркеу органына хабарлауға міндетті. Осындай мәліметтер бермеген кеме иелері белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады. III. МЕМЛЕКЕТТІК КЕМЕ РЕЕСТРІНЕН НЕМЕСЕ КЕМЕ КІТАБЫНАН КЕМЕЛЕРДІ АЛЫП ТАСТАУ 17. Мемлекеттік кеме реестрінен немесе кеме кітабынан мына кемелер алынып тасталады: а) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы астында жүзу құқығын жойған; б) суға батқан, толық қаусаған немесе із-түзсіз жоқ болған; в) конструктивтік мерт болған; г) қайта құру немесе өзге өзекті өзгерістерге ұшыраған; д) тіркеу порты өзгерген.
18. Осы Ереженің 17 тармағында көрсетілген себептермен Мемлекеттік кеме реестрінен немесе кеме кітабынан кемені алып тастау үшін кеме иесі бұл туралы дер кезінде кемені тіркеу орны бойынша Порттық бақылау инспекциясына порт капитанының атына жазбаша өтінішпен хабарлауға міндетті.
19. Осы Ереженің 17 тармағындағы "а", "б", "в", және "г" тармақшаларында көрсетілген жағдайларда кеме иесі кемені Мемлекеттік кеме реестрінен немесе кеме кітабынан шығару туралы өтінішке қоса кемемен бірге мерт болмаған құжаттар болса, соларды қоса беруі тиіс.
20. Осы Ереженің 17 тармағының "д" тармақшасында көрсетілген жағдайда, кеме иесі Мемлекеттік кеме реестрінен немесе кеме кітабынан кемені алып тастау туралы өтініштен және осы Ереженің 11 тармағында көрсетілген басқа құжаттардан басқа жаңа тіркеу орны бойынша Порттық бақылау инспекциясына кеме патенті мен кемеге меншіктік құқық пен кеме билетін ұсынады.
Осы Ереженің 11 тармағында көрсетілген тәртіппен кемені Мемлекеттік кеме реестріне немесе кеме кітабына енгізілгеннен кейін кемеге аталмыш жаңа құжаттар беріледі.
Жаңадан тіркеу портының Порттық бақылау инспекциясымен бұрынғы құжаттар оларды берген Порттық бақылау инспекциясына қайтарылады.
21. Кеме құжаттары жоғалтылған жағдайда кеме патентінің көшірмесі, кеменің меншіктік құқығы туралы куәлігі немесе кеме билетінің көшірмесі кеме иесіне осы құжаттарды берген Порттық бақылау инспекциясының олардың жоғалу себебін қарауынан және баспада жоғалған құжаттардың пәрмендік күші жойылғанын жариялағаннан (кеме иесінің есебінен) кейін ғана көшірмелер беріледі. Құжаттың мерт болғаны белгіленгенше Порттық бақылау инспекциясының шешімімен баспаға жарияланбауы мүмкін.
* Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1231 қаулысымен бекітілген.
Теңіз сауда порттарында
кемелерді тіркеу ережелеріне N 1 қосымша
МЕМЛЕКЕТТІК КЕМЕ ТІЗІЛІМІ
___________________________________________________________________________ 1. р/саны 2. Енгізу күні мен тіркеу нөмірінің реті N 3. Қазіргі және бұрынғы тіркеу порты 4. Кемедегі спутник байланысының сәйкес нөмірі мен кеме радиостанциясының шақыру дабылы 5. Кеменің қазіргі және бұрынғы аты 6. Бұрынғы тіркеуді жойған күні 7. Кеме меншік иесі, мекен-жайы және ұлты 8. Кеме иесі, мекен-жайы 9. Әрбір меншік иесіне тиісті кемеден үлесі 10. Жасалған жылы мен орны, жоба нөмірі 11. Кеме түрі мен міндеті, жүзу ауданы 12. Жүк көтерімділігі 13. Сыйымдылығы 14. (жалпы/таза) 15. Ұзындығы, ені және тереңдігі 16. Батыңқылығы 17. Корпустың материалы 18. Жүзу жылдамдығы, уал 19. Негізгі қозғалтқышының түрі мен қуаты, қозғағышының түрі мен бұранда саны 20. Жолаушы орнының саны 21. Жүк трюмдерінің саны 22. Су өткізбеу бөлгіштерінің саны 23. Палуба саны 24. Тонна зерделеу жиынтығы 25. Ескерту 26. р/с ___________________________________________________________________________
Теңіз сауда порттарында
кемелерді тіркеу ережелеріне N 2 қосымша
Приложение N 2
к Правилам регистрации судов в морских торговых портах
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН REPABLIK IC OF KAZAKHSTAN (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы) (Государственный герб Республики Казахстан) КЕМЕГЕ МЕНШІКТІК ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ КУӘЛІК СВИДЕТЕЛЬСТВО О ПРАВЕ СОБСТВЕННОСТИ НА СУДНО SHIP"S CERTIFIKATE Теңіз кемежайы басқармасының кеме тізіліміне 199 __ " __ " ________________ (жылы) (күні) (айы) (год) (дата) (месяц) (date) (month) (year) На основании данных, внесенных в судовой реестр управления ________________ This is to certify that according to data insertid in the ship"s морского порта register of the port office under N _____ болып енгізілген мәліметтер негізінде под номером, настоящим удостоверяется, что судно the owners of the ship ________ кемесі _________ меншігінде екендігі нақты куәландырылады. Аталған кемеге қатысты кемелер тізілімінде мыналар көрсетілген: Относительно названного судна в судовом реестре значится: The above ship has been notifed in the shipping register as fоllоws: 1. Кеменің атқаратын міндеті мен түрі _____________________________________ Название и тип судна Type 2. Шақыру дабылы __________________________________________________________ Позывной сигнал Call letters 3. Жасалған мерзімі мен орны ______________________________________________ Время и место постройки Time and place of construction 4. Негізгі материалы ______________________________________________________ Главный материал Main material 5. Төменде көрсетілген орында және уақытта берілген өлшем Главные размеры по мерительному свидетельству, выданному Principal dimensions as shown in Tonnage certificate issued by ________________________ 199 __ "___" ____________ N ________ (мекеменің аты- жылы күні айы нөмірі наименование учреждения- года датой месяца под name of authority having issued the certifikate) куәлігі бойынша негізгі мөлшерлері: Ұзындығы _______________ Длина Length толық ____ рег. тонна полная рег. тонна gross rеg. tons Ені ___________________ Сыйымдылығы Ширина Вместимость Breadth Tonnage Тереңдігі __________________ таза ____ рег. тонна Глубина чистая рег. тонна Depth net rеg. tons 6. Қозғалтқышының түрі, машиналар саны мен қуат күші ______________________ Род двигателей, число и сила машин Туре, number and output of engines 7. Кеме бұрын шетел жалауының астында жүзген болса, оның сол Прежнее название судна, если оно плавало под иностранным The previous name of the ship if she sailed under foreigh flag кездегі аталуы және тіркелген порты и прежний порт его приписки and her previous port of registry ___________________________________________________________________________Теңіз сауда кодексінің негізінде бұл кеме куәлігі Настоящее свидетельство, на основании Кодекса торгового According of the Merchant Shipping Code this certificate is to be ________ кемесіне _______ құқығының ерекше дәлелі болып табылады.
мореплавания является исключительным доказателством права considered as final and complete evidence of the right of property
собственности на судно. of the shiр. Кеме куәлігінің түпнұсқасы кемеде, ал оның нотариалдық түрде Судовое свидетельство хранится на судне в подлиннике или в This ship"s certificate is to be kept on board the ship in original куәландырылған көшірмесі __________________________________________________ засвидетельствованной нотариальным порядком или управлением of copy certified by notary of harbour оffiсе. порттың басқармасында сақталады. _________________________ кемесі Қазақстан порта копии. В случае потери судном праве плавания If the shipРеспубликасы жалауы астында жүзу құқығынан айырылған жағдайда под флагом Республики Казахстан или наступления других forfeits her right to sail under the flag of the Republik Каzакstаn, немесе Қазақстан Республикасының теңіз сауда порттарында кемелерді обстоятельств, указанных в правилах о регистрации судов в морских портах
or in case of any other event mentiored in rules concerning тіркеу туралы ережелерде көрсетілген басқа жағдайлар бола қалса, Республики Казахстан, судовое свидетельство возвращается the registrations of ships in the ports of Republic Каzакhstаn, кеме куәлігі, ___________ теңіз портының басқармасына қайта в Управление морского порта. this ship"s certificate is be returned to the Maritime Port оffiсе. тапсырылуы тиіс. Куәлік __________ қаласында ____________ портының выдано в гор. Управлением порта Issued by sealed up by the Port office in Басқармасында 199 ____ " ___ " _______________ айында мөр басылып (жылы) (күні) (айы) (года) (дата) (месяц) (year) (date) (month) N ______ берілді. с приложением печати. М.О. _______________ портының капитаны М.П. Капитан порта ___________________ Seal Harbour master
Теңіз сауда порттарында
кемелерді тіркеу ережелеріне N 3 қосымша
КЕМЕ КІТАБЫ
___________________________________________________________________________ 1. р/саны 2. Енгізу күні мен тіркеу нөмірінің реті N 3. Тіркеу порты 4. Кеменің қазіргі және бұрынғы аты 5. Бұрынғы тіркеу порты және бұрынғы тіркеуді жойған күні 6. Әрбір меншік иесіне тиісті кемеден үлесі 7. Меншік иесі, мекен-жайы және ұлты 8. Кеме иесі, мекен-жайы 9. Кеме түрі мен міндеті, жүзу ауданы 10. Негізгі қозғалтқышының түрі мен қуаты, қозғағышының түрі мен бұранда саны 11. Жасалған жылы мен орны, жоба нөмірі 12. Корпусының материалы 13. Өлшемі (м): ұзындығы 14. Ені 15. Тереңдігі 16. Сыйымдылығы: жалпы 17. Таза 18. Жүк көтерімділігі 19. Батыңқылығы 20. Ескерту 21. р/с ___________________________________________________________________________
Теңіз сауда порттарында
кемелерді тіркеу ережелеріне N 4 қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы) (Государственный герб Республики Казахстан) КЕМЕ БИЛЕТІ Осы кеме билеті теңіз сауда портының _______________________ басқармасымен Настоящий судовой билет выдан Управлением ________________________ морского осы порттың кеме кітабына енгізілген кеме ________________ торгового порта в том, что внесенное в судовую книгу этого порта судно ___________________ принадлежит ___________________ _________________________ иелігіне жатады. Аталған порттың кеме кітабіндағы N ________ кемеге ________________ қатысты: В судовой книге названного порта относительно судно _______________________ под N ____________ значится: 1. Кеменің аты мен түрі __________________________________________________ Название и тип судна __________________________________________________ 2. Жүзу ауданы __________________________________________________ Район плавания __________________________________________________ 3. Қозғалтқышының түрі, бұранда саны ____________________________________ Род двигателя, количество винтов ____________________________________ 4. Негізгі қозғалтқышының түрі мен қуаты __________________________________ Тип и мощность главных двигателей __________________________________ 5. Негізгі материалы ______________________________________________________ Главный материал ______________________________________________________ 6. Негізгі өлшемі ________________________________________________________ Главные размеры ________________________________________________________ ұзындығы ________________________________________________________ длина ________________________________________________________ ені ________________________________________________________ ширина ________________________________________________________ тереңдігі (жүгі жоқ) ___________________________________________________ глубина (без груза) ___________________________________________________ Жүгімен батыңқыштығы ___________________________________________________ Осадка с грузом ___________________________________________________ Сыйымдылығы ___________________________________________________ Вместимость ___________________________________________________ 7. Жүк көтерімділігі (шекті жүк салмағы) __________________________ (өзен) __________________________ (теңіз) ________________ тонна. Грузоподъемность (предельный вес груза) ________________________ (река) ________________________ (море) ________________ тонна. 8. Жасалған жері мен уақыты, жобаның N ___________ Время и место постройки, N проекта ___________ 9. Кеме иесі, мекен-жайы __________________________________________________ Судовладелец, адрес __________________________________________________ 10. Бұрынғы тіркелген порты _______________________________________________ Прежний порт приписки _______________________________________________ 11. Кеменің бұрынғы аты _______________________________________________ Прежнее название судна _______________________________________________ 12. Әрбір меншік иесіне тиісті кемеден үлесі ______________________________ Доля судна, принадлежащая каждому из собственников ____________________ Осы кеме билеті кемеге меншіктік құқықтың дәлелі болып табылады _________________ және осы кеменің Қазақстан Республикасының жалауымен жүзуге құқық береді. Настоящий судовой билет служит доказательством права собственности _______________________ на судно ___________________ и права этого судна на плавание под флагом Республики Казахстан. Қазақстан Республикасының жалауының астында _____________________ жүзу құқығын кеме жоғалтқан немесе теңіз сауда порттарында кемелерді тіркеу туралы ережелерде көрсетілген өзге жайларда кеме билеті теңіз сауда портының __________________ басқармасына қайтарылады. В случае потери судном _____________________ права плавания под флагом Республики Казахстан или наступлением других обстоятельств, указанных в правилах о регистрации судов в морских торговых портах, судовой билет возвращается в Управление ____________ морского торгового порта. 199 ___ жылғы _________ ___________ ___________ теңіз сауда портының басқармасында берілген. Выдано Управлением ______________ морского торгового порта ___________ числа __________ месяца _________ года. М.О. М.П. Порт капитаны (қойылған қолы) Капитан порта (подпись)
Теңіз сауда порттарында
кемелерді тіркеу ережелеріне N 5 қосымша
БЕРБОУТ-ЧАРТЕРЛІК ТІЗІЛІМ
___________________________________________________________________________ 1. р/саны 2. Енгізу күні мен тіркеу нөмірінің реті 3. Тіркеу порты кеменің аты 4. Кемедегі спутник байланысының сәйкес нөмірі мен кеме радиостанциясының шақыру дабылы 5. Меншік иесі, мекен-жайы және ұлты 6. Мемлекеттік негізгі тіркеуде тіркеу барысын тоқтатқан күн 7. Жалдау кезіндегі тіркеу порты 8. Жалдаушы және оның мекен-жайы 9. Кеме түрі мен міндеті, жүзу ауданы 10. Жасалған жылы мен орны 11. Жүк көтерімділігі 12. Сыйымдылығы: жалпы 13. Таза 14. Ұзындығы, ені және тереңдігі 15. Батыңқылығы 16. Корпусының материалы 17. Жүзу жылдамдығы, уал 18. Негізгі қозғалтқышының түрі мен қуаты, қозғағышының түрі мен бұранда саны 19. Жолаушы орнының саны 20. Жүк трюмдерінің саны 21. Су өткізбеу бөлгіштерінің саны 22. Тонна зерделеу жиынтығы 23. р/с ___________________________________________________________________________
Теңіз сауда порттарында
кемелерді тіркеу ережелеріне N 6 қосымша
КЕМЕ ТІЗІЛІМІНДЕГІ АНКЕТА
1. Кеменің аты ________________________________________________________
Название судна ________________________________________________________ 2. Кемедегі спутник байланысының сәйкестік нөмірі _________________________ Идентификационный номер судовой спутниковой связи ______________________ 3. Кеме радиостансасының шақыру дабылы ___________________________________ Позывной сигнал судовой радиостанции ___________________________________ 4. Түрі мен міндеті ______________________________________________________ Тип и назначение ______________________________________________________ 5. Меншік иесі, мекен-жайы және ұлты ______________________________________ Собственник, адрес и национальность ____________________________________ 6. Жүзу ауданы ___________________________________________________________ Район плавания _________________________________________________________ 7. Мөлшері: ұзындығы ___________ м, ені _______ м, тереңдігі ___________ м. Размеры: длина ___________ м, ширина _______ м, глубина ___________ м. 8. Жалпы сыйымдылығы _____________ р.т., таза ______________ Вместимость валовая _______________ р.т. чистая ______________ 9. Жүк көтерімділігі ________________ (өзен) _________________ (теңіз) 10. Жүгі жоқ батыңқылығы _________________ , жүгімен _________________ Осадка без груза _____________________ , с грузом ________________ 11. Су бетіндегі борт биіктігі _______________________________________ Высота надводного борта _______________________________________ 12. Жасалған жылы мен орны _______________________________________ Год и место постройки _______________________________________ 13. Негізгі материал _________________ Главный материал ______________ 14. Палуба саны __________________ Число палуб _________________ 15. Басты қозғалтқышының жасалған орны мен түрі ______________________ Тип и место постройки главных двигателей _________________________ 16. Басты қозғалтқышының қуаты _________________________________ Мощность главных двигателей ________________________________ 17. Жүру жылдамдығы _________________________________ Скорость хода ___________________________________ 18. Қозғағышының түрі мен бұранда саны _________________________ Род двигателя и количество винтов _________________________ 19. Жоба N __________________ N проекта __________________ 20. Тұщы су цистернасының сыйымдылығы __________________________ Вместимость цистерн пресной воды ___________________________ 21. Жүк трюмдерінің саны мен оның көлемі _______________________ Число грузовых трюмов и их кубатура _______________________ 22. Жүк құралдары _________________________ Грузовые средства _________________________ 23. 1 сынып жолаушы орны _____, 2 сын. ___, 3 сын. _____________ Число пассажирских мест 1 кл ___, 3 кл _____________________ 24. Су өткізбеу бөлгіштерінің саны _____________________________ Число водонепроницаемых переборок __________________________ 25. Радиостанса мен оның қуаты _________________________ Радиостанция и ее мощность _________________________ 26. Май цистерналарының сыйымдылығы _______________________ Вместимость топливных цистерн _________________________ 27. Құтқару сылыптарының саны _________________________ Количество спасательных шлюпок _________________________ 28. Руль қондырғысы _________________________ Рулевое устройство _________________________ 29. Зәкір қондырғысы _________________________ Якорное устройство _________________________ 30. Су шашу және өрт сөндіру құралдарының қуаты мен саны __________________ Число и мощность водоотливных и противопожарных средств _______________ 31. Бұрынғы тіркелген порты _______________________________________________ Порт прежней регистрации ______________________________________________ 32. Бұрынғы тіркеуді жойған күні __________________________________________ Дата анулирования предыдущей регистрации ______________________________ 33. Кеменің бұрынғы аты ________________________________________________ Прежнее название судна ________________________________________________ 34. Әрбір меншік иесіне тиісті кемеден үлесі ______________________________ Доля судна, принадлежащая каждому из собственников ____________________ 35. Өлшеу куәлігінің N және кіммен берілгендігі ___________________________ Мерительное свидетельство N и кем выдано ______________________________ 36. Жолаушы куәлігінің N және кіммен берілгендігі _________________________ Пассажирское свидетельство N и кем выдано _____________________________ 37. Жүзуге жарамдылық куәлігі және оның мерзімі ___________________________ Удостоверение на годность плавания и его срок _________________________ 38. Кеме иесі мен оның мекен-жайы _________________________________________ Судовладелец и его адрес _________________________________________ 39. Кеме капитанының қолы _________________________________________ Подпись капитана судна _________________________________________ Оқығандар: Умбетова А.М. Қасымбеков Б.А.