НОРМАТИВТЕР Почталық жөнелтiмдердi және мерзiмдi басылымдарды алмастыру жиiлiгiнiң, тасымалдаудың, жеткiзудiң нормативтерi, почтаны өңдеудiң және жеткiзудiң негiзгi бақылау мерзiмi

Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар Министрлiгi 1994 жылғы 6 желтоқсан. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1994 жылғы 6 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 36. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

Күшін жойған

I. Нормативтер

     1. Почта байланысы кәсiпорындары бағыттар жоспарларына сәйкес вагондармен, ұшақтармен және почталық автокөлiктермен почта алмастыру жұмыстарын атқарады. Поездар тiзiмiн, почта вагондарымен және автокөлiкпен жүргiзiлетiн алмастырулар санын облыстық мемлекеттiк почта байланысы қызметi белгiлейдi және олар Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Мемлекеттiк почта байланысы қызметiмен келiсiледi. Темiр жол станцияларында орналасқан почта байланысы кәсiпорындары (аудандық байланыс торабы, басқа байланыс кәсiпорындарының алмастыру пункттерi) почта вагондарымен күн сайын почта алмастырады. Почта кәсiпорындарының алмастыру пунктi болмайтын және аптасына үзiлiспен жұмыс iстейтiн басқа селолық байланыс бөлiмдерi почта вагондарымен байланыс бөлiмiнiң жұмыс iстейтiн күндерi почта алмастырады. Ондай байланыс бөлiмдерiнiң тiзiмiн облыстық мемлекеттiк почта байланысы қызметi анықтайды.
     2. Почта мынадай тәртіппен тасымалданады:
     2.1. Ауданаралық маршруттар бойынша облыс қарауындағы қалаларға және аудандар орталықтарына дейiн - аптасына 6-5 күн.
     2.2. Почта вагондарымен және әуе көлiктерiмен алмастырулар жүргiзу үшiн олармен жүргiзiлетiн алмастырулардың санына байланысты.
     2.3. Iшкi аудандық маршруттар бойынша селолық байланыс бөлiмдерiне дейiн - кем дегенде аптасына 5 күн, ал алыстағы елдi мекендерге дейiн - кем дегенде аптасына 3 күн.
     2.4. Iшкi қалалық маршруттар бойынша апта iшiнде үзiлiссiз жұмыс iстейтiн байланыс бөлiмшелерiне дейiн - күн сайын, үзiлiспен жұмыс iстейтiн бөлiмшелерге - демалыс күндерiнен басқа күндердiң бәрiнде. Рейстер санын қалалық байланыс бөлiмшелерiнде қабылданған почталық жөнелтiлiмдердiң жiберiлу тиiстiлiгiне қарай анықтайды.
     3. Маршруттар бойынша почта тасымалдаудың жиiлiгiн қысқартуға тек ерекше жағдайларда ғана мемлекеттiк почта байланысы қызметiнiң келiсiмiмен, почтаны пайдаланушылар мүддесiне нұқсан келтiрмейтiн жағдайда ғана жол берiледi.
     4. Адресатқа почтаны жеткiзу үшiн мынадай тәртiп белгiленедi:
     4.1. Алматы қаласында, облыс орталықтарында жергiлiктi және кiрiс корреспонденциялары жексенбiден басқа күндерi - күнiне бiр-екi рет, республикалық басылымдар мен жергiлiктi газеттер шыққан күнi;
     4.2. Басқа қалаларда, аудан орталықтарында - аптасына 6-5 күн. Почта бөлiмшесi орналасқан елдi мекендерде почта өзiнiң келiп түсу жиiлiгiне сәйкес, алыстағы елдi мекендерге - кем дегенде аптасына үш күнде жеткiзiледi.
     4.3. Мемлекеттiк почта байланысы қызметiне, облыстық мемлекеттiк почта байланысы қызметтерiне қажет болған жағдайда жергiлiктi үкiмет органдарымен келiсiп, облыс орталықтарында және басқа елдi мекендерде почта жеткiзу сандарын арттыруға, сондай-ақ мереке күндерi почта жеткiзуге хұқық берiледi.
     4.4. Елдi мекендерден тыс жерлердегi (мал жайылымдарындағы, жол бойындағы т.б.) адресаттарға почта мүдделi мекемелердiң күшiмен жеткiзiледi немесе олардан өкiлеттiк алған адамдарға ең жақын деген почта бөлiмшелерiнен берiледi.
     5. Почта жәшiктерiнен корреспонденцияларды алу санын олардың жер кезiнде өңделуiн және жөнелтiлетiн корреспонденциялардың жiберiлуiн ескерiп, Мемлекеттiк почта байланысы қызметi, облыстық мемлекеттiк почта байланысы қызметi анықтайды.

II. Негiзгi бақылау мерзiмдерi

     6. Почта байланысы кәсiпорындары жергiлiктi жағдайды ескере отырып мынадай бақылау мерзiмдерiн белгiлейдi және бекiтедi:
     - Почта жәшiктерiнен хаттарды алудың басталуы және аяқталуы;
     - iшкi қалалық маршруттар бойынша почтаның жүрiп өтуi;
     - алмасу пунктiне немесе түйiндiк кәсiпорындарына темiр жол және әуе көлiктерiнен келiп түскен аманаттық почталарды, қапқа салынған корреспонденциялар мен мерзiмдi басылымдарды тасымалдау;
     - экспедициялық байланыс кәсiпорындарында газеттердi өңдеу;
     - газеттердi байланыс кәсiпорындарында олардың келiп түсу негiзiнен бастап почтольондарға немесе бекiтiлген жеткiзушi байланыс бөлiмшелерiне тапсырылғанға дейiнгi;
     - газеттердi, журналдарды және басқа да почталық жөнелтiмдердi почтольондардың шығуына дейiн топтастыру және терiп алып реттеу;
     - қалаларда және басқа елдi мекендерде жазылып алушыларға газеттердi жеткiзу;
     - кiрiс, шығыс және тарнзиттiк хаттарды өңдеу мерзiмдерi.
     7. Журналдар байланыс бөлiмшесiне келiп түскен кезден бастап жаздырып алушыларға екi күннен кешiкпей жеткiзiледi.
     8. Жергiлiктi корреспонденциялар адресаттарға келесi күннен кешiкпей жеткiзiледi.
     9. Байланыс бөлiмшесiне келiп түскен кiрiс корреспонденциялары адресаттарға әдетте сол күнi немесе келесi күннен кешiкпей жеткiзiледi.
     10. Газеттердi орталықтандырылмаған басу ұйымдастырылған Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды қалаларында газеттер баспадан шыққан күнi, ал оларға бекiтiлген облыс орталықтарында келесi күннен кешiкпей жеткiзiледi.
     10.1. Облыс қарауындағы басқа қалаларға, аудан орталықтарына бiрiншi - екiншi күндерi;
     10.2. Басқа барлық елдi мекендерге - газеттер почта байланысының жеткiзу кәсiпорындарына келiп түскен күнi жеткiзiледi.
     11. Үкiметтiк кiрiс корреспонденциялары және үкiметтiк почталық жөнелтiмдер туралы мәлiметтер байланыс бөлiмшелерiне келiп түскен күнi клиентурамен жұмыс iстеу уақыты iшiнде адресатқа жеткiзiледi.
  (12-тармақтың қазақша ресми аудармасы жоқ, орысша мәтінді беріп отырмыз)
     12. Входящие денежные переводы, ценные письма и бандероли, адресованные на дом, в том числе и местные, доставляются адресатам не позднее следующего дня.
     13. Банктердiң есептiк шоттарына адрестелген кiрiс ақша аударымдары келiп түскеннен кейiнгi екiншi жұмыс күнiнен кешiкпей аударылуы тиiс.
     14. Үстеме төлемдi кiрiс аманаттарының, құнды хаттар мен бандерольдердiң хабарлама хаттары келiп түскеннен кейiнгi келесi күннен кешiкпей адресаттарға табыс етiледi.
     15. Барлық почталық түйiндерде, почтамттарда Республикалық почтаны өңдеу, тасымалдау орталығында, облыстарындағы почтаны өңдеу, тасымалдау бөлiмдерiнде почта жәшiктерiнен алынған және байланыс кәсiпорындарынан қабылданған шығыс корреспонденциялары белгiленген мерзiмде өңделедi және тиiстi бағыт бойынша почта тасымалдауға бекiтiлген бiрiншi көлiкпен жөнелтiледi.
     16. Почтамттардан, түйiндерден және байланыс бөлiмшелерiнен қабылданған аманаттар, құнды хаттар, бандерольдер өңдеу және бағыттар бойынша жөнелту үшiн тиiстi почта түйiндерiне олар қабылданған күнi, егер автомашина кеткеннен кейiн қабылданса, келесi күнi жөнелтiледi.
     17. Республикалық почтаны өңдеу, тасымалдау орталығынан, почтаны тасымалдау орталықтарынан келiп түскен транзиттiк аманаттар және құнды бандерольдер, өздерiнiң келiп түскен күнiнен бастап, ұшақтар мен поездардың жүру кестелерiне байланысты келесi күннен кешiкпей жөнелтiлуi тиiс.
     18. Жеделдетiлген (экспресс) почталарды өңдеу және тасымалдау ерекшеленген тәртiппен орындалады. Жеделдетiлген (экспресс) почталардың өту мерзiмдерi почталардың жалпы бақылау мерзiмдерiнен бөлек жобаланады.

III. Өндiрiстiк бақылау нормативтерi

     19. Өндiрiстiк бақылауды байланыс кәсiпорындарының бастықтары олардың орынбасарлары, өндiрiстiк цехтар, учаскелер бастықтары, олардың орынбасарлары, кезектiлiк бастықтары, бригадирлер, кезекшi көмекшiлер, почта алмастыру жөнiндегi кезекшi көмекшiлер, байланыс бөлiмшелерiнiң бастықтары және олардың көмекшiлерi, почта вагондарының бастықтары және олардың көмекшiлерi, байланыс кәсiпорындары осындай мiндеттер жүктелген басқа да жұмысшылар атқарады.
     20. Почталық жөнелтiмдердi және басылымдарды өңдеу сапасын өндiрiстiк бақылаудың нормативтерiн мемлекеттiк почта байланысы қызметi, ал өндiрiстiк бақылаудың есепке алу журналын және жұмыс сапасын есепке алудың дербес карточкаларын облыстық мемлекеттiк почта байланысы қымзеттi жасап шығарады.
     21. Өндiрiстiк бақылау қорытындыларын, жұмыстағы орын латын ақаулықтардың себептерiн, оларды болдырмау шараларын байланыс кәсiпорындарының өндiрiстiк мәжiлiстерiнде, облыстық мемлекеттiк почта байланысы қызметтерiнiң және мемлекеттiк почта байланысы қызметiнiң кеңестерiнде талқылау ұсынылады.

      Байланыс департаментi директорының
           бiрiншi орынбасары