Аттестациялау, тракторис-машинист мамандығын меңгерген адамдарға бiлiктiлiк беру және оларға тракторлар, басқа өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге рұқсат беру тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлiгi 1994 жылғы 5 желтоқсан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1994 жылғы 5 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 30

Қолданыстағы
               Бекiтемiн Бекітемiн
           Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
          Бiлiм министрiнiң орынбасары Ауыл шаруашылығы
              _______________ министрiнiң орынбасары
            4 қараша 1993 жыл 29 қазан 1993 жыл

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 тамызындағы N 735 қаулысына сәйкес әзiрленiп, аттестациялау, тракторист-машинист мамандығын меңгерген адамдарға бiлiктiлiк берудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi және Қазақстан Республикасы территориясында мiндеттi түрде iске асырылады.
      2. Тракторист-машинистердi даярлау және қайта даярлау кәсiптiк-техникалық училищелерде, оқу-курстық комбинаттарда (бөлiмшелерде) және оқу орталықтарында, ал бiлiм көтеру дағдыдағыдай оқу-курстық комбинаттарда (бөлiмшелерде), оқу орталықтарында және курстарда белгіленген тәртiп негiзiнде бекiтiлген оқу жоспарлары мен бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
      Сонымен қатар оқу бағдарламасына сәйкес тракторист-машинист мамандығын жалпы бiлiм беретiн орта мектеп, арнаулы орта ауыл шаруашылық оқу орындарының оқушылары және жоғарғы ауыл шаруашылық оқу орындарының студенттерi де меңгередi.
      Бағдарламада тыңдаушылардың агротехника мен машина пайдалану негiздерiн, тракторлар, басқа машиналардың құрылғысы мен техникалық пайдалануы, жол жүру, механикаландырылған және басқа жұмыстарды орындау кезiндегi қауiпсiздiк техникасы ережелерiн, еңбек ақы және оны ұйымдастыру, нарықтық экономика жағдайында жердi пайдалану және фермерлiк шаруашылық жүргiзу жөнiндегi заң актiлерiнiң негiздерiн оқып бiлуi қамтылады.
      3. Даярлау, қайта даярлау немесе бiлiм көтеру курстарын бiтiрген тыңдаушыларды аттестациялау арнайы құрылған бiлiктiлiк комиссияларына емтихан тапсыру арқылы жүргiзiледi.
      4. Бiлiктiлiк комиссиясының төрағасы болып кәсiптiк-техникалық бiлiм беру органдарының өкiлi тағайындалады, ал комиссия мүшелерi - оқу орнының басшысы, арнаулы пәндердiң оқытушылары, шаруашылық әкiмшiлiгiнiң өкiлдерi. Комиссия құрамы белгiленген тәртiп бойынша бекiтiледi.
      5. Тракторист-машинист даярлау бағдарламасы бойынша оқыған жалпы бiлiм беретiн орта мектептi бiтiрушiлер, өндiрiстiк практика өткен шаруашылық бiлiктiлiк комиссиясына емтихан тапсырады.
      6. Колхоз, совхоз (базалық шаруашылық) бiлiктiлiк комиссиясының төрағасы болып шаруашылықтың бас инженерi тағайындалады, комиссия мүшелерi - бас агроном, бас экономист, еңбектi қорғау мен қауiпсiздiк техникасы инженерi, жол жүру қауiпсiздiгi инженерi, хатшысы, кадр бөлiмiнiң қызметкерi.
      Колхоз, совхоздарда еңбек қорғау мен қауiпсiздiк техникасы инженерi немесе жол жүру қауiпсiздiгi инженерi болмаса, комиссия құрамына аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының жоғарыдағыдай мамандары қосылады.
      Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң оқушыларының бiлiктiлiк емтиханына мектеп өкiлi қатыстырылады.
      Кәсiптiк-техникалық училище, арнаулы орта және жоғарғы ауыл шаруашылық оқу орындарының бiлiктiлiк комиссиясының құрамын жоғарғы органдарының келiсiмiмен олардың басшылары анықтайды.
      7. Бiлiктiлiк емтиханына 17 жасқа толған, денсаулығы тракторлар, басқа өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге жарамды, белгiленген тәртiп бойынша бекiтiлген оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес теориялық және өндiрiстiк оқудың толық курсын бiтiргендер жiберiледi.
      8. Бiлiктiлiк алуға аттестацияға жiберiлгендер бiлiктiлiк (сынау) жұмыстарын орындаумен қатар оқу бағдарламасы көлемiнде тракторлар, комбайндар, мелиорациялық, жол-құрылыс және ауыл шаруашылық машиналарының құрылғысы және техникалық пайдалану, жол жүру ережелерiнен, машина-трактор агрегаттарында жұмыс iстеудiң практикалық дағдыларынан емтихан тапсырады.
      9. Бiлiктiлiк емтиханының қорытындысы протоколға (1-қосымша) түсiрiледi. Оған комиссия төрағасы, хатшысы және мүшелерi қол қояды.
      10. Емтихандарды ойдағыдай тапсырғандарға бiлiктiлiк комиссиясының шешiмiмен таркторист-машинист мамандығы және бiлiктiлiк куәлiгi (2-қосымша) берiледi, ал орта кәсiптiк-техникалық училище бiтiргендерге жоғарыдағыларға қосымша училище бiтiргенi туралы диплом (аттестат) тапсырылады.
      Тракторист-машинист мамандығын беретiн сыннан өтпегендер, қайта емтиханға бес күннен кейiн жiберiледi, ал жалпы бiлiм беретiн орта мектеп бiтiрушiлерiне орта кәсiптiк-техникалық училищелердiң қысқартылған мерзiмде оқытылатын бөлiмдерiнде оқып мамандық алуына, немесе шаруашылықта бiр жыл жұмыс iстеп белгiленген тәртiп бойынша бiлiктiлiк емтихандарын тапсырып тракторист-машинист мамандығын алуына мүмкiндiк берiледi.
      11. Оқу-курстық комбинаттар, кәсiптiк-техникалық училищелер, оқу орталықтары және базалық шаруашылықтардағы курстар жекеленген жағдайда нақтылы бiр трактор, астық жинайтын және басқа өздiгiнен жүретiн комбайн, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналарында жұмыс iстейтiн тракторист-машинист даярлауына болады. Оқу мерзiмi жергiлiктi жерде машиналардың күрделiлiгiне байланысты анықталады, бiрақ екi айдан кем болмауы керек. Оқу бiтiргендерге нақтылы категорияға сәйкес тракторист-машинист мамандығы берiлiп, куәлiкте оқыған машинасының маркасы көрсетiледi.
      12. Тракторлар, өздiгiнен жүретiн машиналарды жүргiзу құқы үшiн оқытуға мүмкiншiлiгi жоқ елдi мекендер мен жекелеген аймақтарда мемауылтехқадағалау инспекциясының жоғарғы органдарының шешiмiне өздiгiнен даярлаған азаматтарды 14 кН (1,4 тс.) класына дейiнгi доңғалақты тракторларды және өздiгiнен жүретiн машиналарды жүргiзуге емтихан тапсыруына рұқсат берiледi.
      13. Берiлген категорияға байланысты тракторист-машинистер озық технология, қауiпсiздiк техникасы және оқу жоспары мен бағдарламасы шарттарына сәйкес жұмыстарды өздiгiнен орындауы керек. Сонымен қатар куәлiгiнде рұқсат берiлген белгiсi бар категорияларға жататын тракторларда, басқа өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарында жұмыс iстей алуы керек.
      14. Тракторист-машинистерге I және II кластылық берудi бiлiктiлiк комиссиясы шешедi. Бұл жағдайда олардың өндiрiсте қол жеткен көрсеткiштерi, еңбекке қатынасуы, жұмыс стажы ескерiледi.
      Тракторист-машинистердiң кластылығы үшiн қосымша ақы колхоз басқармасының шешiмiмен немесе совхоз директорының, кәсiпорын, ұйымдар, мен мекемелер басшыларының бұйрығымен рәсiмделедi.
      15. Техникалық пайдалану, жол жүру және өндiрiс жұмыстары қауiпсiздiгi ережелерiн өрескел бұзғаны үшiн колхоз, совхоз, кәсiпорын бiлiктiлiк комиссиясы шаруашылық мамандарының ұсынысы бойынша белгiленген тәртiпке сәйкес тракторист-машинистердiң кластылығын төмендетуiне болады. Кластылық төмендету iсiн бiлiктiлiк комиссиясы олардың қатынасуымен қарайды. Комиссия шешiмi протоколмен рәсiмделiнедi, ол кластылық үшiн төленетiн қосымша ақы төлеудi тоқтатуға негiз болып табылады.
      16. Бiр немесе бiрнеше категорияға жататын тракторлар, өздiгiнен жүретiн машиналарды жүргiзуге рұқсаты бар тракторист-машинистер өндiрiстке жаңадан қосылған немесе басқа категориялардағы трактор, комбайн, өздiгiнен жүретiн машиналарды жүргiзу үшiн белгiленген тәртiп бойынша даярлықтан (қайта даярлықтан) өтiп, мемауылтехқадағалау инспекцияларынан бұл машиналарды жүргiзу үшiн рұқсат алуы керек.
      Шаруашылыққа немесе кәсiпорындарға бұрын қолданылмаған жаңа машиналар түскен жағдайда әкiмшiлiк белгiленген тәртiп бойынша, осы машиналарды жүргiзуге мүмкiндiк беретiн категория бойынша оқу (қайта даярлау) курстарын ұйымдастыруы керек. Қайта даярлық курсы аяқталған соң, тракторист-машинистердiң бiлiктiлiк куәлiктерiне жаңа машиналарды оқығаны туралы белгi жасалынып, мөрмен куәландырылады.
      17. Тракторист-машинистердiң мамандығы бойынша жұмысында бiр жылдан артық үзiлiс болған жағдайда, олардың рұқсаты бар категорияға жататын тракторлар, басқа өздiгiнен жүретiн машиналарды қайта жүргiзуiне мемауылтехқадағалау инспекциясы жол жүру ережелерi мен машина жүргiзудiң практикалық дағдыларынан бiлiмдерiнен тексерген соң жiберiледi, ал үзiлiс үш жылдан артық болса медициналық куәландыру, бiлiктiлiк шарттары көлемiнде бiлiм деңгейi туралы шаруашылық анықтамасы және аттестациялық комиссиясының протоколының үзiндi көшiрмесi тапсырылуы керек.
      18. Барлық тракторист-машинистер мiндеттi түрде денсаулық сақтау

органдары белгiленген мерзiмдерде медициналық қайта куәландырудан өтуi 
керек.
     Тракторист-машинистердiң денсаулығына күмәнданған жағдайда 
мемауылтехқадағалау, МАИ қызметкерлерi, шаруашылық басшылары, оны 
медициналық қайта куәландыруға белгiленген мерзiмнен бұрын жiберуiне 
болады. Егер медициналық комиссия тракторист-машинистi тракторлар, басқа 
өздiгiнен жүретiн машиналарды жүргiзуге жарамсыз деп тапса, оның 
тракторист-машинист куәлiгi қайтарылып алынады.
     
     
 
                              Аттестациялау, тракторист-машинист           
                              мамандығын меңгерген адамдарға бiлiктiлiк    
                              және оларға тракторлар, басқа өздiгiнен      
                              жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және
                              жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге рұқсат     
                              беру тәртiбi туралы Ереженiң
                              1-қосымшасы
     
     
       ---------------------------------------------------------
          (колхоз, совхоз, кәсiпорын, оқу ұйымының толық аты) 
  
             Бiлiктiлiк комиссиясы мәжiлiсiнiң протоколы 
             N ______                  "  "__________________19   жыл
     
                     Комиссия төрағасы _____________________________
                     Хатшысы _______________________________________
                     Мүшелерi:______________________________________
     1. Реттiк саны 
     2. Фамилиясы, аты, әкесiнiң аты
     3. Мамандығы бойынша еңбек стажы (жыл)
     4. Емтихан қорытындысы
        а) тракторлар, басқа машиналардың құрылғысы, техникалық 
           пайдалану ережелерi
        ә) агротехника
        б) жол жүру ережелерi
        в) машина жүргiзудiң практикалық дағдылары
        г) жөндеу, сынау жұмыстары
     5. Бiлiктiлiк комиссиясының мамандық беру туралы шешiмi
     6. Берiлген куәлiктiң реттiк саны 
     7. Алғаны туралы қолы

        Қолы: Төраға ___________________
        Хатшы        ___________________
        Мүшелерi:    ___________________


                                      Аттестациялау, тракторист-машинист   

мамандығын меңгерген адамдарға бiлiктiлiк және оларға тракторлар, басқа өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге рұқсат беру тәртiбi туралы ЕРЕЖЕНIҢ 2-қосымшасы

   ______________________________________________________
             (оқу ұйымдары қарайтын министрлiк және
                        ведомстволардың аты)


   _______________________________________________________
                (оқуды жүргiзген ұйымның аты)



                          КУӘЛIК

                     КУӘЛIК N _____________

Бұл куәлiк азамат__________________________________________________
                          (фамилиясы, аты,
___________________________________________________________________
                    әкесiнiң аты)
берiлдi. Ол "  " ______________________ "  " ______________________
дейiн даярлау, қайта даярлау, тракторист-машинист кластылығын
көтеру бағдарламасы бойынша _______________________________________
сағат көлемiнде оқып, бiлiктiлiк емтихандарын мынадай бағаларға
("өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық") тапсырды:
     Тракторлар, басқа машиналардың құрылғысымен техникалық пайдалау 
ережелерi _______________________________________________ 
____________________________________________________________________ 
  (оқыған тракторлар, өздiгiнен жүретiн машинаның маркасы көрсетiледi) 
     Агрономия негiздерi, механикаландырылған жұмыс технологиясы және 
оны ұйымдастыру ___________________________________________________
___________________________________________________________________
Жол жүру ережелерi ________________________________________________
Машина жүргiзудiң практикалық дағдылары ___________________________
___________________________________________________________________
Сынау (жөндеу) жұмыстары __________________________________________
     Бiлiктiлiк комиссиясының "  " _________________19   ж.
шешiмi бойынша, протокол N ________________________________________
азамат ____________________________________________________________
тракторист-машинист мамандығы берiлдi.
     
     
             Бiлiктiлiк комиссиясының
  М.О.            төрағасы           ___________________________________
             Оқу орынының (шаруашылық)
                  басшысы            ___________________________________
     
_____________________________________________________________________
     
     Мемауылтехқадағалау инспекциясы "  " ___________________________
     
199  жылғы N __________________________ведомостке сәйкес сериясы
________________________________, реттiк саны _____________________
категориясы ____________________________________ тракторист-машинист
куәлiгiн бердi.

М.О.                               " " ____________________19   ж.
                                       ____________________________        
                                               (қолы)

     Құжат трактор немесе басқа өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, 
мелиорациялық, жол-құрылыс машиналарын жүргiзуге рұқсат бермейдi.